Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

 
дәлдікпен  мейірімді  зұлымдықтан  айыруға  қабілетті  немесе  ол 
жаңсақтықпен  өзін  өзі  Құдай  деп  санай  алады  дегенді  тіптен,  білдірмесе 
керек.  Десе  де,  біз  берісі,  тұңғыш  рет  көзімізді  аштық,  қандай  қиын 
болмасын өмір жолына түстік», – деп жазады Дороти Норман [5.412]. Осы ой 
ақын  балладасында  тереңдей  танылған.  Ежелгі  дәуірлерден  жеткен  мифтік 
әңгімелерде    адамның  санаға  ие  болуы,  сөйтіп  адамзаттық  өткінші  өмірдің 
жобасын салуы қалыптасқан құдай заңын бұзумен байланыстырады.  
Діни  киелі  кітаптарда,  ескі  замандардан  жеткен  әңгімелерде  Адам  ата 
мен  Хауа  ананың  құдай  заңын  бұзуына  себепкер  алма  ағашының  өзіндік 
маңызды  орны  бар  болса,  біз  сөз  етіп  отырған  туындының  мазмұнында  ол 
орталық  символға  айналған.  Жұмақтан  қуылуға  себеп  болған  ағаш  екі 
мұңлыққа «күні қысқа, түні келте» мекенде тағы да кез болады: 
Жұтумен көздің жасын бұлар ащы, 
Жақындап келді дағы тұра қашты. 
Қос мұңлық көрген еді анадайдан, 
Теңселіп жапырақ жайған бір ағашты.  
 
Көргенде жапырақ жайған бір ағашты
Екеуі екі жаққа жылап асты. 
Бір ағаш еске салып еркелеп тұр, 
Жұмақтан қуып шыққан құмар асты.  
Тыйым салынған жемісті татып, сол үшін құдайдың қаһарына ұшыраған, 
жұмақтан  қуылған  екі  пенде  (күнә  жасаумен  олар  пендеге  айналды,  құдай 
заңын бұзу − күнәһарлыққа бастар жол) ағаштан аулақ қашпақ болады, бірақ, 
қашып  құтыла  алмайды.  «Қарғыс  атқыр  ағаштан  безе  қашқандарымен» 
айналып сол ағашқа тұсалады. Екі кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылмалы 
хал,  басқаша  айтқанда  тартыс,  қайшылық  ақынның  суреттеуінде  екеуінің 
ағашты  көрген  сәтте  жұмақтағы  ағашты  және  қаһарланған  құдайды  еске 
алуларымен,  самал  желдің  айналшықтап  жүруімен,  әлдеқайдан  сайтанның 
сақылдап күлуімен (бұл − пенделік ниеттің бас көтеруінің тұспалы), екеуінің 
жүректің сабырға шақырғандай болуымен танылады. Жүрек − сайтан бұзып 
кіре  алмайтын  берік  қамал.  Алайда,  жоғарыда  айтылғандай,  адами  өмірдің 
бастауында қателікке жол беріп, заңды бұзу әрекеті тұр.  
Алма  ағашы,  Адам  ата  мен  Хауа  ана  −  оқиға  өзегінде  осы  үшеуінің 
ерекше  орны  бар.  Ақын  екі  пендені  пенделік  жолға  толығымен  бұрған 
ағашты,  одан  аңқыған  жұпар  иісті  алдыңғы  орынға  шығара  отырып,    түс 
көру  оқиғасына  жол  береді.  Түстерінде  мұрнын  жарған  жұпар  иіспен 
өңдерінде жолыққан олар өздерін одан алып қашпақ әрекетте: 
Тұра сап бірін бірі аластады, 
Құрысын жұмағы да, ағаш тағы. 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет  және оны көркемдік қорыту 

11 
 
 
 
Әйтсе де, сезімге бой алдырғандары жалған емес: 
Хауа ана таңдайының суын жұтты, 
Неге дүр Адам ата жақ ашпады. 
Бұл  тұста  Адам  ата  мен  Хауа  ананың  әлсіздігіне  түс  оқиғасы  себеп 
сияқты.  Жұпар  иіс  аңқыған  жұмақтағы  мекенде  қол  ұстасып  жүрген 
түстің(қиялдың)  оянған  сәттегі  өңмен  (шындықпен)  қайшылығы  екеуін 
құдай жолынан басқа тарапқа жетелейді. Бұл тарап − қызығы мен азабы мол 
адамзаттық  өмір  жолы.  Құдірет  қаламмен  Лаухқа  (тағдыр  тақтасына) 
жазылған  жазмыш  осы.  Түс  пен  өңді  байланыстырып  тұрған  −  ағаштан 
аңқыған жұпар иіс. Бұл жұпар иіс нәпсіні оятушы. Нәпсінің қажетін тыю − 
пенделіктен  алшақ  болу.  Екінші  бөлімде  Адам  ата  мен  Хауа  ана  осы 
пенделіктен  аулаққа  қашпақ  боп  әуреленеді.  Әйтсе  де,  ағаштың  сырын 
білмекке  ауған  ниет  жеңіп  тынады.  «Әуес  ой»  Хауа  ананы  күннен  күнге 
жүдетсе, Адам атаға ұйқы бермейді.  
Ақын  оқиғаны  дамыту  барысында  екі  кейіпкерін  күнәһар  ретінде 
көрсетпейді.  Ұлы  өмірді  бастау  жолында  тұрған  архетиптік  тұлға 
дәрежесінде таныту жағында. Оқиғаның әсерін арттыру, оны шынайылықпен 
таныту мақсатында табиғаттағы  түн мезгіліне айрықша мән берілген: түнгі 
ұйқыда  түс көру  және  тағы бір  түнде  нағыз күнәға бату. Күндіз сол күнәға 
барар жолдың «алғы шарттары» «пісіп жетілген»: 
Ағаш тұр, кәдімгі ағаш, алма ағашы
Тимеген жемісіне жан баласы. 
Балқытқан тұла бойды жұпар иіс 
Хауананың құмар асы, арман асы. 
 
«Сап, сап» деп, қайтып кетті бұрылды да, 
Дүние қандай ғажап бүгін мына. 
Екеуі ұзап барып қайта оралды, 
Әуес ой ұйықтатпасын ұғынды да. 
 
Айналып Адам ата көрді ағашты
...Сол күні бір шаруасы оңға басты. 
Сықсыңдап бұлт ішінде жұлдыз біткен, 
Нарттай боп ұялған ай жоннан асты. 
Балладаның  екінші  бөлімін  тәмамдап  тұрған  бұл  жолдардың 
көркемдік‐ эстетикалық мәні тым терең. Адам ата мен Хауа ана арасындағы 
құпия  қатынасты  анайы  түрде  әйгілей  көрсету,  туындының  көркемдік 
қуатын  әлсіретер  еді.  Ақын  осыны  суреткерлік  сезімталдықпен  түйсініп, 
«жұлдыздың  бұлтқа  жасырынып,  айдың  нарттай  боп  ұялуы»  арқылы 
бейнелеген.  Сондықтан  да  нақты  әрекеттегі  екеу  назардан  «тыс  қалып», 
жұлдыз  бен  ай  көзге  ілінеді.  Бұл  жерде  біз  «назардан  тыс  қалу»  тіркесін 
поэтикалық шеңберде пайдаланып отырмыз. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет  және оны көркемдік қорыту 
 

12 
 
 
Сөйтіп, пенделік нәпсі салтанат құрады.  
Келесі  бөлім  Адам  ата  мен  Хауа  ананың  кәдімгі  тіршілігін  суреттеуден 
басталған.  Жерді  мекендеп,  алма  ағашын  паналап,  өмірге  ең  бірінші  сәби 
келгенде оның бұтағын  бесік еткен екі пенденің ендігі ықылас‐ назары сол 
алма  ағашына  ауған.  Ұят  пен  иманды  түйсінген  күні  ағаштың 
жапырақтарымен  абыройларын  жабады.  Періште  достарына  өкпелерін 
ұмытып,    Құдайға  разылық  ниеттерін  білдірген.  Алайда,  сәби  дүниеге 
келгенде Хауа ана Құдайдың «құтты болсын» айтпағанына назаланса, Адам 
ата  періштелерді  сыбайды.  Хауа  ананың  ендігі  аңсары  ағаштың  жасын 
білмекке ауған. Осы ағаштың жұпар аңқыған жемісі бір кезде «құмар асы», 
«арман асы» болса, енді ол ағаштың жасын білу үшін мазасызданады. Адам 
атаны тыйым салынған жемісті жеуге мәжбүрлеген де Хауа ана екенін еске 
алсақ,  оның  пенделік  тіршіліктегі  жетекшілік  рөлін  аңғарамыз.  Балладада 
Хауа ананың мұндай мінез болмысын сипаттайтын жолдар да жеткілікті: 
− Апыр‐ ай, нешеде екен? 
− Кім біледі? 
Хауа ана бір қызықса сұмдық еді. 
Ұйықтатпай түніменен осы сауал, 
Әуес ой әз жүректі тілгіледі.  
«Әуес ойдың» екеуін ағашқа әкелгені, оның жемісін таттырғаны белгілі. 
Ол әлі тыным таппаған. Хауа ананы еліктірген үстіне еліктіріп, ақыры Адам 
атаға  ағашты  кестіріп  тынады.  Бұл  желі,  яғни  ағаштың  кесілуі  −  ақынның 
әріден  бастау  алған  архетиптік  сюжетті  астарлы  оймен  толықтыра  отырып, 
трансформациялауының мысалы.  
Адам  ата  мен  Хауа  ана  ағашты  кесіп,  оның  жасын  анықтады.  Осымен 
олардың  әңгімесі  аяқталған  сияқты  еді.  Бірақ  аяқталмаған  екен.  Олардың 
бүгінгі ұрпағы − біздің бас қатырып жүргеніміз «түлкінің бозға салған жымы 
сынды»  түбін  қусаң  жеткізбейтін  дау.  «Қызық  емес  оқиғаның»  нағыз 
«қызығы» да осы: 
Соңы бар ұйықтатпаған ұлысымды, 
Сол гәптен аңғарасыз ұлы сырды. 
Біздің дау − түбін қуса жеткізбейтін, 
Түлкінің бозға салған жымы сынды. 
 
Жиылған жер бетінің күллі заңы, 
Біздің дау бара-бара дін бұзады. 
Балтамен кесті ме оны, ара мен бе? 
Осыған жауап таппай жүрміз әлі. 
Ақынның  айтпақ  ойы,  туындының  негізгі  астарлы  мазмұны  осы  екі 
шумақта тұр. Адам баласының пешенесіне жазылған тіршіліктің күрделілігі 
мен  қайшылығы  белгілі  ұғымдармен  көрсетіледі.  Романтикалық  бастаудан 
реалистік  арнаға  ауысқан  оқиға  желісі  астарлы  мағынамен  өріліп,  жалпы 
тіршілік  ағымындағы  ақиқатты аңғартады.  Ақын  қалыптасқан  танымдық  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет  және оны көркемдік қорыту 
 
 

13 
 
бастаудағы    қағидаттарды  ішінара  бұза  отырып  (Адам  атаның  Құдаймен, 
періштелермен  өзінше  «араздасуы»)  көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі 
ой‐ сананың даму деңгейін (Адам ата‐ Хауа ана ағашты, оның жасын білуге 
құмартса,  біздің  дауымыздың  «жеткен  биігі»  –  олардың  ағашты  немен 
кескендігіне бас қатыру), нақтылай айтқанда пенделік ниеттің өрши түсуін, 
ұсақталуымызды сөз етеді.  
«Қызық  емес  оқиға»  атауын  иеленген  Адам  ата‐ Хауа  ана  хикаясы  – 
ақынның баллада жанрына қосқан елеулі жаңалығы. Дайын сюжетті нысанға 
алып,  оны  терең  мағыналы  поэтикалық  қалыпта  жаңаша  сипатымен 
жаңғырта  танытқан  бұл  туынды  тілі  мен  көркемдік‐ бейнелілік  мазмұны 
тұрғысынан  Гетенің  «Орман  патшасы»,  Брюгердің  «Ленор»,  Пушкиннің 
«Бесы» туындыларымен сарындас дүние.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Теория литературы. В двух томах. Том 2. -М.: 2004. 368 с. 
2.
 
Фрейденберг О.М. Поэтика сюжета и жанра. -Ленинград: 1936. 546 с. 
3.
 
Фесенко Э.Я. Теория литературы.  -М.: 2005. 336 с. 
4.
 
Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. -Алматы: Раритет, 2006. 384 б. 
5.
 
Дороти  Норман.  Мифологиядағы  символизм//  Кітапта:  Мифология:  Құрылымы  мен  рәміздері.  -
Алматы: Жазушы, 2005. 568 б. 
 
 
 
 

14 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
С.Д.ӨМІРЗАҚОВ  
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ   
 
ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫН 
ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
В  статье  рассматриваются  новейшие  концепции  исследования  истории  литературы  эпохи 
завоевания южного края Казахской степи Кокандским ханством. 
  
The article deals with some new conceptions of research of conquering the south Kazakh steppes by 
Kokand khans.  
 
Қазақстанның оңтүстік аймағының Қоқан хандығының отарына айналып, 
жарты  ғасырдан  астам  уақыт  қасіретті  тұрмыс  кешуінің  себептерін  түсіну 
үшін,  ең  алдымен  Қоқан  хандығы  дүниеге  қалай  келді,  құрылуының 
алғышарттары  қандай  болды,  қазақ  жерін  неге  жаулап  алды  деген 
мәселелерге жауап іздегеніміз жөн. Тарихи еңбектерден мәлім болғанындай 
Қоқан  хандығының  негізін  өзбектердің  мың  династиясы  қалаған.  ХVІІІ 
ғасырдың  бас кезінде  Сырдарияның бас  ағысынан  бастап Хожентке  дейінгі 
аралықты  жаулап  алған  Шахрух  би  алғаш  рет  мың  династиясының  негізін 
қалайды.  Осы  тақырыптағы  құнды  мәліметтерді  орыстың  әскерилері, 
миссионерлері мен қазақ тарихшыларының еңбектерінен таба аламыз. Мың 
тайпасының  көсемі  Шахрух  би  (1721  жылы  қайтыс  болған)  жергілікті 
билеушілермен  біріге  отырып,  қазақтар  мен  қалмақтарға  қарсы  күрес 
жүргізеді.  1710  жылы  Қоқан  облысында  осы  атпен  кішірек  мемлекет 
ұйымдастырады [1.385]. Шахрух би өзінің резиденциясы ретінде кішкентай 
Кукань  (Хобень-Қоқан)  деген  жерді  таңдап  алады  да,  кейін  хандық  осы 
атпен  аталып  кетеді.  Жергілікті  халықтың  айтуынша  Қоқан  қаласы  1740 
жылы салынған деген де дерек бар [2.150]. А.Вамбери бұл жерді «Хобенды» 
– тамаша жер, ал жергілікті халық «Қоқан-Латиф» – «Тамаша Қоқан» деп те 
атаған [3].  
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақтың оңтүстігі мен орталығын 
қатыгездікпен  басып  алып,  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұламаға» 
ұшыратқан  Жоңғарлар  Ташкент  пен  оның  айналасын  да  қырғынға 
ұшыратып,  Ферғана  ойпатына  да  баса-көктеп  еніп  еді.  Ол  кезде  Ферғана 
ойпатында  бірнеше  тәуелсіз  мемлекеттер  болған.  Жоңғарияға  1759-1760 
жылдары  жорық  жасаған  қытайлықтардың  ішінде  болған  қытайлық 
географтың  дерегі  бойынша  «Ферғана  төрт  бектікке  бөлінген.  Олар: 
Әндіжан, Наманган, Марғылан, Қоқан» – деп аталған [4.75]. Әсіресе, Ердана 
бидің билігіндегі Қоқан ерекше көзге түскен [4.54]. Ердана бидің билігіндегі 
Қоқан Ферғана хандығының құрамынан бөлініп, жеке мемлекет ретінде бой 
көтереді.  Р.Бекназаров  дерегінде  «бұл  шамамен  1754  жылдары»  [2.150]. 
Себебі, дәл осы жылы Ферғана мен Бұхараның әкімдері өзара, тең құқықты 
мемлекеттер  ретінде  одақтаса  отырып,  Оратөбеге  жорық  жасаған  [5.109]. 
Қоқандықтар  тұтқынға  түскен  Оратөбеліктерді  бірін  қалдырмай  өлтіреді. 
Ердана  бидің  бұйрығына  сәйкес  олардың  бас   сүйегінен   «бас  минарет»  
 
 

15 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Өмірзақов С.Д.  Қоқан хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері  
 
 
(адамдардың  басынан  қаланған  мұнара)  тұрғызады.  Қоқандықтардың  елді 
үрей  мен  үміттің  арасында  ұстауға  негізделген  бұл  жазасын  1789  жылы 
Ташкентті  тартып  алған  Жүнісқожа  да  қайталап,  жергілікті  қазақтарға  да 
қолданады, бұл жаза әйгілі «Дулат қырғыны» деген атпен белгілі болған-ды.  
Шахрухтан  кейін  билікке  отырған  Әбдірахым  би  (1721/22-  1734), 
Әбдікәрім би (1734- 1750/1751), Әбдірахман би (1750/1751- 1751), Ердана би 
(1751-1770)  кезінде  Бабабек,  Сүлеймен  билер  алма  кезек  билікте  болып, 
бұлардың  билігі  бір-біріне  қастандық  жасап,  соңында  өлтірумен  тынған. 
Тарихи  мәліметтер  көрсеткендей:  Қоқанның  жеке  мемлекет  ретінде 
танылуына  Нарбота  бидің  қызметі  айтарлықтай  салмақты  болған.  ХVІІІ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  кейін  мыңдықтардың  күш-қуаты  артады,  өз 
алдына көрші мемлекеттермен дипломатиялық келіссөздер жүргізе отырып, 
Орта  Азиялық  Бұхар,  Хиуа  мемлекеттері    секілді  дербестігімен  танылады. 
Нарбота  бидің  ұзақ  жылдар  бойы  ел  билеген  кезінде  Ферғана  ойпатында 
суландыру  жүйесі  жасалып,  егіншілік  дамиды.  Қалаларда  сауда-саттықтың 
тез дамуына азық-түліктің арзан бағамен сатылуы да өз ықпалын жасайды.  
Қоқан  хандығының    алғашқы  кездегі  дәуірін  бір  орталыққа  бағынған 
мемлекет  деп  айтуға  болмайды  [2.152].  Өйткені  биге  қала  мен  қыстақ 
әкімдері – беделді ауқаттылар үнемі қарсылық білдіріп отырған. Сондықтан 
да  Нарбота  бидің  кезінде  де,  онан  кейін  де  қарсылықтың  барлығы  күшпен 
басып  тасталынып  отырған.  Мемлекеттік  құрылымды  «қорқытып,  жалдап» 
ұстау  осы  Нарботадан  басталған  секілді.  «Жаңа  пайда  болған  Қоқан 
хандығының  ХІХ  ғасырдың  басындағы  шекарасы  тек  қана  Ферғана 
ойпатындағы  Қоқан,  Марғылан,  Әндіжан  қалаларына  қарасты  елді 
мекендердің  шеңберін  қамтып,  Самарқан  мен    Жызақтың  шығыс  бөлігімен 
шектескен. Шекаралық аймағы жиырма үш мың шаршы шақырым, батыстан 
шығысқа  дейінгі  қашықтығы  үш  жүз  шақырым  болса,  солтүстіктен 
оңтүстікке  дейін  жетпіс  шақырым  аумақты  қамтыған»  [2.152].  Ал,  Ферғана 
ойпатының  солтүстік  шығыс  бөлігі  қазақ  билеушілерінің  қарамағында 
болған. 
Қоқан хандығындағы облыстарды жергілікті әкімдер билеген: Наманған 
уәлаятын- Ханқожа, Марғыланды Нарботаның үлкен баласы  – Мадалы бек, 
ал Төре – қорғанды Нарбота бидің екінші баласы  Әлім басқарған. 
Алғашқы  кезде  Ферғананың  әкімдері  елдің  саяси  бытыраңқылығынан,  
шаруашылығының 
тұрақсыз 
сипатта 
болуынан 
көршілес 
жатқан 
қазақтардың  жерін  жаулап  алу  саясатын,  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет 
құру  міндетін  атқара  алмаған.    Екіншіден,  ол  дәуірде  Ұлы  жүз  бен  Орта 
жүздің  сұлтандары  Ферғана  облысының  ішкі  істеріне  араласып  отырған, 
саяси  жүйені  реттеуге  ықпалы  күшті  болғандығын  байқауға  болады. 
Мысалы,  Шығай  сұлтан  1748  жылы  Наманғанды  билеген.  Ташкент, 
Түркістан,  Сайрам,  Шымкент  қаласы  қазақ  сұлтандарының    қарамағында 
болғанымен,  дербестік  жағдайын  сақтап  тұрған.    Мүмкіндік  болса,  қазақ 
даласын  жаулап алу саясаты ешқашан қоқандықтардың көкейінен кетпеген.  
 
 

16 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Өмірзақов С.Д.  Қоқан хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері  
 
 
Шығыстық  мұсылман  мемлекеттерінің  арасында  орналасқан  географиялық 
мүмкіндік,  оның  үстіне  тіл  мен  діндегі  бірлік  Қоқандықтардың 
экономикалық  тез  көтерілуіне  септігін  тигізген,  осы  арқылы  жалдамалы 
тұрақты  әскер  ұстап  тұруға  қолдары  жеткен.  Қоқандық  билеушілердің 
арасында  «тез  баюдың  негізгі  жолы  –  қазақ  даласын  тонау»  деген  түсінік 
қалыптасқандығын  байқауға  болады.  Мұны  кейінгі  тарихи  зерттеулер 
көрсеткеніндей  –  сол  кездегі  өзбектер  мен  қазақтар  арасындағы  саяси 
биліктің тұрақсыздығы да дәлелдейді.  
«ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  Қоқан  хандығы  үшін  шым-шытырық 
кезең  болды.  Ол  Қытаймен  де  соғыс  жүргізген»  [2]  –  деген  дерек  қайта 
қарастыруды  қажет  етеді.  Қоқан  хандығының  хандық  дәрежеде  көтерілуіне 
мынадай оқиғалар себеп болған секілді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында 
Қытай  мен  Жоңғария  арасындағы  қайшылық  соғыс  туады  да,  1758  жылы 
Жоңғария  Қытайдан  ойсырай жеңіліске ұшырайды.  Жоңғария  мемлекетінің 
жер  бетінен  жойылуына  Абылай  хан  ұстанған  тиімді  саясат  қатты  ықпал 
жасағандығын  бөліп  айтамыз.  Сөйтіп  Жоңғария  дербес  мемлекет  болудан 
айрылады. Сол жылы Циндер (Маньчжурлар) Қашқарияны жаулап алады да, 
жерінен  айрылған  мыңдаған  Қаратегін,  Гиссар  және  Бұқара  тәжіктері, 
Оратөбенің  өзбектері,  соғыста  шаруашылығы  мен  ошағы  бүлінген  кіші 
Түркістанның  халқы  да,  Ферғанаға  ауып,  осы  жерден  баспана  табады. 
«Қашқарлықтардың  Ферғанаға  ауып  келгендігі  туралы  мәліметті  Қоқан 
тарихшысы  молла  Аваз  Мұхаммед  Аттардың    «Тухфат  ат-тауарих-и-хани» 
және  Бадахшанның    тарихшысы  Саид-Мұхаммедтің    «Тарих-и-Бадахтан» 
атты кітабында көрсетілген. Олардың хабарлауынша, Ферғанаға  тоғыз мың 
қашқарлық отбасымен көшіп келген» [6.34]. Қашқарлықтардың, тәжіктердің, 
өзбектердің  келіп  қоныстануы  жер  жетімсіздігін  туғызады.  Кірмелік  саясат 
салдарынан  өз  бетімен  жерлерді  басып  алу  әрекеттері  күшейеді.  «Мысалы, 
Құдияр ханның алғашқы билік еткен кезінде Қарақшы құм тоғайы үш жүзге 
жуық қыпшақ отбасыларының меншігінде болған. 1852 жылы болған ұрыста 
қыпшақтардың  тас-талқаны  шыққаннан  кейін  «жүз»    деген  руға  жататын 
өзбектер  Қарақшы  құм  тоғайын  басып  алады»  [2.153].  Өзбектер  мен 
қыпшақтардың  арасындағы  ұзақ  жылдарға  созылған  текетірес  осылай 
басталады. 
1799  жылы  Нарбота  би  қайтыс  болады.  Соны  пайдаланған  өзбек 
ақсүйектері Нарботаның төрт баласының хандық тақ үшін таласының куәсі 
болады.  Ақыры,  1801  жылы  мыңдар  руының  тобын  басқарған  шонжарлар 
Әлімді  мирасқор  деп  танып,  билікке  Әлім  келеді.  Ол  Қоқан  билігіне  алғаш 
рет  «хан»  лауазымын  енгізеді.  Сөйтіп  хан  атанады  [7.192].  Ол  тіпті 
Нарботаны да хан болды деп насихаттаған. Әлімнің басты міндеті – хандық 
тақты  нығайту  болып,  жеке-дара  монархиялық  билікке  ұмтылады.  Сырттан 
білдірмей  қарсыласының  көзін  жою  амалы  Қоқан  хандығы  ғана  емес  Орта 
Азия хандықтарының барлығына да тән сипат болғандай. Сөйтіп, таққа көз 
тігіп  отырған  ағайын-туыстарын  құртуды   алдыңғы   міндет   етіп   қояды.  
 
 

17 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Өмірзақов С.Д.  Қоқан хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері  
 
 
Нарботаның  інісі  Қожа  би,  өз  туыстары  Бек  Ботабек,  Рүстем  бек  алғашқы 
құрбандар болды. Әлімнің кезінде дұшпандарынан құтылудың мұндай тәсілі 
өршігені соншалық Р.Бекназаров жазғандай: «...қисынсыз күдікті сөз жеткізу 
арқылы  үкіметтік  билікке  таласып,  үнемі  бәсекелесуде,  бірін-бірі  аңдып, 
көзін  жоюмен  болған.  Көбіне  жазықсыз  адам  жазаға  ұшырап  отырған» 
[2.154].  Бірақ,  жазалау  науқаны  күшейгенімен  жоғары  топтың  Әлім  ханға 
қарсы  әрекеті  тоқтамайды.  Осы  себептен  Әлімхан  тәжіктерден  қолдау 
іздейді. Олардан жақсы қаруланған әскер құрады. Гундукуштық тәжіктердің 
Қоқан  армиясының  жалдамалы  һәм  баскесер  қанышерлігімен  атының 
шығуына  Әлім  ханның  тікелей  ықпалы  болған.  Оның  құрамында 
қаратегіндіктер,  шұғнандықтар,  бадахшандықтар,  ирандықтар,  шытыралдар 
тіпті  Гунтаның  сарбаздары  да  енеді.  Жалдамалы  сипаттағы  бұл  әскерлер 
Әлім  үкіметінің  негізгі  тірегіне  айналады.  Әлімнің  келесі  міндеті  – 
мемлекеттің  ішкі  өміріне  әсері  күшті  жоғары  санатты  дін  иелеріне  қарсы 
жойқын  күрес  ашады.  Жеңілгендері  Әлімнің  саясатына  бас  иеді  де, 
көнбегендері  Бұхар  әмірлігіне  қашады.  Дара  билікке  қолы  жеткен  Әлімнің 
ендігі  басты  мақсаты  жаңа  жерлерді  жаулап  алу  еді.  Шариғаттың  белінен 
басып  өткен  Әлімханның  қатыгездігінде  шек  болмаған.  Қанқұмарлыққа, 
сатқындыққа  негізделген  Әлім  ханның  саясатының  алғашқы  жылдары 
«табысты» болуы – бұл кездегі Абылай ханның өлімінен кейін қазақ  билер 
институтының 
әлсіреген, 
алауыздық-бытыраңқылыққа 
бой 
берген, 
әдебиеттегі «зар заман» күйінің белең алып тұрған кезі болатын. 
Халық аңызында Әлім хан шексіз қаталдығына орай (Шер Гаран-жауыз 
жолбарыс),  «Әлім-залым»  аталған.  Ол  кез  келген  уақытта  қасында  жүрген 
сенімді адамдарының да көзін жойып отыруды әдетке айналдырған [4.90-91]. 
В.Наливкиннің  атап көрсеткеніндей:  «Әлім  хан  дереу  жаулап  алу  әрекетіне 
ұмтылды.  Ондағы  мақсаты:  иелігінің  көлемін  күшейту,  соған  байланысты 
қазынаның байлығын көбейту еді» [4.78].  
Хандықтың  шекарасын  кеңейту  үшін  стратегиялы  орны  бар  Ташкентті 
жаулап алған жөн екендігін Әлім хан жақсы түсінген. Бұл кезде Төреқорған 
әкімі  Ханқожаның  жәрдемімен,  Ташкенттік  қазақтарды  алдау-арбау 
тәсілімен  билікті  қолға  алған  Жүніс  қожа  Ташкенттің  әкімі  болатын.  Ол 
туралы мәліметті Ханқожаның  Жүніс қожаға  еткен көмегін көзімен көрген 
М.Поспеловтың  Ташкент  туралы  өте  тамаша  жазылған  естелігінен  табуға 
болады  [8.56].  Сол  кезде  елу  мыңдай  халқы  бар  Ташкент  қаласы  Орта 
Азияның  ең  басты  сауда,  қолөнер  орталығы  болып  есептелген.  Шығысты 
отарлау стратегиясы тез дамып келе жатқан орыс мемлекеті Орта Азиядағы 
саудасын  Ташкент  арқылы  жүргізген.  Сөйтіп  ХІХ  ғасырдың  басында 
Ташкент  ірі  сауда  орталығына  айналған.  Солтүстік  батыста  –  Бұхарамен, 
оңтүстікке  –  Кендіртау,  шығысында  –  қырғыздар,  солтүстік  шығысында 
қазақтармен  шектескен  Ташкент  иелігінде  1814  жылы  жиырма  мың  үй 
болған,  қам  қыштан  соғылған  он  алты  шақырымға  созылған  қашықтықты 
қамтитын  биік  дуалмен  қоршалған бұл қалада он екі дарбаза болған. Суды  
 
 

18 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет