А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кыдырбаева А.О. Система внеаудиторной работы иностранного языка в ВУЗ-ах
отношение студентов к ним и другие факторы. Например: History through
English “Some facts about Kazakhstan, the State flag, History of Kazakhstan”
[2.5,6].
События политической, культурной и экономической жизни, приезд
делегации страны изучаемого языка в нашу страну, победы наших
спортсменов в международных соревнованиях и Олимпийских играх,
подготовка к празднику, фестивалю и др. Крупные достижения в науке и
технике в нашей стране и за рубежом, а также события в жизни университета
– все это должно находить отклик на внеаудиторных занятиях в содержании
текстов для чтения и аудирования, в беседах, диалогах и монологических
сообщениях, стенгазетах, письмах друзьям и т.д. Например: Some facts from
the History of Britain [2.28,30]. Можно сделать доклад о наших Казахстанских
Олимпийских победителях Бейджина ”The Kazakhstan’s winners of Beijing
Olympic Games: Ilya Ilyin, Bakhyt Sarsekbayev”. Это воспитывает в студентах
патриотический дух, и они должны гордиться своими героями. Также, это
позволяет студентам заниматься спортом в их свободное время. Ведь
недаром говорят, что в здоровом теле здоровый дух.
В планировании внеаудиторной работы по иностранному языку
преподаватель очень часто сталкивается с проблемой, каким мероприятиям и
занятиям отдать предпочтение: тем, которые предполагают заучивание
студентами готового материала, творческую импровизацию или отчет о
проделанной на предыдущем этапе работы. Думается, что необходимо их
разумное сочетание. В изучении иностранного языка не избежать заучивания
наизусть и далеко не все может быть построено на творческой
импровизации. Следовательно, важно позаботиться, чтобы любой
предложенный преподавателем вид деятельности был привлекательным для
студентов, не вызывал переутомления, не был однообразным. Отчетные
мероприятия кружков, клубов экономичны по времени. Их проведение
обеспечивает гласность в системе внеаудиторной работы по предмету, связь
с жизнью всего коллектива, общественно-практическую направленность
деятельности. Например: What do you know about famous people of South
Kazakhstan? What kind of holy places do you know in South Kazakhstan? [3.10,
13].
В подготовке каждого запланированного мероприятия необходимо
соблюдать ряд этапов, обеспечивающих его организационную четкость:
1)обсудить со студентами и администрацией ВУЗ-а характер его
проведения; 2)подобрать необходимый материал, составить сценарий,
распределить среди студентов роли, назначить ответственных за
музыкальное и художественное оформление; 3) написать объявление и
программу, разослать пригласительные билеты шефам, студентам
соседних ВУЗ-ов; 4)утвердить состав жюри и условия подведения
конкурсов и игр; 5)выпустить стенгазету или буклет; 6)организовать
101
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кыдырбаева А.О. Система внеаудиторной работы иностранного языка в ВУЗ-ах
работу над материалами сценария и т.д. Кроме того, преподаватель
должен провести соответствующую работу с языковым материалом,
необходимым для понимания содержания мероприятия.
В заключении можно сказать, что одним из резервов интенсификации
учебно-воспитательного процесса по иностранному языку является создание
единой системы урочной и внеаудиторной работы по предмету. В нашей
педагогической практике опыт преподавателей свидетельствует о том, что
изучение любой программной темы может быть продолжено во
внеаудиторной работе. Внеаудиторные занятия обобщают изученный
материал, дополняют его, демонстрируют учащимся результаты овладения
языком и способствуют дальнейшему совершенствованию умений и
навыков. Преподавателю важно выбрать те из них, которые наиболее полно
помогают в решении практических, образовательных и воспитательных
задач и вместе с тем экономичны по времени, не громоздки, способствуют
созданию мотивированных ситуаций речевого образца, отвечают интересам
учащихся, удачно сочетаются со всей системой учебно-воспитательного
процесса.
ЛИТЕРАТУРА
1.
Савина С.Н. Внеклассная работа по иностранному языку. -М.: Просвещение, 1991.
2.
Қыдырбаева А.О., Майлыкараева П.Б. History through English. -Түркістан: Тұран, 2006.
3.
Таукебаева Р.Б., Қайнарбекова Г.A., Қыдырбаева А.О. South Kazakhstan. Great men and Holy Places. -
Түркістан: Тұран, 2006.
102
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ф.Т.ЕРЕХАНОВА
Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің оқытушысы
ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ БІРІККЕН ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ
СИПАТЫ ТУРАЛЫ
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы сложения компонентов сложного
существительного в современном английском языке.
This research is devoted to some problems of structural cohesion and integrity of a compound noun
manifesting in its indivisibility, i.e. the impossibility of inserting another word or word-group between its
elements.
Қазіргі ағылшын тілінде күрделі сөздер деп кемінде екі түбірден
құралып, тілде жеке сөз ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. Күрделі
сөздердің құрамдас бөлшектері сөйлемде жеке лексикалық бірлік ретінде
қызмет ете алатындай тұтастық пен құрылымдық бірлікті қамтамасыз етеді.
Біріккен зат есімдер де осындай тұтастыққа ие. Тек оның компоненттері
жабыла келіп, белгілі бір заттық ұғымды, құбылысты білдіреді. Осы жағынан
біріккен зат есімдер басқа сөз таптарына қатысты біріккен сөздерден
ажыратылады. Мысалы, raw-boned біріккен сөзі «өте арық» деген мағынада
қолданылады, яғни қандай деген сұраққа жауап беріп, күрделі сын есім
болып тұр. Ал rawhide күрделі сөзі «шикі тері» (сыромятная кожа) деген
мағынаны білдіріп, біріккен зат есім ретінде жұмсалып тұрғандығы анық.
Сонда біріккен сөздердің бойындағы біртұтас мағынаның сипатына қарай
олар сөз таптарына ажыратылады. Демек біріккен зат есімдерде
құрамындағы компоненттердің жеке мағыналарына емес, жалпы тұтас
мағынасы басты орын алады. Құрамында қай сөз табының элементі болса да
жалпы мағынасы заттық ұғымды білдірсе, оларды күрделі зат есім деп
есептейміз. Тіпті көмекші сөздер мен шылаулардың қатысуы арқылы
жасалатын біріккен зат есімдер де бар. Мысалы, күйзеліс, құлдырау деген
мағынаны білдіретін downfall біріккен зат есімі сөз алды шылауы мен
етістіктің тіркесуінен жасалып тұр. Бірақ кейде төмен деген мағынаны
білдіретін үстеу ретінде де жұмсалатыны анық. Бұл мысалдағы down сөзін
сөз алды шылауы (предлог) деп алуымыз оны output
моделімен
салыстырумен себептеседі. Дәл осы жолмен income-пайда, кіріс біріккен зат
есімі де жасалған. Ағылшын тіліндегі looking-glass-айна біріккен зат есімі
герундий формасы мен зат есімнің тіркесуінен жасалған. Жалпы мағынасы
заттық ұғымды білдіргендіктен, бұл сөзді де біріккен зат есім деп есептейміз.
Сонымен бірге әскери кеме мағынасындағы man-of-war және жазушы
мағынасындағы man-of-letters біріккен зат есімдері екі зат есімнің of шылауы
арқылы жасалуы пікірімізді дәйектей түседі. Мұнда жоғарыдағы біріккен зат
есімдерді of шылауының жалғыз өзі жасап отыр деген пікірді негіздеп
отырған жоқпыз. Бірақ шылаудың екі түрлі мағыналардағы сөздерді
байланыстыруға, жалғастыруға септігі тиіп тұрғандығын, соған орай,
біріккен сөзді жасауда белгілі бір үлесі бар екендігін айтып отырмыз.
103
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ереханова Ф.Т. Қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сипаты туралы
Біріккен зат есімдердің бойындағы бірнеше белгілерінің арасында
олардың осы біртұтас мағынаға ие болатындығы әбден орныққан пікір.
Алайда олардың бойындағы басқа да белгілермен санаспауға болмайды. Ол
белгілер туралы біршама толық мәліметті И.В.Арнольдтың еңбегінен
кездестірдік. Ғалым берген анықтамасында жалпы күрделі сөздерге тән
белгілерді жинақтаған, дегенмен ол белгілер біріккен зат есімдерге де тән
екендігі анық. Аталған ғалымның пікірі мына белгілерді қамтиды: «күрделі
сөздердің құрылымдық бірлігі мен біртұтастығы екпін бірлігіне, бірге немесе
дефис арқылы жазылуына, семантикалық бірлігіне, морфологиялық және
синтаксистік қызметтерінің бірлігіне, және көп жағдайларда, осы немесе
осыған ұқсас фонетикалық, графикалық, семантикалық, морфологиялық
немесе синтаксистік факторлардың бірнешеуінің бірлескен әсеріне
байланысты болады» [1.60].
Қазіргі ағылшын тілінің лексикологиясына арнап өте құнды еңбек еткен
И.В.Арнольдтың күрделі сөздерге берген жоғарыдағы анықтамасы ағылшын
тіліндегі жалпы күрделі сөздерге бағытталған. Соның ішінде біріккен зат
есімдер де ол анықтамадан тысқары емес. Мысалы, backbone-омыртқа,
bodyguard-оққағар, fatherland-отан, ата жұрт біріккен зат есімдерін талдап
көрейік. Бұл мысалдарда backbone, bodyguard, fatherland біріккен зат
есімдерінің үшеуі де бір екпінге ие. Үшеуінде де сөз екпіні біріккен
сөздердің бірінші компонентіне түсіп тұр. Ал екінші компонент біршама
бәсең ырғақпен айтылуы шарт. Екпін мәселесі бір қарағанда, ешқандай рөл
ойнамайтын болып көрінгенмен, ағылшын тілінде оның орны ерекше зор.
Қазақ тіліндегі сөздің соңғы буынына түсетін тұрақты буын екпіні мен
ағылшын тіліндегі күрделі сөздерге қойылатын екпіннің арасына теңдік
белгісін қоя алмаймыз. Ағылшын тілінде күрделі сөздердің арнайы екпіні
бар, оларды сол екпін бойынша айту керек. Сол үшін ағылшын тілінің
мамандары екпін мәселесін күрделі сөздердің анықтамасындағы алғашқы
шарттарының бірі ретінде белгілеген. Сонда жоғарыда алынған
мысалдарымыздағы біріккен зат есімдердің барлығы күрделі сөздердің бұл
шартына толық жауап береді. Шынында да қай сөздің де жалпы сөздік бітім
сөздік тиянақ алуы, сөздің тұтастығы екпінмен байланысты. Екпіннің
сөзжасамдағы осы қызметін Вильгельм фон Гумбольдт кезінде өте дәл басып
айтқан. Екіншіден, анықтамада күрделі сөздердің бірге немесе дефис арқылы
жазылуына, яғни олардың орфограммасына мән берілген. Ағылшын тіліндегі
біріккен сөздер, соның ішінде біріккен зат есімдердің компоненттері кейде
бірге, кейде дефис арқылы жазылады. Мысалы, ice age (мұз ғасыры) бірге,
ice-axe (мұз жарғыш) дефис арқылы жазылатыны мәлім. Осы жерде ерекше
назар аударуды қажет ететін бір мәселе бар. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер
біріккен, қосарланған және тіркескен деп жіктелуінде олардың жазылуы да
ескеріледі. Қазіргі қазақ тілінде біріккен сөздер бірге, қос сөздер дефис
арқылы, тіркескен сөздер босаралықпен жазылатыны әбден қалыптасып
кеткен. Сондықтан қазақ тілінде бірге
104
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ереханова Ф.Т. Қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сипаты туралы
жазылған сөздерді қос сөз деп атау немесе дефис арқылы жазылатын
сөздерді біріккен сөз деп атау теориялық қателік болып саналады. Ал
олардың қайсысын болса да, күрделі сөз деген жалпы атпен атай береміз.
Бұл мәселе ағылшын тілінде өзгешелеу сипатталады.
Ағылшын тілінде күрделі сөздерді жазылуы мен компоненттерінің
құрамына қарай қазақ тіліндегідей бөлек атаушылық қалыптаспаған.
Барлығы бір ғана күрделі сөз (compound word) терминімен аталады.
Сондықтан ағылшын және қазақ тілдерінің терминдерінің аталуында
айырмашылықтар бар. Біз бірақ мақаламызда ағылшын тіліндегі біріккен зат
есімдер дегенде, бірге жазылатындарын да, бөлек жазылатындарын да ала
береміз. Бірақ оларды сөз тіркестерімен шатастыруға болмайды. Ағылшын
тіліндегі осы мәселеге қатысты мына бір жағдайды айта кеткеніміз жөн. Он
тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ағылшын тілінде «block
compounds» деп аталатын күрделі сөздер пайда болды. Олар бірекпінді
болғанымен, бөлек жазылады. Мәселен, «chat show», «pinguin suit» т.б.
сөздер. Мұндай күрделі сөздерді сөз тіркестерімен оңай шатастыруға
болады. Бұл туралы ағылшын тілін зерттеген ғалымдар «stone wall»
мәселесін көтерген болатын. А.И.Смирницкий бұл мәселеге арнайы
тоқталып, ол туралы пікірлерді жинақтап, оларды бір ізге келтіруге
бағытталған жұмыс атқарғандығы мәлім [2.114-115]. Аталған мәселе туралы
пікірлерді жинақтай келгенде, олардың көпшілігі «stone wall» сияқты күрделі
сөздердің бірінші компонентін зат есім, сын есім, сын есімдерге жақын
сөздер деп қабылдаудың айналысында сөз болған. Бұл туралы В.Н.Ярцева,
Б.А.Ильиш, И.Р.Гербач т.б. атақты ғалымдар өз пікірлерін білдірген
болатын. Қазақ тіл білімінде бұл проблема орын алмаған. Өйткені күрделі
сөздер, сөз тіркестері және тұрақты тіркестердің арасына анық шектеу
сызығы сызылған деп санаймыз. Оның үстіне, әрбір сөз табының сөйлемдегі
қызметін сөз еткенде олардың бұл тұрғыдағы ерекшеліктері де сөз болады.
Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің толықтауыш қызметінде
жұмсалуы көбінесе олардың субстантивтенуімен байланысты болатындығы
анық көрсетілген.
Сонымен қатар «ағаш күрек» деген сияқты сөз тіркестерінің
құрамындағы ағаш сөзі өзінен кейінгі сөзді сипаттап тұрғандығына қарап,
сын есім деп есептелмейді. Оның бастапқы мағынасы заттық мағына
болғандықтан ол зат есім болып санала береді.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер деп «компоненттері кез келген
тәсілмен байланысса да, тек кемі екі түбірден тұратын, дефис арқылы немесе
бөлек жазылатын, бір екпінге ие болатын, біртұтас мағынаны білдіретін және
морфологиялық және синтаксистік қызметтері бір болатын тілдік құбылысты
түсінеміз [1]. Ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдер де осы белгілерге
жауап береді.
Қолымыздағы материалдар қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат
есімдердің мынадай негізгі құрылымдық типтерін көрсетіп отыр:
105
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ереханова Ф.Т. Қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сипаты туралы
1)
зат есім түбірі + зат есім түбірі: lamp – shade -абажур;
2)
сын есім түбірі + зат есім түбірі: blackcock -құр (құс);
3)
герундий негізі + зат есім түбірі: drawing-room - қонақ бөлмесі,
writing-table - жазу үстелі;
4)
етістік негізі + зат есім түбірі: breakstone - қиыршық тас;
5)
предлог арқылы байланысқан екі зат есім түбірінен: man-of-war -
әскери кеме, man-of-letters - жазушы;
6)
зат есім түбірі + дәнекер дауысты + зат есім түбірі: speedometer -
спидометр.
Жинақтай келгенде, ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің де
біртұтастығы олардың бірге немесе бөлек жазылуына негізделе алады.
Күрделі сөздердің біртұтастығы олардың семантикалық бірлігімен
түсіндірілуін де ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдерге байланысты айтуға
болады. Біріккен зат есімдердің семантикалық бірлігі деп олардың бойындағы
біртұтас мағынаны түсінеміз.
Ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің жасалуында лексика-
семантикалық фактор маңызды рөл ойнайды. Еркін сөз тіркестерінің
идиомалануы, лексикалану, делексикалану құбылыстарын лексика –
семантикалық фактор деп атаймыз. Егерде күрделі сөздің мағынасы өзінің
құрамындағы компоненттерінің тура мағыналарынан құралмай (тумай), демек,
олардың мағыналарының қосындысы (жиынтығы) болып шықпай, өзге, тіпті
басқа бір ұғымды (мазмұнды) білдіретіндей болса, ондай құбылыс, әдетте,
идиомалану деп аталады. Мысалы, қырғи қабақ болу, ат үсті қарау, қас пен
көздің арасында... деген тіркестердің әрқайсысының мағыналары құрамындағы
жеке-жеке сөздің мазмұнынан тумайды, олардан өзге ұғымдарды білдіреді.
Мұндай тіркестердің құрамдарындағы жеке сөздердің логикалық–семантикалық,
гарамматикалық байланыстары көмескіленіп, өздері іштей мүшеленбейтін
тұрақта тіркеске (күрделі сөзге) айналады. Сөз тіркестерінің осылайша
идиомалануына оларды әуелде бейнелеу (метафора) ретінде қолдану дағдысы
негіз болады.
Күрделі сөздердің, соның ішінде күрделі сөздердің біртұтастығы оның
ажыратуға келмейтіндігімен, яғни оның элементтерінің арасына басқа бір сөз
немесе сөздер тобын қосуға болмайтындығынан да анық байқаймыз. Мысалы,
sunbeam (күн шуағы) сөзі туралы айтар болсақ, ондағы компоненттердің арасын
өз еркіміз бойына ажыратып, арасына сөз қосып қолдана алмаймыз. Өйткені
мұнда олар сөз емес, тек біріккен сөздің бір бөлшегі ретінде ғана қолданылып
тұр.
Сонымен қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдер күрделі сөздерге
қойылатын барлық талаптарға жауап беретін ағылшын сөзжасамында елеулі
орны бар күрделі лингвистикалық бірлік деген тұжырым жасауымызға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Арнольд И.В. Лексикология современного английского языка. -М.: «Высшая школа», 1973. – 303с.
2.
Смирницкий А.И. Лексикология английского языка. -М.: 1956. 260 с.
106
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Б.ЖОРАБЕКОВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ОРТАСЫ ХАҚЫНДА
В статье рассматривается поэтическая среда Кулыншака Кемелулы.
The article deals with the poetical environment of Kulynshak Kemeluly.
Қазыналы Қаратаудың теріскейіне қоныс тепкен Созақ елінде сөздің
майын тамызған шешендер де, жыр десе желдей есетін ақындар да аз
болмаған. Солардың ішінде Құлыншақ Кемелұлының орны ерекше аталады.
Құлыншақ Созақ ауданының Жартытөбе ауылында Кемел деген дәулетті
шаруаның отбасында 1840 жылы дүниеге келіп, 1911 жылы сол жерде
қайтыс болған. Құлыншақ ақын сөзге қабілеттілігімен ел аузына ерте ілініп,
ақындық, импровизаторлық өнерімен сан рет сөз сайысына түседі.Құлыншақ
ақын өз замандастары Молда Мұса, Майкөт, Майлықожа, Бұдабай
ақындармен сөз айтысып, өзінің сөзге жүйрік, ұшқыр ойлы адуынды ақын
екендігін көрсетеді.Құлыншақ ақын өз бетімен хат таныған. Ол шығыс
шайырларының шығармаларын оқыған, хисса-хикаяларды жаттаған. Ол
қобызға, домбыраға қосылып жыр, хисса, толғау, терме айтқан.
Құлыншақ дүниеден таршылық көрмесе де, дүние қууға салынбаған.
Өлеңді таза өнер деп білген. Жиын-тойларда сөз сайысына түсіп, өз өнерін
шыңдай түскен.
Құлыншақ ақынның шәкірті, жыршы Сұлтанбек Аққожаев ұстазы
жайлы:
Құлыншақ алтауының ең кенжесі,
Дарыған он бірінде өлең еді
Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,
Үш тоғыз дүниемен жібереді, -
деп жырлайды [1.9]. Онан соң ақын ел аралап, маржандай әрі өткір
жырларын тарту еткен. «Шырын - Шекер», «Қыз Жібек», «Шора батыр»
сияқты қисса, дастандарды қобыз, сырнай, домбырамен жата-жастана
жырлаған.
Бұл кезде, яғни он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан
Ресейге толық қосылып болды. Отаршылдар жергілікті халықты қысымға
алып, өз дінін олардың санасына сіңіруге күш салады. Сонымен бірге бейбіт
өмір сүріп жатқан Оңтүстік Қазақстан халқына Қоқан мен Хиуа хандықтары
тарапынан қысым жасалды. Бұл Қаратаудың тарлан шайырларының
жырларынан орын алды. Олар Құлыншақтың ақындық ортасы – Мәделі
қожа, Майлы қожа, Молда Мұса (Мұсабек Байзақов), Нұралы, Ергөбек
сияқты ақындар еді.
Айталық, Мәделі ақын – күнгей қазақ елін жарты ғасырдай отаршылдық
езгіде ұстаған Қоқан хандығының басқыншылығына қарсы күресті аямастай
107
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Жорабеков Б. Құлыншақ Кемелұлының ақындық ортасы хақында
жырларымен де, қылыш – найза жүзімен де жүзеге асырды. Оның «Қоқан
ханына айтқаны» өлеңінде:
Адамға тән – ар ұят,
Бектеріңде қалмады – ай,
десе, «Қарағашты Тәшкеннен» өлеңінде:
«Жер астынан жік шықты,
Қаһарын шашып халыққа
Екі құлағы тік шықты
Оның қылған ісіне
Ел денесі түршікті», -
деп өзінің замандас батырлармен қоқандықтармен күресіп, Мырзабидің
басын алмадай кесіп өлтіргенін айтады.
Құлыншақты жақын тартар Майлы қожа ақын да Ресей отаршылдығына
қарсы:
«Есі кеткен ел байғұс –
Ақылынан адасар», -
деп тепкілесіп, қағысып өкіметке таласатын ашына айтса, Құлыншақтың өзі:
«Падишамыз орыс – ты
Күннен күнге қылып тұр
Көңілдегі жоқ істі,
Қадаулы ағаш, тартқан сым,
Қазақтан алды қонысты.
Қазынаға қарыздар,
Халық көбейді борышты», -
деп отаршылдықтың елге келтірген моральдық, материалдық шығындарын
жырлайды [1.97].
Көтеншіде Құлыншақ
Өлең сөздің ұстасы
Майлықожа, Мәделі,
Бұлар оның тұстасы
Сөздерінің бар еді,
Тістейтіндей қысқашы.
Ең озығы Құлыншақ
Өлең десе ұрыншақ
Шу асауды тоқтатқан
Бұғалықты бұрын сап, -
деп жырлаған қыпшақ Бұдабай Қабылұлы Қызылорда аймағына мәлім ақын.
Оған Құлыншақ ақын сәлемдесуінде аға деп бауырына тартып, шынайы
сыйластығын білдіреді [1.40].
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген Молда Мұса да Құлыншақты
ұстаз тұтқан. Ал одан ертерек өмір сүрген Құлыншақтың тұстасы әрі жерлесі
Шәді Жәңгірұлынан «Сияр Шәріп» атты кітабын сұрағаны, оның жауабы
бар.
108
Достарыңызбен бөлісу: |