А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сартбаева Д.Қ. Қ.Ергөбек – балалар әдебиетінің сыншысы
тақырыптық жағынан былай бөледі: 1.Ақынның дидактикалық өлеңдері;
2.Ақынның табиғат және оны қорғау туралы өлеңдері; 3.Ақынның жақсылық,
қайырымдылық, достық туралы өлеңдері; 4.Ақынның бала мінезін, бала
психологиясын суреттеген өлеңдері; 5.Ақынның мазақтама өлеңдері;
6.Ақынның төрт түлік малға қатысты өлеңдері; 7.Ақынның хайуанаттар жайлы
өлеңдері; 8.Ақынның мысалдары мен ертегі, поэмалары.
Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер
қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов,
М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар
шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды.
Балалар әдебиеті – әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен
терең байлыныста болды. Әдебиеттің бұл саласының тәрбиелік, танымдық,
тағылымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі,
тәрбиелі, білікті де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор
қоғамдық міндеттерді атқарысуға белсене араласады
Сыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар әдебиетінің
өкілдері туралы жазған. Олардың әрқайсысының өмірінің елеулі тұстарына,
шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, әділ баға берген. Қазақ
балалар әдебиетінің «жоқ» емес, «бар» екенін дәлелдеген сыншы. Әрбіреуі
«осылай ма еді?» деген ойға қалдыратындай ақындарды танытуы – азаматтығы
десек болар. Сыншының ақын Жақан Смақов туралы ойларын жүйелесек, ақын
тұлғасы биіктеп шыға келеді. «Жақан Смақов – бесік жырынан бастап сәби
құлағын үйретіп, қаз-қаз бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып,
ертегі айтқызып, баланы мектепке ертіп апарған ақын. Оның әр жанр – алуан
табиғатты өлеңдерінен сәбидің санатқа қосылу эволюциясы айқын аңғарылады.
Адамзат болашағы – баланың қалыптасу жолын, қилы-қилы мінезін оның
өлеңдерінен айқын көріп, жүздесіп, сырласып отырасың» [2.119]. Демек Жақан
Смақовта жас баланың жас мөлшеріне лайық өлеңдердің бәрі табылады. Тек
соны балаларға ұсынып, қажетке жарата білу керек. Сыншы Жақан Смақов
өлеңдерін төмендегіше топтап көрсетеді: 1.Бесік жыры; 2.Жан-жануар, төрт
түлік мал жайлы өлеңдері; 3.Ұйқасын тап; 4.Ойын өлеңдер; 5.Ән өлеңдері;
6.Ертегі; 7.Поэма.
Сыншы Қ.Ергөбек зерттеулерінен қазақ балалар әдебиеті тарихында проза
жанрында еңбек еткен көрнекті жазушылар туралы да сын мақалаларын
кездестіреміз. Балалар жазушыларының еңбектері бірнеше ұрпақтың сырласы
болғаны анық. Ол жазушылар өздерінің бар сырын сол кішкентай
кейіпкерлер арқылы кейінгі ұрпаққа қалдырып кетті. Сыншы зерттеулерінен
С.Омаров, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, Қ.Әбдіқадыров, Т.Дәуренбеков,
М.Қабанбаев,
Э.Төреханов,
Б.Бабақов,
Б.Қойшыбаев,
С.Жұбатыров,
С.Асылбеков, М.Айымбетов, Б.Ыбырайымов, Н.Мұраталиев, Н.Ақышев,
Б.Әділов, С.Дүйсембиев, Т.Рымжанов, Ж.Тұрлыбаев, т.б. есімдері аталады.
Бұлардың әрқайсысы қазақ балалар прозасында өзіндік өрнекпен келген
жазушылар. Әр кезеңнің өз салмағын көтеріп, көркемдік әлемін кеңейткен,
кішкентай оқырмандардың жанын баурап, көңіліне ұялаған сүйікті кейіпкерлер
сыйлған қаламгерлер.
26
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сартбаева Д.Қ. Қ.Ергөбек – балалар әдебиетінің сыншысы
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожасын» бірнеше ұрпақ
жалықпай оқып, сүйікті кейіпкері ретінде танып келеді. Қазақ балалар
прозасында осы кітаптың орны өзгеше. Бұл туралы сыншы, ғалым Құлбек
Ергөбек: «Әйтсе де, қазақ балалар қарасөзіндегі іргелі бетбұрыс
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінен қарқынды басталды. Міне,
осы сәттен бала жанына терең үңілу, психологизмнің етек жаюы басталса
керек» [3.258], – дейді.
Бердібек Соқпақбаев туралы сыншы Құлбек Ергөбектің естелік түріндегі
1994 жылы жазылған мақаласын да атап өту керек. «Ойнақы мінез, әзілқой
қаламгер» [1.95], – деп бірден жазушының өзіне мінездеме беріп кетеді. Бұл –
жазушы қаламынан туған көркем шығармаларына баға беруде есепке алынатын
сапалы қасиет. Бұны оқығанда, бірден көз алдыңа кішкентайыңнан көңіліңнің
серігіне айналған сүйікті кейіпкерің – Қожа келе қалатыны шындық.
«Соқпақбаевтай қадірлі қаламгер шығармаларын кез келген қазақ баласы оқып
өсті. Әлі де оқып келеді. Бұл – жазушы үшін үлкен бақыт. Ойланып көрейікші,
осынау шығармаларда оқушысын шақырып тұрған қандай қасиет бар. Қолыңа
алсаң, әрі қарай қызықтырып, жетелей жөнелетін не сиқыр бар онда?» [3.94], –
деп сыншы өзімен бірге ойлануға жетелейді.
Қазақ балалар әдебиеті туралы сын мақалаларды сөз еткенде әр кезде
шыққан кітаптарға берілген алғысөздерді де айтпай кетуге болмайды. Соның
бірі – Құлбек Ергөбектің «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериясымен
шыққан басылымдарға жазған алғысөздері. Қазақ балалар прозасына қатысты
С.Бегалин мен Қ.Әбдіқадыров шығармалары біріктіріліп, 1987 жылы шыққан
жинаққа алғысөз жазыпты. Алғы сөзде бірталай маңызды ойлар бар. Бұлар –
балалар әдебиетін оқытып жүрген ұстаздарға әдістемелік нұсқау, қосымша оқу
құралы ретінде пайдалануға өте пайдалы. Біріншіден, екі жазушының
өмірбаянынан едәуір мәліметтер келтірілген. Екіншіден, жазушылардың
шығарманы жазу тарихынан тарихи деректер келтірілген.
Қазақ балалар әдеби сынының дамуы немесе жекелеген сыншы еңбектерін
қарастырған зерттеу еңбегі жоққа тән. Тіпті, қазақ балалар әдебиетін тікелей
зерттеген әдебиетші ғалымдар саусақпен санарлықтай. Қазақ балалар
әдебиетімен айналысып, соның оқулығын жазған Шеген Ахметовтің зерттеулері
мен оқулығында осы саладағы сыншылар еңбектері айтылады. Кандидаттық,
докторлық диссертациялар қорғаған К.Нұғыбаева, К.Матыжанов, Б.Ыбырайым,
Б.Қапасова, Г.Қажыбаева, А.Мәметова, Ә.Жәкім, Ш.Жанаева еңбектерінде
қазақ балалар әдебиетіне қатысты сыншылардың еңбектері айтылады. Бірақ
бұлардың барлығы қазақ балалар әдебиетін зерттеушілер, әдебиеттің осы
саласындағы авторлар мен оның өзекті мәселелерін сөз етеді. Ал балалар
әдебиетіне арнап сын мақалалар жазып жүрген сыншылардың еңбектерін
зерттеген ғылыми еңбектер жоқ. Сондықтан қазақ балалар әдебиеті сынының
өркендеуіне өнімді еңбек сіңірген сыншы Қ.Ергөбектің сын-зерттеулерін арнайы
қарастырған жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ергөбек Қ. Өтебай Тұрманжанов. -Алматы: Рауан, 1992.
2.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. 3-кітап. -Алматы: 2003.
3.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. 4-кітап. -Алматы: -2003.
27
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Н.КЕНЖЕҒАРАЕВ
филология ғылымдарының кандидаты
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті м.а.
Б.МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассматриваются ранeе недостачно исследованные научные взгляды
казахского писателя Б.Момышулы в сфере теории литературы.
This article presents some unknown scientific views of the Kazakh writer B. Momyshuly in the sphere
of the Literature theory.
Гвардия полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы
әдебиеттану ғылымымен айналысып, әдебиет теориясына байланысты
арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі, әдебиеттануға, әдебиет
теориясына байланысты қандай дүниелері бар екен деген сұрақтар туындауы
заңды да. Әдебиеттанушылық кәсіби білігі болмағанымен, сөз өнерінің
нағыз табиғатын дұрыс тани білу, функцияларын жете түсіну, Ұлы Отан
соғысы кезінде қан майданда көптеген ұрыстарды басынан өткеріп, соғыс
психологиясына жете қанық болуы, жан-тәнімен тұшынуы көзбен көрілген
жәйттердің көркем әдебиетке айналуы кезінде шынайылықты сақтауға ден
қоюы Б.Момышұлының жазушылық, ғалымдық көзқарасын орнықтырса
керек.
Жалпы ғылым, ғалым, сөз өнері, көркем әдебиет деген сөздер тек
шарттылыққа, тек арнайы мамандануға, ғылыми және академиялық атақ-
дәрежелерге басыбайлы болмаса керек. Тек қазіргі қоғамда ғана ғылым мен
сөз өнері ғылыми-әкімшілік шарттылықтарға бағынып, қасаңданып барады.
Дана Абай университет бітіріп, ғылыми дәрежесі болмағанымен қазақ
поэзиясының, эстетикасының, философиясының, әдебиеттануының биігіне
көтерілді. Абайдың бұндай биікке көтерілуіне білім-ғылымы, ішкі рухани
қажеттілігімен қатар, қоғам қажеттілігі себеп болды десек артық айтқандық
емес. Батыр Баукеңнің де соғыс тақырыбындағы көркем шығармашылықпен,
көркем шығармашылық табиғатымен айналысуына қоғамдық және тарихи
қажеттілік түрткі болды.
Б.Момышұлының еңбектерін әдебиеттануға, оның ішінде әдебиет
теориясына қатысты бірнеше күрделі тақырыптарға бөліп алып
қарастыруымызға болады:
-
әдебиеттің табиғаты туралы толғаныстар;
-
сөз өнерінің қызметі туралы пікірлері;
-
соғыс тақырыбында жазылған әдеби шығармалардың қызметі туралы
көзқарастары;
-
соғыс тақырыбындағы әдеби шығарманың көтеретін тақырыптары мен
көркемдігі туралы ойлары;
-
соғыс тақырыбында жазылған көркем шығарманың тарихилығы,
деректілігі мен әділдігі;
-
соғыс психологиясының шынайы суреттелуі;
28
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кенжеғараев Н. Б.Момышұлы және әдебиет теориясы мәселелері
-
соғыс тақырыбында қалам тербейтін автордың соғыс шындығын
(материалды) дұрыс игеруі;
-
оқырман психологиясын, қажеттілігін ескеру;
-
автор және қоғамдық, әлеуметтік тапсырыс мәселелері;
-
автор – бейне – қабылдаушы қатынасы;
-
автор
және
шындықты
объективтендіру
(объективицазия
действительности) мәселелері.
Әдебиет – күрделі, симбиоз, энциклопедиялық өнер. Әдебиеттің
объектісі – өмір, предметі – адам [1.77]. Француз ғалымы Р.Барт «Әдебиет
абсолютті түрде реалистік болып табылады. Ол өзі нақтылық болады,
дәлірек айтсақ, нақтылықтың сәулесі болады дей келе, «әдебиет дегеніміз –
шындық» – деген тұжырымын айтады [2.238]. Әдебиет теоретиктерінің
«әдебиет дегеніміз – өмір», «әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті,
халықтың көркем тарихы» [1.20], – деген анықтамалары аксиомаға айналды.
Б.Момышұлының 1944 жылы 19 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында Қазақ
ССР Ғылым академиясында оқыған дәрістерінің стенограммасы негізінде
құрастырылған «Қанмен жазылған кітап» не «Соғыс психологиясы» деп
беріліп жүрген еңбегі батырдың әдебиеттанудан, әдебиет теориясынан,
шығармашылық
психологиясынан,
жазушы
шеберлігінен,
жазушы
лабораториясынан
мол
хабардар
екендігін
айғақтайды.
Арнайы
филологиялық білімі жоқ және соғыстың қым-қуыт қиын кезеңінде әскери
адамның сөз өнері табиғаты, жазушы шеберлігі, оқырман талабы сынды
әдебиеттану мәселелеріне сұңғылалықпен, терең талғампаздықпен барып
тұжырымды ойлар айтуы білімпаздықпен қатар ғылыми ойлауды қажет
ететін дүниелер. Қазақ қаламгерлері Ұлы Отан соғысына дейін түрлі
тақырыптарда қалам тербеп, тер төгіп, біршама жетістіктерге жетті, қазақ
романистикасы, күрделі прозалық шығармаларды жазу қалыптасу үстінде
болатын. II дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс және
оған Кеңестер Одағы қатарынан Қазақстан азаматтарының қатысуы, бүкіл
Кеңестер Одағындағы экономикалық-әлеуметтік қиындықтар, елге түскен
ауыр жағдай, сондай-ақ қазақ қаламгерлерінің соғыс майданынан ұзақта
болып, нағыз соғыс картинасын көре алмауы, соғыс психологиясын,
тактикасын, әскер өмірін білмеуі, әскери сауаттарының саяздығы соғыс
тақырыбында күрделі шығарма тудыруға тұсау болып тұрды. Соғыс кезінде
партия мен басқарушылардың алдына кесе көлденең шыққан мәселелердің
бірі – жауынгерлердің рухани әлемін тәрбиелеу, үгіт-насихат жасау, жауды
жеңуге жұмылдыру. Тек саяси насихаттаудың аздық етеріне олардың толық
көздері жетті. Жауға қарсы қиын-қыстау кезде өз бойындағы қорқыныш пен
үрей сезімдерін жеңдіріп, жауға қарсы ұмтылдыру оңай шаруа емес,
адамның жан дүниесі тұтас эволюциядан тұратын, күрделі әлем. Оған тек
құрғақ саяси ақпар әсер етпейді, құнды көркем әдебиет, хас жазушының
қолынан туған шебер дүние, еліне-жеріне деген сағыныш сезімі, махаббат
сезімдері, борыш пен парыз әсер ете алады. Осындай сын сағаттарда,
29
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кенжеғараев Н. Б.Момышұлы және әдебиет теориясы мәселелері
сұрапыл кезеңде әдебиеттің табиғаты және оның қызметі деген жәйттер
қайта ой елегінен өткізілді. Сөз өнерінің, жазушылардың алдында бұрын
өздері кезікпеген, тылсым әлемдей жұмбақ дүние тұрды. Алайда бұл
қалыптасқан қиындықтан да шығудың жолдары табыла бастады. Қан
майданда жүріп, соғыстың психологиясын меңгерген, әскери офицерлер мен
қаламгерлер бірігіп, соғыс тақырыбында, Кеңес әскерлерінің шайқастары,
елді жаудан қорғау, Москва үшін болған айқастарды суреттеген туындылар
жазыла бастады. Демек, партия мен жазушылар қоғамдық қажеттілікке
мобилді бейімделді. Деформацияға ұшыраған қоғамның талаптарына
икемделді, қалыптасқан вакуумді жоюға тырысты. Бұл сөз өнерінің
табиғатын орынды пайдалану деген сөз. Сөз өнерінің танымдық және
таңбалық функцияларын пайдалана отырып, оның эстетикалық, тәрбиелік
мәндерін іске асыруға тырысты. Сөз өнерінің осы қасиеттері туралы батыр
Баукең былай дейді: «Жазушыларға жазған хатымда» мен ең алдымен солдат
– адам және адамға тән барлық нәрселер оған да тән деп айтқым келген еді.
Ұрыстағы ең қатерлі қару – адам жаны, оған қажетті оқ-дәрі – рухани азық
болмақ. Бұл адам жан жүйесін түсіну үшін оның конструкциясын толық білу
қажет, бұл қару-жарақты жабдықтау мен пайдалану үшін әрбір
бұрандасының детальдарына дейін білу керек, оның арсеналы жүректі
баурар жалынды сөз болуға тиіс.
Біздер жазушылардың творчествосын рухани азық деп атайды екенбіз,
онда солдатқа жеңіл оқылатын, күлкіге қарық ететін барлық адам жөнінде,
адамның адамгершілігі туралы ойландырып-толғандыратын кітап беру
керек. Бұл жөнінде жазу әрине қиын, бірақ жазу қажет.
Біздер алып тұратын майдан туралы жазылған орыс әдебиетінің 60
проценті де брак екенін айтқым келеді, ал қазақ әдебиетшілері болса,
брактан қашып, мүлдем жазбауды ұйғарған. Рас, бұл қаржыны үнемдеу,
бірақ қазақ солдатының рухани азыққа деген мұқтажы, қажеті басқалардан
кем емес» [3.31]. Мұнда Баукеңнің «Жазушыларға жазған хатым» деп
отырғаны 1942 жылдың 18 қазанында Қазақстан КП (б) Орталық
Комитетенің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Әбдіхалықовтың
атына жолданған, алайда Қазақстан жазушыларына, журналистеріне,
баспагерлеріне арналған хаты болып табылады. Бұл хатты Баукең майданда
«толарсақтан саз кешіп» жүрген жауынгерлердің атынан жолдайды, яғни
жауынгер-оқушы, жауынгер-тұтынушы, жауынгер-қабылдаушының талап-
тілегі, қажеттілігі, ынта-ықыласы, мұқтажы тұрғысынан жазылған. Қазақ
қаламгерлеріне деген талап-тілектерін 16 бап бойынша тізбектеп, соғыс
кезіндегі қазақ әдебиетінің, әдебиеттануының, қоғаммен жұмыс істейтін
насихат және үгіт бөлімінің кемшін тұстарын сын нысанына алады. Хатта
жазылған ұсыныстардың бәрінің елеулі тарихи мәні бар, өте орынды
ескертпелер. Жауынгерлердің Абай ақынның дана сөздерін, халықтың
даналығын, ертегі, мақал-мәтелдер, әзіл-сықақ пен Жамбылдың жырларын
қажетсінетіні, оларға бұл мұралардың мол азық болатынын түсіндіре
30
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кенжеғараев Н. Б.Момышұлы және әдебиет теориясы мәселелері
отырып жазып, қазақ баспагерлерінің қажетті рухани азықпен майдан шегін
қазақ тіліндегі туындылармен қамтамасыз ете алмай отырғандығын да тілге
тиек етіп өтеді. Бұл жерден қалыптасқан жағдаяттың (сұрапыл соғыс)
әсерінен жазушы қауымның мұндай іске дайын болмай, оқушы қауым
санасының шығармашылық өкілдерінен ертерек сілкініске ұшырап, рухани
әлемінің қажеттілігі жаңаша қалыптағы жаңа дүниені қалайтындығы ортаға
шықты. Соғыс кезіндегі қырғын, атыс-шабыстың арасында, жүздеген
адамдардың өліміне куә болып жүрген жандардың өмірге деген көзқарасы
тіпті өзгеретіні анық, рухани тұрғыдан жаңарып, сергек ойды серік етеді.
Өмір мәнін қайта ойлауға, тіршілікті таразылауға дағдыланады. Күнделікті
күйбең тіршіліктегі болмысынан арылып, жаңа бір күй кешеді. Соғысып
жүрген жауынгер толғатып, туындысын дүниеге әкелудің үстінде жүрген
суреткер сынды, реалды, әлеуметтік сипатынан арылып, рухани, жан мен ар
таразысы сатысында, ішкі жан әлемі шарықтап жүреді. Сондай
эмоцианалдық-психологиялық көтеріңкі қалыпта жүрген жауынгердің
рухани қажеттілігі де биік болатынын Баукең өте жақсы білген: «Жауынгер
де сүйек-еттен жаралған. Ол да өмір, махаббат туралы ойланып, толғанады,
сүйіктісінің іңкәр сезімі мен ерке назын, кішкентай қара домалағының
былдырлаған бал даусын, бұйра шашты бүлдіршін қызын сағынады, өйткені
ол – ер азамат, ол – әке!
Оның жүрегін жауынгерлік ерлік қуанышы, махаббат қуанышы, әкелік
сезім қуанышы кернейді, оны әсем табиғат тамсандырады. Гүлдердің жанға
жайлы жұпар иісін сіміре жұтқанды ұнатады. Мол сәулелі күн нұрының
жылуын жаны сүйеді, ол түнде көгілдір, бұлтсыз, жұлдызды аспан күмбезіне
қызыға қарайды. Бұл өмір ғой, ол тірі адам емес пе?» [3.212].
1943 жылы 8 желтоқсанда Москва қаласында Совет Одағы
жазушыларының кешінде сөйлеген сөздері Б.Момышұлын әдебиеттану
ғылымын, шығармашылық психологиясын, жазушының болмысты меңгеру,
игеруіне қатысты, жазушының шығармашылық әлемінде, санасында
өткеретін түрлі операциялардың ерекшіліктері және оның көркем
әдебиеттегі кестеленуі тұрғысындағы теориялық мәселелерде аса білікті
екендігін айғақтап береді: «Мен біздің жазушыларымыз неліктен соғыс
туралы шындықты айта алмайтынына ызаландым да, мынадай қорытындыға
келдім: сөйтсем бұл әдейі ойланып істелінбейді, олардың шындықты айта
білмегендігінен болады екен. Мүмкін, жалпы шындықты тіпті де айтуға
болмайды дейтіндер де табылып қалар. Мен мұнымен келісе алмаймын...
Егер айта алмайды екенсің дұрысы аузыңды ашпай-ақ қойғаның жақсы...
«Знамяның» редакциясына жазған хатымда шындық туралы былай деп
айтылған болатын: «Соғыс туралы, адамзаттың бастан кешкен алапат
зардабы туралы тек ғана шындықты, және де сөздікте жазылған шындықты
емес, жүрек пен жан дүниесінен шыққан шындықты шын көңілден
айтылатын қарапайым сөздермен, әдептілік пен соғыс заңы – қанқұйлы
соғыс тәжірибесі шегінде айту қажет». Шындықты қызметке, іске пайдалы
31
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Кенжеғараев Н. Б.Момышұлы және әдебиет теориясы мәселелері
болу үшін айту қажет. Егер абсолютті шындықты шебер жеткізе білсе, ол
іске ұлан асыр пайда келтірер еді. Шындықты айта білмегендіктен, кейбір
авторлар одан қашқақтайды да, шындықтың тонын жамылған өтірікті
тықпалайды.
Мен қаз-қалпында көшірушілерді жақтаушылар санатында емеспін, бірақ
мен нақты өмірді – шындықты композициялық тұрғыдан перспективалық
бейнелеуді жақтаймын, меніңше суреткердің өнері де осында жатса керек»
[3.226-227]. Б.Момышұлының бұл пікірлері шығармашылық теориясын
зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлерімен үндес. Көркем шығарма өмірге
еліктеу арқылы жасалу керек деген Аристотельдің мимесис теориясынан
бастау алатын көркем шығарманың өмірден алынуы, шындыққа жанасымды
болуы сынды пікірлерді көптеген ғалымдар айтқан болатын. О.Бальзак:
«өнер дегеніміз шындықты шығармашыл бейнелеу», – десе, В.Г.Белинский:
«Искусство есть творчество, а списать портрет, т.е. скопировать с натуры
лицо человека – совсем не значит что-нибудь создать» [4.155], – деп «қаз-
қалпында көшірудің» өнер емес екендігін айқындап берген. Сөз өнерінің
модельдеуші табиғатына сәйкес, жазушының «жүрек пен жан дүниесінен
шыққан шындықты» көркем шығармаға айналдыруы өте қиын әдеби
процесс. Бұл туралы ғалым М.Бахтин мынадай ой айтады: «Как мы сказали,
между изображающим реальным миром и миром изображенным в
произведении проходит резкая и принципиальная граница. Об этом никогда
нельзя забывать, нельзя смешивать, как это делалось и до сих пор еще
делается, изображенный мир с изображающим миром (наивный реализм),
автора-творца произведения с автором-человеком (наивный биографизм),
воссоздающего и обновляющего слушателя-читателя разных (и многих) эпох
с пассивным слушателем-читателем своей современности (догматизм
понимания и оценки). Все подобного рода смешения методологически
совершенно недопустимы. Но совершенно недопустимо понимание этой
принципиальной границы как абсолютной и непереходимой (упрощенское
догматическое спецификаторство)» [5.402]. Ғалымның бұл пікірлері автор
категориясының қырлары, оның шындықпен байланысы, жазушы
шеберлігіне ықпал ететін өмірлік тәжірибесінің мол қуатын саралаумен
қатар, қабылдаушы мәселесіне де мұқият қарау керектігін аңғартқан.
Қабылдаушыны дұрыс түсінбеу және бағалауда (догмалық түрде бағалау)
Баукең соғыс тақырыбында жазылған шығарманы оқыған жауынгердің
әсерін дәлел ретінде келтіреді: «Міне! Соғыс туралы! Солдаттың окоптағы
сызды, күңгірт блиндаж ішіндегі тіршілігі жазылыпты, – деп өзімен-өзі
күбірлей сөйлеп авторын сыбап алып, кітапты анадай жерге лақтырып
жіберді, – жазушы мені шайқасты білмейді деп ойлайды, мен болсам
ұрыстан қазір ғана келіп отырмын» [3.212]. Соғыс тақырыбында жазу үшін
Баукең жазушының өзіне өте мол талап қоюын, тіпті майдан шебіне барып,
соғысты өз көзімен көруін, көріп қана қоймай соғыс өнеріне машықтануын
Достарыңызбен бөлісу: |