А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Төрегельдиева А. Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, квалификациялаудағы маңызы және...
363
Қылмысқа қатысушьшар қылмыстық құқық бойынша бекітілген
жауаптылықтың жалпы принциптері негізінде жауаптылыққа тартылады.
Қатысушылардың жауаптылығы қатаң түрде жекешелендірген болуы тиіс,
яғни бірігіп әрекет жасаған кез келген адам тек өзінің әрекеті үшін және
жеке кінәлілік шеңберінде ғана жауапты болады [1]. Басқаша айтқанда, бұл
олардың барлығына бірдей жаза шарасы қолданылады деген сөз емес.
Жазаны анықтау кезінде сот ең алдымен олардың әрқайсысының қылмыстың
жасалуына қатысу сипаты мен дәрежесін ескереді. Сондықтан адамның
жауаптылығы оның қылмыс жасауда қандай қызметті орындағанымен
байланысты шешіледі. Мысалы, егер адам толығымен немесе ішінара, жеке
немесе біреуге қосылып қылмыстың объективті жағын тікелей орындаса, ол
қылмыстың орындаушысы ретінде танылып, оған ҚК Ерекше бөлімінің
тиісті бабымен жауаптылық жүктеледі. Ал егер қатысушы қылмыстың
объективтік жағын тікелей орындауға қатыспай, бірақ орындаушыға әр түрлі
жолдармен ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші ретінде
ықпал етсе, оның әрекеті орындаушыға жүктелген баппен бірге сараланып
ҚК 28-бабының тиісті тармағына немесе бөлігіне сілтеме жасалады.
Көріп отырғанымыздай, қатысушылықпен жасалған қылмыстарды
қатысушылардың әрекетін орындаушының әрекетінен бөліп жеке қарауға
болмайды. Себебі, қылмысқа қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап
салушы, көмектесуші) мен орындаушының арасында өзара байланыс
әрекеттері орын алады [1.35].
Осыған сәйкес ережені ҚК 29-бабының 4-белігі былай көрсетеді:
орындаушы өзіне тәуелсіз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейін
жеткізбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары да қылмыс жасауға
дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшін жауапқа
тартылады.
Қылмыстық құқықта іске аспаған қылмысқа қатысушылық үшін
жауаптылық мәселесі күрделі болып табылады. Бірлесіп қылмыс жасауға
бағытталған әрекеттерінде қатысушылардың еркіне тәуелсіз себептермен
қылмыс аяғына дейін жасалынбаса, онда іске аспаған қылмысқа
қатысушылықты
құрайды.
Бұл
ұйымдастырушы,
айдап
салушы,
көмектесушінің әрекеттеріне байланысты қылмысты орындаушы ешқандай
қылмыс жасамаса немесе жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайлардың
барлығында орын алады. Сонымен қатар, іске аспаған қылмысқа
қатысушылық, мысалы ұйымдастырушы қылмыс жасау мақсатымен
ұйымдастыруға тырысқанымен басқа адамдар оның тілегін қабылдамаса
немесе алдыңғы уақыттарда келіскенімен, кейін қылмыс жасаудан бас
тартса, онда іске аспаған ұйымдастырушылық болады. Іске аспаған
қылмысқа қатысушылық орын алған барлық жағдайларда жауаптылық
қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталу үшін туындауы тиіс [5.128].
364
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Төрегельдиева А. Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, квалификациялаудағы маңызы және...
Басқа
қатысушылардың
ойында
болмаған
қылмысты
жасау
орындаушының шектен шығушылығы (эксцесі) ретінде қарастырылады.
Орындаушының шектен шығушылығы қылмысқа қатысушылықтың кез
келген нысанында орын алуы мүмкін. Шектен шығушылық кезінде
орындаушының жеке әрекеттері мына нысандарда көрініс табады:
а) ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші ниетімен қамтылған
объектіге басқа зардап түрін келтіру;
б) басқа қатысушылармен бұрын келісілген әрекеттерді емес, ауыр
қылмыс түрін жасау;
Орындаушының шектен шығушылығы үшін орындаушының өзі жауап
береді, ал қылмыстың басқа қатысушылары өздерінің ниеттерімен
қамтылған әрекет үшін ғана жауаптылыққа тартылады.
Бірлесудің обьективтік және субъективтік негіздерінің болмауы басқа
қатысушыларды шектен шығушылық кезінде қылмыстық жауаптылықтан
босату мүмкіндігін тудырады.
ҚК 26-бабында қарастырылған қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту
ережесі қылмысқа қатысушыларға да қолданылады.
Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту дегеніміз қатысушылардың
қылмысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндігі бар екендігін ұғына отырып,
орындау рөліне байланысты атқаруға міндетті іс-әректтерді тоқтатуы [1.57].
Ұйымдастырушы мен айдап салушының өз еркімен бас тартуы тек
белсенді түрде, яғни олардың іс-әрекеттері орындаушыға ойлаған қылмысын
орындауға жол бермесе ғана мүмкін болады. Егер ұйымдастырушы мен
айдап салушының қолданған шаралары орындаушының қылмысты жасауын
тоқтата алмаса, олардың қолданған шаралар жаза тағайындау кезінде
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылуы мүмкін
[6.63].
Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның
нақты әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық
жауаптылыққа тартылуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Апенов С.М. Қылмысқа қатысушылық. -Алматы: Заң әдебиеті, 2006.
2.
Галиакбаров Р. Совершение преступление группой лиц. -М: «Юридическая литература», 1980.
3.
Бурчак Ф.Г. Учение о соучастии по советскому уголовному праву. -Киев: Наукова Думка 1969.
4.
ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік. -Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.
5.
Джекебаев У. Соучастие в преступлении. -Алматы: Жеті Жарғы, 2001
6.
Нургалиев Б. Организоваанная преступность и меры борьбы с ней. -Алматы: Ғылым, 1998.
НОРМАТИВТІ АКТІЛЕР
ҚР Жоғары Соты Пленумының «Бандитизм және қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін
жауаптылықты қарастыратын зандылықты соттардың қолданудың кейбір мәселелері туралы» 21.06.2001
жылғы нормативтік қаулысы.
365
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Н.М.САЛЫБЕК
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
АДВОКАТУРАНЫҢ РӨЛІ
В данной статье рассмотрены роль адвокатуры в обеспечении правового порядка.
In given article are considered a legal profession role in legal order maintenance.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында «Біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ
стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының
қарсыңында тұрмыз. Біздің алдағы уақытта мынадай мәселелермен:
азаматтық және қылмыстық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде
адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету қажет»-деп арнайы атап
көрсеткен. Бұл сот жүйесін жетілдіру мен қоғамның қажеттіліктеріне сай
келетін тиімді сот төрелігін жүргізу үшін және адвокаттардың тәуелсіздігі
және сот үкімдері мен шешімдерінің әділетті шығуы үшін қажетті алғы шарт
болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында [1] адам құқықтарына
оны заңмен тыйым салынбаған кез келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген.
Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып
табылады. Алайда, барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтарын
пайдалана алмайтындығы жасырын емес.Міне, сондықтан да оларға
өкілділік өзгенің көмегін дәлірек айтқанда, заңи білікті көмек алуына
мүмкіндік беріліп отыр. Азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды
институты – өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық
іске қатысатын адвокаттар қызметі ерекшеліктері жөнінде айтпақпыз.
Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениетімен
құқықтық санасының өсуі олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған
жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жүгінуі, сонымен байланысты сот
тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер
құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттар
кеңсесіне көбірек жүгінетіндігі кездеседі.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы заңы 1997 жылы 5
желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес, адвокаттар заңда көрсетілген
барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылықпен
бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ,
қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер
және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта
қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік; заң
мәселелері бойынша кеңестер беру; өзге де заңнамалық көмек көрсету.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Салыбек Н.М. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі адвокатураның рөлі
366
Еліміздегі саяси және экономикалық жүйені демоктарияландыруға
байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласын
жетілдіру бүгінгі күннің басты міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті 2008 жылғы Жолдауында
көрсеткендей құқық қорғау органдары қазақстандықтардың құқықтарын әділ
де тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс [2]. Өткен жылдар ішінде елдің
құқық қорғау және сот жүйелеренің криминалдық көріністерге қарсы
тұратын азаматтарымыздың өмірі мен құқығын қорғайтын әлеуеті едәуір
нығаюда.
Адвокатура – бұл құқық қорғау мекемелерінің бірі оның өзіндік
ерекшелік белгілері бар. Адвокатура, шын мәнінде, мемлекеттік ұйым емес,
ол – азаматтар мен заңды тұлғалардың өз ықтиярларымен ерікті түрде
біріккен, құқық қорғау жөнінде арнайы өкілеттілігі бар кәсіпқой
заңгерлердің заң шеңберінде ғана әрекет ететін қауымдастық бөлігі.
Адвокатураның басты міндеті – азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін
көрсету. Мұндай көмек тек соттарда іс жүргізгенде ғана емес, ол барлық
жағдайларда да, айталық, азаматтар мен заңды ұйымдардың өзге құқық
қорғау органдарымен қаңдай да болмасын қатынастарға түскенде де қажет
екендігін әрбір адам сезіну тиіс.
Адвокатураны ұйымдастырудың нысаны — адвокаттар арқылы, ол
кәсіпқой, тәуелсіз, коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі
қаржыландыратын ұйым. Бұл барлық Қазақстан төңірегіндегі әкімшілік
аймақтарда, дәлірек айтсақ, облыстарда, республикалық мәні бар қалаларда,
астана аумағында құрылады. Оның негізгі міндеттері — бірлесіп, келісімді
түрде жұмыс істеу және де, материалдық-техникалық, анықтамалық-
ақпараттық қызметті қамтамасыз ету, кәсіпқойлық көмек көрсету және алқа
мүшелерін қорғау, олардың қызметіне білікті бақылау қою, заңгерлік тегін
көмек көрсетуді ұйымдастыру және азаматтарды қорғау.
Қазіргі кезеңде адвокаттың азаматтарға құқықтық қызмет көрсету
мүмкіншілігін кеңейту жолында заңдар жетілдірілуі тиіс. Оған ҚР
Конституциясының 16-бабындағы "ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады
деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып
тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға
құқылы" тұжырымдар оңтайлы ықпал етуі тиіс [1].
Расында да, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күрт
өзгерістерге ұшырауы, сірә адвокаттық институттарына да тигізуі ықтимал.
Өйткені, жаңа өмір уақыты жаңа нысандардың енуін қалайды. Оның айғағы
ретінде соңғы кездегі пайда болған заңгерлік кооперативтерді алсақ та
жеткілікті. ҚР Әділет министрлігінің Ережесіне сәйкес (1999 жылғы 11
наурызда Үкімет қаулысымен бекітілген) осы министрлікке адвокаттық
қызметті, ақылы заңгерлік қызмет көрсетуді тіркеу мен лицензиялау міндеті
жүктелген болатын.
367
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Салыбек Н.М. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі адвокатураның ролі
Қазіргі заманымызға сай елімізде адвокаттар одағы құрылып, жұмыс
істеп жатқандығына біз куәміз. Бұл республика аумағында қызмет көрсетіп
жүрген адвокаттардың біріккен қоғамдық ұйымы, оның алдына қойған
мақсаты — Одақ мүшелерінің кәсіпқойлық қызметін жетілдіру, олардың
әлеуметтік, кәсіпкерлік және т.б. құқықтарын қорғау.
Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі
ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
үстемдігін Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге,
қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын
халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге
бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған [1]. Бұл
мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін
құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында
өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын
айғақтайды.
Адвокатура – құқық қорғау органы болып табылмайды, заңды бұзуға
жол берген адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу құқығы жоқ, оның іс-әрекеті
мен шешімі жалпыға міндетті сипатта емес, алайда адвокатураның қызметі
азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың
мүдделерін қорғауда маңызы зор.
Адвокатура қызметі ҚР Конституциясының 13, 16-баптарына сәйкес
жүзеге асырылады, яғни әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда
көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Конституцияның 16-
бабының 3-тармағында ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып
тағылған әрбір адамның сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған
кезінен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқығы
көзделген [1]. Сонымен қатар, адвокатураның қызметі БҰҰ-ның қылмыстың
жолын кесу жөніндегі – VIII Конгресінде қабылданған. Адвокаттардың рөлі
туралы негізгі ережемен регламенттеледі. Нақты заң көмегін көрсету кезінде
адвокаттар "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР
Заңын, қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық-іс жүргізу және заңдардың өзге де
салаларын басшылыққа алады [3].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру, мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында құқық
қорғау және сот жүйесіне қатысты бірқатар басым бағыттар айқындалды.
«Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» [2].
368
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Салыбек Н.М. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі адвокатураның ролі
Азаматтардың құқықтарын қорғауды, заңды кәсіби кеңес беруді өзінің ең
басты міндеті етіп алатын адвокат екенін, ал ондағы кез келген адвокаттың -
қорғаушы екенін ұмытпауымыз керек. Заңды жетік білу өз алдына, сонымен
қатар сол заңды өз тілімен, шешендік өнерін пайдалана отырып, іске
қатысушыларға, сотқа түсінікті жеткізе білу – адвокатқа қойылар ең үлкен
талап болып табылады. Сондықтан кез келген сала бойынша адвокат-
қорғаушы ұдайы өз білімін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдап
отыруы қажет. Әйгілі шешендік өнерді зерттеген ғалым С.Негимовтың мына
бір ескертпесін әсте ұмытпаған жөн. «Қазіргі айыптаушылар мен
қорғаушылар сөзінде ойдан гөрі айтыс-тартыс басым, түйінді сөз айтуға
ұмтылмайды. Әр күн сайын білімді дамытып отыруға, әңгімелесу үстінде
естіген сөздерді жазып, көңілге тоқуға машықтану дұрыс. Шешеннің сөзі
күн айнаға қалай түсіп жататыны секілді сондай дәл ап-анық болғаны жөн.
Адвокат-қорғаушының
жалпы
мәдениеті,
оның
жан-жақты
сауаттылығы, жалпы заң білімі, философия саласындағы салиқалы ой-өрісі,
көзқарасы, қылмыстық жазаны қолдануға байланысты немесе одан адалау
жөніндегі тұжырымы, сондай-ақ қорғау әдістері, сөйлеудің айқындылығы
мен тазалығы, сөз байлығы мен өз тәжірибелерін меңгеруі аса маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Адвокаттың қорғау сөзіне қойылатын талаптар өте үлкен. Қорғау сөз
алдымен
айыпталушының
адами
тұжырымдық
дүниетанымын
қалыптастыруға септігін тигізуі тиіс. Адвокат прогрессивтік дәлелденген
деректер мен нақты жағдайларды өндіріспен байланыстыра отырып, іске
заңды сипат беріп өрбітеді. Қорғау сөзі, іске қатысушы тұлғаларды тек
адвокат көтерген іс мәселесімен ғана қызықтырмай, әрмен қарай ой санасын
жетілдіруге, ынтасын оятуға міндетті. Қорғау сөзі шабыт шақыруға әділетті
шешім шығару үшін шығармашылық еңбек етуге, адвокат-қорғаушының
өзіне дем беріп, қанағаттандыруға тиіс [4].
Жоғарыда айтылғаннан мынаны аңғаруға болады, адвокаттың қорғау сөзі
ең алдымен терең
мазмұн, үлкен жауапкершілік пен игі мақсаттылықты
талап етеді. Сол үшін адвокат-қорғаушы, қорғау өзін дайындау барысында
ақпараттармен, сот барысында не тексерілетінін алдын ала болжай білу,
айыптау қорытындысы шешімдерінің іс материалдарымен сәйкестілігін
анықтау, қарсыластардың қисынды дәлелдерінің біртіндеп қомақты
дәлелдемеге айналатынын, сот шешендік кеңістігін дау-дамайлы алаңға
айналдырмай, қарсы жақтың ақылға сыйымсыз даукестік мінез-құлқын көре
білу, оған қарсы қолданар тиімді тәсілдер ойлап тауып, оны орнымен
пайдалануды сіңіріп алғаны және барлық бастапқы дайындықтар мен
қорытындыларды заңды негізде құрғаны жөн.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Салыбек Н.М. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі адвокатураның рөлі
369
Адвокат істегі қиындықтарды игеруде іске қатысушы тұлғаларға бағыт
сілтеп, қорғау және ақтау міндеттерін жеңілдетпеуі де, күрделендіруі де
мүмкін. Қорғау материалының кәсіби дәрежесі сот залын адвокат өз соңынан
жетелеп отыруы үшін әдеттегі деңгейден едәуір жоғары болуға тиіс.
Жақсы адвокат – тек қорғаушы ғана емес, сонымен қатар ол тілмар да,
шешен де, әңгімеші де, заңның үгітшісі де, өзінің қорғауындағы
айыпталушысына әрі дос, әрі аға, тәрбиеші, көзқарасты қалыптастырушы,
парасат пен ішкі дүниенің жетекшісі, жақсы істері үшін үлгі болуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы: Қазақстан, 1998 (өзгертулер мен
толықтырулар 1998 және 2007 ж.).
2.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
3.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 5 желтоқсан 1997 ж.
4.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сот жүйесі және соттар мәртебесі»
Конституциялық Заңы 25 желтоқсан 2000 ж.
370
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ-CONTENTS
ФИЛОЛОГИЯ
ӘЛМАШҰЛЫ Ж.
Мұхтар Әуезов әңгіме-хикаяттарындағы терең трагизм
Глубокий трагизм в рассказах М.Ауезова
3-6
ALMASHULY Zh.
The Deep Tragedy in M.Auezov’s Short Stories
АЙМҰХАМБЕТОВА Ж.Ә.
«Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет және оны көркемдік қорыту
«Готовый» мифологический сюжет и художественный анализ
7-13
AIMUKHAMBETOVA Zh.A.
The Finished Mythological Plot and Artistic Analysis
ӨМІРЗАҚОВ С.Д.
Қоқан хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихын зерттеудің кейбір
мәселелері
Некоторые проблемы исследования истории литературы в эпоху
Кокандского ханства
14-23
OMIRZAKOV S.D.
Some Research Problems of History of Literature in the Period of
Kokand Empire
САРТБАЕВА Д.Қ.
Қ.Ергөбек – балалар әдебиетінің сыншысы
К.Ергобек – критик детской литературы
24-26
SARTBAYEVA D.K.
K. Yergobek as a Critic of Children’s Literature
КЕНЖЕҒАРАЕВ Н.
Б.Момышұлы және әдебиет теориясы мәселелері
Б.Момышулы и проблемы теории литературы
27-33
KENZHEGARAYEV N.
B. Momyshuly and Problems of Literature Theory
АГАБЕКОВА Ж.А.
Образ честного разбойника в среденевековой арабской литературе
Орта ғасырдағы араб әдебиетіндегі адал қарақшы бейнесі
34-37
AGABEKOVA Zh.A.
The Honest Robber's Image in the Medieval Arabic Literature
БАЙТАНАСОВА Қ.М.
Көркем шығармадағы эпистолярлық баяндау
Эпистолярное повествование в художественном произведении
38-43
BAITANASSOVA K.M.
Epistolary Narration in the Work of Art
ӘЛТАЙ А.
Балалар поэзиясындағы отаншылдық сарын
Мотив патриотизма в детской поэзии
44-50
ALTAI A.
The Theme of Patriotism in the Children’s Poetry
371
ИСЛАМ Д.
Өлеңдегі көркемділіктің көпқырлылығы
Художественная многогранность стихотворного произведения
51-55
ISLAM D.
Artistic Versatility of the Poetical Work
КУСАНОВА Б.Х.
Фонетическая интерференция: сенсорный и моторный аспекты
Фонетикалық
интерференция:
сенсорлық
және
моторлық
аспектілер
56-61
KUSSANOVA B.KH.
Phonetic Interference: Sensory and Motive Aspects
КӨШЕНОВА Т.И.
Түркі поэзиясындағы «көг» ұйқасының дамуы
Развитие рифмы «ког» в тюрской поэзии
62-67
KOSHENOVA T.I.
The Development of «Kog» Rhythm in the Turkic Poetry
ИБРАГИМОВА Ж.
Т. Нұрмағамбетовтің «Бұлақ» әңгімесіндегі кейіпкер әлемі
Мир образов в рассказе «Булак» («Родник») Т.Нурмагамбетова
68-70
IBRAGIMOVA Zh.
The Artistic Peculiarities of a Character in T.Nurmagambetov’s “The
Spring” Story
ЖАНТАСОВА З.
Ләйлі-Мәжнүн жырының қазақ фольклорында жырлану ерекшелігі
Особенности повествования поэмы “Лайли и Мажнун” в
казахском фольклоре
71-76
ZHANTASSOVA Z.
The Peculiarities in the Narration of the Poem “Leily and Mazhnun” in
the Kazakh Folklore
ӘЙТІМОВ М.К.
Қазіргі
қазақ
романдарындағы
ұлттық
сипат
(Жазушы
С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясы негізінде)
Национальный характер в современном казахском романе
(на основе романа-трилогии «Белая юрта» С.Елубая)
77-83
AITIMOV M.K.
The National Character in the Modern Kazakh Novel
(on the base of S.Yelyubai’s novel-trilogy «The White Yurta»)
БЕЙСЕМБАЕВА С.Б.
Дыбыстыќ ќұбылыстар және олардың ым тілімен байланысы
Звуковые
явления
и
их
связь
с
жестово-мимической
коммуникацией
84-88
BEISSEMBAYEVA S.B.
Sounds and their Connection with Gesticulation and Face Expressions
БАЛАУБЕКОВ М.
ИСАЕВА Ж.И.
Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиясының семантикасы
Семантика народной паремиологии в словах-назиданиях Абая
89-93
BALAUBEKOV M.
ISSAYEVA Zh.I.
The Semantics of Folk Paremiology in Abai’s Sermons
372
URAKOVA L.
Çarlik Rusyasi Döneminde Kazakistan ve Jambil Jabayev’in Aytis ve
Şiirlerine Bu Dönemin Yansimasi
Kazakhstan ın a Perıod of Russıan Tsarısm Whıch are Expressed on
the Aytıses and Poems of Zhambyl Zhabaev
94-97
ОРАҚОВА Л.
Ресей патшалығы кезеңіндегі Қазақстан және аталған кезеңнің
Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен айтыстарына әсері
Казахстан в период Российского царизма и отражение данного
периода в айтысах и стихах Жамбыла Жабаева
КЫДЫРБАЕВА А.О.
Система внеаудиторной работы иностранного языка в ВУЗ-ах
Жоғары оқу орындарындағы шет тілінің аудиториядан тыс
жұмыстарының жүйесі
98-101
KYDYRBAYEVA A.O.
The System of Out-of-Class Work of the Foreign Language at Higher
Schools
ЕРЕХАНОВА Ф.Т.
О сложных существительных в современном английском языке
Қазіргі ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сипаты туралы
102-105
YEREKHANOVA F.T.
Some Features of Modern English Compound Nouns
ЖОРАБЕКОВ Б.
Құлыншақ Кемелұлының ақындық ортасы хақында
О поэтической среде Кулыншака Кемелулы
106-110
ZHORABEKOV B.
About the Poetical Environment of Kulynshak Kemeluly
АДИЛЬБЕКОВА Э.С.
Батырлық жырларындағы уақыт өлшемдері және жер-су атаулары
Меры времени и географические названия в героических эпосах
111-115
ADILBEKOVA E.S.
The Measures of Time and Geographical Names in Heroic Eposes
СӘДІБЕКОВ А.
Бейсембай Кенжебаевтың сатиралық еңбектері
Сатирические произведения Б.Кенжебаева
116-120
SADIBEKOV A.
The Satirical Works of B. Kenzhebayev
ZHANIBEKOV M.Z.
The Importance of Teaching Reading
121-124
ЖӘНІБЕКОВ М.Я.
Ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
Значение изучения английского языка
ДИДАРБЕКОВА Н.Ә.
Т.Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
Взгляды Т.Ахтанова о проблемах литературного перевода
125-130
DIDARBEKOVA N.A.
T.Akhtanov’s Views on the Problems of Literary Translation
373
АДЫРБЕКОВА Э.
М.Қабанбаев повестеріндегі дәстүр мен жаңашылдық
Традиция и новаторство в произведениях М.Кабанбаева
131-134
ADYRBEKOVA E.
Traditions and Innovations in M.Kabanbayev’s Works
ӘБДІРАХМАНОВА А.Е.
C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі
тілдік таным
Языковое познание в рассказах и романе С.Жунисова «Одинокий
дом»
135-143
ABDIRAKHMANOVA A.Ye.
Language Knowledge of S. Zhunisov’s Stories and the Novel «The
Lovely House»
СӘДІБЕКОВ А.
Қоғамдық телеарна – заман талабы
Общественный телеканал – требование времени
144-147
SADIBEKOV A.
A Social TV- Channel as the Requirement of Time
АБДУКЕРИМОВА Т.
«Отырар алқабы» (аудандық) газеті бетіндегі фразеологизмдердің
қолданысы
Применение фразеологических выражений на страницах газеты
«Отырар алқабы»
148-150
ABDUKERIMOVA T.
The Use of Phraseology Expressions in «The Otyrar Alkaby»
Newspaper
ӘБІЛ Г.
Р. Бердібай публицистикасындағы этнодеформация мәселелері
Проблемы этнодеформации в публицистике Р.Бердибая
151-154
ABIL G.
The Problems of Ethnodeformations in R.Berdibai’s Publicistic
Writing
САЛЫБЕКОВА Ф.М.
Коммуникативно-ориентированные
методы
обучения
иностранным языкам
Шет тілдерін оқытудағы коммуникативті-бағдарлы әдістер
155-159
SALYBEKOVA F.M.
Communicatively-Focused Methods of Teaching Foreign Languages
374
Достарыңызбен бөлісу: |