Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет45/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
Үлесті  сатушы  жазбаша  түрде  үлестік  меншіктің  басқа  да  мүшелерін 
хабардар  етуі  керек,  яғни  өз  үлесін  қаншаға  сатпақшы,  кімге  сатпақшы, 
қандай  формада,  қандай  жағдайда  сатпақшы,  соның  бәрін  көрсетуі  керек. 
Егер  де  үлес  меншігінің  басқа  мүшелері  сатып  алудан  бас  тартса,  немесе 
сатылатын үлес бөлігін бір ай мерзімі ішінде сатып алмаса, онда сатушы өз 
үлесін кез келген тұлғаға сатуға құқылы.  
Үлесті  сату  кезінде  ортақ  үлес  меншігі  иелерінің  артықшылық  құқы 
бұзылған  кезде,  үлесті  меншік  мүшелерінің  қайсысы  болса  да  сотқа  арыз 
беріп, 3 ай мерзімінде сатып алушының құқы мен міндетін өзіне аударып ала 
алады.  Үлесті  артықшылық  құқы  сатып  алу  құқығын  басқа  біреуге  беруге 
жол берілмейді.  
Сатып  алудағы  жоғарыда  көрсетілген  артықшылық  құқы  жалпы  үлес 
меншігіндеді жерге меншік иелеріне де қатысты жүреді. 
Бұл  мәселені  қарастыра  отырып,  мына  жағдайды  да    ескерген  жөн, 
меншіктегі  жер  үлесі  анықтау  тәртібі  жер  туралы  Заңның  39-шы  бабы 
арқылы анықталған және ешқандай да құқықтық реттелу жағынан қиындық 
тудырмайды.  Ортақ  үлес  меншігіндегі  бөлінбейтін  жер  учаскесінен  жер 
үлесін сату да  осындай тәртіппен шешіледі. 
Мынадай  жағдай  да  болуы  мүмкін,  жер  учасекесінің  иесі  барлық  жер 
учаскесін  емес,  оның  бір  бөлігін  ғана  сатуы  мүмкін.  Жер  учаскесінің  бір 
бөлігін  сату  Жер  кодексі  бабына  сәйкес  ол  жер  учаскесі  бөлінеді  деп 
көрсетілген жағдайда ғана мүмкін.  
Біз жоғарыда атап өткендей, азаматтық құқық нормалары жылжымайтын 
жер  учаскелерін  сатып  алу-сатуды  жеке  институт  ретінде  қарастырмайды. 
Осыған  байланысты  шарттың  мәнін  анықтайтын  оның  елеулі  талаптары 
көрсетілуі  тиіс.    Алайда,  жер  туралы  Заңның  9-шы  бабына  сәйкес,  жер 
учаскесі – жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйықталған 
шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.  Ендеше, біз жоғарыда атап өткендей жер 
учаскесінің  негізгі  белгісі  ретінде  жергілікті  жердегі  нақтылы  айқын 
шекарасының  болып  және  сол  учаскеге  меншік  құқығын  негіздейтін 
құжаттың болуы. Осыдан барып,  шартта қандай қозғалмайтын мүлік сатып 
алушыға  шарт  арқылы  берілетіндігі  туралы  толық  мәлімет  болуы  тиіс. 
Азаматтық  құқығында  анықталып  жүрген  ұқсастықтарды  ескере  отырып, 
жер  учаскелерін  сатып  алу-сату  шартында  төмендегі  елеулі  талаптар 
анықталуы тиіс [1]  
- жер учаскесінің орналасқан және ол туралы мәлімет
- кадастрлық нөмір (код); 
- жердің әр түрін жеке көрсету арқылы оның алаңын анықтау;  
- мақсатты белгілеу
-заңға сәйкес анықталған жердің бөлінетіндігі немесе  бөлінбейтіндігі. 
Сонымен қатар, шартқа жер учаскесінің жоспары тіркелуі қажет. Егерде 
шартта  жоғарыда  көрсетілген  елеулі  талаптар  бойынша  шартқа 
қатысушылар келісімге келмесе, шарт жасалған болып есептелмейді.  
 
 

356 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
Жер учаскесін сатып алу-сату шарты жазбаша түрде бір  құжат толтыру 
арқылы  жүреді  және  бұл  екі  жақтың  да  өз  еріктерін  айқын  түсінуіне, 
сонымен қатар тіркеу ұйымдарына да екі жақтың шартқа отыру жөнінде өз 
еріктіліктерін айқындауға мүмкіндік береді. 
Жер  учаскесін  сатып  алу-сату  шартын  жасау  мемлекеттік  тіркеу 
жүргізуді  талап  етпейді,  бірақ    жер  учаскесіне  меншік  құқығының  бірінен 
біріне  өткенін  сатып  алушы  тіркеуге  міндетті.  Аталған  тіркеу  жағдайы 
міндетті  түрде  жер  учаскесін  берумен  қатар  жүруі  міндетті  емес.  Жер 
учаскесін  сатушы  сатып  алушы  тіркеуге  дейін  де  тапсыра  алады,  алайда 
мешік құқығы мемлемкеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады. 
Тауардың  құны  жалпы  ереже  бойынша  екі  жақтың  келісімі  бойынша 
анықталады.  Егер  де  шарт  бойынша  тауардың  құны  анықталмаған  болса, 
онда салыстырмалы түрде осындай тауар шартқа дейін қаншаға бағаланады, 
соған негізделеді. Екі жақтың құқықтары мен  міндеттері  [4-5]. 
Сатушының негізгі міндеті – жер учаскесін сатып алушыға өткізіп беру. 
Бұл  міндет  барлық  сатып  алу-сату  шартына  бірдей  болып  табылады.  Затты 
сатып  алушыға  өткізіп  бергеннен  кейін,  заң  актілері  бойынша  меншік 
құқығы  пайда  болады.  Алайда,  жер  учаскесін  шарт  бойынша  сатып  алып, 
мемлекеттік  тіркеуден  өткізгеннен  кейінгі  сәтте  ғана  меншік  құқығы  пайда 
болады,  оның  өзі  жер  учаскесін  нақтылы  өткізген  кезбен  сәйкес  келмеуі 
мүмкін. Осыған байланысты сатушының негізгі міндетінің бірі ретінде сатып 
алушыға  меншік  құқығы  міндетін  дер  кезінде  өткізіп,  жер  учаскесін 
уақытында беру болып табылады.  
Жер  учаскесінде  түрлі  ғимараттардың,  көпжылдық  өсімдіктердің,  су 
қоймаларының, пайдалы қазбалардың болуы мүмкін, ал жер туралы заңдарға 
сәйкес  жердің  сатылуына  байланысты  онда  орналасқан  мүліктер  де 
сатушыдан  сатып  алушыға  өтуі  тиіс.  Сондықтан  біздің  ойымызша,  бұл 
жағдайда  азаматтық  кодекстің  497-ші  бабында  көрсетілген  ережелер 
қолданылуы  тиіс.  Аталған  бапқа  сәйкес  кәсіпорын  сатушыдан  сатып 
алушыға өткізу актісі негізінде беріледі. Онда кәсіпорынның құрамы туралы 
мәлімет  және  кредиторларды  кәсіпорынның  сатылатыны  туралы  ескерту, 
сондай-ақ,  өткізіп  берілген  мүліктегі  табылған  кемшіліктері  туралы 
мәліметтер және оны жоғалтып алуға байланысты келісуін беру міндеттерін 
орындау мүмкін болмайтыны мүліктердің тізбесі  көрсетіледі. 
Кәсіпорын  беруге  дайындау,    өткізу  актісін  жасау  және  оны  ұсынуды 
қоса  алғанда,  сатушының  міндеті  болып  табылады  және  бұның  бәрі 
сатушының  есебінен  жүреді,  егер  шартта  басқа  жолы  көрсетілмеген  болса. 
Сатып алушыға кәсіпорын өткізу  актісіне екі жақ бірдей қол қойған кезден 
бастап,  өткізіліп  берілген  болып  есептеледі.  Сол  сәттен  бастап  сатып 
алушыға  мүліктің  кездейсоқ  жойылу  қаупі  немесе  кездейсоқ  бүліну    қаупі, 
кәсіпорын құрамымен бірге өтеді. Өткізу актісінде, сондай-ақ жер учаскесіне  
сақталатын  сервитут  құқықтары  да   көрсетілуі   керек.   Сатып  
 
 
 
 

357 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
алушының  міндеті  талдап,  түсіндіруді   қажет   етпейді,   өйткені   олардың 
барлығы кез келген сатып алу-сату шартында бірдей көрініс береді, тек қана 
сатып  алған  жер  учаскесін  қабылдап  алып  және  меншік  құқығының  өзіне 
өткенін тіркеу ғана болмаса. 
Сонымен  қатар,  құқықтық  нормативтік  актілер  негізінде  анықталған  
жерді  нысаналы  пайдалану,    сервитуттар  және  басқа  да  жағдайлар  сатып 
алушымен  сатушының  өз  еріктеріне  байланысты  өзгертулерге  жол 
берілмейді. 
Жер  учаскелерін  сыйлау  шартының  ерекшеліктері.  Мүлікті 
сыйлаудың  тәртібі  мен  негізгі  ережелері  Азаматтық  кодекстің  27-ші 
тарауында  көрсетілген.  Жер  учаскелерін  сыйға  тарту  шартына  азаматтық 
құқықтық  нормалар  қолданылуы  мүмкін,  егер  жер  туралы  заңдарда  өзгеше 
ережелер    көрсетілмесе.  Сыйға  тарту  шарты  бойынша  бір  тарап  (сыйға 
тартушы)  екінші  тарапқа  (сый  алушының)    меншігіне  затты  немесе  өзіне 
немесе  үшінші  тұлғаға  мүліктік  құқықты  тегін  береді  немесе  беруге 
міндеттенеді  не  оны  өзінің  немесе  үшінші  тұлғаның  алдындағы  міндеттен 
босатады немесе босатуға міндеттенеді. 
Сыйға  тарту  шартының  осы  тұжырымдамасының  бізді  бірінші  бөлігі 
қызықтырады: “бір тарап ақысыз (тегін) береді немесе екінші тарапқа затты 
оның меншігіне беруге міндеттенеді”. 
Сыйға тарту шартының жалпы ережелері азаматтық құқықтың курсында 
кең  түрде  толық  қарастырылғандықтан,  оны    осы  мақалада  жан-жақты 
қарастырудың қажеті жоқ.  
Жер учаскесін сыйға тарту  шартының элементтері. 
Жер  учаскесін  сыйға    шартында  екі  жақтан  да,  сатып  алу-сату 
шартындағыдай,  тұлғалар  қатысуы    мүмкін,  яғни  жер  туралы  заңға  сәйкес 
жер учаскелері бар немесе меншік құқығы бойынша жер учаскелеріне иелік 
ететіндер,  олар  –  азаматтар  және  мемлекеттік  емес  заңды  тұлғалар  (біз 
жоғарыда  атап  өткендей  мемлекеттік  меншікті  біз  бұл  еңбекте 
қарастырмаймыз). 
Жер  учаскесінің  бөлігін  сыйлау  шарты  немесе  жер  үлесін  сыйлау, 
ертеректе  қарастырылған  сатып  алу-сату  шартымен  үндес.  Шарттың  мәні 
жер  учаскесі  немесе  жер  үлесі  болуы  мүмкін.  Шарттың  елеулі  талаптары 
сатып  алу-сату  шартында  анықталатын  ережелерге  сәйкес  болғандықтан, 
оған егжей-тегжей тоқталмай-ақ қоямыз.   
Жер  учаскесін  сыйлау  шарты  жазбаша  нысанда  жүзеге  асырылуы  тиіс. 
Шарттың  мәні  қозғалмайтын  мүлік  болғандықтан  заң  шығарушы  орган 
шарттың  талаптарына  ерекше  көңіл  аударады.  Яғни,  шарт  мемлекеттік 
тіркеуден  өтуі  тиіс.  Басқаша  айтқанда,  жер  учаскесіне  меншік  құқығы 
бірінші  тараптан  екінші  тарапқа  өткені  тіркелгендіктен  басқа,  сол  сыйлау 
шартының өзі де мемлекеттік тіркеуден  міндетті түрде өтуі қажет.  Сыйлау 
шарты да сонымен қатар, шарт бойынша пайда болатын меншік құқығы да  
 
 
 

358 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
бір  мезгілде  мемлекеттік  тіркеуден  өтуі  мүмкін.  Азаматтық  кодекстің    509-
шы  бабында  сыйға  тарту  шартының  мынадай түрлеріне тыйым салынған,  
яғни  құны  заң  актілерінде  белгіленген  он  айлық  есеп  көрсеткішінен 
аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда:  
1)
 
жас  балалар  мен  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған  азаматтардың 
атынан олардың заңды өкілдерінің
2)
 
емдеу,  тәрбиелеу  әлеуметтік  қорғау  және  сол  секілді  мекемелердің 
қызметкерлеріне  олардың  емдеуіндегі,  асырауындағы  не  тәрбиесіндегі 
азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының; 
3)
 
мемлекеттік  қызметшілерге  олардың  лауазымды  жағдайына 
байланысты  немесе  олардың  қызметтік  міндеттерін  атқаруына  байланысты 
сыйға тартуға жол берілмейді. Сондықтан да осы аталған негіздер бойынша 
жер учаскесін де сыйға тартуға тыйым салынуы тиіс. 
Жер учаскесін сыйға тарту шартының мазмұны. 
Сыйға  тартушының  құқықтары  мен  міндеттері.  Сыйға  тартушының 
басты  міндеті,  сатып  алу-сату  шартындағыдай,  жоғарыда  келісілген  тәртіп 
бойынша сыйды беру, яғни жер учаскесін. 
Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартуша міндеттері егер шартта өзгеше 
көзделмесе,  оның  мұрагерлеріне  ауысады.  Айтып  кеткен  жөн,  бұл  ереже 
қайырымдылыққа  байланысты  қолданылмауы  тиіс,  өйткені  Азаматтық 
кодекстің 516-шы бабының 6-шы тармағанда дәл осындай ереже бекітілген. 
Сонымен  қатар,  сыйға  тартушы    өзінің  мойнына  алған    шарт  бойынша 
туындаған міндеттерден төмендегі негіздер бойынша бас тартуға құқылы: 
1)  егер  шарт  жасалғаннан  кейін  сый  берушінің  мүліктік  немесе  от 
басылық жағдайы  не  денсаулығы  шартты  жаңа  жағдайларда  орындау  оның 
тұрмыс деңгейінің едәуір нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе;  
2)  егер  сый  алушы  сыйға  тартушының  өміріне,  оның  отбасына  немесе 
жақын туыстарың біреуіне қастандық жасаса не сый берушіге қасақана дене 
жарақатын салса.  
Сыйға алушының құқықтары мен міндеттері. 
Сый  алушы  өзіне  сый  берілгенге  дейін  кез  келген  уақытта  одан  бас 
тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледі. 
Егер  сыйға  тарту  шарты  жазбаша  нысанда  жасалса,  сыйдан  бас  тартуда 
жазбаша  жолмен  жасалуға  тиіс.  Сонымен  қатар  азаматтық  заңдарында 
көрсетілген  ережелерге  сәйкес  сыйға  тарту  шарты  тіркелген  болса,  онда 
сыйды  алудан  бас  тарту  да  мемлекеттік  тіркелуге  тиіс.  Егер  сыйға  тарту 
шарты жазбаша жасалған болса сый беруші сый алушыдан сыйды алудан бас 
тартқаны  үшін  өзіне  келтірілген  нақты  зиянды  талап  етуге  құқылы.      Жер 
учаскесін  қабылдаудан  бас  тарту,  сыйлау  шарты  тіркеліп  қойғаннан  кейін 
болса, онда ол да мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. 
 
 
 
 
 

359 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
Қайырмалдық  кезінде  (жалпы  пайдалану  мақсатында  заттарды    немесе 
құқықты  сыйлау)  берілетін  мүлік  белгілі  мақсатта  пайдаланылуы  тиіс.   
Алайда жер учаскесіне қатысты бұндай шарт жасалуы мүмкін емес,  өйткені 
екі    тарапта  та  жер  учаскесінің  жер  туралы  заңдарында    белгіленген 
нысаналы пайдалануын  өзгерте алмайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Постанавление Правительства Республики Казахстана от 10 октября 1996 г. №1511 “Об утверждении 
порядка купли-продажи находящихся в государственной собственности земельных участков или права 
постоянного землепользования”. 
2.
 
Советское  земельное право. Отв ред.: Балезин В.П., Краснов Н.И. -М.: Юридическая литература, 1986. 
304 с. 
3.
 
ҚР Азаматтық кодексі 2001 ж. 
4.
 
Попов М. Об ограничении купли-продажи гражданами земельных участков// Хозяйство и право - 1998, 
№2.   
5.
 
Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. -М.: 1950- 649 с. 

360 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
А.ТӨРЕГЕЛДИЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ  ТҮСІНІГІ, 
КВАЛИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
В статье рассматривается ответственность соучастников, которая определяется характером  и 
степенью фактического участия каждого из них в совершении преступления. 
 
This article deals the responsibility of accomplices, which is determined by the character and degree 
of actual participation of each of them in the commitment of a crime. 
 
Қылмысқа  қатысушылық  мазмұны  мен  құрылысы  жағынан  қылмыстық 
құқықтың Жалпы бөлімінің күрделі құқықтық институты болып табылады. 
Себебі бұл тақырыпта қылмысқа қатысушылықтың түсінігі мен белгілері 
ғана  емес,  сонымен  бірге  қылмысқа  қатысушылардың  түрлері,  қылмысқа 
қатысу  нысандары  (формалары),  жауаптылық  мәселелері  қарастырылады. 
Сонымен  қатар  қылмысқа  қатысушылық  мәселесін  зерттеген  ғалымдар  бұл 
тақырыптың әр жақты мәселелеріне қатысты бір келкі шешімдерден көрі, әр 
қилы, кейде бір-біріне қарама-қарсы бағыттарды келтіреді [1.23]. 
 Нәтижесінде  қылмысқа  қатысудың  түсінігіне,  белгілеріне,  оның 
нысандарына,  қылмысқа  қатысушылар  жауаптылығының  жалпы  және 
арнайы  түрлеріне  қатысты  қылмыстық  құқық  теориясында  даулылық 
қалыптасты.  Тақырыптың  теория  жүзінде  даулы болуы  оның  практикасына 
да кері әсер ететіні белгілі, сондықтан сот – тергеу қызметкерлері қылмысқа 
қатысушылықпен жасалған қылмыстар бойынша квалификация жүргізгенде 
жиі қиындықтарға кездесіп жатады. 
 Олар 
көбінесе 
жасалған 
қылмыс 
уақиғасында 
қылмысқа 
қатысушьшықтың  бар  немесе  жоқ  екендігін  анықтауда,  қылмысқа 
қатысудың  әр  түрлі  нысандарында  жасалған  іс-әрекеттерге  және 
жауаптылықты  белгілеудің  арнайы  мәселелеріне  қатысты  квалификация 
жүргізгенде қиындықтарға кездеседі. 
 Әрине, құқық теориясында мәселенің шешімін көрсетіп, тиісті ережелер 
бергенмен, практика жүзінде бұрын кездеспеген, құқық мазмұнында арнайы 
қарастырылмаған  уақиғалар  орын  алуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайлар  әсіресе 
бірнеше  адам  бірлесіп  бір  қылмысты  жасайтын  қылмысқа  қатысушылық 
тақырыбына тән. 
Бұл  тақырыпта  қылмысқа  қатысушылықтың  барлық  мәселелері  емес, 
оның  ішінде  квалификация  мәселесіне  әсері  бар  қылмысқа  қатысудың 
белгілері,  қылмысқа  қатысушылардың  әрекеттерін  қатысу  нысандары  және 
қылмысқа  қатысушылар  жауаптылығының  арнайы  мәселелері  бойынша 
квалификация тәртібі қарастырылады. 
Екі  немесе  одан  көп  адамдардың    қылмысты  әрекеттерін  қылмысқа 
қатысу деп бағалау үшін, жасалған іс-әрекеттер қылмысқа қатысушылықтың 
объективтік және субъективтік белгілеріне сәйкес келуі керек [2.56].   
 
 
 
 

361 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Төрегельдиева А. Қылмысқа қатысушылықтың  түсінігі, квалификациялаудағы маңызы және...   
 
 
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілеріне мыналар жатады: 
а) Қылмысқа кемінде екі немесе одан да көп адамның қатысуы; 
б)  Қылмысқа  қатысушылардың  әрекеттерінің  бірлескен  түрде  болуы 
немесе бұл әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы. 
Бірінші  объективтік  белгі  бойынша  қылмысты  қатысушылықпен 
жасалған  деп  тану  үшін  қылмысқа  кемінде  екі  есі  дұрыс  және  қылмыстық 
жауаптылық  жасына  толған  адамның  қатысуы  қажет.  Қылмыстық 
жауаптылыққа  қабілетсіз,  яғни  есі  дұрыс  емес  немесе  қылмыстық 
жауаптылық  жасына  жетпеген  адаммен  бірлесіп  қылмыс  жасау  қылмысқа 
қатысушылықты  құрамайды.  Мысалы,  егер  ересек  адам  10  жасар 
жасөспірімді  пәтер  тонауға  пайдаланса,  мұнда  жауаптылыққа  қылмыстық 
орындаушысы  ретінде  тек  ересек  адам  ғана  тартылады,  ал  жасөспірім 
қылмыстың құралына айналады [3.73]. 
Қылмысқа  қатысудың  екінші  объективтік  белгісі  қатысушылардың 
арасындағы  бірлестіктің  болуын  білдіреді.  Бұл  бірлестік  белгісі  қылмыс 
жасаудың  басталу  кезеңінен  соңғы  кезеңіне  дейін  түгел  орын  алады. 
Бірлестік белгісі мына элементтерден құралады: 
а) Әрбір қылмысқа қатысушының әрекеті басқа қатысушылардың әрекет 
жасауының  қажетті  шарты  болып  табылады.  Яғни,  бірінің  белгілі  бір 
әрекетті жасауы, екіншілерінің нақты бір әрекеттерді жүзеге асыруына себеп 
болады; 
б)  Қылмыстан  келген  қоғамға  қауіпті  зардап  не  қылмыстың  жасалу 
оқиғасы әр қатысушының әрекеттерімен себепті байланыста болады; 
в) Қылмыстың нәтижесі, зардабы барлық қатысушыға ортақ болады. 
Жоғарыда  аталған  бірлестік  белгісін  құрайтын  элементтердің  ішінде 
себепті  байланыс  ұғымының  ерекше  маңызы  бар.  Себебі,  егер  қылмыстың 
зардабы  немесе  қылмыстың  жасалу  оқиғасы  қылмысқа  қатысушылардың 
әрекеттерімен  себепті  байланыста  болмаса,  онда  себепті  байланыста  әрекет 
жасамаған  адамға  қылмыстық    жауаптылық    туындамайды.  Қылмысқа 
қатысушылықтағы  себепті  байланысты,  қылмысты  жасау  оқиғасының 
мынадай  тұстарында,  бірінші  –  қылмысқа  қатысушылардың  арасындағы 
байланыста, екінші – қылмысқа қатысқан әрбір адам әрекетінің қылмыстың 
зардабымен себепті байланыста болуын анықтау қажет. 
Қылмысқа 
қатысушылықтың 
объективтік 
белгілері 
қылмысқа 
қатысушылардың  ішкі  ойын  немесе  психикалық,  бағытын  білдіретін 
субъективтік белгілермен тығыз байланысты. 
Қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілеріне мыналар кіреді: 
а) Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бірігуі; 
б) Тек қасақана қылмыстарды жасауға бірігуі. 
ҚР  қылмыстық  заңы  қатысып  жасалатын  қылмыстарды  жасау  кезінде 
атқаратын әрекеттердің сипаты мен орындайтын рөлдерін ескеріп қылмысқа  
 

362 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Төрегельдиева А. Қылмысқа қатысушылықтың  түсінігі, квалификациялаудағы маңызы және...   
 
 
қатысушылардың 
мынандай 
түрлерін 
қарастырады: 
қылмыстың 
орындаушысы, 
қылмыстың 
ұйымдастырушысы; 
қылмысқа 
айдап 
салушы;қылмыстың көмектесушісі. 
Қылмыстың  орындаушысына  –  ҚК  28-бабының  2-бөлігінде  мынадай 
анықтама  берілген:  қылмысты  жасауға  тікелей  немесе  оны  жасауға  басқа 
адамдармен бірге қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне 
немесе  қылмыстық  заңда  көзделген  өзге  де  мән-жайларға  байланысты 
қылмыстық  жауаптылыққа  тартуға  болмайтын  басқа  да  адамдарды 
пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады [4.62]. 
Қылмыстың ұйымдастырушысы - бұл: 
1)  Қылмыс  жасауды  ұйымдастырған  немесе  оның  орындалуына 
басшылық еткен адам; 
2)  Ұйымдасқан  қылмыстық  топты  немесе  қылмыстық  қауымдастықты 
құрған адам; 
3)  Ұйымдасқан  қылмыстық  топқа  немесе  қылмыстық  қауымдастыққа 
басшылық еткен адам. 
Қылмыстың  орындаушысына  қарағанда  ұйымдастырушы  тек  тікелей 
қасақаналықпен  ғана  әрекет  етеді.  Ұйымдастырушы  деп  танылған  тұлға  өз 
іс-әрекеттерінің  қоғамға  қауіпті  екендігін  ұғынады,  сол  іс-әрекеттердің 
нәтижесінде  қандай  да  бір  қоғамға  қауіпті  зардаптардың  болатынын  және 
болмай  қоймайтындығын  алдын  ала  біледі  және  сол  зардаптардың  тууын 
тілейді. 
Сонымен,  ұйымдастырушының  қызметі  қылмысқа  қатысушылардың 
барлық  жиынтық  әрекеттерін  біріктіреді.  Ол  өзі  ұйымдастырған  барлық 
қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады. 
Қылмысқа айдап  салушы  деп басқа  адамды  азғыру,  сатып  алу,  қорқыту 
жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам танылады. 
Айдап  салушы  қылмыс  жасауға  өзі  тікелей  қатыспайтын  қылмыстың 
интеллектуалды қатысушысы болып танылады. Оның міндеті басқа адамды 
қылмыс жасауға азғыру мақсатында сол адамның санасы мен еркіне әсер ету. 
Егер айдап салушы қылмыс жасауға өзі тікелей қатысса, онда ол қылмыстың 
қоса  орындаушысы  деп  танылып,  оның  алдыңғы  айдап  салуға  бағытталған 
әрекеттері жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретінде ескеріледі
Қылмысқа қатысушылардың дербес бір түрі – көмектесуші. ҚР ҚК-ң 28-
бабының  5-бөлігінде  қылмыстың  көмектесушісіне  мынадай  анықтама 
берілген:  кеңестерімен,  нұсқауларымен,  ақпарат  берумен  қылмысты 
жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді 
жоюымен  қылмыстың  жасалуына  жәрдемдескен  адам,  сондай-ақ 
қылмыскерді,  қаруды  немесе  қылмыс  жасаудың  өзге  құралдарын, 
қылмыстың  ізін,  қылмыстық  жолмен  табылған  заттарды  жасыруға  күні 
бұрын  уәде  берген  адам,  сол  сияқты  осындай  заттарды  сатып  алуға  немесе 
өткізуте күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады [4.66]. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет