Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ж.КАМАЛҚЫЗЫ 
филология ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
РОМАНДАҒЫ ХАРАКТЕРДІҢ ЖАҒДАЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ 
 
В статье раскрывается связь приемов раскрытия характера с ситуацией в казахских романах. 
 
This  article  reveals  the  connection  between  the  ways  of  describing  a  character  and  a  situation  in 
Kazakh novels. 
 
Характер – адам мінезінің өзіне тән ерекшеліктерімен сомдалуы. Көркем 
шығармадағы  адам  мінезін  жасаудың  сан  қыры  бар.  Классикалық  әдебиет 
теориясында саясаттан тысқары адамның рухани дүниесін көркем бейнелеу 
жолдарын  талдап  көрсетіп  отырған.  Қазақ  әдебиетінде  роман  жанры 
қалыптасып, дамыған жылдары – кеңес дәуірі болды. Сондықтан сыншылар 
мен  зерттеушілер,  негізінен,  романға  баға  бергенде  оның  көтерген 
тақырыбын, еңбекші адамды ұлықтауды мақсат еткен идеясын есепке алды. 
Шығарманың нағыз өнер туындысы болуына қарай емес, оның коммунистік 
идеологияға  қаншалықты  қызмет  еткеніне  қарай  бағалады.  «Көркемдіктің 
түйінді  мәселесі  дегенде  әр  түрлі  адасушылық,  түсінбеушілік  бәріміздің 
жолымызда кездескен кедергі», – деп мойындайды әйгілі сыншы М.Қаратаев 
[1.150].  Ғылым  үшін  өте  маңызды  болғандықтан,  сол  адасушылық  пен 
түсінбеушілікті  де  анықтап  көрсетеді.  «Бір  кез  форма  десе-ақ  формализм 
болады  дедік,  ал  –  тақырыбы  мен  идеясы  «жақсы»  болса,  –  әне  сол  біздікі 
дедік.  Көркемдігі  дегенді  тіптен  кішігірім  мәселе  көрдік»  [1.150].  Мазмұн 
мен  форма  бірлігі  туралы  сыңаржақтықты  да  сол  өз  кезінде  әділ  көрсете 
біледі.  «Көп  адамның  ұғымында  мазмұн  дегеніміз  ол  өмір  шындығынан 
алынған  құбылыс  қана.  Ол  көркем  шығармада  көркемдік  түр  тапқан  ба, 
гармониялық  бірлік  негізінде  жарасымды  қиысқан  ба  –  ол  арасы  есепке 
алынбайды»  [1.150]  –  деген  сөзінде  көркемдікке  қойылар  нақты  талаптар, 
теориялық  талдаулар  қажеттігі  сөз  болған.  Ғалым  сыншы  өз  сөзінің  келер 
ұрпақ  арасында  талқыға  түсерін  біліп,  саясаттың  ықпалымен  өзі  біліп 
отырған  әдебиет  заңынан  ауытқыған  кездері  болғанын  ашық  мойындап 
кеткенін  көріп,  сол  заманның  қыспағы  сенің  де  жаныңды  сығып  тұрғанын 
сезесің.  М.Қаратаев  1969  жылы  «Жұлдыз»  журналының  8-  нөмірінде 
жарияланған  ғалым  Әуелбек  Қоңыратбаевтың  «Шеберлік  шарттары  туралы 
ойлар» деген мақаласын да сынайды. Бұл мақалада шынайы ғалым ғылыми 
қорытындылар  айтуға  тырысқан.  Әдебиеттің  нағыз  өз  жолымен  дамуына 
кедергі  жасамау  қажеттігіне  мән  берген.  Өз  уақытында  батыл  әрі  дұрыс 
көтерілген  мәселе  партия  саясатына  сәйкес  келмейтіндіктен,  ірі  ғалымның 
сынына  ұшыраған.  Мақалада  1920-30  жылдардағы  әдебиетте  белең  алған 
тұрпайы  социологиялық  талдауларды,  сындағы  біржақтылықты  сөз  еткен. 
«Бұл сықылды тұрпайылаудан Б.Майлин, М.Әуезов сияқты автор ғана бойын 
еркін ұстады. Өнерге Майлин, Әуезов тәсілі жақын бола тұрса да,  ол  кезде  
бұларды  «жолбике»,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 

 
28 
 
 «өгей  ұл»  деп  күстаналаудың  болғаны  есімізде»  [2],  –  дейді  ғалым.  Көріп 
отырғанымыздай,  ғалымның  пікірі  дәл  бүгінгі  күннің  ойын  білдіріп, 
әдебиетті  тек  өз  заңымен  түсіну  қажеттігіне  назар  аудартады.  Бірақ  біле 
тұрса  да,  М.Қаратаев  ғалымды  орынсыз  сынайды,  сынауға  мәжбүр  болады 
дегеніміз  дұрыс  болар.  Сол  жылдары  революцияны  жырлап,  социалистік 
әдебиеттің  классиктері  атанған  қаламгерлерге,  әрине,  бұл  ой  оңай  тимегені 
анық. «Егер заман, орта, уақыт шеңберінде әрекет етуге тиіс геройға автор өз 
көзқарасын  ретсіз  кигізе  берсе,  образ  өзінің  күйінен,  табиғатынан 
айырылады»  [2],  –  деген  Ә.Қоңыратбаев  сөзіне  сыншы  дау  айтады. 
«Автордың  ролі  мұншалық  жоққа  тән  болғанда,  оның  идеялық  тұрғысы, 
эстетикалық  идеалы  қайда  қалмақ»  [1.580],  –  дейді.  Өнердің  үстінен 
социалистік  реализм  ережелері  үстемдік  етуге  тиіс  екенін  қатаң  ескертеді. 
Бұл  келтірілген  үзінділер  біздің  жоғарыда  айтқан  пікірімізді  дәлелдей 
түсетіні  анық.  Демек  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  әдебиеттану 
ғылымын  еркін  жібермей,  тұсап  ұстаған  партия  саясаты  көркем  әдебиеттің 
бірыңғай  саясаттануына  әкеп  соққанын  көреміз.  Ғалым  Б.Кенжебаев 
«Жиырмасыншы жылдардағы сын мәселелері» деген мақаласында 1920-1930 
жылдар аралығындағы сын еңбектерге жалпы шолу жасап, баға береді. Сол 
сындардың  негізі  көркемдіктен  гөрі,  көркем  шығарманың  қай  таптікі 
болатынына  маңыз  бергенін  көрсетеді.  Таза  еңбекші  тап  әдебиетін  жасау 
жолдарын  шарқ  ұрып  іздеген  жандардың  үнін  естиміз  [3.15-30]. 
Ғ.Мүсіреповтің  «Успехи  и  задачи  казахской  прозы  (Қазақ  прозасының 
жетістіктері  мен  міндеттері)»  деген  баяндамасында  да  романдар  көбіне 
тақырыптық жағынан бағаланады [4.13-150]. 
Қазақ  әдебиетінде  сәл  еркін  тыныстаған  «жаңғыру»  жылдары  әдебиет 
сыны  мен  ғылымына  да  еркіндік  әкелді.  Осыны  пайдаланған  ғалымдар 
әдебиетті  нағыз  өнер  туындысы  ретінде  бағалап,  классикалық  әдебиет 
өлшемдерімен  талдап  түсіндіруге  көшті.  Қазақ  романының  теориясын 
қалыптастыруға көп еңбек сіңірген, елу жылдай қазақ романының әрбір жаңа 
туындысынан жаңалық іздеп, жетістігін қуана хабарлап, оқырманға алғашқы 
лебізін  білдіріп  отырған  бүгінгі  академик  Р.Бердібайдың  мақалалары  мен 
зерттеулерінде  теориялық  нақты  талдаулар  бар.  Соларды  жинақтап,  қазақ 
роман  теориясының  жасалуындағы  академик  әкелген  сонылықтарды 
жүйелеу  ғылым  үшін  қажет.  Р.Бердібай  романдағы  характер  жасайтын 
негізгі компоненттерді танытады. Характер жасайтын негізгі компоненттерді 
тану,  оның  көркем  шығарма  үшін  маңызын  түсіну  –  классикалық  әдебиет 
теориясының  басты  құндылығы.  Академик  Р.Бердібай  өз  замандастары 
арасынан  осы  қадамға  батыл  барғанын  көреміз.  Нағыз  әдебиет  заңымен 
бағалау  –  ол  заманда  да,  дәл  қазіргі  күні  де  оңай  емес.  Сынның  қатты 
қиналатын  тұсы  деуге  болады.  Р.Бердібайдың  роман  зерттеушісі  ретіндегі 
еңбегін  және  осы  жолдағы  батыл  қадамдары    туралы    пікірлер  сол  ХХ 
ғасырдың 60-жылдарындағы әр түрлі ғылыми еңбектерден 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 
кездестіруге болады. «Қазақ романының ерекшеліктерін және даму бағдарын 
анықтаған»,  –  деп  бағаланады  [1.37].  Академик  Р.Бердібай  қиын  да  болса 
қазақ  романдарын  зерттеуде  романдағы  характер  жасау  заңдылығының 

 
29 
 
орындалу-орындалмау тарапынан  келіп араласты. Характер жасау  – көркем 
шығармадағы  негізгі  міндет.  «Көркем  әдебиет  қаһармандарының  жасалу 
шарттылығы  –  аса  күрделі  теориялық  мәселелердің  бірі.  Шығармада 
тұлғалардың толысып шығуын көптеген тәсіл, амалдар шешеді», – [9.236], – 
деп,  характер  жасау  бір  ғана  жолмен  шешілмейтінін  ескертеді.  Біз  бұл 
мақалада  Р.Бердібайдың  романдағы  қаһарманды  жасау  үшін  жазушыға 
қажетті  теориялық  білімнің  бірі  -  жағдайды  таныту  туралы  түйіндеулерін 
түсіндірмекпіз.  Көркем  шығармаға  баға  бергенде  өзінен  бұрынғылар  да,  өз 
тұстастары  да  жағдайдың  атқарар  қызметін  елеусіз  қалдырғанын  ескертеді. 
Жағдайдың  (обстоятельства)  атқаратын  көркемдік  қызметіне  былай  баға 
береді:  «характердің  жетілу  процесін,  өсу  бағытын  белгілейтін  -  жағдай» 
[5.129].  Қазақ  романдарында  осы  жағдайға  көп  мән  берілмейтіндіктен, 
көркемдік  талап  орындалмайды.  Шығармалар  өз  биігіне  көтеріле  алмайтын 
себебі теориядағы осы бір аттап өтуге болмайтын қажеттіліктің орындалмай 
қалатындығынан деп түсіндіреді. Оқырманды иландырмайтын, сендірмейтін 
туындылардың  басты  кемшілігі  -  автордың  жағдайды  тани  алмауынан, 
суреттеп бере алмағандығынан шығып жататынына назар аудартады. Жағдай 
суреттеу  дегенде,  ең  қажеттісін  дәл  танып,  соны  ақиқат  қалпында  суреттеу 
болып  шығатынына  көңіл  бөледі.  «Әлбетте,  кез  келген  шығармада  барлық 
кейіпкердің үй ішін, жиған мүлкін, қатынасатын адамдарын, істейтін кәсібін 
түгелдеп шығу шарт та емес, қажет те емес»,  – дейді аталған мақаласында. 
Бірақ өте қажет кезде елемей кетсе, көркемдікке нұқсан келеді. «Көркемдік 
шеберліктің аса елеулі түйіндерінің бірі – характер мен жағдайдың қабысуы. 
...қазіргі  әдебиетіміздегі  сәттілік  пен  сәтсіздіктің  де  бір  ұштығы  осы 
проблемаға  келіп  тірелері  ақиқат»,  –  [5.129]  деп  түйіндейді.  Жағдай  - 
қаһарман  өмір  кешетін  ортаның,  уақыттың,  заманның  объективтік 
шындығын  суреттеу.  Нағыз  көзден  өшпейтін,  көңілден  кетпейтін  шынайы 
мінез  кей  тұстарда  жағдай  арқылы  көрсетіледі.  «Характердің  әлеуметтік 
әрекеттеріне  негіз,  түрткі  болған  жағдайларды  көрсетіп  отыру  -  көркем 
туынды шарты»,- деп нақты ереже ұсынады. Өйткені реализм әдісінің негізгі 
ерекшелігі туралы анықтамаға айналған тұжырымның өзі осы характер мен 
жағдайдың  арақатысынан  алынғанын  көреміз.  Реализм  әдісінің  анықтамасы 
ретінде  коммунизм  теориясын  жасаушы  ғалымның  бірі  Ф.Энгельстің 
Гаркнеске жазған хатындағы мына сөздерді пайдаланатыны белгілі: «Менің 
көзқарасымда,  реализм  дегеніміз  детальдар  шындығының  үстіне  типтік 
характерлерді  типтік  жағдайда  бейнелеу  шындығы  деген  сөз»  [6.11].  Осы 
ереже  басшылыққа  алынса  да,  бұл  орындалуы  қиын  шарттардың  бірі 
болғанын  көреміз.  Көркем  әдебиеттің  өз  заңымен  жүріп,  адамзатқа  қажетті 
мұра жасауына ықпал еткен,  сол  үшін  күрескен  ғалым  Р.Бердібай 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 
кез-келген жазушының шеберлігі өз кейіпкерінің характерін жағдай арқылы 
таныта  білуінде  екенін  бүкіл  зерттеулерінде  көрсетіп  отырған.  Жағдайды 
суреттей  білу,  сол  арқылы  тұтас  өмірді  таныту  бір  қарағанда  еш  жаңалық 
сияқты  көрінбеуі  мүмкін.  Жағдай  арқылы  типтік  характердің  өзгелермен 
қарым-қатынас  диалектикасы  ашылатынын  ескертеді.  Бірақ  шеберлік  негізі 
осы  жағдайды  қаламгердің  көре  білуі,  оны  ең  қажет  тұста  бейнелей  алуы 
екенін Р.Бердібайдың сын мақалалары мен зерттеулерін ақтара оқыған жанға 

 
30 
 
айқын көрінері анық. Сыншы, ғалым ретінде жазушылардан осы шеберлікке 
үйренуді  үнемі  қадай  ескертіп  отырады.  Ең  шебер  жазылған  шығармалар 
жағдайды  дәл  танытуымен  ерекшеленетініне  назар  аудартады.  Кейіпкер  іс 
әрекетінің 
нанымсыздығы 
да 
осы 
жағдайды 
толық 
зерттемей 
жазылғандықтан  деп  көрсетеді.  Көп  мінездердің  жақсы-жаман  қасиеттері 
беріледі,  бірақ  оның  себебі  түсіндірілмейді.  Тек  салдар  баяндалғандықтан, 
сенімсіз жаратынды дүниеге келеді. Сол түпкі мақсатқа жету үшін кейіпкер 
өз ортасында, айналасымен қарым-қатынас үстінде, біртіндеп өсу барысында 
суреттелу  керек.  Міне,  осы  мәселенің  бәрін  шешетін  көркемдік  құрал  - 
жағдай.  Жағдай  -  өмір  материалы,  қаһармандар  мінезі  қалыптасатын  орта. 
Ұлы суреткер М.Әуезов: «Жазушы неге нашар жазады? Мұның себебі біреу 
ғана  емес.  Ең  әуелі  өмірді  нашар  білу  бар.  Жазам  деген  ортадан  сыртқары 
тұрып  жазуға  болмайды.  ...Таңдап  алған  ортасын  және  тиісті  байланысты 
жайларын  сүйіп  сезінген  көңілге  ғана  шыншыл  терең  сенімді  суреттер  сай 
келеді»  [7.395],  –  деп  біз  сөз  етіп  отырған  жағдай  мәселесін  көрсетеді. 
Социалистік реализм әдісінің теоретигі болған ғалым сыншы М.Қаратаев та 
типтік  жағдай  туралы  бірнеше  жерде  сөз  етеді.  Бірақ  негізінен  көркем 
шығармадағы  партиялық  идеяның  қатеге  ұрынбауына  көбірек  назар 
аударғандықтан,  бұл  талап  өз  дәрежесінде  орындалмай  қалған.  Мысалы, 
С.Сейфуллиннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романының  жетістігінің  бірі 
ретінде:  «Үшіншіден,  олар  творчестволық  қиялдан  туған  картиналармен, 
топшылау,  толғаулармен,  портрет,  мінездемелермен  тұтасып,  реализмнің 
принципі бойынша адам образын жасауға, адамның типтік характерін типтік 
жағдайда  ашу  мақсатына  қызмет  еткен»  [(8.195],  –  деп  көрсетеді.  Паң 
Нұрмағамбет аталған қазақ қоғамындағы сирек кездесетін тұлғаны қазір біз 
қалай бағалауға қиналамыз. М.Қаратаев оған типтік жағдай тұрғысынан баға 
береді.  «Осындай  құлдық  пен  күңдік,  қайғы  мен  зар  жайлаған  қазақ  аулы 
Нұрмағамбет тәрізді тип туғызған типтік жағдай еді» [8..196], – дейді. «Көп 
адамның  даурықпа  жалған  ұрандарға  алданып,  адасқан  аласапыран 
жағдайды  дұрыс  түсінген  Сәкен  сол  жағдайдың  типтік  ерекшелігін  Салық 
болыстың  характері  арқылы  тамаша  бейнелеген»  [8.197],  –  деген 
қорытындысын  типтік  жағдай  туралы  шарттылықтарға  сәйкес  келеді  деуге 
болмайды.  Характер  арқылы  жағдай  көрсетілмесе  керек.  Жағдай  үстінде 
характер  ашылуға  тиіс.  Бұл  жерде  сыншының    жалпы    реализм    талабын  
түсінгенімен,   жағдайдың   суреттелу  

 
31 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 
шарттылығынан  ауытқығанын  көреміз.  Ғалым  Р.Бердібай  көркем 
шығармаларға  баға  бергенде  көркемдіктің  сан  қырларын  танып, 
шығарманың  құндылығын  нақты  мысалдармен  көрсетіп  отырады.  Қазақ 
роман  зерттеушілерінің  ішінен  характер  сомдау  шеберлігінің  бір  және 
бірегей  міндеті  жағдайды  тану,  суреттеу  екеніне  үнемі  бақылау  жасап 
отырады. Жалпы кейіпкерге ұзын сонар баға беруі, еш дәлелсіз мазмұндауы 
сиректеу.  М.Әуезовтің  шығармаларынан  да  көркем  заңдылықтардың 
орындалу  мүмкіндігін  тауып,  дәлелдермен  талдап  көрсетеді.  «М.Әуезов 
туындыларында  табиғат  суреті  тұңғыш  рет  жай  тамашалау  болмай, 
характерді, жағдайды анықтай түсерлік жанды, қажет бөлшекке айналғанын 
көреміз»  [9.233],  –  дейді.  Осыған  мысал  іздеп  көрсек,  шындығында  талай 
ғажап көріністерге куә боламыз. Қай жерде оқырманның көңілінде өшпестей 
болып сақталып қалатын кезеңдер мінездің жағдай арқылы ашылған сәттері 
екеніне  көз  жеткізесіз.  Бірінші  кітапты  ашқаннан  Семейден  Құнанбай 
мекеніне барар жол суреттеледі. Осы тұтас табиғат көрінісі - бала Абайдың 
характерін  таныту  үшін  суреттелген  жағдай.  Жеткізбестей  көрінген  ұзақ 
жолдың  суреттелуі  –  жазушының  болашақ  кейіпкері  өскен  орта,  мекен, 
тұрмыс  қандай  екенін  таныту  үшін  алынған  жағдай.  Ұзақ  жол  жағдайын 
суреттей отырып, болашақ кейіпкерінің характерін аша білген.  
1.Қандай  екеніне  қарамастан,  өз  елін  сүюі.  Болашақта  «Қалың  елім, 
қазағым,  қайран  жұртым»  дейтіндей  ұлы  жүректі  ақын  бейнесін  сомдауға 
дайындық осы жағдайды суреттеу үстінде жасалады.   
2.Батылдық,  өз  ойын  дәлелдеуге,  өз  пікірін  танытуға  қабылеттілік. 
Ұрыларша келіп, өзінің ересек серіктеріне ойын көрсетуі.  
3.Сыпайы  мінез,  әдепті  парасаттылық.  Қасындағы  серіктерінен  кешірім 
сұрап, кішілік көрсетуі.  
С.Мұқанов романдарының ішінен «Өмір мектебі» мемуарлық романына 
ерекше  ілтипат  танытып,  оның  көркемдік  деңгейінің  өзге  туындыларынан 
жоғарылығын көптеген еңбектерінде қайталай айтып отырады. «Шығармаға 
зорлап,  жетелеп  әкелетін  кейіпкер  мұнда  жоқ  есебі,  қай-қай  қаһарман  да 
өзіне  тиісті  шыншыл  ортада  табиғи  іс-әрекеті  үстінде  көрінеді.  Әрі  оқуға 
қызық,  әрі  ақиқат  адам  тарихы  көз  алдымыздан  өтеді»  [10.239],  –  дегенде 
жағдай анық табиғи суреттелетініне сілтеме жасайды. Бұған мысалды көптеп 
келтіруге  болады.  Өзіміздің  өмір  бойы  көз  алдымыздан  кетпей  қалған 
бақытсыз сұлу Ұмсын бейнесін алайық. Жазушы Ұмсынның бар характерін 
жағдайды  суреттеу  арқылы  береді  десек  қателеспейміз.  Оның  трагедиялы 
халі  де  сол  жағдай  үстінде  көрсетілген.  Ата-ананың  аяулысы,  білімді,  хас 
сұлу  жан  сол  жазушы  суреттеген  жағдайда  мәңгі  көз  алдыңда  сақталып 
қалады.  Аманатын  тапсыру  үшін  іздеп  келген  жас  Сәбит  өзі  көрген 
жағдайды  сол  қалпында  дәл  береді.  Ұмсынның  өзіне  арналған  оңаша  үйін, 
ондағы  жиһаздар,  кітап  сөрелері,  ондағы  сыртын  алтындаған  қалың-қалың 
кітаптар, бір қалың кітаптың ашық беті, кітап оқуға арналған ағаштан 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 

 
32 
 
 
жасалған  сәнді  сөре,  бәрі-бәрі  өшпес  сурет  болып  қалып  кетеді.  Осының 
барлығы  Ұмсынның  кім  екенін  танытады.  Ұмсынды  әрі  қарай  талдап, 
мінезін баян етудің қажеті жоқ. «Өзгелер бір ауыз сөзбен аттап өтіп кететін 
кей  тұстан  жазушы  көптеген  сырлар,  шындар  табады.  Жеке  детальдарды 
ойнатуға,  немесе  елден  ерек  оқшау,  үздік  оқиғаларды  іздеуге  күш  салмай, 
әңгіменің  «кілтін»  тұтас,  толық  көріністерін  беруден  табушылық 
С.Мұқановтың  өзгешелігі»  [10.239],  –  деп  бағалағанда,  жазушының 
жағдайды дәл танып, анық суреттеу шеберлігін көрсетіп отыр. Сол жағдайды 
суреттеуде  жазушы  тапқан  «шындар»  мен  «сырлар»  қаһарман  характерін 
сипаттаудағы  әдебиеттің  ежелгі  заңдылығы.  Жазушының  әпкесі  Ұлтуған 
бейнесі де, саятшы Ораз да, Ақан сері, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Иса ақын, 
т.б. кейіпкерлердің оқырман көз алдында қалып кету себебі - оларды жағдай 
үстінде суреттеуінде.  
Ғ.Мүсіреповтің  «Этнографиялық  әңгіме»,  «Боранды  түнде»,  «Сөз  жоқ 
соның іздері» әңгімелеріне ерекше көңіл бөледі. «Автордың «Сөз жоқ соның 
іздері» новеллалық әңгімесі өмірдің қарапайым шындық желісінен ұзамаған, 
барлық  бөлшектері  сай  классикалық  туынды»  [10.259],  –  деп  аса  жоғары, 
үзілді-кесілді  баға  береді.  «Этнографиялық  әңгімеге»  «бақылаудың  дәлдігі, 
типтендірудің қонымдылығы жағынан суреткердің мазмұны терең, формасы 
кемел шығармаларының бірі» [10.259], – деп көрсетеді. Ғ.Мүсіреповтің басқа 
да  көрнекті  романдарын,  әңгіме-новеллаларын  білетін,  оған  оң  баға  беріп 
жүрген ғалым осы новеллаларына соншалықты мән беру себебін іздесек те, 
классикалық  әдебиет  заңымен  ғана  жауап  бергенін  көреміз.  Өз  сөзімен 
айтқанда  «сөз  өнерінің  кәнігі  қағидаларынан»  ауытқымайтынына  куә 
боламыз.  «Бақылаудың  дәлдігі»  дегенде  әңгімеде  ақсүйектердің  уақытқа 
бейімделе алмай, тек сырттай ғана өз тектіліктерін сақтауға тырысқан халін, 
олардың  характерлерін  ашу  үшін  жағдайды  соншалықты  дәлдікпен 
суреттейді.  Оларға  сөз  шығындап,  мінездеуді  қажет  етпейді.  Сол  жағдай 
арқылы  бар  болмысын  танытып  шығады.  «Бұл  әңгімеде  қоғам  өмірінде 
кездесетін аса ауыр ситуация шынайы қалпында баяндалған» [10.259], – деп, 
«Сөз  жоқ  соның  іздері»  әңгімесінің  де  шеберлік  сырын  жағдайды  дәл 
суреттеуінен  екенін  ұғындырады.  Әңгімеде  идея  негізінен  жағдайды 
суреттеу  арқылы  жүзеге  асқан.  Кейіпкер  характерін  тек  жағдай  үстінде 
танимыз.  Сөзге  сараң  суреткер  қар  үстіне  түскен  ізді  толық  әрбір  деталіне 
дейін суреттеу арқылы қиянатшыл жанның азғындаған болмысын ашуға кілт 
тапқан.  «Боранды  түнде»  деген  әңгімедегі  характерді  жағдай  арқылы 
көрсетуіне  бір  ғана  мысал  алайық.  Адасып  жүріп,  іздеген  қалыңдық 
жасырынған  үйге  келіп  кірген  жас  баланы  күтіп  алған  үй  ішінің  суретін 
көріңіз.  Осы  жағдай  арқылы  тұтас  қазақ  дәстүрінің  баға  жетпес 
қымбаттығын аша білген. Қалыңдықтың шай құйған кезін суреттеуіне назар 
аударыңыз.  Әлі  өз  төрінде  отырған,  келін  боп  түспеген  бойжеткеннің  өзі 
барар  елге,  болашақ  жарына  деген  құрметі,  шексіз  ризалығы, сол сәттегі  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 
қыздың  үнсіз  әрекетінен  көрінеді.  Бұл  шеберлік  сыры  –  жазушының 
жағдайды дәл танып, қаһарманын сол жағдайда суреттей білуі. Шығарманың 

 
33 
 
өміршеңдігі  де  осындай  өмірлік  жағдайдың  өшпес  суретін  сала  алуымен 
өлшенетініне  көз  жеткізгендей  боласыз.  Ғалым  барлық  шығармалардың 
ғажап  көркемдігі  автордың  жағдайды  суреттеу  шеберлігінен  келіп 
шығатынын өз еңбектерінде үнемі сөз етіп отырады. Т.Әлімқұлов сынды сөз 
зергерінің  ғаламат  күші  де  осы  жағдайды  суреттей  алу  қабілетінде  екенін 
байқатады.  «Қарой»  әңгімесі  туралы  пікірінен  мысал  келтірейік.  «Әрбір 
сурет  қоштасу  әніндей,  күйдің  соңғы  қайырымындай  қатал  шешімге 
тоқтаусыз  жетелейді.  Адамның  да,  заманның  да  сұрқы  шынайы  жазушы 
Махамбет өлімінің себебін жағдаймен де, мінезбен де дәлелдей алған [11.91]. 
Осы ойларды тарқата қарасақ, классик жазушының шеберлік сырын дәл тани 
аламыз.  Әңгімені  бастағаннан  суреттелетін  табиғат  көрінісі,  ақынның 
жалғыз  үйі,  баланың  әрекеттері  анық  жанды  қалпында  көз  алдыңа  келеді. 
Махамбеттің  соңғы  минуттарының  жақындап  келе  жатқанын  іштей 
сезіндіреді.  Бұл  –  жазушы  бейнелеген  жағдайдың  шынайылығынан.  Ғалым 
қазақ әдебиетінің роман жанрының корифейінің бірі, классигі С.Мұқановтың 
«Аққан  жұлдыз»  романын  бағалағанда  да  өзі  ұстанған  тенденциядан 
ауытқымайды.  Классик  жазушының  заман  үніне  орай,  әдебиет 
заңдылығынан ауытқи суреттеуіне кешірім жасай алмайды. Өйткені әдебиет 
бір  күннің  мүлкі  емес,  болашақтың  қазынасы.  Әдебиетте  көркемөнер  заңы 
ғана  билік  құруға  тиіс  деп  пайымдайды  әділетті  сыншы  ғалым.  «Дегенмен, 
шығарманың  кейбір  олқы  деген  тұстарын  да  ескертіп  айтуымыз  орынды. 
Соның  ең  бастысы  –  романда  нанымсыз,  дәлелдемесі  жеткіліксіз,  қолдан 
әсіреленген  сияқты  құбылыстардың  жиі  ұшырайтындығы»  [11.101]  «Оқиға, 
ситуация,  типтік  жағдай  таңдауда,  мінез  даралауда  автор  алдағы  кезде 
ойланатын  жайлар  жоқ  емес»  [11.102],  –  дейді.  Демек,  танымдық  қасиеті 
жоғары  тарихи  романның  кемшілігі  де  –  жағдай  таңдауда  жазушының 
қателесуінен  келіп  шыққан.  Әйгілі  Шоқанды  халықтың  жақтаушысы  етіп 
көрсету  үшін әйгілі  жазушы  өмір шындығынан  ауытқи  соққан.  Өз қиялына 
ерік  берген.  Бірақ  ол  пайда  бермеген.  Характерді  айқындайтын  шынайы 
жағдай  табу  көркемдіктің  шарты  екенін  осымен  түсіндіруге  болады. 
І.Есенберлиннің  «Ғашықтар»  романының  кемшілігін  көрсеткенде  де  осыны 
көреміз.  «Психологиялық,  әлеуметтік  талдаудың,  жағдай  мен  ортаны 
типтендірудің  жеткіліксіздігі  сезіледі»  [11.109].  М.Сүндетовтің  «Ескексіз 
қайық»  романының  көркемдік  жағынан  ақсаған  тұстарын  танытқанда  да 
нақты  дәлелі  бар.  «Әсіресе,  орталық  қаһарман  ретінде  алып  отырған 
адамдарын  іргелі  істерге,  мінез  ашыларлық,  адамгершілік  сыналарлық 
жағдайларға  апармауы  ұтылыс  болып  табылады»  [11.113].  Ғалымның  қазақ 
романдарындағы  ең  осал  тұс  -  автордың  жағдай  арқылы  характер сомдауға 
жетісе  алмай  жатқандықтарын  кейде  талдай  түсіндіріп,  кейде  нақты  ереже 
түрінде  айтқан  пікірлері  үлкен  бір  еңбектің  объектісі    болуға  лайық  екенін 
көрдік. Өз еңбегімізде мұны тереңірек талдап  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет