Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 
 
"Салт ертегілері" туралы өз ойларын білдірген зерттеуші мұнда да сатира, юмор 
элементтерінің аз кездеспейтінін айтады. Соны талдайды. Соған арнайы тоқталады. 
"...Салт  ертегілерде  көбінше  күлкі,  әжуа,  сайқымазақ,  сатира  тап  тартысының 
құралы  есебінде  қолданылады.  Көп  салт  ертегілерде  еңбекші  шаруаның  алдыңғы 
қатарлы топтарының салт-санасы көрінеді" деп жазады М.Әуезов [3.217]. 
Қазақ  халқының  тұрмыс-салтын  негізге  алып,  сол  төңіректе  ой  қозғайтын,  ой 
түйіндейтін  мұндай  ертегілердің  астары  тереңде,  идеясы  әріде  жатады.  Оны  жәй 
ғана аңдау мүмкін емес. Ал, ондағы халықтық әжуа, қалжың болса, тіпті де астарлы. 
Ол  елдің,  жұрттың  ашу-ызасы,  реніші  түрінде  де  көрініс  табуы  мүмкін.  Міне,  осы 
жайды М.Әуезов былай деп түйіндейді: 
"...Қазақтың  да  еңбекші  халқын  алғанда  салт  ертегілерінде  барлық  ызалы 
сынды:  хандарға,  байларға  сол  таудай  ыза  мен  жиреніш  түрінде  қалыптағанын 
көреміз. 
Әрине осы айтылғандармен қатар қазақтың салт ертегілерінде, халықтық болған 
күйдің  өзінде  де  таптық  сананың  өсу  шамасы,  тарихтық  жағынан  жеткілікті 
болмағандықтан  және  тар  көлемді  болғандықтан,  оның  үстіне  көпшілік  санасына 
қанаушылардың салт-саналық ызғары, тізесі, зорлығы әсер ететіндіктен кей кездерде 
анық  көрінетін  қайшылық  та  болады.  Сондықтан  кейбір  салт  ертегілерінде  өзінің 
теріс  мінезінен  өкініп,  қайта  түзеліп  кететін  зорлықшыл  хандар  кездеседі.  Тағы 
бірталай ертегілерде "жақсы хан" болды-мыс дегендей жайлар байқалады" [3.219]. 
Осынау  ойдың  тоқ  етер  түйіні  мынаған  саяды:  қай  ертегіні  алсаңыз  да,  түпкі 
астарында  халықтық  күлкі,  халықтық  әжуа  жатады.  Халық  –  өз  заманының 
сыншысы. Ал, ол күлкінің, ол әжуаның, әрине, уыты күшті, зәрі ащы. 
Білгір  ғалым  М.Әуезов  өз  еңбектерінде  тек  ертегілермен  ғана  шектеліп 
қалмаған, ол сонымен бірге туған ұлтымыздың ертеден келе жатқан әр түрлі көркем 
мұраларына  да  назар  аударған.  Сөйтіп,  оларды  зерттеу  объектісіне  айналдырғаны 
бірден көзге түседі. Ол қазақ халқының батырлық, лиро-эпостық, тағы басқа дастан-
жырлары  туралы  да  әр  уақыт  қалам  тербеп,  ондағы  сатира,  әжуаны  ерекше  атап, 
бөліп көрсетіп отырды. Мысалы, "Ер Тарғын", "Қобыланды", "Айман-Шолпан", тағы 
басқа жырларды зерттей отырып, оның көркемдік дәрежесін сөз ете отырып, ондағы 
күлкілі,  юморға  толы  көріністерді  де  зерттеуші  өз  назарынан  тыс  қалдырған  емес. 
Осындағы  күлкілі  кейіпкерлерді  жеке-жеке  алып  сөз  етуге  болатынын,  ащы 
мысқылмен,  әжуамен  жазылған  көріністерді  де  талдап жазуға тұратынын ғалым 
еске  салып  отырады.  Сөйтіп,  зерделі  ғалым  ұлттық  сатираның  негізі  –  ауыз 
әдебиетінде жатқандығын өзінің жазбалары арқылы нықтай түседі. 
Жалпы, М.Әуезовтің зерттеу мақалаларында бір ғана сала қамтылып қоймайды, 
онда  барлық  сала  мүмкіндігінше  сөзге  тиек  болады.  Мұхаң  көбіне  түркологияның 
осындай  бір  аса  маңызды  тұстарын  барынша  зерттеген  ғалым.  Біз  сондықтан  да 
зерттеуші  ғалымның  ғылыми  мұраларына  көбірек  тоқталып  отырмыз.  Сөз  ретінде 
қазақ  дастандарына  да  ат  басын  тіреп  отырғанымыз  сондықтан.  Әрине,  әрбіреуін 
жеке-жеке сөз етуге де болар еді, бірақ зерттеу еңбегіміздің тақырыбы басқа екенін 
ескеріп, көлемі көтермейтіндіктен, әзірге тоқтала тұрамыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
   
1.
 
Әуезовтің М. Әдебиет тарихы.  -Алматы: 1991. 
2.
 
Әбілов Ж. «Қалтай Мұхамеджанов драматургиясы» атты кандидаттық диссертациясы.  -Алматы: 1995. 
3.
 
Әуезов М. Таңдамалылар. 17, 18 том. -Алматы: 19 
4.
 
Горький А.М. О литературе. -М.: 1937. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Д.ИСЛАМ 

 
42 
 
филология ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ОТАНШЫЛДЫҚТАН ГУМАНИЗМГЕ ДЕЙІН 
 
В  статье  рассматривается  вопрос  художественного  воспевания  тем  патриотизма  и 
пантюркизма в стихах поэта.  
 
This  article  deals  with  the  matter  of  artistic  praising  themes  of  patriotism  and  panturkism  in  the 
poems of the poet. 
 
Мағжан  есімі  елімен  қайта  қауышты.  Қазақ  ақын  шығармаларын  оқып, 
аялар бақытқа қол жеткізді. Елдің шүкір айтар тұсы да осы. Мағжан таланты 
жөніндегі  Жүсіпбек,  Ахмет,  Сайфи,  Мұхтарлардан  бастау  алатын  дүрдана 
ойлар бүгінде Мағжантану саласын да қалыптастарды.  
Ақын  мұрасын  ел  игілігіне  жаратуда  Б.Кенжебаев,  Х.Махмудов, 
Т.Нұртазин,  І.Омаров,  И.Шухов,  А.Жұбанов,  Т.Ахтанов,  т.б.  зиялылар 
қаншама  қиындықтарды  бастан  өткерді.    Мағжантану  тәуелсіздік  тұсынан 
қайта өрледі. Абыз ақын Ә.Тәжібаев халқымен бірге Мағжан рухына бас иді. 
Қазақ  ғалымдары  ақын  шығармашылығының  әрбір  көркемдік  қырларын 
зерттеп,  зерделеуге  жол  салды.  Бұл  орайда  Р.Сыздықова,  С.Қирабаев, 
Т.Кәкішев,  Р.Бердібай,  Р.Нұрғали,  Ш.Елеукен,  Т.  Есенбеков,  Б.Қанарбаева, 
т.б.  еңбектерінің  маңызы  зор.  Біз  бүгінгі  сөзді  ақын  жырларындағы 
патриотизм  мен  түрікшілдіктің  көркем  әдебиетке  ойысқан  поэтикалық 
құрылымындағы  орны  мен  мәні  төңірегіне  арнасақ.  Ақын  өлеңдеріндегі 
отаншылдық,  ұлтшыл  рухтың  зерлі  діңгегін  құрайтын  көркемдік 
аспектілердің  негізі  қайда  жатыр  дейтін  мәселелер  ойлы  оқырманын 
қызықтырары сөзсіз.  
Алдымен  Мағжан  ақындығының  идеялық,  әдеби  бағыты  жөнінде  бірер 
сөз.  ХХ  ғасырдағы  халқының  жойылу  не  қайта  қалыптасу  кезеңінде 
азаматтық  танытқан  ақындар  санаулы.  Халық  тағдыры  сыналған  тұста 
«Зулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!» деп жырлаған ақын замана ағысына 
қасқайып  қарсы  тұрды.  Демек,  ең  әуелі  Мағжан  қатардағы  қазақ  ретінде 
Абай  аңсаған  азаматтық  формуланың  ерек  үлгісі.  «Ақын  болу  міндет  емес 
азамат  болу  парызың»  дейтін  аталы  сөздің  дәйектік  мәйегі.  Өмірдегі 
азаматтық  болмыс  пен  өмірдегі  азаматтық  тұтасқан  жерде  зайырлы 
интеллекттілі  өнер  мен  тұлғаны  тудыратыны  түсінікті.  Қайраткер 
С.Әшімбаевтың «Нағыз азаматтықтың шынайы формуласы кең масштабтағы 
адамгершілік,  патриоттық,  күрескерлік  іс-әркеттер  мен  қасиеттердің  табиғи 
бірлігімен ғана өлшенетіндігін ендігі ретте өміршең принцип ретінде ұстаған 
жөн  болар»  [1.158]  деуінде  де  терең  танымдық  сыр  жатыр.  Мағжан 
ақындығы  идеялық-көркемдік  әлемінің  қан  тамырлары  азаматтық  пафостан 
нәр  алғандығы  белгілі.  Азаматтық  кейіпке  енген  жыр  әлемінің  жүрегі  – 
ұлттық  рух.  Әлсіреген  намысты  жанып,  жаралы  рухты  әр  қазақ  кеудесінен 
қайта  оятуды  көздеген  ақын  жаңашылдыққа  барды.  Ақынның    идеялық  
азаматтық  позициясы  көркем   өнерге   ойысқан   тұста  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ислам Д.  Отаншылдықтан гуманизмге дейін 
 
 
батыстық  әдеби  ағымдарды  көркемдік  қызметіне  бағындырды.  М.Әуезов 
айтқандай Мағжан «елшілділік» бағыттағы ақын. 

 
43 
 
Ж.Аймауытовтың  «Мағжанның  ақындығы  туралы»    мақаласында 
бағдарланатынындай, 
Мағжан 
қазақ 
поэзиясына 
символизм, 
синтементализмнің белгілерін құнарлы топырағымызда аунатып, Еуропалық 
дәстүрді  ұлттық  қалыппен  түлетіп  жіберді.  М.Жұмабаев  шығармашылығы 
сыршыл  лиризм,  асқақ  романтикамен  құндақтаулы.  Ақын  мұрасына 
жанрлық-стильдік  ізденістермен  келген  неше  алуан  көркемдік  әдіс-тәсілдер 
де  тән.  Мұның  бәрі  жоғарыда  айтылған  азаматтық,  адамгершілік 
категориялардың эстетикалық биікпен ұлт ақынының гуманистік идеяларын 
берудегі көркемдік сатылар.  
Ұлттық  дүниетаным  тұрғысынан  да  Мағжан  не  басқа  да  ақындар 
патриотизмін  жекелеген  өлеңдерге  теліп  қарастыруға  болмайды.  Ақын  мен 
патриотизмнің арасында қабырғалы шарттылықтар орнауы да неғайбыл. Ал, 
ұлт ақыны Мағжан шығармашылығындағы патриотизм, оның елдік бағытын 
танытқан көркем мәтін желілерінің әрбір қиырында сайрап жатыр.  
Ұйқы басқан қабағын
Бастыра киген тымағын, 
Жалқаулықты жар көрген. 
Жүрген ескі заңымен, 
Алдындағы малымен. 
Бірге жусап, бірге өрген
Алаш деген елім бар, 
Неге екенін білмеймін 
Сол елімді сүйемін!             («Сүйемін») 
Ақын  сүрген  дәуірдегі  қазақ  ұлтының  болмысы.  Қазақ  дейтін  қасиетті 
халықтың табиғи менталитеті. Далалық ата заңды қастерлеген, жалқаулығы 
да жетерлік  момын ел кейпі. Өз қолын өзі ұзартпайтын елдің мінін біле тұра 
ақын  үлкен  жүрегімен  сүйеді.  Себебі,  «өлік  сахарасындай»  меңіреу 
тыныштықпен тербелген байтақ даланың перзенті ол. Өлең өзегін лирикалық 
субъектінің жан толғанысынан өрбіген ойлар қамтыған нысанын қарапайым 
суретті баяндау өрген сезім құрайды. Өлең әуезі сағыныш күйімен толқиды. 
Күй болғанда да бір үнді дыбыстармен ескен күй. Торыққан, жаны қамыққан 
адамның  жүрегін,  жасын  жұбатқан  сағыныш  сарынды  күй.  Аяулы  анасын,  
жарын,  ардақты  Алашын,  туған  жерін  сүйген  ақын  көңіл  түкпіріндегі 
сағыныш иірімдерін психологиялық параллелизммен, бірде нәзік лиризммен 
өрнектейді.  Мәселен,  «Көзінде  көк  нұры  жоқ»  дейді  сүйген  жарының 
болмысын суреттегенде. Мұнан жастық жалынды көктемін күз ала бастаған 
көңіл  иесін,  жарын  танысақ  керек.  Ақын  сүйген  жарының  сыртқы 
ажарындағы солғындық пен жан түкпіріндегі бейғам тыныштықты көлеңкелі 
күн  тіршілігімен  қатар  алып,  санаға  зерлі  салмақ  түсіреді.  «Білгені  қазан-
ошағы»  дейді  ақын.    Қазан-ошақ  –  қазақтың    ұлттық    дүиетанымы    мен  
табиғи   болмысында,   тіршілік   күйі   мен   салт- 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ислам Д.  Отаншылдықтан гуманизмге дейін 
 
 
дәстүрінде орны, мәні зор заттық ұғым. «Қара қазан сары бала қамы үшін» 
кек  қуған  Өр  Махамбеттердің  рухын  қайнатқан  ұлттық  қасиет.  Демек, 
өлеңдегі  қазан,  ошақ,  заттық  әлемнің  көркемдік  функциясы  тура 
мағынасынан әлдеқайда терең. Қасиетті от жалаған қазан, ошақтың қасиетін 
білген жарын «неге екенін білмей сүю  де» оқырманын ойға жетелесе керек. 

 
44 
 
Мағжан  қазақ  дүниетанымындағы  дәстүрлі  ұғым,  түсініктерді  санада 
қайта  жаңғыртқан  жаңашыл  ақын.  Бұл  орайда,  психолог  ғалымдығы  да 
өлеңдегі  лиризмнің  сан  алуан  үлгісін  жасауына  әкеліп  соқтырды. 
Жоғарыдағы  өлеңнің  «Сағымы  сайран  қурады»  дейтін  бір  жолының  өзінде 
лиризмнің  заттық  ұғыммен  астасып  берілген  жанды  суреті  жатыр.  Көз 
алдыңызға  жазғы  даланың  шөбімен  майысқан  жел  әсерімен  сағымдай 
тербелген  бейне  оралатыны  белгілі.  Ал,  сағымның  сайран  құруы  адам 
көңілін  неше  алуан  күйге  бөлесе  керек.  Лирикаға  заттық  ұғымның  сыртқы 
формасымен лиризм дарыту хас шеберге ғана тән тәсіл. «Шолпы», «Толқын» 
өлеңдері осы шеберліктің үлгілері. Мағжан өлеңдерін идеялық- синкреттілік 
бірлікте ұстайтын өзек ұлттық рухта жатқандығын айтқанбыз. Ақынның рух 
ақыны  болуы  да  осы  табиғатынан.    Жұрт  жаңа  қоғамдық  идеяларға 
бейімделіп жатқанда, ақынның  асау тұлпардай тебініп арғы замандарға бет 
бұруы  идеялық  ерекшелігінің  ұлттық  тамырдан  жем  іздеуінде  жатқандығы. 
Халқының  намысы  езілген  тұста,    дәстүрлі  тақырып  атаулының  өзіне 
жаңалық ендіріп, «Баян батыр» деудің орнына «Батыр Баян» деп дастанына 
ат  қоюы  көп  мәселені  аңғартса  керек.  Бұл  ретте  ғалым  Т.Есенбековтың 
сыртқы  композицияға  қатысты    ойларын  қараңыз  [2].  Қазақ  халқының 
тарихын,  дүниетанымын  терең  меңгерген  ақын  халықтық  жадыны  тірілтіп, 
ұлттық  санаға  қозғалыс  әкелді.  Осыдан  келіп,  өмір  шындығына  ақынның 
асқақ  арманы  қарсы  қойылған  романтикалық  сарын  туындайды.  Мағжан 
өткенді  дәріптеу  арқылы  бүгіннің  бағытын  айқындағысы  келді.  Әруақты 
ұмытып  бара  жатқан  елге  «Қорқыт»  болып  күңіреніп,  «Қойлыбайдың 
қобызымен»  тіл  қатқан. Абылай  әруағымен  үндесіп,  қажымай,  алға  шапқан 
арыстан  болды.  Ұлтын  сүйген  үлкен  жүректі  ақын  «Сұм  өмір  абақты  ғой 
саналыға»  деп  («Батыр  Баян»)  қазақ  халқы  басындағы  трагедиялы  ахуалды 
берді.  Сөз  өнеріндегі  ойындық  реңк  дастандағы  сөздік  қолданыстан 
танылыпғ  философиялық  сипат  алған.  Автор  сөзді  ойнату  арқылы  кемел 
ойдың  кенін  аша  білген.  Бұл  мәселені  арнайы  зерттеген  А.А.Щербина 
каламбурдың  полисемияға,  омонимияға,  сөздердің  дыбысталуы  жағынан 
үндесіп  келуіне  негізделетін  түрлері  бар  екеніне  тоқталады  [3].  Ақын 
жырларындағы  фольклорлық  қырлар  да  ұлттық  рухты  көтерудің  көркемдік 
тәсілі ретінде көп қызмет атқаратыны белгілі. 
Бұлтты айдап, сылдыратып сумен ойнап, 
Ерке жел тасты құшып, сылқ-сылқ күлді. 
Аллалап  ну қарағай шулай-шулай
Төменде тулай-тулай толқын өлді («Оқжетпестің қиясында»). 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ислам Д.  Отаншылдықтан гуманизмге дейін 
 
 
Біріншіден,  бұл  шумақ  тұнып  тұрған  бейнелі  жанды  суреттерге  толы. 
Екіншіден,  өлеңде  символдық  белгілердің  идеялық-көркемдік  қызметі 
ерекше  орын  алған.  Ғалым  Р.Сыздықованың  «Символ  –  идеяның    заттық 
(болмыстық)  нышаны,  астарлы  образы...  Мағжан  ақынның  айтпақ  идеясын 
заттық нышаны ретінде желдің өте күшті образ болып келген тұстарын біраз 
өлеңінен  табуға  болады»  [4]  деуінде үлкен  мән  жатыр.  Өлеңде,  тек  табиғат 
көрінісі  бейнелі  суреттелген  деп  тарыла  алмаймыз.  Өлең  пафосында 

 
45 
 
азаматтық  позициясы  да  нәзік  өрілген.  Терең  үңілсек,  XX  ғасырдағы  қазақ 
халқының қилы тағдырының көрінісі де елес береді.  
Уақыт  дәлдігін  айқындай  түсетін  «жел»  бейнесі.  Мұндағы  «жел» 
дәстүрлі  қазақ  поэзисын  тамырынан  көктеп,  батыстық  бояумен  әрленіп 
Мағжан  шеберлігімен  жанды  образға  айналған    XX  ғасыр  әдебиетінің 
бейнелі сөздік бұйымы. 
Алғашқы  сурет  халық  басына  үйірілген  бұлтты  қуып,  тәкаппар 
болмысымен  еркелеп  күлген  ақынның  не  лирикалық  қаҺарманның 
автобиографиясымен  жымдасса,  соңғысы  халық,  халықты  бастаған  ерлер 
ісімен үндеседі. Халық пайдасына шешілмеген тарихта, аллалап күн өткізген 
кездер  жетерлік  емес  пе?  Мағжан  өлеңдерінің  патриотизмін  тану 
қаншалықты  жеңіл  болатыны  сияқты,  оқырманға  соншалықты  қиын 
болатыны  да  осындай  күрделі,  көркемдік  аспектілердің  көп  қырлылығында 
жатса керек. 
Ендігі  сөзді Мағжан  шығармашылығындағы  түрікшілдік  сарын жөнінде 
өрбітсек.  Бұл  мәселеге  академик  Р.Бердібай  «Түрік  даңқының  жыршысы» 
дейтін арнайы мақала жазды. Рахаң «...Бір заманда өзбек әдебиетінде Әлішер 
Науаи  түрікшілдік  идеясын  қандай  жоғары  көтеріп,  қаншама  ұмытылмас 
еңбек  етсе,  қазақ  топырағында  тек    Мағжан  ғана  сол  даңқты  дәстүрді 
дамытып, әдебиетімізге «бітімі бөлек, аңсары өзгеше жарқын беттер қосты» 
[5.240] деген сүбелі пікір қозғады. Ғалым ақынның түрікшілдік тақырыбын 
«Орал  тауы»,  «Пайғамбар»,  «Алыстағы  бауырыма»,  «Қазақ  тілі»,  «Жер 
жүзіне»,  «Айға»,  «Сағындым»,  «Тұранның  бір  бауырында»,  «Түркістан», 
«Қорқыт»,  «Қойлыбайдың  қобызы»,  «Батыр  Баян»  өлеңдері  мен 
дастандарын жатқызады.   
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Таралған түрік балаларын бауырыңа  
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім! («Қазақ тілі»)  
Өлең тақырыбы «Қазақ тілі» аталғанымен, тек тілге арналған туынды деп 
олақ  қабылдай  алмайсыз.  Тақырыптық  атаудан  өрбіген  фабулалық  желі 
өлеңнің ұлттық рухымен тұтасып, идеялық мазмұнды байыта түскен. Мұнда  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ислам Д.  Отаншылдықтан гуманизмге дейін 
 
 
ХХ  ғасырдағы  қоғамдық,  тарихи,  әлеуметтік  жағдай  толыққанды 
суреттелген.  Ұлттық  қасиеттердің  табанда  жаншылып,  қасіретке  айналған 
кезеңін  ақын  «жауыз  тағдырдан»  көреді.  Ақын  үшін  халқының  кешегі 
тарихы,  өткен  бақыты  сын-ды.  Елдік  жолында  қиылған  тағдырлар,  ездік 
тағдырдан  әлдеқайда  мағыналы  екен.  Өткен  дәуреннің  өңі  алтын  күндей 
нұрлы  болғандығы  да,  сол  замандардағы  өршіл  рухтың  өлмес  ерлігімен 
таңбалануында.  Мағжан  романтикасының  биік  пафосы  тереңнен  тамыр 
салғаны  да  осында.  Ақын  әулиелілігі  болар,  қазақтың  атар  таңмен  күтер 
алтын  күні  өткенінің  бауырында  жатқандығын  ерте  ескертуі.  «Алтын 
күннің»  бағасыз  белгісі  бабамыздың  рухы,  бабамыздың  тілі.  Қазақ  халқы 

 
46 
 
тілін жоғалтпаса өткен алтын күнімен қайта қауышарына ақын сенеді. Осы 
өлеңде,  ақын  «ана  тілі»  деп  қолданатын  дәстүрлі  сөз  тіркесіне  жаңаша  өң 
беріп  тұрғандығын  байқауға  болады.  Мұндағы  тіл  бейнелі  адамдық  атауға 
айналып отыр. Тіл кеудесінде жаны, жүрегі бар кісілік тұлғалы кейіпке енген 
адам  образымен  алмастырылған.  Ақын  «ақ  қолыңмен»  деп  тілдің  арғы 
жағындағы ишараларды да айқындай түскен. Мәселен, «бір қолыңмен не оң, 
қос  қолыңмен»  деп  атаса  да  болмайды  емес  пе  деп  сұрақ  қойыңыз.  Жоқ, 
болмайды  екен.  Болмайтынын,  ұлттық  дүниетанымдағы  «ақ»  түсінің  сонау 
фольклор  мен  ауыз  әдебиетіндегі  дәстүрлі  символдық  ерекшелігімен 
түсіндіреміз. Ақын үшін бабалар жолы да ақ. Балаларын бауырына басатын 
ана  не  атаның  жолы  да  ақ.  Таралған  түрік  балаларын  жүрегімен  аялар  ата 
мен  ананы  аңсаған  Мағжанның  түрікшілдік  идеясын  көксеген  тілегі  де  ақ. 
Түрік балаларының басын қосатын түрікшілдіктің зерлі діңгегі бабамыз тілі 
мен  мұрасында  жатқандығын  түрік  халықтары  болып  ойлансақ  керек. 
Мағжанның бұл тақырыптағы өлеңдері, басқа да өлеңдері секілді драмалық 
тартыс  белгілерімен  оқшауланады.  Ақынның  тарихи  шындыққа  өрілген 
көркемдік концепциясы көбіне адамзаттық, гуманистік ойларымен шешіліп, 
түйінделіп  отырады.  Түрікшілдік  идеяларының  өзегінде  ар,  адамгершілік, 
әділдік,  рухани  кемелділіктің  бой  көтеруі,  ұлттық  әдебиетіміздегі 
эстетикалық тәліммен қатар, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу үшін де маңызды.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР   
 
1.
 
Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. -Алматы: Жазушы, 1993. -624 б. 
2.
 
Есембеков Т. Драматизм в казахской прозе. -Алматы: Қазақ университеті, 1998. 
3.
 
Щербина А.А. Сущность и искуство словесной остроты (каламбура). –Киев: 1958. 
4.
 
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). -Алматы:, Санат, 1995. -208 б. 
5.
 
Бердібай Р. Ел боламыз десек... -Алматы: ЖШС «Қазақстан  баспа үйі», 2000. -400 б. 
 

 
47 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
М. БАЛАУБЕКОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Ж.ИСАЕВА 
филология ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ 
 
В статье рассматривается  язык произведений творчество А. Кекилбаева. 
 
This article deals with the creation of A.Kekilbayev and the language structure of his works.  
 
Публицистиканың    қоғам  өмірімен  тығыз  байланыстылығы  оған  үгіт-
насихаттық  сипат  береді.  Сондықтан  публицистикалық  шығарманың 
тақырыбына,  мазмұнына  сай  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  сұрыптап,  қолдана 
білудің және қажетті синтаксистік құрылымдарды  пайдалана алудың өзіндік 
үлкен  мәні  бар.  Стильдің  бұл  түрі  қоғамдық  саясат  негізінде  жазылған 
шығармаларға  байланысты  болып  отыр.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  бұл  қоғам 
өмірі үшін маңызды  мәселелерді  талқылау деген  ұғымда жұмсалады. 
Бүгінгі  публицистикаға  қойылатын  талап  –  шығарма  қандай  тақырыпқа  
жазылса да логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы  шарт. Ал 
ол  тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады. 
Жалпы,  публицистикалық  стильде    қоғамдық-саяси  мәселе  әр  сипатта 
қарастырылады.  Осы    тұрғыдан  алғанда  Әбіш  Кекілбай  шығармашылығы 
қазіргі  қазақ  публицистикасындағы  тілдік  категориялар  мен    нормалардың  
қолданыс  табуын  нақтылай  зерттеп,  қарастыратын  нысан  бола  алады  деп 
ойлаймыз.  Өйткені  қазіргі  қазақ  публицистері  шоғырында  Ә.Кекілбайдың 
дара қолтаңбасы, тілдік-стильдік ерекшеліктері айрықша байқалады.  
Жазушының    шығармаларын  мазмұны  мен  мақсаты  жағынан  екі  түрге 
топтауға болады: бірі – көркем әдебиет үлгісінде жазылған өлеңдері, тарихи 
роман,  повестері;  екіншісі  –  публицистикасы  (қоғамды  жаңартудың  саяси-
мәдени  мәселелері  жайында  сөйлеген  сөздер,  әр  түрлі  басылымдарда 
жарияланған  мақалалары,  халықтың  рухани  мұрасына  құрмет  сезімін 
қалыптастыратын көркем публицистикалық шығармалары). 
Қайсыбір  әдеби  көркем  немесе    пубилцистикалық  шығарма  болсын,  ол 
әрбір автордың табиғи тілдік, стильдік ерекшелігін айқындайды. Бұл жерде 
“тілдік, стильдік” деп қатар атауымыздың өзіндік мәні бар. Егер тіл мен сөз 
әрқашанда  диалектикалық  бірлікте  дамитын  болса,  сөз  саптап  сөйлеу,  тілді 
орнымен  қолдана  білу  –  стилистиканы  жетік  меңгеруден  келіп  туады. 
Ә.Кекілбай  публицистикасындағы  тілдік  ерекшеліктерге  назар  аудара 
отырып,  оны  зерттеу  нысаны  етіп  бөліп  қарастырғанда,  міне,  осы  айнымас 
қағиданы  басшылыққа алуға тырыстық. 
Әбіш  Кекілбай  тілі    –    аса  көркем,    публицистикалық    жанрлар  стилі 
аясына  сыймай,  газет  тілі  заңдылықтары  шеңберінен  шығып,  кейбір  ресми  
қасаңдықты  сырып  тастайтын  тіл.  Ақпа  тіл,  окказионал  сөздермен  ойды  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Балаубеков М., Исаева Ж.  Әбіш Кекілбай шығармаларының тілі 
 
 

 
48 
 
кестелеп  жеткізу  ерекшелігі  арқылы  жазушы  әлі  күнге    дейін  өз    машығынан 
жаңылыспағандығын  байқатады.  Жалпы,  қазақ  тіл  білімінде  қоғамдық 
лексиканың  негізі  болып  табылатын  мемлекет    қайраткерлері  тілі  осы  кезге  
дейін арнайы, жан-жақты  зерттелген емес. Ғылыми түйін-тұжырымдарды күтіп 
тұрған  бұл  мәселе  газет  материалдары    негізінде  де  жеке  қарастырылуы  тиіс 
сияқты.  Дегенмен  ХІV  ғасырдағы  хан  жарлықтарының  тілі  жөнінде  жазылған  
еңбектің  бар  екендігін  айта  кетуіміз  керек.  Еңбектің  авторы  А.Ибатов 
”жарлықтардың  тілі  түркі  тілдерінің  ежелгі  үлгілерін  молдап  сақтап  қалған 
деректер екендігімен аса бағалы” болғандығын ерекшелеп жазады [1]. Аталмыш 
лексика  түрі  алғаш  “Қазақ”  газетінде  де  көрініс  берді.  Бұл  мәселенің  кеңес 
дәуірінде  жете  зерттелмеуінің  өзіндік  себептері  бар.  Солардың  бірі  –  ұлт 
қайраткерлерінің  тілін    зерттеудің    “ұлтшылдық”  ретінде  бағалануында  жатса 
керек.  Қазіргі  кезде  қоғамдық  жүйенің  демократиялануы  тұсында    қоғамдағы  
жаңалықтар газеттердегі қоғамдық-саяси лексика арқылы көрініс тауып отыр. 
Ә.Кекілбай  әлеуметтік-экономикалық  тақырыпта  айрықша  қалам  тартқан 
азамат. Сондықтан да оның тілдік құралдарды пайдалануына қоғам дамуындағы 
құбылыстар  ерекше  әсер  етіп  отырған.  Жалпы,  сөздік  құрамдардың  дамуына 
қоғамдық    құбылыстардың  әсер  етіп    отыратынын  зерттеуші  Р.Сыздықова  да 
жоққа шығармайды. Осыған қарағанда, публицистикалық стильдің баспасөзден 
бастау  алатынына  тағы  да  көз    жеткізгендей  боласың.  Мұны  Р.Сыздықованың 
“Баспасөз  –  қазақ  тілі  публицистикалық  стилінің  алғашқы  нышандарын 
көрсетуші”  [2]  деген  тұжырымы да  дәйектейді. 
Сөз  жоқ,  заман  қозғалысы  тілге  әсерін  тигізеді,  қоғамдық  құбылыс  жаңа 
сөздерге  дем  береді.  Осыдан  келіп  тілдердің    лексикалық  және  жалпы  тілдік 
ерекшелігі  айқындалады.  Ә.Кекілбай  публицистикасындағы  тілдік  жағдай, 
әсіресе,  жеке    сөз,  сөйлем,  жалпылама  сөздердің  тілдік  ерекшелігіне  орай 
талданады.  Бұған  жазушы  шығармаларындағы  тіл  байытар  тәсілдердің  көптеп 
ұшырасуы  себепші  болатын  сияқты.  Солардың  бірі  –  сөздердің  көп 
мағыналылығы.  “Әр  сөздің  әр  сипаттағы  тура  һәм  туынды  мағыналарын  жіті 
айыра  танып,  әрқайсысын  тек  өз  орнында  ғана  ұтымды  қолдана  алса,  сөзбен 
жасалған ой мен ұғым дәлдігіне жетеді де,  шығарма  әсерлі күш дарытады. Ал 
дәлдік  –  жазушы  шеберлігінің  ең    ірі  қырларының  бірі”  [3],  –  дейді  бұл 
турасында  З.Қабдолов.  Публицист  шығармаларында    мұндай  ережеге  сүйенген 
сөздер көптеп кездеседі. 
Туындыгердің    терминдер    мен  жаңа  сөздерге    байланысты    сөз 
қолданысында    бірқатар  ерекшеліктер  бар.  Кейбір  терминдерге  ол  жаңашыл 
сипатта түсінік беріп отырады. Мәселен, “Олардың пір тұтатын адамы ешқашан 
жұмыс,  парыз,  міндет,  жауапкершілікті  білмейтін,  ешкімді,  ештеңені 
жақтамайтын,  ешқашан  үгіт  етпейтін  дезангажамент”  [4],  –  деп  шегелеп 
ұғындырады. Яғни, осы арқылы қоғамдық мәселеге қатысты ой айтып, сол ойын 
белгілі бір образбен байланыстырып, оған нақты  терминдік атау берген. Автор 
мұнда  терминді  ой  жүйелілігіне  байланысты  қолданып  тұр.  Газет  тіліндегі 
сөзжасам  процесінің  жалпы  тілдегі    сөзжасамнан  ерекшелігінің  жоқ  екендігін 
ескерсек,  публицист  осы    бағытта  біршама  үлес  қоса  алғандығын  айқындап 
айтуға болады.  Дегенмен,  сөз жоқ, жаңа  номинациялық атаулар мен  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет