Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жолдасова Ұ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік астар 
 
 
символына  айналдырған  Алтай  тауын  қайғы  басты.  Оқиға  өтетін  көркем 
кеңістікке  Алтайдың  таңдалуы  да  кездейсоқ  емесі  анық.  Алтайды,  қазақ 

 
85 
 
мекен еткен жер мен елді суреттегенде ақынша екпіндеп, жырлай жөнелетін 
Жүсіпбек,  қаланы,  оның  өмірін  салқынқанды,  сабырлы  күймен  баяндайды. 
Керісінше  өзі  жанындай  жақсы  көретін  даласын  жырлағанда  Жүсіпбек  
позициясы  анық  байқалады.  Қала  өміріне  бойын  үйрете  алмаған  
Бекболаттың  ауылға  келіп  аңға  шыққан  сәтін  оқырман  тағы  да    әсерлене 
отырып    тамашалайды.    «Өйт  шіркін!  Шерттір!  Шерттір!».  Құйысқан  – 
қысқа, ер – ықшам, үзеңгі – аяқтың ұшында. Тақым жабысқан. Желдей ескен 
аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең білесің: ат үсті адамды аруақтандырады, 
көңілді  көкке  серпеді,  аузыңмен  құс  тістейсің!»  деп  бір  желпінсе, 
Кәмиланың  жалғыз  мұңайып  отырып  ауылын  еске  түсірген  сәттегі  сезімін: 
«Шіркін-ай!  Біздің  ауылдың  жайлаудағы  шалғыны  қандай  еді.  Бұзау 
көрінбей  жатушы  еді.  Ауыл  келіп  қонғанда,  жұпар  иісі  мұрынды  жарушы 
еді!» деп кейіпкермен бірге сағынышын басады. Қаладан қайтқан оқығандар 
Алтайға  көтерілгенде  жазушы  өз  тәсіліне  адалдығын  тағы  бір  байқатады. 
«Сеңгір-сеңгір  таулардан,  үңгір-үңгір  құздардан,  түйе  өркешті  шыңдардан, 
қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен бес атты кісі құмырсқа 
боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты. Алтай бойды да, ойды да көтереді» 
деп Алтайды мақтанышпен суреттейді.   
Жүсіпбек  прозасында  поэтикалық  амал-тәсілдер  ерекше  шеберлікпен 
қолданылады.  Ақтар  келген  тұстағы  ауыл  жағдайын  суреттеуде    қолданған 
жазушы    тәсілі    қазақ  прозасында  бұрын-соңды  қолданылмаған  тың  тәсіл.  
Табиғат  та,  оқиға  да,  соған  орай      кейіпкер  бойында  туған    түрлі    сезім  де 
әрекетке  айналады.  Жазушы  жанындағы  беймазалық  шығармаға  ауысады. 
Оқиға үзік-үзік, әрі жылдам, оқырманның балбыраған күйін лезде  ширатып, 
ерекше  тәсілмен  баяндалады.  Ақбілекті    қоршаған  ортаға  түгел  жан  бітіп 
кеткендей.  Шығарма  басындағы  әдемі  суреттен  белгі жоқ.  Ауылды  белгісіз 
үрей билеген.  Қызыл іңірде астан-кестен болған ауыл «абалаған ит даусына 
айналып  кетеді».  Ауыл  итінің  даусы  қорқыныш  пен  үрейдің  белгісіндей 
Ақбілекті  ақтар  алып  кеткенше  басылмайды.  Итпен    бірге    «ажал  да 
абалады». Адам дауысы естілгенде Ақбілектің жүрегі зырқ етті, жақындаған 
дүрсіл  жүрегінің  дүрсілі  емес,  ажал  шықыры  болып  шыққанда,    «құйқа 
тамыры шымыр етті». Ақбілектің  «апатайлаған» айғайы жерді-көкті жұлды. 
Жер  де  айғай,  көк  те  айғай.  Тау  күңгірлеп,  тас  шықырлайды.  Тау  сатыр-
сұтыр  етеді.        Аталған  тәсіл  Ақбілектің  ақтардан  босап,  қасқырлаға  тап 
келген  тұсында  тағы  да    көрінеді.  Адам  жанының  қорқыныш  билеген 
тұстағы  жан  серпілісін    жазушы  үздіксіз  соғысып  жатқан  адам  мен  қасқыр 
шайқасынан туған әрекет арқылы ашады.  «Қасқыр одан жаман өршеленеді. 
Ақбілек  жан  ұшыра  сермейді.  Қасқыр  қамалайды.  Ақбілек  сабалайды, 
қасқыр  абалайды,  Ақбілек  сабалайды,  қасқыр  абалайды.  Ақбілек 
«аллалайды», 
қасқыр 
долданады, 
Ақбілек 
дөңгелейді... 
Ақбілек 
шырылдайды... Қасқыр күркілдейді... Ақбілек шырқырайды...». Жанын үрей  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жолдасова Ұ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік астар 
 
 
билеп,    өмір  үшін  жанталасқан  Ақбілектің  сол  сәттегі  психологиясы 
кезектесе  берілген  әрекеттің  нәтижесі  арқылы  ашылады.  Ж.Аймауытов 
кейіпкер  жан  дүниесіндегі    арпалысты  осы  бір  тың  тәсіл  арқылы  ашуға 
тырысады.  

 
86 
 
Өткен  ғасырдың  20-30  жылдардағы  қазақ  прозасының    үлкенді-кішілі 
көркем шығармаларының басым бөлігінің негізгі кейіпкері әйел болды. Әйел  
табиғатында,  оның  жан  түкпірінде      ұлттың  ғасырлар  бойы  жинаған  алтын  
қазынасының    асылы    жатыр.  Ұлттың  болашағының  жарқындығы  да  әйел 
жанындағы асыл қасиеттің көрінісі мен   ұлттық мінезден туған рухта  жатса 
керек.  Жүсіпбек те  қилы кезеңде қазақ ауылы тап  болған  келеңсіз жайдың 
салдарын    әйел  образы  арқылы  жеткізуді  мақсат  етеді.    Ақбілек  образына 
қатысты  жазушы    позициясын  тап  басу  қиын.    Жат  жұрттықтың  құрбаны 
болған  Ақбілекті  жазушы    бірде  ақтағысы  келсе,  бірде  оның  шешімін 
сынайды.  Шығарманың  өн  бойында  авторлық  сын  бар.  Намыс  пен  тірі 
қалсам  деген  пенделік  сезім  Ақбілек  жанын  арпалысқа  салып,  соңғысының 
жеңісімен тынады. Осы тұста жазушы Ақбілек шешімін жанамалап сынайды. 
«Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын 
орыс  естіп,  іздеп  келіп,  алып  қашты...  Азар  болса,  жазықсыз  құрбан  болып 
жатқан  көп  қорғансыздың,  көп  сорлының  бірі  шығар...»  деп  Ақбілек  
шешімін  «ақтап  алғысы  келеді».  Кейіпкер  психологиясын  жазушы 
Ақбілектің  жаяу  жүрген  жолы  бойында  түйген  тұжырымдары  арқылы 
ашады.  Жол  бойы  Ақбілек  қасқырмен  арпалысты,  арып-ашып  келе  жатып 
Ескендір  дуанаға  жолықты,  елге  жеткенде    қай  үйге  түсерін  білмей  бір 
қиналса,  өз  үйіне  жеткенде  әкесінің  жүзіне  қарай  алмай    екі    қиналды. 
Бекболатты ойлап, қалай болар екен деп жанын қоярға жер таппады. Балалы 
болатынына көзі жеткен кезде өлгенім жөн  еді деп зарлады. Он бестен енді 
ғана  асқан  Ақбілек  көрмеген  қорлықты  бастан  кешірді.  Осындай  күйді 
кешірген Ақбілек жайын жазушы оның қалаға барып, күйеуге шығып, еліне 
қайтқан  соң,  баласына  ие  болып,  «ана  болып,  көп  әйелден  дана  болып, 
кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды»  деп қорытады. Автор 
Ақбілек  образынан    қазақ  халқының  болашақ  тағдырын  көреді.  Ақбілек 
психологиясындағы  өзгерістен  жазушының      ұлт  тағдырына  алаңдап 
отырғанын  байқайсың.  Оған  романның  соңғы  жолдарындағы  астарлы 
авторлық сын дәлел болса керек. Ұлттың болашағының  баяндылығын  дуана 
Ескендірдің  образы арқылы танысақ, бала Ескендірдің характері ашылатын 
кішкене   оқиға сол болашаққа деген сенімге селкеу түсіреді. Ескендір дуана 
дала кезіп жүрген қазақ сияқты аңғал, адал халықтың рухындай.   
Жалпы,  Жүсіпбек  Аймауытов    заманының  шындығын  өз    халқының 
тағдырына  қатысы  тұрғысынан  бағалауға  жүйрік.  Халқының  ұлттық 
болмысындағы артықшылық пен заманның әсерінен туған өзгеріс жазушыны  
бей-жай  қалдыра  алмайды.  Қоғам  беталысындағы   кез-келген  

 
87 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жолдасова Ұ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік астар 
 
 
кері  жағдай  жазушы  жанын  толғандырады.  Соған  сәйкес  өзінің  суреткер  ретіндегі 
көзқарасын   шығармашылығы арқылы  білдіруге тырысады.  
«Ақбілек» романына негіз болған  жағдай мен  оқиға,  көркем кеңістік, кейіпкер 
табиғаты  Ж.Аймауытов  прозасына  тән  шеберлікпен ашылады.  Жазушы романынан 
тым байқампаз және дүниеге ақын көзімен қарап, ақынша бағалайтын жазушы тілін 
байқаймыз.  Ақбілектің  орыстар  қолына  түскен  сәті,  қара  мұртпен  арасындағы 
жағдай,  еліне  қайтқан  жолдағы  көңіл-күйді  дәл  жеткізудегі  жазушы  шеберлігі 
таңқалдырмай  қоймайды.  Апанға  орыстар  келіп  қалған  кездегі  Ақбілектің  күйін 
«бала  қамаған  лаққа,  торға  ілініп  өкпесін  соққан  торғайға»  теңесе,  «саусылдаған 
сары  қолдың»  ортасына  түскен  кездегі  халін  «жер  қорқақ  болған  ботадай;  беті 
бәкіше бүктетіліп, бас-аяғы кірпіше жиырылып, құнысып; қолға түскен құралайдай, 
екі  көзі  мөлдіреп,  көп  ит  анталаған  күшіктей  құнысып»  деп  бағалайды,  ал,    қалың 
орыстан  аман  қалып,  еліне  жаяулап  тартқан  тұсын    «көшкен  орыстың  жұртында 
бұралқы  күшіктей  қаңғырып;  сары  далада  сары  уайым  жамылып»  келеді  деп 
қорытады.  Жазушы  Ақбілектің    жан  рахатын  тапқан  кезін    «тамырлары  тұтанды» 
десе, қуанғандағы күйін «тамырлары желпініп»  шаршағанын ұмытып кетті дейді.    
Романда Алтай образының   ашылу табиғаты  да  ерекше. Табиғат ана  жаратқан  
Алтай,  жазушының  шебер  қаламынан    бауырындағы  қыбырлаған  жанды  дүниенің 
тағдырына  бей-жай  қарай  алмайтын  сезімге  бейім  тірі  құбылысқа  айналып  жүре 
береді.  Бауырында  өтіп  жатқан  бүкіл  оқиғаға  Алтай  баға  беріп  тұрғандай  әсер 
қалдырады.  «Ызғырығы  ызылдап,  бойды  мұздатып,  сабалақ  қара  бұлттан  түн 
жамылған күздің көзсіз қара түні» алдымен  ақ бас Алтайдың басына қара бурадай 
шөгіп,  содан  соң  Ақбілектің  жанына  еніп,  қорқыныш  сезімін  оятады.  Ақбілек 
қасқырмен  алысқан  тұста  «қараңғы  түн  қаптаған  қызыл  көз  болып»  кетеді.  Күздің 
мейірімсіз  қара  түнін  жамылған  Алтай  да  Ақбілекті  сынап  алғысы  келгендей  міз 
бақпайды. Тек  таң атар шақта оянып, «аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, 
тау  басы  алтын  жалатқандай  күлімдеп»  шыға  келеді.  Ақбілек  қаладан  елге  келе 
жатқан  тұста  Алтайға  көтеріледі.  Алтайдың  бауырында  адам  құмырсқадай.  Тау 
басына шыққанда Ақбілекке өткен өміріндегі өксікті күндері барса келмеске біржола 
кеткендей  көрінеді.  Алтай  өзінің    бауырында  өскен  аруын  жатырқамайды,  жанын 
тазалайды.  Ақбілек өзгергенмен,  Алтай тауы  ешқашан бөтен мінез көрсетпек емес. 
Марқакөл  де  баяғы  қалыпта.  «Марқакөлдің  суын  ішіп,  отын  жеген  сары  қарын, 
тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап көнек-
көнек лықылдайды». Ақбілек қана өзі бір кездері сүйген жігіті Бекболатты көргенде  
сезімі  селт  етпей,  «басқа  бір  жаңа  дүниеге  көшкендей,  бір  жоғары  көңіл  пайда 
болып»,  Бекболатты  іштей  аяйды.  Ал,  алып  Алтай  бір  күндері  қайғы  басып,  зар 
еңіреген Ақбілегін жоғарыдан қарап аямайды, төбесіне шығарып  аялайды.  
Қорыта  айтқанда,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»  романы  қазақ  прозасындағы 
болмысы  бөлек  туынды.  Шығарма  болмысының  өзгелігі  қаламгер  болмысының  
даралығынан.  Шығарма  Ғ.Мүсіреповтің  сөзімен  айтқанда  «қара  сөзден  құйылған 
дастан  толғау»  болып  шыққан.  Ұлтын  сүйген  қаламгер  заманының  шындығын 
Ақбілек  арқылы  ашты.  Көркем  шындыққа  айналған  өмірлік  шындықтың  бағасын  
беруді  жазушы оқырманының еншісіне қалдырды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Аймауытов Ж.  Мағжанның ақындығы/ Бес арыс. -Алматы: Жалын, 1992. 
2.
 
Садуакасов С. Собрание сочинений. -Алматы: 1995. 
3.
 
Аймауытов Ж.  Шығармалар. -Алматы: Жазушы, 1989

 

 
88 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Г.ЖАМАНТАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЗАТ ЕСІМДЕРІНІҢ  
САЛҒАСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
В  статье  рассматриваются  сходство  и  различие  имен  существительных  в  китайском  и 
казахском языках.  
 
This article deals with the comparative research of nouns in Chinese and Kazakh. 
 
Дүние  жүзінде  үш  мың  шамасында  тіл  бар  деп  есептелінеді.  Олардың 
ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, қытай тілі, араб тілі және испан 
тілі халықаралық тілдер болып саналады.  
Халықаралық тілдердің ішіндегі тарихы өте ұзақ, ең көне, күрделі тіл – 
қытай тілі.  
Тіл  білімінде  дүние  жүзіндегі  тілдер  екі  түрлі  тұрғыдан:  біріншіден,  
шығу  тегінің  бірлігі  тұрғысынан,  яғни  генеалогиялық  классификация, 
екіншіден,  грамматикалық  құрылысының,  ыңғайластығы,  ұқсастығы 
тұрғысынан,  яғни  типологиялық  классификация  делініп  топтастырылады  
[1.472].  
Генеалогиялық және типологиялық классификация бойынша қытай тілі - 
қытай-тибет  тілдерінің  таи-қытай  тобына,  даралаушы  типке,  қазақ  тілі  -  
түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобына,  агглютинативті  типке  жатады.    Екі  тілдің 
туыстығы  жоқ  болғандықтан  тіл  білімі  саласында,  сонымен  бірге  тіл 
мәдениетінде үлкен айырмашылықтар бар.  
Қытай  тілінде  сөздерді  атауыш  және  көмекші  сөздер  деп  бөлсе,  қазақ 
тілінде  атауыш,  көмекші  және  одағай  сөздер  деп  бөледі.  Қытай  тілінде 
атауыш сөздердің қатарына зат есім, сан есім, сын есім, бірлік есім, есімдік, 
етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер, одағай сөздер жатқызылса, қазақ тілінде зат 
есім, сан есім, сын есім, есімдік, етістік жатқызылады.  
Енді  қытай  және  қазақ  тілі  зат  есімдерінің  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарына тоқталайық. 
Қытай  тілінде  кейбір  зат  есімдер,  мысалы,  ren  (адам),  nian  (жыл),  jia 
(отбасы), tian (күн), т.б. осы сияқты зат есімдер АА формасы бойынша (ren 
ren  -  әрбір  адам,    nian  nian  -  әр  жыл)  қосарланып,  әр,  әрбір  деген  мағына 
білдіреді, ал қазақ тілінде зат есімдер мұндай формада қосарланбайды.   
Қытай  тілінде  зат  есімдер  сан  есімдермен  тікелей  тіркесе  алмайды, 
олардың  арасына  міндетті  түрде  бірлік  есім  келуі  шарт,  мысалы,  yi  ge  ren 
(сөзбе-сөз:  бір  түйір  адам),  yi  ben  shu  (сөзбе-сөз:  бір  дана  кітап),  т.б.,  ал 
қазақ  тілінде  зат  есім  сан  есімге  тікелей  тіркеседі,  мысалы,  бір  адам,  бір 
кітап, т.б.  
Қытай тілінде  men (-лар,  -лер,  -дар,  -дер,  -тар,  -тер) көптік жалғауы тек 
адамды  меңзейтін  жалпы  есімдерге  ғана  жалғанады,  басқа  зат  есімдерге 
жалғанбайды, мысалы, peng you men (достар), lao shi men (мұғалімдер), tong 
zhi  men  (жолдастар),  т.б.,  ал  қазақ  тілінде  кісі  аттарына  да,  заттарға  да 
жалғана береді.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Жамантаева Г. Қытай және қазақ тілі зат есімдерінің салғастырмалы зерттелуі 
 

 
89 
 
 
Қазақ тілінде көптік мағына -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары 
арқылы білдірілсе, қытай тілінде men (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) көптік 
жалғауы  адамды  меңзейтін  жалпы  есімдерге  ғана  тіркесу  арқылы  көптік 
мағына,  duo  (көп)  сөзі  hen  (өте)  үстеуімен  және  xie  (бірнеше)  сілтеу 
есімдіктеріне тіркесіп, жиынтық мағына білдіреді.  
Заттың  біреудің  иелігінде  екендігін  көрсететін  тәуелдік  жалғауы  қазақ 
тілінде  жекеше,  көпше  түрде  үш  жақ  бойынша,  мысалы:  менің  үйім,  біздің 
үйіміз  деген  сияқты  тиісті  жалғаулары  арқылы  жасалса,  қытай  тілінде  үш 
жақтың жекеше, көпше түріне de құрылымдық демеулігінің тіркесуі арқылы 
жасалады да, тәуелді затқа қосымша жалғанбайды, мысалы, wo de jia,  women 
de jia (сөзбе-сөз:  Менің үй, Біздің үй),   
Қазақ  тілінде  тәуелділікті  көрсететін  –нікі,  -дікі,  -тікі  жұрнақтарына 
қытай  тілінде  shi...de  формасы  сәйкес  келеді.  Қазақ  тілінде  бұл  жұрнақ 
жалғанған тіркестер тәуелдік заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын 
тұрса,  қытай  тілінде  заттың  иесі  shi...de  формасының  ішінде  тұрады.  Қазақ 
тілінде  де,  қытай  тілінде  де  тәуелді  затты  атайтын  сөзге  ешбір  қосымша 
жалғанбайды.  Мысалы:  кітап  Анардікі  (shu  shi  a  na  er  de),  қалам  Асандікі 
(qianbi shi a san de), т.б. 
Қытай  тілінде  зат  есімнің  алдына  shi  (тұжырымды  білдіретін  етістік) 
тіркесіп  жіктеледі  де,  жіктелетін  сөзге  қосымшалар  жалғанбайды. Мысалы: 
wo  shi  xuesheng  (сөзбе-сөз:  Мен  студент),  ni  shi  laoshi  (сөзбе-сөз:  Сен 
мұғалім), women shi yuwen xuejia (сөзбе-сөз: Біз филолог), т.б. Қазақ тілінде 
зат  есім  үш  жақ  бойынша  жекеше,  көпше  түрде  жіктеліп,  жіктелген  сөзге 
тиісті қосымшалар жалғанады.  
Зат  есімнің  мағыналарын  түрлендіріп,  оларды  басқа  сөздермен 
байланыстыратын жалғау – септік жалғау. Септік жалғаулар сөз мағынасын 
өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Қытай 
тілінде  сөздер  септелмейді,  бірақ  қазақ  тіліндегі  септік  жалғауларға  сәйкес 
келетін демеулік пен септеуліктер бар. Олар:  
1.
 
de (-ның, - нің, -дың, -дің, -тың, -тің); 
2.
 
dui, wang, chao, xiang, dao (-ға, -ге, - қа, -ке); 
3.
 
ba (-ды, -ді, - ты, -ті, -ны, -ні); 
4.
 
zai (-да, -де, -та, -те); 
5.
 
cong, zi cong, da, you (-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден); 
6.
 
gen, he, tong, yu, ji (-мен, -бен, -пен).  
Қытай  тілінде  ілік  септігінің  жалғауына  сәйкес  de    құрылымдық 
демеулігінен  басқа  септеуліктер  септелген  сөздің  алдында  тұрса,  қазақ 
тілінде септік жалғау септелген сөздерге жалғанады [2.54-55; 3.31-32].  
Қазақ  тілінде  зат  есімдер  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік 
тәсілдермен жасалады. Қытай тілінде туынды зат есім жасаудағы ең өнімді 
тәсіл – морфологиялық  тәсіл.  Қазақ  тілінде  морфологиялық  тәсіл арқылы  

 
90 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Жамантаева Г. Қытай және қазақ тілі зат есімдерінің салғастырмалы зерттелуі 
 
 
жасалатын  зат  есімдер  есімдерден  және  етістіктерден  зат  есім  тудыратын 
жұрнақтар арқылы жасалса, қытай тілінде де дәл қазақ тіліндегідей.  
Қазақ  тілінде  есімдерден  зат  есім  тудыратын  жұрнақтарға:  –шы,  -ші,  -
шылық, -шілік, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -
хана жұрнақтары жатса, қытай тілінде er

tou

zi

du, zhe, xue, xing

zhang, zhu yi 
секілді  жұрнақтар  арқылы  жасалады;  қазақ  тілінде  етістіктерден  зат  есім 
тудыратын жұрнақтарға: – ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе, - қын, -кін, -ғын, -гін, -ыс, -іс, 
-с,  -у,  -  ыш,  -іш,  -ш,  -қы,  -кі,  -ғы,  -гі,  қыш,  -кіш,  -ғыш,  -гіш  жұрнақтары  жатса, 
қытай  тілінде  zi

tou

er

zhe

jia

shi

yuan

fa

shou, shi  сияқты    жұрнақтар 
арқылы жасалады [2.58-59; 5.80-81].   
Қазақ  және  қытай  тілінде  жоғарыда  көрсетілген  зат  есім  тудыратын 
жұрнақтардан  басқа  да  көптеген  сөз  тудырушы  жұрнақтар  бар.  Біз  солардың 
ішінен ең өнімділерін, сөз тудыруға неғұрлым қабілеттілерін көрсеттік. 
Енді  зат  есімдердің  сөйлемде  атқаратын  қызметтеріне  тоқталайық.  Қытай 
тілінде  сөйлем  мүшелері  қазақ  тіліндегідей  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  деп 
бөлінеді,  бірақ  қытай  тілінде  алты  сөйлем  мүшесі  бар,  алтыншысы  тұрлаусыз 
мүше - толықтырғыш.  
Қытай  тілінде  зат  есім  толықтырғыштан  басқа  қызметтің  барлығын 
атқарады. Мысалы:  
1) Siji xiao le (Шофер күлді) /бастауыш/. 
2)  Ta  da  yan  jing, hong  lian  dan  (Ол  үлкен  көзді,  қызыл  шырайлы)     
/баяндауыш/. 
3) Ta can guan le tu shu guan (Ол кітапхананы аралады) /толықтауыш/. 
4) Bei  jing    de    wan  shang  hen  hao  kan  (Пекиннің  кеші  өте  әдемі). 
/анықтауыш/ 
5) Ta zuo tian qu zhong guo le (Ол кеше Қытайға барды) /пысықтауыш/. 
Зат  есімдер  туралы  айтылғандарды  жинақтай  келгенде,  мынадай 
қорытындылар жасауға болады деп ойлаймыз:  
1.  Қытай  тілінде  кейбір  зат  есімдер  қосарланып,  әр,  әрбір  деген  мағына 
білдіреді, ал қазақ тілінде зат есім қосарланбайды. 
2.  Қытай  тілінде  зат  есімдер  сан  есімдермен  тікелей  тіркесе  алмайды, 
олардың  арасына  бірлік  есім  келуі  шарт,  қазақ  тілінде  зат  есім  сан  есімге  
тікелей тіркесе алады. 
3. Қытай тілінде -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауы тек адамды 
меңзейтін  жалпы  есімдерге  ғана  жалғанса,  қазақ  тілінде  кісі  аттарына  да, 
заттарға да жалғана береді. 
4.  Қытай  тілінде  зат  есім  сөйлемде  тек  толықтырғыш  қызметін  атқара 
алмайды, қазақ тілінде зат есім сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -Алматы: 2003. 496 б. 
2.
 
Қапасов Б. Оқушы анықтамасы. -Алматы: 2002. 165 б. 
3.
 
Ye Pan Yun. Yu fa pian. Beijing, 2000.  467 б. (қытай тілінде). 
4.
 
Huang Bo Rong. Xian dai han yu. Beijing, 2002. 337 б. (қытай тілінде). 
5.
 
Lu Fu Bo. Duiwai hanyu jiaoxue shiyong yufa. Beijing, 2005. 281 б. (қытай тілінде). 

 
91 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Р.Т.ӘМЕТ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ  
 
Первые издания газеты «Қазақ адебиеті». В статье речь идет об истории возникновения газеты 
«Қазақ әдебиеті» и поднимавшихся на ее страницах острых по тем временам проблемах.  
 
This article is devoted to the history of origin of the «Kazakh adebyeti» newspaper. The author of the 
article also writes about problems published on the pages of this paper in that period. 
 
Тәуелсіз  қазақ  елі  өркениет  жолымен  алға  басып  келеді.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдары  ешкімге  жалтақтап  отырған  жоқ.  Дегенмен,  еркіндік 
кезіндегі  сөз  бостандығы  жайы  бір  бөлек  әңгіме  болса,  бодандық  тұсында 
өткір  мәселелерді  көтере  білу  бір  басқа.  Жетпіс  жыл  коммунистік  партия 
басқарған әкімшілік-әміршілдік идеология тұсында да ұлттық сананы оятуда 
аянбай маңдай терін төгіп келе жатқан баспасөз жайлы сөз қозғағымыз келіп 
отыр.  Осындай  басылым  ретінде  халқымыздың  рухани  өсуіне,  тәуелсіз 
мемлекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан 
бірден-бір  басылым  екенін  өз  үні,  өз  ұстанымы  арқылы  «Қазақ  әдебиеті» 
газеті дәлелдеген.  
Ел арасында коммунистік партияның «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ 
қалмасын!» деген ащы ұраны белең алып тұрған 1932 жылдың 26 ақпанында 
кеңестік  Қазақстанның  бүкіл  жазушылары  мен  аудандық  газет 
редакторларының  тұңғыш  рет  басын  қосқан  үлкен  жиын  болды.  Онда 
Қазақстанда  шығатын  баспасөздің  жайы  талқыланып,  қазақ  пролетариат 
жазушыларының  міндеттерін  айқындау  және  сол  тұстағы  тұңғыш 
қаламгерлер ұйымы – Қазақ пролетариат жазушылар қауымдастығының (Қаз 
АПП)  жұмысын  қайта  құру  мәселесі  көтерілді.  Осы  жиында  қалың  жұртқа 
әдеби басылым қажеттігі алғаш рет сөз болды.  
Сол тұста қабылданған ВКП (б) Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет 
ұйымдарын  құру  туралы»  қаулысына  сәйкес  көркемдікке  мән  бермейтін, 
жалағай,  жалаң  үгітшілікті  ұран  етіп,  жікшілдікпен  айналысқан  бұрынғы 
пролетар жазушылар қауымдастығы таратылды. Оның орнын басатын жаңа 
ұйым  –  Қазақстан  Жазушылар  одағын  ұйымдастыру  комитеті  құрылып, 
өзінің  бірінші  пленумын  өткізеді,  онда  Ілияс  Жансүгіров  «Әдебиет 
ұйымдарын  қайта  құру  және  советтік  Қазақстан  жазушыларының 
міндеттері»  деген  тақырыпта  баяндама  жасайды.  Осы  баяндамада  және 
кейінгі  жарыссөздерде  жазушыларды  алалап,  жіктемей,  партиялық  бір 
бағытқа  жұмылдыратын  жаңа  жазушылар  ұйымын  құру  қажеттілігі 
айтылумен қатар «Қазақ әдебиетінің» аты азан шақырылып қойылмағанымен 
қалың  бұқараны  идеялық-көркемдік  бағытта  тәрбиелейтін,  біріктіретін 
дербес басылымның керектігі де қайта-қайта тілге тиек болды.  
 Кейінірек осы мәселемен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет 
Майлин,  Ғабит  Мүсірепов  төртеуі  Қазақстанның  сол  тұстағы  басшысы  
Мирзоянға  кіреді.   Оларды   Крайкомның   үгіт-насихат   бөлімін  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет