Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жахина Б.Б. Сөзжасамды дамыта оқытудың психологиялық негізі 
 
 
Зерттеушілердің  анықтауы  бойынша  адамдар  қоршаған  орта  туралы 
алатын  мәліметтерінің  90  пайызға  жуығын  көру  арқылы,  9  пайызын  есту 
арқылы, тек 1 пайызын ғана басқа сезімдер арқылы алады. 
Әр  түрлі  сезім  органдары  арқылы  қабылданған  кейбір  жеке  түйсіктер 
мидың  үлкен  жарты  шарында  талданып,  бұрынғы  мәліметтерімен 
жалғастырылып,  жаңа  қабылдаудың  негізін  құрайды.  Қабылдау  заттың 
бүтіндей  бейнесін  беретіні  белгілі.  Әрі  қабылдау  –  ми  қабығының  күрделі 
анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. 
Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану. 
Нәрсені  танымайынша,  оны  аңғарып, қабылдау  қиын. Тану  жалпылай және 

 
145 
 
даралап  тану  болып  екіге    бөлінеді.  Жалпылай  тану  дегеніміз  талғаусыз 
қалай  болса,  солай  тану.  Жалпылай  тануда  оқушы  тілдік  тақырыптардың 
өзіндік  ерекше  қасиеттерін  біле  бермейді.  Ал  обьектілерді  даралап  тану 
арқылы  ғана  оларды  анық,  толық  қабылдауға  мүмкіндік  алады.  Мәселен, 
сөзжасамдық мәселелер бойынша негізгі сөзді түбірден, тіркесті сөзді еркін 
сөз тіркесінен айыра алады. 
Ал  толып  жатқан  обьектілердің  ішінен  біреуін  іріктеп  алу,  яғни,  оның 
қасиетіне,  сапасына,  белгісіне  қарай  іріктеп  алу  –  қабылдаудың 
таңдамалылығы деп аталады.  
Қабылдаудың  таңдамалылығы  әр  түрлі  объективтік  және  субъективтік 
(оқушының  түсіндірілетін  тілдік  тақырыпты  қажетсінуі,  қызығуы, 
психикалық  көңіл-күйі,  т.т.)  себептерге  де  байланысты  болады.  Балада 
қабылдаудың  дамуы  түйсік,  ойлау  үдерістерінің  дамуымен  бірге  жүріп 
отырады. 
Ал қабылдаудың дамуында тілдің мәні зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің 
аты-жөнін атап отыру – оның мағынасын ұғынуға жәрдемдеседі. Аты-жөнін 
атау сөз арқылы аталады, сөз арқылы беріледі. Сонда сөз мағынасын ұғыну, 
оның  қандай  ұғымның  аты  екенін  ұғыну  болып  табылады.  Сөздің  өзі 
жасалуына қарай алуан түрлі болады.  
Негізінен  қабылдауда  анализ  бен  синтездің  бірлікте  жүргені  абзал. 
Оқушы әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәні мен мазмұнына, 
ішкі,  сыртқы  құрылысына,  жасалу  принципіне  зер  сала бастайды.  Заттарды 
дұрыс  қабылдау,  мәніне  түсіну  барлық  пәндер  бойынша  бірдей  болмайды. 
Дегенмен тілдік тақырыптарды түсінуде бала қабылдауының даму дәрежесі 
жоғары болады.  
Негізінен,  тілдік  тақырыптарды  түсіндіруде  оқушы  қабылдауын 
дамытудың ерекше екенін ескере отырып, пән мұғалімдері сабақ барысында 
төмендегідей талаптарды басшылыққа алғаны жөн. 
1.  Көрнекі  құралдарды  қолдануда  балалардың  жас  ерекшелігін  мұқият 
ескеру; 
2.  Түсіндірілетін  тілдік  тақырыптардың  өзіндік  ерекшелігін  түсінуде, 
оқушы  үшін  байқау  мен  қабылдаудың  мақсатын  айқын  ұғыну  керектігін 
білу; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жахина Б.Б. Сөзжасамды дамыта оқытудың психологиялық негізі 
 
 
3.Түсіндірілетін  тілдік  тақырыптарды  бір-бірімен  салыстыруға,  жеке 
тілдік материалды оқушылардың қалыптасқан білімдік дағдыларымен үнемі 
байланыстырып  отыруға,  әр  түрлі  тілдік  тақырыптардың ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын  ажыратуға  көзделген  басты  мақсаттар  мен  жеке 
мәселелерді түсініп айыра алуына бағыт беру
4.Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда тілдік материалдардың 
түрі,  көлемі,  ауыр-қиындығы  есепке  алынып,  бұларды  қабылдауының 
сапалы болуына дұрыс нұсқау беру
5.Оқушылардың 
ауызекі 
сөйлеу 
тіліндегі 
немесе 
жазбаша 
жұмыстарындағы  жіберген  қателерін  өздеріне  түзеттіру  әрі  оны  қайтадан 
дұрыс  қабылдап  үйренуге  әдеттендіру  үшін  қабылдау  мен  бақылаудың 
дәлдігін тәрбиелеу

 
146 
 
Қабылдау  еспен  де  байланысты.  Ес  дегеніміз  әр  түрлі  заттар  мен 
құбылыстардың  адам  миында  сақталып,  қайтадан  жаңғыртылып,  танылып, 
ұмытылуын бейнелейтін үдеріс. 
Ес  –  күрделі  психикалық  үрдістердің  бірі.  Ол  есте  қалдыру,  қайта 
жаңғырту, тану, ұмыту деген үрдістерден тұрады.  
Ғалым Қ.Жарықбаев: «Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де, яғни 
қабылдау,  ойлау,  қиял,  т.б.  тығыз  байланысып  жатады.  Ол  –  әсіресе  ойлау 
үшін  аса  қажет.  Нәрсе  есте  дұрыс  сақталмаса  бұл  жәйт  ойлауға  қиындық 
келтіреді», – дейді [3.4-5]. 
Ал «Еске түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері ...Байланыстардың мәнісі – 
ойлау деген сөз», – дегенді айтады Ж.Аймауытов [4.8-9]. 
Есте  қалдырудың  сапасы  дұрыс  қайталай  алуға  байланысты.  Ал  мұның 
тілдік қағида ережелерді, яғни қазақ әдеби тілінің, оның ішіне сөзжасамның 
нормаларын  өмірге  қажетіне  жаратуда  мәні  зор.  Бірақ  оқығанын  ұмытып 
кеткен  соң  қайталау  пайдасыз,  ұмытпай  тұрып  қайталау  керек. 
К.Д.Ушинскийдің  пікірінше, қайталауды ескіріп,  құлап  бара жатқан үйді 
жөндеу  үшін  емес,  үйді  берік  нығайта  отырып,  үстіне  екінші  қабатын 
салу  үшін  жасайды.  Әрбір  ілгерілеп  басқан  адым  бұрынғы  өткендерді 
қайталап  отыруға  негізделу  керек.  Сонымен  қатар,  ғалым  қайталауды 
түрлендіріп отырудың мәні жөнінде бұдан бұрын жаттап алғандарды сол 
күйінде  аудармай  айтып  берудің  ешбір  қажеттігі  жоқ  екендігін,  ал 
кездейсоқ жаттап алғанды жаңа түрмен айту, яғни жаттап алғанды басқа 
сөздермен  қайталап  айтып  беру  әлдеқайда  пайдалы  екендігін  айтады 
[5.10]. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  сөзжасамдық  заңдылықтар  тек  жаттап 
алатын  догмаға  айналдырылмай,  тілдік  тақырыптардың  ішкі  мазмұны 
лингвистикалық негізгі ерекшелігі танытыла түсіндірілуі тиіс. Сонда ғана 
оқушы  «Сөзжасам»  тарауы  мен  «Морфология»  тарауының  зерттеу 
объектісін,  тілдік  тараулардың  алдында  тұрған  мақсат-міндетін  терең 
ұғынады.  Әр  тарауға  жүйеленген  тілдік  тақырыптардың  өзіндік  айырым, 
белгілерін салыстыра зерттей алады.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жахина Б.Б. Сөзжасамды дамыта оқытудың психологиялық негізі 
 
 
Жалпы  бала  есінің  дамуы  –  мұғалімнің  іскерлігіне,  әсіресе, 
психологиялық  дайындығына  байланысты.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  пән 
мұғалімі  есте  қалдыру  мен  қайта  жаңғыртудың  заңдылықтарын  жақсы 
білуі тиіс. Есте сақтау қабілетінің барлық түрін белсенді жұмыс істеткізу 
–  түсіндірілген  тақырыпты  толық  қабылдаудың  негізгі  шарты.  Есту 
қабілеті арқылы балалар ақпараттың 20 пайызын, ал көру қабілеті арқылы 
20-60  пайызға  дейін  қабылдай  алады.  Сондықтан  да  оқыту  үдерісінде 
ауызша,  көрнекілік,  практикалық  әдістерге  де  сүйенілді.  Оқушыларға 
жаңа  тақырыптарды  түсіндіру  үстінде  әрі  көркем,  әрі  айшықты  есте 
жақсы сақталатын мысал тақырыптарды қысқа да қызықты етіп қайталау 
кезінде, сөздік жұмыстарын жүргізуде көрнекілік әдісіне сүйенілді. Бірақ 
бұлар  тек  жалаң  көрнекілік,  жалаң  схемалық  қызмет  қана  атқарып 
қоймайды,  тірек,  сүйеніш  белгілері  (сигналдары)  ретінде  оқушы  үшін 
ойлану  мен  дәлелдеудің  алгоритмі  болып  табылады.  Ал  оқушының 
барлық  ықыласы  айтқанды  есте  сақтап,  қайталап  беруге  емес,  сабақтың 

 
147 
 
ішкі мәнін ұғып, ойлануға, байланыстардың себебі мен салдарын түсінуге 
бағытталады. 
Сонда схема-көрнекілік әрі оқушылардың таным белсенділігінің даму 
деңгейіне  негіз  болады.  Аталған  оқыту  әдістері  оқушылардың 
белсенділігін көтеріп, сабақты түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зерттеу 
әдісі  негізіндегі  жеке  ізденіске  әкеледі.  Әрі  бұл  әдіс  жеке  оқушының 
бейнесін,  оның  белсенділігін,  өзіндік  талпынысын,  ойын,  ой  қорытуын, 
сол ойын дұрыс әрі шебер жеткізе алуын көрсетеді. 
Осыған  орай,  сөзжасамдық  тақырыптарды  лингвистикалық  негізін 
аша  тереңдете,  дамыта  оқытумен  байланысты  оқушы  тілін  дамыту 
жұмысын  жүргізуде  шығармашылық  зерттеу,  проблемалық  әдістерді 
ұтымды  қолдана  алудың  нәтижесінде  оқушылар  шағын  әңгіме  жазуға, 
өлең  жолдарының  ұйқасын  таба  білуге,  әр  түрлі  амал-тәсілдер  арқылы 
жасалған  туынды  сөздің  мағынасын  түсініп,  орынды  қолдана  білуге 
дағдыланады. 
Әрі  қазақ  тілі  сабақтарында  оқылатын  тілдік  тұлғалар  оқушылардың 
сөйлеу  тәжірибесінде,  шығармашылығы  мен  сөйлеу  әрекетінде 
қолданылуға  тиіс,  сонда  ғана  тіл  интеллект  дамытудың  қайнар  көзіне 
айналады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Сеченов И.М. Избранные произведения. І,1. -М.: 1952.   
2.
 
Павлов И.П. Полное собрание сочинений. ТЗ. 1949.   
3.
 
Жарықбаев Қ. Психология негіздері. -Алматы: 2005.   
4.
 
Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. -Алматы: Білім, 2000. 
5.
 
Ушинский К.Д. Избранное произведение.Выпуск 2, -М.-Л.:, 1946.   

 
148 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ө.ТҰРЫСҚҰЛОВ 
 педагогика ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ АРҚЫЛЫ  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ 
ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛІ 
  
В  статье  рассматривается  теоретическая  модель  процесса  патриотического  воспитания  
подростков  через достижения казахской борьбы. 
 
This article  deals with  the  theoretical  model  of  process of  patriotic  education  of  teenagers  through 
achievements of Kazakh wrestling. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Елімізге, 
бойында ата-бабаларымыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті бар, 
егеменді елімізге аямай қызмет ететін ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты 
да  салауатты  азаматтар  қажет,  сондықтан  болашақ  еліміздің  намысын 
жықпайтын 
азаматтардың 
бойына 
патриотизмді 
қалыптастыруда, 
бабалардың ерлік-істерін үлгі ретінде тәрбие саласында қолдану керектігін» 
[1.271]  айрықша атап өткен болатын. 
Сонымен 
қатар, 
республика 
көлемінде 
қаншама 
арнайы 
мамандандырылған  спорт  мектептері  бар.  Сол  мектеп  оқушыларының 
патриоттық  тәрбие  мәселесі  бүгінгі  күні  кенже  қалып  отыр.    Яғни,  арнайы 
спорт  мектептерінде  патриоттық  тәрбие  мәселесі  оқушылардың  өзіндік 
психологиялық    ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  педагогикалық  әдіс-
тәсілдері дұрыс шешілмеген. 
Сондықтан  да  бүгінгі  таңда  замана  ағымына  қарата  пайда  болған  тың 
ұғымдарды  айқындап,  оларға  анықтама  беру  қажет  және  республика 
көлемінде  арнайы  мамандандырылған  спорт  мектептерінің  оқушыларының 
бойына  отаншылдық  қасиетті  қалыптастыру  қажеттігі  туындауда.  Одан 
бөлек, жас балуандарды дайындауды  қазақ балуандарының  бейнесі  арқылы 
патриоттық  тәрбиені  қолға  алу  және  оның  ғылыми  педагогикалық  әдіс-
тәсілдерін  енгізу  өзекті  болуда.  Өйткені  болашақта  еліміздің  көк  байрағын 
спорт  саласында  тік  ұстау  тікелей  отаншыл  азаматтар  қолында  болады. 
Жаттығу кезіндегі қиындықты жеңу, жарыс кезіндегі жауапкершілік, әлемдік 
жарыстарда қазақ елінің көк байрағын көтеріп, әнұранын ойнату, бұл нағыз 
патриоттың қолынан келетін ғана іс. 
Сондықтан  да  біздегі  ғылыми-зерттеу  жұмысында  алда  тұрған  басты 
мақсаттардың бірі – қазақ күресі арқылы әлемдік жарыстарда жеңіске жеткен 
балуан  аталардың,  ағалардың,  бүгінігі  күрес  жеңімпаздарының  өмірдерегі 
арқылы  балаларымыздың  отансүйгіштік  қасиетін  дамытуда  тәрбие  үрдісіне 
қолдану.  Кешегі  Балуан  Шолақ  (Нұрмұхамбет),  Қажымұқан  Мұңайтпасов, 
А.Айханов,  Ж.Үшкемпіров,  Д.Тұрлықанов,  т.б.  еңбек  жолдарын  бүгінгі 
спорт мектептерінде, оқу-жаттығу сабақтарында қолданса, жасөспірімдердің 
жігері  тасып,  еліне  деген  өз  бойында  жауапкершілігі  артып,  жаттығудың 
қиындығына қарамай, алда өткен аға ұрпақ сияқты көк туын желбіретер еді. 
Қазақ балуандарының қаһармандық  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Тұрысқұлов Ө. Қазақ күресінің жетістіктері арқылы  жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу...  
 

 
149 
 
 
бейнесі  арқылы  жас  жеткіншек  ұрпақтың  бойында  елдік,  ерлік,  Отанға 
деген  сүйіспеншілік,  еріктік  қасиеттерді  дарытып,  олардың  ерлік 
мұраларына  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін,  танымдық  қызығушылығын 
дамыта түсері анық. 
Сондай-ақ  жігіттің  бойында  болуы  қажет  «байқағыштық,  шеберлік, 
ерлік,  күштілік  және  табандылық,  шапшаңдық,  білімділік»  секілді 
қасиеттерінің  қалыптасуына  әсер  етеді  [2.317].  Мұның  өзі  бүгінгі 
спортшылардың  қазақ  батырларына  отан  отансүйгіштік  қасиеттерді  танып-
білуіне  және  өздеріне  үлгі  алуына  септігін  тигізеді.  Дейтұрғанмен,  болашақ 
тұлғаның  бойындағы  балуандардың  қаһармандық  бейнесі  педагогика 
ғылымында  ескерілмей  келе  жатқанын  айтуымыз  қажет.  Сондай-ақ  тәрбие, 
білім, ғылымда нақты көңіл бөлудің нысаналы тұстары байқалып отыр. Олай 
болса,  қазақ  күресі  арқылы  және  қазақ  балуандарының  қаһармандық  бейнесі 
арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды айқындап, оны жинақтау 
үшін  модельдеу  арқылы  түсіндіруге  болады.  Жалпы  гуманитарлық, 
техникалық,  жаратылыстану  ғылымдарында  модельдеу  әдісі  тиімді 
қолданылып келеді.  
«Модель» 
ұғымын 
сипаттауда 
М.К.Мамардашвили 
модельде 
«эмпирикалы  түрде  байқалатын  барлық  толып  жатқан  қасиеттері  мен 
байланыстары  тізілетін  сияқты,  олар  бұл  жағдайда  тек  ғылыми  жолмен 
алынады; адам оларға қатысты зерттеуші болады» [3.35], – деп атап көрсетеді. 
Ойымызды  нақтылай  отырып,  қазақ  балуандарының  қаһармандық 
бейнесінің теориялық моделін ұсынамыз.  
Бүгінгі  күнгі,  арнайы  спорт  мектеп  интернаттарындағы  оқушылардың 
отансүйгіштік  қасиетінің  деңгейлерін  айқындау  мақсатында  эксперимент 
жұмысын  осы  ұсынылған  теориялық  моделге  сай  жүргіземіз  (Кесте    1). 
Жасалынған  модельдің  мақсаты  -  қазақ  балуандарының  қаһармандық 
бейнесі  арқылы  оқушылардың  отансүйгіштік  қасиетін  қалыптастыру. 
Отансүйгіштік  қасиеттер  жеке  тұлғаға  тән  болатын  (қаһарлы,  батыл, 
сұсты,  арлы,  епті,  т.б.)  негіздеулерден  тұрады.  Мазмұны:  жаттығу,  тәрбие 
үрдісінде қолданылуы. 
Құралдары: балуандарға қатысты және қазақ күресіне қатысты шежірелер, 
көркем шығармалар, тарихи әдебиеттер. 
Әдістері: тест, сауалнама, рольдік ойындар, жаттығулар, т.б. 
Түрлері,  формалары:  факультативтік  сабақ,  семинар  сабақ,  топ  серуен, 
ғылыми конференция, т.б. 
Нәтижесі:  бүгінгі  күннің  талаптарына  жауап  беретін,  Отанын  сүйетін, 
оның  құндылықтарын  сақтайтын,  еліміздің  өркендеуіне  үлес  қосатын,  білім 
мен  ғылымды  толық  меңгерген,  отансүйгіштік  қасиеттері  қалыптасқан 
тұлғаны тәрбиелеу. 
Демек,  жоғарыда  келтірілген  теориялық  моделімізді  негізге  ала  отырып, 
қазақ күресі және қазақ балуандардың қаһармандық бейнесі арқылы арнайы 
мамандандырылған    спорт    мектептері    жасөспірімдерінің   отансүйгіштік  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Тұрысқұлов Ө. Қазақ күресінің жетістіктері арқылы  жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу...  
 
 
қасиеттерін қалыптастыру өлшемдері жасалынады: 

 
150 
 
1.Оқушылардың 
«патриотизм», 
«отансүйгіштік», 
«қазақстандық 
патриотизм»,  «қаһармандық»,  «спорттық  патриотизм»,  «қазақ  күресі»,  т.б. 
ұғымдарын игеруі; 
2.  Қазақ    күресі  және  қазақ  балуандарының    бейнесі    арқылы  
отансүйгіштік қасиеттерді өз бойында қалыптастыру қажеттілігін түсінуі; 
3.Жасөспірімдердің  қазақ  балуандарының  қасиеттеріне  еліктеуі  және 
өздерінің отансүйгіштік қасиеттерін іс-әрекеттері арқылы дамытуы. 
Біз  анықтама  берген  өлшемдердің  мазмұнында отансүйгіштік  қасиеттер 
жеке  тұлғаның  өмір  сүру  ортасындағы  іскерлігін,  белсенділігін,  дағдысын 
қалыптастыруға  бағытталады.  Сондай-ақ,  біздің  өлшемімізге  алынған  казақ 
балуандарының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді оқу-
тәрбие үрдісінде жүргізуге мүмкіндігі зор болып табылады.  
Оның негізгі міндеттері: 
-
 
арнайы  мамандандырылған  спорт  мектептері  жасөспірімдерінің 
отансүйгіштік  қасиеті   іс   жүзінде, тәжірибелік тұрғыдан көрініс береді. 
-
 
жаттықтырушы - спортшы - ата-ана - достары, т.б. қарым-қатынасы 
барысында отансүйгіштік қасиеттердің алатын орны. 
Жас спортшының бойындағы негізгі отансүйгішттік қасиеттері: 
Бір сөзді, батыл, сабырлы, қайсар,  бауырмал, рухы биік, төзімді, достыққа 
адал,  отан  алдындағы  борышына  жауапкершілікпен  қарайды,  намысшыл,  тез 
шешім қабылдай біледі.  
Біздің  тәжірибе  жұмысымызда  жаттығу  сабақтары  үш  кезеңнен 
тұрады,  оларды  шартты  түрде  былай  көрсеттік:  дайындық  кезеңі,  негізгі 
кезең,  қорытынды  кезең.  Осындай  жүйеліліктен  шыға  отырып, 
жұмысымызды  жоспарлаймыз,  әрбір  кезеңге  және  әр  сабақтың  толық 
барысына лайықтап міндеттер мен мақсаттар қоямыз. 
Дайындық кезеңінде мәліметтерді жинақтау және сұрыптау жүргізіледі. 
Жаттығудан тыс тәрбие іс-әрекеттерінде ерлік сабақтарын өткізу арнайы 
мамандандырылған  спорт  мектептерінің  жасөспірімдерін  қоғамдық-саяси 
іске тарту мақсатын көздейтін шығармашылық үдерісті  құрайды, сол 
арқылы  жасөспірімдердің  өзін-өзі  тәрбиелеуі  және  тәрбиеленуі  жүзеге 
асырылады.  Мұндай  жүмыстарға  араласу,  еркіндіктің  болуы,  ұжымдағы 
қарым-қатынас 
арнайы 
мамандандырылған 
спорт 
мектептерінің 
жасөспірімдерінің  қоғамдық  міндеттерді  орындау  барысындагы  саяси 
толыққандылығын қалыптастырады. 
Сабақты  ұйымдастырушы  және  өткізуші  топқа  енетін  белгіл і  бір 
спорттық  дәрежеге  қол  жеткізген спортшылар  шешім  қабылданған  
соң жұмысқа белсенді түрде қатысады. Ардагер спортшылар туралы қызықты 
жайттарды  көбірек  білуге  тырысады,  ол  үшін  әңгімелесулер,  өткен 
жылдардың  және  бүгінгі  күннің  мақалалары,  архив  материалдары, 
кітаптар  мен  журналдар  пайдаланылады,  олардың  өміріндегі  жекелеген 
эпизодтар нақтыланып анықталады. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Тұрысқұлов Ө. Қазақ күресінің жетістіктері арқылы  жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу...  
 
 
Кесте 1 – Қазақ күресінің жетістіктері мен балуан бабалар мен ағалар бейнесі 
арқылы жасөспірімдердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың  
өлшемдері мен деңгейлері және көрсеткіштері 

 
151 
 
 
Жинақталған  материалдар  сабақ  дайындығын  жүргізуге  көмектеседі; 
алдымен  жалпы  жоспар  дайындалады,  соңынан  Балуан  Шолақ  пен 
Қажымұқанның  өміріндегі  қызықты  эпизодтар  жинақталады.  Құжатты 
мәліметтер таңдауға алынады (хаттар, естеліктер, фотосуреттер және т.б.) 
әрбір сабаққа  қатысушы жұмыста жеке тәуелсіздік, шығармашылық ізденіс, 
таланттылык көрсетеді. Жұмыс жаттықтырушылардың ұйымдастыруымен 
және  басшылығымен  өтеді,  бұл  оның  тиімділігін  және 
нәтижелілігін арттырады. 
Екінші  негізгі  кезеңде  белгіленген  жоспар  бойынша  материалдар 
жинақтау  жалғаса  береді.  Жас  спортшылардың  балуан  бабаларымыздың 
ерлігіне өздерінің қатыстылығы сезімдерін қалыптастыру мақсатында  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Тұрысқұлов Ө. Қазақ күресінің жетістіктері арқылы  жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу...  
 
 
тыңдаушылардың  сезімдері  мен  ойына  белсенді  әсер  ету  үшін  әрбір 
қатысушының  іскерлік,  интеллектуалдық  қабілеттері  және  барлық 
мүмкіншіліктері толығынан пайдаланылады. 
Әрбір  қатысушы  негізгі  мәтінге  өздерінің  ұсыныстарын  қосады, 
оларды  ұжымда  жан-жақты  түрде  талқылап,  сабақ  жоспарына  қосу 
 
№ 
Өлшемдері 
Жоғары деңгейі 
Орта    деңгейі 
Төмен  деңгейі 
1.
 М
от
ив
ац
ия
лық
 
Жа
сө
сп
ір
ім
де
рд
ің 
«о
та
нс
үй
гі
ш
ті
к»
, «
па
тр
ио
тиз
м
»,
  
«с
по
рт
тық
 па
тр
ио
тиз
м
»,
  
«қ
аз
ақ
ст
анд
ық
 
па
тр
ио
тиз
м
»,
 
т.
б. 
 
ұғ
ым
дар
ын
 иг
ер
уі

Өзін  өзі  шынықтыра 
отырып 
төзімділік, 
намысқойлық, жүректі-
лік, 
ептілік, 
ақыл-
айлалық 
арқылы 
қиындықты 
да,  
қарсыласты  да  жеңіп, 
өз  отанының  намысын 
жоғары 
ұстау 
қасиеттері 
бойында 
тұрақты қалыптасқан; 
Өмірдегі  және  спорт-
тық 
қиындықтарды 
жеңуге  бағытталған  ар-
намысы,  ержүректігі,  іс 
әрекеті,  т.б.  қасиеттері 
бар,  бірақ  тұрақсыз, 
өзіне-өзі  толық  сенбей-
ді,    жеңіске  ұмтылу,  ел 
намысы  -  ер  намысы 
қағидасын іске асыруда 
жауапкершілігі 
тұрақсыз; 
Еліміздегі 
ұмтылыстар 
мен 
өзгерістерге 
немқұрайлы, 
бойында 
намысы  жоқ,  қиындыққа 
шыдамсыз, Отан, ел, жер, 
ата 
тілі 
мен 
қазақ 
тарихын 
білмейді, 
отансүйгіштік 
ұғымын 
бағалай алмайды; 
2.
 Та
ным
дыл
ық
 
Қ
аз
ақ
 к
үр
ес
ін
ің
 ж
ән
е 
бал
уа
н 
 
баба
ла
р 
м
ен 
ағ
ал
ар
ды
ң 
 
бей
не
сі
 а
рқ
ыл
ы 
 
от
ан
сү
йг
іш
ті
к 
қа
си
ет
те
рді
  
қа
лыпт
ас
ты
ру
дың
 қ
аж
ет
ті
гі
н 
 
тү
сі
ну

Қазақ 
күресінің 
жетістік-тері 
мен 
балуан  бабалар,    бітім 
тұлғасы  үлгі  болардай 
ерліктерімен  таныс,  өз 
отаннын 
сүйетін, 
жеңіске,  ел  намысы 
үшін 
тез 
шешім 
қабылдап,  батыл  іске 
дайын;  
Палуандардың 
елге 
сіңірген 
әр 
істерін 
білуге 
талпынбайды, 
отансүйгіштік  қасиетке 
жалпылама 
түсінікте 
қарайды, 
Отан 
алдындағы 
борышын 
еліміздің  көк  байрағын 
көтерту  арқылы  өтеуге 
болатынын 
толық 
білмейді; 
Қазақ  күресінің  әлемдік 
деңгейдегі  орнын  және 
балуан 
бабалардың 
ерлігін,  
Отансүйгіштік  қасиеттер 
туралы  түсінігі  төмен, 
оны 
саналы 
түрде 
ұғынуға ынтасы жоқ; 
3.
  М
ін
ез

ұл
ы
қт
ы
қ 
Жа
сө
сп
ір
ім
дед
ің
 қ
аз
ақ
 к
үр
ес
іні
ң 
 
ж
ет
іс
ті
кт
ер
іне
 ж
ән
е 
бал
уа
н 
 
баба
ла
р 
м
ен 
ағ
ал
ар
ды
ң 
от
ан
ы 
 
үш
ін
  
ат
қа
рғ
ан 
іс
те
рі
н 
ба
ға
ла
й 
 
от
ыр
ып 
өз
де
рі
ні
ң 
от
анс
үй
гі
ш
ті
к 
 
қа
сие
ті
н 
да
м
ыт
уы

Қазақтың 
күрес 
өнерінің  жетістіктеріне 
мақтана, 
балуан 
бабалардың  ел  үшін 
істеген  істерін  үлгі 
тұта,  отан  үшін  ар 
намыс, 
қиындықты 
жеңуге ұмтылады,  
Отансүйгіштік 
қасиетін  дүниедегі  ең 
алып  күш  деп  сенеді 
және  оны  дамытуға 
талпынады. 
Қазақ 
күресінің 
жетістіктері 
мен 
палуандар 
жеңісіне 
немқұрайлы  қарайды, 
ар-намыс, 
отансүйгіштік  қасиетті 
қастерлеп, 
оның 
мағынасына 
мән 
бермейді. 
Отансүйгіштік 
қасиеттерге  қайшы  іс 
әрекеттер 
байқатады, 
қазақ 
күрес 
жетістіктерін, 
бабалар 
ерліктерін  білмейді,  ар-
намыс, 
ұят 
ұғымдарының 
мағынасына 
мән 
бермейді. 

 
152 
 
үшін шешім қабылдайды. Сабақтың негізгі мазмұны мен оның әдістемесін 
өзгертпей-ақ,  жекелеген  жағдайларда,  егер  оның  кейбір  жақтарын 
күшейту  қажет  болса,  -  қосымша  өзгертулер  енгізілуі  мүмкін.  Бұл  оған 
қатысушылардың  талапкерлігін  төмендетпейді,  керісінше  тапсырылған  іске    
жауапкершілігін,  оның санасын арттыра түседі. 
Үшінші  (соңғы)  кезеңде  жаттығудың  жұмыс  жоспары  толық 
пысықталады.  Сабақтың  негізгі  мәтінін  және  әдістемесін  өзгертпей,  кей 
жағдайларда қосымша  өзгертулер  енгізуге  болады,  егер  де  олар  оның  белгілі 
бір жерлерін күшейту үшін жасалатын болса.  Бұл  оған  қатысушылардың 
еркін  бәсеңдетпейді,  керісінше  олардың  тапсырылған  жұмысқа  деген 
жауапкершілігін арттырып, оның тиімділігін жоғарылатады. 
Ұйымдастырушылар сабақ өтілетін орынның эстетикалык безендірілуіне 
айрықша  назар  аударады  (зал,  плакаттар,  суреттер, жарық, техникалық 
жабдықтар, сондай-ақ ардагерлер мен қонақтарды шақыру). 
Сабақ  құрылымы  мен  жас  спортшылардың  ізденіс  әрекеттері  бізге 
сабаққа  материал  таңдау  өлшемдерін  нақтылы  анықтауға  мүмкіндік 
берді:  патриоттық  тақырыппен  байланыстылық;  оқу  материалымен 
байланыстылық; 
тыңдаушылардың 
тәжірибесі 
мен 
білімін, 
қызығушылығын 
есепке 
алу; 
шығармашылық 
талапкерлік 
мүмкіндігін  табу.  Сонымен  қатар,  әдебиеттерді  шартты  түрде  оқу  тиімді 
әдістемелерді  таңдап  алуға  көмектеседі.  Жарыс  барысында  жеңімпаздардың 
жан  аямай  күрескен  сәттерінен  үзінділер  беріледі.  Бұл  жас  спортшылардың 
толқуына, еліне, отанына деген сезімінің оянуына өз септігін тигізеді.  
Әзірленген  үлгінің  негізінде  деңгейлер  ауқымы  айқындалды:  олар 
жоғары, ортаңғы және төменгі болып белгіленді. 
Жоғары  деңгей  –  спортшылардың  патриотизмін  қалыптастырудағы 
қазақ  балуандары  ерлігін,  өмірінің  маңыздылығын  терең  түсінеді,  оларға 
тұрақты  қызығушылық  тудырады  және  оны  эмоциялы  түрде  қабылдайды, 
халық  педагогикасы  құндылықтары  негізінде  терең  білім  алады  және 
патриоттық  тәрбие  ісінде  оның  маңызын  толық  сезінеді,  патриоттық 
сипаттағы  мазмұнды  еркін  талдайды,  талқылау  барысында  өз  позициясын 
дәйекті түрде қорғайды, мемлекеттік рәміздерге терең құрмет көрсетеді. 
Ортаңғы  деңгей  –  оқушылар  патриоттық  сезім  қалыптастырудағы  халық 
педагогикасы  құндылықтарының  маңыздылығын  жеткілікті  түсінбейді,  халық 
педагогикасы  құндылықтарына  ахуалдық  қызығушылық  тудырмайды  және 
оны  эмоционалды  қабылдамайды,  халық  педагогикасы  құндылықтарын 
түсінуге ұмтылысы әлсіз, патриоттыққа тәрбиелеудегі халықтық  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет