А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
Бүгінгі таңда Қазақстанда маман дайындаудың Ұлттық бағдарламасын
дайындап, оны іске асыруда жоғарыда аталған жағдай маман дайындау мен
тәлімдік жүйесіндегі түбегейлі қайта құрулар жағдайы орын алып отыр.
Осыған орай маман дайындаудың мемлекеттік бағдарламасына байланысты
идеялар мен тұжырымдарды енгізу және оның статегиялық мақсаттарын іске
асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім
қабылдау алда тұрған міндет.
Сонымен бірге маман даярлау бағдарламасын іске асыру бағытында
статегиялық мақсатқа қол жеткізудің нақты бағыттары бойынша мақсатты
бағдарламалар жасалуда, олардың дайын болғанының саны бүгіннің өзінде
15-тен артты. Сонымен қатар көп санды ғылыми-зерттеу бағдарламалары,
«шаралар жүйесі» жарық көрді, орталық және аймақтық деңгейлердегі
жауапкерлі практикалық шаралар қабылдануда. Оларда мемлекеттік
бағдарламаның идеялары мен тұжырымдары қаншалықты дұрыс өрнек
тапқаны «ішкі» мақсаттар мен міндеттердің қаншалықты дәл қойылған,
оларды қолға түсіру жолдары мен құралдары сәйкесті таңдалғаны, мүдделі
мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру реттіктерінің
ойластырылғаны және басқа да маңызы кем болмаған мәселелер – болашақта
шешімін күтуде [5].
Бұл орайда осы заманғы талаптарға жауап берерліктей бағдарламаны
нақтылау және орындау үшін қажет ғылыми негізделген қадамдарды тауып
жеке пайдалану өте маңызды іс-әрекеттердің бірегейі. Мұндай талаптарға
сай келетін шаралар-бұл педагогикалық зерттеулер мен тәлім және маман
дайындаудағы ауқымды жобаларды бағдарламалық мақсат бағытымен
жоспарлау. Бұл жолда да ауқымдылықтар мен кемшіліктер болуы ықтимал.
Дегенмен, аталған бағдарламалардағы мақсаттың орындалу дәрежесі
қаншалықты, оларға көп жеткізу құрал-жабдықтары дұрыс іріктелген бе?
Бүгінгі жағдайлар шоғырында тәлім жүйесі мен ғылыми-зерттеу
институттарының тұрақты қызметі мен қалыпты дамуын қамсыздандыра
алатын қайта құру жобалары дайындау мен насихаттауда әлеуметтік
жауапкершілік пен болжамды шама өлшемі жетіспейтін секілді. Біздің
ойымызша, бұл сынды жобалар олардың авторлары тарапынан
педагогикалық
дербестік,
яғни
жүйелілік,
кешендік,
біртұтастық
принциптері мен бағдарлы мақсаттың негізгі жақын ғылымдық талаптардың
қанағаттандырылуы тиіс. Маман дайындаудың Ұлттық бағдарламасын іске
асыру барысында көптеген педагогикалық жаңалықтар туындауы дау
тудырмайды. Сондықтан бағдарламаның стратегиялық және жуық
мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін әдіснамалық бағыттар
жөнінде әңгіме жүргізу аса қажет.
Мақсаттар қалыптастырудағы тікелей де, астыртын формада да әрқилы
әлеуметтік және мемлекеттік институттар ықпал жасайды. Біріншіден, бұл
мемлекеттік биліктің республикалық органдары: Парламент және Үкімет
министрлері. Әрі қарай – министрліктер мен ведомстволар, олардың
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
131
аймақтық бөлімдері, мемлекеттік биліктің жергілікті органдары, ғылыми-
зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарындағы ғылым. Мақсат
таңдаудың бастапқы кезеңінде жоғары әлеуметтік институттар шарықты
жалпыланған біртекті ойды қару етеді. Мақсаттың бұл өрісіндегі үдеріс
жалпы халықтық маңыз бен мүддеге сай үкімет тұжырымдарынан бастау
алып, «жоғарыдағылардың» қуат-күшімен орындалады және одан әрі
төмендеумен
сапалық,
теориялық
және
қолданбалы
арналарда
басымдылығымен бөлшектене іске асып барады. Бөлшектенудің бұл
үдерісіндегі әрбір арна тапсырыстық тұтыну сапасына ие, нақты жеке
мекендік маңызды материалдықтарға ие, рухани өндірістің жергілікті
жобалаларымен аяқталады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция /проблемы становления и развития/. -Алма-Ата:
Наука. 1982. 256 с.
2.
Таранов А.А. Высшая школа: правовые аспекты перестройки. -Алма-Ата: Казахстан. 1988. 80 с.
3.
Тургумбаев А.Х. Роль образования в формировании всесторонне развитой личности. -Алма-Ата:
Мектеп.
4.
Турченко В.Н. Научно-техническая революция в образовании. -М.: Мысль, 1978. 295 с.
132
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
К.М.БЕРКІМБАЕВ
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Б.Б.КЕНДЖАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
В статье рассматриваются педагогические основы профессиональной компетентности будущих
учителей, раскрыто понятие компетентности и описаны критерии профессиональной компетентности.
This article deals with the pedagogical principles of professional competence of future teachers. The
conception of competence is revealed and criteria of professional competence are described in this article as well.
Қазақстан Республикасында Білім беру жүйесін жетілдіру оқытушы-
профессор құрамынан үлкен жан-жақтылықты талап етеді. Сондықтан,
оқытушы-профессорлардың тұлғалық қасиеттері мен кәсіби құзырлықтарына
үлкен талап қойылады. Қазіргі кезде, оқытушы-профессор құрамы білім
беру жүйесін жетілдірудегі кез келген өзгерістердің, педагогикалық
үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі оқыту жүйесіне шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген кәсіби шеберлігі
қалыптасқан білікті маман қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу
үдерісін ұйымдастырушы инженер бола білуі керек. Сонымен қатар,
студенттің шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік
кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан болашақ маманның
мамандық шеберлігі анықталады.
Мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Яғни, білім
сапасын көтерудің негізгі тетігі – болашақ мұғалім, сондай-ақ оның
теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Кәсіптік құзырлылық үш бөлікті кілттік, базалық және арнайы
құзырлылықты біріктіреді.
Кілттік құзырлылықтар терминіндегі жоғары білім беру стандартындағы
бітірушілерді дайындау деңгейінің талаптарын нақтылау бүгінгі күннің
өзекті
мәселесі
кәсіби
білімдердің,
іс-әрекеттердің
және
адам
практикасындағы кәсіби құзырларды іске асыру потенциалдары арасындағы
қарым-қатынасты анықтау болып отыр. М.В.Рыжаков “Білімдер мен
дағдылар формальды білім берудің, бүтіндей стандарт аясына сиыспайтын
кілттік құзырлар – кәсіби білім берудің атрибуттары болып табылады” [1.3-
13].
Жаңа қоғам айналасында жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында жан-
жақты өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап
дамыған ғасыры деп аталатыны белгілі. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне
білім негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүние жүзілік білім,
ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен
суарылып отыруға тиісті. Бұл істе белгілі бір нәтежиеге қол жеткізу үшін,
133
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Беркімбаев К.М., Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын...
мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–
экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез бейімделгіш, жаңаша ойлау
жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы
қажет. Өз мамандығының шеңберінде қалып қойған мұғалім білімгерге
білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның
бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты,
терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың
бірден-бір жолы – білімгерді білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін
іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мұндай жағдайларда болашақ
мұғалімнің үлкен біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойы терең,
ғылыми-әдістемелік
біліммен
терең
сусындаған,
педагогика
мен
психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.
Педагогтардың келесі инвариантты құзырлылықтарын бөліп көрсетуге
болады:
-ақпараттық
(оған біздің пікірімізше бағдарламалық және
трансляциялық құзырлар енеді, Т.В.Добудькода бұл жеке құзырлылықтар,
сондай-ақ, оған ақпаратты білімге айналдыру, ақпаратты талдауға және
жалпылауға, жүйелеуге байланысты аналитикалық іс-әрекетті сиыстыруға
болады);
-модельдеуші (әмбебап зерттеушілік, түсіну мен логикалық ойлауды
дамытушы ретінде);
-бақылау-бағалаушылық, гностикалық (сапалық және сандық бағалар,
өзін-өзі бағалау);
-жию
(басқарушылық,
ұйымдастырушылық,
құрастырушылық
интеграциясы ретінде);
-мәдени-бағалаушылық (білім берудегі азаматтық принципті іске асыруға
бағытталған мәдениет үлгілерін меңгеру ретіндегі көзқарас);
- коммуникативтік (ашық білім беру кеңістігінде, саяси-мәдени қоғам
өмірінде, толеранттықта өзін-өзі оқыту, әлеуметтендіру қабілеті);
Педагогтарды ақпараттандыру жағдайында құзырлылық тәсілге
бағытталған дайындау тұрғысынан оның кәсіптік іс-әрекетінің
коммуникативтік, ұйымдастырушылық, жобалаушылық, гностикалық және
құрастырушылық құрамдарының талдануы айтарлықтай мәнге ие.
Қазіргі заманның білім сапасы - мұғалім қауымының қызметінің сапасы.
Ал, мұғалімге бағаны тек оның кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай,
өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін
ұйымдастыра алатын шеберлігінен байқап, беруге болады. Қазіргі заманда,
әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім.
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік,
дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б.
технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі
арқылы білімгер қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды
талап етеді. Ақпараттық және оқытудың инновациялық
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Беркімбаев К.М., Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын...
134
технологиялары арқылы барлық білімгерлерге бірдей білім беруге және ол
әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін
ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсіби шеберлік.
Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының
кәсіптік шеберлігіне байланысты. Осы жайында зерттеген А.К.Маркова
мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық
критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі,
сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші;
2.Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның
табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес;
3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған
нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың
критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің
шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірбиесін, еңбегіне өзгерте алуы
жатады.
Біліктілікті арттыру – өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік
пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы бағдармалар арқылы
оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін
көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби
құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында
тұлға субъектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
отырған ұғым. «Құзырлылық» – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар,
білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде
беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті
жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін
айтады.
М.А.Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып
көрсетеді:
тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік,
психологиялық аспектілерін меңгеруі;
қызметті
жаңа
жағдайға
бейімдеудегі,
басқару
шешімін
қабылдаудағы дайындығы;
практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану
біліктілігі;
тиімді шешім кабылдау қабілеті [2.36 ].
135
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Беркімбаев К.М., Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын...
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің
жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы
орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық
сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының
бірлігі,жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін
орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық
дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен
практикалық біліктілігі, тәжірбиеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы
ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін,
біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез–құлқын, ең бастысы - тұлға мүмкіндігін
бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық
аша бастады. Олай болса, құзырлылық– нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет.
Құзырлылық тәсілдері:
-
нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі;
-
танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі;
-
адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау;
-
өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі;
-
құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды
шешудегі біліктілік.
Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі,
интеллектісі, тектілігі [3. 208].
Құзырлылықтың
сапа
белгілері:
дүниетанымы,
адамгершілігі,
еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальнейдің өскелең ұрпақтың
бойына білім мекемелері мынадай құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп
есептейді:
1.Саяси және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның өзіне
жауапкершілік ала алуында.
2.Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар.
Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
3.Жазбаша және ауызша қарым – қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл
әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу
де жатқызылады
4.Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл
жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған
сыни баға беру білу деген мағынаны береді.
5.Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір
бойы білім алуға қабілеттілік.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Беркімбаев К.М., Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын...
136
Болашақ мұғалім:
-
ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық
үдерістегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін
ұйымдастырып, оның нәтежиелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын
жағдайда артта қалушылықты реттеу;
-
білімгерлердің негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы:
құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-
тұлғалық;
-
білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру.
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды,
мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын,
өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға
қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз
керек. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары
білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі
ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы
оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші,
жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды
тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.
Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді –
ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып,
қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа
жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби
әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін
айғақтайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Рыжаков М.В. Российская система образования состояние и перспективы // Стандарты и мониторинг
в образовании. -М.: 2006. №5.
2.
Добудько Т.В. Проект образовательного стандарта подготовки учителей информатики. -Самара: Изд-во
Самарского государственного педагогического университета, 1999. 36 с.
3.
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. -
Алматы: 2005. 208 бет.
137
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Л.С.СМАНОВ
доктор педагогических наук, профессор
Г.АЛИПХАН
соискатель МКТУ им. А.Ясави
ФОРМИРОВАНМЕ ЦЕННОСТНЫХ ОРИЕНТАЦИЙ СТУДЕНТОВ
В статье представлены основные положения, обусловливающие значимость и необходимость
формирования гуманистических ценностных ориентаций молодежи в период вузовского
становления.
The article deals with the main points which help to understand the importance and necessity of
forming hummane upbringing of youth at high schools.
Формирование ценностных ориентаций личности происходит в такой
образовательной среде, в которой обучение и воспитание органично связаны
с наукой, культурой и историей. Период обучения в вузе содержит в себе
огромный потенциал для реализации воспитательных задач, поскольку здесь
идет становление не только образования как деятельности, но и образования
как экономического, социального и культурно-духовного развития страны.
Причастность к духовным и культурным ценностям своего народа
обеспечивает молодому поколению понимание образования как важного
фактора развития общественного и национального сознания.
Идеал современного образования, как вообще любой идеал, не возникает
из ничего или исключительно из сознания как системы норм и ценностей, а
детерминируется условиями, т. е. прошлым и настоящим общества, что
также необходимо учитывать при формировании ценностных ориентаций
личности. Образование не существует изолированно от других видов
деятельности. Оно изначально ангажирует содержание духовных ценностей,
отраженных и в деятельности вообще, и в таких ее областях, как культура,
наука, религия. Предметное содержание вузовского образования интегрирует
его в систему, и потому профессиональное обучение представляет собой
определенную систему средств и способов, а не просто организованный
фрагмент культуры. В социальном аспекте вузовское образование является
инструментом становления человека, его ценностей, социальных и духовных
качеств.
В настоящее время осуществляется переход от предметно-
ориентированного к личностно-ориентированному образованию. Его
содержанием является не просто сумма знаний, умений, навыков, а
формирование способностей к овладению ими. При таком подходе гораздо
важнее та культурная, научная, социальная ориентация на инновационные
технологии,
призванные
активизировать
механизм
«взращивания»
национальной элиты, выступающей мощным фактором профессионального,
духовного развития общества.
138
Достарыңызбен бөлісу: |