Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Тұрысқұлов Ө. Қазақ күресінің жетістіктері арқылы  жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу...  
 
 
шығармалар  мүмкіндіктерін  толық  түсінбейді,  балуан  бабалар  туралы 
білмейді,  қазақ  күресінің  тарихын  білмейді,  мемлекеттік  рәміздерді  (ту, 
елтаңба, әнұран) біледі. 
Төменгі  деңгей  –  патриотизмді  қалыптастырудағы  қазақ  күресі,  қазақ 
балуандарының  маңызы  мен  мәнін  дұрыс  түсінбейді  және  оған 
қызығушылық  тудырмайды  және  оны  қабылдамайды,  бұл  патриоттық 
тәрбиелеудегі оның пайдалану мүмкіндігін азайтады. 
Ұсынылып  отырған  құрылымдық  үлгі  оқушылардың  қалыптасқан 
патриотизмінің деңгейін алдын ала зерделеуге, қағидалар жүйесін (оқушылар 

 
153 
 
патриотизмінің  қалыптасу  үрдісіне  жүйелік,  кешенді,  тұлғалық-қызметтік 
ұстанымдар қағидасы; оқушылардың жас ерекшелігі мен бас ерекшеліктерін 
есепке  алу  қағидасы;  арнайы  мамандандырылған  спорттық  мектептің 
оқу-тәрбие  үрдісінің  сабақтастық  қағидасын  сақтау;  оқу  және  тәрбие 
мақсаттарының,  мазмұнының,  нысандарының  және  әдістерінің  біріңғайлық 
қағидаларының  бірлігі,  сондай-ак  оқушылардың  бойында  патриотизм 
идеясын 
қалыптастырудьщ 
педагогикалык 
жағдайларын 
анықтау 
(мотивациялық,  танымдылық,  мінез-құлықтық  және  бұл  мектептің  оқу-
тәрбие үрдісінде жүйелік, кешенді, түлғалық-қызметтік, этнопедагогикалық 
ұстанымдардың  болуы  жаттығудан  тыс  оқу  пәндерінің  және  тәрбие 
жұмысының 
мазмұнына 
жасөспірімдердің 
тұлғалык 
патриотизмін 
қалыптастыру  үшін  қазақ  күресі,  қазақ  балуандары  туралы  мәліметтерді 
жеткілікті түрде қосу). 
Қазақ 
балуандарының 
бейнесін 
жасөспірімдерге 
тұтас 
педагогикалық  үрдісте  отансүйгіштік  тәрбие  беру  құралы  ретінде 
пайдаланудың тиімді шарттары болып: 
-білім  мазмұнын  құрайтын  пәндердің  оқу  бағдарламасына  қазақ 
балуандары мен қазақ күресінің бейнесін енгізу; 
-оқу  үрдісін  жетілдіру  мақсатында  арнайы  «Батыр  бабалар  мен 
ағалар  ізімен»      курстарының      бағдарламаларын      жасап,      тәжірибеде 
тексеруден өткізу; 
-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  түрлі  жұмыс  нысандары  мен  әдістерін, 
қазақ      балуандарының      қаһармандық      бейнесін      ұтымды  пайдалану   
болып табылады. 
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде  оқу-тәрбие үрдісінде 
қазақ  балуандарының  қаһармандық  бейнесі  арқылы  отансүйгіштік 
қасиеттерді  қалыптастырудың  теориялық  негіздерін  айқындау  ұлт 
мектебінің  оқу-тәрбие  үрдісінде  ұлттық  рухани  мұра  негізіндегі 
отансүйгіштік  тәрбие  берудің  педагогикалық  алғышарттарын  белгілеуге 
мүмкіндік берді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 1999. 
2.
 
Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. -Алматы: Ғылым, 1998. 
3.
 
Жарикбаев  К.Б.  Развитие  педагогической  мысли  в  дореволюционномКазахстане.  Автореф.  дис... 
докт. пед. наук. -Киев, 1982. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Г.З.ТАУБАЕВА 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доц. м.а. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті 
  
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
В  статье автор  раскрывает  теоретическо-педагогический аспект значения устного народного 
творчества в воспитании дошкольников. 
 
The article deals with theoretical and pedagogical aspects of importance of folk-lore in the education 
of children under school age.  
 
Адам  қоғамының  ежелдегi  дәуiрлерiнен-ақ    болашақ  ұрпақ  тәрбиесi 
ауызша ән-жырлардан, жазбаша ескерткiштерден  тыс қалмаған. Сөзге бейiм,  
көкiрегiн  ән-күй  тербеген,  рухани  сезiмге  бай  бабаларымыз  жан  күйзелiсi 

 
154 
 
мен қуанышынан алыс арман-қиялынан  қиыса өрбiген сырлы сөз  өнерiнiң 
басым бөлiгiн балалар мен жеткiншектерге арнап, өшпес өсиет қалдырғаны 
жұртшылыққа аян.  
Өткеннiң көзi – тарихи-мәдени мұралардың жаңа дәуiр сөзiмен ұштасып, 
болашақ  ұрпақтардың  рухани  азығына  айналып  отырғаны  –  тұлғалы  ақын-
жазушы,  педагогтардың,  әйгiлi  ғалымдардың  терең  де  танымды 
зерттеулерiнiң нәтижесi.  
Жұртшылыққа  белгілі  болғанындай,  халықтық  балалар  фольклорын 
зерттеу,  жинап  бір  жүйеге  келтіру  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан 
басталған.  Оған  себеп  осы  кезеңде  қазақ  елінде  алғашқы  орыс-қазақ 
мектептерінің  ашыла  бастауы.  Жаңадан  ашылған  мектептегі  оқу-тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасауда халық мұрасы – ел әдебиеті 
маңызды орын алған.  
Осындай  қажеттілікті  өтеу  балалар  әдебиетінің  атасы  педагог-жазушы 
Торғайда  алғашқы  білім ордасы  саналған  тұңғыш  бастауыш  қазақ  мектебін 
ашқан Ыбырай Алтынсариннің үлесіне тиді.  
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым-педагогы   Ы.Алтынсарин қазақ 
халқының  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  қажымай  жинастырып,  жұртшылық 
қолынан түспейтін «Қазақ хрестоматиясын» құрастырды (1879 ж.).  
Туған халқының тұрмыс-салтын, тіршілік қалпын, психологиялық мінез-
көріністерін, табиғат сырын терең түсініп өскен аса ойшыл педагог-жазушы 
балалар  үшін  халықтың  ауыз  әдебиеті  мұраларын  тұңғыш  рет  жинап,  ел-
жұртын ата-баба мұраларымен сусындатып, өнер-білімге үндеді.  
Алтынсариннің  балалардың  даму  табиғатына  лайықтап  жазылған 
қоғамдық өмірді, адамдардың іс-әрекетін, жағымды-жағымсыз мінез-құлқын  
нақты кейіпкерлер арқылы көрсететін шағын сюжетті  көркем шығармалары 
қазақтың  тарихында  маңызды  орын  алды.  Ол  осы  шығармаларын  дүниеге 
келтірумен  қазақтың  жазба  әдебиетінің  негізін  қалады,  балалар  әдебиетінің 
атасы атанды.  
Қазақта «Алтын сандықтың кiлтiн ашқан» деген атқа ие болған, ақиқатты  
ту  етiп   ұстанған   аса   көрнектi   ғалым,   iрi   тұлғалардың   бiрi  

 
155 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Таубаева Г.З. Қазақ балалар фольклорының зерттелуі 
 
 
В.В.Радлов  «Түркi  халықтарының  халық  үлгiлерi»  атты  10  томдық  еңбек 
жазып,  соның  үшiншi  томын  қазақ  фольклорына  арнаған,  қазақтың  сайын 
даласын  мекендеген  ата-бабаларымыздың  алтын  сандығының  кiлтiн  ашуға 
бел  буып  кiрiскен,  инемен  құдық  қазғандай,  ел  аралап  жүрiп  бiздiң  мәдени 
мұраларымызды бiр арнаға түсiрiп, қолымызға ұстатып кеткен В.Радловтың 
есiмiн  ерекше  атап,  жас ұрпақтың  санасында  қалдыру  бүгiнгi ғалымдардың 
парызы  болмақ.  Осы  парызды  өтеушiлердiң  бiрi  –  әйгiлi  фольклорист 
ғалымдар  С.Қасқабасов  пен  К.Iсләмжанұлы  ғалымның  үшiншi  томын 
«Алтын сандық»  деп атап, оны бүгiнгi ұрпаққа ұсынғаны аса құптарлық. 
В.В.Радловтың  бiздiң  бабаларымыздың  тiршiлiк  әдет-ғұрпы  жайлы 
еңбегiнен  мынадай  жолдарды  оқимыз:  «Алтын  сандық»  деп  аталатын  
ғылыми-тарихи  еңбегінде  кең  дала,  еркін  өмірде  ғұмыр  кешкен  халықтың 
тiлi  де,  салт-сана,  дәстүрi  де  бiртектi  сақталғанын  салыстыра  зерттеген. 
«Қарағай,  бұталар  аралас  келiп  отыратын  бұйра  қыраттар  арқылы  керiлiп 
жатқан  ұлан-ғайыр  кең  дала  алып  келбетiн  ешқандай  өзгерiссiз  қалай 
сақтаса,  оның  тұрғындары  да  тiл  мен  салт-сана  жағынан  сондай  бiртектес, 
тiптi  шет  жайлап,  ең  шалғай  шығып  кеткен  тайпаластар  да  өзiнiң  ерекше 
халықтық  сипатын  берiк  ұстанады.  Қазақтардың  барлығы  да  –  көшпендi 
малшылар,  олардың  әр  бөлiктерi  өздерi  иемденген  жерлерi  бойынша  жыл 
сайын  белгiлi  тәртiппен  уақытылы  қоныс  аударып,  жазды  биiк  тау 
баурайында,  қысты  етекте,  өзен  жағалауларында  өткiзедi»  –  деп  жазған 
[1.16]. 
Бұл үзiндiден әлемге әйгiлi бiртуар ғалым В.Радловтың қазақ даласының 
ғажайып  сұлу  көрiнiсiн,  оның  тұрғындары  –  қазақ  халқының  тұрмыс-
тiршiлiк  дәстүрiн  үңiле  зерттеп,  туған  жерiн  найзаның  ұшымен,  бiлектің 
күшiмен  сақтап  қалған  батыр  халық  өз  тiлiн,  дiлiн,  салт-  дәстүрiн  де  сол 
қаймағы  бұзылмаған  қалпында    сақтай    бiлгенiн,  көрiктi  табиғат  аясынан 
шұрайлы қоныс таңдап, көшпелi ғұмыр кешкендiгiн терең танып, дәлелдi ой 
түйiндегенiн аңғарамыз. 
Қазақ  балалар  әдебиетiнiң  даму  тарихын  тұңғыш  рет  жан-жақты 
зерттеген  педагог-ғалым  Шеген  Ахметов.  Зерттеу  негiзiнде  «Қазақ  балалар 
әдебиетi  тарихының  очеркi»  деп  аталатын  кiтабын  1969  жылы  бастырып 
шығарды. Бұл ғылыми еңбек оқытудың дидактикалық принциптерi негiзiнде, 
оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға, жас ғалымдарға ғылыми-әдiстемелiк 
оқу  құралы  ретiнде  дайындалғанын  тарихи  деректер  негiзiнде  жүйеленген 
мазмұнынан аңғарамыз. Автор жалпы фольклорлық шығармалар жайлы айта 
келiп: «Осының бәрiн «балалар фольклоры» деп атауға да болады» [2.14], – 
деген  пікір  айтады.  Құптарлық  түйін.  Өйткенi,  халық  мұрасының  қай 
жанрын  (түрiн)  алсақ  та  балалар  да  батырлар  жырынан  үзiндiлердi 
ересектердiң,  ұстаздардың  айтуы  бойынша  жаттап  алып,  кейiптендiру 
көрiнiстерiн көрсетуге қабiлет танытатыны тәжiрибеден белгiлi.  

 
156 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Таубаева Г.З. Қазақ балалар фольклорының зерттелуі 
 
 
Өйткенi, фольклорлық шығармаларда балалардың өсiп, есею кезеңдерiне 
iс-әрекетiнiң  психологиялық  процестерiнiң  даму  деңгейiне  сәйкестендiре,  
өмiр  мектебiнiң  өнегелi  тәжiрибелерiн  баланың   санасына  
орнықтыру,  қазақ  халқының  тұрмыс-салт,  еңбек  дәстүрлерiн,  сөз  өнерiн, 
айналадағы  өмiр  құбылыстарын,  табиғат  тiршiлiгiн  таныта  тәрбиелеу 
мақсаты  көзделеді.  Сол  себептi  фольклорлық  шығармалар  тақырыптық 
жағынан да сан-салалы мазмұнды қамтиды.  
Балалар  фольклорының  келесi  бiр  бұрын-соңды  арнайы  зерттеу 
нысанасына  iлiкпеген  түрi  –  поэтикалық  шығармалардың  ерекшелiктерiн 
алғаш  зерттеген  ғалым  –    Кенжехан  Iсләмжанұлы.  Зерттеу  тұжырымдары 
«Рухани  уыз»  деген  еңбегінің  мазмұн-мәнiн,  құндылығын    атынан-ақ 
ұғынуға  болады.  Фольклорлық  поэзияларды  мазмұн,  стиль  ерекшелiгiне, 
балалардың  жас  шамасына  қарай  үш  жүйеге  (Әлпештеу  поэзиясы; 
Жеткiншектер поэзиясы) топтастырған [3].  
Ескi  түркi  тiлдерiндегi  «даналар  сөзi»  мен  қазiргi  қазақ  тiлiндегi  мақал-
мәтелдердiң  өзара  байланысын  зерттеген  филология  ғылымының  докторы 
Әбжан  Құрышжановтың  «Сөз  атасы»  деп  аталатын  еңбегi  халық  мұрасына 
зер  салатын  әр  адамның  құлағын  елең  еткiзерi  сөзсiз  [4].  Бұл  еңбектiң 
құндылығы  –  V-XVII  ғасырлардағы  жазба  ескерткiштер  материалдарын 
құрастырып  қана  қоймай,  олардың  бас-басына  кең  көлемде  түсiнiктеме 
жасалған.  Сонымен  қатар  тарихи  тұлғалар  Ю.Баласағұни,  А.Йүгінеки, 
С.Сарайи,  М.Қашқари  тағы  басқалардың  жазба  дастан-ескерткiштерден 
жеткен  мақал-мәтелдерді    топтастырып,  әр  тақырыптың  iшкi  мазмұнын 
ашатын шағын тақырыпшаға жүйелеп көрсеткен.  
Халық  даналығын  –  мақал-мәтелдер  мен  шешендiк  сөздердiң  тарихи 
қоймаларын  ақтара  қарап,  үңiле  зерттеушi  ғалымдардың  бiрi  Балтабай 
Адамбаевтың  «Халық  даналығы»  деп  аталатын  еңбегi  екi  бөлiмнен 
(мақалдар  мен  мәтелдер,  шешендiк  сөздер)  құралған  [5].  Халықтық  мақал-
мәтелдердiң  пайда  болу,  даму  тарихын  адам  өмiрiнен  қоғамдық,  саяси, 
әлеуметтiк  ой-сананың  қалыптасуынан  бөле  қарауға  болмайтын  бiртұтас 
процесс  екендiгiне    тоқтала  келiп,  автор  мақал-мәтелдерді  сөз  сарынына 
қарай топтастырған. 
Халық жазушысы, балалар әдебиетiнiң осы заманғы ақын атасы Мұзафар 
Әлiмбаевтың  «Өрнектi  сөз  –  ортақ  қазына»  деп  аталатын  аса  құнды  кiтабы 
[6]. Құнды дейтiнiмiз – ұзақ жылдарғы ғылыми-зерттеу нәтижесiнде дүниеге  
келген  бұл  кітап  мұғалiмдерге,  iзденушi  жас  ғалымдар  мен  студенттерге, 
мақал-мәтелдердi  бiлуге  құштар  мектеп  оқушылары  үшiн  де  аса  қажеттi, 
қолдан түспейтiн құрал мiндетiн өтейтiн бiрегей еңбек. 
М.Әлімбаевтың  аталған  еңбегінде  ғасырлар  белесiнде  сан  қилы    өмiр 
өткелдерiн өткерiп, қиын-қыстау кезеңде бастан кешкен, елi, жерi үшiн сырт 
жаулармен  қайыспай  шайқасып,  жерiн,  елiн  қорғаған  батырларды  дүниеге 
әкелген  батыл  да,  батыр,  ер  жүрек,  жомарт  бабаларымыздың  Алладан 
жалбарынып    сұрайтыны    отбасының    ұрпақты    болуы,    үй-iшi   бiрлiгi,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Таубаева Г.З. Қазақ балалар фольклорының зерттелуі 
 

 
157 
 
 
салауаттылық, ел, жер  тыныштығы  болғанын  айғақтаған.    Өйткені, балалар 
әдебиетін зерделей терең зерттеген ақын М.Әлімбаев дүниеге iңгәлап келген 
нәрестенiң ана сүтiмен әрленiп, ел дәстүрiмен сомдалып, халықтық  
тәжiрибемен шыңдалған,  сегiз қырлы, бiр сырлы, ер тұлғалы өнерпаз азамат 
болып  қалыптасуын,  «әкенiң    ұлы  болмай,  адамның  ұлы  болуын»  (Абай) 
мақсатын көздеген. 
Халық келешек ұрпағының денесi сымбатты,  шыныққан, шымыр болып 
өсуiн,  қоғам  үшiн  қызмет  атқаратын  батыл,  тапқыр,  ерлiгiмен  елiне 
танылатын өнерлi азамат болуын арман етеді. Кейiнiректегi жыр дәстүрiнде 
баланы бiлiм-ғылымға үндеп, елге танымал, ғалым, өнер иесi болуын тiлеп,  
үлкен үміт артады. 
Туған  әдебиетіміздің  тарихын  зерттеуде  филология  ғылымдарының 
докторы, профессор  Әуелбек Қоңыратбаев та айтарлықтай үлес қосты Ол 
өзінің  ауыз  әдебиеті,  көне  дәуір  және  шығыс  жазбаларына  қатысты 
зерттеулерін  жариялап,  қазақ  әдебиетінің  түп  қазығы  болды.  Әуелбек 
Қоңыратбаев – төл әдебиетіміздің тарихын зерттеумен қатар, ғылымда өзінің 
сара жолын салған ғалым. Ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінде 
қазақ  әдебиеті  тарихының  хандық  дәуірінен  бастап,  ХХ  ғасырдың  30-
жылдарына  дейінгі  кезеңі  қамтылған  [7].  Сондай-ақ,  ғалым  әрбір  тарихи 
кезеңдегі  әдебиет  мәселелерін  жаңаша  толғап,  тиянақты  тұжырымдар 
жасаған. Жазушы өзіндік өрнегін, шеберлігін, қоғамдық қызметін жан-жақты 
ашып көрсеткен. Ә.Қоңыратбаевтың  балаларға арналған «Жеті алып» (1959) 
поэмасын  және    «Сұр  көжек»  (1962)  әңгімелер  жинағын  шығарды. 
Қазақстанда  ұзақ  жылдар  зерттеу  нәтижесінде  «Қазақ  тілін  оқыту 
методикасын»  (1962,  1966),  «Қазақ  эпосы  және  түркология»  атты  ғылыми 
еңбектер дайындап, «Қорқыт ата кітабын» (1986) қазақшаға аударды. Ғалым 
Әуелбек  Қоңыратбаев  еңбектері  жас  ұрпақтар  үшін    зор  рухани  байлық, 
сарқылмас қазына болып табылады.  
Балалар  әдебиетін  кеңінен  зерттеген  ғалым  Т.Иманжанов  “Бөбектерге 
арналған  әдебиет  туралы”  атты  ғылыми  зерттеу  еңбегінде  балалар 
әдебиетінің  міндетін  көрсете  отырып,  бөбектерге  арналған  көркем 
шығармалардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ажыратып,  олардың  бала 
психологиясын,  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жазылу  керектігін 
айтқан.  Балалар  әдебиетіне  қойылатын  негізгі  талаптарға  да  тоқталды. 
Әдебиеттің  міндеті  ересек  бөбекті  жаңа  білімге,  жаңа  сезімге  есік  ашатын  
ыждаһатты зердеге бірте-бірте тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Бұл 
арада  да  өте  шеберлік,  үлкен  психологтік  керек.  Неге  десеңдер,  шығарма 
ыждаһатты  зейінді  оятуға  көбірек  айналып  кетсе  бөбектің  қызығуын 
суытады, ол жалығып кетеді. Ал, егер ылғи енжарлық зердеге азық ұсыныла 
берсе, келе-келе бөбекте білуге деген талап сөніп, бойкүйездікке салынады. 
Кейін қайта тәрбиелеу қиынға соғады, – деп ескерте отырып, ғалым көркем 
шығармалардың балалардың   психологиялық  ой-өрісіне,  жас  ерекшелігіне  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Таубаева Г.З. Қазақ балалар фольклорының зерттелуі 
 
 
сай  жазылуымен  бірге,  оның  бала  қиялын  өрістетуде  таптырмайтын  құрал 
екенін атап көрсеткен [8]. 

 
158 
 
Белгілі  зерттеуші  Б.Ыбырайым  қазақ  балалар  әдебиетінің  даму  тарихы 
туралы    «Қазіргі  қазақ  балалар  поэзиясының  көркемдік  ерекшелігі  атты 
кандидаттық  диссертация  (1990),  «Қазіргі  қазақ  балалар  прозасы  және 
рухани-эстетикалық  даму  мәселелері»  атты  докторлық  диссертацияны 
қорғаған.  Оның  “Сырлы  әлем”  атты  монографиясында  фольклор 
жанрларының  бірі  мақал-мәтелдер  туралы,  “жүйелі  ой  мен  алғыр  зерденің, 
терең  парасат  пен  ұшқыр  шабыт,  зерек  зейіннің    жемісі,  көрінісі”,  –  деді 
[9.16]. 
Бұл  ғылыми  еңбекте  балалар  прозасының  көркемдік  ерекшеліктері, 
оларға  қойылатын  талаптар,  ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен  салт-дәстүрлер, 
жасөспірімдердің  ана  тіліне  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеу  мақсатын 
көздеген.    Қазақ  ақын-жазушыларының  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің 
қатырына  және  озық  ойлы  әлем  әдебиетіне  қосылу  үшін  қатардан  қалмай, 
халқымыздың  бүгінгі  тыныс-тіршілігімен  уақыт  көлденең  тартып  отырған 
өзекті мәселелерді шешіп, ізгілікті шешімдер жасауға ден қою, баланың жан 
дүниесін  жаңа  заман  талабына  сай  орайластыра  зерттеуге  ұмтылу  қажет 
екендігін алға тартады. 
Сонымен  қатар,  зерттеуші-ғалым  келешек  жастарды  білімді  де  білікті, 
саналы да ойлы болу үшін қазіргі кездегі ғылыми-техникалық өрлеу игілігін 
пайдалану  қажеттілігін,  одан  әрі  даму  үшін  мүмкіндік  мол  екендігін  баса 
айтады.  
Зерттеуші ғалым С. Қирабаев балаларға арналған шығармалардың, яғни 
өлеңнің өзіндік ерекшеліктері; тілінің жатық, идеясының анық болуында деп 
көрсеткен.  Сонымен  қатар  ғалым бөбектерге арнап  кітап жазу  мәселесін  де 
көтерген. Онда: “Оқушы жас болған сайын ол оқитын кітаптың да көркемдік 
дәрежесінің  жоғары  болуына,  оның  әр  түрлі  тақырыпқа  жазылуына, 
қоғамдық  өміріміздің  әр  түрлі  құбылыстарын  жас  жеткіншектерге  жеткізіп 
айтып  беруге  қысымшылық  жасамауға  тиіс.  Балаларға  арналған  кітаптың 
ерекшелігі  –  оның  мейлінше  қарапайым,  нақты,  әдеби  образға  бөлене 
жазылуына байланысты. Бөбектердің кітаптары оларды әрі көңілдендіретін, 
қуанышқа  бөлейтін,  жеңіл  оқылатын,  оның  үстіне  баланың  санасын 
оятарлықтай ойға құрылу керек. Көркем әдебиеттің басқа саласы сияқты ол 
да қайнаған өмірден алынып, образды түрде жазылуға тиіс”,  – деп көрсетті 
[10]. Шын мәнінде, балалар әдебиетінің көркемдік жағы басым болғанда ғана 
балаларды қызықтыра алады.  
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Радлов В. Алтын сандық // Құраст. ф.ғ.д. Сейiт Қасқабасов, Кенжехан Iсләмжанов. -Алматы: Ана тiлi, 1993. -256 б. 
2.
 
Ахметов Ш Қазақ балалар әдебиетi тарихының очеркi. -Алматы: 1965.  
3.
 
Iсләмжанұлы К. Рухани уыз.-Алматы: Ана тілі. 1995. 144 б. 
4.
 
Құрышжанов Ә. Сөз атасы.-Алматы: Жазушы. 1987. 206 б. 
5.
 
Адамбаев Б. Халық даналығы.  -Алматы: Мектеп. 1976. 158 б. 
6.
 
Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. -Алматы: Қазақстан. 1967. 
7.
 
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. -Алматы: Санат, 1994 
8.
 
Иманжанов Т. Бөбектерге арналған әдебиет туралы. -Алматы., 1956. 
9.
 
Ыбырайымов Б.  Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы).  -Алматы: Ана тілі, 1997. 224 б. 
10.
 
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. -Алматы: Ғылым. 2001. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
К.М.ЖЕТІБАЕВ 
тарих ғылымдарының кандидаты, 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 
 
Г.Т.АБДУЛЛИНА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 

 
159 
 
 
МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ «ҰЛТТЫҚ МОДЕЛЬ» 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
В  данной  статье  рассматривается  формирование  национальной  модели  при  подготовке 
специалистов. 
 
This article deals with the forming of the national model in the process of training specialists. 
 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алумен  қатар  адам  құқығы  тән 
еркіндігін мүлтіксіз ұстануды шаруашылық басқарудың нарықтық формасын 
қалыптастыруға,  осы  заманғы  технологияға,  қоғамның  рухани  жаңғыруын, 
әлемдік  қауымдастыққа  енуді  рухани  қамсыздандыруға  бағытталған 
демократиялық  құқықтық  мемлекет  пен  азаматтың  қоғам  құру  курсын 
таңдап, оны іске асыру қамына кірісті.  
 «Республикада  жүріп  жатқан  жаңғыру  үдірісінің  басты  мақсаты  мен 
қозғаушы күші – бұл адам, оның дамуы мен тұрмыс молшылығы». 
Елдің әлеуметтік-саяси құрылым ерекшеліктері мен бай ұлттық дәстүрін 
ескерумен жасалып, Қазақстанның өзіндік даму моделін таңдауы өркениетті 
ғылыми-саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  өмір  принциптері  мен 
қалыптарына  басымдылық  пен  өрлеп  сипаты  беріліп,  олар  республиканың 
бүгінгі  жағдайын  ғана  айқындап  қоймастан,  оның  болашақтағы  ілгерілеу 
өрісінде даңғыл жол ашты. 
Ел дамуының аса маңызды шарты – бұл осы заманғы экономика, ғылым, 
мәдениет  және  технологиялардың  дамуы  негізінде  мамандар  дайындаудың 
жетілген  жүйесінің  басты  әрекет  қызметінің  болуы.  Мұндай  жүйе  жоғары 
жалпы  және  кәсіби  мәдениеті,  болашаққа  бағытталған  мәселелерді  қойып 
оны шеше білуге, шығармашыл әлеуметтік және тұлғалық белсенділікке ие 
қоғамдық-саяси  өмірде  өзіндік  дербес  жолын  таңдау  ептілігіне  қабілетті 
жаңа тұрақтағы мамандар әулетін қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. 
Алайда,  еліміздегі  және  шет  елдік  тәжірибелерді  саралаудан  көзіміз 
жеткені  –  осы  күнге  дейінгі  маман  дайындау  сапасындағы  қайта  құрулар 
негізінен қалыптасқан тәлімдік жүйенің бір жерін не бөлігін ғана жетілдіруге 
бағытталып  келді  де  ол  қарбалыс  әрекеттер  тұлға,  мемлекет,  қоғам  және 
тұрақталған  кәсіби  дайындық  жүйесі  арасындағы  қарама-қайшылықты 
жоюда қауқарсыз болды. 
Осының  салдарынан  республиканың  тәлімдік  жүйесінде  өткен  дәуірдің 
мамандық  дайындау  санасына  тән  бірқанша  келеңсіз  бағыт-бағдарлар  бой 
алды. Оларды атап көрсетсек: 
 
 

 
160 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жетібаев К.М., Абдуллина Г.Т. Маман дайындаудағы «Ұлттық модель» қалыптастырудың... 
 
 
1.
 
Қоғам  мен  мемлекеттің  әлеуметтік  тапсырысы,  сондай-ақ  нарықтық 
экономика  жағдайындағы  еңбек  рыногі  талаптарын  ескерумен  тұлғаның 
тәлімдік және кәсіптік қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тәлім және 
маман дайындау жүйелерінің өзара байланысында айқынды болмады. 
2.
 
Маман  дайындау  жүйесінде  ғылым  мен  өндірістің  өздеріне  тән 
қызметтік  міндеттері  түбегейлі  анықталмады.  Мамандардың  кәсіби 
дайындығында  тар  ведомоствалық,  корпоративтік  бағытқа  басымдылық 
берілді. 
3.
 
Жалпы тәлімдік және кәсіби бағдарламалар арасындағы байланыстарға 
ғылыми  негізге  мән  берілмеді,  маман  дайындаудың  әрқилы  сәттері  мен 
кезеңдерінің ұштастығы мен үздіксіздігі сақталмады. 
4.
 
Ең  басты  –  тәлім  және  маман  дайындау  жүйесінен  қалған  мұра 
республикада  жүріп  жатқан  демоктратиялық  және  нарықтық  қайта 
құрылулар талаптарына сай келмейтін болды.  
Аталған 
қарама-қайшылықтарды 
жаңарған 
қоғамда 
болдырмау 
қажеттілігінен Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылығында 
кезеңді  және  басылымдық  принциптері  негізінде  тәлім  мен  кадр  дайындау 
жүйесін реформалаудың тұжырымдамалық бастауларын өз жолдамаларында 
негіздеуде. 
Ұсынылған  білім  саласындағы  жолдамалар  өзегі  –  бұл  орынды  атауын 
алған маман дайындаудың  түбегейлі жаңа жобасы болды. 
Бұл  бағыттың  бірегейлігі  әрі  оның  халықаралық,  тәжірибеге  бұрын 
соңды  болмағандығын  әсірелей  айтсақ  қателікті  болмас.  Дамыған 
демократиялық  елдеріндегі  маман  дайындау  жүйелерін  реформалау 
тәжірибесін  саралап  таңдаудың  нәтижесінде  көзіміздің  жеткені  қайта 
өзгертулер,  әдетте  тәлімдік  жүйені  ғана  қандай  да  бұрылысқа  түсіру 
әрекетімен  шектеліп  жүреді,  іс-жүзінде  маман  дайындау  мен  оларды 
пайдаланудың  аса  маңызды  тұстары    көлеңкелеп  қалды,  мысалы  –  тұлға, 
мемлекеттік  және  қоғамдық  институттар,  өндіріс  ғылымға  байланысты 
өзгерістердің қажеттігі ескерілмеді [1]. 
Сонымен  бірге  бұрынғы  жүргізілген  реформалардың  ауқымы  тар  әрі 
көбіне  үстірт  келеді,  олардың  байсалды  ғылыми  негіздемесі  болмады,  ал 
оларға ынталы да кепіл боларлықтай бүкіл мемлекет пен қоғамның бірлікті 
ат салысу қимылы жасалмады. 
Маман  дайындаудың  түбегейлі  моделін  қамтамасыз  ету,  Қазақстан 
Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  белсенділігі    және  тікелей 
басшылығы  арқасында  қалыптасқан  үздіксіз  тәлім  жүйесін  түбегейлі 
реформалау  мақсатында  маман  дайындау  бойынша  Ұлттық  бағдарлама 
түзіліп,  ол  бүгінгі  таңда  іске  асырылса.  Қайта  жаңғыртудың  талапқа  сай 
құқықтық  негізі  бола  тұрып,  бұл  бағдарлама  үздіксіз  тәлім  құрылымы  мен 
мазмұнын  түптеп  жаңалауды  негіздейді.  Ондағы  ниет-міндеті  үш  жылдық 
орта  арнайы,  кәсіби  оқу-үйретім жүйесін қалау, екі деңгейлі (бакалавриат 
және    магистратура)     жоғары     тәлім     бағытын     қалыптастыру      мен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жетібаев К.М., Абдуллина Г.Т. Маман дайындаудағы «Ұлттық модель» қалыптастырудың... 
 

 
161 
 
 
бүгінгі  таңда  қажетті  болған  жалпы  тәлімдік  және  кәсіби  бағдарламалар 
мазмұнын дайындап нақтылау. 
Маман  даярлауды іске  асыру  барысында қалыптасқан  тәлім  жүйесі  мен 
маман  дайындаудағы  түбегейлі  өзгерістер  әлеуметтік  тәжірибе  мен  үздіксіз 
тәлім  жүйесіндегі  барша  форма,  типтегі  тәлімдік  үдерістің  ғылыми-
әдістемелік қажетін қамсыздандыра алатын озық ғылыми жетістіктерді арқау 
еткенде ғана мүмкін [2]. 
Үздіксіз тәлім құрылымы мен мазмұнын реформалау педагогика ғылымы 
алдына нақты міндеттер белгілеп, оларды шешу талабын туындатты, мұндай 
міндеттер  қатарында  кешенді  педагогикалық  проблемаларға  байланысты 
келеді.  Олар:  тұлғаны  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамыту  мақсаттарына, 
мазмұнын,  әдеттерін,  шаралары  мен  ұйымдастыру  формаларын  ғылыми 
тұрғыдан  қамсыздандыру,  бұл  орайда  республиканың  әлеуметтік-
экономикалық  болашағын  ғылым,  техник,  озық  технологиялар  негізінде 
болжастыра, ескерту.  
Өзекті  іске  асыру  тетігі  болған  білім  бағдарламаларына  үздіксіз  тәлім 
дамуының  стратегиялық  бағыт-бағдары,  оның  ұйымдастырылуы  мен 
мазмұны тереңдейтін ғылыми негізде анықталған. Маман даярлау бойынша 
білім  бағдарламасын  іске  асырудың  нақты  міндеттері  ауқымында 
психологиялық-педагогикалық және салалас ғылымдар жүйесіндегі ғылыми 
зерттеулердің  іргелі  де  ұлттық  басымдылығымен    танылған  бағыттары 
шыңдала түсті.  
Бұл  орайда  тәлім  жүйесіне  қатысты  қоршаған  ортада  ұдайы  жүріп 
жатқан,  әрі  қолданып  жататын  өзгерістерді  ескеріп  барған  жөн.  Міне  осы 
өзгеріс,  ауысым  құбылыстары  қалыптасқан  тәлім  жүйесі  мен  күнделікті 
педагогикалық  тәжірибенің  экономика,  ғылым,  өндіріс  жалпы  ұлттық 
мәдениетке  мемлекет  және  қоғам  тарапынан  қойылатын  әсерлі  де 
құбылмалы  талаптарға  икемдесу  проблемасын  алға  тартып,  оларды 
шиеленістіруде.  
Мұндай  жағдайларда  замандық  ғылыми  педагогикалық  проблемаларды 
іске  асыруда  ерекше  өрістету  күшіне  ие  болған  жалпы  маман  дайындау, 
оның  ережелері  идеялары  мен  белгілі  бір  білім  деңгейінің  өлшем-шектерін 
бағамдаған  білім  саласын  сараптай  ұғыну  үлкен  маңызға  ие  болып  тұр. 
Себебі  осы  уақытқа  дейін  аталған  мәселе  жүйелі  ғылыми-зерттеу  нысаны 
балған емес.  
Маман  дайындаудың  бағдарламалық  міндеттерін  ауқымды  және 
тереңдей зерттеуге педагогика ғылымы неғұрлым ертерек кіріссе, соғұрлым 
үздіксіз  тәлімнің  отандық  жүйесі  өз  дамуының  сапалық  жаңа  сатысына 
көтеріп,  маман  дайындаудың  талаптары  мен  әлемдік  тәлім  теориясы  және 
практикасы  жетістіктеріне  сәйкес  келетін  өз  дамуының  сапалық  жаңа 
сатысына көтеріледі. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жетібаев К.М., Абдуллина Г.Т. Маман дайындаудағы «Ұлттық модель» қалыптастырудың... 
 
 
Осылайша,  білім  саласына  сәйкес  іске  асырылып  жатқан  маман 
дайындығы  мен  үздіксіз  тәлім  жүйесіндегі  өзгеріс  үдерістері  ел 

 
162 
 
азаматтарының  жаңа  туының  қалыптастыру,  үздіксіз  тәлім  реформасы 
үдерісінде  туындаған  қайшылықтар  мен  күрделіліктерді  жою  қажеттігі, 
сондай-ақ маман дайындау бойынша мемлекеттік бағдарлама идеялары мен 
ерекшеліктерінің  мәндік  қасиеттері  және  қызмет  бағытының  теориялық 
деңгейде  жеткіліксіз  зерттелуі  мен  тұжырымдалуы  біздің  зерттеу 
проблемамыздың таңдап алуымыз бен оның тұжырымдық нақтылыққа келіп, 
мақсаттары мен міндеттерін анықтауымызға себепші болды [3]. 
Зерттеу тұжырымдамасын айқындауда бастау ретінде біз келесі пайымды 
арқау  еттік:  тәлім  жай  маман  дайындығы  жүйесінің  жасауы  мен  дамуы 
қажетті  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  шарттардың  болуымен 
анықталады,  ал  ол  жүйелердің  табысты  реформалануы  маман-адам  (тұлға) 
дайындаудың  ірге  тасы  боларлық  әлеумет  пен  тәлімдік  саланың  кешенді 
диалектикалық бірлігі негізінде іске асып баруы лазым.  
Нақтылыққа  түсірілген  аталмыш  тұжырымымыз  біздің  тұтастай 
зерттеуімізге арқау болған келесі негізгі ережелермен толыға түсті. 
Маман  дайындаудың  сапалық  білімі  өз  сипатымен  нақты  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  жағдайларға  сәйкестендірілген  күрделі  де  көп 
қызметтік  жүйе  ретінде  танылады.  Оның  қалыпты  қызметте  болуы  мен 
дамуы  көптеген  объектив  және  субъектив  сипаттағы  жағдайлар  ықпалына 
орайласқан. Ал бұлардың ықпал-әсері өз дамуының сапалық жаңа сатысына 
көтерілу барысына өзгеріп, ауысып баруы әбден заңды құбылыс. 
Үздіксіз тәлім және маман дайындығы жүйесінің реформаға кезігуі ұзақ 
уақытқа,  яғни  реформаның  стратегиялық  бағыттарының  бастапқы 
анықтауларынан  олардың  аяқталу  сәттеріне  дейін  созылып,  сол  үдірісті 
басқаруға  мүмкіндік  беретін  біршама  заңдылықтардың  ашылуы  және  сол 
заңдылықтарды  танып,  пайдалану  әркеттерін  білу  мен  бірге  іске  асып 
барады. 
 Білім  саласы  нақты  мазмұнмен  толығып  баруына  бағышталған 
көпқырлы  үдеріс  және  оның  іс  жүзінде  сан  қилы  тұрмыс,  өндіріс,  ғылым, 
оқу-үйретім жүйесінде орындалуы озат тәжірибені байыпты ұғыну негізінде 
кезең-кезеңімен жүзеге асады. 
Зерттеу  нысанымыздың  мақсаты  негізінде  сапалы    маман  дайындаудың 
бағдарламалық  жүйесін  жүйелі  талдауға  салып,  ғылыми  негіздемесі  айқын 
теориялық  және  практикалық  принциптерді,  заңдылықтарды  нақтылауға 
жәрдемші  әлеуметтік-педагогикалық  тетіктерді  (механизмдерді)  ашу  және 
оларды  жан-жақты  талдаумен  зерттеу  қорытындысына  келтіріп,  маман 
дайындығының білім бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар беру. 
Зерттеу  нысаны  –  білім  беру  бағдарламасы  негізінде  іске  асырылып 
жатқан маман дайындау және үздіксіз тәлім жүйесін заманға сай реформалау 
үдерісі. 

 
163 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жетібаев К.М., Абдуллина Г.Т. Маман дайындаудағы «Ұлттық модель» қалыптастырудың... 
 
 
Зерттеу  дені  –  маман  дайындау  бойынша  сапалық  білім  беру 
бағдарламасы  мақсаттарын  іске  асыруды ғылыми  қамсыздандырып,  оның  – 
шара, құралдарын пайымдап ұсыну. 
Көзделген  мақсатқа  қол  жеткізу  келесі  міндеттердің  шешімін  табуға 
орайлас: 
1.
 
Еліміздегі  және  шет  елдердегі  бар  теория  мен  тәжірибені  теориялық 
және эксперименталды тұрғыдан көру. 
2.
 
Маман дайындаудың мемлекеттік білім жүйесін жүйелі талдауға салу, 
оның  құрылым  бірліктерінің  өзара  байланысы  мен  өзара  ықпалдастық 
принциптері мен заңдылықтарын ашу. Қазақстанда жүріп жатқан тәлім және 
маман дайындау жүйесінің бүгінгі таңдағы реформаның үдерістерін зерттеп, 
кадр  дайындаудың  мемлекеттік  бағдарламасы  талаптарын  іс  жүзінде 
атқарудың практикалық шешімдеріне ұсыныстар беру. 
3.
 
Бүгінгі таңдағы үздіксіз тәлім және маман дайындау жүйесінің ашу мен 
қызметтік  желісі  мәнін  айқындау,  «Ұлттық  моделі»  талаптары  мен 
шарттарына  сәйкес  олардың  кемелдену  және  қайта  бұзылу  заңдылықтарын 
белгілеу.  
4.
 
Үздіксіз  тәлім  жүйесінің  ел  дамуына  ықпалды,  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайлармен  өзара  байланысын  анықтап,  оның  уақыт 
өтуімен орындалуына және білім деңгейінің үздіксіз өсуіне әсер ету сипаты 
мен бағытына жан-жақты ғылыми бақылау (мониторинг) салып, көз жүргізу. 
5.
 
Оқу  бағдарлама  орындалуының  республикадағы  қоғамдық  даму  мен 
тұлға  қалыптасуына  ықпал  жасаушы  үдерістер  сипаты  мен  ерекшеліктерін 
зерттеу. 
6.
 
Мемлекеттік 
бағдарлама 
бойынша 
маман 
дайындау 
және 
демократиялық принциптердің орнығуы, тұлға қалыптастыру, үздіксіз тәлім 
мазмұнын  реформалаумен  бірге  ұйымдастыру,  басқару  формаларын  іске 
асыру нәтижелерінің өзара ықпалдастығы әсерлерін анықтау. 
7.
 
Үздіксіз  тәлім  жүйесін  реформалау  кезеңдерін  талдауға  салу  және 
маман  даярлаудың  бағдарламалық  мақсаттарына  қол  жеткізудің  тиімді 
жолдарын анықтау заңдылықтарын айқындау. 
Зерттеудің  әдіснамалық  негізгі  және  талаптық  ірге  тасы  ретінде 
Қазақстан  Республикасы  Ата  Заңы  мен  «Білім  жөнінде»,  «Маман 
дайындаудың  Ұлттық  бағдарламасы»  мен  басқа  да  республика  аймағында 
үздіксіз  тәлім  және  кадр  дайындау  істерін  ұйымдастыру  мен  басқаруға 
бағытталған ресми құжаттар алынды [4]. 
Зерттеуімізде  үздіксіз  тәлім  және  маман  дайындау  жүйесін  зерттеудің 
диагностикалық болжау құрал-шаралары жасалып, оларды сынақтан өткізу.  
Көрсетілген  нәтижелер  бұдан  былайғы  іргелі  де  қолданбалы 
зерттеулердің  жаңа  ғылыми  ізденіс  бағыттарын  қалыптастырып,  оларды 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай бағыттар төмендегідей: 

 
164 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жетібаев К.М., Абдуллина Г.Т. Маман дайындаудағы «Ұлттық модель» қалыптастырудың... 
 
 

 
Тәлім  мазмұнын  анықтау  және  қалыптастыру  сонымен  бірге 
мемлекеттік  тәлім  стандартын  және  оның  құрамдас  бөліктерін  анықтап 
дайындау және енгізу; 

 
Үздіксіз тәлім жүйесі үшін қажет оқу-әдістемелік кешендердің жаңа да 
жаңалықты әлеуметін жасау; 

 
Тәрбие және ағарту қызметтерінің тиімді ұйымдастыру формалары мен 
саны мазмұнын ендіру; 

 
Маман  дайындаудың  шараларын,  әдістері  және  санасын  бағалау 
тәсілдерін жетілдіру; 

 
өткізіліп жатқан реформаның тиімділік өлшем-шектерін нақтылау

 
маман  дайындау  үдерісіндегі  тәлім,  ғылым,  өндірістің  тиімді 
бірігімділігін қамтамасыз ету; 

 
үздіксіз 
тәлім 
жүйесінің 
елдің 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларымен өзара байланысын түзу т.б. 
Қорыта  айтқанда  үздіксіз  тәлім  және  маман  дайындау  жүйесін 
реформалаудың  жалпы  заңдылықтары  мен  ерекшеліктері,  тетіктері  мен 
шарттарын  анықтауды  әрекет  еттік.  Үздіксіз  тәлім  және  маман  дайындау 
жүйелерінің  елде  жүріп  жатқан  қайта  құру  істерінің  жалпыланған 
үдерістерімен  өзара  байланысын  сипаттаушы  деректерін  жалпыға  паш  ету 
еді.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция /проблемы становления и развития/. -Алма-Ата: 
Наука. 1982. 256 с. 
2.
 
Таранов А.А. Высшая школа: правовые аспекты перестройки. -Алма-Ата: Казахстан. 1988. 80 с. 
3.
 
Тургумбаев  А.Х.  Роль  образования  в  формировании  всесторонне  развитой  личности.  -Алма-Ата: 
Мектеп. 
4.
 
Томилин Ю., Козюренко Ю. Дискотека в клубе. -М.: 1983. 
5.
 
Турченко В.Н. Научно-техническая революция в образовании. -М.: Мысль, 1978. 295 с. 
 
 

 
165 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
К.М.МЕТЕРБАЕВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты, доц. м.а. 
Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогика университеті 
 
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ  МЕКТЕП ЖАСЫНА  
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
В статье раскрываются пути развития речи детей дошкольного возраста средствами устного 
народного творчества. 
 
This article presents some ways of speech development of children under school age with the help of 
folk-lore.
 
 
Тәуелсіздік алғаннан бергі жерде еліміздегі білім беру тұжырымдамасын 
жасау «Білім туралы» Заң қабылдау, жүйені реформалау сияқты аса маңызды 
іс-шараларға  байланысты  ғылыми  ізденістерге  негізделген  ауқымды 
жұмыстар  жүзеге  асырылуда.  Білім  беруді  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық  құрылымынан,  мәдени  құндылықтарынан,  ұлттық  дәстүр, 
рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды.  
Балалар  әдебиетінің  қалыптасып,  даму  тарихын  терең  зерттеп,  іргелі 
еңбектер  жазған  белгілі  академик-жазушы  М.Әуезов,  зерттеуші-ғалымдар 
М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.  
Академик-жазушы  М.Әуезов  ауыз  әдебиетінің  тәлім-тәрбиелік  мәнін 
зерттей  отырып,  халық  санасындағы  Отаншылдық  сезімді,  халық 
ұғымындағы  адамгершілік  гуманизмді,  халықтың  қанатты  үміті  – 
оптимизмді «...әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін 
көреміз», – деген болатын.  М.Әуезовтың тұжырымдауынша  ауыз әдебиетін 
жасаған  –  халық.  Сондықтан  да,  ел  ертеңі,  келешегі,  ұлттық  ұрпақтың 
болашағы, – деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.  
Халқымыз  балаға  деген  ыстық  сүйіспеншілігін,  жұмсақ  лебізін,  жылы 
жүрегін,  тәтті  қиялын  өлең-жырмен  жеткізген.  Жас  нәрестенің  дүниеге 
келуін  қуаныш  еткен.  Баланы  жұбату,  ойнату,  тәрбиелеу,  мақсат-тілектер 
өлеңмен,  жырмен,  көркем  сөзбен  айтылған.  Ал,  халық  ауыз  әдебиетін 
жастайынан  естіп  өскен  бала,  өсе  келе  оны  сүйіп  оқып,  қызыға  тыңдайтын 
болған.  Балалар  әдебиеті  бала  тәрбиелеудегі  халықтық  педагогикасымен 
тығыз  байланысты.  Ауыз  әдебиеті  балалардың  даму  ерекшелігімен, 
психологиясымен  ана  сүтінен  туған.  Олай  болса,  халық  ауыз  әдебиеті  – 
халық педагогикасының тынық мұхиты.  
Шығармадағы  жазушы  тілін,  сезімін,  сөз  құдіретін  ұғындыру  үшін 
балаларға  әдебиет  теориясы  элементтерінен  мағлұмат  беру  керектігі 
туындайды.  Бала    шығарманы  сапалы  түрде  түсінгенде  ғана  сол  шығарма 
қызығу  объектісіне  айналып,  бала  сүйікті  жазушысымен  яки  кейіпкерімен 
қайтадан  кездесуге  асығады.  Бұл  –  шығармашылық  жұмысқа  қажетті 
алғашқы буын.  
 

 
166 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Метербаева К.М.  Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың тілін... 
 
 
Сол  сияқты  балалар  бұрыннан  жұмбақтың,  жаңылтпаштың,  мақал-
мәтелдер  мен  ертегінің  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  екенін  білсе,  бұл  жолы 
балалардың  атасының эвристикалық баяндауынан ертегінің ертеде шыққан  
әңгіме  екендігін,  оның  жануарлар  жайындағы  ертегілер,  қиял-ғажайып 
ертегілер, шыншыл ертегілер сияқты түрлері болатынынан мағлұмат алады. 
Тәрбиеші-педагог    кітаптан  «Ғажайып  бақ»,  «Түс  көрген  патша»  ертегілері 
алғашқы  топқа,  «Өнеге»,  «Достық  туралы»  ертегілері  соңғы  топқа 
жататынын  түсіндіріп, олардың түсінгендерін  бақылайды. 
Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері 
ұлан-теңіз.  Халықтық  ертегілер  –  халық  өмірін  бейнелейтін  фантастикалық 
негізге  құрылған  оқиғалы  көркем  шығарма.  Ертегінің  бай  фантастикасы 
балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырын танытады, сана-
сезімі  мен  ақыл-ой  қызметінің  дамуына,  ерте  қалыптасуына  көмектеседі. 
Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды, себебі ғасырлар бойы, ұрпақтан-ұрпаққа 
айтылып,  әбден  екшеліп,  халықтың  даналық,  тапқырлық  ой-пікірлері 
жинақталып,  көркем,  әрі  жеңіл  тілмен  берілетіндігінде.      Ертегі      оқиғасы   
басталған   жерден-ақ қызықты,   ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың 
ойын бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді. 
Халық  ертегілерінің  ішінде  балалар  арасына  кең  тараған,  яғни  сүйіп 
тыңдайтындары  –  хайуанаттар  жайында  ертегілер.  Ондай  ертегі 
кейіпкерлерінің  өмір  сүру  жолындағы,  қарым-қатынастар  жасаудағы  айла-
тәсілдері  балаларға  ой  салады.  Бұл  ертегілер  баланың  санасын  оятып, 
мақсат-мұратына  жетуге  үйретеді.  Бұл  жөнінде  М.Әуезов:  «Ертегілер  жас 
баланың  ой-санасын  оятып,  қиялының  шарықтап  өсуіне  әсер  етеді»,  –  деп 
көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та, баланың 
ұғымына  сай,  түсінуіне  жеңіл,  күлкілі,  көңілді  қызықты  болып  айтылады. 
Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертегі кейіпкерлерінің 
мінез  өзгешеліктерін,  сырт  көріністерін,  күн  көрінісін  байқайды.  Есту, 
тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден 
хайуанаттар  жайындағы  ертегілер  арқылы  оны  мысал  ете  отырып,  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынасты,  олардың  мінез-құлқын  салыстыра  отырып, 
байқайды.  Ондай  ертегілердің  қатарына  «Түлкі  мен  қоян»,  «Түлкі  мен 
бөдене»,  «Күшік  пен  мысық»,  «Түлкі  мен  тауық»,  т.б  жатады.  Ертегі 
кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-саспауға, не нәрсені 
болса  да,  ақылға  салып  шешуге  үйренеді.  Ертегі  баланы  парасаттылық  пен 
тапқырлыққа  баулиды.  Ертегі  мазмұнында  айлалы  ағзаның  қолына  түсіп, 
мерт  болудан  сақтандырудың  жолдары  көрсетіледі.  Мұнда  балаларға  үлгі, 
өнеге  боларлық  терең  ойлар  айтылады.  Ертегі  оқиғасындағы  әр  алуан 
кейіпкерлердің  іс-әрекеттері,  ол  кейіпкерлердің  тапқырлық  іскерлік, 
айлакерлік  іс-әрекеттері:  аңқаулық  мінездер  балаларды  таң-тамаша 
қалдырып,  сүйсіндіреді.  Ертегілердің  осындай  ерекшеліктері  балалардың    
талғамын    күшейтіп,    сөйлеу   мәдениетін,   байланыстырып  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Метербаева К.М.  Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың тілін... 
 

 
167 
 
 
сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Қорыта келгенде, 
хайуанаттар  жайлы  ертегілер  балаларды  тәрбиелеу,  өмірге  үйрету,  өнеге 
көрсетуге  байланысты  туған,  сонымен  қатар  баланың  бойында  адами 
қасиеттерді қалыптастыруды көздейді. 
Қоғамның бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі барысында ертегілер жаңа 
мазмұн,  жаңа  тақырыпқа  ие  болады.  Осыған  орай,  ертегінің  кейіпкері  де 
халықтың  арман-мүддесін,  тілегін  орындайтын  ғажайып  бейне  болып 
көрінеді. Ертегі тілінің көркемдігі, оқиғаның қызықтығы, шебер орындалуы 
тыңдаушысы  елең  еткізбей  қоймайды.  Ол  баланың  қиялын  ұштап,  ойын 
дамытады, халықтық тәрбие көзімен таныстырады. 
Балабақша  тәжірибесінде  ертегінің  мазмұнын  оқытып  айтқызу  бар  да, 
оның көркемдік ерекшелігін танымдық-тәлімдік мәнін саналы меңгеріп оны 
белсенді  сөздік  қорына  орынды  пайдалану  іскерлігін  қалыптастыру  жоқ. 
Егер  оқулықтағы  ертегіні  толық  бермей,  ары  қарай  жанынан  құрастырса 
тиімді сияқты. Себебі: 
1.Бала  ертегінің  мазмұнын  әрі  қарай  өз  жанынан  құрастырады,  еркін      
сөйлеуге  үйренеді;  2.Құрастырылған  бірнеше  нұсқасын  тыңдайды; 
3.Ертегінің    тарамды  болуы  ерекшелігінің,  сөйлеу  тілінің  мәнеріне            
байланысты  екенін  аңғарады;  4.Ертегі  баланың  қиялын  дамытып,  еңбекке, 
ерлікке адамгершілікке баулиды, тілін дамытады. 
Ертегінің  оқушылардың  тілін  дамытудағы  тағы  бір  әдісі  оқушыларға 
ертегі  топтарына  байланысты  жазылған  сөз,  сөз  тіркестерін  беру.  Мысалы,   
Хайуанаттар туралы: 
Ауырған  арыстан,  қорқақ  қоян,  қу  түлкі,  маймақ  аю,  сиыр,  ешкі,  қой, 
тышқан, арғымақ, әтеш, мысық, есек. 
Қиял ғажайып ертегілер: ұшқыш кілем, жалғыз көзді дәу, ұр тоқпақ.  
Тұрмыс  салтқа  байланысты:  Данышпан,  саудагер,  кедей,  сараң  бай, 
жалқау, еңбекқор. 
Батырлық:    Адамгершілік,  намыс,  ерлік,  батыр,  алып,  қайрат,  жігер, 
садақ, найза, жүрек жұтқан. 
Күлдіргі ертегі: Тапқырлық, зұлымдық, әлсіз, сөз тапқанға қолқа жоқ. 
Оқушыларға ертегілердің мазмұнына байланысты, әркім өз ойларын айту 
тапсырмасы  бойынша  олардың  тіл  байлығын  жетілдіруге  болады.  Тек  өз 
ойларын ғана айтумен шектелмей, оларға жас ерекшеліктерін ескеріп, түрлі 
тапсырма беруге болады.  
Балалардың  тілін дамытуда ерекше орын алатын ауыз әдебиетінің келесі 
жанры  –  мақал-мәтел.  Мақал-мәтелдер  балаларға  терең  ой  салып,  көркем 
образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі 
халқымыз  асыл  сөзін,  даналық  ойларын  мақал-мәтелдер  арқылы  үлгі-өнеге 
ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Бала  тәрбиесіндегі    мақал-
мәтелдерді   тақырыптық   жүйемен   топтап   ұсынған.  
 

 
168 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Метербаева К.М.  Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың тілін... 
 
 
Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б. балаларға 
арналған  мақалдар  білім  алуға,  оқуға  шақыра  отырып,  олардың  тілін 
ширатуды  көздейді.  Еңбек  ету,  білім  алу,  жақсы  азамат  болып  өсу  үшін 
тәрбиенің  де  жақсы  болуы  керектігі  мақал-мәтелдерде  толық  қамтылады. 
Мысалы,  «Адам  болар  баланың  кісіменен  ісі  бар,  адам  болмас  баланың 
кісіменен  несі  бар»,  т.б.  Мақал-мәтелдердің  адал,  достық,  жақсы 
жолдастыққа  баулитын,  адамгершілікке  жат  мінезден  аулақ  болуға  да 
тәрбиелейтін  тұстары  да  баршылық.  «Жаман  аттан  аяғым  артық,  жаман 
жолдастан таяғым артық», «Еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты 
мәселенің бірі – еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, 
мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған. 
Халық  ауыз  әдебиетінің  бір  түрі  –  жұмбақтар.  Балалар  фальклорында 
жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы 
ойлауға,  жасырған  нәрсенің  шешімін  табуға  жаттықтырады.  Жұмбақтың 
шешуін  табуда  оның  құпиясы  баланы  қызықтырып,  шешімін  айтқызуға   
мәжбүр  етеді.  Баланың  ұшқыр  ойын  іс-әрекетке  баулып,  ой  санасының 
қызмет етуіне серпін береді. Академик М.Әуезов жұмбақтың ерекше орнын 
көрсете келіп: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, 
дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің 
даналығын,  жүйріктігін  жұмбақпен  санау  машық  болған.  Біздің 
уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты мектеп оқушылары 
тілге  шешен  болу  мақсатымен  оқиды,  жаттайды.  Жастар  ойын-сауық 
кештерінде  әлі  де  ермек  етеді.  Ата-ананың  жас  балаға  беретін  тәрбиесінде 
де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар», 
–  дейді.  Жұмбақтың  балаларға  пайдалы  жағы  –  өз  бойындағы  құпияны 
шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала 
ойланады,  көп  нәрсені  есіне  түсіреді,  заттардың  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын  іздестіреді,  байқауға  тырысады.  Жұмбақ  балалардың 
ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар  олардың  білген  заттарының бәріне де ой 
жіберіп  салыстырып,  қорытынды  жасауға  және  тапқырлыққа  баулиды. 
Қорыта келе, фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өміріне және еңбегіне 
тікелей  қатысы  бар,  өзін  қоршаған  ортаны,  табиғатты,  бар  дүниенің  ішкі 
мазмұнын  жан-дүниесіне  әсер  етерлік  көркем  тілмен  білдіруге,  соны 
танытуға  үйретуді  көздейді.  Зерттеуші  Ш.Ахметов  жұмбаққа  мынадай 
анықтама  берген:  «Жұмбақ  дегеніміз  –  адамның  қай  затқа  болса  да 
поэтикалық  көзқарасының  қандай  екенін  сынау  үшін,  бір  затты  көркем 
тілмен  жұмбақ  етіп  суреттеген,  халықтық  жанрдың  бір  түрі».  Сондай-ақ, 
жұмбақ  жас  баланы  ойлануға,  ойын  тереңдете  түсуге  дағдыландырады, 
жұмбақты  кезектестіріп  айту,  кезекпе-кезек  оның  жауабын  талап  ету  –  үй 
ішіндегілердің  барлығын  қатыстыру  деген  сөз.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік 
беретін балалар фольклорының бірі – жаңылтпаштар.   Ол   баланың   тіліне,   
оның   әрбір   сөздеріне    тартымды  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Метербаева К.М.  Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың тілін... 
 

 
169 
 
 
қылықтарына  күле  отырып,  оларды  дұрыс  сөйлеуге  бағыттайды.  Баланы 
халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді. 
Жаңылтпаш  –  халықтық  шығармалар  ішінде  баланы  дұрыс,  айқын 
сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол туралы С.Сейфуллин: 
«Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған орында 
айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да ертек, өлең, жұмбақ айтысу 
тәрізді  жастардың  тілге  ұстануларына,  ойнақы,  қырлы  сөздерді  тақпақша 
атқылап, билеп, еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға жас кезінен сабақ – 
ойын  болатын  нәрсе  осы  –  жаңылтпаш»,  –  деген.    Жаңылтпаш  –  жеке 
дыбыстар  мен  айтылуы  қиын  кейбір  сөздерді  дұрыс  сөйлеуге  үйрету,  ол 
көбінесе балаға ғана тән нәрсе. 
Балалардың  көпшілігі  мектепке  келгенге  дейін  кейбір  сөздерді  не  жеке 
дыбыстарды  айта  алмайды.  Кейбір  ерке  өскен  шолжаң  балалар  сақаулана 
сөйлейді.  Міне,  осындай  балаларды  жастайынан  дұрыс  сөйлеуге  үйретуді 
көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе дұрыс айта 
алмайтын,  тілі  келмейтін  «р»  дыбысы.  Осыған  байланысты  «р»  дыбысын 
құрайтын дұрыс айтуға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Мысалы: 
Ай, Тайқарбай, малыңды жадыраға жай, Тайқарбай, 
Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай, т.б.  
Осы жаңылтпашты жылдам айтқызғанда бала жаңылып, «р»-дың орнына 
«и» дыбысын айтуы да кездеседі. 
Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын 
дамыту  мақсатында  жаңылтпаштар  ойлап  шығарған.  Сәбидің  тілі  шығып 
алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. 
Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды 
және  сол  кездесетін  сөздерді  жиі-жиі  айтқызып,  жаңылмай  айтуға 
жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын 
болады.  Жаңылтпаштарды  жатқа,  мүдірмей  айту  арқылы  баланың  сөздік 
қоры  байып,  ой-қиялы  дамиды.  Халық  жаңылтпашты  бала  тіліндегі 
мүкістікке  байланысты  шығарған.  Мысалы:  «с»  мен  «ш»  дыбысын  дұрыс 
ажыратып айту үшін: 
Шеше, неше  
Кесе сынды кеше, 
Сондай-ақ, осы дыбысты шатыстырмай айтуға үйретуге байланысты 
                            Торта қойдым, орта қойдым  
                             Орта  қойдым,  жорта  қойдым,  –  деген  сияқты  көптеген 
жаңылтпаштарды  айтуға  болады.  Жаңылтпашты  айтқызуда  алдымен  оны 
жаңылмай  тез  әрі  бірнеше  рет  қайталау  қажеттігін  ескерген  жөн.  Баланың 
тілін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттыру  үшін  бірнеше  әр  түрлі  дыбысқа 
байланысты  білетін  жаңылтпаштарын  жатқа  айтқызу  керек.  Бұл  жастағы 
балалар  неғұрлым  жаңылтпашты  көп  білсе,  соғұрлым  олардың  тілі  тез 
ширап,  дыбыстарды  анық  айтатын  болады.  Дыбыстарды  анық,  дұрыс  айта 
алса,  сөзді  дұрыс  айтып,   оның   мағынасын   меңгереді.   Сонымен  қатар,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Метербаева К.М.  Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың тілін... 
 
 

 
170 
 
сөздерді бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады. 
Жаңылтпаштардың  әр  сөйлеміндегі  баланың  тілі  келіңкіремейтін  сол  «р», 
«с» дыбысының әлденеше рет қайталанып келуін қарастырған. Жаңылтпаш  
баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан 
көріністермен,  өмірмен  таныстырады.  Балаларды  жалықтырмау  үшін 
жаңылтпаштың  сөздері  қызықты,  күлдіргі  және  ұйқасты  болып  келеді. 
Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс 
сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. 
Қорыта  келгенде,  осының  бәрі    ауыз  әдебиеті  үлгілері    бала  тілінің 
дамуына  және  тәрбиелік  мәніне  айғақ  бола  алады.  Оның  табиғатына 
сандаған жылдар бойы жинақталған халықтық педагогиканың рөлі бар. Ауыз 
әдебиеті  үлгілері    халықтың  ескісінің  елесі  ғана  емес,  ол  бүгінде  жаңа 
мазмұнмен  толығып,  балалар  арасында  әлі  белсенді  қолданып  келе  жатқан 
тірі жанды құбылыс.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. -Алматы: 1981.  
2.
 
Қалиев С. Қазақстан халықтық тәлім-тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздері. -Алматы: 2000. 160 
б. 
3.
 
Қазақ мақал-мәтелдері. -Алматы: Ана тілі, 2000. 80 б. 
4.
 
Нұрмахамбетова Р. Баланың ана тілне сүйіспеншігілін қазақ балалар фольклоры арқылы тәрбиелеу. 
-Алматы: Білім, 2002. 
5.
 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -Алматы. 1996. 35 б. 

 
171 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
М.САРЫБАЕВ 
филология ғылымдарының кандидаты 
Академиялық инновациялық университеті 
 
Ә.БҮРКІТ 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы 
 
БОЛАШАҚ  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  КОМПЬЮТЕРЛІК  ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ПАЙДАЛАНЫП  ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
  
В  этой  статье  рассматриваются  методика  осуществления  принципа  наглядности  с 
использованием компьютерной технологии, а также технических средств обучения в преподавании 
математики в 5-классе.  
  
This article deals with some methods of realization of the principle of visual aids with employment of 
computer technologies and technical aids of Mathematics teaching in the 5-th form. 
 
 
Әлемдік  өркениеттен  өз  орнын  тауып,  жаһандану  ағысына  енген 
еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасы жалпы 
білім  беретін  орта  мектеп  математикасын  оқыту  әдістемесін  жетілдіру, 
оқушылардың  білім  сапасын  арттырып,  әлемдік  стандарттар  деңгейінде 
білім  беруге  қол  жеткізу.  Осыған  орай  технология,  ақпараттану  және 
интеграция  ғасырында  жаңа  дүние  үшін    күрес  жолында  білім  беруді 
ақпараттандыру. 
Дербес  компьютердің  мүмкіндіктері  –  мұғалімге  көмекші,  оқыту,  әрі 
көрнекі  құрал  ретінде  сабақта  жұмыс  нәтижелерін  кесте  немесе  сызба 
түрінде  дисплей  экранына,  қағазға  шығарып  беруге  мүмкіндік  туғызады. 
Оның мәтіндік және графикалық редакторлары арқылы әр түрлі алфавиттік-
цифрлық  мәліметтерді  даярлауға,  формулалары  бар  мәтіндерді  жазуға, 
суреттерді,  кесте  түрінде  берілген  сандарды,  диаграммаларды,  графиктерді 
салуға  ыңғайлы.  Компьютерді  оқыту  құралы  ретінде  үйретуші  –  оқытушы 
бағдарламалар  арқылы  білім  беру  процесінде  қолданыла  бастауы  мектеп 
практикасында  шәкірттердің  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  мол  мүмкіндік 
береді. XXI ғасырда Қазақстан  Республикасында білім берудің жаңа жүйесі 
жасалып,  еліміздің  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  бағыт 
алуда. 
Оқу 
процесiне 
компьютерлік 
технология, 
оның 
ішінде 
телекоммуникациялық 
технологиялардың 
енгiзiлуiмен 
оқыту 
функцияларының  бiр  бөлiгi  осы  компьютерлік  технологияларға  жүктелуде. 
Соңғы  кездерде  оқу  және  ғылыми  ақпараттардың  қарқынды  дамуына 
байланысты,  елiмiз  бен  шет  елдерде  оқушылардың  iзденiмпаздығы  мен 
белсендiлiгiн дамытуға әсер ететiн оқу процесiнiң жаңа түрлерi мен оларды 
ұйымдастыру жолдарының бірі ретінде дербес компьютерлер  қолданылуда.  
Алғашқы  аудиовизуальді  бағдарламалық  оқыту  Америка  Құрама 
Штаттарында  1930  жылдары  басталды.  Бұл  құралдар  мектепте  1940- 
жылдары қолданыла бастады. 1950-жылдардың орта шенінде бағдарламалап 
оқыту  технологиясы  қолға  алынды.  Аудиовизуальді  құралдар,  оқыту 
мақсатына    арналған:   кері   байланыс   орнату   құралдары,    электрондық 

 
172 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Сарыбаев М., Бүркіт Ә. Болашақ  мұғалімдердің  компьютерлік  технологияны пайдаланып...   
 
 
сыныптар,  оқытушы  машиналар,  лингафондық  кабинеттер,  жаттығу 
(тренажер) машиналары және т.б. пайда болды. Сөйтіп, ең бірінші «Омск», 
«Огонек»,  «Лингва»  тренажерлары  және  «К-54»  техникалық  құрылғылары 
және  т.б.  пайда  болды.  Содан  кейін  сабақта  кең  бағытта  электронды 
есептеуіш  машиналары  қолданыла  бастады  [1.6-7].  Ал,  1960-1970-жылдары 
техникалық  құралдарды  қолдану  мәселесі  қатты  күшейе  түсті.  Осы  кездері 
жаңа  құралдар:  бейнемагнитофон,  кадропроектор,  полиэкран,  электрондық 
тақта,  1980-жылдары  дисплейлі  сыныптар  жасалынып,  педагогикалық 
бағдарламалық  құралдар  –  саны  мен  сапасы  жақсара  түсті.  Бертін  келе 
«Компьютерлік оқыту» термині пайда болды. Компьютерлік оқыту дегеніміз 
–  оқытудың  техникалық  құралдарының  бірі  компьютер,  жаңа  ақпараттық 
технология болып табылады. Компьютерлік технология негізінде оқытуда 
демонстрациялық 
әдіс 
міндетті 
түрде 
қолданылады. 
Өйткені, 
демонстрациялық  әдіс  көрнекі  оқу  талабын  жүзеге  асырудың  негізінде 
жатыр.  Оқыту  процесінің  теориясына  сәйкес  таным  процесі  сезім  арқылы 
қабылдаудан  басталуы  тиіс.  Мұнда  затты  немесе  құбылысты  қабылдауға 
қатысатын  сезім  мүшелері  неғұрлым  көбірек  болса,  оқушы  жаңа  білімді 
соғұрлым  жақсы  және  берік  меңгереді.    Демонстрациялаудың  бүкіл 
маңыздылығына  қарамастан,  бөлектеп  алынған  күйінде  қолданылған  бұл 
әдіс  еш  уақытта  педагогикалық  аяқталған  нәтиже  бере  алмайды. 
Демонстрациялық  әдіс,  ең  жақсы  және  жетілдірілген  көрнекі  құралдың 
болуына қарамастан, егер мұғалімнің сөзімен толықтырылмаса, онымен қоса 
жүргізілмесе еш уақытта қажетті нәтиже бере алмайды.  Бұл И.П.Павловтың 
бірінші және екінші сигнал системалары жөніндегі іліміне сәйкес анағұрлым 
айқындала  түседі.  Бұл  ілімге  сәйкес  адам  болмысты  ең  алдымен  бірінші 
сигнал жүйесі арқылы қабылдайды. Алайда, білімді игеру үшін қашан болса 
да екінші сигнал жүйесінің қоздырғышы – сөз қажет [2.4-5].  Сондықтан біз 
компьютерлік технологияны тиімді пайдалана отырып, көрнекілік принципті 
жүзеге  асырудың  әдістемелік  негізін  жасадық  [3.9-12].    Барлық  оқушылар 
білім  стандарты  деңгейін  меңгергеннен  кейін  ғана  жаңа  материалға  ауысу 
жүзеге  асырылады.  Оқушылар  біліміндегі  ақаулықтарды  жою  үшін 
сыныптан тыс жеке жұмыстар жасауға тура келеді [4.99-100]. Сыныптан тыс 
жұмыстарда  да  компьютерлік  технологгияларды  пайдаланудың  маңызы  өте 
зор. Өйткені, әрбір үлгермеуші оқушы сыныптан тыс уақытта компьютерде 
оқытушы  бағдарламаларды  қосып,  өз  бетінше  өзіне  қажетті  материалдарды 
оқып-үйренуіне  мүмкіндігі  бар.  Түсінбеген  материалдарды  мұғалімнен 
сұрап, түсініп алуына әбден болады [5.187-189]. Ал, математиканы оқытуда 
компьютерлік  технологияны  қолдана  отырып,  математика  пәні  мұғалімі 
сабақта  жұмыс  нәтижелерін  кесте  немесе  сызба  түрінде  дисплей  экранына, 
қағазға  шығарып  беруге  мүмкіндік  туғызады.  Оның  мәтіндік  және 
графикалық  редакторлары  арқылы  әр  түрлі  алфавиттік  –  цифрлық  
мәліметтерді  даярлауға,  формулалары  бар  мәтіндерді  жазуға,  

 
173 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сарыбаев М., Бүркіт Ә. Болашақ  мұғалімдердің  компьютерлік  технологияны пайдаланып...   
 
 
суреттерді,  кесте  түрінде  берілген  сандарды,  диаграммаларды,  графиктерді 
салуға  ыңғайлы.  Компьютерді  оқыту  құралы  ретінде  үйретуші  –  оқытушы 
бағдарламалар  арқылы  білім  беру  процесінде  қолданыла  бастауы  мектеп 
практикасында  шәкірттердің  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  мол  мүмкіндік 
береді. 
Оқу  үрдісінде  мұғалім  компьютерлік  технология  арқылы  математиканы 
оқытуда математикалық формулалар, графиктер, сызбалар, иллюстрациялар 
салып, әр түрлі іс-әрекеттер  орындап, жас шәкірттерге сапалы білім беруде 
ақпараттық  дәуір  заманында  оқушыларды  өмірге,  нарық  заманына 
бейімдейді.  Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде  оқушы  –  компьютер  – 
мұғалім  жүйесі  қалыптасқан.  Жоғарыда  аталған  өзекті  мәселені  шешудің 
бірден-бір  жолы  қазіргі  компьютерлік  технологияның  соңғы  жетістіктерін 
математика  сабағында  орнымен,  әрі  тиімді  пайдаланып,  оқытудың  жаңа 
формалары мен әдістерін қолдана аламыз. Бұл мақалада 
Т.А.Алдамұратова,  Е.С.Байшоланов.  5-сынып  математика  оқулығы  [6] 
бойынша  «Жай  бөлшектерді  салыстыру»  тақырыбын  компьютерлік 
технология арқылы оқыту әдістемесін қарастырамыз: 
2-сабақ 
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру
Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерді салыстыруды  үйрету; 
Сабақтың әдісі: Компьютерлік оқыту; 
Сабақтың түрі:  Аралас; 
Сабақтың барысы: 
-Ұйымдастыру  бөлімі. 
-Үй тапсырмасын тексеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет