А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оспанова Б.А. Дайрабаева Г
.
Инновациялық педагогикалық технологиялардың мәні
122
Екінші түрі – білім мазмұнында кең таралған бұрын қолданып жүрген
әдіс-тәсілдердің заман ағымына сай өзгертіліп, оқыту жүйесінде сапалы
білімді көздейтін жаңару үрдісі.
Үшінші түрі – білім мазмұнында оқыту мақсаты мен жағдайын өзгертуде
бұрын көңіл бөлінбеген іс-әрекеттер жаңа қалыпқа ие болып, үлкен
жетістіктер әкеледі.
Инновациялық іс-әрекет бұрынғы білім беру мазмұны мен әдістердің
өзгерісі, түрленуі. Бұндағы «жаңалық» бұрынғы оқыту үрдісінен тіпті өзгеше
де, жаңа да емес, керісінше білім мазмұнының жаңарған әдіс-тәсілдерінің
жетілдірілген түрі [2].
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған
ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық
үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықты жасау,
меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген
анықтаманы ұсынды. Ал инновацияның негізін құраушы ұғымдардың –
«инновация», «нововведение», «новшество», «новое», т.б. қазақша
аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын
зерттеу институтының әдіскері К.Құдайбергенова болып табылады.
Жоғарыдағы ғалым-педагогтарымыздың «инновация» ұғымына берген
анықтамаларын бір жүйеге келтірсек, яғни инновацияны «жаңалық», «жаңа
әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық» деп ұғатын боламыз. Ал енді
педагогикалық технология дегеніміз не? Осыған тоқталып өтейік.
«Технология» латынның «техне» - өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»
- ғылым деген сөзінен шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика
ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда
болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды.
В.Беспалько «Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана»
десе, М.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа
қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген
анықтаманы ұсынды.
Сонымен, педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие
жүйесін құрумен, оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады.
Білім беруде жоғары нәтижелілікке жетудің бір жолы – мектептегі оқу
үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру. Яғни, жаңаша
оқытуға бет бұрыс жасай отырып, бүгінгі таңда педагогика ғылымының
ерекшелігі
ретінде
жаңа
педагогикалық
технологияларды
тиімді
пайдаланудың маңыздылығы айқындалады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан
жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлғаны дамыту үшін мұғалім
оқытудың жаңаша әдістерін өзі оқып біліп, зерттеп, өзінің шеберлігіне
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оспанова Б.А. Дайрабаева Г
.
Инновациялық педагогикалық технологиялардың мәні
қарай таңдауы керек. Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану
әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
123
Бүгінгі таңда Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы, Ш.Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясы
және басқада көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал
қазақстандық Ж.Қараев, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың жаңа
технологиялары оқыту үрдісінде қолданылуда.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізіне жататындар:
-әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
-оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;
-оқушылардың
өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын
қалыптастыру.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа педагогикалық
технологиялардың ішіндегі ынтымақтастық педагогика, білім беруді
ізгілендіру
технологиясы,
сын
тұрғысынан
ойлау
технологиясы,
проблемалық
оқыту
технологиясы,
деңгейлеп
саралап
оқыту
технологияларының мәні ерекше.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету
педагогикасынан қарым-қатыныас педагогикасына көшу, балаға ізгілік
тұрғысынан
қарау,
оқыту
мен
тәрбиелеудің
ажырамас
бірлігі.
Ынтымақтастық педагогиканың ерекшеліктері:
-мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы, оқушы да субъект,
мұғалім де субъект;
-оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
-оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық
қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.
Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы
азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және
дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты – оқушылардың
қызығушылықтарын ояту және өзіндік пікірін дәлеледеуге, өзінше шешім
қабылдауға, өз ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз
бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық
икемдіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
-оқушының белсенділіктерін арттыру;
-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оспанова Б.А. Дайрабаева Г
.
Инновациялық педагогикалық технологиялардың мәні
әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері төмендегідей:
124
-күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал
әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен
арылады;
-әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады.
Қорыта келгенде, қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық
педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше. Себебі әрбір мұғалім
педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы
жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады. Өзінің кәсіби білім деңгейін көтереді
және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс
істеу ынтасын, танымдық белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін
арттыра түседі.
Сөз соңында айтарымыз, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық
педагогикалық технологияларды пайдалану білім сапасының артуына алып
келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.
2.
Сайт:
www.tarmpi.kz
.
125
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
К.М.ЖЕТІБАЕВ
тарих ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМДІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ
ӘДІСНАМАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
В этой статье рассматриваются методологические принципы исследований общественной и
воспитательной систем.
This article deals with the methodological principles of study of social and educational systems.
Ұсынылып отырған зерттеудің әдіснамасы ғылыми талдаудың үш
деңгейін қамтиды: жалпы әдіснамалық деңгей; жекеленген әдіснамалық
және зерттеудің нақты әдістемелік деңгейлері:
Жалпы әдіснамалық деңгей проблеманы зерттеудің жалпы әлеуметтік-
философиялық бағытын анықтап, зерттеу нысаны мен денін, күллі
тараптарын, барша нақты да, жанама да байланыстарын айқындап алуды
талап етеді. Диалектикалық әдіс зерттелетін мәселені оның дамуы, өзіндік
қозғалысы және аусымдарында қарастырып шешкенді абзал тұтады.
Зерттеуші үдерістер мен құбылыстарды танудағы осы сынды сара жол
таным жүйелерінің кемелдену және оны реформалау шараларын негіздеуге
мүмкіндік береді.
Жекелеген әдіснамалық деңгей зерттеу құралы ретінде ғылыми
ізденістерге арқау болар әдіснамалық принциптердің сипатында көрініс
береді. Бұл бірігімдегі принциптер:
жүйелі-құрылымдық талдау, кешенді, бағдарламалы, мақсаттық,
тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттар, теория және практика, сана және іс-әрекет
бірлігі және т.б.
Тәлімді жүйе ретінде ажыратуға мүмкіндік беруші белгі – бұл оның
мақсаттық қажеттілігі.
Жүйелілік бағытына орай мақсатты талдау тәлімді әлеуметтік-
экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да үдірістермен байланыс
тұрғысынан қарастыруға жол ашады. Тәлімнің әрбір құрылымдық бірлігі де
осы байланыстың нақты тұстарын бейнелеумен өзінің де белгілі мақсаттық
міндетін иеленеді.
Тәлімдік жүйені зерттеуде «барша баршадан құралады» деген физикалық
принциптерді қолдануға болады. Мұндай күрделі жүйені құрылымдық
элементтерге ажырату социологияда қолданымын тапқан өте орынды
зерттеу әдісі жүйелі-құрылымдық талдаудан күтетініміз:
1.
Тәлімді өзара ықпалдастықта болатын элементтерден құралған
тұтастық ретінде қарастыру. Тәлім жүйесін біз белгілі тәуелділіктегі және
басымдылық ретіндегі бірнеше бөлшектерді біріктіретін тұтастық түрінде
қарастырамыз.
2.
Тәлім жүйесін зерттеуде басты назар құрылымдық бөлшектердің өзара
және қоршаған ортамен болған әрекеттестігіне аударылады.
126
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
Бұл орайдағы қажет болатыны тәлім жүйесінің бірліктерінің қызметтік
басымдылық ретін және олардың өзара тәуелділігін айқындау қажеттігі.
Осы ықпалдастық негізінде ғана жоғары деңгейлі басымды бөлшектер
жетілуі жоғары дәрежелі тәлім жүйесін қалыптастыру қамтамасыз етеді.
Тәлім жүйесінің сыртқы жағдаяттарымен болған ықпалдастық әрекеттерінің
мән-мағынасын ашу оның қалыптасуына және тәлім мен маман дайындау
сапасына әсер етуші шарттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл мәнмәтін шеңберінде тәлім жүйесін зерттеу бейнеленгенді
қалыптастыруда бейнеленуші маңызын жан-жақты да тереңдей ашуға
мүмкіндік жасайды.
3.
Тәлім жүйесіндегі қозғалысты-динамикалық құбылыс ретінде
таныған жөн. Адамзат өркениетінің белгілі кезеңінде пайда болып, оның
формасы және ұйымдастырылуы, сондай-ақ мазмұны тұрғысынан үзіліссіз
жүріп жататын өзгерістерге кезігеді. Мұндай құбылыстар себебін ашу тәлім
жүйесін реформалау және даму үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік ашты.
Тәлім жүйесінің қызметіне ықпал жасаушы жетекші сипаттары мен
шарттарын зерттеу арқылы болашақтағы даму жөнінде болжам айтуға
болады. Осы бағытты ұстанудан реформалау барысындағы тәлім құрылымы
мен мазмұнындағы өзгерестердің мәнін айқындаудың мүмкіндігі ашылды.
Осы зерттеулердің үшінші деңгейін автор нақтылап, жалпы қолданымға
өткен, әрі белгілі міндеттерді шешуге пайдаланылып жатқан нақты
әдеттердің бірлігін құрайды. Әрбір нақты әдістеме, осы зерттеуде
қолданылып, ғылыми талдаудың бірінші және екінші деңгейлерінде аталған
белгілі әдіснамалық бағытта пайдаланылды.
Жұмыс барысында ғылыми-әдіснамалық әдебиеттер және қалыпты –
құқықтық құжаттар, отандық және шет елдік арнайы әдебиеттер талдауын
тапты. Әдебиеттер және құжаттарды талдау үдерісінде алда тұрған проблема
мен нақты әдістемелерді шешудің әдіснамалық бағыттары айқындалды.
Құжаттармен танысу тәлім және маман дайындау жүйесін қалыптастыру әрі
дамуы жұмыстарының жағдайын анықтауға мүмкіндік берді.
Теориялық зерттеу әдісі проблеманың шешілуінде ерекше маңызға ие.
Ол теория мен практикадағы мәселе тарихын зерттей отырып, проблеманы
бөліп алып, нақтылауға жол ашады. Зерттеу бағытын түзу үшін қойылған
мәселе бойынша әрқилы көзқарастар салыстыру қажеттігі туындайды.
Маңызды келетіні – проблема дайындығында қандай ғылыми деректерді
сүйеніш етуге, қандай ғылыми деректер ескерілуі қажет болатынын
айқындап, көрсете білу.
Тәлім жүйесінің құрылымдық бірліктерінің байланыстарын ашу және
оны реформалаудың жолдары мен шараларын анықтау үшін проблема
бойынша ізденістер, кезіндегі қолға түскен деректерді теориялық талдауға
салу әбден қажет. Теориялық талдау әдісі мәселені танып, оған байланысты
деректерді түсіндірудің бірден бір құралы, онсыз теориялық шешім болуы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
127
мүмкін емес. Теориялық зерттеу қай мәселенің бастамасы, «үзеңгілесі» әрі
қорытушысы. Ал, ол өз ішінде келесі қызметтерді қамтиды: әдеби дерек
көдерін үйрену, педагогикалық тәжірибені талдау және қорыту, алға
тартылған болжамдар гипотезасын нақтылап, тексеру. Қазақстанның
тәлімдік жүйесіне тән шынайы бірігімді сапа-бұл оның генерциялылығы. Ол
тәлімнің белгілі деңгейіндегі тәлімдік және кәсіби бағдарламалардың барша
бөліктерін жетілдіруге қаратылған прогностикалық бағыттың қажеттігіне көз
жеткенде, олардың айқын ұштастығын қамтамасыз еткенде, сондай-ақ
белгеле педагогика жүйеге енгізілген ғылыми білімдердің прогностикалық
бағыты орныққан жағдайда ғана есепке алынуы мүмкін. Дәл осыдан, үздіксіз
тәлім мен педагогика ғылыми саласындағы болжамдаудың әлеуметтік,
экономикалық,
ғылыми-техникалық,
демографиялық,
мәдени-тарихи,
этнопсихологиялық, физиологиялық-гигиеналық және басқа да түрлері
нәтижелерінің міндетті бірігімге келуін ескеруші үздіксіз тәлімнің біртұтас
жүйесінің дамуын болжамдауға қажетті жүйелілік бағыты көкейкесті маңыз
алады. Республикадағы педагогикалық болжамдаудың теориясы мен
практикасының бастапқы кемелдену кезеңінде алғы шепке тартылатын
мәселе, Қазақстандағы үздіксіз тәлім жүйесінің дамуына байланысты әрқилы
болжамдау жобаларын қарастыру емес, ал оларды ешқандай сипаттамасыз-
ақ, мұндай жобалардың дәлелдігін көтерту құралдары мен әдеттерін
іздестірмей-ақ
таңдастыру
әрекеттері
болған.
Осыдан
біртұтас
педагогиканың ғылыми саласы-педагогикалық прогностиканың шеңберінде
Қазақстандағы үздіксіз тәлімнің біртұтас, күрделі және ауысымды жүйесінің
барша бөлшектеріндегі жаңа бағыттың дамуы аса маңызды көкейкестілікке
ие болып отыр [1].
Болжамдық зерттеулер бірінші кезекті міндеттерінің шешілуіне назар
шоғырландыруға мүмкіндік беретін жалпыланған, жүйелестіруші нысандары
айқындауда өзінің үлкен маңыздылығына ие, сонымен бірге мұндай
зерттеулерді тиімді жүргізудің нақты әдіснамалық, көрсеткіш-бағыттарын
белгілеуге өте қажетті.
Үздіксіз тәлім жүйесінің тұтастай даму болашағын анықтаушы
педагогикалық бірліктер қандай және қандай болжамдық негіздемені қажет
етеді, қандай тұстарын болжамдауға болады (аса қажеттісі).
Жалпыланған күйде, мұндай нысандар қатарында тәлімнің әр сатысына
орайласқан оқу-тәрбиелік жүйе және тұтастай тәлім іс-әрекеттерімен
байланысты педагогакалық жүйені атауға болады.
Қалаған тәлімдік деңгейдегі оқу-тәрбиелік жүйе өз мәніне орай әрбірі
дербес болжамдық нысан қызметін атқарушы өзара байланысты бірліктерден
тұратын күрделі де көп тарапты болжамдық зерттеу нысаны ретінде
көрінеді. Сонымен бірге, зерттеу мақсаттарына орай оқу-тәрбие жүесін
шартты түрде екі түрге – тәрбие және оқу-үйретім бөліп қарастырған
орынды. Аталған жүйешелердің әрбірі, өз кезеңінде, келесі оқу-үйретім,
не тәрбие бірліктерінен құралады: мақсаттар, мазмұн, әдістер, құрал-
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
жабдықтары мен ұйымдастыру формаларынан құралады. Дәл осы бірліктер
педагогикалық зерттеулердің ендігі сәл төмендеу деңгейіндегі
педагогикалық болжамдаудың нысандары ретінде қызметтерді (болжамдық
128
зерттеулердің реттік басымдылығы әңгіме болғанда біз ең алдымен
аталғандардың күрделілік айырмашылығын ғана ескеріп, олардың ғылыми,
әсіресе практикалық маңыздылығын кейін қалдыра тұрамыз). Сөз тиегі
болған бірліктерді бөлшектеу (мысалы, жалпы білімдік, жалпы техникалық,
еңбектік, не кәсіби дайындық мазмұны; оқушылардың танымдық
белсенділігін көтеру әдістері) тәлімнің әр деңгейдегі болжамдық
нысандарының одан да нақтылау, дараланған нысандарын ашуға мүмкіндік
береді.
Біртұтас оқу-үйретім – тәрбие жүйесін оқу-үйретім және тәрбие
жүйешелеріне бөлу жасанды сипатқа ие болатыны сөзсіз. Сондықтан бір
зерттеу ауқымындағы оқу-тәрбие жүйесінің барша бірліктерін болжамдай
негіздеудегі кешенді бағыт талаптарын педагогикалық зерттеулердің күре
тамырлы принципі деп қарастыру қажет.
Айтқанымыздай, педагогикалық жүйенің өзі де педагогикалық
ғылымының аса маңызды жетістіктеріне сәйкестене және ғылыми зерттеулер
нәтижелерін дер мезетінде қолдана отырып, өзгеріссіз қалмайды, олар оқу-
тәрбие жүйесінің барша бөліктерінің сапалы ауысымына, олардың жетілуі
мен жаңалануына дем береді, ал бұл қорыту межесінде тәлімдік үдерістің
тиімділігін көтеріп, оқу-тәрбие қызметі мақсаттарының және олардың
деректі нәтижелеріне етене жақындасуына ықпал жасайды. Осыдан тұтастай
педагогикалық жүйе және оның құрамдас бөліктері оқу-тәрбие бөліктерімен
бір қатар педагогикалық болжамдаудың толыққанды нысандары ретінде
қабылданады [2].
Осылайшы,
стратегиялық
мақсаттың
Қазақстанның
тәлімдік
мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдересінің даму, мақсат өзгерістері, мазмұны,
құралдары мен ұйымдастыру формаларының өздеріне тән бағыттары мен
заңдылықтарын ашумен байланысты келетінін байқаймыз. Осыған арқа
сүйей отырып, Қазақстан жағдайларындағы дидактика мен пән
әдістемелерінде, тәрбие теориясындағы болжастыру кезінде ашылған
заңдылықтарды қолдану амалдарымен әдістік аппараттарды (әдістемелер
банкін) түзуге болады. Бұл соңғы қорытуға оқу-әдістемелік, ұйымдастыру
және тәрбие кешендерінің болашақ нобайы баламаларын түзетуге
жәрдемдеседі.
Сонымен бірге, мақсаттық ұстанымдар тобына ғылыми ізденіс пен
Қазақстанның үздіксіз тәлім жүйесі үшін қажетті болаған беделді
бағдарламаларын болжамдау (жоғарыда аталған көзқарастар мен
заңдылықтар негізінде) және нақтылап дайындау істері де кіреді [4].
Педагогикалық болжамда – бұл тәлімдік іс-әрекеттердің мазмұнын
формаларын, шаралары мен әдістерін тиімділігін көтеру мақсаттарындағы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жетібаев К.М. Қоғамдық және тәлімдік жүйелерді зерттеудің әдіснамалық принциптері
педагогикалық зерттеу нысандары жөніндегі күтілген ақпараттарды алудың
арнайы ұйымдастырылған үдерісі.
Мақалада зерттеулердің теоирялық әдістер кешені қолданылды.
1.
Педагогикалық құбылысты үдерістер үшін, дұрыс келетін
диалектиканың іргелі заңдарының жалпылығына негізделген сәйкестік әдісі:
129
2.
Әрқилы құбылысты тәлім элементтерінің бірлігінен топтастырылған
педагогикалық жүйелер, жаңа теориялық тұжырымдар түзудің мақсатты
бағдарлылық әдісі.
3.
Өз шешімдерін шынайлылықпен сақтайтын жаңа ұғымдар мен
тұжырымдар жүйесіндегі бастау деректері мен ақырғы талаптарды қайта
өрнектеу әдісі.
4.
Нақты-эмпирикалықтан, дерексіздіктен абстракттілікке өрлей өту
әдісі.
5.
Теориялық тұрғыдан күтілетін жағдайларды (сабақ құрылымы,
тәлімдік бағдарлама білімінің мазмұны, тұлғааралық қатыныстар мазмұны
ш.т.б) модельдеу әдісі.
6.
Абстрактіліктен нақтылыққа өту (теориялық мән-мағына түсіну)
әдісі.
7.
Педагогикалық үдерістің бастапқы бақылауы құрылымы бірліктерін
(мысалы, танымдық іс-әрекеттер) ақырғы нәтиже бірліктерімен салыстыруға
негізделген әдіс.
8.
Ойда эксперименттеу әдісі (тұтастықтың мүмкін болар жаңа
сипаттарын ашу мақсатында тұтастық бөліктерінің қызметін ойда өзгеріске
келтіру)
9.
Мүмкіндіктерді шегіне дейін қамту әдісі.
10.
Қарама-қарсы беттестіру әдісі (бірін-бірі жоққа шығарушы
баламалар тоғысы)
11.
Зерттеуші қатысынсыз болатын педагогикалық жүйе дамуын
болжамдау әдісі.
Аталғандар қатарында ойындық теорияда, амалдарды зерттеу
теориясында, демография
және
экономика
үдерістерін
зерттеуде
тиімділікпен қолданылатын көптеген әдістердің болмауы өздігінен-ақ
түсінікті болар.
Бағдарламалық мақсатты жоспарлау, іргелі ғылымдағы көптеген
ауқымды проблемаларды дайындау және жалпы мемлекеттік маңызы бар
ғылыми-практикалық жобаларды іске асыруда әлдеқашан өз баянын тапқан.
Дегенмен, айта кеткен жөн – педагогика ғылымы мен практикасында
бағдарламалық мақсатты жоспарлауды қолдану өз қиыншылығымен тәнті,
ол-педагогикалық үдерістің арасан күрделілігі және көптеген мәнді
сипаттарының формальды өрнекке келмей, ол шешімге түспеуінен
болатындығы.
130
Достарыңызбен бөлісу: |