4. Орта білім беру жүйесін дамытуды стратегиялық бағдарлау кезеңі (1998-2000
жж). Орта білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын айқындау осы кезеңде
анықталды.
5. Орта білім беру жүйесін ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, кадрлық
жасақтау және жалпы орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшуге дайындық
кезеңі (2001 жылдан бастап). 11 жылдық мектеп құрылымы үшін жаңа буын
оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендер жасалынды. Жаңа «Білім туралы» заң
қабылданды. 12 жылдық мектепке көшудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау
қолға алынды.
Орта білім беруді реформалау жалпы білім беретін мектепке құрылымдық
өзгерістер жасаумен ғана жүзеге асырылмайды, сонымен бірге білім мазмұнын да
соған сәйкес өзгертіп, қайта құру керек болады. Білім мазмұнындағы өзгерістер
республикада төмендегідей бағыттарда жүргізілді:
-білім берудің мәдениеттік ауқымының едәуір ұлғайтылуы;
-тұлға дамуының негізі және мазмұндық өзегі ретінде гуманитарлық білім
ролінің арттырылуы;
-барлығына міндетті әрі бірдей мазмұннан вариативті және дифференцияланған
мазмұнға, ресми бекітілген бірыңғай мемлекеттік мазмұн мен бірқатар төл авторлық
бағдарламаларға, курстарға және оқулықтарға бағыт алу.
Қазақстан Республикасы бірегей, біртұтас тәуелсіз мемлекет, сондықтан да әр
түрлі тілдерде оқитын Республикадағы мектептер бірыңғай жалпы білім беру
саясатын және мемлекеттік мүдделерді сақтау негізінде дамуы тиіс. Осы орайдан
Ұлттық оқу жоспары бекітілген. Білім беру мекемелерінің ұлттық базистік оқу
жоспары оқитындардың әрекетінің барлық негізгі кешендік түрлерін және олардың
жан-жақты білім алуы мен қалыптасуын жүйелі қамтитын, білім беру үдерісін
ұйымдастыруды реттейтін негізгі нормативті құжат болып табылады. Білім беру
мазмұнының инварианттық
және вариативтік құраушыларынан тұратын Ұлттық
базистік оқу жоспарының құрымына мемлекеттің және жеке тұлғаның мүдделерін
үйлестіру тетігі салынған. Онда оқушылардың оқу жүктемелерінің санитарлық
нормаға қатаң сәйкестігін сақтау көзделген.
Инварианттық бөлімде білім беру мазмұны республиканың барлық мектептері
үшін бірыңғай жалпы білім беретін құраушы ретінде қарастырылған. Білім
мазмұнының вариативтік бөлімі есебінен оқитындардың, мектептің ерекшелігінің
сұраныстары жүзеге асады.
Жалпы білім беретін мектептің Ұлттық базистік оқу жоспары мен негізгі оқу
пәндері бойынша мемлекеттік білім стандартының жасалуы және қолданысқа енуі –
мектеп дамуының ұлттық моделінің басты құрамдастарының бірі ретінде саналады
[7].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Концепция этнокультурного образования в Республике Казахстан// Образования в Республике Казахстан. Сборник
законодательства республики Казахстан по вопросам образования. Под ред. Кузембаева М.М. -Астана: 2006. С.232
2.
Кусаинов А. Тенденции развития образования в современном мире// http://
www.petropavl.kz/
рр_12_06/25. shtml.
3.
Малькова З.А. Педагогика в поисках модели школы нового поколения //Известия Российской акдемии образования.
Издательский дом МАГИСТР–ПРЕСС 10 лет. -М.: 2001, №1. С.28-34.
4.
Толстой Л.Н. Воскресенье. -М.: 1977.03.63.
5.
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. -Алматы: «Қазақстан», 1994. 19-б.
6.
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. -Алматы: «Қазақстан», 1994. 5-6 беттер.
7.
Беркімбаева Ш.Б. Среднее образование в ХХІ веке: состояние и перспектива развития// Материалы
международной научно-практической конференции. -Астана: 2002. С.4-8.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ү.МЕЛДЕБЕКОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
199
ЖЫР-ДАСТАНДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОРНЫ
В данной статье рассматрена роль эпосов и дастанов в воспитании современной молодежи.
This article deals with the role of epos-dastans in the education of contemporary youth.
Қазақ халқында қай уақытта болмасын ән мен күй, жыр мен терме
тұрмысына жігер беріп, өмірлеріне шуақ құйған. Ауыл-ауылда алтыбақан
басында жастар жиналып жаңа әннің тұсауын кесіп, оны естіген жастар бір-
екі рет сұранып қайта айтқызып, жаттап алып, бәленшенің әні деп таратып
жүрген. Мал шаруашылығымен, көшіп-қонумен айналысқан қазақтың
тыныс-тіршілігін жеңіл болды дей алмаймыз. Сол тауқыметті арқалап
жүрген жастар көңіл көтеріп, мәдениетті түрде демалуды да біле білген.
Аға-жеңгелері жастарға мүмкіндік беріп, әрі қамқорлық жасап жастарға
арналған «Ақсүйек» ойындарында, бастаңғыда, шілдехана бас қосуларына
жағдай жасап отырған. Онда барғанда да ән салып, күй тыңдап, жыр мен
термеден тәлім мен тәрбие ала білген. Ән мен күй адамның көңіл күйін
көтеріп, шабыт сыйласа, термедегі нақылдар мен жырдағы тарихи оқиғалар
адамға ой салып санасын тереңдетеді.
Қаншама ғасырлар бойы халқымыздың осы ұстанымын бүгінгі күннің
тәрбие ісіне қолдансақ біздің тірлігіміз нұрлана түсер еді.
Еліміз егемендікке қол жеткізген тұста жарық көрген және көпшілікке
ұсынылған халқымыздың құнды тарихын, тұрмыс-тіршілігін жырлайтын
тамаша дүниелер жарық көрді. Атап айтсақ, Ежелгі дәуір әдебиеті,
Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ фольклорының тарихы», Қорқыт ата кітабы,
Қобыз атасы Ықылас, Күй шежіресі және М.Құрсабаевтың жетекшілігімен
ұйымдастырылған «Ата мұра» бағдарламасы. Мұның бәрі жастарымыздың
білімін жетілдіруге, мәдениетін көтеруге, тарихи танымын арттыруға қол
жеткізеді.
Қазір бізде жоспарланған сағаттардан басқа үйірме жұмыстары өте аз
жүргізіледі. Үйірме жұмыстарына көңіл бөлінсе осы танымдық жоспарларды
іске асыруға мол мүмкіндік туар еді.
Жастарды тәрбиелеуде тек біржақты ән тыңдап, жырды талдап, өткенге
көз жіберіп, сабақ алып, тарихи тәлім жасауымыз керек.
Ата-бабаларымыздан мұра болған құйма құлақтық қасиет – бір естігенде
жаттап алу үрдісін ұмытып бара жатырмыз, техникаларға сеніп, көп
қасиеттерімізді жоғалтып алғандаймыз.
Біздің қазіргі 70-80-ге келген ата-аналарымыз «Ер Тарғын», «Алпамыс
батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» жырларын жатқа білсе, біздер 40-
60-тағы замандастар Абай өлеңдерін, Пушкин, Лермонтов, Крылов
аудармаларын жатқа айтсақ, бүгінгі жастар жатқа ештеңе білмегені былай
200
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Мелдебекова Ү. Жыр-дастандардың жастарды тәрбиелеудегі орны
тұрсын, тест сұрақтарын толық оқи да алмайды. Осындай келеңсіздікке біз
қалай ұшырадық. Оның себебі біржақтылық. Балалар тест жаттаса болды деп
негізгі дәстүрлі сабақты жүргізбей қойды. Мұны мұғалім құнттап
жоспардағы берілген тақырыптарды дұрыс меңгертпегеннен. Білім мен
тәрбие алудан жастар шаршамайды, керісінше жанданып, жарқырап, көздері
шырақтай болып, білгенін айтуға құлшынып, білген үстіне біле түссем деп
белсенділігі артады. Көпшіліктің алдында еркін сөйлеп, білгенін ортаға
салуға асығады.
Ал жиған-тергені жоқ адам тым тұйық, айтары жоқ, көпшіліктен қашып
жүреді. Бала тәрбиесімен айналысатын орта осыған көбірек көңіл бөлсе біз
өз балаларымызды жарқын өмірге апаратын жолға салар едік.
Эпостарда қаһармандардың басындағы қиыншылықтарымен байланысты
туған күйініш, сүйінішті оқиғалар баланың жан-дүниесіне қозғау салып, ой
сезімдерін оятады.
Уақытында орыстың атақты тюрколог ғалымы Г.В.Радлов: «Олардың
шешендіктеріне, шынында да, таң қалмасқа болмайды. Қазақтар сөйлегенде
ешбір мүдірмей, іркілмей сөйлеп кетеді. Өлең шумақтарында ғана
ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады
да, тыңдаушыға өлең тәрізді әсер етеді. Сондықтан да қазақ халық
поэзиясының дамуы жоғары сатыға жеткен», - деп берген бағасының құнын
бүгінгі күні түсіріп алмауымыз керек.
Бүгінгі таңда жастар – білімді, жан-жақты, өнерлі, өткір болуы үшін
халықтық
салт-дәстүрлерімізді,
жыр-дастандарымызды
сусындатып
өсіруіміз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әбілан З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -Алматы: Мектеп, 1972.
2.
Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. -Алматы: 1990.
3.
Ежелгі дәуір әдебиеті. -Алматы: Ана тілі, 1991.
4.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991.
201
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Б.ДАУЛЕТБЕКОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
В статье рассматриваются межпредметная связь и ее роль в формировании мировоззрения
школьников.
This article deals with inter subject connection and its role in the formation of world outlook of
pupils.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, сонымен бірге рухани дамуының келелі,
қажетті мәселелерінің бірі – бұл білім беретін барлық орта мектептердің, әсіресе
бастауыш мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру. Келешек ұрпаққа білім
берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үдеріс кезіндегі
сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көп мағыналы педагогикалық
табиғаты бар мәселе. Өйткені оған ғалымдардың беретін анықтамасы сан алуан.
Айталық, Н.А.Лошкарева «пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие үдерісінде
объективті шындық өмірді баяндаудың диалектикалық формасы мен педагогикалық
талап принципі» десе, В.И.Янцен «пәнаралық байланыс білім берудің құрамды бір
бөлігі» – йді. Ал Г.Ф.Федорец «пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің
объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға
ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін категория» деп түйіндейді [1].
Бастауыш мектептің білім беру жүйесі оқушыларға өмір туралы дұрыс ой
қалыптастырып, қоршаған дүние туралы көзқарастарын біртұтас жүйеге
бағыттайды. Сондықтан бастауыш мектептің оқыту-тәрбиелеу үдерісіндегі
теориялық білімді пәнаралық байланыс арқылы іс жүзінде қолданып, оқушының
жеке тұлға ретінде дүниетанымын қалыптастыруға тікелей ықпал етіп, олардың
танымдық іс-әрекетін дамытуға үлкен жағдай жасайды.
Қазіргі бастауыш мектепте оқытудағы білім беру білімнің шамаға лайықтылығы
мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін игере отырып, оқыту үрдісіндегі
пәнаралық байланысты жүзеге асыруды талап етеді.
Қалай болғанда да, қазіргі білім берудің ізгілендіру және демократияландыру
кезеңінде, пәнаралық байланыстың алатын орны орасан зор. Пәнаралық
байланыстың басты міндеті, оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлігін,
дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу соған қарай ойлау-
салыстыру арқылы өз етінше жете білу.
Мектеп оқушыларына математикадан алған білім, білік дағдыларын пәнішіндік
және пәнаралық байланыс негізінде дамытумен қатар оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстарды іске асырудың жолдары мынадай:
әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын игізетіндей
болуын іріктеу;
пәндерді оқып үйренуде өтілетін материалды уақыт жағынан үйлестіріп
отыру;
оқушылардың бір пәнді оқып үйрену барысында екінші бір пәннен ілім алуға,
икемі мен дағдыларын кеңінен пайдалана білуге әрекеттендіру;
202
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Даулетбекова Б. Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
әр пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін көрсете білу;
пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын ашып,
дұрыс диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу негізгі пәндердің
материалдарының бірін-бірі қайталауда, салыстыруда, байланыстарын көрсетуде
оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды дұрыс түсінбеулеріне әкеп
соғады. Пәнаралық байланыс – өзара жақын пәндердің бағдарламаларындағы оқу
материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Математиканы оқыту курсы, оның ішінде математиканың пәнішіндік
байланысын ұйымдастыру барлық пәндермен байланысты, кіріктіріліп жүргізуі тиіс.
Математика ғылымдар патшасы болғандықтан, барлық пәндердің оқытылуында
алатын орны ерекше. Математикалық білім беру оны басқа пәндермен
байланыстырып өту кең түрде қолданылады. Осы орайда, математиканы оқыту
барысында пәнаралық байланысты жүйелі түрде жүргізіп отыру оқыту мен
оқушының сапалық жақтарын жақсартады.
Математика пәні өмір талабына сәйкес бейнелеу өнері, дүниетану және қазақ
тілімен тығыз байланысты.
4-сынып бойынша пәндерді алсақ, мысалы: бейнелеу өнері сабағында «Сызық
түрлері», «Заттардың құрылымы, пішіні» тақырыптарында суреттің ең негізгі бөлігі
сызық жүргізу, онда тік, көлденең, доға, шеңбер сызықтары болса, ал өмірде
күнделікті кездесетін заттардың құрылысынан геометриялық денелердің кескінін
табуға болады [2].
Қазақ тілі сабағында сөз таптары «Сан есім», «Дара және күрделі сан есім»
тақырыптарында оқушыларға сандар мен оның сырларын терең ұғындырып,
олардың сан есім түрлерін дұрыс ажырата білуге үйретеді [2].
Дүниетану сабағында «Күн – жарық пен жылудың көзі» тақырыбында
математикамен байланыстыра отырып көп таңбалы сандарды, «Жердің өз білігінен
айналуы. Күн мен түннің ауысуы» тақырыбында уақыттың өлшем бірлігі «тәулік»
туралы ұғыммен байланыстыра түсіндіріп, үйлестіріп өту маңызды [2].
Ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты, сондықтан оқу пәндері де
бір-бірінен ажырамайды.
Бастауыш мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстың қойылуы
неғұрлым терең білімді игеруге, ғылыми ұғымдар мен заңдарды қалыптастыруға,
оқу-тәрбие жұмысының жақсы жүруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар
оқушылардың білімінің ғылыми деңгейін көтереді.
Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің терең, жан-жақты және
оқушының дүниетанымының қалыптасуының дидактикалық шарты болып
табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Методика преподавания физики. Под ред. А.В.Усовой. -М.: «Просвещение», 1990.
2.
«Математика», «Бейнелеу өнері», «Қазақ тілі», «Дүниетану» 4-сынып оқулықтары.
3.
Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. 1-4. -
Алматы: «Атамұра», 2005.
203
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Д.Ж.КІШІБАЕВА
педагогика ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПӘНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
В статье рассматриваются пути реализации межпредметной связи в учебном процессе
начальной школы.
This article deals with the ways of realization of inter subject connection in the education process at
primary school.
Егемен еліміздің қазіргі жаңару кезеңінде қоғамымыздың ілгерілеу
процесінде адам факторының алатын орны ерекше. Сондықтан да ел өмірінің
барлық салаларын жаңарту барысында бала тәрбиесінің мәні мен оның
мәселелеріне көңіл бөлінуі тиіс.
Пәнаралық іскерліктер – бұл кез келген пәнді оқуы үшін қажетті
іскерліктер. Мәселен, белгілі жылдамдықпен оқи алу мен жазу, мәтіндегі
бастыны таңдау және конспекті жазу, шығармашылық операцияларды
орындау: сәйкес қою, талдау, классификациялау, жүйелеу және т.б.
Пәнаралық
байланыстар
үшін
негізінен
оқу-интеллектуалдық,
практикалық іскерліктердің орны ерекше. Ал, оқу-интеллектуалдық
оқушының талпынысынан, ұмтылысынан, ішкі мотивпен туындаса, екіншісі,
сыртқы мотив арқылы жүзеге асырылады [1.160].
Қазіргі кезде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары
белгілі: әңгімелесу, топ серуенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық
құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу,
сөзжұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру және шешу,
практикалық
жұмыстар
жүргізу.
Бастауыш
сыныпта
пәнаралық
байланыстағы
мақал-мәтелдерді
оқушының
шығармашылығын
дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолдары бар:
-тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу;
-оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету;
-көрініске қарап мақал-мәтел айту;
-табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру;
-суреттерге қарап мақал-мәтел айту.
Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы,
тапқырлығы, нақты ой болжауы – тіл байлығы артады.
Пәнаралық байланыс оқу материалдары негізінде түзілетін (немесе
түзетін) білімдер мен іскерліктері, педагогикалық-ғылыми зерттеу
материалдары (В.А.Бухвалов, А.Т.Рыбкин, т.б.) және оқу бағдарламалары
негізінде айқындалды (оқу пәні бағдарлама 1-4 сыныптар үшін) [2.33-34].
Мысалы, 1-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу
іскерліктері (немесе оны жалпы оқу іскерліктері деп те қарастырады):
-сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;
204
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
-минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
-минутына 4-5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
-ережелер көмегімен терминді есте сақтау;
-мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;
-ауызша және жазбаша мәтінді бірге өзгерту және толықтыру;
-дене, зат және моделді салыстыру және жіктеу;
-табиғи денені және құбылысты бақылау;
-шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру
және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;
-ұйымдасқан және үнемді жұмысты ұйымдастыру;
-өзінің жұмысына бақылауды орнату;
-сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.
Ал енді 2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу
іскерліктері:
-минутына 60-70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
-минутына 6-8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
-терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;
-мәтіндегі бастыны бөліп алу;
-ауызша және жазбаша мәтіңді біргелікте өзгерту және толықтыру,
құрастыру;
-дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;
-табиғи денені және құбылысты бақылау;
-тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;
-шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру
және алгоритмдеу әдістерін біргелікге қолдану;
-денелер, материалдар мен суреттердің композициясын құрастыру;
-жұмыстағы пайдаланған әр түрлі материалдардың қасиеттерін есепке
алу;
-әр түрлі құралдарды тапсырма мазмұнына сәйкес пайдалану;
-критерийлер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.
Сондықтан 3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу
іскерліктері мыналардан тұрады:
-минутына 70-80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
-минутына 10-12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
-терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;
-мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте,
конспекті түрінде әзірлеу;
-ауызша және жазбаша мәтіңдерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және
құрастыру;
-құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды
анықтау;
-тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;
-жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыру;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
205
-шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және
алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;
-зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру.
Соңында 4-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу
іскерліктері:
-минутына 90-100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
-минутына 13-15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
-ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;
-мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте,
конспекті түрінде әзірлеу;
-ауызша және жазбаша мәтіңдерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және
құрастыру;
-заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анықтау;
-тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;
-шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және
алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;
-өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және
бағалау.
Жоғарыда берілген пәнаралық оқу іскерліктері қазіргі уақытта жас
мұғалімдер үшін оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесінде ескеретін іс-әрекеттер
болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Климов Е.А. Как выбирать профессию. -М.: Просвещение, 1984. -160 с.
2.
Мұсабеков О. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Бастауыш мектеп, 2000. №1.
Достарыңызбен бөлісу: |