Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

469 


Базарбаев Қ.Қ.

 

1917 ж. Жетісудағы  саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары

 

 

 



қабылданған қаулылар басшылыққа алынды.  

 

 



 

Түркістан  өлкелік  Қазақ-қырғыздардың  орталық  кеңесінің  қызметіне 

тездетіп  кірісуінің  қажеттігі  негізін  М.Шоқай  қалаған,  Қ.Болғанбаев  пен 

С.Қожановтың  тікелей  атсалысуымен  шығып  тұрған  «Бірлік  туы»  газеті 

редакциясының  тарапынан  көтерілді.  Бұл  жөнінде  газетте  «Қазақ-қырғыз 

кеңестері» деген тақырыпта мақала жарияланып, онда былай делініп аталып 

көрсетіледі: «Аймақ жиылысының қаулысы бойынша қазақ-қырғыз кеңесіне 

әр уезден бір өкіл тез арада сайланып жіберіліп, іс шын өкілдердің өз қолына 

алынуы  керек.  Уездерде  һәм  облыстарда  қазақ-қырғыз  кеңестері  тездеп 

ашылуы  тиіс. Түркістан аймағына  земство  кіретін  болып  тұр,  бұған  да  даяр 

болу  керек.  Учаскелік,  уездік,  облыстық  деп  һәр  жерде  қазақ-қырғыз  кеңесі 

болып,  һәр  істе  қазақ-қырғыздың  пайдасы  шығатын,  тұрмысына  лайық  іс 

болуын  көздеп  тұрмаса,  жұрттың  тиісті  ақысынан  айырылып  қалуына  шек 

жоқ»  [6].  Түркістан  өлкесі  қазақ-қырғыз  съезінің  шешімдерін  қазақтар  мен 

қырғыздар арасында насихаттауда «Бірлік туы» газеті елеулі рөл атқарды. 

 

«Бірлік  туы»  газетінде  қазақтардың  ғана  емес,  қырғыздардың  да  сол 



тұстағы  тұрмыс-тіршілігіне,  күнделікті  өміріне  қатысты  мақалалар 

жарияланып  тұрды.  Ондай  мақалалардың  авторлары  қатарында  Төреқұл 

Жанұзақов,  Қасымбек  Ғалымбеков  секілді  қырғыз  қайраткерлері  де  болды. 

Осы  екі  қайраткердің  қырғыздарды  Бүкілресейлік  құрылтай  жиналысына 

сайлауға дайындалуға және ана тілінде газет шығаруға атсалысуға шақырған 

«Ақ қалпақты қырғызға» атты мақаласы «Бірлік туы» газетінде жарияланды. 

«Русияға қараған барлық халықты 160 миллион десек, Құрылтай жиналысына 

800  өкіл  жиналса  керек.  Соның  ішінде  ақ  қалпақты  қырғыздың  сыбағасына, 

егер  санымыз  екі  миллионға  жетсе,  он  өкіл  тиетін  жөні  бар.  Ферғанада 

қырғыз − 13 болыс, Жетісуда − 20 болыс, Сырдарияда − 13 болыс. Ташкентке 

адамдарыңды  жіберіңдер,  әр  болыстан  бір-екі  адамнан  келе  берсе  болады. 

Қаралатын мәселелер көп. ...Қазір ең керектісі − қырғыз тілінде газет шығару. 

Әзірге  біз  қазақ  бауырларымызға  міңгесіп  отырмыз»  [7.20],  −  деген 

мазмұндағы  аталмыш  мақаланың  жариялануының  өзі  «Бірлік  туы»  газетінің 

қырғыздар  арасына  да  таралғанын  және  Түркістан  өлкесі  қазақ-қырғыздары 

съезінің  шешіміне  орай  екі  халыққа  ортақ  басылым  қызметін  атқара 

бастағанын білдіреді.   

 

 



 

 

 



 

 

Қазақтар  мен  қырғыздардың  ұлттық  мүддені  бірлесіп  қорғау 



жолындағы  нақты  әрекеті  Жетісудағы  қазақ-қырғыз  босқындарына  көмек 

ұйымдастыру  барысында  көрінді.  Қытайдан  қайтқан  қазақ-қырғыз 

босқындарына  бірінші  қол  созып,  жанашырлық  танытқан  Жетісу  облыстық 

Қазақ-қырғыз  комитеті  болды.  Жетісу  облыстық  Қазақ-қырғыз  комитеті  тек 

жанашырлық  танытып  қоймай,  босқындарды  орналастыруға  ыңғайлы 

жерлерді  белгілеп,  оларды  қоныс  аударушы  орыстар  төндірген  қауіптен 

қорғап, жұмыс тауып беру, аштарға тамақ ішетін пунктер ашу сияқты нақты 

көмектер  ұйымдастырды,  өз өкілдері  арқылы босқындарды бақылауға алып,  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

 

470 


Базарбаев Қ.Қ.

 

1917 ж. Жетісудағы  саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары

 

 

 



құлағанның  қолтығынан  демей  білді.Қытай  жеріне  Жетісудан  өтіп  кеткен 

қазақ-қырғыз  босқындарынан  Уақытша  үкіметтің  Түркістан  комитетінің 

мүшесі М.Тынышбаевтың мағлұматынша, 1917 жылдың 1 шілдесіне дейін 69 

мыңы  жеткен,  ал  12  мың  босқын  Қытайда  қалған.  Сол  кезде  бәрінен  бұрын 

Қытайдан  екі  бағыт  бойынша,  Қашқар,  Ақсу  ауданы  және  Құлжа  жақтан  − 

арып-ашып  қайтқан  босқындарды  аңдыған  жаудың  жеміне  айналып,  тағы 

қырылып  кетпеуі  үшін  өзінің  ата-жұртына,  болмаса  қауіпсіздеу  жерлерге 

орналастырып,  жай  тауып  беру  ісі  маңызды  болатын.  Сондықтан  Жетісу 

облыстық  Қазақ-қырғыз  комитеті  сәуірдегі  Жетісу  облыстық  қазақ-қырғыз 

съезінде  жан-жақты  талқыланып  қабылданған  босқындарды  орналастыру 

туралы  шешімін  жүзеге  асыруды  қолға  алды.  Съездің  шешімі  бойынша 

Қашқар,  Ақсу  аудандары  жақтан  қайтқан  босқындарды  Прежевальск 

уезіндегі  Ұлар,  Семізбел,  Тоң  өңірлеріне,  Пішпек уезінің  Қашқар,  Сусамыр, 

Жұмғал  аңғарларына,  Нарын  жақтағы  Тоғызтарау,  Құланақ,  Аңдалы 

өңірлеріне,  Құлжадан  қайтқандарды  −  Верный  уезінің  шығыс  жағына  және 

Жаркент  уезінің  Шонжа,  Шөлтатыр  аңғарларына,  Бесқарағай,  Қарқара, 

сондай-ақ  Прежевальскідегі  орыс  шаруаларының  көңіл-күйі  дұрыстау 

жерлерге орналастыру қарастырылған болатын [8.20]. 

 

 

 



Соған  орай  И.Жайнақов  Түркістан  комитетіне  съездің  осы  шешімін 

жолдап,  босқындарды  аталған  жерлерге  орналастыруға  рұқсат  сұрады.  Бұл 

істе  ол  М.Тынышбаевтың  тарапынан  қолдауға  ие  болды.  Жетісу  облыстық 

Қазақ-қырғыз  комитеті  билік  орындарынан  орыс  шаруаларының  босқындар 

арасынан  орыс  тұтқындарын  іздестіруін  доғаруын  талап  етті.  Түркістан 

комитетіне  Жетісу  облыстық  Қазақ-қырғыз  комитетінің  жолдаған 

жеделхатында  Пішпек,  Прежевальск,  Тоқмақ  комиссарларының  Қытайдан 

қайтқан  босқындар  арасынан  орыс  тұтқындарын  іздестіруге  рұқсат  беруді 

тоқтатуы  талап  етіліп,  мұндай  куәлігі  бар  қарулы  орыс  шаруаларының 

қазақтар  мен  қырғыздар  арасына  келіп  ойран  салып  жатқандығы  аталып 

көрсетілді  [9.44].  Босқындар  осындай  қысымшылыққа  ұшырауы  жиілей 

түсуіне  орай  Прежевальск  уездік  атқару  комитеті  арнайы  жиналыс  өткізді. 

Онда Прежевальск уезінің шығыс бөлігіндегі босқын қырғыздарды Жаркент 

уезіндегі  қазақтар  арасына  орналастыру  керек  деп  ұйғарылды.  Қоныс 

аударатын  бұл  қырғыздар  Прежевальск  уезінің  7  болыстығынан  елге  аман 

оралып,  тірі  қалғандары  болатын.  Олардың  барлығы  дерлік  мал-мүлігінен 

айырылғандар еді. Көп қырғыз отбасының басына тігер киіз үйі де болмады 

[10.155]. Қоныс аударатын бұл қырғыздарды тасымалдап жеткізетін ат-көлік 

те болмай, ауру-сырқаулар мен бала-шаға 2-3 күндік жаяу жүріске шыдамай 

жолда қалды. Қазақ жеріне аман жеткен қырғыздардың 549 отбасы Жаркент 

уезінің  Мерке  болыстығына,  348  отбасы  Шілік  болыстығына,  250  отбасы 

Верный  уезінің  Қызылбөрік  болыстығына,  қазақ  ауылдары  арасына 

орналастырылды.  Қазақ  ауылдары  өздерінің  ауыр  хәлдеріне  қарамастан, 

арып-ашып жеткен қырғыздарға көмек қолын созып, қамқорлық танытты (20).

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 


 

471 


Базарбаев Қ.Қ.

 

1917 ж. Жетісудағы  саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары

 

 

 



Қазақ  жеріне  келіп  қоныстанған  осы  қырғыздар  қазақтар  арасында  кеңестік 

биліктің  бастапқы  жылдарында  да  тұрақтап  қалды.  Тек  1920  жылы  ТАКСР 

атқару комитетінің шешіміне орай қоныс аударған қырғыздар өз атамекеніне 

көше бастады.  

 

 

 



 

 

 



Жетісудағы  босқыншылық  қазақтың  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 

М.Дулатовтай  зиялыларын  шет  қалдырмады,  олар  «Қазақ»  газеті  арқылы 

алаш баласын өлім хәлінде жатқан адамдардың ауызына су тамызғандай аз-

көп  демей  жәрдем  етуге  шақырды,  адамгершілік  пен  ағайыншылыққа 

үгіттеді.  Олар  жақсы  істі  өздері  бастап,  елге  үлгі  бола  білді.  Мысалы, 

М.Дулатов  патша  өкіметі  қолына  түспей,  сақталып  қалған  мың  дана  «Оян, 

қазағының» ақшасын босқын қырғыз бауырларыма арнадым деп мәлімдейді. 

Мұқтаждықтың  мол  шырмауында  қалған  халықтың  бұл  азаптан  тезірек 

шығуына  беріліп  жатқан  жәрдемдер  әлі  де  аздық  ететінін  түсінген 

Ә.Бөкейханов: «Босқын қырғыздар үшін 200 мың сом қазынадан қарыз сұрау 

керек  деп  кеңесін  айтып,  М.Тынышбаев  атына  жеделхат  жолдады. 

Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті босқындар жағдайымен танысқан соң, 

азық-түлік  комитетінен  100  мың  сом  алып,  Жетісу  облыстық  Қазақ-қырғыз 

комитетінің төрағасы И.Жайнақовтың қолына табыс етуге бұйрық шығарды. 

Бұл  қаражатқа  Қазақ-қырғыз  комитеті  Қытайдан  оралған  қазақ-қырғыз 

босқындарына жәрдемақы, азық-түлік беруді ұйымдастырды. 

 

 

Уақытша  үкімет  Жетісудағы  1916  жылғы  көтеріліс  зардаптарын  жою 



мақсатында 1917 жылы 6 қазанда қазынадан 11 млн. 150 мың сомды Жетісу 

облысы  тұрғындарына  жәрдемге  бөлу  жөнінде  шешім  қабылдады.  Бұл 

қаржының 6 млн. 150  мың сомы орыс қоныс аударушыларына, 5 млн. сомы 

жергілікті халыққа берілуі тиіс болды. Жергілікті халыққа бөлінген қаржыдан 

әр 

түтінге 


100 

сом 


көлемінде 

қаражат 


беру 

көзделді.  

Үкіметтен бөлінген бұл қаржының өзі босқындардың шаруашылығын түзету 

түгілі, олардың күнделікті күн көрістеріне жетіспейтін. Оның үстіне бөлінген 

қаржының  өзі  қағаз  жүзінде  қалу  қаупі  де  бар  еді.  Соған  орай  Жетісу 

облыстық  Қазақ-қырғыз  комитеті  аталмыш  қаржының  тез  арада  берілуін 

талап  етті.Қырғыз  ұлттық  саяси  элитасы  өкілдері  1917  жылғы  қазан 

төңкерісінен  кейін  де  алаш  қозғалысы  қайраткерлері  ұйымдастырған  іс-

шаралардан тыс қалмады. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (Бұдан әрі – ҚРОММ). 9-қ., 1-т., 51-іс. – 9-п. 

2.

 



Түркістан аймағы қазақ-қырғыздардың жалпы жиналысы // Бірлік туы. – 1917. – 20 август. 

3.

 



ӨРОММ. 1044-қ., 1-т., 3-іс. –208-п. 

4.

 



Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси қызметі. Түркістан кезеңі. − Алматы: Қазақстан, 1994. 

− 448 б. 

5.

 

 Агзамходжаев  С.  История  Туркестанской  автономии  (Туркестан мухторияти). −  Ташкент:  Изд-во  ТИУ, 



2006. − 135 с. 

6.

 



Қазақ-қырғыз кеңестері // Бірлік туы. – 1917. – 13 сентябрь. 

7.

 



ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс. – 20-п. 

8.

 



ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 90-іс. – 44-п. 

9.

 



ҚРОММ. 19-қ., 1-т., 55-іс. – 155-п 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

472 


 

А.БАСАНОВ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР ТАРИХЫ 

 ЗЕРТТЕЛУІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ 

 

В данной статье рассматривается  начальный период изучения истории Присырдарьинских 

средневековых городов. 

 

This article researches the initial period of studying  history of Syr river medieval towns.  

 

Оңтүстік  Қазақстанның  Сыр  өңірін  зерттеудің  алғашқы  кезеңі  ХІХ  ғ. 

екінші  жартысында  басталды.  ХІХ  ғ.  60-шы  жылдары  ортасына  қарай 

Оңтүстік  Қазақстанды  Ресейге  қосу  аяқталды.  Патша  өкіметінің  Сібір  мен 

Сырдария  шептерін  қосу  саясатын  іске  асыруының  нәтижесінде  –  1864  ж. 

Әулиеата,  Созақ,  Шолаққорған,  Ақмешіт,  Түркістан,  Шымкент  және  1865 

жылы Ташкент, Ұржар, Ходжент, Жызақ қалалары Ресей патшалығының қол 

астына өтті.  

Оңтүстік  Қазақстан  өңірі  Ресейге  қосылғаннан  бастап  ғылыми  ұйымдар 

тарапынан 

осы 

өңірде 


орналасқан 

тарихи-мәдени 

ескерткіштерге 

қызығушылық пайда болды. 1865-1866 жж. аралығында Түркістан қаласында 

болған  Уфалық  судья  М.Бекчурин  Ахмет  Ясауи  кесенесін  суреттеп  жазып, 

оның  жанына  жерленген  тұлғалар  туралы  мынадай  құнды  деректер 

қалдырды:  «На  дворе  мечети  Азрета,  на  особом  месте,  есть  отдельное 

небольшое  круглое  здание  с  куполом  покрытое  с  изразцовой  мозаикой 

(мавзолей  Рабиа  Султан-Бегум)...  Кроме  могилы  Рабиа  Султан-Бегум, 

находятся  тут  могилы  некоторых  киргизских  султанов  Средней  и  Малой 

орды,  между  прочим,  известного  Аблай  хана  и  всех  предков  Абулхаира, 

которые  властвовали  в  Туркестане,  и  царевича  неизвестной  страны  Баба-

Самуд-Юлбарс-Аты. 

Над  одними  из  этих  могил  воздвигнуты  памятники,  а  на других  просто 

положены  мраморные  камни  различной  формы  и  величины,  на  которых 

высечены прекрасным арабским шрифтом имена усопших, но года кончины 

их не обозначены» [1.64-65].  

1866  ж.  Сауран,  Ясы  (Түркістан),  Қарнақ  және  Испиджаб  қалаларының 

орнында  географ  А.К.Гейнс  болып,  Сауран  мұнараларын  суреттеп  жазды. 

Сонымен  қатар,  ол  Сауран  қаласының  орнына  шағын  қазба  жұмыстарын 

жүргізді.  Осы  жылы  Сауран  мұнараларын  М.К.Приоров  суретке  түсіріп, 

“Түркістан альбомына” жариялады [2.269].  

1866 ж. Сауран қалашығында белгілі орыс шығыстанушысы П.И.Пашино 

болып,  өзінің  «Туркестанский  край  в  1866  году.  Путевые  заметки»  атты 

еңбегінде қала жайлы біраз деректер қалдырған. Ол қаланы қоршап   тұрған 

қамалдың кесектен қаланғанына көңіл аударып, оның ішінде орналасқан  екі  

мұнараны  суреттеп  жазған,  сонымен  қатар, ол өз еңбегінде  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Басанов А.

 

Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар тарихы зерттелуінің алғашқы кезеңі 

 


 

473 


 

Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесіне қысқаша сипаттама беріп өткен [3.44]. 

1867  ж.  П.И.Лерх  Императорлық  Археологиялық  Комиссияның 

тапсырмасы  бойынша  Сырдарияның  төменгі  және  орта  ағысы  бойында 

орналасқан  ежелгі  қалаларды  зерттеу  мақсатында  Янгикент,  Жент,  Сауран, 

Түркістан, Сығанақ қалаларында және Міртөбе бекінісінде болды. Оренбург 

генерал-губернаторының адъютанты М.К.Приоровпен бірге Лерх археология 

саласы  үшін  маңызды  жерлерде  болып,  1867  жылдың  аяғында  Орыс 

Императорлық  Географиялық  Қоғамының  жалпы  жиналысында  өзінің  Орта 

Азияға жасаған сапарының нәтижелері жайлы баяндама жасады [4. 57].  

П.И.Лерх  Жанкент  қаласы  жайлы  көптеген  құнды  деректер  қалдырды. 

П.И. Лерхтың айтуынша, Янгикент немесе Жанкент жайлы ең алғаш деректер 

Шыңғысханның  Хорезмшах  хандығын  жаулау  тарихында  келтірілген.  1740 

ж.  келіп  қала  қирандыға  айналған  еді.  Бұл  деректерді  Лерх  осы  жылы 

Сырдың  жағалауын  зерттеу  мақсатында  мұнда  жіберілген  геодезистер 

Гладыщев  пен  Муравлиндердің  есептерінен  алады.  Жанкенттегі  бір  мешіт 

қирандысынан  ол,  «хижра  санауы  бойынша  763  жыл»  (1361-62  ж.)  деп 

жазылған  құлпытасты  тауып,  қаланың  XIV  ғасырда  болғандығын,  ал 

табылған  теңгелер  қала  тұрғындарының  Алтын  Ордамен  сауда  қарым-

қатынасын жасағандығын дәлелдеді. Генерал Лерхтің байқауынша, қала төрт 

шаршы  верст  жерді  алып  жатқан,  қала  ортасында  қорғанмен  қоршалған 

цитадель  орналасқан.  Тұрғындар  каналдар  көмегімен  келтірілген  Сырдария 

өзені  суынан  пайдаланған,  ғимараттар  күйдірілген  кірпіштен  тұрғызылған. 

Соңғысына  байланысты  Жанкент  қаласына  назар  аударылған,  себебі  осы 

аймақтағы  тұрғындар  қала  қирандылары  орнынан  кірпіштерді  қазып  алып, 

оны құрылыс материалдары өте қажет болған №1 Фортқа (Қазалыға) әкеліп, 

сатқан.  Генерал  Лерх  қала  қирандыларын  зерттеп  шығып,  қаланың  шабуыл 

нәтижесінде  емес,  бәлкім  қаланы  тұрғындардың  тастап,  басқа  жерлерге 

кетуіне  байланысты  және  уақыт  өте  атмосфераның  әсерінен  бұзылған  болса 

керек  деген  тұжырым  жасайды.  Лерхті  Жанкенттен  басқа  1219  ж. 

Шыңғысхан шабуылына ұшыраған басқа да қалалар тарихы қызықтырды [4. 

58-59].  

Генерал  Лерх  Сауран  қаласының  қирандыларын  зерттеп,  Түркістан 

қаласына  50  верст  қашықтықта  сақталып  қалған  екі  мұнара  қалдығын 

анықтады.  П.И.Лерх  Сауран  қаласындағы  күйдірілген  қыштан  қаланған  екі 

мұнараның  біреуіне  шағын  көлемде  қазба  салып,  мұнаралар  медресенің 

кіреберісінде  орналасқанын  жазды.  Ал  Саураннан  6  верст  жерде  ол  ежелгі 

бекініс  Міртөбенің  қирандыларын  анықтады.  Сонымен  қатар,  ол  Түркістан 

қаласындағы  Ахмет  Ясауи  мен  Рабиға  Сұлтан  Бегім  кесенелерінде  зерттеу 

жұмыстарын жүргізіп, олардың жанындағы қырғыз (қазақ – А.Б.) сұлтандары 

мен   Түркістан  шейх   ул-исламдарының    құлпытастарындағы   жазулардың  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Басанов А.

 

Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар тарихы зерттелуінің алғашқы кезеңі 

 

 



 

474 


көшірмесін  түсірді,  XIV-XVІ  ғғ.  жазба  деректерден  Сырдария  бойындағы 

қалалар жайлы мәліметтер жинады. 

 П.И.Лерх  ортағасырлық  Ясы  қаласының  орнын  қазіргі  Түркістан 

қаласының  орнында  деген  баламалауды  ғылыми  тұрғыдан    негіздеді  және 

жинақталған археологиялық материалдардың сипаттамасын берді [2, б. 270]. 

Ал,  зерттеуші  П.И.Рычков  болса  «Топография  Оренбургской губернии» 

атты    еңбегінде  Оңтүстік  Қазақстан  өңірінде  орналасқан  Түркістан,  Сауран 

және Отырар қалаларының қалыптасуы жайында мынадай аңызды келтіреді: 

«...сей  город  построен  был  от  Жамшид-шаха  иранского,  который  от  начала 

персидской  монархии  был  четвертый  государь....  Был  с  войском  своим  в 

великой  Татарии,  за  потребное  приказал  для  пристанищу  войску  своему 

построит  три  города.  Первый  из  них  Туркестан,  другой  Утрар,  третий 

Сауран...». Түркістан қаласы жайлы аңызды оған аудармашы Оразалин айтып 

берген.  Сонымен  қатар,  ол  Түркістан  қаласының  орнында  алғашқы  уақытта 

Ясы қаласы болған деп, Сауран қаласы туралы сипаттамасында Сауран XVIII 

ғ. ортасында Түркістан маңайындағы кішігірім елді мекен деп баяндады [1, б. 

64]. 

1868-1872 жж. аралығында Түркістан өңірінде болған О.А.Федченко осы 



өңірде 

орналасқан 

археологиялық, 

этнографиялық 

ескерткіштерге 

қызығушылық  білдіріп,  іс-сапар  барысында  сәулет  өнері  ескерткіштеріне 

ерекше көңіл бөлді [2.271].  

1867-1870  жж.  аралығында  Оңтүстік  Қазақстан  өңірінде  белгілі  суретші 

В.В.Верещагин  болып,  Түркістандағы  Ахмет  Ясауи  мешітінің  суреттерін 

салды.  Сонымен  қатар,  ол  Жанкент  қаласында  П.И.Лерх  бастаған 

археологиялық  қазба  жұмысын  жалғастырып,  қазба  барысында  ыдыс 

сынықтарын,  терракоталық  бұйымдар  мен  рельефтік  (бедерлік)  жазу 

сынығын  тапты.  Қаланың  жойылуы  жайлы  жергілікті  тұрғындардан  естіген 

аңыздарын  жазды  [4.56].  В.В.Верещагиннің  осы  өңірден  жинақтаған 

археологиялық  жәдігерлері  1869  ж.  Петербург  қаласында  ашылған  арнайы 

көрмеге қойылды. 

1868-1881  жж.  аралығында  Түркістан  өңірінің  тарихи-мәдени  және 

этнографиялық  мұрасын  зерттеуші  ориенталист  А.Л.Куннің  атқарған 

жұмыстары  ауқымды  болды.  Оның  мұнда  келуінің  бастапқы  мақсаты 

Түркістан  өңірінен  Ресейдің  ғылыми  ұйымдарына  материалдар  мен 

коллекциялар  жинақтап  жіберу  болды.    А.Л.Куннің  1871  ж.  Петербург 

қаласына  15  жәшіктен  тұратын  археологиялық  жәдігерлер  жібергені  де 

белгілі. 

А.Л.Кун Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия өңірлерінің археологиялық, 

этнографиялық, тарихи және сәулет өнері ескертіштері жайлы 1200-ге жуық 

құнды  фотодеректерді  жинақтап,  баспаға  дайындады.  1871-1872  жж. 

аралығында  осы  деректер  10  альбом  жинағына  топтастырылып,  “Түркістан 

альбомы”  атауымен   баспадан   шықты.   Бұл   еңбекте  Оңтүстік   Қазақстан  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Басанов А.

 

Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар тарихы зерттелуінің алғашқы кезеңі 

 

 



 

475 


өңірінде  орналасқан  ортағасырлық  Сауран,  кейінгі  ортағасырлық  Түркістан, 

Иқан,  Шымкент,  Сайрам  қалаларының  көріністері  мен  Ахмет  Ясауи,  Рабия 

Сұлтан  Бегім,  Қорқыт  Ата  кесенелерінің  және  Мырза  Рабад  құрылысының 

көріністері берілген [2.271-272]. 

1883  ж.  Петербург  университетінің  профессоры  Н.И.Веселовский 

Археология  қоғамының  тапсырмасымен  Түркістан  өңіріне  ғылыми  іс-

сапармен  келіп,  Сырдария  облысында  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізді. Ол Отырар қаласында алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген ғалым 

болды  [5.137].  «Қазалыдан  Ташкентке  барар  жолдағы  көне  қалалар 

қалдықтарының  сипаттамасы»  деп  аталған  қолжазбасында  белгілі 

шығыстанушы 

Н.И.Веселовский 

Сырдария 

бойындағы 

көптеген 

ескерткіштер,  нақтырақ  айтсақ,  Қазалы  қаласындағы  Жанқала  –  көне 

қалашық  қалдықтарынан  бастап  Сайрамның  археология  мен  сәулет  өнері 

жәдігерлеріне  дейін  сипаттады.  Қолжазбаның  57-ші  бетінен  бастап 

Түркістандағы  Қожа  Ахмет  кесенесі  мен  оның  айналасындағы  ескерткіштер 

суреттелді.  Түркістаннан  кейін  Н.И.Веселовский  Отырар  құландыларына 

келіп тоқтайды [5.137-138].  1882 ж. Н.И.Веселовский Түркістан өңірінің көне 

қалалары  туралы  деректер  жинау  бағдарламасының  жобасын  дайындап 

көпшілікке ұсынды [2.272]. 

Оңтүстік  Қазақстан  өңірінің  ескерткіштерін  зерттеуде  В.В.Бартольдтің 

еңбегі ерекше. Негізінен Шу мен Талас өңірінде зерттеу жүргізген Бартольд  

“Отчет  о  командировке  в  Среднюю  Азию  с  научной  целью  1893-1894  гг.” 

атты  еңбегінде  Сыр  бойындағы  кейбір  ортағасырлық  қалашықтар  мен 

бекіністер  туралы  сипаттама  берді.  Өз  экспедициясының  басында 

В.В.Бартольд  Сайрам  қаласында  болып,  қазіргі  таңда  Сайрам  қаласында 

сақталған ежелгі құрылыстардың жоқ екенін, алайда моңғол билігі дәуірінде 

бұл  қаланың  үлкен  бір  қала  болғандығын  айтады.  Ол  А.И.Добрамысловпен 

бірге  Яссы-Түркістан-Шауғар  қалаларының  бір  қала  екендіктері  жайлы 

жорамал жасады [6].  

1893 ж. қазіргі Ордабасы ауданындағы Мамаевка ауылынан 8 шақырым 

қашықтықта орналасқан Қарауылтөбе обасынан ішінде теңге мен әшекейлері 

бар  құты  және  осы  ауылдан  3  шақырым  қашықтықта  орналасқан 

Жуантөбеден  керамикадан  жасалған  үш  аяқты  дөңгелек  үстел  мен  екі  қол 

диірмен  табылғанын  естіген  Н.П.Остроумов  Шымкент  уезіне  келді.  Ол 

Қарауылтөбе, Жуантөбе төбелерінде  зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Альванд-

кент төбесінде қазба жұмысын жүргізді [7].   

1893  ж.  А.И.Симонов  Жосалыдан  (Қармақшы  бекінісі,  форт№2)  100 

верст қашықтықта орналасқан Шоқтөбені зерттеп, тасқа айналған жануарлар 

сүйектерін  тауып,  бұл  төбе  тас  ғасырының  ескерткіші  болуы  мүмкін  деген 

жорамал айтты [2.271].   

Қорыта  келгенде,  Оңтүстік  Қазақстан  өңірінде  1865-1895  жж. 

аралығында   жүргізілген   зерттеулер   негізінде   көне   ескерткіштер  жайлы  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет