А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәуірбаев А.Ж.
Қытайдың мұнай саясаты
ҚХР жаңа сыртқы саясатты қалыптастыруға мәжбүр. Мұнай қазіргі кездегі,
көбінесе ұлы державалардың мұнай саясатын оның анықтаушы, әлемдік
саясат пен экономиканың маңызды факторына айналды. Жоғарыда
айтылғандай ҚХР–ға көп мұнай қажет және Қазақстан Республикасының
энергетикалық мұнай көздерінің басым бағыттарының бірі ретінде
қарастырылады. Күн тәртібінде Батыс Қазақстан–Қытай мұнай құбырының
құрылысы
Қазақстан
Республикасының
мұнай-газ
өнеркәсібінде
стратегиялық маңызға ие. CNPC Қытай ұлттық компаниясы «Ақтөбе мұнай
газ» АҚШ-тың 60% иемденеді, Кеңқияқ және Жаңажал кен орындарын
табысты өңдейді. Қазақстанның мұнай ресурстарына Қытайдың мүдделі
екендігіне SINOPEC және CNOOC ұлттық компанияларының 2003 жылы
наурызда Қашаған кен орынындағы British Petroleum үлесін сатып алуға
өзінің ниетін білдіруі дерек болып отыр. Сонымен қатар Қазақстанға бұл
мәселе Қытайдың өзінің мұнай өндірісінің дамытудағы тәжрибеге біздің
республика үшін өте пайдалы болатын, бай екендігі мен өзекті. Қытай мұнай
ресурстарына бай, 460-қа жуық кен орындарына ие, мұнай өндіру бойынша
әлемде бесінші орынды алып отыр. Бірақ экономикалық тез қарқын мен даму
себепті өзінің қоры жеткіліксіз. Көптеген орындар бұрын ашылған,
сондықтан Қытай шетел инвестицияларын тартып отыр. Қытайда EXXON,
Mobil, Chevron Texaco, British Petroleum, Royal Dutch/Shell, Agip ipi мұнай
концеріндері жұмыс істейді «Кім мұнайды иеленсе, ол әлемді иеленеді,
өйткені мазутпен -теңізде, авиациалық бензинмен – ауада, көлік бензинімен
жерде билік жүргізе алады. Қосымша мұнайды шығаруға болатын
фантастикалық
байлықпен
ол
экономикалық
қатынаста
өзінің
бауырластарымен билік етеді»,- 1972 жылы кеңестік зерттеуші Б.Рагков
айтқан болатын [2].
Мұнай Қытайдың стратегиялық қоры. Пекин экономикалық мұнай
секторын дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. 1993 жылдан бастап Қытай таза
мұнай импорттаушы елге айналды және 2001 жылы 60,26 млн тонна құрады.
1993жылы ол тәулігіне 0,26млн баррель импорттады, ол 2000 жылдың
аяғына таман импорт өсті және тәуелігіне 1,4 млн баррельге жетті, бұл
көрсеткіш Тайванның тұтынуынан екі есе көп, жыл сайын мұнай импорты
өсіп отырады және мамандардың пікірі бойынша 2010 жылы Қытай
тәулігіне 3 млн баррель импорттайтын болады [3]. 1997 жылы ҚХРдың
төрағасы Цзян Цземин АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барды. Келіссөздер
нәтижесінде американ-қытай мәлімдемесі пайда болды, онда: « Екі басшылар
арасында халықаралық жағдай, американ-қытай қатынастары және екі ел
алдында тұрған ірі мүмкіндіктер мен міндеттер жөнінде терең және пайдалы
пікір алмасу болды. Олар Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы
мықты және тұрақты қатынастар және американ және қытай халқының негізгі
мүдделеріне қызмет ететініне және жиырма бірінші ғасырда бейбітшілік пен
гүлденуге олардың ортақ жауапкершіліктерін жүзеге асыруға
463
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәуірбаев А.Ж.
Қытайдың мұнай саясаты
үлкен маңызға ие екендігіне келісті» [4]. Кездесу барысында мемлекет
басшылары энергетика саласында ынтымақтасуға ниетін білдірді. Қытай
басшысының Иранмен ядролық ынтымақтастыққа қатысудан бас тартатына
жазбаша түрде уәде бергенін және бұл елге «anti ship cruise» қанатты
зымыранын сатуды тоқтатуға келіскенін айта кеткен жөн [5]. Бұл келісім
қытай-американ диалогының дамуына айтарлықтай әсерін тигізді.
1997 жылы CNPC Қазақстан, Перу, Судан, Ирак және Венесуэланың
мемлекеттік ұйымдарымен және фирмаларымен жалпы негізде 8,2 миллиард
долларды төлей отырып, бірлескен мұнай өндіруде 20-дан астам келісімге қол
қойды [6]. 1997 жылы Қытай Парсы шығанағынан күніне 0,5 млн баррельді
(68 млн тонна) импорттады, ол жылына 25 млн тоннаны құрайды. 170км, Кут
провинциясында орналасқан Аль-Ахдай кен орнында Концессияны сатып
алу туралы келісімге қол қойылды. Кен орынының мұнай қоры 1млрд
баррельмен (шамамен 137 млн тонна мұнай) бағаланды [7]. CNPC 1998
жылы мұнай бұрғылауына кіріскен Ирактың General Company for oil
Exploreationsпен бірге бірлескен компания құрды. Суданда CNPC 1млрд
долларға Хелдинг кен орнының 40%-ын сатып алды. Венесуэлада Қытай
компаниясы 240 млн долларға Караколес (100 млн тонна қоры бар деп
бағаланған) сатып алды [8]. 1997 жылы CNPC Иранның ұлттық
компаниясымен бірге қайраңда бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөздері
жасады. Бүгінгі күнгі геосаяси көзқарас бойынша, Қытай үшін маңызды
серіктесі Иран болып табылатынын айта кеткен жөн. Иранмен
ынтымақтастықтың жағымды жағы оның энергиясына қол жеткізудің
Халықаралық санкциялар тәртібімен бұғауланбағандығы болып отыр. «Pan –
Asian Global Energy Bridge» континеталды көпір арқылы Иран мұнайына қол
жеткізу Пекин үшін бұл елдің рөлін маңызды етеді. Құрама штаттардың тай-
талас жағдайында болғанына қарамастан, Иран Мәскеудің дипломатиялық
бақылауы астына түспеді. Ирандықтар өз тарапынан Қытай мен
қатынастарының
«фундаменталды»
және
«стратегиялық»
дамуына
қанағаттанды. Қытай – Иранның дәстүрлі емес №1-ші жеткізушісі. 1990
жылы Қытай мен Иран арасында ғылыми ынтымақтастық және он жыл
мерзімде әскери технологиялар жіберуге қол қойылды. Ядролық,
биологиялық және химиялық қару жарақты өндіру технологиясын, сонымен
қатар жоятын құралдар компоненттерін жеткізу үшін шараларға қол
қойылды. ҚХР берілген технологияларды таратуға тыйым салатын келісімге
қол қойғанына қарамастан жасап отыр. Қару жарақты сату, Таяу Шығыстағы
Америка мүдделерінен қауіптенуін көрсетеді. Сонымен бірге қытайлықтар
азаматтық ядролық объектілерге ядролық әскери оқ дәрілерді алуға мүмкіндік
беретін ақпаратты сатады. 1997 жылы Қытай «Silkworm- anti ship cruise»
деген қанатты зымырындар түрін сатты, сонымен қоса, ол мұнай
танкерлерінің және американ әскери теңіз қайықтарының қозғалысына қауіп
төндіріп отырған орта қашықтағы баллистикалық зымырандарды дамыту
464
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәуірбаев А.Ж.
Қытайдың мұнай саясаты
үшін «Ноу-Хау» мен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдем
берді [9]. Қытай мен АҚШ арасында мүмкін болатын тағы бір аймақтағы
қақтығысты атап өту қажет; бұл – Таяу Шығыс мұнай теңіз аралдары арқылы
тасымалдау 1999 жылдан бастап теңіз шаруашылығының әлеуметті әлсіздігі
ұлттық қауіпсіздік саясатымен тығыз қарым-қатынастағы Қытай пікір
сайысының құралы болып қалыптасты. Бұл Косова қақтығысына негіз болды
және Ресей және Орта Азия елдерінің есебінен тасымалданатын энергия
тасушысының импортты әр тараптандыру бойынша күш-жігерін талап етті.
Қытай американдық басшылық сипаттағандай, терроризмді қолдайтын
елдерге қару сату сияқты амалсыз шараларға баруға мәжбүр. Сөйтіп, Қытай
өзіне тең осындай тәсіл арқылы тиімді бағамен Таяу Шығыстық мұнай
жеткізуді қамтамасыз ете алады. Сонда да Қытай елдің бұл аймақтағы мұнай
импортына тәуелділігі күшейіп келе жатқандығын ескере отырып, Таяу
Шығыстағы АҚШ-пен өзара қатынастарына үлкен көңіл бөледі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Смирнов С. Китай: диверсификация нефтяных потоков.
//һttp//www.kisi/kz//parts/monitoring/12.2001/14-12mon/
2.
Рочлщи Б.В. Нефть и мировая политика. М.1972.
3.
Сhein C. China’s Energy Strategy in the 21
st
Crntury.
//http//www/dsis.org.tv/peaceforum/papers/2000-12/esoo12001r.htm
4.
China – US joint Statement. October 1997. //http//www/pnl/gov/china/joinst/htv
5.
Troush S. China’s changing oil in strategy abd its foreign policy implications.
//http//www.brook/edu/fp/chaps/papers
6.
Умбах Ф. Энергетическая политика Китая. //http//www.deutshebotshaft-moskou.m/ru
7.
China ond Russuia search for oil in Southern Iraq.// http//www/vitrade-com/
8.
Рашид А. Новый глобальный нефтяной концерн. Стратегическая роль Китая в Центральной
Азии. //http//www.deutschebatschaft-oskau.ru/
9.
Sakhuja V. From Malacco To Hormuz, Chines Energy Sea Lane Securiy. //http/www.dsis/org/tw/
465
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Қ.Қ. БАЗАРБАЕВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
1917 ж. ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-
ҚЫРҒЫЗ БАЙЛАНЫСТАРЫ
В данной статье рассматривается деятельность казахско-киргизской общественно-
политической партии в Жетысуской области.
This article deals with an activity of Kazakh-Kirgyz social and political party in Getisu Region.
1916 жылғы көтерілістің ауыр зардаптарынан қазақтар мен қырғыздар
құтыла алмай жатқан шақта Түркістан аймағында «Жетісу қырғыны» деп
аталатын қасірет орын алды. Көтеріліс кезінде босқыншылыққа ұшыраған
Жетісу қазақтары мен қырғыздары 1917 жылдың көктемінде елге орала
бастағанда оларды жерін иемденіп алған қоныс аударушы орыс шаруалары
мен казактардың оқпен қарсы алуы жығылғанға тиген жұдырықтай болды.
Уақытша үкіметтің мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін шешетін және
басқару пішімін айқындайтын Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауды
ұйымдастыру туралы қаулысының жариялануы саяси кемелдікке аяқ тірей
қоймаған
қазақ-қырғыз
халқын
тағы
бір
сынға
салды.
Қазақтар мен қырғыздар да шешілмеген, шешімін күтіп жатқан жер, азық-
түлік, оқу-ағарту ісі секілді көптеген мәселелер бар еді. Бұлармен қоса Жетісу
босқындарына жәрдем ұйымдастыру, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына
әзірлік сияқты тығыз істер ұлттық ұйымның араласуымен ғана оң шешімін
табатын. Соған орай жер-жерлерде ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар бой
көтере бастады. Мұндай ұйым ретінде бірінші кезекте облыстық және уездік
деңгейде ұлттық саяси элита өкілдерінің атсалысуымен құрылған Қазақ
комитеттерін
ерекше
атауға
болады.
Ақмола, Семей, Орал және Жетісу облыстарында Қазақ комитеттері 1917
жылы наурыз-сәуір айларында құрылып, ұлттық мүддені қорғауды өз міндеті
санап, қызу іске кірісті. Осы жерде Ыстық көл мен Нарын өңірінің әкімшілік
жағынан Жетісу облысы құрамында болуына байланысты ондағы қырғыз
ұлттық элитасы өкілдерінің қазақ әріптестерімен бірлесе әрекет етуге
ұмтылып, Жетісу облыстық Қазақ комитеті қызметінің арнасына
тартылғанын айта кеткен жөн. Соған орай Жетісу облыстық Қазақ комитеті
Қазақ-қырғыз комитеті деп аталып, оның құрамына қырғыздардың
Пржевальск және Пішпек уездік комитеттері қарады.
Жетісу облыстық Қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы көрнекті қазақ
қайраткері И.Жайнақов болды. Комитеттің аяғынан нық тұруына К.Шегіров,
Ә.Кәкенов, Н.Нұрмұхамедов, К.Абдуллин, М.Солтаев, К.Тоқсанбаев,
К.Ордабаев, И.Арабаев, Қ.Телтаев, М.Әлімбаев, Т.Есенғұлов секілді қазақ
және қырғыз халықтарының өкілдері саналатын тағы да басқа мүшелері
аянбай қызмет етті.
466
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Базарбаев Қ.Қ.
1917 ж. Жетісудағы саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары
Сондай-ақ, олар облыстық комитеттің бөлімшелері іспеттес уездік
комитеттеріне жетекшілік етуге де атсалысты. Осылайша Ақпан
революциясынан кейін қазақтар мен қырғыздар іргелес қоныстанған Жетісу
өңіріндегі екі халықтың мүддесін қорғауды қоғамдық-саяси ұйым − Жетісу
облыстық Қазақ-қырғыз комитеті өз мойнына алды.Пішпек уезінде қазақ
болыстықтарының да болуы себепті бұл уездегі ұйым «Пішпек уездік
Қырғыз-қазақ комитеті» деп аталып, оның құрамына екі халықтан Дардаил
Абдуллин, Өмірқұл Өміралин, Аалы Бердіғұлов, Қорабай Бодықов, Оразғұл
Базанов, Құлқожа Намазалин, Әбдікерім Сыдықов, Найзабек Тулин,
Ахметбек Қойбағаров секілді тағы басқа белсенді азаматтар енді. Олар екі
халықтың мүддесін қорғаушы Жетісу облыстық Қазақ-қырғыз комитетінің
жергілікті тірегі бола білуге белсене кірісті.Жетісу облыстық Қазақ-қырғыз
комитеті өкілдерінің атсалысуымен 1917 жылдың 12 сәуірінде Верный
қаласында облыстық қазақ-қырғыз съезі шақырылды. И.Жайнақов төрағалық
еткен бұл съезге 81 делегат, соның ішінде Прежевальск және Пішпек уезінен
17 өкіл қатысады. Алты күнге созылған съез жұмысы Уақытша үкіметке,
соғысқа қатынас жайын, мемлекеттік құрылыс, дін, сот, жергілікті басқару,
ұлтаралық қарым-қатынас, Жетісудағы қазақ пен қырғыз босқыншылығы
секілді күн тәртібіндегі шұғыл мәселелерді қарап, Қазақ комитетінің
Бүкілресейлік құрылтай жиналысына дейінгі міндеттерін белгілеп береді.
Жетісу облысы қазақтары мен қырғыздарының съезі жергілікті басқару
орындарында екі комиссар, біреуі − орыс, біреуі − мұсылман болуын, оларды
сайлау облыстағы қоғамдық ұйымдар, әсіресе Қазақ-қырғыз комитетімен,
казак, шаруалар ұйымдарымен келісе отырып жүзеге асуын, басқаруда кеткен
ағаттықтарды Қазақ-қырғыз комитетінің араласуымен шешілуін қолдады.
Съез қазақтар мен қырғыздардың орыстармен жақсы көршілік қатынаста
болуын жақтап, бұл істі жүзеге асыруды облыстық және уездік Қазақ-қырғыз
комитетіне жүктеді. Сондай-ақ комитеттерге Қытайдан қайтқан босқын
қазақ-қырғыз мәселесін де реттеуге араласу міндеттелді [1.9]. Уақытша
үкімет жағдайында қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға орай Жетісу
облысында ғана емес, өзге де өңірлердегі іргелес қоныстанған қазақтар мен
қырғыздар да бір ұйым құру арқылы өз мүдделерін қорғауға талпынды. Бұған
Әулиеатада Ә.Кенесарин жетекшілік еткен Қазақ-қырғыз ұлттық кеңесінің,
Ферғана өңірінде Қ.Қожықов төрағалық еткен қазақтар мен қырғыздардың
«Иллятия» (Көшпенді) атты қоғамдық-саяси ұйымның бой көтеруі дәлел
бола алады.Түркістан өлкесіндегі қазақтар мен қырғыздар арасында өзара
тығыз байланыс орнатуға, екі халыққа тән мәселелерді бірлесе шешуге деген
талпынушылық та болмай қалған жоқ. Оның айқын көрінісі ретінде Түркістан
өлкесі қазақ-қырғыздарының 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында Ташкент
қаласында
өткен
съезін
айтуға
болады.
Бұл съезге Сырдария облысының Перовск, Черняев, Қазалы, Әулиеата,
Ташкент уездерінен және Ферғана облысының Әндіжан уезінен 82 өкіл
467
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Базарбаев Қ.Қ.
1917 ж. Жетісудағы саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары
қатысты. Олардың қатарында С.Аспандияров, М.Тынышбаев, Қ.Сармолдаев,
Қ.Қожықов, Ә.Кенесарин, С.Қожанов, И.Қасымов секілді қазақ қайраткерлері
мен қырғыздардың Қ.Ғалымбеков, Т.Жанұзақов, К.Бөриев секілді тағы басқа
қайраткерлері болды. Съез М.Тынышбаевтың төрағалық етіуімен өтті. Съезде
Түркістан өлкесіндегі қазақтар мен қырғыздарды Уақытша үкіметке қолдау
көрсетуге шақырған қаулы қабылданды. Бұдан өзге съезде Ресейдің болашақ
мемлекеттік құрылысы, жер-су, халық ағарту ісі, сот, дін, баспасөз
Жетісудағы қазақ-қырғыз босқыншылығы, әйел мәселесі, Бүкілресейлік
құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар белгілеу секілді мәселелер
қарастырылды. Делегаттар Ресейдің Федеративті демократиялық республика
болып құрылуын қалайтындарын, Түркістан өлкесіне аумақтық автономия
берілуін жақтайтындарын мәлімдеді. Съез орыс қоныс аударушыларына деп
алынған жерлер, орыс ақсүйектерінің меншіктеп алған жерлері қазақтар мен
қырғыздарға тоқтаусыз, тез арада қайтарылсын; қазақтар мен қырғыздарға
тоғайлар мен ормандар ішіне мал бағуға рұқсат етілсін; суару жүйелері жеке
адамдардың қолынан земство қарауына өтсін; орыс қоныс аударушыларының
Шу мен Сырдария өзендерінің суын тиімсіз қолдануына шектеу қойылсын;
қазақтар мен қырғыздарды өлкелік азық-түлік комитеті күнделікті тұтыну
заттарымен қамтамасыз етсін; оқу (бастауыш білім алу) жалпыға бірдей
міндетті болсын; мектепте балалар ана тілінде оқысын; оқу кітаптары мен
баспасөздер «Қазақ» газеті қолданған емлемен жазылсын; орыс-түзем
мектептері жабылсын; олардың орнына ұлттық мектептер ашылсын; өлкедегі
қазақтар мен қырғыздардың өз алдына бөлек мүфтилігі құрылсын; «Бірлік
туы» газеті қазақтар мен қырғыздардың өлкелік баспасөзі болсын; оған
барлық уездік қазақ және қырғыз комитеттері қамқорлық жасасын;
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі жанында қазақтар мен қырғыздардың
өкілі болсын; әйелдердің саяси құқығы ер азаматтармен теңестірілсін; қалың
мал жойылсын; 16 жасқа толмаған қызға және 18 жасқа толмаған жігітке
некеге тұруға рұқсат етілмесін; екінші әйел аламын деушілер бірінші әйелінің
рұқсатымен үйленсін; жеті атаға келмеген ағайыннан қыз алуға жол
берілмесін; өлкедегі қазақтар мен қырғыздардың ұлттық қазынасы құрылсын;
ол үшін мемлекеттік салықтың әрбір сомынан 5 тиыннан қосылып жиналсын;
Жетісудағы 1916 жылғы көтеріліс кезінде Қытайға өтіп кеткен қазақ-қырғыз
босқындарына мемлекет көмегі ұйымдастырылсын; елге оралған босқындарға
орыс қоныс аударушыларының қысым көрсетуі доғарылсын; босқындарға
ұлттық ұйымдар арқылы жылу жиналсын деген қаулылар қабылдады. Съездің
жұмысы барысында делегатттар Бүкілресейлік құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидаттар белгілеуде қазақтар мен қырғыздардың ауызбірлік
танытуы қажеттігін қуаттап, оған Сырдария облысынан М.Шоқай,
Ә.Кенесарин, Е.Қасымов, С.Өтегенов, Қ.Қожықов, С.Ақаев, Ә.Көтібаров,
З.Сейдалин С.Аспандияров, С.Лапин, А.Мангелдин, Г.Аспандиярова,
С.Қожанов, Х.Ибрагимов, С.Еренов секілді қайраткерлердің
468
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Базарбаев Қ.Қ.
1917 ж. Жетісудағы саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары
кандидат ретінде тіркелуін қолдады. Түркістан өлкесінде қазақтар мен
қырғыздар қоныстанған өзге облыстардан Бүкілресейлік құрылтай
жиналысына депутаттыққа кандидаттар белгілеу сол облыстардың еркіне
қалдырылып, олардың өкілдерінен бұл мәселені тездетіп шешу сұралды.
Осы съезде өлкедегі қазақтар мен қырғыздардың іс-әрекеттерін үйлестіріп,
оны бір ізге түсіруді жүзеге асыру мақсатында Түркістан өлкелік Қазақ-
қырғыздардың орталық кеңесі атты қоғамдық-саяси ұйым құру туралы шешім
қабылданды. Сондай-ақ съезде делегаттар Түркістан өлкесі Қазақ-
қырғыздардың орталық кеңесіне қарасты Сырдария мен Ферғана
облыстарындағы қазақ-қырғыз кеңестерін құруды жөн санап, Сырдария
облыстық
кеңесіне
уақытша
мүшелікке
Ә.Көтібаровты
(төраға),
С.Өтегеновты, С.Қожановты, Т.Рысқұловты, ал Ферғана облыстық кеңесіне
К.Бөриевті белгіледі. Осы мүшелердің қатарын толықтыру, немесе оларды
алмастыру мәселесі әр облыстың еркіне қалдырылды. Съездің ұйғарымы
бойынша облыстық қазақ-қырғыз кеңестері өлкелік қазақ-қырғыздардың
орталық кеңесіне өз өкілдерін белгілейтін болды [2].
Түркістан өлкелік Қазақ-қырғыз орталық кеңесі толыққанды ашылып,
өз жұмысына кіріскенге дейін оның төрағасы қызметін атқара тұру
Е.Қасымовқа, ал хатшылықты жүргізу Т.Рысқұловқа тапсырылып, кеңестің
құрметті төрағасы ретінде М.Шоқай ұсынылды [3.208]. Түркістан өлкелік
Қазақ-қырғыздардың орталық кеңесіне төраға қызметін атқара тұру міндеті
жүктелген Е.Қасымов Ақмешіттегі Ұлттық кеңестің төрағасы болатын. Ал
орталық кеңестің хатшысы қызметіне белгіленген Т.Рысқұлов болса сол кезде
Меркеде 30-ға жуық жастарды біріктірген, құрамында қырғыз жастары да бар
«Қазақ жастарының революциялық одағының» басшысы ретінде танымал еді
[4.448]. Қазақ-қырғыз орталық кеңесіне құрметті төраға ретінде ұсынылған
М.Шоқай өлкедегі барлық мұсылман халықтарының түрлі қоғамдық-саяси
ұйымдарын үйлестіріп, олардың қызметі бағдарын бір арнаға түсіріп отыру
мақсатында 1917 жылы маусымда Ташкентте құрылған Түркістан өлкесі
мұсылмандарының
орталық
кеңесіне
төрағалық
ететін
[5.135].
Түркістан өлкелік Қазақ-қырғыздардың орталық кеңесі құрылып,
қызметіне кіріскен жағдайда М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан өлкесі
мұсылмандары орталық кеңесінің шешімдерін, нұсқауларын басшылыққа
алатындығы айқын еді. Алайда өлкелік деңгейдегі қазақ-қырғыз орталық
кеңесін құру ісі өкілдердің дер кезінде белгілеудің кешеуілдеуіне орай тез
арада жүзеге аса қоймады. Дегенмен де сол тұста Әулиеатадағы Ә.Кенесарин
басқаратын қазақ-қырғыз ұлттық кеңесі өзін Түркістан өлкелік Қазақ-қырғыз
орталық кеңесінің Сырдария облыстық қазақ-қырғыз кеңесіне қарасты ұйым
ретінде санап, өз қызметін жалғастырып жатты және өлкелік қазақ-қырғыз
орталық кеңесінің ашылуына септігін тигізуге тырысып бақты. Сондай-ақ
оның қызметінде Түркістан өлкесі қазақтары мен қырғыздарының съезінде
Достарыңызбен бөлісу: |