А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жетібаев К. Қазіргі заманғы тәлімдік жүйені реформалаудың мәні және негізгі бағыттары
228
70-жылдардың
аяғында «микроэлектрондық революция ықпалымен
басталған ғылыми-техникалық прогресс дамуындағы жаңа кезең».
Еленетіні, жаңаланудың себеп-салдарына байланысы ең алдымен тәлім
мазмұнында көрініс беруі. Ғылым және өндіріс саласындағы, әсіресе,
кезеңдік сипаттығы көзге түсерлік өзгерістер, белгілі бағытта тәлім
реформасына бастау дем беріп, міндеттілікпен тәлім мазмұнына ене
бастауы. Бұл орайдағы болжам ғылыми-техникалық прогрестегі әрқилы
жаңа кезең заңдылықты түрде тәлім жүйесіндегі жаңа реформаларға жол
ашуы тиіс [4].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Развитие системы общего среднего образования в современном мире: учебное пособие /
Составитель Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003. -
112 с.
2.
Развития образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996. -
16 с.
3.
Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего
образования: -Алматы: НИЦ Ғылым, 2002. -20 б.
4.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. –Астана,
2006.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
БЕРКІМБАЕВ К.М.
229
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
МІНДЕТБАЕВА А.А.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
В данной статье рассматриваются основные направления и возможности применения
компьютерных и коммуникационных средств в условиях информатизации.
This article discusses the main trends and applications of computer and communication
technologies in the state of informatization.
Білім
жүйесінде
ақпаратты-коммуникациялық
құралдар
мен
компьютерлік
технологияларды
қолдану
оны
дамытудың
жаңа
мүмкіндіктеріне жол ашатыны даусыз. Әлем туралы осындай жаңа біліммен
толыққанды таныстыру олардың көмегінсіз жүзеге аса алмайды. Қазіргі
заманауи білім беру жүйесінің тиімділігі мен оны әлемдік қауымдастықтың
интеграциялық процесі жағдайында ұйымдастырудың ерекшелігі неге
байланысты? Информатика пәні мұғалімінің қазіргі жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана білуінен басқа, мектептегі оқушылардың
коммуникация әлеміне жол ашып, бағыттаушысы ретінде ғана емес,
сонымен бірге қызметтегі әріптестері мен өз сынып оқушыларының
отбасыларын да соған баулуда рөлі қандай - деген зерттеу мәселесі
туындайды.
Бұл мәселе төңірегінде білікті маман педагогтар елімізде әлі де болса
жеткіліксіз. Дәстүрлі әдістермен тәжірибе алмасу біз күткендей нәтиже
бермей отыр. Міне сондықтан да дарынды педагогтар мен кез-келген
мамандық иелерінің тәжірибелерімен білім алмасу және оны тарату ісінде
компьютерді, коммуникацияның жаңа құралдарын және әртүрлі
педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану нақты мүмкіндік
беріп отыр.
Компьютерлік және ақпараттық-коммуникациялық құралдарды
пайдаланудың негізгі бағыттары мен оларға сәйкес бағдарламалық–
дидактикалық қамтамасыздандыруға тоқталайық.
Заманауи білім беру технологияларын құру. Компьютерлер мен
ақпараттық телекоммуникациялық байланыс құралдары, білім алу мен
біліктілік
көтерудің
кез
келген
деңгейіндегі
әдістемелік
және
ұйымдастырушылық қиыншылықтарды шешуге жағдай жасайтын, оқу
процесіне компьютер құралдарын енгізудің педагогикалық шарттарының
кешенін дайындаудың технологиялық негізі болып табылады.
Білім беруді оңтайландыру. Білім беру жүйесінде ақпаратты-
коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану сапалы білім беруді кез
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Беркімбаев К.М., Міндетбаева А.А. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда заманауи...
230
келген жаста, кез келген жерде және кез келген уақытта алу мүмкіндігін
арттырады. Білім беру мен коммуникацияның компьютерлік құралдарын,
оқу процесі субъектілерінің ойлау қызметін ұйымдастыратын ерекше
ортасы ретінде қарастыруға болады. Жаңа білім алу тек өзіндік жұмыс
жасаудың арқасында болатындығы кез-келген мамандық иелеріне,
педагогтарға, психологтарға мәлім. Компьютер құралдарын пайдалану
оқушыларға белгілі бір мәліметті беріп қана қоймай, олардың танымдық
қызметінің процесін басқару үшін педагогикалық жағдай жасауға мүмкіндік
береді [1].
Мына мәселені қарастырайық: Ақпараттандырылған білім беру ел
тұрғындарына, аз қамтамасыз етілген жанұя жастарына білім берудің
ақпараттандырылған жүйесін қандай жолмен қолдануына мүмкіндік
береді?».
Соңғы онжылдық компьютерлік техника мен байланыс құралдары тек
мемлекеттік білім беру секторында ғана емес, сонымен қатар басқа да
мамандықтағы адамдардың күнделікті өмірлеріне қажеттілік болып
енгендігімен ерекшеленеді. Көптеген компьютерлер біздің үйлерімізден де
орын алды.
Бұл жеткілікті жағдаймен қамтмасыз етілген отбасына қатысты. Ал аз
қамтамасыз етілген отбасы жастарына компьютерді қалай ұсынсақ болады?
Оқушылар үшін «үй» компьютерлер бақтарын көбейту олардың уақыттарын
үнемдеуге, техникамен толыққанды танысуына мүмкіндік береді, сонымен
бірге ол ақпараттандырылған білім берудің нәтижесі болып саналады.
Мұнан басқа қоғамдық орындарда еркін қолданыста болатын Internet
сыныптарын ашу керек.
Білім беру үдерісінде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру
және жетілдіру. Білім беру мен коммуникацияның компьютерлік
құралдарының өзіндік білімді жетілдіруде маңызы орасан зор. Қоғамды
ақпараттандыру жағдайындағы қоғамның бірінші мәселесі өзіндік білімді
жетілдіру қажеттілігін үздіксіз жүргізуді талап етеді, өзіндік білім алудың
технологияларын қарастырады, ол компьютерлік коммуникациялық
құралдарының бір-бірімен байланысы негізінде жүреді. Қоғамды
ақпараттандыру жағдайында заманауи білім берудің бірінші кезектегі
мәселесі - компьютерлік коммуникациялық құралдардың бір-бірімен
байланысына негізделген, үздіксіз өзіндік білім алу қажеттілігін
қалыптастыру мен өзін-өзі оқыту технологиясын дайындау. Бұл жағдайда
педагогтың өзіне өз оқушыларын ауқымды ақпараттық орта Интернетті,
әртүрлі электронды форумдар, чаттар мен электронды пошталарды белсенді
пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа коммуникациялық ортада қарым-
қатынас жасауды үйрете білу керектігін түсінуі қажет.
Психологиялық-әлеуметтік және педагогикалық шарттар.
Оқытудың компьютерлік құралдарын қолдану мен өзара әрекеттестік оқу
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Беркімбаев К.М., Міндетбаева А.А. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда заманауи...
231
процесінде қолайлы психологиялық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезекте, педагогтың білімгерлердің дайындық деңгейіне баға беру
субъективтілігін жою арқылы, білімгерлерге психологиялық қолайлы
жағдай жасау өте маңызды. Ұсынылған материалдар мен бақылаудың
бірнеше деңгейлері қарастырылатын компьютерлік оқыту құралдарын
қолдану, білімгерлердің оқу процесіне және нақты бір пәнді зерттеуге деген
қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Оқытудың дәстүрлі
әдісінде, белгілі бір тақырыпты үйрену кезінде сыныптағы білімгерлердің
дайындық деңгейінің бірыңғай болмауы - топтық және жеке сабақты
ұйымдастыруға қиындық туындатып, жұмыстың жалпы ырғағын
төмендететін қолайсыз жағдай болып табылады. Мұндай жағдай оқытудың
компьютерлік құралдары арқылы өтетін сабақтарда онша байқала бермейді,
тіпті компьютерлік құралдарды қолдану арқылы білімгерлермен жаңа
қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Компьютерлік оқыту құралдарын
қолдану арқылы сабақ өткізуді жоспарлаған педагог, жұмыстың
қарқындылығын арттыру, білімгерлермен тікелей сөйлесу уақытын ұлғайту
мақсатында білімгерлердің дайындық деңгейінің біркелкі еместігін есепке
алуы тиіс [1.3].
Оқытуды дербестендіру. Оқу процесіне АКТ-ны енгізудің дұрыс
шешімі ретінде көп жағдайда оқытуды дербестендіруді айтады. АКТ-ны
қолдану білім берудің негізгі қайшылықтарының бірі - оқытуды жаппай
ұйымдастыру мен дербестендіру қажеттілігі мәселесін шешуге мүмкіндік
береді. АКТ-ны қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі
айырмашылығы, ақпаратты-коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы
өтетін сабақ - лекция үзінділерімен эвристикалық сұхбатты, бағдарлама
жұмыстарының демонстрацияларын еске түсіреді. Оқытудың дәстүрлі әдісі
бойынша, білімгерлердің кейбір сұрақтар төңірегінде өз педагогтарымен,
достарымен пікір бөліскісі келетін қажеттіліктері пайда болады. Педагог
білімгерлердің жұмысына араласпай, олардың іс-әрекетін үйлестіруі қажет.
Жасөспірімдер ұжымында педагогтар мен басқа да білімгерлердің бірлесіп
жұмыс істеуімен өзіндік жұмыста жетістікке жетудің шығармашылық
атмосфералары - танымдық қызмет мотивациясының ең таңдаулы формасы.
Заманауи білім беру материалдарымен қамтамасыз етуді дамыту.
Мұнда оқыту материалдарының мазмұнын таңдау ғана емес, сонымен қатар
оқу материалдарын құрылымдық ұйымдастыру, оқытуға тек компьютерлік
оқыту бағдарламаларын ғана емес, барлық оқу процесі мен танымдық
қызмет процесін басқарудың бірегей өзара байланыс қызметін
ұйымдастыратын интерактивті ақпараттық ортаны енгізу мәселесі сөз болып
отыр. Басқа сөзбен айтқанда, оқытудың тиімділігі мен сапасы көп жағдайда
өзін-өзі оқытуды тиімді ұйымдастыру мен қолданылатын оқу-әдістемелік
материалдардың сапасына байланысты.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Беркімбаев К.М., Міндетбаева А.А. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда заманауи...
232
Өзіндік жұмыстағы АКТ-ның орны мен маңызы. Білімгерлердің
өзіндік жұмыстарын қамтамасыз етуде АКТ мүмкіндіктерінің маңызы
ерекше. АКТ дидактикалық мүмкіндіктерін арттыру жеке оқытуды
қамтамасыз ету үшін оқытудың компьютерлік құралдарын дайындау мен
қолданудың әдістемесін ойластыруды талап етеді [1.3]. АКТ жұмысы
тәжірибесін саралай келе, мынадай қорытынды шығаруға болады:
техниканың қазіргі даму деңгейінде жаңа тақырыпты үйрету кезеңінде,
педагог әртүрлі білімгерлерге бір материалды бірнеше рет түсіндіру
қажет болған кезде компьютірлік оқыту құралдарын пайдалану өте тиімді.
Дәл осы кезеңде, материалды түсіну мен меңгеруді үздіксіз қадамдық және
кезеңдік бақылау жасау қажет және ол өте маңызды. Оқытудың дәстүрлі
әдісінде мүндай жеке бақылауды жүзеге асыру практикалық тұрғыда іске
аспайды. Жұмыстың өнімсіз, босқа кеткен бөлігін есептеу кешендеріне
ауыстыру және үлестіріп беру педагогтың уақытын молайтып, үлгерімі
жақсы білімгерлермен жеке қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
АКТ қолданып оқытудың мұндай ерекшелігі анағұрлым маңызды, себебі
оқу процесін жалпы ұйымдастырудың бейімдік, жеке және деңгейлік
тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіншілік туады.
Білімгерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту. Жаңа ақпараттық
технологиялар білім берудің маңызды мақсатын сапалы жаңа деңгейде
жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол–тұлғаның шығармашылық, яғни
интеллектуалдық, аксиологиялық, көркемдік-эстетикалық потенциалын
дамыту. Компьютерлік және коммуникациялық құралдардың негізінде
жасалатын білім беру технологиялары, оқыту бағдарламалары мен
кешендері өзіндік ойлау дағдыларын арттыру мен терең шығармашылық
қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ете алады. АКТ-ны ендіру оқытуды
ғылыми ізденіске жақындатуды іске асыруға, болжауды шығармашылықпен
ұсынуды қолдауға, алға қойған міндеттер мен мәселелердің шешімін табуға
мүмкіндік береді. АКТ дамыған сайын тұлғаларды ізденіске тарту,
білімгерлер мен педагогтардың шығармашылық қабілеттерін ашу және
шығармашылық қызметтеріне қолдау көрсету мүмкіндіктері кеңеюде [2].
Әлеуметтік әріптестікті кеңейту. Білім беру процесіне
компьютерлер мен ақпараттық коммуникациялық құралдарды енгізу
білімгерлердің ақпаратты-географиялық кеңістігін кеңейтуге және оқытуды
нақты жұмыс орны мен жұмыс уақытына тәуелді болудан құтқаруға
мүмкіндік береді. Осы әлемдік қауымдастықтың ақпараттық кеңістігіне
шығу мектеп оқушыларының, студенттердің, аспираттардың, мұғалімдердің
және оқытушылардың ақпараттық танымдық деңгейін арттыруға мүмкіндік
береді.
Бәсекеге қабілетті мамандардың кәсіби білім деңгейін көтеру.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды білім саласына белсенді
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Беркімбаев К.М., Міндетбаева А.А. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда заманауи...
233
енгізу қажеттілігі, барлық білімгерлер мен оқытушылардың тіл мәдениеті
деңгейін жетілдіру мәселесін шешуге көмектеседі. Шет тілін білу, кәсіби
ауқымда және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерінде диалог
жүргізу мектеп және жоғарғы оқу орны түлектерінің дайындықтарының
сапасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа қоғам өмірінің басқа
салаларына да жол ашып, білім беру жүйесі дамуының жаңа бір сатысына
өтуіне мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы пәндер бойынша
ақпаратты білімдендіру ортасында педагогтардың кәсіби біліктілігін
үздіксіз жетілдіру. Білім беруді ақпараттандыру мүмкіндіктеріне талдау
жасау кезінде қарастыруды қажет ететін тағы бір аспект - педагогтардың
кәсіби біліктілігін жетілдіру. Өйткені кез келген, тіпті қарапайым
мәселені шешудің өзі кәсіби біліктілікті талап етеді. Ең жетілдірілген
техниканың өзі алдына мәселенің қойылуы мен оның сауатты
орындалуын өздігінен жүзеге асыра алмайды. Білім беру жүйесін қазіргі
заманауи компьютерлік техникалар және телекоммуникациялық байланыс
құралдары мүмкіндіктерінің негізінде жақсарту үшін, ең алдымен барлық
деңгейдегі педагогтарды дайындау және олардың біліктіліктерін жетілдіру
қажет [1]. Бұл мәселе қарапайым, әрі күрделі. Ең алдымен мұғалімдердің
және ЖОО мен басқа оқу орындарының оқытушыларының өздігінен білім
алуға үйренуі керек. Бірақ ақпараттық технология тиісті болатын жаңа білім
саласына дайындық жасау көпшілік үшін оңай емес. Біліктілікті жетілдіру
курстарына бару әрдайым мүмкін бола бермейді, әсіресе ауылдық жердегі
мектеп мұғалімдеріне қымбатқа түсетін іс-шара болып табылады. Біліктілік
жетілдіру мәселесінде білім жүйесін ақпараттандыру процесі үлкен
мүмкіндіктерге ие .
Педагогтардың
кәсіби
құзырлығын
қалыптастыру.
АКТ
қолданудың ең маңызды артықшылықтарының бірі – бұл педагогикалық
қызметтің тиімділігін арттыру мен таңдаулы педагогтардың тәжірибесін
АКТ қолдана отырып тарату. АКТ - бұл біртұтас ақпаратты-білім беру
ортасының қамтамасыздануы мен дамуының технологиялық негізі [2].
Білім беру мекемелеріндегі менеджмент. Компьютерлік және
телекоммуникациялық технологиялардың маңызды ерекшеліктерінің біріне
– білім беру мекемелеріне автоматтандырылған құжат айналымын енгізу
мен білім беру жүйесіндегі әкімшілік басқаруды жақсарту мүмкіндігі
жатады [3]. Тіпті оқу процесін қайта ұйымдастырудағы АКТ мүмкіндіктерін
толық талдамай-ақ байқағанымыз, бұл мүмкіндіктер педагогтар үшін кең
ауқымды қызмет түрлерін көрсетеді. Мұндай қарапайым емес мәселелердің
шешімін табу ақпарат легінің толассыз құйылуы кезінде, педагогтың
жұмысқа деген дайындығы мен шеберлігіне және ақпаратты беру, іздеу мен
өңдеудің әдістерінің заман талабына сай келетін педагогтарға байланысты.
Жаңа ақпараттық кеңістік аясында
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Беркімбаев К.М., Міндетбаева А.А. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда заманауи...
234
педагогтың жұмысқа деген дайындығы мен оның прогрессивті көзқарасы
АКТ-ны белсенді қолдану негізінде оқытудың жаңа тәсілдері мен
технологияларын дайындау мен енгізудің қажетті шарттары болып
табылады.
Қорыта келгенде, біз білімді ақпараттандыру жүйесінде ғалым-педагог
мамандардың ғылыми педагогикалық пікірлерімен толықтай келісіп:
«білімді ақпараттандыру жүйесі білім беру технологияларының дамуындағы
көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, ал болашақ информатика
пәнінің мұғалімі осы үдерісте шешуші роль атқаратын болғандықтан, ол тек
АКТ мүмкіндіктерін меңгеріп қана қоймай, өзінің кәсіби құзырлығын
дамытуы және үздіксіз кәсіби білімін жетілдіруі тиіс»-деп тұжырымдаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании: учебное
пособие / -Оренбург – ГОУ ОГУ, 2006. – 235 с.
2.
Федотова Е.Л. Информационные технологии в профессиональной деятельности: учеб.пособие. –
М.: ИД «Форум»: ИНФРА-М, 2008. -369с.
3.
Педагогика профессионального образования: учебное пособие. Под редакцией В.А.Сластенина.
3-е изд.,стер. – М.:Издательский центр «Академия», 2007. -368 с.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
С.Б.БАБАЕВ
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
235
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Достарыңызбен бөлісу: |