Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Әбіл Г. Сыншы З.Қабдолов туралы
 
 
  
қазақ  поэзиясын  сыншыл  реализмнің  шырқау  сатысына  кӛтеруінде  болып 
табылады»[3]. 
Ал  енді  сыншы  ғалымның  «Әуезовтің  әсемдік  әлемі»  атты 
монографиясының 
эпиграфына 
назар 
аударайықшы. 
Н.Погодиннің 
«Қазақстан ҥшін Әуезов – екінші Абай» деген сӛздерімен бастауы сыншының 
жоғарыда  айтылған  ойларының  жалғасы  іспетті.  Мҧнда  да  ғалым  Абайды 
оқырманға,  болашаққа  танытқан  М.Әуезовтің  даралығына,  даналығына 
тоқталып  ӛтеді.  Сыншы  М.Әуезовтің  туындыларын  қарап  шығып,  әр 
қайсысына ӛз кӛзқарасын  білдіріп отырады. 
Ал  енді  оның  тӛл  туындыларын  тҧтастай  шолып  пайымдағанда, 
алдымен, драматургтың ӛзінің жан-жақты зерттеп, жете таныған жаңа қоғам 
қҧрып жатқан адамдар тҧрмысын - ӛз заманның бҥгінгі тіршілігін суреттеуге 
кӛшіп,  пьесаның    тақырып    шеңберін  кеңейткендігін,  мазмҧн  молайтып, 
олардың  таным  тарапындағы,  тәрбие  саласындағы  тәрбие  ролін 
кҥшейткендігін, осындай мәнді де мағыналы әрекет ҥстінде  
Әуезовтің 
ӛзі  де    таптырмас  творчестволық  эволюциядан  ӛткендігін,  қайталанбас 
қаламгерлік  шеберлікке  жеткендігін  сыны  қаламы  мен  ойы  ерекше 
бақылайды. 
З.Қабдолов  «Қарагӛз»  пьесасы  туралы,  «бҧл  классикалық  трагедияның 
бәрінен бағалы жері -  М.Әуезов  -  әйелдердің  шоғырына  бітімі  мен  болмыс, 
мҥсіні  мен  мінезі  біз  білетін  әсемдік  әлемінде  бҧрын-соңды  кӛп  кӛріне 
қоймаған  Қарагӛз  сынды  тың  тҧлға  әкеліп  қосуында  деуіміз  керек»,  -  деп 
жазады [3]. 
Сыншы  «Қараш-қараш  оқиғасы»  повесін  идеялық-кӛркемдік  жағынан 
жиырмасыншы  жылдардағы  М.Әуезов  прозасының  шоқтығы  болып 
табылады  деп  кӛрсетеді.  Бҧл  –  екі  адамның  арасындағы  диалог  қана  емес, 
автордың  ішкі  монологін  мегзейтін  ой  қазығы.  Революция  алдындағы 
шиеленіскен қайшылыққа толы, ала-топалаң алыс-жҧлысқа, қанпезерлік пен 
қатыгездікке  толы  ескі  ауылдың  адам  ҥшін  абақтыдан  жаман  екенін  автор 

 
34 
осылай жас  геройдың  аузымен  айтқан.  Сыншы  повестің  аяқталуына  ерекше 
мән  береді:  «...Оқуға  ҧғымды,  ерекше  талапты  момын  қара  бала  болашақ 
заманның  белгісіз  бір  жарығына  осы  абақты  ішінде  сӛнген  кӛңілмен  кҥн 
санап ер жетіп келе жатты: Сыншы повестің аяқталуын баяндай келіп, бҧл – 
аса нҧсқалы финал деп баға береді»[3]. 
Абай және «Абай жолы» - М.Әуезовтің ойшыл-жазушылық ғҧмырына ӛн 
бойына  желі  тартып  кеткен  кҥрделі  де  іргелі  тақырып.  Себебі,  бҧл 
тақырыптың предметі – Абай болғанмен, объектісі – халық. 
Ғ.Мҥсірепов  те  «Абай  жолы»  туралы  былай  дейді:  «Бҧл  -  қазақ 
мәдениетінің  тарихында  бҧрын-соңды  болмаған  оқиға,  ӛткені,  «Абайдай» 
шығарма бҧл кҥнге дейін бҥгінгі қазақ әдебиетінде болған емес». 
Ол – ол ма? «Абай жолын» қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев тек қазақ 
әдебиеті
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Әбіл Г. Сыншы З.Қабдолов туралы
 
 
  
ғана  емес,  «бҥкіл  совет  әдебиетінің  аса  ҥздік  жетістіктерінің  бірі»  -  десе, 
француз  жазушысы  Луи  Арагон  «бҧл  шығарма  совет  әдебиеті 
туындыларының  маңдай  легінен  орын  алады  десек  аздық  қылады,  әлемнің 
басқа  елдерінде  де  онымен  тең  тҥсетін  шығарма  табу  қиын;»  Бҧл,  менің 
ойымша, XX ғасырдағы ең ҥздік шығармалардың бірі»- деді. 
З.Қабдолов  «Абай  жолында»  жарты  ғасырлық  қазақ  ӛмірі  социалистік 
реализмнің  бесенеден  белгілі  ҥш  принципіне  мықтап  бағындырылғанын 
былайша кӛрсетеді: 1)мҧндағы ӛмір мӛлдір шындық қалпында; 
2)  шындық  тарихи  жағынан  нақты  тҥрде;  және  3)революциялық  даму 
ҥстінде суреттелген. 
Ал  сюжет  пен  композицияға  келетін  болсақ,  мҧнда  да  М.Әуезов 
суреткерлік шеберліктің ҥлгісін кӛрсеткен. 
«Тӛрт кітаптың ӛн бойында адам образын жасауға қызмет етпейтін бір де 
бір  деталь,  штрих  керек  десеңіз,  бір  де  бір  сызық  жоқ.  Бәрі  де  мінездеу, 
жинақтау  мен  даралау  міндеттерін  атқарып  тҧр.  Әр  характердің  жасалу 
тарихы  бар.  Әр  образ  тип  дәрежесіне  дейін  кӛтерілген»  -  дей  келе,  сыншы 
Абайдың  және  де  басқа  кейіпкерлердің  образдарын  ашудағы  жазушының 
шеберлігін айқын кӛрсетеді. 
З.Қабдоловтың  осы  монографиясында  тағы  бір  ерекше  тоқталатын 
жеріміз  Ғ.Мҥсірепов  аңғарған  әр  бӛлімнің  аттарына  назар  аударуы. 
«Қайтқанда,  Қат-қабатта,  Шытырманда,  Бел-белесте,  Ӛрде,  Қияда»  деген 
бӛлім  аттарын  бірне-бірін  жалғап,  бір  саты  етсе,  қат-қабат,  шытырмандар 
арқылы  бел-белеске, ӛрге, қияға шығып келе жатқан Абайды кӛресің. Бҧл  – 
ҥздіксіз ӛсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бҧл – Қҧнанбайдың 
да  баспалдақтары.  Осы  сатыларды  тӛмен  қаратып  қойып,  аяғынан  басына 
қарай  оқысаң,  бҧл  жоғарыдан  ылдилап  келе  жатқан  Қҧнанбайдың  жолы 
болып  шығады.  Сонда,  Абайдың  жолы  –  қайтқанда,  қат-қабатта, 
шытырманда,  бел-белесте,  ӛрде,  қияда  болып  шығады  да,  Қҧнанбайдың  
жолы  –  «қияда,  ӛрде,  бел-белесте,  шытырманда,  қат-қабатта,  қайтқанда» 
болады. Бірі-  кӛтерілу,  бірі  –тҥсу,  тӛмендеу  жолы.  Ҥшінші, бҧл  –  Қҧнанбай 

35 
 
тобының да, Абай тобының да жолы. 
Қазақтың сӛз ӛнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айрықша 
әсем  образдар  галереясын  ҧлы  эпопеяның  жан  тебірентер  ғажайып  жаңа 
бейнелерімен толықты. 
Қысқасы, кітаптың пейзаждық беттері  – қағаз емес, нақ тірі табиғаттың 
ӛзі. Адамды ҥйден шығарып алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып 
кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сӛз бетке тиеді, тағы бір жерде  ой 
нҧрына  малынып  тоғайда  жҥреміз,  енді  бірде  маңдайымыздан  шағырая 
қадалған кҥнге қолымызды қалқалаймыз... 
Бҧл не нәрсе? Бҧл сҧрауға сыншы да ӛз ойын былайша саралайды: «Бҧл 
– біріншіден, Әуезов қҧрғақ, сылдыр сӛйлем қҧрмайды, ең  әуелі  ӛзі тебірене  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Әбіл Г. Сыншы З.Қабдолов туралы
 
 
  
толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сӛйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, 
алдымен  Әуезовтің  ӛзі  анық  ақын;  тҧтанбай,  ҧшқындамай,  лапылдамай, 
ӛртенбей  жаза  алмайтын  нәзір    дірілді  сыршыл  ақын;  ҥшіншіден,  Әуезов  – 
суретші,  нағыз  художник  –  қағазды,  кітап  парақтарын  аспанға,  жерге, 
қҧбылысқа,  дҥние-тіршілікке  айналдырып  жіберетін  шебер;  тӛртіншіден, 
М.Әуезов  –  терең  психолог,  оқырманның  жан  дҥниесін  сілкіп-сілкіп 
жіберетін  кҥш!  Демек,  «Абай  жолы»  секілді  ғасырлық  туындыны  тек 
осындай қабілет пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады». 
Қорыта  келе,  Зейнолла  Қабдоловты  біз  әдебиет  сыншысы  ретінде 
тануымызға  жоғарыда    айтылып  кеткен  зерттеулерінен  кӛруімізге  болады. 
Ғалымның «сыншы» ретінде танылуы ӛзінің ерен еңбектерінің жемісі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы: Санат, 1994. – 448 б.  
2.
 
Қабдлолв З. Арна. Зерттеу – сын – эссе. Алматы: Жазушы, 1988,- 256 б. 
3.
 
Қабдолов  З.  Таңдамалы  шығармалар.  Алматы:  Жазушы.  –  Т.2  Сӛз  ӛнері:  Монография.  Талант  пен 
таным: Әдеби толғаныстар. 1983. 465 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
А.КАЮПОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
«ҚАБАНБАЙ БАТЫР» ЖЫРЫНДА БАТЫРДЫҢ 
 БЕЙНЕСІН СОМДАУ ӘДІСТЕРІ 
       
 
 
 
 
В статье изучаются  методы  создания характера батыра в поэме «Кабанбай батыр». 
 
The article deals with the  methods of characterizing  the hero in the poem «Kabanbay batyr». 
 
 
«Жазушы»  баспасынан  1991  жылы  Алматы  қаласында  жарық  кӛрген 
«Қаракерей Қабанбай» деген кітапта «Қабанбай батыр жыры» жарық кӛрген. 
Кітап  авторлары:  Зейнолла  Сәнік  және  Бейсенғали  Садыхан.  Алматыдан 
шыққан бҧл кітап Шыңжаң халық баспасынан 1989 жылы шыққан осы аттас 
кітап  негізінде  қайта  жарық  кӛрген  екен.  Кітапта  қазақтың  бас  батыры,  хан 
батыры  атанған  атақты  қолбасы  Қабанбай  туралы  жыр,  аңыздар,  қисса, 
дастандар  жинақталған.  Осындағы  жанры  тарихи  жыр  болатын  кӛркем 
мҧрада  хан  батыры  атанған  Қабанбай  бейнесін  таныту  ҥшін  автор  қандай 
ҧтымды тәсілдер қолданғанын сӛз етпекпіз. Бҧл жырда Қабанбайдың бір ғана 
соғысы  сӛз  болады.  Және  Қабанбайдың  ӛмірінің  соңғы  кезеңіндегі  оқиға 
таратылып  айтылған.  Автор  бастағаннан  Қабанбайдың  кім  екенін  ҥлкен 
мадақтаумен тҥсіндіріп кетеді.  
«Ҥш жҥзге ҧран болған ер Қабанбай 
Шақырған аруағын бҥкіл найман. 
...Ер екен артық ӛткен шарапатлы, 
Сыйынар білген адам Қабанбай деп. 
...Шҧбарым, арғымағым, жҥлде алғаным, 
Басынан Қаратаудың кҥн салғаным. 
...Айтайын айт десең мен арысыңды, 
Қорғайтын қан майданда намысыңды» [1.75-76]. 
Қисса осылай Қабанбай батырдың қалың қазақ ҥшін ерекше қымбат жан 
болғанын тҥсіндіруден басталады. Айтушы тыңдарманымен сырласып алады. 

37 
 
«Шҧбарым,  арғымағым,  жҥлде  алғаным»  деп  Қабанбайға  арнап  мадақ 
айтады. Бҧл жалпы ежелгі дәуірден әдебиетте бар дәстҥр деуге болады. Енді 
тыңдарманын  да  батырға  ортақтастырады:  «...арысыңды,  қорғайтын  қан 
майданда  намысыңды»,  -  деген  сӛздер  тыңдарманға  арналған.  Қабанбайдың 
бар мінезін танытуға оның ӛмірінің соңғы кезеңіндегі бірнеше оқиғаны ғана 
алады. Мҧндағы оқиғаның бастауы:  
«Қас батыр Қабанбайдың бір інісін 
Қырғыз шауып батырдың сағы сынды» [1.76]. 
Ауырып  жатқан  хан  батырдың  намысын  қорлау  ҥшін  оның  қадірлі 
інісінің  -  Қарақҧрсақтың  ауылын  жау  қырғыз  шауып  кетеді.  Мҧнда 
қырғыздар  туралы  да  қызық  дерек  айтылған.  Онда  ол  жоңғарлардың  бір 
бӛлігі деген тарихи дерек келтірілген.  Қабанбай  ерді  қатты  қайғыртқан осы  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Каюпова А. «Қабанбай батыр» жырында батырдың бейнесін сомдау әдістері 
 
 
оқиғадан  бастау  алған  жыр  батырдың  нағыз  азаматтық  келбетін  танытатын 
кӛркем  шежіре  болып  шыққан.  Қабанбайдың  жан  дҥниесі,  қиналысы  тҥгел 
берілген.  
«Қан қҧсты қайғылы боп ер Қабанбай, 
Жауымнан қалам ба деп кек ала алмай». 
Қабанбайдың  бҥкіл  қазақ  ҧлтына  ортақ  ірі  тҧлға  екенін  баяндап 
жатпайды. Оны танытатын шағын детальдар келтіреді. 
«Қабекең қайғыланды дегенді есітіп 
Келіпті ӛзі батыр хан Абылай». 
«Намысын Қабекеңнің әперем деп, 
Келіпті қанжығалы ер Бӛгенбай». 
«Намысын Қабанбайдың әперем деп, 
Керейден іздеп кепті ер Жәнібек». 
«Бас қосты барлық батыр дегеннен соң
Керейден ӛзі жәдік Жантай кепті». 
«Бас қосты барлық батыр дегеннен соң, 
Келіпті кӛкжарлыдан Кӛкжалбарақ». 
«Бас қосты барлық батыр дегеннен соң, 
Келіпті мҧрынтайдан би Мҧрынбай». 
«Намысын Қабанбайдың әперем деп, 
Келіпті шаншықҧлдан Бердіқожа». 
«Бас қосты сонша батыр дегеннен соң
Келіпті бағанадан батыр Шҥрек». 
«Бас қосты сонша батыр дегеннен соң, 
Тоқпақтан іздеп кепті ер Қасабай». 
«Бас қосты барлық батыр дегеннен соң, 
Келіпті Тоғас-Қосай ер Дәулетбай». 
...Келіпті Қаз дауысты ер Қазыбек. 

 
38 
...Ҥйсіннен іздеп кепті Райымбек. 
«Бас қосты сонша батыр дегеннен соң, 
Келіпті қаптағайдан Қарашоқай». 
«Бас қосты сонша батыр дегеннен соң, 
Келіпті тӛрт қос атпен тентек Матай». 
«Бас қосты сонша батыр дегеннен соң, 
Келіпті  терістаңбалыдан  Жалғыз  қарақ»  [1.77-78].  Сол  кездегі 
Қабанбаймен қатар ӛмір сҥрген, қазақ ҧлтының тәуелсіздігі мен намысы ҥшін 
бірге  жауға  аттанған  ірі  батырлар,  ел  сӛзін  ҧстаған  билер,  елді  бастаған 
атақты  хан  Абылайдың  Қабанбай  намысына  ара  тҥсуге  жиналғаны  -  елдің 
тҧтастығын, ҧлттық сананың жоғары деңгейде болғанын танытатын бҥгінгі  
кҥн ҥшін маңызды деректер. Ҧлы Абайдың отыз тоғызыншы сӛзіндегі: «Бірақ 
бҧл замандағылардан  артық екі  мінезі бар екен. …Ол  екі мінез қайсы десең,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Каюпова А. «Қабанбай батыр» жырында батырдың бейнесін сомдау әдістері 
 
 
әуелі  ол  заманда  ел  басы,  топ  басы  деген  болады  екен.  Кӛші-қонды  болса, 
дау-жанжалды  болса,  билік  соларда  болады  екен…  Екінші  мінезі  - 
намысқорлық  екен.  Ат  аталып,  аруақ  шақырылған  жерде  ағайынға  ӛкпе, 
араздыққа  қарамайды  екен.  Жанын  салысады  екен»  [2.146],-  дегені  нақ  осы 
Қабанбай  бейнесін  тануға  арналғандай.  Жырдың  қҧндылығы  –  тарихи 
шындықтың  сол  қалпында  бейнеленуі.  Оқулыққа  жазылып  ҥлгермеген 
тарихымыздың  кӛркем жырмен  бҥгінгі  ҧрпаққа жетуі.  Тарихтан  белгілі ҧлы 
тҧлғалардың  Қабанбай  аулына  шақыртусыз  келуі  -  батыр  мінезін  даралап 
тҧрған  оқиғалар.  Қабанбай  батырдың  қазақ  ҧлты  тарихындағы  орнын 
танытатын жайт.  Бҥкіл қазаққа  жанашыр  болған батыр  қайғыланғанда,  оған 
арашашы болуға осылай дҥйім қазақтың бетке ҧстар азаматтары жиналуы  – 
батыр  характерін  кӛрсетер  оқиға.  Және  тарихтың  бізге  қалдырған  ғибраты. 
«Кейбір  жырлар  оқиғасының  кҥрделілігі,  кейіпкерлерінің  молдығы, 
әлеуметтік  қайшылықтарын  ашу  дәрежесі  жағынан  роман  қҧрылысына 
жақындайды»  [3.118],  -дейді  академик  Р.Бердібай.  Қабанбай  батыр  туралы 
жырдағы  жоғарыдағы  суреттеулерден  осыны  кӛреміз.  Қабанбайдың 
бойындағы  батырлықты,  қолбасылық  қабілет  пен  шешендік  ӛнер,  алысты 
болжайтын  ақылдылық,  сабырлылық,  мейірімділік  сияқты  қасиеттерді  дәл 
суреттеулермен  танытып  отырады.  Халық  аузында  сақталған  батырлық 
қасиеттің  қонуын,  оның  жеңісіне  аян  беріліп  тҧратын  ерекшелігін  шынайы 
ӛмірдің бір деталі ретінде береді. Ҧлы қолбасыда ерекше бір ақылға сыймас 
қасиет болғанға ҧқсайды. 
«Жапанда жел жоқ мезгіл жатқанында
Ақ  туы  аспан  кернеп  кҥрілдейді»  [1.79],-  деген  жолға  назар  салайық. 
Батыр  жорыққа  аттанарда  осылай,  ақ  туы  ӛз-ӛзінен  желпілдеп,  кҥрілдеп 
дауыс шығаратыны айтылады. Бҧл бір жағы батырдың жеңіске жететінінің де 
белгісі  екен.  Аруақтардың  жорыққа  берген  рҧқсатының  да  белгісі  делінеді. 
Осы  арқылы  Қабанбай  батырды  қазақ  ҧлтының  бағына  жаратқан  жан  деп 

39 
 
танытады.  Батырдың  ақ  туының  кҥрілдеуінің  себебі  бар  екен.  Қазақ 
батырлары  жатқан  маңға  олардың  іздеп  келген  қырғыз  манабы  Әтеке 
аулымен ӛзі кӛшіп келеді. Бҧл да Қабанбай бастаған жорықтың әділеттілігіне 
ишарат етіледі. 
«Қырғыздың ӛз ішінен бҥлік шығып, 
Бір тайпа ел сол араға келіп қапты» [1.80]. 
Жауы  ӛзі  іздеп  келген  соң  екі  жақ  ҧрысқа  кіріседі.  Жасы  келген 
Қабанбайдан  бҧрын  бірнеше  атақты  батырлар  Әтекемен  жекпе-жекке 
шығады. «Алдымен оған шықты ер Дәулетбай, 
Қырғызды қайтпаймын деп жерге аунатпай. 
Найзамен Әтекені ілемін деп, 
Жығылды аттан ауып ер аумақтай»,- дейді автор. 
«Бӛгенбай жекпе-жекке кез келгенде, 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Каюпова А. «Қабанбай батыр» жырында батырдың бейнесін сомдау әдістері 
 
 
Бӛгемді  қолға  ілмеді  тҥйіп  тастап»,  -  деген  жолдар  ер  Бӛгенбайды 
кемсіту  емес.  Атақты  Қабанбайдың  қарсыласының  ешуақытта  осал 
болмағанын  таныту  ҥшін  айтылған.  Қабанбай  бейнесін  ашатын  жекпе-жек 
суреттеледі. Гипербола емес, нақты соғыс суреті беріледі. 
«Қабекең айбаттана айғай салды
Ақ найза алты қырлы қолына алды. 
Ашумен кәрін тӛгіп ер Қабанбай, 
Жекпе-жек Әтекеге ӛзі барды. 
Тіресіп екі батыр айқасады, 
Қағысып найзаменен шайқасады. 
Ала алмай бірін-бірі ары-бері, 
Аңдысып, арбасады, байқасады. 
Найзалар қағысады, шарқылдайды, 
Тебінгі бір-біріне сартылдайды. 
Қаһарлы ер Қабанбай қайраттанып
Кекті ашу кеуде кернеп алқымдайды. 
Қабекең Қубас атты жанып алды, 
Кҥпәрді бҧғанадан періп қалды. 
Қҧлатып Әтекені қҧрыстырып, 
Қаңбақтай ҥш кӛтеріп жерге салды» [1.81]. 
Қабанбайдың кҥші мен қайратын автор осылай қарапайым және шынайы 
бейне арқылы береді. Батырдың Алла берген ерекше кҥш иесі болғандығын 
осылай жекпе-жек соғысты суреттеуімен, оқиға ҥстінде танытады. Осы оқиға 
аяқталар жерде екінші оқиға басталып кетеді. Әтекенің жалғыз қызы әкесінің 
ӛлі  денесін  алып  кетуге  Қабанбайдың  алдына  келеді.  Жырда  қыздың  әкесін 
жоқтауы  берілген.  Р.Бердібай:  «Қабанбай  батыр»  жырының  ӛзгешелігі  - 
мҧнда  халықтың  тҧрмыс-салт  ӛлеңдері:  жоқтау,  арнау,  кӛңіл  айту,  қоштасу, 

 
40 
арыздасу  кең  орын  алған»  [3.117],-  дегенде  осы  жолдарды  да  ескерткені 
болар. Яғни тек айтушы тілі емес, бар кейіпкерлердің ӛз тілі, дәстҥр бойынша 
салт,  ғҧрып  тҧтас  кӛрінеді.  Сонымен  бірге  Қабанбай  батырдың  кҥшінің 
ҥстемдігі  де  сол  қыздың  аузымен  беріледі.  Қабанбайдың  әділдігі  мен 
жомарттығы осы қыздың  тағдырын  шешер  тҧста кӛрінеді.  Жауымның  қызы 
демей,  оның  зарына  қҧлақ  салып,  оған  қамқор  болады.  Астына  ат  мінгізіп, 
әкесінің ӛлігін беріп, жігіттерінен арашалап жҥріп еліне қайтарады. Қаһарман 
мінезін  таныту  ҥшін  оның  психологиясын  тереңірек  ашу  керек  болған 
жағдайда,  айтушы  Қабанбайдың  монологын  пайдаланған.  Қабанбай  батыр 
еліне  жорық  жасаған  Әтекені  аямай,  ӛз  қылғанын  алдына  келтіруде  қолы 
қалтырамайды, ал оның зарлы қызының кӛзжасына қалуды болашаққа артып 
кетер  қиянат  деп  тҥсінеді.  Бір  монологқа  жҥктелген  қанша  салмақ  барын 
осыдан тҥсінуге болады. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Каюпова А. «Қабанбай батыр» жырында батырдың бейнесін сомдау әдістері 
 
 
Әрбір оқиға тҧсында батырдың жаңа мінезі ашылып, толысып, толығып 
отырады.  Біртіндеп  «жан  диалектикасы»  ашылып  отырады.  «Жырда 
Қабанбай  ел  кегін  қуушы,  жауын  жекпе-жекте,  адал  айқас  ҥстінде  тҥсіруші 
болып  кӛрінеді,  оның  адамшылық  парасаты  бірте-бірте  ашылады»  [4.108],- 
дейді ғалым Б.Әбілқасымов. 
Батырға сауға сҧрай келген қайғылы қыз ерекше тайлақ жетелеп келеді 
де, тарту етеді. Сол тайлақ батырдың інісі Дәулетбаймен араздасуына себеп 
болады.  Айтушы  сол  бір  тайлақтың  ерекшелігін  әдемі  суреттейді.  Бірақ 
қазіргі  оқырман  оның  қасиетін  онша  бағалай  алмайды  ғой  деп  ойлаймыз. 
Қабанбайдың  сол  бір  қыз  берген  тайлақ  ҥшін  жорықтарға  бірге  шығып 
жҥрген  інісін  ӛкпелеткеніне  немесе  бауырының  тайлақты  бермедің  деп 
батырдан  кетіп,  ауа  кӛшкеніне  онша  тҥсіне  қоймайды-ау.  Бҧл  бҧдан  екі 
жарым  ғасыр  бҧрынғы  оқиға  екенін  естен  шығаруға  болмайды.  Әтекенің 
қызы бір елдің аяулы аруы жетектеп, ҧлы батырға тарту еткен тайлақ сол кез 
ҥшін қҧны ӛзгеше бағалы болғандығында сӛз жоқ. Мал арасында ӛсіп, оның 
сынынан  қасиетін  танитын  ӛткен  ғасырдың  оқырмандарына  анық  бҧл 
таластың  сыры  қазіргі  оқырманға  ӛте  бір  мәнсіз  нәрседей  болып  кӛрінуі 
мҥмкін. Одан кейінгі оқиға - Қабанбай батырдың науқасқа ҧшырауы. Ешбір 
жауға дес бермеген қайран батыр аурудың, одан кейін келе жатқан ажалдың 
алдында  тізе  бҥгеді.  Дауасыз  дерт  Қабанбайдың  ӛз  шаңырағына  ғана  емес, 
тҥгел  қазақ  еліне  ауыр  тиеді.  Осы  арқылы  автор  Қабанбайдың  бҥкіл  қазақ 
ҥшін  қаншалықты  бағалы  екенін  танытады.  Батырдың  ӛз  дәуіріндегі  биік 
беделі кӛрсетіледі. Және оның «хан батыры» болған ерекше қасиетін де ашып 
кӛрсетуге  мҥмкіндік  берген.  Дәстҥр  бойынша,  еліміздің  елдігін  танытатын 
қасиет  кӛрінеді.  Басы  хан  Абылай  болып  ел  жақсылары  аруақты  батырдың 
кӛңілін сҧрап келеді. Жырда осы бір ірі оқиға ерекше назар аудартады. 
«Қабанбай қатты науқас дегенді естіп, 

41 
 
Келіпті кӛңілін сҧрай хан Абылай». 
«Қабекең науқас болды дегенді естіп, 
Батырдың ӛзі тҧстас бәрі келді». 
«Сексеннің сегізінде Бҧқар келді, 
Кӛңілін Қабанбайдың сҧрай келді. 
Болса да жасы жеткен ҥлкен адам, 
Солқылдап жас баладай жылай келді» [1.88]. 
Қазақ  ҧлтының  қамын  ойлап,  «кӛмекей  әулие»  атанған  қарт  жыраудың 
жылауы  -  елдің  тірегі  болған  батырға  деген  қҧрмет  пен  елдің  келешегін 
ойлаған қайғы екені жырдан анық кӛрінеді. Бҧқар айтқан толғауда Қабанбай 
батырдың бар мінезі толық ашылған. Оның тарихи орны мен ҧлт ҥшін істеген  
адал қызметі ӛлшеусіз, баға жетпес қҧнды екенін жыраудың тарихи толғауы 
растап  тҧр.  Жырдың  романдық  сипатын  да  ашып  бере  алады.  Романның  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Каюпова А. «Қабанбай батыр» жырында батырдың бейнесін сомдау әдістері 
 
 
басқа  эпикалық  жанрлардан  негізгі  ерекшелігі  -  оның  тілінің  кӛп 
қабаттылығы деп кӛрсетеді ғалымдар. Біз сӛз етіп отырған жырда әр кейіпкер 
ӛз тілімен ғана сӛйлейді. Әкесінен қапыда айырылып, қайғыда отырған бҧла 
ару,  ел  дәстҥрімен  жоқтай  келеді.  Ағасына  арқа  сҥйеп,  ӛзінің  де  қадірлі 
екенін білетін Дәулетбай еркелей келеді.  Ал тоқсанға келіп қалған, алдынан 
адам шықпас қарт жырау батырына тӛніп келген қауіпті ойлап, жар астында 
бҧғып жатқан жау барын да ескеріп, ел қамымен жылай толғап келеді. Міне, 
ҥш кейіпкердің  тілі де, ойы  да  бір-біріне  мҥлдем жақындамайтындай қабат-
қабат. Сол тіл арқылы тҧтас ӛмір шындығы беріліп тҧр. Қабанбай характерін 
даралап та, типтендіріп те кӛрсеткен Бҧқар толғауына қараңыз. 
«Айналайын Қабанбай, 
Жау келгенде жарағым, 
Алыстан асып дау келсе, 
Тҥрулі тҧрған қҧлағым. 
Жақыннан жарым жау шықса, 
Белдеудегі пырағым. 
Мың жылқыны суарған, 
Тӛскейден аққан бҧлағым. 
Кеше тҥсте естідім, Қабанбай ауру дегенде, 
Жетімсіреп жыладым. 
Бір қҧдайдан сҧрадым. 
Арғыннан айттым жҥз кісі, 
Найманнан айттым жҥз кісі, 
Ҥйсіннен айттым жҥз кісі, 
Ҥш жҥз кісі болар ма, 
Айналайын Қабанбай, 
Қара мойын лағың» [1.90]. 

 
42 
Қабанбайды  аман  қалдыр  деп,  қҧдайға  қара  мойын  лақ  емес,  ҥш  рудан 
ҥш  жҥз  кісі  қҧрбандық  айтқан  жырауды  кім  кінәлайды?  Бҧл  бҥкіл  ел  аман 
қалу  ҥшін  Қабанбайдай  батырлар  сау  жҥруі  керек  екенін  танытатын 
әлеуметтік,  тарихи  шындық.  Бҥкіл  елдің  бірлігін  танытатын  аса  қҧнды  сӛз. 
Бҧқар  мен  Қабанбай  бір рудың  ғана  адамы емес, бҥкіл  қазақ қоғамының ірі 
тҧлғасы.  Жыраудың  ӛз  сӛзінде  ҥш  жҥз  адамды  ойланбай  бір  батырға 
қҧрбандық етуін осылай тҥсінген дҧрыс деп есептейміз. Сонымен бірге Бҧқар 
жырау  ағайын  арасының  да  татулығын  қолдаған  кәдімгі  таза  қазақы  ойдың 
иесі.  «Ағайынды  адамның  ӛкпесі  бар,  кегі  жоқ»,-  деп  ӛкпелеп  кеткен 
Дәулетбайға «ептеп айтып алып келіңдер»,- деп кісі жібереді. 
Қабанбайдың тағы бір дара мінезі осы жерде кӛрінеді. Бауырына ҧлттық 
дара  қасиет  бойынша  аманат  тапсырады.  Артындағы  ҧрпағының  «мҧңлық», 
зарлық»,  «қорлық»  кҥйін  кешпесін  деп  інісіне  тапсырады  да,  сол  сӛздердің 
мәнісін ашады. Қабанбай батыр ғана емес, данышпан қария. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет