Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Худайбергенова Г.А. Оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың... 
 

148 
 
 
 
Проблемалық  оқу  нәтижесінде  баланың  ойы,  зейіні,  шығармашылық 
ойлау қабілеттері дамиды [2].  
Оқыту  үдерісі  оқушылардың  танымдық  әрекеті  нәтижесінде  жүзеге 
асады, 
ал 
танымдық 
әрекет 
негізінде 
оқушылардың 
танымдық 
қызығушылығы  қалыптасады.  Қызығушылықтың  ең  жоғарғы  көрінісі 
оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде  пайдалана  білу  болып  табылады. 
Оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарын  қалыптастыру  оқу  үдерісін 
жетілдірудің  негізгі  шарты  болып  табылады.  Мектеп  оқушыларының 
танымдық 
қызығушылықтарын 
қалыптастыру 
мәселесіне 
көптеген 
педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің еңбектері арналған.  
Зерттеулерде  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтары  туралы  әр 
түрлі  пікірлер  айтылады.  Біреулері  танымдық  қызығушылықты  іс-әрекет 
ретінде  қарастырса,  екіншілері  жеке  тұлғаның  ерекше  қасиеті  ретінде 
түсіндіреді.  Мысалы:  А.П.Аристова  танымдық  қызығушылықты  қоршаған 
орта құбылыстарымен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің 
пайда  болуы  ретінде  қарастырады.  И.Я.Лернер,  Н.А.Половникова, 
М.И.Махмутов зерттеулерінде танымдық қызығушылық әлеуметтік мәдениет 
тәжірибесін  игеруде  және  жеке  тұлға  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған 
танымдық  нысан  мен  оқытудың  дидактикалық  өзара  әрекеті  ретінде 
қарастырады. 
Оқушылардың  танымдық  қызығушылығы,  ізденімпаздығы,  оқу  еңбегі 
әлеуметтік  сабақтастықты  алып  жатса,  онда  олар  қоғам  дамуына  үлес 
қосумен қатар, жеке рухани рахат көзі болады. 
Мұғалім оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жоспарлай отырып, оған 
бағыт-бағдар беруде мыналарды ескеруі керек: 
1.
 
танымдық  тапсырмалар  мазмұнын,  түрін  ойлап  табу  және  оларды 
іріктеуде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеру; 
2.
 
шығармашылықты қажет ететін, маңызы бар тапсырмалар беру; 
3.
 
тапсырмаларды жоспарлауын және оны жетілдіруге көмек көрсету
4.
 
жоспар бойынша іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыра білуін қадағалау; 
5.
 
оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру [3]. 
Баланың  оқудағы  негізгі  түрткісінің  бірі  –  қызығу.  Оқу  жұмысының 
жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі 
болып  табылады.  Мүмкін  бала  өзі  оқуға  талпынбаса,  күшпен  зорлап  оқыту 
мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты 
мен  қажетін  түсіндіріп,  оларға  нақты  оқу  міндеттерін  үйрету  керек.  Оқуға, 
білуге  деген  қызығушылық  танымдық  белсенділіктің  қозғаушысы. 
Л.С.Выготский  былай  деген:  «Ең  алдымен  баланы  бір  әрекетке  тарту  үшін, 
сен  оны  қызықтыр,  оның  бұл  әрекетке  дайын  екенін  білу  үшін  қамқорлық 
жаса,  осыны  іске  асыру  үшін  барлық  күшін  салатынын  және  бала  өзі 
қимылдайтынын,  ал  оқытушы  болса  тек  сол  әрекетті  басқарып,  бағыттап  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Худайбергенова Г.А. Оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың... 
 

149 
 
 
 
отыруы  керек.  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  олардың  білім 
сапасы  мен  даму  деңгейіне  байланысты,  ойлау  әрекетінің  әдістерінің 
қалыптасуына тәуелді». 
Оқушылардың  танымдық  ынта-ықыластары  олардың  білімінің  деңгейі 
мен  сапасына,  ойлау  іс-әрекеті  әдіс-тәсілдерінің  қалыптасуына  байланысты. 
Танымдық  ынта-ықылас  балалық  әуесқойлықтан  басталады.  Алайда  ол  тез 
арада  жарқ  етеді  де,  солайша  кенеттен  сөніп  қалды.  Баланың  әуестігін  ояту 
үшін  тартымды  бастау,  әсерлі  сюжет,  оқиғаның  күтпеген  арнаға  түсуі, 
мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады. 
К.Д.Ушинский  оқушыларды  сабаққа  тарта  білу,  оқуға  қызығушылығын 
арттырып,  білімге  құмарту  керектігіне  баса  көңіл  бөлді.  Оның 
пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз 
тек  қана  зорлық  күшімен  жүргізілген  оқу,  оқушы  бойындағы  білім  алуға 
деген құштарлықты жояды. 
Неміс  педагогы  И.Ф.Гербарт  өзінің  оқыту  теориясының  негізіне  әр 
саладағы  қызығушылықты  алған.  Адамдағы  қызығушылықтар  қоршаған 
дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады.. 
Сондықтан,  мұғалім  өз  білімін  жан-жақты  жетілдіре  отырып,  оқушыны 
қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. 
Жас бала не нәрсені болса да білуге құштар, қызыққыш, қолымен ұстап, 
көзбен  көргенді  жақсы  көреді.  Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру 
жақсы  ұйымдастырылған  сабаққа  байланысты.  Сондықтан,  әрбір  сабаққа 
бұрыннан  белгілі  мәліметтерді  қайталай  бермей,  оқытудың  жаңа  әдіс-
тәсілдерін іздестіру қажет.  
Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін алатын болсақ, жаңашыл 
педагогтардың,  шебер  мұғалімдердің  тәжірибесінде  көрініс  тапқан. 
(Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, Қ.Битебаева, 
Қ.Нұрғалиев, т.б.).  
Олардың  жаңашыл  ізденістері,  идеялары  мен  технологиялары  кеңінен 
өріс алуда. 
Барлық жаңашыл педагогтардың идеялары бар, олар: 

 
балаларға  деген  адамгершілікті  қатынас,  әрбір  оқушыны  жеке  тұлға 
деп санау;  

 
оқушының  ішкі  жан-дүниесін,  оның  мақсат-мүддесін,  ынтасын, 
қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;  

 
оқушылармен  қарым-қатынасты  дұрыс  құра  білу,  оларды  оқу-
тәрбиелеу  үдерісінің  әріптесі  қылу,  баланың,  тілегі  мен  ынта-ықыласын 
есепке ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру;  

 
оқушыларға  қиынырақ  мақсаттар  қоя  білу  және  оқушылардың  сол 
мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Худайбергенова Г.А. Оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың... 
 

150 
 
 
 

 
балалар  ұжымына  сүйену:  сабақ-ұжымдық  еңбек,  мұғалім  мен 
балалардың ұжымдық шығармашылығы;  

 
оқушыларға,  мүмкін  болған  кезде,  тапсырмаларды  еркін  таңдау 
құқығын бере алу;  

 
бағдарламалық  материалдарды  ірі  блоктарға  біріктіру  және  тірек-
сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер, т.б.);  

 
оқушыларға ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білу;  

 
оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.  
Жаңашыл  педагогтардың  осы  идеяларын  мұғалім  балалармен  қарым-
қатынас кезінде жүзеге асыруы керек [4].  
Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  белсенді  танымдық  іс-әрекетінің 
көздейтін  мүддесі  –  білімнің  қоғамдық  мәнін  ұғыну,  қоғамға  қызмет  ету 
қарқынын  үдету  негізінде  дамыту.  Белсенділіктің  ең  жоғарғы  көрінісі 
оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі 
болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Баширова  Ж.Р.,  Төлешова  Ұ.Б.  Педагогикалық  технологиялар  арқылы  оқушылардың 
танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Алматы, 2003. 
2.
 
Аренова А.Х. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 2005. 
3.
 
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003, 273-274 б. 
4.
 
Айтмағанбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 

151 
 
А.УРАЗБАЕВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ 
ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  принципы  формирования  здорового  образа  жизни  посредством 
физической культуры. 
The  article  deals  with  some  principles  of  formation  of  the  healthy  way  of  life  through  Physical 
Culture. 
 
«Қазақстан-2030»  мемлекеттік  стратегиясында  дене  тәрбиесі  туралы 
«Салауатты өмір сүру салтын насихаттау әрқайысымыздың дене тәрбиесімен 
шұғылдануымызға,  дұрыс  тамақтануымызға,  есірткілерді,  темекі  мен 
ішімдіктерді  тұтынуды  қойып,  тазалық  пен  санитарлық  шараларды 
сақтауымызға  бағытталған»  деген.  «Салауатты  өмір  салтымен  дұрыс 
тамақтануды,  тазалық  пен  санитарлық  ережелерді  насихаттайтын  пәрменді 
ақпараттық  іс-шаралар  жүргізілуі  қажет»-деп  атап  көрсетілген.  Сонымен 
қатар,  өмір  салтын  теріс  әдеттерден  арылту  спортқа  көшіру  тиімді 
жолдардың бірі болып табылады [1]. 
Біздің  болашағымыз  жастар,  ісімізді  одан  әрі  жалғастыратын  дені  сау, 
рухани  байлығы  бар  білікті  маман.  Салауатты  болашағымызды  ойлайтын 
болсақ  студенттердің  денсаулылығын,  көңіл  күйінің  сергек,  жаман 
әдеттерден  аулақ  болуы  үшін  қолда  бар  мүмкіндіктерді  пайдалана  білуіміз 
қажет.  Сондықтан  да  студенттердің  әр  уақытта  қоғамдық  санасының,  жеке 
тұлғасының  жан-жақты  дамыған  еңбек  біліктілігімен  шығармашылық 
қабілеттері  қалыптастыру  жеке-дара  тұлға  болып  өсуі  өзекті  де  көкейтесті 
мәселе болып отыр. 
Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір сүру салтынан тәрбиелеу процесі 
өте  күрделі  және  көп  қырлы,  бұған  студенттерді  дайындау  үлкен 
шығармашылықты қажет етеді. 
Біздің  қоғамымызда  әлі  күнге  дейін  «дені  саудың  –  жаны  сау»  деген 
қағиданың  қалыптаспағанын,  өкінішке  орай,  айтып  өту  керек  те  шығар. 
Жұрттың  басым  көпшілігі  ауру  шымбайға  батып,  дәрігерге  жүгінгенде  ғана 
өз денсаулығы туралы ойлай бастайды. Мұның дәрігерлерге де көп жағдайда 
қатысы  бар,  себебі  дәрігер  өз  міндетін  ауру  адамды  қарап,  тексеру  деп 
түсінеді. Бұхара денсаулығын қорғауға жан-жақты мүдделі болу үшін отбасы 
дәрігерлерін  дайындауды  қолға  алу,  соны  дамытуға  көңіл  бөлу  керек  деп 
есептейміз. 
Қазіргі  кезде  болашақ  дәрігерлерді  кең  ауқымды  профилактикалық 
қызметке  дайындаудың  теориялық  және  қолданбалы  мәселелері  жүйелі, 
дәйекті  түрде  қарастырылады.  Салауатты  өмір  салтының  ұғымы 
анықталынады.  Жеке  бас  гигиенасы  –  аурудың  алдын  алатын  факторлар 
ретінде қарастырамыз. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Уразбаев А. Дене тәрбиесі арқылы болашақ мұғалімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру...  
 

152 
 
 
 
Салауатты  өмір  сүру  салты  дегеніміз  –  биоәлеуметтік  категория. 
Салауатты  өмір  сүру  салты  интерактивті  түрде  қалыптасады.  Сондай-ақ, 
адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты 
шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын 
қанағаттандыру  үшін,  қоғамдық  ұжымдар  да  өзін-өзі  ақылды  деп  есептеп, 
басқаларды  ақымақ  ретінде  көру,  т.б.  аулақ  болу.  Сонымен  салауатты  өмір 
сүру  салты  дегеніміз  –  тұлға  мен  қоғам  деңгейінің  прогресті  дамуы 
көрсеткішінің категориясы [2]. 
Салауатты  өмір  сүру  салтының  жоғары  немесе  төмен  деңгейде  болуы 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  байланысты  болады.  Адамның 
психикасына, 
денсаулығына, 
ағзаның 
функционалды 
биологиялық 
қасиеттеріне де байланысты болады. 
Адамдардың  биологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  салауатты  өмір  сүру 
салты  біркелкі  болмайды.  Әр  адам  өзіне  тән  қалыптасқан  өмір  салтымен 
тіршілік  етеді.  Ол  ұрпақтан-ұрпаққа  «тен»  арқылы  беріліп  отыруы  мүмкін. 
Міне,  осыған  байланысты  салауатты  өмір  сүру  салтының  3  категориясы 
болады: 
1. Салауатты өмір сүру деңгейі. 
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы. 
3. Салауатты өмір сүрудің стилі. 
Салауатты  өмір  сүру  деңгейі  дегеніміз  –  экономикалық  категория. 
Адамдардың  материалдық  және  моральдық-рухани  қажеттілігі  толығымен 
қамтамасыз етілуі. 
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория. Үй-іші 
қызмет  істейтін  орындары  (оқу  орындары,  мектептер)  неше  түрлі  адам 
денсаулығын  қамтамасыз  ететін  жайлы  жиһаздармен  лабораториялық 
жабдықтармен қамтамасыз етілуі. 
Салауатты  өмір  сүрудің  стилі  дегеніміз  -  әлеуметтік-психологиялық 
категория  адамның  қоғамдық  орындарда  (мектептерде)  өзін-өзі  ұстап  және 
көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру. 
Салауатты  өмір  сүру  деңгейі  мен  салауатты  өмір  сүру  сапасы 
эквипотенциалды  болып  келеді.  Сондықтан  да,  адам  денсаулығының  жақсы 
және  жаман  болуы  салауатты  өмір  сүру  стиліне  байланысты  болады.  Ал 
салауатты  өмір  сүру  стилі  тарихи  және  ұлттық  дағды,  дәстүрлер  арқылы 
қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады. 
Салауатты  өмір  сүру  салтының  негізгі  биологиялық  және  әлеуметтік 
принциптері: 
1. Биологиялық принциптерге жататындар: 
а) Салауатты өмір сүру салты адамдардың ерекшелігі
б) Салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;  
в) Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Уразбаев А. Дене тәрбиесі арқылы болашақ мұғалімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру...  
 

153 
 
 
 
г) Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер; 
д) Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болу 
керек. 
2. Әлеуметтік принциптерге жататындар: 
а) Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет
б) Салауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі; 
в)  Салауатты  өмір  сүруде  адамның  3  жағдайда  болмауын  қамтамасыз 
ету; 
г) Өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы. 
Осы  жоғарыда  көрсетілген  принциптерді  іске  асыру  оңай  шаруа  емес. 
Өйткені  бұл  принциптер  бір-біріне  қарама-қарсы  келеді.  Әрқашанда 
көңілдегідей  болып  шықпайды.  Жақсы  нәтиже  бермейді.  Жасыратыны  жоқ, 
біздің  егеменді  елімізде  денсаулық  сақтау  мәселесіне  айтарлықтай  көңіл 
бөлініп  отырған  жоқ.  Халықты  неше  түрлі  аурулар  меңдеп  кетті.  Кейінгі 
жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  адамның 
күнделікті  тіршілікте  денінің  саулығын  қамтамасыз  етеді.  Ал  оны  дене 
тәрбиесі арқылы жүзеге асыру  – кез келген жанның өте маңызды әрі тиімді 
міндеті болуы шарт. Сонда ғана біз тәні де, жаны да сұлу сапалы адам ретінде 
қоғам дамуына өзіндік үлес қосатын абыройлы азамат бола аламыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жатқанбаев Ж.Ж. Валеология. Алматы, 2003. 
2.
 
Жолымбетова С.Ш. Дене тәрбиесі, спорт. Алматы, 2001. 
3.
 
 www.google.kz 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 

154 
 
Г.А.ДАЙРАБАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 
 
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ 
 
В этой статье рассмотрены особенности технологии дистанционного обучения. 
 
The features of technology of distance education have been considered in this article. 
 
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  бағыты  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  қашықтықтан  оқыту, 
дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие 
үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды 
көздейді. 
Қашықтан  оқыту  -  бұл  оқытушы  мен  оқушы  бола  алмаған  жағдайда 
белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, 
қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл 
- байланыс арналары арқылы байланысатын аудио-бейне және компьютерлік 
жүйелерді  қолданатын  оқыту  құралдары.  Күндізгі  және  сырттай  оқу 
формалары  сияқты  қашықтан  оқыту  да  білім  беру  процесінде  оқытудың 
компьютерлік және  телекоммуникациялық  технологияларына  негізделген ең 
озық  дәстүрлі  және  инновациялық  әдістері,  формалары  мен  құралдары 
қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады. 
Қашықтықтан  оқыту  ұғымын  кең  мағынада  алсақ,  бұл  -  тыңдаушылар 
мен  оқытушылардың  бір-бірінен  кеңістікте  алыстатылған  оқу  формасы.  Ал, 
тар  мағынадағы  қашықтықтан  оқу  ұғымы  тыңдаушылар  мен  оқытушылар 
арасындағы,  сонымен  қатар  тыңдаушылардың  өзара  белсенді  ақпаратпен 
алмасуын  қарастыратын  және  жоғары  дәрежедегі  қазіргі  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  (аудио-визуальды  құралдар,  дербес  компьютерлер, 
телекоммуникация  құралдары,  т.б.)  пайдаланатын  белгілі  бір  тақырыптар, 
оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі [1.55]. 
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: 
Кейс-технология  -  оқытушылардың  дәстүрлі  және  қашықтықтан 
кеңестерді 
ұйымдастыру 
кезінде 
мәтіндік, 
аудиовизуальды 
және 
мультимедиалық  оқу-әдістемелік  материалдарды  жинау  және  оларды 
пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. 
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе - портфель) оқытуда жасалынған 
әдістемелік материалдармен іске асырылады.  
Кейс-технологияға арналған материалдар түрлері мыналар: 
-
 
Әдістемелік  нұсқалар.  Оқу  құралдары  мен  глоссарий.  Оқушыларға 
оқу  жоспарындағы  пәндер  бойынша  электрондық  тасымалдауышта  (CD-
ROM)  оқу-әдістемелік  материалдардың  кешені  беріледі.  Кешенді  даярлауда 
ұжымдық   әдістер,  жобалау  әдістері   пайдаланылады.   Мұндай   әдістер
  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Дайрабаева Г.А.
 
Қашықтан оқыту технологиясының мәні
 

155 
 
 
 
 
тыңдаушылардың  белсенділігін  арттыруға,  шығармашылық  қабілеттерін 
белсендіреді. 
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: 
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы; 
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен 
бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр 
түрлі  аудитория  үшін  әдістемелік  қажеттілік  болса  әр  түрлі  түрде  беру 
мүмкіндігі бар.  
-
 
Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған 
құжаттар  мен  дыбыс,  анимация,  графикалық  кірістірулер,  слайд-шоу 
пайдаланылады. 
-
 
Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады. 
-
 
Оқушы  оқу  материалдарына  кез  келген  әдіспен  қол  жеткізе  алады 
(Интернет, CD-ROM). 
-
 
Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. 
Желілі  –технология  -  білім  алушы,  оқытушылар,  әкімшілік  арасындағы 
интерактивті  өзара  әсері  мен  оның  оқу-әдістемелік  құралдармен 
жабдықталуын  қамтамасыз  етуде  телекоммуникациялық  желіні  қолдануға 
негізделген. 
Оқытудың желілік –технологиясына жататындар: 
-
 
Интернет желісін пайдалану; 
-
 
Электрондық поштаны пайдалану; 
-
 
Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; 
-
 
Мультимедиамен  жабдықталған,  Интернетке  шығу  мүмкіндігі  бар 
желілік компьютерлік класс. 
Электронды пошта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша 
конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды пошта арқылы 
ақпаратты  жоғары  жылдамдықпен  жіберу  мүмкіндігінің  арқасында 
тыңдаушыға  көмек  дер  кезінде,  сұранысты  алған  соң  бірден  көрсетіледі. 
Интернет  көмегімен  тыңдаушылармен  кері  байланыс  орнатып  қана  қоймай, 
олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытушының  негізгі 
міндеті  білім  алушының  келесі  түрдегі  орындалатын  өз  бетінше  жұмысын 
басқару  болып  табылады:  туындайтын  мәселелерді  қарастыру;  мақсат  пен 
міндеттерді  қою;  білім,  тәжірибелерді  беру;  ұйымдастыру  қызметі;  білім 
алушылардың  арасында  өзара  байланысты  ұйымдастыру;  оқу  процесін 
бақылау.  Тыңдаушылар  қашықтықтан  оқыту  кезінде  білім  беру  процесінің 
негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше жұмыс құрайды. 
Сондықтан  тындаушылар  өз  бетінше  жұмыстың  техникасы  мен 
әдістемесін,  жоғары  деңгейде  білімді  өз  бетімен   толықтыру негіздерін
  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Дайрабаева Г.А.
 
Қашықтан оқыту технологиясының мәні
 

156 
 
 
 
 
меңгеруі  қажет.  Сонымен  бірге  нәтижелі  түрде  оқу  үшін  жаңа  ақпараттық 
технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс [2]. 
Қашықтықтан  білім  берудің  тиімді  жақтары  да  жеткілікті.  Бұл  әдіс 
жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін өте қажет. Мысалы, студенттер 
жоғары  білім  алу  үшін  бір  қаладан  екінші  қалаға,  бір  мемлекеттен  екінші 
мемлекетке  қатынамай-ақ  тұрғылықты  мекендерінде  оқуларын  жалғастыра 
береді. 
Қашықтықтан оқытудың тиімді жері әлемнің кез келген нүктесінен білім 
алуына болады. Интернет арқылы тапсырмалар алып, дипломды да интернет 
арқылы қорғауға болады. 
Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға 
деген  құқықтарын  іске  асыратын  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  нысандарының 
бірі  ретінде  мамандардың  негізгі  қызметін  атқара  жүріп  білімін,  біліктілігін 
арттыруға мүмкіндік береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет