Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы: 
КАЗПРОФТЕХ, 2007.  
2.
 
Сайт: ripkso.narod.ru/kur2.htm. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 

157 
 
Г.Т.АБДУЛЛИНА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторанты  
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ІСКЕРЛІКТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  виды  педaгогических  задач  в  формировании  интеллектуальных 
способностей у студентов
This article deals with types of pedagogical tasks in formation students’ mental abilities. 
 
Білім  беру  ісінде  педагогикалық  үдерісті  құраушы  жүйе  элементтерінің 
барлығының  өзіндік  орны  бары  айқын.  Оқытудың  техникалық  құралдары 
жетілдірілді  дегеннің  өзінде,  оның  педагогты  алмастыра  алмайтыны 
айқындалған. Сол сияқты, оқыту үдерісінде педагогикалық тапсырмалардың 
да өзіндік орны бар. Ол білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны, бағдарлы іс-
әрекетті  қалыптастыру  және  модельдеу,  т.с.с.  құралдар  ретінде  көрінетіні 
белгілі. 
Білім  берудегі  психологиялық  және  дидактикалық  теорияларды  назарға 
ала отырып, базалық және кәсіптік пәндерді оқыту үдерісінде білімгерлердің 
оқу-танымдық  іс-әрекетінің  екі  түрінде  интеллектуалдық  іскерліктердің 
қалыптасу  үдерісін  ұйымдастыру  мен  басқару  әдістемесін  қарастыру  негізгі 
мәселе деп білу қажет. Олар: 
-
 
психологиялық,  педагогикалық,  жеке  әдістемелік  пәндік  және  басқа 
да түсініктерді меңгеру; 
-
 
міндеттерді шешуге оқыту. 
Білімді  игеру  -  күрделі  үдеріс,  ол  білімгерге  дәлелдерді,  ұғымдарды, 
анықтамаларды,  терминдерді  меңгеруге  ықпал  етеді.  Кез  келген  білім 
жүйесінде түсінік маңызды рөл атқарады. Білімгер (оқушы, студент) ұғымды 
іс-әрекет (ақыл-ой, оқу, еңбек және т.б.) арқылы меңгере алады. Ұғымның өзі 
–  білімгердің  күрделі  талдау,  жинақтау  іс-әрекетінің  нәтижесі.  Психологтар 
мен  педагогтар  ұғым  қалыптасуының  келесі  схемасын  ұсынады:  түйсіну  – 
қабылдау – елестету – түсіну. 
Интеллектуалдық  іскерлік  ұғым  қалыптасуы  үшін  және  олардың  ой 
елегінен өткізіліп, практикалық қолданылуы үшін қажет.  
Интеллектуалдық  іскерлік  барлық  оқу  пәндері  құралдарымен 
қалыптасады. 
Әрбір  оқу 
пәнінің 
материалдары, 
оның  мазмұны 
интеллектуалдық  іскерліктің  қалыптасуы  үшін  алуан  түрлі  мүмкіндіктер 
ұсынады.  Зерттеушілердің  дәлелдеуі  бойынша  гуманитарлық  пәндерді 
талдау,  салыстыру  және  талдап  қорыту;  жаратылыстану  пәндерінің  –  ең 
бастысы,  салыстыру,  талдап  қорыту,  жіктеу;  математикалық  пәндерді 
талдауда  –  дәлелдеуді  үйрету  үшін  мол  мүмкіндіктері  бар.  Арнаулы 
(дайындық  бағыты  бойынша,  мәселен  техникалық-технологиялық)  пәндер 
интеллектуалдық  іскерліктің  барлық  түрі  мен  саласын  қалыптастыру  үшін 
мол мүмкіндіктерді қамтиды. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдуллина Г.Т.
 
Студенттердің интеллектуалдық іскерліктерін қалыптастырудағы педагогикалық...  
 

158 
 
 
 
Интеллектуалдық іскерлікті қалыптастыруда негізгі дидактикалық әдіске 
проблемалық  әдіс  жатады,  ол  оқу-танымдық  тапсырмалар,  міндеттер, 
мәселелер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оларды  көп  жағдайда  педагогикалық 
тапсырмалар деп те атайды. 
Педагогикалық  тапсырма  оқу  үдерісінде  студентті,  оқушыны  дамыту 
және олардың өзінің оқу іс-әрекетін (оқу) белсендендіру үшін пайдаланатын 
сұрақ, есептер және басқа да құралдар сияқты ұғымдар жіктемесін қамтиды. 
Жоғары  оқу  орындарында  студенттерді белсенді  етудің  және  бір  факторы  – 
студенттердің  өзіндік  жұмыстары  және  оқытушының  басшылығымен 
орындайтын өзіндік жұмысы. Өзіндік жұмысты басшылыққа алу үшін (оның 
ішінде саралау мақсатында) тапсырмалар жүйесі құрылады [1]. 
Тапсырма  –  бұл  оқу-танымдық  міндеттерді  жүзеге  асыру  формасы, 
сондай-ақ ұғымдар жүйесін қалыптастыру кезіндегі оқытушы мен студенттің 
іс-әрекетіндегі  байланыстырушы  буын.  Жоғарыда  айтып  өткендей,  сұрақтар 
мен жаттығулар тапсырмалардың, оның ішінде педагогикалық тапсырманың 
бір түрі. 
Тапсырмалар жүйесіне жаттығу да енеді. Жаттығу – меңгеру мақсатында 
іс-әрекет  пен  қимылды  қайталап  орындау.  Оқытып-үйретудің  әртүрлі 
жағдайларында жаттығу үйрену үдерісінің барлық құраушылары – қимылдың 
мазмұнын  анықтау,  оны  пысықтау,  қорытындылау  және  автоматтандыру  – 
соның шеңберінде жүзеге асырылатын бірден-бір амал болып табылады. Енді 
бір  жағдайда  ол  түсіндірумен  және  үйренумен  қатарлас  амалдардың  бірі 
ретінде  қарастырылады.  Жаттығу  алдын  ала  үйренусіз-ақ,  түсіндіргеннен 
кейін  бірден  жүзеге  асырылуы  мүмкін;  бұл  орайда  пысықтау  түгелдей 
жаттығу үдерісінде болады. 
Жаттығу  –  бұл  білімді  меңгеруге,  алғашқы  іскерлік  пен  дағдыны 
өндіруге,  репродуктивті  және  жекелей-продуктивті  іс-әрекет  барысында 
оларды  бекіту  мен  жетілдіруге  бағытталған  құрамы  мен  сипаты  бойынша 
қарапайым  тапсырманы  орындау.  Ұғымды  қалыптастыруға  әртүрлі  мәнді 
жаттығулар 
кіреді, 
олар: 
мазмұндық-логикалық, 
ақпараттық-
коммуникативтік, эксперименттік-практикалық, есептік, аралас. 
Педагогикалық  тапсырмалардың  кейбір  түрлерін  пән  саласына  сәйкес 
дидактикалық  құралдарға  жатқызады.  Оған  негізінен  техникалық 
тапсырмалар  (графикалық,  конструкторлық,  технологиялық  есептер,  т.б.) 
қатысты болып табылады. 
Оқу-танымдық  міндеттерді  шешу  үдерісі  ойлаудың  күрделі  талдау  – 
жинақтау  үдерісі  ретінде  түсініледі.  Тапсырма  тек  білімнің  бекуіне  ықпал 
етіп  қана  қоймай,  ойлаудың  белгілі  бір  жүйесінің  қалыптасуына  да  ықпал 
етеді.  
Интеллектуалдық  іскерлік  бір  жағынан,  міндеттерді  шешу  құралы 
ретінде,  екінші  жағынан – оқу  материалын  меңгерудің  мақсаты ретінде
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдуллина Г.Т.
 
Студенттердің интеллектуальдық іскерліктерін қалыптастырудағы педагогикалық...  
 

159 
 
 
көрініс табады.  Интеллектуалдық іскерліктерді қалыптастыру үшін алдымен 
педагогикалық  тапсырмаларды  түзіп,  олардың  түрі  мен  мазмұнына  ерекше 
мән беріледі. Мәселен, студенттерді  – болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау 
үдерісінде,  олардың  интеллектуалдық  іскерліктерін  қалыптастыру  үшін 
кешенді  құралдар  дайындалады.  Оқу-танымдық  тапсырмалар  құрамына 
педагогикалық-психологиялық, 
әдістемелік  және 
арнайы 
дайындық 
бағытындағы  пәндерден  сұрақтардың  қосылуы,  қамтылуы  заңдылық  болып 
табылады.  Тапсырмаларды  орындау,  міндеттерді  шешу  кезінде  талдау, 
жинақтау,  ең  бастысын  бөліп  алып  қарау,  салыстыру,  жіктеу  және  талдап 
қорыту  сияқты  интеллектуалдық  іскерліктерді  пайдалану  қажет.  Олардың 
көмегімен  оқытылып  отырған  материалға  терең  ұғыну  жүзеге  асырылады, 
қасиеттері қарастырылады. 
Осындай  міндеттерді  шешу  үдерісінде  білімгердің  ақыл-ой  қызметін 
басқару  және  өзін-өзі  басқарудың  әрекет  ету  құралына  теориялық  ойлау 
тәсілдерін пайдалану; мәні бар байланыстар түзу, эвристикалық схемаларды 
құру, ережелер мен бағдарламалар әзірлеу жатады.  
Қазіргі  заманғы  дидактика  мен  психологияда  мазмұндалғандай, 
міндеттерді шешу үдерісі төмендегідей кезеңдерден тұрады: 
1) міндеттің шартын талдау; 
2) шешу жоспарын іздеу; 
3) міндеттерді шешу; 
4) шешімді зерттеу мен тексеру; 
5) жүргізілген шешімді талдау. 
Интеллектуалдық  іскерліктерді  қалыптастыру  үшін  оқу-танымдық 
тапсырмалардың 
жүйесін 
құру 
үшін 
бастапқы 
ережелер 
деп 
П.И.Пидкасистый  дайындаған  төмендегідей  ақыл-ой  әрекетін  жатқызуға 
болады [2]: 
-
 
оқытылатын 
тақырып 
материалдарының 
нақты 
мазмұнын 
құрылымдау; 
-
 
жалпы  дидактикалық  тапсырмалар  мен  оның  түрлерінің  әрбірінің 
әдістемелік аспектілерін анықтау; 
-
 
оқушы  әрекетінің  құрылымы  мен  мазмұнының  сипатын  есепке  ала 
отырып,  нақты  жағдайдағы  оқу  тапсырмаларын  дұрыс  қою  мен 
қалыптастыру. 
Т.И.Шамова  жеке  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыру  кезіндегі 
тапсырманың  мазмұндық-логикалық  жағының  үш  негізгі  талаптарын  бөліп 
көрсетеді, олар [3]: 
-  тапсырманың  мазмұны  оқыту  мен  тәрбиенің  нақты  дидактикалық 
мақсаттарына қатаң түрде сәйкес келуі қажет
- тапсырманың мазмұны мен әдістемелік аппараты өз бетімен танымдық 
жұмыс істеудің барлық деңгейінде іс-әрекетті қамтамасыз етуі тиіс; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдуллина Г.Т.
 
Студенттердің интеллектуальдық іскерліктерін қалыптастырудағы педагогикалық...  
 

160 
 
 
-  жұмыста  әрбір  оқушының  өз  бетімен  сәтті  жұмыс  істеуін  қамтамасыз 
ететін, түрленіп отыратын тапсырмаларды енгізу үшін барлық мүмкіндіктерді 
пайдалану қажет. 
Жоғарыда  аталған  талаптар  студенттердің  оқу  пәндері  бойынша 
жүргізілетін 
жұмыстары 
барысында 
интеллектуалды 
іскерліктерді 
қалыптастыруға  бағытталады,  оқу-тәрбие  және  оқу-танымдық  тапсырмалар 
жүйесін дайындау кезінде дидактикалық негіз ретінде алынады. 
Педагог-ғалымдардың  (П.Р.Атутов,  В.А.Поляков,  Д.А.Тхоржевский, 
С.И.Поликанин,  О.Сыздықов,  т.б.)  еңбектеріндегі  мазмұндық  ойға  сәйкес 
технологиялық  тапсырмалар  жүйесіне  төмендегі  құраушыларды  қамту 
керектігі көрсетіледі: 
-
 
технологиялық тапсырмаларды түсіндіру; 
-
 
дайындаманы таңдау; 
-
 
құрал-саймандарды таңдау; 
-
 
дайындама мен құрал-саймандарды бекіту тәсілдерін таңдау
-
 
еңбек операцияларының реттілігін анықтау; 
-
 
операциялық технологияны құру; 
-
 
өз бетінше технологиялық үдерістерді әзірлеу (дайындау). 
Б.Т.Ортаев  пен  Б.О.Сыздықова  өздерінің  зерттеулеріне  сәйкес 
«Студенттердің  технологиялық  тапсырмаларды  (проблемалық  және 
проблемалық  емес)  қалыптастыру  және  таңдауы  үшін  бағдар  негізіне 
олардың  тектері  (типологиясы)  алынады.  Олар  технологиялық  үдерістерді 
танып  білу,  өзгеше  әрекеттің  сипаты  арқылы  анықталуы  мүмкін»  деп 
тұжырымдай  келе,  осы  негізде  танымдық  технологиялық  есептердің 
төмендегідей типтерін бөліп көрсетеді [1.18-23]: 
І  тек  (тип).  Объектіні,  құбылыстарды  (технологиялық  үдерістерді) 
сипаттау (таптастыру). 
ІІ  тек.  Технологиялық  үдерістерді  орындаудағы  себеп-салдарлық 
байланыстарды анықтау, құбылыстың себебін түсіндіру. 
ІІІ  тек.  Негізгі  ұғымдардың  мәнді  белгілерін,  байланыстарын  және 
қатынастарын белгілеу (табу), олардың құрылымын модельдеу. 
ІV тек. Кешенді және оның ішінде пәнаралық есептерді шешу. 
V  тек.  Технологиялық  үдерістерді  орындауда  тапсырмалардың 
алгоритмін өз бетінше құру. 
Бұл 
текті 
тапсырмалардан  ізденушілер 
түрлік 
оқу-танымдық 
тапсырмалар  дайындау  керектігін  атап  көрсетеді  және  оларға  мысалдар 
келтіреді. 
Педагогикалық, оқу-танымдық тапсырмаларды анықтауда жүйелік тұғыр 
тұрғысынан  тапсырмалар  жүйесінің  негізгі  сипаттамаларын  біздер 
төмендегідей деп білеміз:  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдуллина Г.Т.
 
Студенттердің интеллектуальдық іскерліктерін қалыптастырудағы педагогикалық...  
 

161 
 
 
-
 
оқу-танымдық тапсырмалар - өзіндік саласы бар күрделі динамикалық 
жүйе; 
-
 
оқу-танымдық  тапсырма  жүйесінің  элементтері  үйлесімділікте  алға 
қойылған  мақсатқа  қол  жеткізудегі  басқа  тапсырмалардың  мүмкіндіктерін 
жүзеге  асыруға  ықпал  етеді  және  олар  әрбір  тапсырманың  мүмкіндіктерін 
жоғары дәрежеде жүзеге асырады; 
-
 
оқу жұмыстарында тапсырмалар жүйесін пайдалану іскерлік пен оқу-
тәрбие  үдерістерінің  үйлесуін  қамтамасыз  ететін  оқу-танымдық  қызметті 
ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
Сонымен,  дайындалатын  оқу-танымдық  тапсырмалар  жүйесінің 
элементтері  ретінде  төмендегілерді  атап  көрсетуге  болады:  жетекші  білім, 
текті  бұйымдар  мен  объектілер,  интеллектуалдық  және  арнайы  іскерліктер. 
Осы  жүйенің  құраушы  элементі  ретінде  интеллектуалдық  іскерлікті  атауға 
болады.  Әрбір  іскерлік  жеке  іскерліктерден,  әрекеттен  және  ойлау 
операциясынан  құралады.  Әрекеттер  мен  ойлау  операциялары  арасында 
күрделі өзара байланыстар жүзеге асырылады.  
Оқу-танымдық  тапсырмалар  жүйесі  іскерліктің  түрлі  деңгейлерінің 
тапсырмаларын  ажырату  және  бөліп  алу  негізінде  құрылады.  Тапсырмалар 
бір-бірінен  зерттеушілік  әрекеттер  мен  бұйым  конструкциясының,  оқу 
материалы мазмұнының күрделілігімен айқындалады. 
Оқу-танымдық  тапсырмаларды  орындау  барысында  интеллектуалдық 
іскерлікті  қалыптастыру  үдерісі  жүзеге  асырылады,  ол  кешенді,  әрекетті 
заңды, бірізділік пен меңгеруден тұрады. 
Сонымен, білімгерге ойлау оқу-танымдық міндеттерін қою мақсаты, алға 
қойған  сұраққа  өз  бетімен  жауап  алудан  тұрады  және  де  олардың  ойлауын 
белсендіре  түсіп,  талдауға,  ең  бастысын  бөліп  алып,  салыстырып, 
объектілерді, фактілерді, құбылыстарды талдап қорытуға бағыттайды. 
Кез-келген  іскерлік,  іс-әрекетте  қалыптасады.  Интеллектуалдық 
іскерлікке  жоғарыда  айтып  өткендей  талдау,  жинақтау,  салыстыру,  талдап 
қорыту  қатысты  болып  табылады.  Бұл  іс-әрекет,  жоғары  оқу  орындарында 
кәсіптік  даярлау  мазмұнында  тапсырмалар  жүйесімен  жүзеге  асырылады. 
Сол  себепті  де  біздер,  төменде  әзірленуі  тиіс  тапсырмалар  жүйесін 
топтастыруды ұсынып отырмыз: 
1. Интеллектуалдық іскерлік түрлері бойынша. 
2.  Күрделілігі  бойынша  (бір  іскерлікпен  орындалатын  –  қарапайым;  екі 
және одан да көп іскерлікпен орындайтын – күрделі). 
3.  Оқу  материалының  күрделілігі  бойынша:  бір  пәннің  материалында 
(бір пәндік); бірқатар пән материалында (көппәнді);  
4.  Оқу  материалының  мазмұны  бойынша:  жаратылыстану  –  ғылыми 
мазмұнда;  психологиялық–педагогикалық  мазмұнда;  әдістемелік  мазмұнда; 
техника – технологиялық (түрлендіруші) мазмұнда. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдуллина Г.Т.
 
Студенттердің интеллектуальдық іскерліктерін қалыптастырудағы педагогикалық...  
 

162 
 
 
 
5.  Тапсырмаға  жауап  беруге  қатысушылар  саны  бойынша:  жеке-дара; 
ұжымдық. 
6. 
Тапсырманың 
орындалуы 
бойынша: 
ұсынылған 
мәтіндегі 
интеллектуалдық  іскерлікті  іздеу;  мысалдар  мен  тапсырмалар  құруға; 
қойылған сұраққа жауап беруді талап ету. 
Қорыта  айтқанда,  осындай  етіп  таптастырылған  тапсырмалар  жүйесіне 
сәйкес  сұрақтарды,  жаттығуларды,  есептерді  әзірлеу  және  оларды  оқу 
үдерісінде  пайдалану  жоғары  оқу  орындарында  интеллектуалдық 
іскерліктерді  толық  мәнді  қалыптастыруға  болады  деп  білеміз.  Жоғары  оқу 
орындарында  болашақ  мұғалімнің  алдымен  өзінің  интетеллектуалдық 
іскерліктері  және  содан  кейін  барып  оқушылардың  интеллектуалдық 
іскерліктерін 
қалыптастыру 
жүзеге 
асырылатын 
болғандықтан, 
педагогикалық,  оқу-танымдық  тапсырмалар  мазмұнының  соған  сәйкес 
құрастырылуы назарда болғаны жөн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ортаев  Б.Т.  Педагогикалық  тапсырмалар:  050120  –  Кәсіптік  білім  мамандығына  арналған.  Оқу-
әдістемелік құрал. – Түркістан: А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. –92 б. 
2.
 
Пидкасистый П.И. Педагогика. –М.: Российское педагогическое агентство, 1955. –С.150-161. 
3.
 
Шамова  Т.И.  Управление  процессом  формирования  системы  качеств  знаний  учащихся.  –  М.: 
Прометей, 1990. -112 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 

163 
 
 
Г.ТОҚҚҰЛОВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Ә.СЕМБАЕВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ 
 
В статье всесторонне рассматривается просветительская деятельность А.Сембаева. 
The article deals with A. Sembayev’s educational activity. 
 
Ә.Сембаевтың  Қазақстандағы  ағарту  саласын  көтерудегі  ерен  еңбектері 
бүгінгі күнде білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда таптырмайтын тарихи  
деректер болып саналады. 
1918 жылғы 16 қазанда аса маңызды екі құжат жарияланды: «РСФСР-дің 
бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы  ереже»  мен  Оқу-ағарту  істері  Мемлекеттік 
комиссиясының  «Бірыңғай  еңбек  мектебінің  негізгі  принциптері»  деген 
үндеу.  Кейін  бұл  үндеу  «Бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы  декларация»  деп 
аталынған болатын. 
«Ереже»  мен  «Декларацияда»  мектепті  политехникаландырумен 
ұштастыра  отырып,  балаларды  еңбекке  баулып,  білім  беріп,  тәрбиелеуге 
ерекше  маңыз  берілді.  «Декларация,  -  ішінара  мектеп  шеберханасында 
немесе  мектеп  фермасында,  ішінара  фабрикаларда,  зауыттарда  және  тағы 
басқаларында балаларды еңбектің ең маңызды барлық түрлерінің әдістерімен 
іс жүзінде таныстыратын политехникалық білім беру». 
«Декларация»  мен  «Ереже»  оқушылардың  ынтасы  мен  творчествосын 
өршіту,  мектептің  өмірімен  байланысын  күшейту,  мектеп  экскурсияларын 
барынша  қолдау,  мектеп  жанындағы  егін  участоктарын  ұйымдастыру, 
оқушыларды жалпы үйірме жұмысына тарту керек екені көрсетілді. 
Мектептерде  еңбекке  баулу  сабағын  еңгізу  мәселесі,  мектеп  аралық 
кеңестің  бастап  өлкелік  кеңеске  дейін,  мұғалімдердің  толық  жатқан 
кеңестерінде  талқыланды.  Мұның  арқасында  балаларға  еңбекке  баулып 
үйрету  идеясы  кеңінен  насихатталды.  1921  жылғы  23  қаңтарда  Бүкіл 
қазақстандық І конференцияда Халық ағарту Комиссариаты ұсынған «Қазақ 
АССР-індегі  бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы»  деген  тезисте  еңбекке  баулу 
сабағы  мектепте  «бірінші  орынға  қойылып»,  өздеріне-өздері  қызмет  ету 
түрінде  шеберханаларда...  жеміс  бағында,  бақшада,  тәжірибе  егістерінде 
жұмыс  істеу  түрінде  қолданылуға  тиіс;  еңбек  білім  берудің  үстіне  өнім 
өндіретін болуы керек», - деп көрсетілді[1]. 
Жетісу  облыстық  халық ағарту  бөлімі  1920  жылғы  19  қазанда  мынадай 
нұсқау берді: «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережеде келтірілген принципі 
барлық  мектептерде  жүзеге  асырылсын...  Барлық  мектептерде  еңбек 
процестері  енгізілуге  тиіс,  білім  осы  процестермен  ұштастырылуға  тиіс». 
Қазақ  мұғалімдерін  даярлайтын  көп  курстарда  оқудың  өнімді  еңбекпен 
байланысы туралы мәселелер алға қойылып отырылды. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тоққұлова Г. Ә.Сембаевтың ағартушылық қызметі туралы 

164 
 
 
 
 
Мұның  бәрі  мұғалімдерді  өздерінің  оқушыларын  еңбек  процестерімен 
таныстыру  тәсілдерін  үнемі  іздестіре  беруге  ұмтылдырды.  Сонда  бұл 
тәсілдер  көп  уақытта  кешенді  бағдарламаларда  ұсынылған  тәсілдерден 
өзгеше  болып  жүрді.  Оқушылар  отын  жинап  дайындады,  сынып 
бөлмелерінде  тазалық  сақтады,  мектеп  ішін  жинастырды,  мектеп  ауласын 
қардан тазартты және т.б. мектеп оқушыларына үй жануарларын бағып-қағу 
туралы  тапсырмалар  берілетін.  Өндіріске,  теміржолға,  пристаньға,  электр 
станцияларына экскурсия жасалынды. 
Ал  қол  еңбегі  өлкелік  үлгі-тәжірибе  мектептерінде  ғана  үйретілді, 
өйткені  бұларда  үстел,  орындық  жасайтын,  слесарьлық,  жөндеу 
шеберханалары болды. 
Мектептерде  тәрбие  жұмысы  соғыс  жағдайын  да  соғыстан  кейін  халық 
шаруашылығын  қалпына  келтіріп,  одан  әрі  өркендетуге  байланысты 
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Оқушыларға политехникалық білім 
беру, оларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі КПСС XVIII съезінің қарарларында 
баса  айтылған  болатын.  Бұл  мәселе  ішінара  соғыс  жылдарында  жүзеге 
асырылды. Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Қазақ ССР Халық 
Комиссарлары  Советінің  1942  жылғы  3  ноябрьдегі  қаулысы  бойынша 
мектептердің  VIII-X  сыныптарына,  оқушылардың  аптада  өтетін  сабақтары 
біраз  көбейтіліп,  тракторды,  комбайнды,  автомашиналарды  оқыту  енгізілді. 
Ал  V-VIIІ  сыныптардың  оқушыларына  міндетті  түрде  «Қарапайым  ауыл 
шаруашылық  машиналары  мен  ауыл  шаруашылық  жұмыстары»  курсынан 
сабақтар  беру  белгіленді.  Мектептерде  көптеген  механизатор  кадрлар 
даярланды [2]. 
Мектептердің  мұғалімдері  мен  оқушылары  орман  алқаптарын  жасауда, 
көктемгі  егіс  жұмыстарында,  егістерді  күтіп-баптауда,  егін  жинауда,  мал 
қыстауда,  тағы  басқа  да  жұмыстарда  колхоздар  мен  совхоздарға  көп  көмек 
көрсетті.  Қазақ  ССР  мектептерінің  оқушылары  1942  жылы  7,8  миллион 
еңбеккүн, ал 1943 жылы – 15 миллион еңбеккүн тапты.  
Колхоздар  мен  совхоздың  егістерінде  мектеп  оқушыларының  жұмыс 
істеуінің  тәрбиелік  жағынан  да,  білім  алу  жөнінен  де  көп  пайдасы  тиді. 
Балалар  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  жұмыс  істеуге  машықтанды,  екінші 
жағынан,  тіршілік  әрекеттерін  көзбе-көз  көріп  танысты.  Республика 
мектептерінің  комсомолдары  мен  пионерлері  майдандағы  жауынгерлермен 
үздіксіз  байланыс  жасап  отырды.  Майданға  сәлемдемелер  мен  хаттар  ағыл-
тегіл  барып  жатты.  Республиканың  мектептерінің  мұғалімдері  мен 
оқушылары  «Қазақстан  колхозшысы»,  «Қазақстан  пионері»  деп  аталған 
танкілер колоннасын жасауға төрт жарым миллион сомдай қаржы берді [3]. 
Оқытуды  өнімді  еңбекпен  байланысты  жүргізу  негізінде  оқушылардың 
өндірістік  бригадалары  пайда  болды.  Мектептегі  жұмыстың  сыннан  өткен 
бұл  түрі  Ставрополь  өлкесімен  қатар   біздің республикада  да  бір  уақытта  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет