184
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2011
Жолдасова Б.Б.
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге
баулуға...
Мазмұны
жобалау, технологиялық,
конструкторлық,
өнер
тапқыштық, кәсіпкерлік,
көркем және басқа да
міндеттер
көркемдік,
жобалаушы,
сәндік,
кәсіпкер-лік
және
т.б.
шәкірт
тәрбиелеу міндеттері
"Технология"
пәні
және
оқушыларды
сәндік-
қолданбалы
өнеріне
баулу
арқылы тұлғаны тәрбиелеу,
оқыту
мен
дамытудың
педагогикалық міндеттері.
Функциялар
есептік-талдау, өндірістік-
технологиялық,
конструктивтік-
техникалық, бақылаушы,
ұйымдастырушы,
экономикалық,
танымдық, өз бетінше
білім алу және т.б.
сәндік ісмер, қолөнер шебері, өз
бетінше
білім
алу,
үнемдеу,
жобалаушы, құрастырушы, ұста
үйретуші,
тәрбиелеуші,
дамытушы,
гностикалық
(танымдық),
ақпараттық,
жобалаушы, коммуникативтік,
әдістемелік,
зерттеушілік,
бақылаушы, ұйымдастырушы,
өз бетінше білім алу және т.б.
Құралдар
оқу
шеберханаларының
материалдық
жабдықталуы.
Жабдықтар,
аспаптар,
құрылғылар, техникалық
және
технологиялық
құжаттама, анықтамалық
әдебиет
шеберхананың
материалдық
жабдықталуы, аспаптар, құрылғылар,
сәндік-қолданбалы өнері бойынша
әдебиеттер
көрнекі оқу құралдары мен
жабдықтар, оқулықтар,
оқу
құралдары, жұмыс дәптерлері,
т.б.
Қол
өнеріне
баулуда
оқушыларды
сәндік-
қолданбалы өнерге баулудың
педагогикалық
жүйелерін
жобалау тәжірибесі
Тәсілдер
еңбек
тәсілдері,
операциялар, әрекеттер,
өндірістің
арнайы
технологиялары
мен
техникалары,
өнер-
тапқыштық
міндеттерді
шешу
әдістері
қолөнер операциялары, безендіру
тәсілдері, өңдеу әдісіне қарай: құйма,
шекіме, дәнекерлеу, ойылған, ағаш
ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқу, өру,
тоқу,
кестелеу,
үрлеу,
басылу,
күйдіру,
балқыту,
металды
иіп
өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ
сыру, шілтер шалу, жүн сабау, арқан
есу және т.б.
оқушыларды
сәндік-
қолданбалы
өнеріне
баулу
арқылы
шығармашылығын
дамытудың
педагогикалық
технологиялары,
әдістемелік
тәсілдер, ойлау іс-әрекеті мен
оқу-шығармашылық
міндеттердің
шешімін
іздестіруді белсендіру әдістері
Іс-әрекет
нәтижесі
техникалық-
технологиялық
шығармашылыққа және
өнертапқыштыққа,
сонымен қатар өзіндік
шығармашылық әлеуетті
жүзеге асыру
сәндік-қолданбалы шығармашылыққа
және өнертанушы, сонымен қатар
өзіндік шығармашылық қабілетін
жүзеге асыру
"Технология"
пәні
арқылы
оқушыларды
сәндік-
қолданбалы өнеріне баулуда
шығармашылығын дамыту іс-
әрекетіне дайындығы
Оқушылардың технологиялық тапсырмаларды саналы түрде орындау
барысында қолданған тапсырмаларына жасаған талдауды негізге ала отырып,
политехникалық сипаттағы мәліметтерді сұрыптау мен жүйелеудегі әртүрлі
ұстанымды ескере отырып және іс-әрекет теориясына негізделуі қажет, атап
айтсақ, о қу мазмұнының құрылымы мыналарды қарастыруы қажет:
бағдарламаға сай сәндік-қолданбалы өнер түрлеріндегі еңбек
нәтижесінің өзіндік ерекшелігі туралы функционалды білім;
еңбек барысында қолданылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлері,
қасиеттері. Шығу тарихы, оларды көркем қолөнерде немесе үй
шаруашылығы мен халық шаруашылығында пайдалану;
сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлайтын құрал-жабдықтар.
Олардың міндеті, мақсаты, пайдалану бағыттары, жұмыс тәсілдері. Еңбектегі
қауіпсіздік. Тарихи мәліметтер;
бұйымды өндіру процесінде жүзеге асырылатын сәндік-қолданбалы
өнерге қажетті шикізаттардың, материалдардың жағдайы немесе өзгеріске
түсетін формалары мен қасиеттерінің тәсілдері;
185
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Жолдасова Б.Б.
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге
баулуға...
сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлау барысында жұмыс процесін
ұйымдастыру. Адамдардың еңбек әрекеті, олардың қазіргі өндірісте
пайдаланылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне деген сұранысы мен
қажеттілігі.
бұйымды жасау бойынша технологиялық құжаттар. Оларды өңдеу
және жұмыс процесінде қолдану.
сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне байланысты еңбек әрекетіне
оңтайлы амал-жолдарды таңдауға ықпал ететін ғылымға негізделген
(экономика, экология, эргономика, дизайн, графика және т.б.) білім;
Осылардың барлығы, сайып келгенде, технология сабағында қазақ
халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін оқушыларға бірізділікте
меңгертуде көмек береді.
ЖОО-да болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-
қолданбалы өнерге баулуға даярлау барысында оқу мазмұнының
сабақтастығы технологиялық процестердің типтеріне, пайдаланылатын
сәндік-қолданбалы өнер материалдарының өзіндік сипаты мен жасалу
тәсілдеріне қарай негізделуі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. - 15 б.
2.
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012
жылдарға арналған бағдарламасы. – Шымкент, 2010. –28 б.
3.
Жолдасбекова С.А. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімдерін кәсіби даярлау:
монография. – Алматы: Әрекет-Print, 2008. – 330 б.
4.
Сыздықов О., Момынбаев Б.К. Студенттердің техникалық шығармашылығын қалыптастырудың
және дамытудың дидактикалық мәселелері //Қаз. жоғары мектебі. – 2002. - № 1. -88
91 б.
5.
Гальперин П.Я. Психология мышления и учение о поэтапном формировании умственных действий.
- М., 1977. - 480 с.
186
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
ЖУРНАЛИСТИКА
Б.СЕРДӘЛІ
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАРАЛУ СИПАТЫ
В статье расскрываются творческие и материальные аспекты распространения
республиканских и местных газет.
This article reveals some creative and financial aspects of distribution of republic and local
newspapers.
Қазақ журналистикасында шығу мерзімділігіне, таралуына, форматы мен
көлеміне байланысты электронды және бұқаралық ақпарат құралдарының
бірқатар типологиялық тобы қалыптасқан. Бұл критерийлер бөлінісі жай ғана
формалды жүйелеу емес: басылымдардың мерзімділігіне, ақпаратты тарату
шапшаңдығына, оқырманды тарту ерекшелігіне байланысты берілген баға. Іс
жүзінде басылымның көлемі, қалыбы, жеделдік концепциялары біріге келіп,
жаңалықтар журналистикасы мен ой-пікір журналистикасының өзара
ықпалдастығы анықталады. Осы кезге дейінгі зерттеуші-теоретиктердің БАҚ-
ты бұрынғыша жалпыұлттық, аймақтық, жергілікті деп бөліп қарастыруы
бүгінде дұрыс болмай қалды. Шын сипатын анықтау үшін оны отандық және
шет елдік деп қана бөлген дұрыс сияқты. Өйткені БАҚ қызметін
ұйымдастырудың
тікелей
принциптеріне
жүгінгенде,
оны
таралу
аймақтарының критерийлері арқылы ғана бөле аламыз. Мәселен, белгілі бір
аймақта шығатын газеттер елдің басқа өңірлеріне де еш кедергісіз тарап
жатады. Шымкентте жарық көретін «Айғақ», «Замана», «Дөңгеленген
дүние», «Керемет» сияқты газеттер мен журналдар, бірқатар мемлекеттік
емес «сары басылымдар» басқа өңірлерге де еркін тарап отыр. Ақтөбеде
шығатын «Алтын орда» апталығы да осы сияқты бүкіл республиканы
қамтиды. Жергілікті газеттердің де аймақтық қамтуы кеңейіп, өз оқырманын
республиканың басқа өңірлерінен де тауып жатыр. Бұған «Ордабасы оттары»
(Ордабасы ауданы), «Қаратау тәжі» (Кентау), «Рабат» (Шымкент), «Рейтинг»
(Шымкент) сияқты басылымдар нақты мысал бола алады. Мұндай тенденция
ғарыштық байланыс арқылы тарайтын телевизия жане радиода да байқалып
отыр. Қазақстанның БАҚ типологиясын зерделеп қарасаңыз, өкінішке орай,
жалпыұлттық газеттердің таралымының азаюы байқалады. Себебі барлық
басылымдардың шалғай мекендерге таралу мүмкіндігі бірдей емес.
Қазақстанда жағрафиялық жағынан барлық мекендерді қамтып отырған
басылымдар деп мына газеттерді атауға болады: «Егемен Қазақстан», «Дала
мен Қала», «Жас Алаш», «Караван», «Время», «Айқын», «Свобода слова»,
«Қазақстан», «Жұлдыздар отбасы», т.б. тұрмыстық оқиғалар мен түрлі
187
сканвордтарды басатын басылымдарды да республиканың кез-келген
түкпірінен оңай таба аласыз. Бірақ біз зерттеу жүргізу нәтижесінде бұл
188
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2011
Сердәлі Б. Қазақ газеттерінің қазіргі таралу сипаты
газеттердің барлығының бірдей аймақтарда тең дәрежеде тарала бермейтініне
көз жеткіздік. Ауылдық жерлерде орыс тілді газеттер оқылмайды, сондай-ақ,
жалпы ұлттық саналатын кей газеттердің, таралымы көп болғанына
қарамастан, ел ішінде аса қадірі жоқ.
Ауылдық аймақтарда, әсіресе, мемлекеттік бюджетке қарайтын мекеме
мен ұйымдарда газетке жазылуда репресивті амал-тәсілдер кеңінен
колданылады. Басқаша айтқанда, оқырманы аз, таралымы көп басылымдар
жергілікті билік тарапынан ұйымдарға, мекемелерге жане мемлекеттік
секторлардың қызметкерлеріне (мұғалімдерге, дәрігерлерге, т.б) күштеп
таратылады. Жергілікті биліктің мұндай «қолдауына» тек мемлекеттік
газеттер ғана ие болып отырған жоқ, атқарушы биліктің қаулы-қарарларын
басатын жергілікті басылымдар да осы тәсілмен тарайды. Газетке жазылу
науқанын жүргізуде үгітшілік-насихатшылық ескі амал-тәсілдер жарамай
қалғандықтан, баспасөзге жазылу шарасын жүргізетін жауапты мекемелер
жалпы ұлттық мемлекеттік газеттердің таралымын ұстап тұру үшін осындай
«тәжірибеге» баруда. Халықтың өз еркімен алты айға немесе бір жылға
газетке жазылуға жағдайы жоқ, сосын олар ақпаратты таңдап алу еркіндігі
құқын пайдалана отырып, қажет басылымын дүңгіршектер мен базарлардан
күнделікті сатып алғанды жөн көреді.
Жасыратыны жоқ, елімізде оппозициялық басылымдар басқа газеттерге
қарағанда еркін тарайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары
сөз бостандығына, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін тарауына кепілдік
беретіндіктен, оппозициялық бағыттағы «Взгляд», «Республика», «Алға»,
«Свобода слова», «Тасжарған», «Азат» сынды басылымдар Қазақстан
аумағындағы кез келген дүңгіршекте, тіпті басқа газеттерге қарағанда еркін
таралады. Қазір Парламент адам құқығы саласындағы ұлттық жоспарға
сәйкес азаматтардың ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында жария
ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасын әзірлеуде. Осы заң қабылданып,
күшіне енсе, биліктегі бишікештер басылымға күштеп жаздырту құқынан
айырылып қалуы әбден мүмкін.
«Юг-пресс», «Ернұр-пресс» сияқты жекелей таратушылардың газет
оқырмандары арасында жүргізген зерттеулеріне қарағанда, тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарымен салыстырғанда «сары басылымдарға» деген
қызығушылық біршама төмендеген. Оппозициялық газеттердің ауылдарға аз
санмен жетуі немесе мүлдем бармауы бұл басылымдардың оқырманға
ықпалы жөнінде айтуымызға мүмкіндік бермейді. Керісінше, ең шалғай
мекендерге дейін жетіп, халықтың көңіліне қонымды болып жүрген
басылымдар да аз емес: олар «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Жас Алаш»,
«Түркістан», т.б. осы сияқты газеттер.
Мемлекеттік радио толқындар елдің барлық аймақтарын толығымен
қамти алмайды. Техникалық мүмкіндігі шектелген мемлекеттік емес
электронды
189
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сердәлі Б. Қазақ газеттерінің қазіргі таралу сипаты
ақпарат құралдары туралы да осылай деуге болады. Сондықтан әзірге
газеттер «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болып тұр.
Ресми статистика Қазақстанда 2700-ге жуық БАҚ-тың тіркелгендігін
айғақтайды. Олардың дені елге жағымды ақпараттар таратуда. Ең таралымы
көп қазақ тілді мерзімді басылым – «Егемен Қазақстан» ( 2011 жылы 170 017
дана).
Қазақ басылымдарының таралымы жағынан дәуірлеген кезі Кеңес
заманы еді. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») және «Қазақстан
әйелдері» журналдарының таралымы 400 000-ға жуық болған. Ал «Лениншіл
жас» («Жас Алаш») газеті сексенінші жылдарда 300 000 таралыммен жарық
көрді [1].
Ал әлемде американ басылымдарының таралымы көп. «Уолл-стрит
Джорнал» 1 823 207 данамен басып шығарылатын болса, «Ю-Эс-Эй
тудэйдің» таралымы 1 570 624 данаға жеткен. Жалпы АҚШ-та таралымы 250
мыңнан жоғары 41 газет бар екен. Ресейдің апталық қоғамдық-саяси газеті
«Аргументы и факты» 1990 жылы 33 млн 500 мың дана таралыммен
Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына енді. Мұндай таралым адамзат
тарихында болған емес.
Зерттеушілеріміздің ұлттық басылымдарға қатысты қоғамдық пікірлері
мүлдем қарама-қарсы жағдайды көрсетеді. Мәселен, жуырда Түркістан
қаласында газет оқырмандары үшін фокус-топтардың социологиялық
зерттеулері жүргізілді. Сауалнамаға қатысушылары кейбірі көпшілік
басылымдарды бірінші рет көріп тұрғандарын айтты. Мысалы, Жүйнек пен
Майдантал елді-мекендерінде фокус-топтардың қатысушылары аз уақытта
едәуір таралым жинап үлгерген «Рейтинг», «Дөңгеленген дүние» сияқты
газеттердің бар екенін білмеді. Есесіне олар базарларда қызылды-жасылды
болып тұрған «сары басылымдар» туралы кеңірек білетін болып шықты.
Респонденттердің 95%-ы соңғы рет қашан газет сатып алғандарын немесе
қашан газетке жазылғандарын естеріне түсіре алмады. Ауылдық жерлердің
басым бөлігі газетке жазылудың ұйымдар мен мекемелердің қысым көрсетуі
арқылы жүргізілетініне бой үйретіп алған. Басылымдарға жазылуға оларды
тиісті мекеме-ұйымдар мәжбүр ететіндіктен, газетке жазылуға деген
құлшыныс әлсіреп қалған. Әсіресе, бұл «науқан» бюджеттік салада жұмыс
істейтін мұғалімдер мен дәрігерлерге «заңмен» міндеттелген. Қаладағы
фокус-топқа қатысушылардың бірі бізбен мынадай мәліметті бөлісті: «Мен
мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Мектеп басшысы облыстың және
жергілікті жердің газеттеріне жазылуға мәжбүр етеді. Біздер, мұғалімдер,
барлығымыз ақша жинап, арнайы тізіммен келген сол газеттерге жазылуға
тиістіміз. Көбіне газетке жазылулар айлық есебінен жүргізіледі».
Осындай жолмен таралым жинап алған газеттердің жазылудан түскен
кірісі жалпы кірістерінің 40, 45, 50%-ын, басқаша айқанда, болжамды
жартысын
190
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сердәлі Б. Қазақ газеттерінің қазіргі таралу сипаты
түзеді екен. Мұндай «оңай олжа» жергілікті биліктің «жазылу
разнарядкасына» енген басқа басылымдарға да тиесілі. Жазылудан түскен
кіріс әрқалай деңгейде, газеттің жалпы кірісінің 30-50%-ын құрайды.
Мысалы, Түркістан қалалық білім беру басқармасы мен білім беру
қызметкерлері кәсіподағының «Ұстаз» және «Түркістан ұланы» газеттері
кірісінің 92%-ын жазылудан алады екен, қалған 8%-ы жарнамадан түсетін
көрінеді.
Фокус-топтардың барлық қатысушылары ақпаратқа деген мұқтаждығын
осылайша білдіргенімен, бірақ газеттердің қандай тақырыптарды қаузау
керек екенін ашып айта алмады. Бабайқорғандағы фокус-топтың бір
қатысушысы былай дейді: «Шынын айтсам, егер қолымнан келсе газеттердің
барлығын сатып алып, оқыр едім. Жазылуға ақшамның жоқтығынан, оқығым
келсе де, оқи алмаймын, сондықтан менде ақпараттық ашығу әрқашан да
сезіледі».
Көпшілікке мемлекеттік газеттердің қолжетімді бола бермейтіні жөнінде
журналистер де, редакторлар да айтып-жазып жүр. Мысалы: «Дала мен Қала»
газетінің
тұрақты
оқырманы
Төлеухан
Бідірәлі
былай
дейді:
«Әрiптестерiмнiң көбi жауапсыз. Газет шықса болды, ол оқырманға жеттi ме,
жетпедi ме, әрi қарай шаруасы жоқ. Газет шығару – үлкен iс. Бiр газет
шығару үшiн редакцияда 20-30 адам еңбектенедi. Қаншама қаржы-қаражат
кетедi. Журналист, мiне, осы шығынның, еңбектiң барлығын өтейтiндей дә-
режеде жазуға ұмтылуы керек» [2]. Бұдан таралым санын көбейтуге тек
науқандық шара ретінде қарамай, оқырман жүрегін жаулаудың басқа да
жолдарының бар екені аңғарылады.
Елдегі саяси оқиғалардан бейхабар, селсоқ адамдар да бар. Халықтың
мұндай тобының кейінгі кезде көбейе бастағаны ойландырмай қоймайды.
Түркістан тек «Қазақ радиосы» («Шалқар») мен «РетроFM» каналын ғана
тарайды. Оның өзі барлық тыңдарманға қолжетімді емес. Сондықтан олар
ақпаратқа деген мұқтаждықтарын басу үшін базардағы ең арзан «сары
басылымдарға» иек артуға мәжбүр. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», т.б. ұлттық
басылымдарды мұнда кездестіру қиын. Сатып алушы жоқ дейді делдалдар.
Астанадан келетін газет саны да көп емес, жол шығындары өте жоғары.
Таяу жылдарда Қазақстанда ұлттық басылымдардың қаншасының
тұрақты болып қалатыны мемлекеттік БАҚ тармағындағы саясатқа және сол
басылымдардың техникалық-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты
болмақ. Сөз жоқ, басқы тенденцияны белгілейтін – ұлттық басылымдар мен
электронды ақпарат құралдары, кәсіпқой теле-радиостудиялар. Таралым
жүйесі жолға қойылмағандықтан кейбір қалалық, аудандық газеттердің
жабылып қалу тенденциясы байқалады. Жергілікті БАҚ-тың қаржы жақтан
әлсіздігі бірқатар көкейтесті мәселелерден көрініп тұр: материалдық-
техникалық базаның нашарлығы,
кәсіптік шеңберде іс
жүргізуде қазіргі нарық
191
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сердәлі Б. Қазақ газеттерінің қазіргі таралу сипаты
икеміне ыңғай білдірмеуі, журналистердің әлі де болса өздерін асырап
отырған билікке жалтақтауы, газеттердің тауарлық-жарнамалық келбетінің
қалыптаспауы, сыртқы дизайн пішіндерінің сұрқайсыздығы, т.б. Мұндай
жағдайда шалғайдағы қазақ ауылдарындағы тұрғындар газет оқымақ түгілі,
барған сайын ұлттық саяси тұрмыстан алыстап, өзінің күнделікті тіршілігімен
ғана әуре болып қала бермек. Бұл олардың қоршаған айналасын тарылтып,
күнкөріс тіршілігінен басқа ештеңе де қызықсыз болып қалмақ. Сөйтсе де,
қоғамда ақпараттық бос кеңістік ұзақ өмір сүруі мүмкін емес, аймақ
тұрғындары қалаға келген сайын базардағы «сары басылымдар» мен шет ел
БАҚ-тарына тәуелді болып қалмақ. Нәтижеде ауылдық аймақтардағы халық
ресейлік басылымдардың тұрақты оқырманына айлалуы әбден мүмкін.
Мәселен, Кентау қаласында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам
ашылғанына екі жыл тола қоймаған «ДидарТВ» кабельді телеарнасының
абоненттік жазылушылары болып отыр, басқаша айтқанда, күніне кентаулық
4 мың отбасы ресейлік және еуропалық идеологияға улануда. Бұлай жалғаса
берсе, олар көгілдір экран арқылы Американың өміріне де араласа бастайды.
Бұл болжам қосымша дәлелдерді талап етсе де, әлгіндей көрініс абоненттерге
екі түрлі теріс әсерін тигізетінін айтқан жөн. Бір жағынан, батыс ақпарат
стандарттарымен жақынырақ таныс болған көрермен еріксіз сол өмірге
бейімделе бастайды. Бұған Кентау қаласындағы колледж студентінің
айтқандары мысал: «Мен үйге келемін де, «ДидарТВ»-ны немесе басқа сазды
флэш-арнаны қосамын. Телевизор қосылып тұрмаса, еш нәрсе істей
алмаймын. Жаңалықтарды көбіне «Би-Би-Си»-ден, «Евронюс»-тен, кейде
НТВ-дан тыңдаймын. Әрине, «Стар Уролд» пен «Сиар Мувиз» сияқты үзбей
көретін сүйікті арналарым да бар. Ата-анам мені «ертеден кешке телевизор
көресің, бұл батыс мәдениеті, сені бұзады, сен соларға ұқсап барасың» деп
ұрсып жатады. Бірақ өзіме бұл арналар ұнайды, себебі ол жақта өмір
телевизордан көрсеткеннен де жақсы деп ойлаймын». «Жергілікті
жаңалықтарды қайдан аласың?» деген сұраққа студент оған жергілікті
хабарлардың қызық емес екендігін және қандай да бір маңызды оқиға болса,
ол туралы әке-шешесінен немесе колледждегі достары мен мұғалімдерінен
еститінін айтты. Мұндай медиа-қызығудың екінші теріс жағы да бар.
Көрермен мемлекеттік маңызы бар ақпараттардан хабардар болмай, өзі өмір
сүріп отырған қоғамның шынайы тіршілігінен алыстап қалып, «рухани
эмигранттарға» айналады. Олардың ішінен болашақта қоғамның танымал
тұлғаларының шығатыны, тіпті, қорқыныш ұялатады.
Заңға сәйкес елде ақпарат құралдарын таратуға шектеу қойылмаған. Егер
Кеңес Одағы кезінде БАҚ-тың негізгі құрылтайшысы партиялық немесе
мемлекеттік органдар болып есептелсе, бүгінде әртүрлі меншік формасындағы
басылымдар қаптап кетті. Елде саяси партияларға тиесілі бірді-екілі газеттер
бар. Олар мемлекет мүддесінен шеттеп қалған емес. Егер үлкен қалалар мен
192
Достарыңызбен бөлісу: |