Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

 
Психологические аспекты оценки ...  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рис.1. Параметры характеризующие инвестиционный климат 
 
Этот  аспект  социальной  психологии  является  активирующим  фактором 
порождения  потребности  в  инвестиции.  Регионы  с  благоприятной 
инновационной 
средой 
всегда 
имеют 
более 
высокий 
рейтинг 
инвестиционного  климата,  в  них  не  только  зарождаются  инновации,  но  и 
размещаются центры принятия управленческих решений несмотря на то, что 
характеристика  социальной  психологии  региона  не  оказывает  решающего 
воздействия  на  инвестиционный  климат.  Пассивная  к  развитию  социальная 
психология  чаще  всего  «отталкивает»  потенциальных  инвесторов,  хотя  при 
определенных  условиях  они  же  имеют  и  несравненно  более  значительные 
шансы в привличении зарубежного капитала. 
Инвестиционная  активность  региона  тесно  связана  с  динамичностью 
социальной психологии людей живущих в этом регионе [3].  
 
 
 
 
Параметры инвестиционного климата 
Потребность к инвестиции 
Природные ресурсы и состояние экологии 
Качество трудовых ресурсов  
Политическая стабильность и предсказуемость 
Качество государственного упраления, политика центральных и местных властей 
Уровень соблюдения законности и правопорядка, преступности и коррупции 
Налоговая система и уровень налогового времени 
Банковская система и другие финансовые институты 
Доступность кредитования  
Открытость экономики, правилы торговли с зарубежными странами 
Уровень монополизации экономики 

97 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абдрахманов Р.Б., Женсикбаева У.Б.,
 
Акимишев Г.П.
 
Психологические аспекты оценки ...  
 
 
При оценке инвестиционного климата без учета ориентира социальной 
психологии региона инвестор может допустить большую ошибку. 
Базовой  характеристикой  инвестиционной  привлекательности  региона 
является 
инвестиционный 
потенциал 
определяемый 
социально 

психологическим  состоянием  региона.  А  инвестиционный  климат  в  свою 
очередь  условия  реализации  инвестиционного  потенциала  с  известной 
степенью инвестиционного риска – ограничителя принятия инвестиционных 
решений  [4].  При  этом  основной  психологический  закон  на  которой  мы 
можем положиться при оценке инвестиционной активности не только apriori, 
исходя  из  нашего  знания  человеческой  природы,  но  и  на  основании 
детального  изучения  опыта,  состоит  в  том,  что  люди  склонны,  как  правило 
увеличивать свои потребления с ростом дохода, но не в той же мере, в какой 
растет  доход  [5].  С  другой  стороны,  активизация  социальной  психологии  в 
направлении увеличения дохода, способствует порождению инвестиционного 
климата [6,7]. Такая зависимость показана на рисунке 2. 
 
 
 
         
 
          
 
 
2  рис.  показана  зависимость  улучшения  инвестиционного  климата  от 
активизации социальной психологии. 
 
Радикальные  преобразования  экономики  привели  к  тому,  что 
практически перед каждой организацией встала проблема определения путей 
и  способов  адаптации  к  новым  инвестиционным  условиям  зависящим  от 
сложивщегося 
инвестиционного 
климата. 
Неопределенность, 
присутствующая 
в 
задачах 
оценки 
инвестиционного 
климата, 
характеризуется  размытостью  используемых  мнений  и  оценок  экспертов, 
неполнотой и нечеткостью информации об основных параметрах и условиях 
анализируемого  климата.  Таким  образом,  неопределенность,  приводящая  к 
значительному  повышению  сложности  задач  оценки  инвестиционного 
климата,  порождается  множеством  факторов  социальной  психологии 
региона.  Сочетание  этих  факторов  на  практике  создает  обширный  спектр 
различных видов неопределенности. 
 
Инвестиционный климат 
Активизация социальной психологии 

98 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абдрахманов Р.Б., Женсикбаева У.Б.,
 
Акимишев Г.П.
 
Психологические аспекты оценки ...  
 
 
Но  возможности  решения  задачи  оценки  инвестиционного  климата,  в 
силу  их  природной  неопределенности,  в  рамках  методов,  пригодных  к 
применению  в  условиях  определенности  или  предположении  только  о 
стохастическом  характере  факторов  определяющих  инвестиционного 
климата  или  предположении  только  о  стохастическим  характере  социально 
психологических факторов с известным законом распределения, ограничены, 
что в условиях неоднозначно определенных параметров, присущих рыночной 
психологии,  дает  во  многих  случаях  неадекватное  решение  [8]. 
Использование  методов  математической  статистики  затрудняется  тем,  что 
оценочные  решения  приходится  принимать  в  условиях  неопределенности, 
дефицита ресурсов, времени и информации [9].                 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Авдокушин  Е.Ф.,  Борисов  А.Н.,  Алексеев  А.В.,  Меркурьева  Г.В.  Обработка  нечеткой  информации  в 
системах принятия решений. – М.: Радио и связь. 1989. – 304 с.  
2.
 
Бузырев  В.В.,  Васильев  В.Д.,  Зубарев  А.А.  Выбор  инвестиционных  решений  и  проектов: 
оптимизационный подход. – СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1999. – 224 с. 
3.
 
Виленский П.Л., Лившиц В.Н., Смоляк С.А. Оценка эффективности инвестиционных проектов. Теория 
и практика. - М.: Дело, 2004. – 888 с. 
4.
 
Вощинин А.П. Задачи анализа с неопределенными данными – интервальность и/или случайность? // 
Интервальная  математика  и  распространение  ограничений:  Рабочие  совещания.  –  МКВМ-2004.  -
с.147-158. 
5.
 
Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов. – М.:Юнити, 1997. -345с. 
6.
 
Ward T.L. Discounted Fuzzy Cashflow Analysis // Procceedings of Fall Industrial Engineering Conference, 
1985. -pp.476-481. 
7.
 
Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М.,1978. 
8.
 
Ибрагимов Б.Б., Акимишев Г.П. Алгоритм определения инвестиционной потребности и 
инвестиционных ресурсов региона. Туркестан, МКТУ, №4-5, 2010. -с.№72-77. 
9.
 
Рустамов Н.Т., Асангазиев Р.М., Анарбаев Ж.О. Инструментарий для выявления индикаторов для 
определения инвестиционного климата// Астана: Вестник науки КАУ им. С.Сейфулина, №1 (2) /2009, 
с.449-455. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

99 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
К.М.ЖЕТІБАЕВ 
тарих ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры  
 
МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  личности  и  внедрение  новых 
ценностей образования в подготовку современных специалистов. 
 
This  article  deals  with  some  matters  of  formation  of  an  individual  and  with  introduction  of  new 
values of education into the process of training contemporary specialists.  
   
      
 
Білім 
әрқашан 
қоғамның 
өзгеруімен, 
білім 
мазмұны 
және 
технологияларымен бірге қалыптасады. Білім құндылықтары адамның белгілі бір 
уақытында,  осы  заманғы  тұлғаның  мақсат  бағдарлы  үдерісі  арқылы,  үдерісті 
қоғамдық  қатынастар  мен  жаңа  әлеуметтік  құндылықтар  біртұтас  әлеуметтік 
болмыс болып түзіледі. 
Тәуелсіздік  жылдары  елде  жаңа  әлеуметтік-саяси  жағдай  қалыптасып,  ол 
білім  өзгерістеріне,  қоғамдық  даму  дәстүрін,  әсіресе  жастар  қатынасының 
өзгеруіне себепші болды. 
Маман  дайындаудың  мемлекеттік  бағдарламасы,  оны  іске  асыру  шаралары 
қоғамда  жетілген  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  етуші  осы  заман  білімінің 
жоғары  құндылықтарын  түсінудің  жаңа  беттерін  ашты,  елдің  әлеуметтік-
экономикалық  дамуына  ықпал  етті.  Мемлекеттік  бағдарламаның  идеялары  мен 
тұжырымдарын  Қазақстан  Республикасының  Президенті  өз  жолдауларында 
білімнің  әлеуметтік  және  тұлғаның    бағыт-бағдарларын,  құндылықтарын  ашып 
берді. Олардың бәрі шынайы білімдік үдерісте, оның ұйымдасуында және әсіресе 
білім  мазмұнында,  мемлекеттік  білім  стандартында,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларында,  оқулықтарда,  оқу-әдістемелік  әдебиеттерде  еніп,  үздіксіз 
білімнің  әр  саласында  Ұлттық  бағдарлама  тарапынан  белгіленген  нәтижелерге  
қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. 
Дамыған,  қуатты  демократиялық  мемлекет  азаматтық  қоғам  құруға 
бағытталған  стратегиялық  мақсат,  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстар 
аймағындағы  бірізді,  мақсат  бағдарлы  шаралардың  іске  асу  жолдарын 
айқындайды.  Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстан  халқы  экономикалық  және 
әлеуметтік  салада,  қоғамның  рухани-инабаттылық  жаңалану  аймағында  үлкен 
жетістіктерге  қолдары  жетті.  Нәтижесінде  жаңа  әлеуметтік  болмыс,  қоғамның 
жаңа рухани және адамгершілік құндылықтары қалыптасты.  
Ең  алдымен  Тәуелсіздік  жағдайында  Қазақстан  халқында  білім  жүйесін 
дамытудың  өз  жолын  таңдау  мүмкіндігі  ашылды,  өсіп  келе  жатқан    әулетті 
тәрбиелеудің өзіндік бағдары белгіленеді. Бұл жол бай да, өзіндік ерекшелігі бар 
халық  дәстүрінде,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  педагогикалық  бүкіл 
әлемдік және  Отандық жетістіктерін сүйніш етеді.  
Маман  дайындаудың  мемлекеттік  бағдарламасының  негізгі  мақсаты,  оның 
өзегі- Ұлттық   модель – үздіксіз  білім  жүйесінің  бірегей  құрылымы.  Бұл –
  

100 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жетібаев К.М.
 
Маман дайындаудағы білімнің жаңа құндылықтарын қалыптастыру жолдары 
 
 
 
тәуелсіздіктің  жемісі,  жаңаланудағы  қоғам  мен  оның  құндылықтарының  орасан 
табысы. 
Қоғам  және  білім  құндылықтары,  оның  әлеуметтік  институттары  секілді 
ұдайы  ауысып  барады,  әрі  нақтыланады.  Алайда  ғасырлар  барысында  бұл 
ауысымдардың  үдерісті  желісі  өзгерген  емес.  Оның  терең  мәні  -  адамға  оның 
құқығына,  еркі  мен  мұраттарына,  тіршілік  жасау  мен  әрекеттігіне,  қоғамдық 
қатынастарына  деген  бағыттылығы  ешқашан  жойылған  емес.  Бүгінгі  күнде 
елдегі  жағдай,  жалпы  адамзаттық  сипат  алып,  ұлттық-мәдени  құндылықтардың 
біртіндеп дамуы мен оның мазмұнына шынайы енуде, оның ізгілікті және мәдени 
мақсаттарына қызмет етуде. 
Қоғам  және  тұлға  білімді  мақсат,  үдеріс  және  нәтижесі  тұрғысынан 
бағалауда. Аталған категориялар әлеуметтік және тарихи себепті байланыстарда 
болады. Өз дамуының әр кезеңінде қоғам білім алдында нақты мақсаттар қойып, 
оған нақты жүктемелер белгілейді. Осыған сәйкес білім үдерісіне, білімнің соңғы 
нәтижесіне,  оның  ұйымдасуы  мен  мазмұнына  талаптар  қойып  отырады. 
Мемлекет  және  қоғам  білімге  қатысты  саясат  жүргізе  отырып,  қоғамда 
қалыптасқан  құндылықтарға  орай  өсіп  келе  жатқан  білім  деңгейінің  биіктеуіне 
жағдай жасайды. 
Советтік  Одақта  тоталитарлы  тәртіп  білім  алдында  жастарды  коммунистік 
идеология,  оның  құндылықтары  -  режимге  сөзсіз  бағыну,  өзгеше  ой  жүргізуді 
шектеу,  атеизм  бағытында,  коммунизм  идеалдарын  мұрат  ету,  сана-әрекет 
қылықтың  бұзылуына  душар  етті.  Екі  деңгейлі  қоғамдық  сананың  болуынан 
адамдардың рухани, инабаттылық тәрбиесінің кері кетуіне соқтырып, қоғамның 
қарапайым  мүшелері  шынайы  әлеуметтік  үдерістердің  идеологиялық 
түсініктемелерден ажыралатынын байқатады. 
Ол  кезеңдегі  қоғамдық  сананың  маңызды  ерекшелігі,  ресми  идеологиялық 
ұстанымдардың шындыққа сәйкессіздігі ғана емес, жалпы тұрмыстық, қоғамдық 
сананың  бұзылысы  еді.  Таңылып  жатқан  идеологиялық  ұсынымдардың 
жалғандығын  адамдардың  байқауына  қарамастан,  олардың  санасы  ресми 
идеология, әсіресе білім жүйесі арқылы қайшылықты нанымдарға душар болды. 
Көп жылғы идеологиялық үстемдік іс-әрекеттердің теріс ойлау дағдыларын 
негіздеді.  Сындарлы  ойлау,  әлеуметтік-саяси,  рухани,  проблемаларды  талдау
дағдыларынан  айырылу  әрекетін  жасады,  осы  жағдай  тоталитарлы  дәуірде  сана 
бұзылысының аса қатерлі себебі болды. 
Дәуір  идеологиясына  сай,  әміршіл  педагогиканы  негізге  салған  білімдік 
үдеріс  құрылды,  оқушы  оқыту  мен  тәрбиенің  обектісіне  айналып,  мәжбүрлеу 
педагогикасы,  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  біртекті  сипатта  болды. 
Нәтижеде  «орташа  түлек»,  «орасан  үлкен  коммунистік  машинаның  тетігі» 
қалыптасты. 
Одан  «екі  жүзді  моральдық»,  «екі  қоғамдық  (ресми  және  тұрмыстық) 
сананың  болуы,  қоғамда  және  оның  жеке  азаматтарына  білімге  деген  баламалы 
ресми  қатынастарды  қалыптастырды. Осыған  орай ол дәуірде жекелеген
  

101 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жетібаев К.М.
 
Маман дайындаудағы білімнің жаңа құндылықтарын қалыптастыру жолдары
 
 
 
авторлық  мектептер  немесе  идеологиялық  технологиялар  ресми  педагогикаға 
қарсы озат педагогикалық үдерістері ұйымдастыруға бағыт алады.  
Білім  -  әлеуметтік  іс-әрекет  сапасы  ретінде  бүгінгі  күнде  қоғам 
құндылықтарын,  бүкіләлемдік  өркениет  құндылықтарын  меңгеру  үдерісінде 
тұлға дамуына жағдайлар жасауы тиіс. Осыған орай білім алу - оқыту мен жеке- 
дара  таным  әрекеттерінің,  тәрбие  мен  өзіндік  даму  және  әлеуметтанудың 
бірігуіне айналуы тиіс. Білім берудің мақсаты – еркін де дербес ойлаушы тұлға, 
азамат,  өз  Отанының  патриоты,  тәуелсіздік  пен  демократия  мұраттарына  шын 
берілген  білікті  маман  қалыптасуы  үшін  жағдайлар  жасау.  Қоғамдық  саяси 
өмірде  әлеуметтік  үдерістерге  белсенді,  әрі  сапалы  ықпал  жасайтын,  отбасы 
тағдырына  жауапкер  тұлға  қалыптастыру  -  маман  дайындаудың  негізгі  діңгегі 
болып  табылады.  Бұл  елдің  әлеуметтік-саяси  өміріне  демократиялық  негіздерін 
тезірек  енуіне,  шынайы  азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің 
қалыптасуына  жәрдемдеседі.  Әр  адамның  қоғамдық  өмірде  өз  орнын  тауып, 
еркін  ойлау  және  пікір  таластыру  мәдениетін,  осының  арқасында  тұлғаның  бай 
ішкі дүниесін қалыптастыру жағдайлары жасалады. 
Оқу  барысында  және  өз  бетінше  оқу  жүйесінде  дағдылар  меңгеріліп, 
білімдер  қабылданады.  Тәрбие  мен  өзіндік  тәрбиеде  жалпы  қабылданған  және 
тұлғалықтан қалыптасқан құндылықтар іске қосылады. 
Тәрбие  кең  мағынасында  –  бұл  әулеттен  әулетке  әлеуметтік-мәдени 
тәжірибені  жеткізу  және  тұлға  дамытудың  жағдайларын  жасауға  бағытталған 
арнайы ұйымдастырылатын, мақсатты үдеріс. Тәрбиенің тар мағынасында – бұл 
ересектердің  жас  баланы  қоғам  өмірінің  нақты  жағдайларына  қатыстыру,  оның 
дамуына шартты қалыптастыруды көздеген нақты бірлікті ісі. 
Бұл  үдерістердің  баршасы  бөлектенбейді,  сондықтан  бүгінгі  жағдайларда 
тұлғалық  бағыттағы  педагогиканы  ендіруде  тұлға  білімінің  барша  құрамдас 
бөліктерінің өзегі есептелетін білім күрделі үдерістер ретінде қарастырылады. 
Осыған орай, білімді жаңаша түсіну, яғни оны «көп білу» және әлеуметтік-
кәсіби  жағдайлардың  жиынтығын  меңгеру  деп  қарастырмай,  олардың  жоғары 
дәрежелі  іске  асуы  мен  өнімділік  деңгейі  ретімен  бағалануы  қажет.  Сондықтан 
оқытудың  өзін  бұрынғы  әміршіл  педагогикадағыдай  емес,  білім  үдерісіндегі 
жетекші  іс-әрекет  деп  қарастыру  қажет.  Әрбір  нақты  білім  жағдайында  оған 
қатысушылардың белгіленген қызығулары мен мақсаттарына тәуелді жетекшілік 
әрекет  міндетті  түрде  тұлғаны,  оның  даралығын  дамытып,  өзіндік  дамуына 
жағдайлар  жасауы  қажет.  Басқаша  айтар  болсақ,  білім  үдерісінде  тұлғаның 
дамуы басымдылықпен қамтамасыз етіледі.  
Жаңадан қалыптасқан қоғам еркіндігіне мән беріп, құндылықтың іске асуын 
қамтамасыз  етеді. Еркіндік  бұл  –  біріншіден,  адамның  өз  ниеттері,  қызығулары 
және  мақсаттарына  орай  ойлау  және  әрекеттену  мүмкіндіктері  мен  қабілеттері; 
екіншіден, сыртқы орта және жағдайларға тәуелсіздігі; үшіншіден, қабылданған 
шешімдеріне жауапкершілігі. 
Қоғамнан  болатын  еркіндік  шектеулері  адамның  өмірлік  әрекеттеріне 
себепші  болып, оның  сол  шектеулерді ерікті, әрі  саналы  қабылдап, оларды заң  

102 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жетібаев К.М.
 
Маман дайындаудағы білімнің жаңа құндылықтарын қалыптастыру жолдары
 
 
 
ретінде  қабылдауына  мүмкіндік  береді.  Қоғамда  адам  еркіндігі  басқа  адамдар 
еркіндігіне  тұсау  болмау  жағдайына  дейін  сақталады.  Адамдар  арасындағы 
қатынастарды  реттеуші  бағыт  және  моральдық  нормалар,  егер  тұлға  еркіндігін 
қамтамасыз  ететін  болса,  еркіндікке  балама  ретінде,  не  сыртқы  жағдайлар  - 
авторитаризм,  үстемдік  жасау,  мәжбүрлеу  немесе  ішкі  ерекшеліктер  - 
мақсатсыздық, еркінсіздік қызмет етеді. 
Әр  азамат  заңдарды  сақтауға,  өзінің  әлеуметтік  әрекет  қылығын  сақтауға, 
«өзінің  еркіндік  шамасын»  басқалар  еркіндігіне  зиян  келтірмеу  үшін  құруы 
қажет.  Дәл  осы  жаңа  құқықтық  ойлауды,  азаматтардың  құқықтық  мәдениетін 
қалыптастыруды  педагогика  саласы  өзіне  өзекті  міндет  етіп  алады.  Қуатты 
құқықтық  мемлекеттің  қалыптасу  үдерісі,  азаматтардың  саналы  құқықтық 
ойлауын  талап  етеді.  Әрбір  адам  өз  құқығын  анық,  айқын  білуі,  оларды 
пайдалана алуы, оларды қорғай, сақтай білуі шарт. Бұл үшін, ең алдымен, біздің 
тұрғындарымыздың құқықтық мүдделерін көтеруіміз керек. 
Бұл  үшін,  біріншіден,  жеке  әлеуметтік  топтардың,  не  адамдардың  заңды 
бөлектеп  қарастыруында,  заң  алдында  баршаның  тең  болатынын,  шектеген 
құқықтық  ойлаудың  көне  үлгілерінен  құтылуымыз  қажет.  Екіншіден,  адам 
құқығының мемлекет құқығынан басым келетінін, адам құқығы басты құндылық 
болатынын түсінуіміз қажет.  
Құқықтық 
мәдениет  қоғамда 
қалыптасушы 
қарым-қатынастардың, 
объективті шарттарының мүмкіндігінен қалыптасады. Құқықтық нормалар тұлға, 
әлеуметтік  топтар  арасындағы  көпжылдық  қарым-қатынас  тәжірибесінен 
қалыптасады. 
Еркіндік – бұл әр тұлғаның өз еркін паш етуі негізінде белсенділік көрсете 
білуі.  Әр  жеке  адамның  өз  еркін  шектеуі  этикалық нормалар  мен  принциптерді 
түсінуіне байланысты. Әлеуметтік саясаттағы, білімдегі гуманизм - бұл тұлғаның 
еркіндігін қамтамасыз ету арқылы өз құндылығын тануы. 
Сонымен,  еркіндік  -  бұл  адам  мүмкіндіктерінің  кедергісіз  ашылуына  жол 
берумен,  адамның  табиғи  құқығын,  оның  өмірлік  бағыт-бағдарын  іске  асыруға 
пайдалана алуы. 
Осылайша,  қоғамда  болып  жатқан  педагогикалық  әміршіл-әкімшілдікті 
жойып,  тұлғаның  өз  бетінше  еркін  дамуына  жол  ашатын  білім  құру  үшін 
құндылықтар қалыптастырылады, жағдайлар жасалады. 
Дегенмен, 
ескеретін 
жәйт: 
білімді 
гуманизациялау 
мен 
демократияландырудағы ең жоғары мақсат - тұлғаның бүгінгі еркіндігі мен оны 
болашақтағы  еркін  өміріне  дайындау,  еркін  сезімі  мен  адамгершілік,  кәсіптік, 
өмірлік  таңдау  қабілетін  орнықтыру.  Бүгінгі  таңда  білім  әлеуметтік–
педагогикалық  жүйені  бай,  еркіндігі  мен  өзіндік  дамуына  мүмкіндік  беретін 
құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Принциптік тұрғыдан білім - қажеттік 
аймағы,  оқыту-үйрету  мемлекеттік  заңдар  тарапынан  тағайындалу  міндет. 
Алайда,  осы  шектеулер  ішінде  еркіндік  шарттарын  қамтамасыздандырушы 
үдерістер дамуы мүмкін, дамиды да. 
 

103 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жетібаев К.М.
 
Маман дайындаудағы білімнің жаңа құндылықтарын қалыптастыру жолдары 
 
 
 
Білім  жетекшілігі  мен  даралануы,  жекеленген  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламалары,  таңдау  пәндері  мен  іс-әрекеттері,  оқушыға  болған  сенім  мен 
құрмет,  білімдік  үдерістердегі  өзіндік  басқарым  мен  келісім-шарттар  өзіндік 
дамудың  тереңдей  үдерістеріне  әрқашанда  ықпалын  тигізе  бермейтін  көп 
жағдайлардың  бір  бөлігі  ғана.  Еркіндік  ең  алдымен,  тұлғаның  өзіндік  өмірлік 
мүдделері  мен  мақсаттарын  танып,  оларды  іске  асыру  құқығының  арқасында 
пайда болады. 
Әміршіл-әкімшіл жүйе, коммунистік жүйе жағдайларында ресми–қоғамдық 
сана  адамның  өз  даралығын  паш  ету  құқығын  шектеді.  Даралық  сыңар  жақты 
индивидуализм, эгоизм деп танылды. Бұл жүйеге пайдалы да қолайлы болатын. 
Осыған  білім  үдерісі  де  «орташа  оқушыға  арналып,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларының  біртектілігін  ұстанды.  Қоғамның  қазіргі  жағдайларында  әр 
адамның «өзгешелігі» мойындалып, адам даралығы әлеуметтік құндылық ретінде 
қабылдана бастады. Адам даралығы тәрбие үдерісіндегі тума нышандар негізінде 
қалыптасады  және  бұл  адам  үшін  оның  өзіндік  тәрбие,  өзінің  мүмкіндіктерінің 
іске  асыру  үдерісінде  басты  жағдай  түрінде  қалыптастырылады.  Білімдар 
даралықты  ескерту  –  әрбір  тұлғаның  ең  жоғарғы  даму  мүмкіндіктерін  ашу, 
психологиялық ерекшеліктерінің бірегейлігі мен қайталанбастығын танудан даму 
жағдайларын  жасау.  Білімдегі  бағыттар  адамды  екінші  адаммен  салыстыруда 
емес,  сол  бір  адамның  өз  өмірінің  әр  кезеңіндегі  жағдайларын  салыстыруды 
талап  етеді.  Даралықты  ашу,  оның  кемелденуі  мен  дамуына  тиімді  шарттар 
жасау - білімнің басты міндеттерінің бірі. 
Білім - оқушы тұлғасының таным мен білім іс-әрекетінің субъектісі ретінде 
оның  даралықты  ерекшеліктерін  айқындап  алу  негізінде  дамуы  мен  өзіндік 
дамуын  қамтамасыз  ететін  үрдіс.  Ол  әрбір  оқушының  өзіндік  даму  жолын 
оқытудың  икемшіл  және  баламалы  формалары  мен  әдістерін  түзу  арқылы 
орындалады.  Оқу  даралығына  бағытталған  білім  үдерісі,  оның  қабілеттерін, 
бейімділігін,  қызығуларын,  құндылықты  бағытын  және  жеке  тәжірибесін  арқау 
етумен олардың таным мен білім іс-әрекетінде іске асыруға мүмкіндік алады. 
Білім мазмұны, оның құралдары мен әдістерін оқушыға оқу материалдарын, 
түрлері  мен  формаларын  таңдауына  мүмкіндік  беретіндей  етіп  құрылады.  Бұл 
мақсатта 
шығармашыл 
ойды 
жобаластырушы 
оқытудың 
жекеленген 
бағдарламалары түзіледі. 
Педагогикалық  гуманизмнің  шектеулі  болуы  бүгінде  мұғалімнің  дәстүрлі 
педагогикалық  құралдарды  жаңа  тәжірибелерге,  білімдік  үдерістің  мақсаттарын 
өзгертпей, икемдестіруінен көрінеді. Педагогикалық теорияларға бұл жағдайлар 
педагогикалық 
мақсаттарды, 
талаптарды, 
тәртіпті 
тұлғаны 
жобалау 
мүмкіндіктерін  әсірелеуден  туындады.  Тіпті,  гуманистік  бағытты  ұстанған 
педагогтардың өздері де, нақты нормативтік тәрбие ортасын түзумен айналысып, 
баланың  ішкі  жан  дүниесін,  оның  еркіндік,  өзіндік  жол-жобасы  мен  өзіндік 
мүмкіндіктерін іске асыру құқығын мойындамады. Қазіргі жағдайларда тұлғаның 
еркіндік  тұжырымдамасы,  педагогикалық-психологиялық  негіздемелері  нақты 
білімдік    үдерісте    іске    асырылуын    талап    етеді.  Егер    білімнің 
гуманистік
  

104 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет