А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Баетов К.Д.
Научные основы формирования здорового образа жизнедеятельности студенческой ...
«Механизм» и функционирование систем организма человека наиболее
полно проявляет себя при оптимальной физической деятельности в условиях
предельного напряжения. П.Б.Зильберман говорит о проявлении психического
стресса либо в эмоциональном всплеске, либо в скованности.
«Именно это состояние должно рассматриваться как помеха и ни в коем
случае не может смешиваться с состоянием напряжения, неизбежно
сопутствующим любой сложной деятельности, тем более такой, котороя
выполняется на уровне, близком к пределу данного индивидуума... Напряжение,
которое связано с эмоциями стенического плана, мобилизует энергетические
ресурсы организма» [12].
Здоровый образ жизни - это прежде всего деятельность, активность
личности, группы людей, общества, использующих материальные и духовные
условия и возможности в интересах здоровья, гармонии физического и духовного
развития человека. Здоровый образ жизни имеет свои количественные и
качественные параметры, определяемые как социальными, так и биологическими
факторами их взаимодействия.
Программа
социально-гигиенического
и
психофизиологического
управления образом жизни предполагает воспитание у человека способностей
предвидеть и подчинить сознанию и воле психосоматические последствия жизни
и деятельности, разработку научно-обоснованных методов активного
воздействия на духовный мир человека с целью предупреждения заболеваний и
укрепления здоровья, созидание нормального типа связей человека с
окружающей природой и социальной системой [12].
В наши дни, когда существенно изменился уклад, стиль, качество, ритм и в
целом образ жизни современных людей, социально-бытовые блага, которые
явились результатом научно-технического прогресса последнего столетия,
казалось бы, должны были принести с собой только позитивные преобразования
в качестве жизни человечества. Однако биологические, психологические
возможности и резервы человеческого организма не претерпели никаких
изменений. Ухудшающаяся экология, связанные с увеличением объема
поступающей информации частые стрессы, малоподвижный образ жизни,
нарушения режима питания, нерациональное чередование труда и отдыха,
переутомление - это далеко не полный перечень факторов, которые сказываются
самым негативным образом на здоровье современного человека. Налицо явный
дисбаланс между постоянной величиной – «резервы и возможности
человеческого организма» и изменяющейся величиной
– «условия
жизнедеятельности».
Как следствие этого, несмотря на все расширяющуюся сферу медицинского
обслуживания, ее широкомасштабные мероприятия – стремление к всеобщей
диспансеризации, увеличению числа и повышению качества подготовки
медперсонала, строительство оборудованных по новейшим мировым стандартам
клиник, больниц, курортов, домов отдыха и т.п. – количество людей, имеющих
отклонения в здоровье, не уменьшается. И загрязнение окружающей среды, и
120
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Баетов К.Д.
Научные основы формирования здорового образа жизнедеятельности студенческой ...
высокие уровни стрессовых состояний человека играют в этом далеко не
последнюю роль. Однако, общеизвестно, что главной и самой серьезной
причиной является нерациональный образ жизни, неоптимальное использование
сегодняшних научных достижений о человеческом организме, о его резервах,
психофизиологических, физических возможностях.
Реализуя принцип связи духовного, чувственного и физического развития
физическое воспитание способствует гармоническому развитию личности.
Поэтому физическая культура, обеспечивая совокупное формирование у
человека хорошего физического самочувствия, психического здоровья,
чувственного переживания гармонии его социального бытия с окружающей и
внутренней природой, со всем внешним миром позволяет достигать состояния
физического, психологического и нравственного благополучия, лежащих в
основе понятия «здоровье».
Быстроменяющиеся условия жизни (информационная насыщенность
общества, резкое снижение двигательной активности людей, глобализация,
изменение ценностных ориентиров людей) делает малоперспективным
преимущественное решение задач образования и развития. Таким образом, в
современной системе физического воспитания студентов в вузах наиболее
перспективной и важной становится эффективное использование той части
физической культуры, которые могут решать задачи повышения здоровья и
формирования культуры здоровья.
ЛИТЕРАТУРА
1.
Закон Республики Казахстан «О физической культуре и спорте». – Астана, 02.12.1999. -№490 -1.
2.
Казахские пословицы и поговорки / Сост. и пер. с каз. М.А.Аккозин. –Алма-Ата: Казахстан, 1985. -
88 с.
3.
Кикнадзе Д.А. Потребности, поведение, воспитание. М., 1968. -148 с.
4.
Матвеев Л.П. К теории построения спортивной тренировки // Теория и практика физической
культуры. 1991. №12. С. 11-20.
5.
Каган М.С. Человеческая деятельность (опыт системного анализа). М., 1974. -328 С.
6.
Крайник В.Л. Формирование учебной деятельности студентов первого курса (на материале
факультета физической культуры педвуза): автореферат канд. дисс. пед.наук: 13.00.01 – Барнаул,
1997. -24 с.
7.
Андриевский А.А. Организационно-методические условия совершенствования физического
воспитания студентов специальной медицинской группы на Крайнем Севере: автореф.канд.пед.
наук. – Красноярск, 2005. -24 с.
8.
Толстых В.И. Образ жизни. Понятие. Реальность. Проблемы.- М.: Политиздат, 1975. -183 с.
9.
Апанасенко Г.А., Попова Л.А. Медицинская валеология /Серия «Гиппократ». –Ростов-на-Дону:
Феникс, 2000. -248 с.
10.
Иванюшкин А.Я. «Здоровье» и «Болезнь» в системе ценностных ориентаций человека // Вестник
АМН СССР. 1982, т. 45, №4. С.29-33.
11.
Смирнов И.Н. Здоровье человека как философская проблема // Вопросы философии. -1985. №7. –
С.83.
12.
Сапарбаев М.Б. Теория и практика физической культуры в системе непрерывного образования:
автореф.докт.пед.наук: 13.00.01.- Алматы, 1993. -48 с.
121
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ү.И.МЕЛДЕБЕКОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.м.а.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
А.ЖҰБАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫН ЗЕРТТЕУ МЕН ДАМЫТУДАҒЫ
РӨЛІ
В статье рассмотрены роль и место выдающейся личности казахского музыкального
искусства А.Жубанова в развитии данной отрасли.
The author of the article reveals the role and place of A.Zhubanov the great figure of the Kazakh
music art in the development of this sphere.
ХХ ғасырдың басында, 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысының Темір
ауданында дүниеге келген Ахмет Жұбанов қазақ халқының тілегіне берген
Алланың ұлы сыйының бірі еді [1].
Кең даланың төріндегі маржандай шашылған асыл дүниенің іздеушісі,
жинаушысы, қазақ музыкасының сонау Әл-Фараби, Қорқыт бабамыздан
бастау алып, төгіліп-тасыған асыл мұрасын жинақтап, жалғастырып,
жандандыру үшін туған асыл тұлға болатын.
Туғаннан ерекше жаратылған қағылез, музыканың тылсым құдіретінен
қанатына қам жинаған Ахмет Жұбанов алғашқы кезде ауыл күйшісі
Талымнан, ауыл мұғалімі Қ.Ашғалиевтан, Ж.Тілеубергеновтен, әкесі
Қуаннан, ағасы Қ.Жұбановтан тәлім-тәрбие көрді. Жастайынан өзінің
музыкалық қабілетінің, зеректігінің арқасында ауылда хатшылық,
оқытушылық қызмет атқара жүріп, Темірде орыс халық аспаптар
әуесқойлары оркестріне қатысып, скрипкашы П.Черняктан сольфеджио,
скрипка, музыка теориясы бойынша сабақ алды.
1929 жылы Ленинградтың М.И.Глинка атындағы техникумында
А.А.Этигонның скрипка класы бойынша консерваторияда профессор
Ф.А.Ниманның габой класы бойынша дәріс алса, кейіннен музыка теориясы
мен тарихы факультетінде оқыды.
1930 жылы Ленинградтың «Рабочий и театр» журналында жарияланған
мақаласынан бастап А.Жұбанов – өмірінің соңына дейін үзбей еңбектенген
зерттеуші ғалым.
1932 жылы Өнер зерттеу академиясының қазіргі Театр, музыка және
кино институтының музыка бөлімі аспирантурасына қабылданды.
Осы кездерде Алматыда музыка және театр өнерін кәсіби түрде дамыту
мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқан болатын. Осы мақсатпен 1932 жылы
ашылған Алматыдағы музыка–драма техникумына 1933 жылы Ленинградтан
Ахмет Жұбановты арнайы шақыртып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби
музыка мамандарының тобын ұйымдастыру тапсырылды.
Техникумда Л.Майзель, В.Дьяковтар ұстаздық етті, ал домбыра сыныбы
бойынша халық күйшілері М.Бөкейханов, Л.Мұхитов, Қ.Медетов дәріс берді
[2].
122
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мелдебекова Ү.И.
А.Жұбановтың қазақ музыкасын зерттеу мен дамытудағы рөлі
А.Жұбанов Алматыға келгеннен кейін өзінен екі жыл бұрын Ленинград
консерваториясын бітірген Е.Брусиловскийді қызметке шақырды. А.Жұбанов
пен Е.Брусиловский бірігіп ұстаздық етумен техникум енді тек оқу орны
емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендетудің маңызды ошағына айналды.
Осы бастамамен техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті
мен қазақ халық аспаптарын жетілдіру музыка–тәжірибелік шеберханасы
ашылды. Бұл қызметке дәстүрлі музыка өнерінің шеберлері Ә.Қашаубаев,
А.Айтбаев, И.Байзақов, Қ.Байсейітов, Д.Нүрпейісова, М.Бөкейханов,
Л.Мұхитов, Қ.Жантілеуов, аспап жасаушы шеберлер ағайынды Романенколар
тартылды.
Алматыдағы музыка-драма техникумының алғашқы студенттері болып
әншілер Ришат, Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, дирижер Ғазиз
Дуғашев, трубашы Александр Спирин, музыка зерттеушісі Гауһар
Шомбалова
білім
алды.
Композиторлар
Қапаш
Мусин,
Құдыс
Қожамияровтар да осы оқу орнынан бастауыш музыкалық білім алды. 1934
жылы Алматыда Қазақтың халық аспаптары оркестрін құру жоспарланды.
Оркестрді ұйымдастыру мен оған басшылық жасау А.Жұбановқа жүктелді.
Осылайша алғашында техникум жанынан құрылған 11-17 адамы бар шағын
ансамбль енді Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық
аспаптары оркестрі болып қайта құрылып, оған А.Жұбанов жетекшілік етті.
Алғашқы оркестр құрамында Д.Нүрпейісова, О.Қабиғожин, Л.Мұхитов,
Қ.Жантілеуов,
Н.Бөкейханов,
Ж.Қаламбаев,
Ы.Уәлиев,
Ғ.Матов,
М.Жаппаспаев, Ж.Айпақов, Қ.Медетов, Ғ.Әлжанов, С.Көшекбаев сынды
дарындар қызмет етті.
Оркестрдің алғаш қаз тұрып, тыңнан жол салған кездерінен бастап, биік
белестерге көтерілуіне 20 жылға жуық оның көркемдік жетекшісі және бас
дирижері болған белгілі композитор, ұстаз-профессор, ғалым–академик
Ахмет Жұбанов өлшеусіз мол үлес қосты. Ол халқымыздың және халық
композиторларының шығармаларын оркестр репертуарларына енгізу, әр
түрлі орындаушылардан жинақталған туындыларды сұрыптап, бір жүйеге
келтіріп, нотаға түсіру, оркестрге лайықтап өңдеу, артистердің сауатын
ашып, жазба кәсіби мамандыққа баулу сияқты сан-салалы жұмыстарды
атқарды [3].
А.Жұбановтан тәлім алып, оркестрді ұзақ жылдар бойы басқарған КСРО
халық артисі, профессор Шамған Қажығалиевтің де оркестр тарихындағы
орны ерекше. Бұл оркестрге Л.Хамиди, Л.Шаргородский, М.Төлебаев,
Қ.Мусин,
М.Жаппасбаев,
Ж.Қаламбаев,
Н.Тілендиев,
Ф.Мансуров,
А.Мырзабеков, Қ.Нүсіпов, М.Әубәкіров, Г.Софонцев, А.Жайымов сынды
өнер иелері де әр кезеңде дирижерлік қызмет атқарды.
Бұл оркестрдің репертуарында Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей,
Ықылас, Сармалай, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Қазанғап,
123
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Мелдебекова Ү.И.
А.Жұбановтың қазақ музыкасын зерттеу мен дамытудағы рөлі
Сейтек, Дина, Сүгір тәрізді халық композиторларымен қатар, шетел
композиторлары Гайдн, Моцарт, Бетховен, Россини, Глинка, Чайковский
шығармалары да орын алды.
А.Жұбанов Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияны да ашып,
консерватория мен Ұлттық ғылым академиясының негізін салушылардың бірі
болды.
А.Жұбанов алғаш қазақ тілінде «Музыкалық әліппе» атты оқулық жазды,
музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары»
кітаптарының авторы. «Қазақтың халық композиторларының өмірі мен
творчествосы» атты еңбегі жоғары бағаланып, осы кітабы үшін өнертану
ғылымының докторы атағы берілді.
А.Жұбанов халық күйлерін өңдеп, халық аспаптары оркестріне түсіріп
отырды. Халық композиторы Сары Батақұлының өмірінен алып жазған «Сары»
атты бір актілі пьесасының (1938) музыкасы көрермен қауымының назарын
аударды.
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1938), М.Ақынжановтың
«Исатай–Махамбет» (М.М.Иванов – Соколовскиймен бірге, 1938) пьесасына,
«Амангелді» фильміне (1938 ж. М.Ф.Гнесинмен бірге) музыка, «Отаным», «Ақ
шолпан», «Біздің ел», «Күнім – Москва», «Партия туралы ән», «Жылқышы»,
«Лирикалық ән», т.б. ән мен хорлар жазды. 1940 жылдары «Тәжік билері»,
«Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюита», «Абай»
сюитасы, т.б. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы «Серт», «Қалғанша қасық қан»,
«Москва», «Майданнан хат», «Қарлығаш» сияқты вокалдық туындылары ұлттық
музыка мәдениетіне соны мелодиялық өрнек әкелді.
А.Жұбанов пен Л.Хамидидің бірігіп жазған «Абай» операсы қазақтың ұлы
ойшылы, ақын композиторы Абай Құнанбаевтың 100 жыл толуына орай
жазылып, бұл операның тұсаукесері 1944 жылдың желтоқсанында кесілді.
А.Жұбанов 1950 жылы «10 тәжік биін» жазып, камералық шығармалардың
ішінде «10 тәжік биі» лайықты орынға ие болды.
А.Жұбановтың «Қарлығаш» және «Ақ көгершін» әні, «Тән күйі» бүгінгі
таңда музыка өнерінде өзінің орны ерекше шығармалар.
Қазақ музыка өнерінің барлық саласын классикалық дәрежеге көтерген,
өлшеусіз еңбегі мол – Қазақ Совет музыка зерттеушісі, музыка жазушысы –
тарихшы, композитор, дирижер, Қаз ССР Ғылым академиясының академигі,
өнертану ғылымының докторы, профессор, өнер тарланы Ахмет Жұбанов (1906-
1968) қазақ халқының шоқ жұлдызы. Оның еңбегі, өнері мәңгі өлмейді. Жастар
мектепте, институтта, өнер академиясында, өмірде оның мұраларын қашанда
сүйіп тыңдап, музыка өнерінің қыр-сырына қанығады.
Мәдени мұраның алтын қоры – халқына мол қазына!
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақ совет энциклопедиясы. Бас редакторы М.Қ.Қаратаев. Алматы 1974. 4 т. 491 бет.
2.
Музыка. Алматы: «Атамұра». 2002. – 23 бет.
3.
Союз композиторов Казахстана. Справочник, А-Ата, 1968.
124
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Г.А.ЖҮНІСОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
Л.Т.ҚҰРБАНӘЛИЕВ
физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН
МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
В данной статье анализируется зарубежный опыт изучения вероятностно-статистического
материала на начальном курсе. Рассматриваются возможные вероятностно-статистические линии
содержания обучения математике на начальных курсах университетов Казахстана, а также
приводятся методические рекомендации к изучению некоторых вероятностно-статистических тем.
The authors of this article analyse the foreign experience of study of probable and statistic material in
the first year. Some possible probable and statistic directions of the content of Mathematics teaching in the
first year of universities in Kazakhstan have been considered in the article, some methodical
recommendations for studying some of these probable and statistic topics have been presented as well.
Кіші курстағы студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескеріп
математика курсындағы ықтималдықтар теориясы мен математикалық
статистиканың тек жеке элементтері туралы айтуға болады. Ықтималдықтар
теориясы мен математикалық статистиканың тек жеке элементтері бойынша
келешекте
кіші
жастағы
студенттердің
ықтималдық-статистикалық
мәдениетінің элементтері негізделетінін ескеріп мазмұнды нақты анықтайық.
Бұл ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың әрбір
компоненті студенттердің оқып-үйренуіне мақсатты және түсінікті болатын
элементтерден тұрады дегенді білдіреді.
1.Ықтималдықтар теориясының элементтері
Л.О.Бычкова өзінің жұмысында «әр түрлі жастағы оқушыларда
ықтималдық-статистикалық түсініктерді қалыптастыру мүмкіндігі мен
жағдайына байланысты жас шамасына қарай үш топты» белгілеген шетелдік
психологтар Ж.Пиаже мен Б.Инельдердің қорытындыларына сілтеме
жасайды. Бірінші топ - 6-дан 9 жасқа дейін, екіншісі - 9-дан 12 жасқа дейін
және үшіншісі 12 жас және одан жоғары. Зерттеушілердің ойынша бірінші
топ үшін оның белгісізбен теңестірілуі, кездейсоқтық туралы нақты
түсініктердің жоқтығы, «тұрақтылыққа ұмтылуға» тән [1].
Студенттерде оқытудың төменгі сатысында эмпирикалық материалды
жинақтау үдерісінде кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығы сияқты негізгі
теориялық (ықтималдық) ұғымдар туралы түсініктер қалыптасады.
Студенттер біртіндеп кездейсоқ шамаларды жүзеге асыру ретінде
статистикалық мәліметтерді, ал статистикалық мәліметтерді талдау үшін
ықтималдық әдістер пайдаланылатыны туралы түсініктерді меңгереді.
Л.О.Бычкова мен В.Д.Селютиннің мақалаларында көрсетілген дамыған
елдердегі бастауыш сынып математика курсында ықтималдықтар теориясы
125
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жүнісова Г.А., Құрбанәлиев Л.Т.
Студенттер үшін ықтималдықтар теориясы мен математикалық...
элементтерінің бар болуын талдау негізінде Англия мен Уэльстің бастауыш
сынып оқушылары ықтималдық терминдерін дұрыс пайдалану, азды және
көпті ықтималдық шешімді эксперименттер туралы білулері керектігін атауға
болады. Жапония мектебінің оқушыларында 7 жастан бастап эмпирикалық
мәліметтермен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. АҚШ-та қарапайым
ықтималдықты тіпті бастауыш сынып оқушылары да таба алады [2].
Соңғы уақытта бастауыш курсына ықтималдықтар теориясы мен
математикалық статистика элементтерін енгізу сұрағына қатысты
жұмыстардың көп саны жарияланды, бірақ оларда негізінен мұндай
қажеттіліктің себебі ғана қозғалған. Ықтималдықтар теориясының қандай
элементтерін бастауыш курсына енгізудің мақсаттылығына нақтылы
нұсқаулар кездеспейді. Берілген сұрақ бойынша математикалық және
әдістемелік әдебиеттерге жүргізілген талдауларға және жеке тәжірибеге
сәйкес бастауыш курсында оқып-үйрену түсінікті және мақсатты болатын
ықтималдықтар теориясының элементтерін беруге болады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың ықтималдық құрамының
негізгі элементтері мыналар:
1. Оқиға, оқиғаның ықтималдығы туралы түсініктерді қалыптастыру.
2. Оқиғаның негізгі түрлерімен (анық, мүмкін емес, кездейсоқ, қарам-
қарсы, ортақ және ортақ емес, тәуелді және тәуелсіз) және ықтималдықтың
анықтамаларымен (классикалық және статистикалық) таныстыру.
Бастауыш курсының ықтималдық құрамды элементтерін толығырақ
қарастыруға болады:
1. Оқиға, оқиғаның ықтималдығы түсініктерін қалыптастыру.
«Оқиға» және «Оқиға ықтималдығы» ұғымдары интуитивті деңгейде
енгізіледі, яғни оқушылар барлық әрекеттер, құбылыстар, әр түрлі нәтижелі
(немесе бір нәтижелі) бірнеше бақылаулар берілген шарттар кешенінде қол
жеткізгендері сынақ болып, ал осы сынақ нәтижесі оқиға болып
табылатынын меңгеруі қажет. Мұның барлығы ойын түрінде жүруі мүмкін.
Оқиғаның ықтималдығы студенттермен берілген оқиғаның орындалуының
нақты мүмкіндігін білдіретін сан ретінде түсініледі. Оқиға ықтималдығы
нақты мысалдарда суреттелетін сандық шама. Кіші курс студенттерімен
жүргізілген эксперименттер нәтижелері оларға бұл ұғымдардың түсініктілігін
нақтылайды. Мысалы, егер футбол добы терезеге тисе, онда нәтижесінде не
болуы мүмкін [1]. Пайымдау барысында бірнеше әр түрлі нәтижелердің бар
екендігі анықталады:
- әйнек сынады;
- әйнек шытынайды;
- әйнек бүтін қалады.
Берілген нәтижелердің болуы мүмкін оқиғалар болып табылады.
126
Достарыңызбен бөлісу: |