Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44

 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жетібаев К.М.
 
Маман дайындаудағы білімнің жаңа құндылықтарын қалыптастыру жолдары
 
 
 
принциптеріне  жүгінетін  болсақ,  баланың  бір  уақытта  тәрбие  объектісі,  не 
субъектісі  де  болатынын  мойындау  керек.  Бала  тек  өзін  қалыпқа  келтіруші 
субъекті  ретінде  танылады.  Бұрынғы  білімдік  жүйе  тіпті,  жоғары  сынып 
оқушылары  мен  студенттер,  оқытушылар  мен  мұғалімерді  қалыптастырушы 
құралдар ретінде қарастырылып, педагогикалық жоспарлар мен бағдарламаларды 
іске асырудағы жәрдемші шаралар болып танылатын. 
Білімдік  үдерістегі  оқушы  еркіндігіне  бағытталған  гуманистік  педагогика 
білімдік  іс-әрекеттің  мақсаттары  және  барша  субъектілер  құралдарының 
үйлесімін  арқау  етеді.  Мұндай  педагогика  педагогты  да,  талапты  да,  топты  да, 
әлеуметті  де  тәрбие  мазмұнының  иесі  деп  біледі.  Білім  объектісі  –  бұл  тек 
білімдік материал.  
Білімдегі  еркіндік  жағдайы  еркін  таңдау  мен  шығармашыл  іс-әрекеті 
мүмкіндігі  арқасында  орнығады.  Маңызды  педагогика  және  практикалық 
проблемалар  жағдайларын  ескерумен  өзін-өзі  тану  педагогикасын  нақтылап, 
жүзеге  асыру  –  білімдік  үдеріске  оқушыларды  іс-әрекеттің  әрқилы  түрлеріне 
сәйкес  өз  қабілеттерін  ашып,  пайдалануға  үйрету.  Бұл  бағыттағы  ізденістер  – 
«науқандық»  шаралардан  құрылып,  еркін  үйрету  мен  еркін  үйретудің  басын 
қосқан  еркін,  қызметтестік  педагогикасына  өту.  Осыдан,  педагог  пен  оқушы 
арасында мақсатқа бірлікті жетудің жолын беретін арақатынастар жүйесін түзіп, 
сенім  мен  мүдделер  бірлігін  мейлінше  көздеп,  білім  үдерісінің  барша 
қатысушыларына қабілеттеріне қарай ашуға мүмкіндіктер жасау қажет. 
Қорыта  айтқанда,  оқу-тәрбиелік  үдерісті  тиімді  ұйымдастыру  үшін  оның 
барша  субъектілері  оқушылар,  сынып  және  мұғалім,  оқушы  және  мұғалім, 
мұғалімдер арасында, мұғалім мен білім мекемесі басшыларының арасында өзара 
түсіністік орнықтыру қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Развитие  системы  общего  среднего  образования  в  современном  мире:  учебное  пособие  / 
Составитель Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003.  
2.
 
Развитие образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996.  
3.
 
Садыков  Т.С.,  Абылкасымова  А.Е.,  Жумабекова  Р.М.  Развитие  системы  среднего  общего 
образования: -Алматы: НИЦ Ғылым, 2002.  
4.
 
Бухвалов  В.А.  Развитие  учащихся  в  процессе  творчества  и  сотрудничества.  –М.:  Центр 
“Педагогический поиск”, 2000. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

105 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Г.А.ЖҮНІСОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Л.Т.ҚҰРБАНӘЛИЕВ  
физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
КӨПМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ МІНДЕТТЕРІ 
 
В  статье  говорится,  что  цель  формирования  поликультурной  личности  студента  состоит  в 
формировании  человека,  способного  к  активной  и  эффективной  жизнедеятельности  в 
многонациональной  и  поликультурной  среде,  обладающего  развитым  чувством  понимания  и 
уважения других культур, умеющего жить в мире и согласии с людьми разных национальностей. 
 
The author of this article emphasizes that the purpose of formation of a poly-cultural individual of a 
student consists in the formation of a person capable of active and effective way of life in the multinational 
environment,  having  the  feeling  of  understanding  and  respect  to  other  cultures  and  being  able  to  live  in 
peace and harmony with people of different nationalities. 
 
Қазіргі  кезде  білім  беру  саясаты  көпмәдениеттілік  контексінде  даму 
үстінде.  Осы  жағдайда  педагогика  ғылымы  студенттерді  мінез-құлық 
нормалары, салт-дәстүрлер мен көптеген әдеттермен таныстыру мақсатында, 
олардың  әртүрлі  мәдениетті  қабылдау  қабілетін  және  оларға  деген  ұқыпты 
қатынасты,  толеранттылықты,  әртүрлі  ұрпақтар,  тілдер  мен  менталитеттегі 
адамдармен  қарым-қатынас  және  бірлестік  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағытталған  білім  берудің  мақсаттары  мен  құндылықтарын  өзгертуге  қарай 
бағыт алуда. 
90-жылдары  білім  берудің  жаңа  тұжырымдамалары  жасалды,  оның 
ішінде 
Қазақстан 
Республикасындағы 
этномәдени 
білім 
беру 
тұжырымдамасы да болды [1], аталған құжатта «көпмәдени тұлға» ұғымына 
нақты анықтама берілді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, «көпмәдени тұлға – 
бұл  лингвистикалық  санасы  жоғары  дамыған  индивид.  Ана  тілі  мен 
мемлекеттік тілді білу, шет тілін меңгеру тұлғаның дүниетанымын кеңейтеді, 
оның  жан-жақты  дамуына  ықпал  етеді,  әлемді  ауқымды  көруге  және 
толеранттылық  бағдарын  қалыптастыруға  ықпал  етеді»  [1].  Бұл  анықтама 
бізге жаңа ұрпақтың қандай болу қажеттілігі туралы түсінік береді. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  шындық  бір  жағынан,  білім  берудегі 
этномәдени  факторды  ескеру  қажеттілігін,  екінші  жағынан  –  басқа 
халықтардың  мәдениетін  тану  үшін  жағдай  жасау  қажеттілігін,  әртүрлі 
этностарға,  конфессияларға,  ұлттарға  жататын  адамдар  арасындағы 
толерантты  қатынастарды  тәрбиелеу  қажеттілігін  ескеруді  талап  етеді. 
Сондықтан  көпмәдени  білім  беру  мәселесі  педагогтардың  назарында  болып 
отыр.  
Қазақстанның  қазіргі  заманғы  университет  жағдайында  көпмәдени 
тәрбие  беруді  жүзеге  асырудың  мақсаттары,  міндеттері  және  негізгі 
бағыттары қандай?  Көпмәдени 
тәрбие берудің  мазмұны көпаспектілі және
  

106 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісова Г.А., Құрбанәлиев Л.Т.
 
Көпмәдени тәрбие беру міндеттері
 
 
 
пәнаралықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді, ол көпмәдени тәрбие беру 
мәселелерін  гуманитарлық,  жаратылыстану-ғылыми,  көркемдік-эстетикалық 
циклдағы  оқу  пәндерінің  құрамында  қарастыруға  мүмкіндік  береді. 
Көпмәдени  тәрбие  берудің  мазмұны  келесі  критерийлерге  сәйкес  келуі 
маңызды: 
- оқу материалында гуманистік идеялардың көрінісі; 
- әлем мен Қазақстан халықтары мәдениетіндегі қайталанбайтын өзіндік 
белгілерінің сипаттамасы; 
-  қазақстандық  халықтардың  мәдениетінде  бейбіт  және  келісімде  өмір 
сүруге мүмкіндік беретін дәстүрлерінің жалпы элементтерін ашу; 
-  студенттерді  әлемдік  мәдениетке  баулу,  жаһандану  үдерісін,  қазіргі 
заманда елдер мен халықтардың өзара байланысын ашу. 
Көпмәдени  тәрбие  беру  үдерісінде  студенттің  өз  ұлтының  мәдениетіне 
баулу,  ал  одан  –  қазақстандық  және  әлемдік  мәдениетке  баулу  жүзеге 
асырылады.  Университет  студенттерді  өз  ұлтының  мәдениеті  мен  ана  тілге 
баулу  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасайды.  Университет  оқу  жоспарларына 
мәдениеттің,  тарихтың,  діннің,  халықтық  өнердің  интеграцияланған 
курстарын  енгізу  әртүрлі  этноұлттық  қауымдастықтардың  мәдени-тарихи 
тәжірибесінің өзара әсерін, өзара енуін және өзара байытуын түсінуге, оның 
жалпыадамзаттық потенциалын анықтауға көмек береді.  
Үздіксіз  көпмәдени  тәрбие  берудің  мазмұнын  таңдауда  және  оның 
құрылымын  құруда  дидактикадағы  тұрақты  принциптерді  ескеру  қажет, 
алайда  ерекше  назарды  үздіксіз  көпмәдени  тәрбие  беру  ортасын  құруға 
арналған негіздерге аудару қажет. 
Гуманистік бағдарлау бірінші принцип болып саналады 
Гуманистік  тәсіл  студенттердің  ішкі  нышандарын  біртұтас  дамытуға, 
олардың  рухани  және  танымдық  қажеттіліктерін  дамытуға,  мәдениеттің 
әмбебап  құндылықтарына  баулуға  психологиялық  жағдай  жасауды 
қарастырады.  Бұдан  басқа,  гуманистік  тәсіл  дәстүрлі  педагогикалық 
дүниетанымды өзгертуге мүмкіндік береді: басты әрекет етуші адам субъект 
ретінде біртұтас жүйе ретіндегі оқушылардың жеке тұлғасы алынады. 
Университеттегі  тәрбие беру  үдерісін  гуманизациялаудың  мәні  мынада: 
студенттердің 
педагогтардың 
оқыту 
әсерін 
белсенді 
қабылдауға 
қызығушылық  танытуына  жағдай  жасауын,  олардың  тұлғалық,  рухани-
адамгершілік сапаларын, танымдық үдерістерін тиімді дамытуды қамтамасыз 
ететін  оқытудың  формалары  мен  әдістерін,  мазмұнын  таңдау  және  қолдану 
болып табылады.  
Үздіксіз  көпмәдени  тәрбие  беру  ортасын  құруды,  біртұтас 
педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға болады. Үздіксіз көпмәдени тәрбие 
беру  студенттердің  өздерінің  этномәдениетінің  құндылықтарын  түсіну  және 
білім  берудің  мазмұнын  жүзеге  асыратын,  педагогикалық  шарттарды құру 

107 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісова Г.А., Құрбанәлиев Л.Т.
 
Көпмәдени тәрбие беру міндеттері
 
 
 
арқылы  этносаралық интеграцияның маңыздылығын саналау арқылы тәрбие 
беру  негізінде  жүзеге  асырылады,  онда  өзіндік  мәдениеттің  жетістіктерімен 
бірге, білім мен мәдениеттің әлемдік үлгілері үйлеседі. 
Көпмәдени тәрбие беру міндеттерін шешу оқыту мен тәрбиенің белсенді 
әдістерін  кең  қолдануды  талап  етеді.  Мысалы,  білім  берудің 
этнопедагогикалық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеретін, жаңа 
тәсілдің  мәні,  біріншіден,  спецификалық  жалпы  формада  студенттерге  оқу 
материалының  қажетті  көлемін  беру  (әлем  туралы  бірыңғай  білім  кешені 
түрінде); 
екіншіден, 
студенттердің 
шығармашылық, 
эвристикалық, 
прогностикалық, дедуктивті ойлау стилін қалыптастырудан тұрады. Ол үшін 
алдымен,  әртүрлі  пәндерде  әлем  туралы,  этностардың  табиғаты  туралы, 
олардың  тілі  мен  мәдениеті  туралы,  басқа  да  ұлттық  ерекшеліктері  туралы 
жалпы  білімді  зерттеу  қажет,  яғни  төмендегі  еңбектерде  берілген,  жүйелі 
және  функционалды-құрылымдық  тәсілдің  негізінде,  ұлтаралық  қарым-
қатынас  мәдениетін  қалыптастырудың  компоненттерінің  мәні  мен  негізгі 
мазмұнын зерттеу қажет [2]. 
Этносаралық  қатынастарды  үйлесімді  ету,  оқу-тәрбие  мекемелерінде 
қалыпты  әлеуметтік-этностық  және  психологиялық  атмосфераны  құру 
мақсатында,  сонымен  бірге  гуманистік  этномәдени  байланыстарды 
қалыптастыру  мақсатында  оқушыларды  іс-әрекеттің  көпжоспарлы  оқу  және 
сабақтан тыс түрлеріне баулу қажет, олар: 
-тарихи  мәні  бар  даталы  күндер  мен  ұлттық  мерекелерді  өткізу, 
мәдениет,  әдебиет,  ғылым  саласының  танымал  қайраткерлері  мен  халық 
батырларының мерейтойларын өткізу; 
-ұлттық мәдениет бойынша олимпиадалар мен көрмелерді ұйымдастыру, 
спорттың ұлттық түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу; 
-ұлттық  әндер  мен  билер  орындалатын  фольклорлық  концерттерді 
жүргізу; 
-  ұлттық тағамдарды үздік дайындау бойынша сайыстар ұйымдастыру. 
Балаларды  көпмәдени  тәрбие  беру  мекемелерінде  өзінің  ұлттық 
мәдениетіне баулу  білім берудің  «балабақша  -  жалпы  білім  беретін  мектеп» 
(гимназия,  лицей,  колледж)  сияқты  кешенді  жүйесін  ұйымдастыру  арқылы, 
демалыс  күні  мектебін  (жексенбілік  мектеп)  ұйымдастыру  арқылы  аса 
нәтижелі  болады.  Балаларды  ерте  жастан  өз  халқының  ортасына  енгізу,  ана 
тілін меңгерту оның «өзін этносоциумның бір бөлшегі» ретінде саналауына, 
оның дәстүрлі ұлттық мәдениетке баулуына ықпал етеді. 
Көпмәдени  ортадағы  толерантты  тұлғаны  қалыптастыру  бойынша 
әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстың  маңызды  аспектісі  ретінде  балаларды 
халықтық-педагогикалық,  ұлттық-мәдени  дәстүрлер  арқылы  тәрбиелеу 
алынады. 
Тарихи  тәжірибе  көрсеткендей,  ұлттық  дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, 

108 
 
  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісова Г.А., Құрбанәлиев Л.Т.
 
Көпмәдени тәрбие беру міндеттері
 
 
 
талғамды  білмеу  көп  жағдайда  басқа  этностық  қауымдастық  өкілдерімен 
қарым-қатынаста  күрделі  қиындықтарды  туындатады.  Ұлттық  дәстүрлерді, 
әдет-ғұрыптардың  мәні,  олардың  мазмұны  әртүрлі  халықтарда  әртүрлі 
көрінеді. 
Ұлттық  психологияның    бейнесі  мен  тұрақтануында  этностың  тарихи 
даму  барысында  қалыптасқан  және  бекіген  іс-әрекет  пен  мінез-құлықтың 
жағымды  мәнділігін  дәлелдеп  көрсеткен  формалары,  соларға  сәйкес 
ережелер,  құндылықтар  ерекше  рөл  атқарады.  Дәстүрлер  мен  нормалар 
этностың өмірі мен іс-әрекетінде «жинақталады», олар алдыңғы ұрпақтың оң 
тәжірибесін  көрсетеді.  «Ұлттың  өмірі,  ұлттық  өмір  ата-бабалармен  үздіксіз 
байланыс  және  олардың  өсиеттерін  құрметтеу  болып  саналады.  Ұлттықта 
әрдайым дәстүрлі бар» - деп жазған Н.А.Бердяев. 
Дәстүрлер  алуан  түрлі.  Оларға  қарап  халық  туралы  немесе  оның 
тұрмысының  бір  жағы  туралы  айтуға  болады.  Консерватизм  сияқты 
дәстүрдің  бір  белгісі  кейде  жақсылық,  көмек  болады,  себебі  халықтың 
тұрақтылығының, 
оның 
адамгершілік 
негіздерінің, 
менталитетінің 
тұрақтылығының  шарты  болып  табылады.  Дәстүрлерде  адамзаттың, 
халықтардың, адамдардың мыңжылдық рухани ізденістері жинақталады және 
тоғысады,  себебі  адамзат  –  бұл  біртұтас  ғаламдық  этнос,  тұлға;  ал  халық  – 
бұл тарихи тұлға; индивид – адамның біртұтас бейнесі, адамзаттық тұлға. 
Жекелеген 
тұлғалардың 
рухани 
байланысында 
ұрпақтар 
сабақтастығының  ізі  байқалады.  Ата-бабалардың  рухани  құндылықтары 
әңгімелерде,  аңыздарда,  өсиет  сөздерде,  мақал-мәтелдерде  сақталады  және 
беріледі.  Ата-бабалар  ұрпақтардың  тілімен  сөйлейді.  Мысалы,  ұрпақтардың 
сабақтастық 
байланысын 
бекітуде 
үлкендер 
тікелей 
өздерінің 
тәрбиеленушілері,  рухани  құндылықтар  арқылы  қатысады.  Халық 
педагогикасына  көмек  ретінде  мемлекеттік  деңгейдегі  халыққа  білім  беру 
келеді, ол ұрпақтар сабақтастығын оқыту мен тәрбие үдерісінде қамтамасыз 
етеді. 
Мектептің міндеті халықтық ұлттық мәдениеттің жағымды жақтарының 
әсерін  күшейтуде  байқалады,  әсіресе  этностың,  жеке  тұлғаның  мінез-құлқы 
мен  дамуында,  оның  Отанға  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыруда,  өз 
халқының  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарына  сыйласымды  қатынасында, 
басқа ұлттардың адамдарына деген қатынаста байқалады. 
Этномәдени  даярлықтың  міндеттерін  тар  мағынасында,  ұлттық 
мәдениетке баулу, оның элементтерін қайта жаңғырту ретінде ғана түсінбеу 
керек.  Оның  мақсаты  –  оқушыларды  көпмәдени  әлемдік  өркениет 
жағдайында  толыққанды  өмірге  дайындау.  Аталған  бағытта  педагогикалық 
ұжымның  іс-әрекетін  нақты  ұйымдастыру  қажет, оның  құрамына  енетіндер: 
балаларды этномәдени дамытудың формалары мен әдістерін мақсатты түрде 
таңдау;  этномәдени   тәрбие   міндеттерін   жүзеге  асырудағы    сабақтастық; 

109 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісова Г.А., Құрбанәлиев Л.Т.
 
Көпмәдени тәрбие беру міндеттері
 
 
 
дәстүрлер арқылы бекітілген оң тәжірибеге сүйену; оқушылардың жас және 
дара  қажеттіліктерін  есепке  алу;  балаларға  этноәлеуметтік  және  көпмәдени 
тәрбие беру бойынша іс-әрекетті жоспарлау және аталған жұмыстың мектеп 
іс-әрекетінің басқа түрлерімен ішкі байланысын қамтамасыз ету [3]. 
Ұлттық  мәдениетке  баулу  үдерісінде  педагогқа  балалардың  этномәдени 
көріністерін  дамыту  бойынша  ерекше  ыждағаттылық  сияқты  талап 
қойылады. Оқушылардың тұлғалық сапаларының, көпмәдени, этностық білім 
және біліктер жүйесін қалыптастыру бойынша педагогикалық әрекеттің сәтті 
болуы  көп  жағдайда  этноәлеуметтік  және  көпмәдени  тәрбие  берудің 
теориясы  мен  шынайы  өмірлік  жағдайлар,  оқыту  тәжірибесімен  логикалық 
және  бірізді  байланысына  байланысты  болады.  Егер  алынған  білім  болашақ 
өмірде  қажет  болса,  оқушы  оны  алуға  ұмтылатын  болады.  Егер  оқушы 
алынған  білімнің  қажеттілігін  сезсе  немесе  оның  сапалы  берілмеуіне  сенсе, 
оған материалды күштеп меңгерту қиынға соғады [4]. 
Халықтардың  дәстүрлі  педагогикалық  мәдениетін  қолдану  бойынша  әлі 
де  шешілмеген  мәселелер  бар.  Біздің  пікіріміз  бойынша,  тәрбие,  қайта 
тәрбиелеу мақсаттарына түзетулер енгізу, тәрбиеленгендіктің критерийлерін 
нақтылау  қажет.  Яғни,  педагогтар  өткен  тәжірибені  қайта  саналауға  мәнді 
әсер етулері керек. Тағы бір маңызды міндет ретінде халық дәстүрлерін, әдет-
ғұрыптарын  таңдау  алынады.  Біздің  пікірімізше,  бүгінгі  күні  бұл  міндет 
халықтардың  ассимиляциясына  байланысты  маңызды  болып  саналады.  Бұл 
тарихи үдеріс заңды болып табылады. Бір халықтар кетеді, екінші бір халық 
келеді.  Бұл  аспектіде,  біз  –  этнопедагогтар  халық  тәрбиесінде  ең  құнды 
нәрсені сақтауымыз және болашақ ұрпаққа беруіміз қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
  
1.
 
Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы, 21.06.1995, №2347. 
2.
 
Ушакова Е.В. Общая теория материи (Основы построения). Барнаул, 1992. Ч. 1-3.  
3.
 
Филиппов В.Н. Образование в духовном обновлении России. / Философия образования: Сб. науч. Тр. 
БГПУ.- Выпуск первый. Барнаул, 1994.  
4.
 
Федорова  С.Н.  Этнокультурная  подготовка  в  современной  школе.  Материалы  конференции.  Спб. 
2007. 58 -с.  
5.
 
Матис В.И. Теория и практика развития национальной школы в поликультурном обществе: дисс.д-ра 
наук /В.И.Матис. – Барнаул, 1999. -314 с.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

110 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Б.Т.ОРТАЕВ  
 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Г.АБДУЛЛИНА  
 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушы 
 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ІСКЕРЛІКТЕРДІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ РӨЛІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  вопросы  о  внедрении  интеллектуальной  инициативы  в 
учебный процесс общеобразовательных школ.  
 
This  article  deals  with  the  question  of  introduction  of  the  intellectual  initiative  into  the  teaching 
process of comprehensive schools. 
 
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына өмірлік қажетті білімдер мен 
іскерліктерді меңгерту үшін, адамның кәсіби еңбек іс-әрекеті түрлеріне баулу 
жүзеге асырылады. Айтылған мәселе білім беру жүйесінде жалпылық сипатта 
болады,  ал  оның  жүзеге  асырылуы  нақтылықты  талап  ететіні  белгілі  және 
жекелеген оқу пәндерінде қамтамасыз етіледі. 
Қазіргі  таңда барлық  сала,  оның  ішінде  білім беру  саласы  бойынша да, 
технологиялық мәдениетті меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі қолға 
алынуда.  Технологиялық  мәдениет  мәселесі  ерекше  мәдениет  түрі  ретінде, 
жалпылық  сипат  алады  және  мәдениет  аясындағы  іс-әрекет  түрлерін 
қамтиды. 
Мектептің  білім  беру  мазмұнында  ғылым  негізі  пәндері  еңбекке  және 
кәсіпке  дайындықтың  ғылыми  негіздері  бойынша  білім  және  іскерліктерін 
қалыптастыруға  бағытталады.  Ал,  олардың  практикада  қолданылуы  көп 
жағдайда  оқушылардың  еңбекке  дайындық  бағыты  пәндері  бойынша,  оқу 
бағдарламалары мен соларға сәйкес орындалатын іс-әрекеттерге байланысты 
жүзеге  асады.  Бұл  жағдайда,  олардың  мазмұнындағы  интеллектуалдық 
іскерліктердің мәнін толық мәнді түсініп, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету 
қажет. Мұнда оқушылардың орындайтын педагогикалық, оның ішінде еңбек 
тапсырмалары басты мәнге ие. 
«Интеллектуалды  іс-әрекет  –  мәселені  қою,  ойды  тұжырымдап  айту, 
идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені 
шешуде  тиімді  әдістерді  қолдану,  негіздеу,  оны  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу 
барысында нәтиженің нақты көрінуі» деп білетін болсақ, олардың мектеп оқу 
пәндерін оқыту үдерісінде жүзеге асырылуы заңдылық болатыны белгілі. 
Білім  беретін  оқу  пәндері  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  жалпы  және 
технологиялық  мәдениетті  қалыптастыруда  олардың  негізін  қалайтын  оқу 
жұмыстары  мен  тәсілдерінде  ұқсастықтар  айқын  көрінеді.  Мәселен, 
Г.И.Кругликов  технологиялық  білімді  қалыптастыру  және  жүзеге  асыру 
күрделі үдеріс болып табылады және оны жүзеге асырудың тәсілдерін оқыту 
әдістемесі еңбегінде сипатталады  дейді [1]. Оның  ішінде,  талдау, жинақтау,  

111 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т., Абдуллина Г.
 
Интеллектуалдық іскерліктердің оқыту үдерісіндегі рөлі 
 
 
 
ұқсастықтар  бойынша  қорытынды  шығару,  оқушылардың  ойлауын 
қамтамасыз  ету,  өздеріне,  өзіне  және  өзінің  болашағына  жауапкершілікпен 
қарауға қол жеткізу мәселелері қамтылады. 
Мұғалім мен оқу үдерісі үшін оқушылардың ойлауы үлкен мәнге ие. Бұл 
білімді  меңгерудің  әдістері  мен  тәсілдері  ретінде  де  қарастырылады.  Ойлау 
түрлері білім түрі, білімді меңгеру, оқу әдістері, логикалық тәсілдер ретінде 
де сипатталады. Мұнда бастысы – ойлау мен білімді пайдалану. 
Профессор  Д.Рахымбек  «Логикалық-методологиялық  білімдер,  ол 
ойлаудың  логикалық  операциялары  мен  формалары,  тәсілдері,  ғылыми 
танымның  жалпы  әдістері,  ғылым  негіздерінің  табиғаты  туралы  білімдер 
жиынтығы  ретінде  түсініледі»,  -  «Бұларсыз  математиканы  оқыту  үдерісінде 
оқушылардың оқу–танымдық қызметін көзге елестетудің өзі қиын. Анықтама 
арқылы  тани  білу,  пайымдаулар,  индуктивті  және  дедуктивті  ой  қорытулар 
жасау,  олардың  дұрыстығына  көз  жеткізу,  мәселені  қою  және  шешу, 
аналитикалық  немесе  синтетикалық  тәсілдермен  дәлелдеу,  т.б.,  яғни,  бұл 
білімдердің  барлығы  да  математикалық  білімдермен  біте  қайнасып  жатады. 
Сондықтан, математикалық білім негіздерін игерумен бір мезгілде логикалық 
білімдермен  және  ғылыми  танудың  жалпы  әдістерін  қолдану  да  жүзеге 
асады»  дейді  [2.6].  Педагог  ғалымның  пікірінше  аталған  білімдерді 
(анықтама, аксиома, теорема, т.с.с.) оқу материалдарын саналы және белсенді 
меңгеруді қамтамасыз етеді. Ұғымдар, пайымдар және пайымдар арасындағы 
байланыстарды  терең  түсінуге,  оқу  материалын  жалпылауға,  жүйелеуге 
мүмкіндік  береді,  оқушылардың  өз  бетінше  білім  алуы  мен  жасампаздық 
белсенділігін  дамытады,  интеллектуалдық  біліктіліктерді,  дағдыларды 
жетілдіреді. Нәтижеде логикалық-методологиялық білімдер, адамның жалпы 
мәдениетін қалыптастырудың амал-тәсілдеріне айналатынын атап көрсетеді. 
Мектепте  математика  пәнін  оқушылардың  нәтижелі  игеруіне  қажетті 
логикалық-методологиялық  білімдер  жүйесіне  жатқызылатындардың  ішінде 
ғылыми тану әдістері және ойлау операцияларын (анализ, синтез, салыстыру, 
жалпылау, жүйелеу, аналогия, индукция, дедукция, абстракциялау, нақтылау 
және т.б.) білу және оны іске асыру мектептің басқа оқу пәндері  арқылы да 
жүргізіледі. 
Ойлау  операциялары  оқу  пәндерін  оқытуда  түрліше  сипатталады. 
Мәселен,  О.Б.Епишева  мен  В.И.Крупич  математика  курсын  оқытуда 
математикалық  ұғымдарды  меңгеру,  оқу  іс-әрекетінің  жалпы  тәсілдері 
ретінде  қарастырады  [3].  Сондай-ақ,  химия  курсын  оқыту  да  логикалық 
тәсілдер  ретінде  қарастырылады  [4].  Технология  пәнін  оқытуда  ойлау 
операциялары  оқу  әдістерінің  негізін  қалайтын  логикалық  тәсілдерді 
құрайды. 
В.А.Бухвалов  өз  еңбегінде,  адам  өмірді  белгілі  мақсат  үшін  сүретінін 
және оның шығармашылық болуы керектігін айта келе, шығармашылық іске:  

112 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет