Ғылыми конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата19.01.2017
өлшемі4,35 Mb.
#2239
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

тақырыптық
қорытынды болып бөлінеді.  
а) Күнделікті тексеру оқу процесінің барлық кезеңінде жүргізіледі. Тексерудің барлық 
қызметтері  осы  тексеруде  көрінеді.  Сондықтан,  күнделікті  тексеру  оқытушыдан  көп  көңіл 
бөлуді талап етеді. Күнделікті тексеру білім мен іскерлікті өңдеуге ықпал жасайды. Күнде-
лікті тексеруде бағалаудың үлкен тəрбиелік мəні бар. Əділ қойылған баға оқушыны ынталан-
дырады, ал ойланбай қойылған баға оқушыны тежейді. Жалпы педагогикалық тұрғыдан қа-
рағанда дұрыс бағалау баланың дұрыс дамуына ықпал етеді. 
б) Тақырыптық тексеруде оқушылар меңгерген тақырыптың негізгі мəселелері анықта-
лады,  жəне  меңгерілген  материалды  оқушылардың  байланысты  жəне  бірізді  баяндауына, 
алған білімді практикалық жəне танымдылық есептерді шешу кезінде қолдана алуына көңіл 
бөлінеді. 
Тақырыптық  тексеруді  жүргізу,  көбіне  тақырыптағы  негізгі  бөлімдерді  немесе  тақы-
рыпшаларды анық бөлуге байланысты. Тақырыпшалардың саны бұл түрдегі тексерудің жиі-
лігін анықтайды жəне практикада қысқа уақытта орындалатын бақылау немесе өздік жұмыс-
тар жүйесі арқылы жүзеге асады. Тақырыптық тексерудің нəтижелеріне негізделіп, тақырып 
бойынша бақылау жұмысының нəтижесін қоса отырып, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық 
баға қойылады. 
в) Қорытынды тексеру емтихан немесе бақылау жұмысы формасында жүргізіледі. Қо-
рытынды тексеруде оқушылардың курстың негізгі тақырыптары бойынша білімі тексеріледі. 
Қорытынды бақылау жұмыстарын аудандық, қалалық халық ағарту білімдерінде құрастыра-
ды, ал емтихандар текстілер жəне билеттер бойынша жүргізіледі. Текстілер мен билеттер бі-
лім министрлігінде бекітіледі. 
Тексеру əдістері – ауызша, жазбаша, практикалық жұмысты тексеру деп бөлінеді. 

170 
 
а) Ауызша тексеру мақсатына қарай əртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін. Ауызша тексе-
рудің мақсаттары: 
-  үй тапсырмасы орындалғандығын тексеру; 
-  жаңа материалды оқуға оқушылардың дайындығын анықтау; 
-  жаңа білімді түсіну деңгейі мен меңгеруін тексеру; 
-  математикалық сөз қорының даму деңгейін білу; 
-  оқылған материалдың есте сақталуын; 
-  оқу-танымдық іскерлігі мен дағдысының қалыптасқанын тексеру жəне т.б. 
Ауызша  тексеру  методикасы  негізінен  екі  бөлімнен  тұрады:  а)тексерілетін  сұрақтар 
мен тапсырмаларды құрастыру; б) қойылған сұрақтарға оқушылардың жауабы алу жəне оны 
тыңдау. 
Математиканы оқыту практикасында кеңінен қолданылатын ауызша тексерудің негізгі 
əдістері мыналар: 
1) Үй тапсырмасы бойынша жауаптар мен хабарларды тексеру; 
2) Алдынала оқылған материал бойынша білімді, іскерлікті жəне дағдыны тексеру, егер 
оқытушы оны толық меңгерілгеніне күмəнданса; 
3)Алдынала оқылған материал бойынша білімді тексеру, егер ол материал жаңа білімді 
игеруге қолданылатын болса; 
4) Теориялық материалды оқушылардың меңгергендігін тексеру; 
5) Ауызша математикалық сөз қорының даму деңгейін тексеру; 
6) Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін тексеру жəне т.б. 
Ауызша тексерудің əдістері сабақтың əр түрлі этаптарында қолданылады. 
б)  Жазбаша  тексеру.  Бүкіл  сабақ  бойынша  жүргізілетін  жазбаша  бақылау  жұмыс 
əдетте белгілі бір тақырыпты немесе тарауды оқып үйренудің соңында жүргізіледі. Оқушы-
лардың дербестігін қамтамасыз ету мақсатында орындалатын жұмыстар нұсқаларға бөлінеді. 
Мұнда  ескеретін  бір  жай:  нұсқаларда  берілетін  есептер  үлгерімі  орташа  оқушыларға  аса 
қиындық тудырмайтындай, ал жақсы оқитындарға өте оңай болмайтындай болуы керек. 
Бақылау  жұмысы  оқушылар  мазмұнын  ұмытпай  тұрғанда  тексеріліп,  келесі  сабақта 
талдау жасайды. Оқушылардың білімін жазбаша тексерудің пəрменді тəсілдерінің бірі- мате-
матикалық диктанттар жаздыру.Бұл тəсіл негізінен V-VIII сыныптарда қолданылады. Мате-
матикалық  диктанттың  текстісі  анық,  əрі  қысқа  болуы  тиіс(10-20  минут).  Математикалық 
диктанттың көмегімен анықтамаларды, қасиеттерді, теоремаларды, формулаларды тұжырым-
дау, сондай-ақ оларды қолдану іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Диктанттың мазмұны 
алдын- ала магниттік таспада екі нұсқада, кодоскопта, плакатта жазылуы мүмкін. Диктантты 
тексеру жұмысын сыныпта жүргізуге болады. 
Үйге берілген тапсырмаларды тексеру- оқушылардың білімін бақылаудың маңызды тə-
сілдерінің бірі. Оны жеке сұрақ-жауап кезінде, дəптерлерді тексергенде жəне т.б. жағдайлар-
да жүргізуге болады. 
Математика пəнін оқыту барысында оқушылардың білімі мен іскерлігін тексерудің түр-
лері мен əдістері мұғалімге оқушы біліміндегі кемшіліктер мен олардың жіберетін қателікте-
рін  дер  кезінде  анықтап,оқытудың,түсіндірудің  жаңа  жəне  тиімді  жолдарын  іздестіріп, 
жаңаша жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

171 
 
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ 
 
METHODS OF TEACHING MATHEMATICS 
 
Хасенова Қ.Е. 
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,  
Қостанай қ., Қазақстан 
 
Математиканы оқыту əдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тəрбиелеудің жалпы 
теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқы-
тудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның əрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек əре-
кетіне қажетті білімін одан əрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті 
жүйелі түрде тиянақты əрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. 
Математиканы  оқыту  əдістемесі  математика  пəнінің  ерекшеліктеріне  негізделген  оқу-
тəрбие  жүйесі  жайындағы  ғылым.  Бұл  жүйені  меңгеру  арқылы  оқыту  мен  тəрбиелеу  ісін 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Математиканы  оқыту  əдістемесі – қоғамның  алға  қойған 
мақсаттарына  сай  математиканы  оқытудың  заңдарын  зерттейтін  педагогикалық  ғылымның 
бір саласы. Сондықтан педагогика ғылымы анықтап берген білім беру мен тəрбиелеудің мақ-
саттары мен міндеттеріне сəйкес құрылады жəне математикалық тақырыптарды оқып үйре-
нудің  ерекшеліктеріне  қарай,  ортақ  педагогикалық  қағидаларға  негізделген.  Математиканы 
оқыту əдістемесі оқу пəнінің мазмұнын, оқыту əдістері мен түрлерін, тəрбие жұмысын өзара 
тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне əдістеме оқу жұмысының 
ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды.  
Сөйтіп,  математиканы  оқыту  əдістемесі  өзара  тығыз  байланысты  сұрақтарға  жауап 
іздейді:  
1) Математиканы неге оқытады?  
2) Математикадан нені алып оқытады?  
3) Математиканы қалай оқытады? 
Əдістеме мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді, оқы-
тудың əдістерімен, түрлерімен, оқыту құралдарымен, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны 
жəне жүргізу əдістерімен, тəрбие жүйесін ұйымдастыру тəсілдерімен қаруландырады. Əдіс-
теменің дамуына практикада зор ықпал етеді. Əдістемелік тəсілдер мен жетістіктер практи-
калық қажеттіліктен, мұғалімнің кəсіби тəжірибелерінің негізінде жасалып, əдістемелік ұсы-
ныс ретінде мектеп практикасына енгізіледі. 
Математиканы  оқыту  əдістемесінің  міндеті – математиканы  оқыту  процесін  зерттеу, 
заңдылықтарын ашу жəне оны пəн ретінде оқыту теориясын жасау болып табылады.  
Математиканы  оқыту  əдістемесінің  жалпы  міндеттері: 1) мектептегі  оқу  пəні  ретінде 
математика  курсының  мазмұнын  анықтау  жəне  оның  ғылыми  негізін  жасау; 2) математика 
курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың жəне заманымыздың бү-
гінгі талаптарына сəйкестендіру; 3) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын матема-
тиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процесін зерттеу; 4) математиканы оқыту-
дағы озат тəжірибені зерттеу жəне қорытындылау. 
Осыған орай жеке міндеттер: 1) оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай математика-
ны  оқыту  процесінде  тəрбие  жұмысын  жүргізудің  тиімді  жолдарын  анықтау; 2) оқушылар-
дың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге жəне оларды игеруге ықпал тигізетін тəсілдер-
ді анықтап, оларды зерттеу; 3) теориялық материалдарды игеруді жəне есеп шығаруда кезде-
сетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тəсілдерін табу; 
4)  оқушылар  өздігінен  орындайтын  жұмыстардың  тиімділігін  арттыру  жолдарын  анықтау 
жəне зерттеу; 5) сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін тəрбие-
леу жолдары мен оларды математика пəніне ынтасын арттырудың тиімді тəсілдерін анықтау. 
Математиканы  оқыту  əдістемесінде  математика  пəнін  дамытуға,  оның  мазмұнын  жа-

172 
 
ңартуға дидактика тікелей қолғабыс жасайды. Математиканы оқыту əдістемесі 8 дидактика-
ның заңдары мен қағидаларына сəйкес дамиды. Математиканы оқыту əдістерінің жүйесі мен 
оған қойылатын талаптар оқыту əдістерінің дидактикалық сарапталуымен басты-басты қағи-
далары жүзеге асырылады.  
Математиканы оқыту əдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін 
жалпы жəне жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту жəне тəрбие-
леу  процесі  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жүргізілгенде  ғана  нəтиже  бермек. 
Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тəрбиелеу-
дің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі.  
Математикадан оқыту əдістемесі жəне білімнің басқа да салаларына келсек, математи-
каны оқыту əдістемесі басқа ғылымдармен жəне де, ең бастысы, оның базалық пəні – мате-
матикамен
 тығыз байланысты. Əдістеме мақсаты – математикалық ғылымның негізгі дерек-
терін таңдап алу, жəне де оларды дидактикалық түрде өңдеп, бейімдеу, математиканың мек-
теп курстарының мазмұнына енгізу.  
Математиканы оқыту əдістемесі философия, математика, психология, педагогика, логи-
ка, информатика, математика мен математикалық білім тарихы, адам физиологиясы сияқты 
ғылымдармен байланысты.  
Философия 
педагогикалық,əдістемелік зерттеулерде жəне математиканы оқытуда пай-
далынатын  таным əдістерін: жүйелі тəсілдемені (математиканы оқыту əдістемесінің компо-
ненттері);  ғылыми  таным  əдістерін  (аналогия,  жалпылау,  нақтылау,  дерексіздендіру  жəне 
т.б.); философиялық заңдарды;танымның диалектикалық əдісінжетілдіреді.  
Логика 
«дұрыс» ойлаудың заңдарын зерттейді. «Шартты белгілердің жинағы», «теоре-
ма», «дəлел», «теңдік», «шығару ережесі» сияқты түсініктер логикалық түсініктер болып та-
былады.  Математикалық  пікірлердің  дəлелдемелері  логикалық  əрекеттерге  негізделеді.  Ма-
тематикалық түсініктерді қалыптастыру логикалық заңдар негізінде жүзеге асады.  
Математика  əдістемесі  педагогикамен,  əсіресе  дидактикамен  тығыз  байланысты.  Ди-
дактикада оқытуды сипаттайтын негізгі қатынас «оқыту – оқу», ал əдістемеде – «оқыту – оқу 
материалы – оқу» болып табылады. Педагогика оқыту əдістерін, тəрбие мақсаттарын, ғылы-
ми зерттеу əдістерін анықтайды. Бұл əдістер мен мақсаттарды басшылыққа ала отырып, əдіс-
теме өзінің нақты математикалық мазмұнын оқыту процесіне қалай енгізсе, дəл солай ғылы-
ми зерттеулерге де енгізеді.  
Математиканы оқыту əдістемесі белгілі бір жастағы оқушылардың жеке дара ерекше-
ліктерінің заңдылықтарын қолданып, белгілі бір жастағы топ оқушылардың ерекшеліктеріне 
бағытталған  (жады,  ойлау,  зейін  жəне  т.б.). Оқыту  методикасына  психологияның  əсе-
рі оқушыға  деген  ықыласының  артуын,  оның  өзіндік  дамуын,  өзін-өзі  тануын,  өмірде  өз 
орнын табуына тəрбиелейтін байланысын артырады. Математиканы оқыту əдістемесі мате-
матика тарихымен
 де байланысты. Математика тарихы мұғалімнің назарын математиканың 
мектептік курсын оқыған кезде кездесетін қиындықтарға аударады, математикалық білімдер-
ге жеке дара-маңызды сипат береді.  
Инфроматика
– ақпаратты алу,сақтау, өңдеу, жіберу мен қолдануды зерттейтін ғылым. 
Соңғы кезде информатиканын дамуына байланысты, оның математиканы оқыту əдістемесіне 
қатысы күшейіп бара жатыр: белгілі, компьютерді қолдану, ақпаратты кодтауға байланысты 
ойлау стилі қалыптасады. Ол үшін математиканы оқытудағы тиімділікті арттыруға бағыттал-
ған ақпарат технологиясы қолданылады. 
Математиканы  оқыту  əдісінде  физиология  мəліметін  ескермеуге  болмайды,  əсіресе 
зерттеулерде. Мысалы, материалдық құбылыс жəне де заттар, сөздер, белгі, таңбалар өтетеін 
сигналдармен байланысты рефлекстерді оқытуда. 
 
 
 
 

173 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ: АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
 
MODERN LESSON OF MATHEMATICS: THE USE  
OF INFORMATION - COMMUNICATION TECHNOLOGY 
 
Шинтимирова А.К. 
«№15 орта мектебі», Рудный қ.,Қазақстан 
 
Компьютер біздің өмірімізге əлдеқашан нығыздап енді. Жалпы білім беретін мектепті 
онсыз елестетуге болмайтындай уақыт туды. Компьютерлік технология мен мультимедиялық 
құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы та-
лап етілуде. Ақпараттық технологиялар əртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың 
өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығарма-шылы-
ғына  жол  ашады,  оқытудың  жаңа  формалары  мен  əдістерін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді. 
Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-əрекетін 
белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нəтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қа-
тар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мəселе-
лердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпа-
раттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады. 
«Ақпараттық  технологиялар»  терминін  электрондық  құралдар  арқылы  ақпаратты  жи-
нақтап, өңдеп, көрсету жəне қолдану деп түсіну керек. 
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен жəне олар іске асырылатын 
ортамен сипатталады: 
 техникалық орта (негізгі мəселені шешу үшін қолданылатын техника түрі); 
 бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы); 
 пəндік  орта  (ғылымның,  техниканың,  білімнің  тиянақты  пəндік  аймағының  мазмұ-
ны); 
 əдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы жəне т.б.) 
Оқытудың  ақпараттық  технологиялары – ол  компьютердің  көмегімен  білім  алушыға 
ақпаратты дайындау жəне беру үдерістері. 
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?  
Біріншіден,  құрал-сайман,
  кем  дегенде  бір  компьютер,  оқытушының  идеалды  түрде 
автоматтандырылған  жұмыс  орны,  бірнеше  оқушы  жұмыс  орны,  видеопроектор  жəне 
интерактивті тақта.  
Екішіден, 
компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор 
ережелерімен жəне интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.  
Үшіншіден,білім беру өнімдері бар цифрлық 
компакт-дискілер болуы қажет. 
Тəжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын 
баспайды,  керісінше,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынасты  неғұрлым  мазмұн-
ды,  жеке  тұлғалы  жəне  əрекетті  етеді.  ЭЕМ-ды  математика  сабақтарында  қолдану уақытты 
үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) жəне оқу-танымдық үдерістің тиімділігін 
арттырады. 
Мұғалім – сабақтағы  негізгі  əрекетті  тұлға.  Сондықтан  компьютер  мен  мультимедиа-
лық  құралдарды  оқытудың  тек  инструменті  (құрал-сайманы)  ретінде  қарастыру  керек.  Бұл 
инструменттің көмегі өте мəнді. 
 
Сабақтың параметрі 
АКТ-ны қолданатын сабақ 
Дəстүрлі сабақ 
ақпаратты беру 
оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, 
көрнекі түрде алады 
мұғалімнің түсіндіруі, оқулық 
бойынша параграфты өз бетте-
рімен оқуы, кестелерді қолда-
нуы 

174 
 
жұмыс қарқыны 
əр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, 
тапсырмалар мен мультимедиялық 
құралдар білім алушылардың жеке 
ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы 
білім мен дағды деңгейлерін есепке алады 
мұғалім сыныптағы оқушы-
лардың көпшілігіне сəйкес ке-
летін жұмыс қарқынын қолда-
нады 
оқушымен кері 
байланыс 
түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске 
асады. 
ағымдық бақылау 
 
Ғалымдардың  зерттеуіне  сүйене  отырып,  компьютерлік  бағдарламалардың  қолданы-
луының үш негізгі формасын бөліп алуға болады: 
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар; 
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы; 
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-əре-
кеті). 
АКТ-ны  қолдану  сабақтарында,  басқа  сабақтардағы  сияқты,  мұғалімге  келесі  мəселе-
лерді шешуге тура келеді: 
  дидактикалық  (сабақтың  оқу  материалын  дайындау,  компьютерлік  бағдарламаны 
талдау); 
  əдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану əдістерін анықтау, сабақтың нəти-
жесін талдау, келесі оқу мақсатын қою); 
  ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін жəне уақытты тиімсіз өт-
кізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); 
  оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін жəне ұсынылған 
бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту жəне бекіту). 
Осы  көрсетілген  мəселелерден  компьютерлік  бағдарламаны  қолдану  сабақтарын 
дайындау əдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады: 
• мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас 
сыныппен жəне жеке оқушылармен жұмыс формалары мен əдістерін айқындау); 
• компьютерлік бағдарламаның əзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік 
цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы; 
• дайындалған бағдарламаны сабақтың əр түрлі кезеңдерінде пайдалану; 
• тестілеу  қабыршағы  көмегімен  тесттік  бақылау  жүргізу  (тақырыптық,  аралық,  сабақ 
қорытындысы бойынша); 
• оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу; 
• осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, 
мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау. 
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің жəне жұмыстың тез орында-
луы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкін-
дік  береді.  Интерактивті  режимде  оқушылардың  білімдерін  тексеру  оқытудың  тиімділігін 
арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашы-
лық, коммуникативтілік жəне эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушы-
лардың зияткерлігін, ақпараттық мəдениетін дамытуға əсер етеді 
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дəстүрлі оқыту əдістерді педагоги-
калық  инновациялармен  ұштастыру  арқылы  жүйелі  түрде  қолдану  дайындық  деңгейлері 
əртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді. 
Алгебра,  геометрия,  математика  сабақтарын  цифрлы  білімдік  ресурстарын  қолданып 
өткізудің мынадай əдістері болуы мүмкін. 
Жаңа материалды игеру 
1.  Сыныппен фронтальды жұмыс. 
Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны не-
месе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Мұндай пре-
зентацияларға, əсіресе, геометрия сабақтарында стереометриялық есептерді шешуде ешнəрсе 

175 
 
тең  келмейді,  кез  келген  геометриялық  фигураны  интерактивті  тақта  көмегімен  бұруға,  қо-
сымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта чертеж 
салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» та-
қырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордина-
та осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте 
берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с. 
2.  Электронды баспамен 
оқушының өздік жұмысы. 
Оқушы мұғалімнен мыналарды алады: 
1) жаңа материалды игеру жоспарын; 
2) аралық бақылау сұрақтарын; 
3) толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады. 
Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді. 
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру 
1.  Фронталды сұрақ-жауап.  
Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқу-
шы оны дыбыстайды. 
2.  Оқушының өздік жұмысы.  
Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша тренажерлармен жəне оқыту бағдар-
ламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) əрбір оқу-
шының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі əрқайсысы өз қарқынында 
(өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды 
игермей, келесіге көше алмайсың – компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұ-
мысын түзетуге, нашар оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі бодады. Оқушының осы арадағы 
іс-əрекеті : 
1) өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады; 
2) сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды; 
3) дəл осындай есепті дəптерде шығарады жəне шешуін компьютердегі «шпаргалканы» 
ашу арқылы тексереді; 
4) мұғалім  ұсынған  осындай  тапсырманы  баға  алу  үшін  орындайды  немесе  осындай 
есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді. 
3.  Практикум сабақтары. 
1) оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (əрқайсысын-
да 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді əр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) ала-
ды. 
2) оқушылар  деңгейлік  тапсырмаларды  таңдап  алады  да 30 мин  дайындалады,  көмек 
ретінде  электрондық  құралдарды  пайдалануға  болады,  сонымен  қатар  бірлесіп  шешу  үшін 
жұптарға немесе топтарға бірігуге болады; 
3) қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша əрбір оқушыға 1-2 тапсырма бере-
ді; 
4) оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады. 
Оқушының өз бетімен жұмысы 
1.  Білімді  цифрлық  ресурстармен
  білімдегі  олқылықты  жою  бойынша  жұмыс 
(мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқу-
шының электрондық ресурспен жəне оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі. 
2.  Цифрлы білімдік ресурсты 
қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін 
оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі. 
3.  Жобалар арқылы 
оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, əзірлеп, қорғайды).  
Білімді бақылау 
 
Компьютерлік  тестілер  қолдану  арқылы  білімдерін  тексеру  (компьютер  тапсырманың 
орындалу  пайызын,  қателерді  жəне  бағаларды  көрсетеді).  Интернеттегі  əр  түрлі  тестілерді 
қолдануға болады. 

176 
 
Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін 
нəтижелерді тұжырымдауға болады: 
o
  математика мен информатиканың пəнаралық байланысын дамыту; 
o
  компьютерлік сауатталықты қалыптастыру; 
o
  оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту; 
o
  оқушылардың ақпараттық мəдениетін, іс-əрекетінің шығармашылық стилін қалыпта-
стыру; 
o
  білім алуда ақпараттық технологияларды жəне басқа да ақпараттық құрылымдарды 
қолдануға оқушылардың дайындығы; 
o
  жеке жəне тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру. 
Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолдануда-
ғы қауіпсіздікке жəне оптималды пайдалану тəртібіне тəуелді. Сондықтан техникалық құрал-
дарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек. 
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық əдістерді біріктіру білім 
беру  сапасы  мен  тиімділігін  арттырады,  білім  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен 
даму ерекшеліктеріне сəйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

177 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет