«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


сурет - Зерттеудің әдіснамалық негізінің құрамы



бет23/150
Дата02.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89184
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150
Байланысты:
« ылыми-педагогикалы зерттеулерді діснамасы» П ні бойынша д р (1)

1 сурет - Зерттеудің әдіснамалық негізінің құрамы
Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық тізбесін-алгоритмін қарастырамыз:

  • педагогикалық дәйектерді, құбылыстырды және үдерістерді, зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;

  • әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;

  • зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;

  • зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі.
Демек, педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапсын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі.
Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері. Педагогикалық факт, педагогикалық теория, педагогикалық заңдылық
Теория - педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудыңнегізі мен тәсілдер жүйесі.
Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет процесін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетініңжалпы заңдылықтарын, оныңдаму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.
Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдамасы - ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына негізделеді. Әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде қарастырылады. Әдіснамалық тұжырымдамалар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып дамиды, ол нені және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі. Демек, бұл ретте педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекет жүйесі.
Соңғы уақытта педагогикадан жазылған ғылыми еңбектердің сапасын бағалауға арналған басылымдарда олардың әдіснамалық сараптамасына сипаттамалар берілген. Ғалымдардың анықтауы бойынша, әдіснамалық сараптамалар казіргі ғылыми тұжырымдамаларда қалыптасқан ғылымның даму жағдайынан туындайтын, зерттеу жұмысының нысанын, ғылыми ізденістің негізгі бағыттарын, зерттеудің тірек ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік туғызады. Әдіснамалық сараптама зерттеу мәселесінің өзектілігін, оның тақырыбын, нысаны мен пәнін негіздеуде. Келтірілген ойлардан кейін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін құрастырудың қисынды тізбегі туындайды: мәселенің өзектілігі – тақырып – нысана – пән – мақсат – болжам –міндеттер – жетекші идея – әдіснамалық негіз.
Әдіснамалық негіз өзіне зерттеу құбылысын талдауға объективті ыңғай тауып, одан шығатын білім берудің теориясы мен практикасына ұсыныстар мен қорытындылар жасап, алынған нәтиженің ғылыми құндылығы мен дәлелділігі шынайы ғылыммен қамтамасыз ететін автордың зерттеу тұжырымдамасында көрініс береді.
Әдіснамалық негізді жеткілікті анықтау үшін әдістамалық дәлелдеу жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, дидактикалық зерттеудің әдіснамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының қоғамдық-саяси негізінен, қабылданған педагогикалық мәселелерге сыни көзқарастан, зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-логикалық талдауы, зерттеу пәнінің диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдауы, оның сипаттамасын тұтастай жасау жолдары, осы аталған педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын жетекші қарама-қайшылықтарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен үдерістерге қатысты заңды байланыстарды айқындаудың әдіснамалық сипаттамасынан), аталған педагогикалық тұжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т. б. ) негізінде жатқан аралас ғылымдар деректерінен тұруы керек, Осыдан барып, педагогикалык зерттеудің әдіснамалық дәлелілен қисынды тізбек шығады: педагогикалық (тарихи-педагогикалық) факторға, құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау сияқты қорытынды шығады: әдіснамалық үрдістерді нақтылау; зерттеу мәселесіне сыни көзқарас; зерттеу мәселесінің (генезисі және даму эволюциясы) тарихи-қисынды талдауы; зерттеу пәнінің жүйелі-құрылымдық талдануы (зерттеу пәнінің ғылым мен білім беру жүйесіндегі орнын, маңызын, құрылымын, мазмұнын
анықтау), олардың
атқарған кызметі мен элементтері (құрылымы) арасындағы байланысы
арқылы ашылады. Тұтастық ұғымы жүйелі және жинақы ұғымдарымен тығыз байланысты. Тұтастық зерттеу үдерісінің дамуын көрсететін зерттеу құбылысының ішкі қайшылықтарын ашуды, олардың жетістіктері мен заңдылықтарына сүйене отырып, зерттеу жүйесін педагогикамен шектес ғылымдар логикасы бойынша қарастыруда, жүйені басқаруда көптеген жан-жақты амалдармен қамтамасыз етеді. Педагогикалық зерттеу үдерісінде айқындалған заңды байланыстар (яғни, зерттеу құбылысындағы байланыстардың арнайы талдауы: әмбебап, заңды, себеп-салдар, қызметтік) мүмкін нәтиженің жоғары жетістіктері негізінде заңдылықтарды ескере отырып, жаңа жүйені дайындап шығаруға мүмкіндік туғызады. Көп ретте педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі теориялық негіз бен дерек көздерімен тығыз өзара байланысымен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстарды диалектика тұрғысынан зерттеу олардың сапалық ерекшеліктерін анықтауға, басқа әлеуметтік құбылыстар және үдерістермен тығыз байланыста зерделеуге қолайлы жағдай жасайды. Осы уақытта ғылымдардың даму келешегін анықтауда әдіснаманың рөлі барған сайын арта түсуде. Себебі, біріншіден, замануи ғылымда білімдердің кіріктірілу үрдісі басымдық танытып отыр. Айталық, қоғамдық ғылымдарда қазір кибернетиканың, математиканың, ықтималдық теориясының, және басқа да ғылымдардың жетістіктері кеңінен қолданыс табуда. Бұрын аталмыш ғылымдар нақты әлеуметтік зерттеуде әдіснамалық қызметтер атқаруға аса талаптанбайтын-ды. Ғылымдар және ғылыми бағыттар арасындағы байланыстар да күшеюде. Барлық ғылымдардың кіріктірілуі нәтижесінде олардың зерттеу объектісі – адам болып отырғандығы бәрімізге мәлім. Психология мен педагогика ғылымның түрлі салаларындағы жетістіктерді өзіне сіңіре отырып, үнемі өз зерттеу пәнін байытып және кеңейтіп отыратын болғандықтан, бұл үдерісті әдіснаманың әлеуеті арқылы терең пайымдау қажет. әдіснама психологиялық-педагогикалық зерттеулерге ғылыми тұтастық, жүйелілік сипат береді, олардың тиімділігін, кәсіби бағыттылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет