Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ КОМПЬЮТЕРНОЙ ТЕХНИКИ



Pdf көрінісі
бет170/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ КОМПЬЮТЕРНОЙ ТЕХНИКИ 

 

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

СЕЙТЖАНОВА Н. Ж. – 2 курс магистранты 

 «Алматы» Университеті 



 

Қазақстан  Республикасыөзінің  тәуелсізмемлекет  екендігін  бүкіл  әлемге  дәлелдеді. 

Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық 

жағынан кемелденуі болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің   басты 

міндет – ұлттық және  жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу қажетті жағдайлар жасау; оқытудың 

жаңа технологияларын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру»

  [1]

  -  деп  білім  беру  жүйесін 



одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

  

Қазіргі  кезеңде  білім  берудің  ұлттық  моделіне  өту  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы 



әдіс-тәсілдерін  меңгерген,  инновациялық-педагогикалық  технологияларды  игерген, 

технологиялық-педагогикалық 

диагностиканы 

қабылдай 

алатын, 

педагогикалық 

құзреттілігі  қалыптасқан,  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға 

икемді,  шығармашылық  педагог-зерттеуші,  ойшыл  мұғалім,  зерделі  оқытушы  болуын 

қажет  етеді.  Бүгінгі  таңда  қозғалып  жатқан  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  білім  беру 

жүйесінде  жаңа  электрондық  технологияны  енгізу,  халықаралық  коммуникациялық 

желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке 

тұлғаларды қалыптастыру және қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар 

жасау.  Білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  оның  мазмұнының  түбегейлі  өзгеруі, 

дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  енуі  бүкіл  оқу  әдістемелік  жүйеге,  оқытушылар  алдына 

жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту 

білім сапасы мен маңызын арттырады 

Қазіргі мұғалім қандай болу керек деген сұраққа жауап:  

1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;  

2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;  

3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 

 4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;  

5.  Білімді,  шебер,  іскер  болуы  тиіс.  Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен 

білім  беруде  мұғалімдердің инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 

меңгеруі  –  маңызды  мәселелердің  бірі.  Ал  ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған, 

мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны 

қалыптастыру болып саналады.

 

Сондықтан  да,  "оқыту  технологиясы  ”  ұғымы  педагогикада  және  жеке  әдiстемеде 



әсiресе  соңғы  уақытта  кең  таралып  отыр.  Байқауымызша,  бұл  ұғымның  педагогикада 

пайда  болуы  техногендiк  өркениеттiң  дамуымен  байланысты  және  ХХ  ғасырдың 

басындағы  Еуропаның  елдерi  мен  АҚШ–та  "технология”  ұғымының  өзi  де,  оған 

байланысты  мәселелер  де  арнайы  зерттеулерге  арқау  бола  бастаған  кезге  жатады.  ХХ 

ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады [2]. Осы 



307 

 

кезеңде  педагогикалық  техника  ұғымы  да  кеңiнен  қолдалынады.  ХХ  ғасырдың  екінщі 



жартысында  инновация  әлеуметтік  өзгерістердің  жалпы  үрдістерінің  сатысы  ретінде 

қаралып,  оның  негізігі  элементтері  атап  көрсетілді:  «жаңашылдық»,  «жаңашыл», 

«бағалаушылар». 

Ал, инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін 

дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа 

жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 

бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  —  біріншіден,  оқытушы  ұтады,  яғни  ол 

сабақты  тиімді  ұйымдастыруға  көмектеседі,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы 

артады,  екіншіден,  оқушы  ұтады,  себебі  оның  тақырып  бойынша  танымы  кеңейтеді. 

Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы 

тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  Ш.  Қалановтың,  Ж.  Қараевтің,  Ш.  Таубаеваның,  Қ. 

Қабдықайыровтың,  С.  Лактикованың,  М.  Жанпейісованың,  Ә.  Жүніспек  пен  Қ. 

Нағымжанованың,  С.  Көшімбетованың,  К.  Ж.  Бұзаубақованың,  Б.  Тұрғанбаева  мен  А. 

Әлімовтың, т.б. 

[3]


 ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық 

технологиялары жан-жақты қарастырылып кеңінен зерттелген.

 

Әдіскер  С.  Көшімбетова  өзінің  зерттеуінде  оқу-тәрбие  үдерісінде  оқытудың 



инновациялық  әдіс-тәсілдерін  қолданудың  мынадай  ерекшеліктерін  атап  көрсеткен:  - 

ізгілендіру  технологиясында  педагогика  ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми 

жаңалықтарды  тәжірибеде  «бала  –  субъект»,  «бала  –  объект»  тұрғысынан  енгізіле 

бастайды  да,  ал  ғылыми  білімдер  «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-

әрекетінің  әлеуметтік  нәтижесінің  бірлігінде  қарастырады;  -  ақпараттық  бағдарламалап 

оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; - қоғам мен 

табиғат  заңдылықтарын  кіріктіру  негізінде  меңгеруі;  -  иллюстрациялы  түсіндірмелі 

оқытуда  «адам-қоғам-табиғат»  үйлесімдік  бағыттағы  дүниетанымында  жүйелі  саналы 

мәдениет  қалыптасады;  -  саралап  деңгейлеп  оқыту  технологиясында  оқытудың  мазмұны 

мен  әдістері  шығармашылық  ізденіс  іс-әрекет  жасау  негізінде  адамның  инновациялық 

қабілеттерінің  қалыптасуына  бағытталады.  -  оқытушы  білмейтін  шығармашылық  ізденіс 

негізінде өмірге келген жаңа қабілет;  - дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үдерісінде 

ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, 

жеке 


тұлғаның 

әлеуметтік-психологиялық 

жауапкершілігін 

арттыр 


мәселелері 

қарастырылған 

[4].

 

Ал  жалпы  инновацияны  модификациялық,  комбинаторлық,  радикалдық  деп  үш 



түрге бөлінеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет