Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет168/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

Bibliography 

1.  Adams M.J. Models of reading // Language and Comprehension - Amsterdam, 

2.  Aitchison Jean, Linguistics, Senior Lecturer in Linguisitcs, NTC Publishing group,  

3.  Allen R.L. Linguistics and written composition // The English Langusge in the School 

Program. - Champaign,  

4.  B.A. Serebrennikov. The role of human factor in the language. Language and thought. 

"Nauka", M.,  

5.Bergvall,  V.  (1996)  Rethinking  Language  and  Gender  Research:  Theory  and  Practice, 

London, Longman. 

 

 



 

 

ЖАҢА БУЫН ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ДАМЫТА ОҚЫТУ ҚАҒИДАЛАРЫ 

 

ДЖАМБАЕВА Б.А. 

 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистрі 

Алматы университеті 

 

Болашақтың  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын  алға 



апаратын  күш  тек  білімде.  Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі,  өркениетті  дүниеде  өзіндік 

орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. 

Білім  беру  жүйесі  көп  салалы,  өте  күрделі  жүйе.  Білімнің  ірге  тасы  орта  мектепте 

қаланса, ал білімнің қайнар көзі  оқулықта екені  баршамызға  мәлім.  Оқытудың сан алуан 

құралдары  ішінде  оқулықтың  алатын  орны  ерекше.  Ол  мектептің  білім,  тәрбие  беру 

қызметінің  бірегей  педагогикалық  үлгісі  ретінде  бүгінгі  таңда  да  ең  тиімді  және  ең  кең 

таралған әрі оқу құралы болып қалып отыр. 

Оқулықтар: 

1.Көпдеңгейлі; 

2.Іліктестірілген; 

3.Дамыта  оқыту  жүйесі  қағидаларын  сәйкестендірілгенімен  ерекшеленеді.  Демек, 

оқулық  құрылымы  өзгеше,  философиясы  жаңа.  Егер  алғашқы  екі  ерекшелігін  кез-келген 

мұғалім көріп, байқай алса,  ал үшіншісін тек «дамыта оқыту»  жайлы теориялық  түсінігі, 

хабары болғанда ғана жүзеге асыра алады. 

Дамыта  оқыту  педагогикалық  жұртшылық  санасына  сіңгенін  және  бүкіл  білім 

жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. 

Дамыта  оқытудағы  айрықша  көкейтестілігімен  ерекшеленетін  қағида  –  жоғары 

қиындықта оқыту қағидасы. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға 

мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. 



303 

 

Бұл  қағиданың  мақсатына  жету  үшін  дәстүрлі  оқулықтардағы  жеңіл-желпі 



тапсырмалар  орнына,  баланың  тапқырлығын,  зерделілігін  дамытатын  шығармашылық 

тапсырмаларды  орындау  үлкен  нәтиже  беретіндігіне  тәжірибе  барысында  көзіміз  жетіп 

отыр.  Ағылшынның  философы  Б.Шоу  адамды  қызған  сайын  ширай  түсетін  кірпішпен 

салыстырған  екен.  Сол  сияқты  қиындығы  бар  тапсырмаларды  орындау,  баланың  ақыл-

ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды. Бізге қажеттісі де осы. 

Дамыта  оқыту  жүйесінің  маңызды  қағидаларының  бірі-теориялық  білімнің  жетекші 

ролі  қағидасы.  Бұл  қағида  баланың  теорияны  жаттауы,  терминдерді  есте  сақтауы  деп 

түсінбеген  жөн.  Керісінше,  оқыту  барысында  қарапайым  бақылаулар,  зерттеулер  жасау 

арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. 

Тағы  бір  қағида-дамыта  оқыту  сабақтарында  жаңа  материалды  талдауға  зор  көңіл 

бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау – 

бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін 

байқауға  мүмкіндік  алады.  Интеллект  деңгейін  анықтай  алады.  Әсіресе,  оқу 

сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне 

жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік 

қасиеттер балалар бойына жұғысты болады. 

Дамыта  оқыту  жүйесінің  маңызды  тағы  бір  ерекшілігі  –  сынып  оқушыларын 

«жақсы»,  «жаман»  оқушылар  деп  бөлмей,  барлық  баланың  дамуы  үшін  қолайлы  жағдай 

туғызуды  мақсат  тұтуы.  Нашар  оқушының  да  өз  шамасы  келгенінше,  қабілеті  жеткен 

жерге  дейін  еңбек  етуі  ойластырылған.  Сол  арқылы  ол  да  өзін  мүмкін  дәрежеге  дейін 

дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан 

көрсетілген  сабырлылық,  байсалдылық  оның  өз  күшіне  деген  сенімін  арттырып,  алға 

жетектейді деп есептелінеді. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа 

қағидаларға  негізделеді.  Олар  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  түсіністік  сияқты 

қасиеттер. Бала өз ойынын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда 

ұсталынады.  Ол  үшін  оның  әрбір  жауабы  мұқият  тыңдылып,  дұрысы  мақталып,  қатесі 

еппен  түзетіліп  отырылады.  Оқушыны  кішкентай  бала  деп  қарамай,  оның  да  пікірімен 

санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді. 

Бастауыш  сынып  оқушылардың  белгілі  бір  көлемдегі  білім,  білік,  дағдыларын 

меңгертумен  бірге  адам,  қоғам,  табиғат,  қоршаған  дүние  туралы  танымдарын 

қалыптастыру,  жеке  бастың  қасиеттерін  жан-жақты  дамыту,  жоғары  адамгершілік 

принциптерге  тәрбиелеу  –  бүгінгі  күннің  ең  басты  мәселесі  болып  табылады.  Қазіргі 

кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру процесі – баланың еркін дамуының 

белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Мектеп бітірген баланың өмірде кездесетін сан 

түрлі  қиындықтардан  қиналмай  өтуі  оның  ақаланаң,  еркінің,  сезімінің  және  оның  жалпы 

дамуының  деңгейіне  байланысты.  Сондықтан  да  бастауыш  сыныптардағы  білім  беру 

жүйесіне ерекше мән беруіміз кажет. Себебі білім негізі бастауышта қаланады. 

Бастауыш  сынып  мұғалімі  ең  алғашқы  күннен  бастап  өз  шәкіртінің  психологиясын 

жан-жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға, еркін сөйлей алуына, өз ортасында 

жақсы қарым-қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың, дамытудың 

жолдарын іздестіруі керек. Мұндай жұмыс түрлерін жүйелі үйымдастырғанда ғана жоғары 

көрсеткіштерге жетуге болады. Кейбір оқытушылар оқулықтағы біліммен ғана шектеледі. 

Тақырыптың мақсатына түсінбей, оның ішкі жүйесіне тереңірек үңіліп жатпайды. Ал 

оқулықтағы  білім  оқушыға  аздық  етеді.  Мұғалім  көркем  шығарманың  ішкі  жүйесіне 

тереңірек үңіліп, автор идеясына ілесе отырып талдау жасаттырмағаннан кейін, шығарма 

оқушыларды  қызықтырмайды,  ішкі  ойына  қозғау  салмайды,  өмірдің  беймәлім  жақтарын 



304 

 

көз алдына елестете алмайды. Ең  соңында бар қабілетінен айырылып, оқуға мүлде көңіл 



бөлгісі келмейді.  

Сондықтан  да  шығарманың  құр  мазмұнын  айтудан,  өлеңді  мақсатына  түсінбей 

жаттап  алудан  оқушыны  сақтандыруымыз  керек.  Мұндай    «догматикалық  оқыту 

жүйесінен»  дамыта  оқу  әдістерін  қолданғанда  ғана  шығып,  сапалы,  қазіргі  талапқа  сай 

білім  беруге  қол  жеткізуімізге  болады.  Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой 

әрекетін меңгеруге жағдай  жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше 

ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше  қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл  жағдайда 

дайын білімді түсіндіріп коюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті 

ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың 

интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 

Дамыта  оқыту  идеясының  ұзақ  тарихы  бар.  Ерте  кезден  бастап -ақ,  ойшылдар 

білім  мен  ақыл-ой  тәрбиесінің  арақатынасын,  олардың  бала  дамуына  әсерін  зерттей 

бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі  Квинтилиан  мектеп алдына баланың 

қабілеттеріне,  ақылының  қасиеттеріне,  мінез-кұлық  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып, 

оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. 

ХVІІ 


ғасырдағы 

Я.А.Коменскийдің 

дидактикалық 

жүйесінің 

негізгі 

қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге 

деген  құштарлығын  оятып,  лаулата  түседі  делінген.  И.Г.Песталоцци  баланың  ақыл-

ойын,  барлық  қасиет-кабілеттерін  дамыту  идеясымен  өзектелінген  бастауышта  оқыту 

әдістемесін жасауға әрекет етеді. 

Дамыта  оқыту  ұлы  неміс  педагогы  А.Дистервергтің  әйгілі  «Неміс 

мұғалімінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта 

оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман 

мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді», 

- деген болатын. 

Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбегінде бастауыш 

мектеп  жасындағы  балаларды  оқыта  отырып,  дамыту  мәселелеріне  ерекше  токталып, 

арнайы  әдістеме  жасаған.  Осылай  бола  тұрғанымен,  «дамыта  оқыту»  деген  терминге 

көзқарастар  мен  пікірлер  әртүрлі.  Себебі  «дамыта  оқыту»  ұғымына  берілген  түсініктер 

әртүрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады. 

Алайда, дәстүрлі оқыту бала дамуына тек бағдарлаушы болып, дамуға стихиялы 

әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге 

ала  жүреді»  деген  Л.С.Выготскийдің  пікірінен  көп  нәрсе  аңғаруға  болады.  Алғашқыда, 

оқытудың  тиімділігі  алынған  білімнің  көлемімен,  сапасымен  өлшенсе,  соңғыда  білімнің 

тиімділігі 

қабілеттің 

деңгейімен, 

әрекеттің 

негізгі 


түрлерінің 

қаншалықты 

дамығандығымен өлшенеді.  

«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология  ғылымының  қойнауында  туып, 

баланың  дамуын  қарастырған  (Ж.Пиаже),  ойлаудың  әртүрлі  деңгейін,  типтерін 

(Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн),  психиканың  функциясын  зерттеген 

(Б.Г.Ананьев  Г.С.Костюк,  А.А.Люблинская,  Н.А.Менчинская)  және  т.б.,  іс-әрекет 

теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде де 

жан-жақты  талданды.  Нәтижесінде  дамыта  оқыту  проблемасына  арналған  екі  іргелі 

эксперимент  жасалып,  оның  біреуін  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов,  ал  екіншісін 

Л.В.Занков басқарады. Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930  жылдардың 

басында  жасаған  оқыту  мен  дамытудың  ара  қатынасы  жайлы  болжамының  дұрыстығын 

тексеру,  нақтылы  өткізілген  зерттеулер  бастауышта  математикалыщқ  білім  беру  ісіне 

үлкен  өзгерістер  енгізді.  Мысалы  1969  жылы  арифметика  курсы  математикаға 




305 

 

ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар  баланың ауызша және жазбаша есептеу 



дағдыларын  калыптастыру,  жай  типтік  есептер  шығаруында  болып  қалды.  Оқыту 

әдістері,  сабақ  ұйымдастыру  түрлері,  білім,  білік,  дағды  калыптастыруға 

бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.  

Одан  кейін  20  жыл  көлемінде  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика 

ғылымының  келелі  мәселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары  «дамыта  оқыту  деп  - 

оқыту  мақсаты,  міндеттері  әдіс-тәсілдері  баланың  даму  заңдылықтарына 

сәйкестендірілген оқытуды» атайды.  

Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда  болуы,  яғни 

жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі 

-  баланы  оқыта  отырып  жалпы  дамыту,  оның  еркіндігін  қалыптастыру,  өз  бетінше 

ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  жеке  басының  қасиеттерін   ескеру, 

басшылыққа  алу,  әрі  карай  ұшқырлау,  тұлғалыққа  бағыттау.  Мақсаты  балаларға  дайын 

пәндік  білім-біліктердің  белгілі  бір  жиынтығын  берумен  шектелетін,  нәтижесінде 

догмалық  ойлауы  басым,  дайын  нұсқаулар  мен  бұйрықтарды  орындай  білетін 

адамдарды  тәрбиелейтін  қазіргі  мектепте  орын  алып  отырған  дәстүрлі  оқыту  жүйесі 

мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет