Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі
және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі
дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және
сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық
технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделінген әдістер
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
сана-сезімді жаңғырту туралы ойы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып тұр. Бүгінгі оқыту
308
бағытында сабақты ТВL, CBL әдістерімен өткізуді ұйымдастыру оқытушы үшін іздену
мен жауапкершілікті қажет етеді.
Оқу үдерісінде кеңінен қолданылып отырған жаңашыл әдістердің бірі – командалық
бағытталған оқыту технологиясы (TBL) өзінің артықшылықтарын дәлелдеп отыр.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер сабақ кезіндегі жұмыс әдістемелік деңгейде дұрыс
ұйымдастырылған болса, онда командалық жұмыс жасау әдісінің тиімділігі дәстүрлі оқыту
технологиясына қарағанда жоғары болады.
Әр түрлі инновациялық оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқуышлардың жас
және психологиялық ерекшеліктеріне орай тыңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы
зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше,
сауатты жан–жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына педагогикалық үдерістің
компоненттерінің өзгерістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың
формасы, әдістері, тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Сонымен бірге
барлық зерттеушілер инновацияны инновациялық стихиялы ізденіс ретінде қарастырмау
керек деген пікірге келеді, себебі инновация - мақсатты бағытталған, саналы өзгеріс.
Педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметінің жан-жақты
қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орныдаудың басты кепілі бола алатын
технологиялық іс – шаралар жиынтығы.
Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық
технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді
қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын
дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және
студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің
нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі
қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке
тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Компьтердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып,
ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық және өзіндік белсенділігін
арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік
береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген қателерді түзету, мәтін бойынша
тапсырмалар орындау және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен
де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық
технологиялардыпайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау,
жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.
Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-
педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын
қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту
309
технологиясы жаңа технологиясының әр пән бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3
құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен және қорыту.
Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын
тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium – жинақ дегенді
білдіреді [5], яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді.
Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік
технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз
бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі
қажетті шарттар орындалуы керек:
студенттің жеке тұлғасын дайындау;
ойлау қабілетін жетілдіру;
эстетикалық тәрбие;
нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы
ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде - электрондық оқулықтар да жиі
қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім
саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын
жұмысшы болып табылады.
Электрондық оқулықтар- ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық- ақпараттық
өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде
қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар - оқытушылар үшін күннен күнге
дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында
оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына
қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік
ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек
көрсетеді.
Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін
түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында
олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан
жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық
әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының
іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦миға шабуыл әдісі;
♦топпен жұмыс;
♦проблемалық шығарма әдістері;
♦рөлдік ойындар;
♦зерттеулер;
♦іскерлік ойындар;
♦сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦пікірталастар және т. б.
Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез -
келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға
қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ
310
қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап
етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда
және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл
нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
Бүгінде инновациялық өзгерістер әртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа
мазмұнын қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда;
жаңа бағдарламаны меңгерудің әдістері мен тәсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде
оқушылардың өзіндік анықталуына жағдай туғызу; мұғалім мен оқушының ойлау
стилінде, өзара қарым-қатынастарында өзгеріс, білім беру мекемелерінде шығармашылық
инновациялық ұжымды жасау және дамыту. Бұл үдерістердің барлық қарама-
қайшылықтарында, шығындарында, кемшіліктерінде олар позитивті сипат береді. Осы
инновация әлеуметтік институт ретінде білім беруге тән керітартпалықты жоюға
мүмкіндік береді, әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттің, тұлғаның қажеттілігінің өзгерісіне
жедел және икемді жауап беру механизмін құру жағдайларын қамтамасыз етеді, бұл
бүгінде отандық білім беруді дамытудың өзекті міндеттері ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін
жобалауды көздей отыры, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді
қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның
негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:
-тұжырымдамалық негізі:
-мазмұндық бөлігі:
-әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс. [6, 13-б.].
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты.
Педагогикалық шарттарға, ең алдымен,педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық
даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады. Сонымен бірге,
оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие
болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін
пайдалана отыры
.
Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қорытыта келе, білім беруде жаңа технологияларын тәжірибеде кеңінен қолдану
студенттердің белсенділігін арттырып, оқытушының шығармашылық қабілетін
жетілдіреді. Осындай тиімді әдістерді сабақта пайдалану үшін оқытушы көп еңбектеніп,
ізденуі керек. Қазіргі қоғамдық өмірімізде көрініс тапқан сан – салалы сапалық өзгерістер,
жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға
итермелеуде. Өйткені,студенттерге берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та
оқытушының іс- әрекеті, беретін білімі мен үлгі- өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай
жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор
міндеттер жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |