Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет76/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

АБДУРАХМАНОВ А.Т. - магистрант 

Шымкент университеті 



 

В  данной  статье  рассмотрено,  что  концепция  ориентированного  обучения 

общественно-гуманитарной  направленности  является  стратегическим  документом, 

определяющим  цели,  задачи,  структурно  –  содержательную  модель,  направленность 

деятельности  учителей  в  условиях  новой  модели  образования,  ориентированной  на 

результат. 


147 

 

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  оқытудың  тұжырымдамасы  білім 



берудің  нәтижеге  бағытталған  жаңа  моделі  жағдайындағы  мұғалімдердің  мақсаттарын, 

міндеттерін,  қызметінің  құрылымдық  –  мазмұндық  моделін,  бағытын  анықтайтын 

стратегиялық құжат болып табылады. 

Білім  берудің,  адам  тұлғасының  қалыптасуымен  тығыз  байланысты  сала  ретінде, 

қоғам дамуының жағымсыз тенденцияларын жеңуге мүмкіндігі бар. 

Тұжырымдаманың  мақсаты  –  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы 

оқытудың негізгі мазмұны мен даму бағыттарын анықтау. 

Міндеттері: 

 

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  оқытудың  қажеттігін  дәлелдейтін 



негізгі факторларды айқындау; 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін сипаттау; 



 

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  оқытуды  қамтамасыз  етуге 

қойылатын талаптарды әзірлеу; 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұнын 



негіздеу; 

 

тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері мен одан күтілетін нәтижені  анықтау. 



Егер: 

 



қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  оқытудың  қажеттігін  дәлелдейтін 

негізгі факторларды айқындалатын болса; 

 

қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  оқытуды  қамтамасыз  етуге 



қойылатын талаптар дайындалатын болса; 

 



бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұнын негізделетін болса; 

 



тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері мен одан күтілетін нәтижелер белгіленетін 

болса;  


Онда тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында Білім берудің қоғамдық-гуманитарлық 

бағыттылығы  мен  оқушылардың  ары  қарайғы  өзін-өзі  анықтауының  табыстытылығы 

қамтамасыз етілетін болады. 

Бүгінгі күні қоғамның жоғары білікті маманға деген сұранысы мен мектеп бітіруші 

түлектердің табысты кәсіби қызметке дайындығының жетімсіздігі арасындағы қайшылық 

айқын көрініп тұр. Сонымен бірге 16 мен 29  жас арасындағы жастардың жұмыссыздығы 

белең алып отыр. Бұл мынаны аңғартады: 

 

еңбек  нарығы  мен  нақты  мамандықтарға  деген  сұраныс  туралы  хабардар  болудың 



төмендігі; 

 

өзінің кәсіби қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау; 



 

мамандықтар туралы айқын түсініктердің нашарлығы; 

 

таңдап алыған кәсіп бойынша құзырлылықтың төмендігі. 



Бұл  мектептердің  бітіруші  түлектерді  кәсіптік  анықталу  мен  әлеуметтік-еңбек 

құзырлылықтармен  қамтамасыз  етуге  қабілетсіздігін  көрсетеді.  Демек  тұжырымдамада 

баяндалған бағдарлы оқытуды мектепке ендірудің қажеттігі байқалып отыр. 

Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары 

 

 Оқу-тәрбие  әдістерін  қайта  қарау,  мектеп  пәндерін  түсініктік-ұйымдастырушылық 



деңгейде құрамдастыру; 

 

 Ұлттық  мәдениет,  мәдени  мұра  мәселелерін  (дистуттарды,  пікірталастарды) 



сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру

 

 Қоғамдық-гуманитарлық  пәндерге  қызығушылықты  арттыруға  мүмкіндік  беретін 



технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру; 

 

 Қосымша білім беру пәндерін ендіру. 




148 

 

Бағдарлы  білім  берудің  негізгі  мақсаты  оқушылардың  сапалы  базалық  дайындығы, 



өздігінен  білім  алу  тәсілдерімен  қаруландыру,  кәсіптегі  өзгеріске  үнемі  бейімделе  алуды 

қамтамасыз ету болуы керек. 

Ұлттық  тіл  мен  ұлттық  мәдениет  феноменіне  деген  терең  көзқарас  қалыптастыру 

мақсатында тілдерді оқыту мазмұнын қайта қарау керек. 

Ұлттық-этникалық құндылықтар әлеміне бойлата ендіру іске асырылады. 

Филологиялық білімді терең меңгерту мақсатында және лингвистикалық, не болмаса 

өзге  мамандандырылған  жоғарғы  оқу  орындарында  білім  алуды  жалғастыру  ынтасын 

дамыту  үшін екі, я одан да көп шетел тілін ендіру қолға алынады. 

Тұлғаны  қалыптастыру,  тәрбиелеу  және  дамыту  мақсатында  филологиялық 

бағыттағы  пәндерді  оқытудан  өзге,  тарих  және  кіріктірілген  түрдегі  пәндер  ендіріледі. 

Тұлғаны  қалыптастыруға,  оның  икемін,  қызығушылығы  мен  бейінін  дамытуға  жағдай 

жасалады.  

Сурет  және  музыка  сабақтарында  көркемөнер,  музыка,  халықтық  қолданбалы  өнер 

туындыларымен және оларды жасаушылармен танысу жүреді. 

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты өз бойында туған халқының болмысын 

жинақтаған,  өзге  халыққа  құрметпен  қарайтын  қоғамдық-гуманитарлық  икемі  бар 

оқушыны тәрбиелеу болып табылады. 

Бірлестіктер  жұмысы  мұғалімдердің  осы  бағыттағы  білімін  жетілдіру  болмақ. 

Мұғалімдер  тұлғаның  тілдік  қалыптасу  тәжірибесін  пайымдау,  осы  бағыттағы  пәндерді 

эмоционалдық  бағалау  қатынасын  қалыптастыру  әдістемесі  бағыттарында  зерттеулер 

жүргізеді. 

Күтілетін нәтижелер 

-Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру. 

-Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бағдарлы  білім  беру  жүйесінің  оқу-әдістемелік 

жабдықталуының сапасын арттыру. 

-Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті 

жаңа ұрпақ мамандарын даярлау. 

-Болашақ  мамандарды  оқыту  мен  олардың  болашақ  қызметінің  тығыз  байланысын 

ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету. 

-Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу  проблемасын шешу. 

-Түлектің тілдік тұлға ретінде қалыптасуы. 

Мектептің  жоғары  сатысындағы  вариативті  компоненттің  білім  мазмұнын  таңдап 

алудың теориялық негіздері 

Мүмкін болатын қауіптер 

1) кей мектептерде тек бір ғана пәннің жеке тақырыптарын немесе тарауларын тереңдету 

көзделеді;  

2) немесе тіптен жеке пән шығарады;  

3) пәннің қолданбалы жағы қалыс қалады. 

Ғылыми тұрғыда негізделген іс-шаралар: 

1) қолданбалы курстарды оқытудың мақсат-міндеттерін айқындау; 

2) қолданбалы курстардың атқаратын функцияларын белгілеу; 

3)  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігінің  білім  мазмұнын  таңдап  алуда  басшылыққа 

алынатын принциптерді анықтау; 

4)  қолданбалы  курстардың  бағадарламаларына  енгізілетін  білім  мазмұнына  қойылатын 

талаптарды айқындау. 

Қолданбалы курстардың функциялары 

- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу



149 

 

- болашақ кәсіби іс-әрекетке бағдарлау; 



- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау; 

-  базалық  пәндік  білімді  толықтыру  және  тереңдету;  бағдарлы  пәндерді  оқытудағы 

кемшіліктерді жою. 

Білім мазмұнын таңдау принциптері 

Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу 

үш таған деп айтуға болатын мынадай маңызды принциптерге негізделуі қажет: 

1. Қолданбалы сипатта болуы; 

2. Мемлекеттік жоғары міндетті білім стандартына сәйкес болуы

3. Мамандыққа бағдарлауы. 

Арнайы курс бағдарламалары құрылымы 

1. Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні 

2. Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау 

3. Бағдарламаның түсінік хатын дайындау: 

-курстың мақсаты; 

-оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар; 

-пәнаралық кіріктіру

-кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, 

таңдауды негіздеу; 

-уақыт көлемі, сабақтың жиілігі. 

4. Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу. 

5. Курсты ұйымдастыру формасын анықтау. 

6. Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.). 

7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. 

8. Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі) . 

Бағдарлы  оқыту  жалпы  оқыту  процесiнiң  құрылымын,  мазмұны  мен 

ұйымдастырылуын  өзгерту  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  неғұрлым  толық 

ескеруге,  олардың  қабiлетiн  дамытуға,  жоғары  сынып  оқушыларына  өздерiнiң  кәсiби 

қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес бiлiм 

беру  үшiн  жағдай  туғызуға  мүмкiндiк  беретiн  саралау  мен  даралау  құралы  болып 

табылады. 

"Бағдарлы  оқыту”  және  "кәсiптiк  бiлiм  беру”  ұғымдарын  шатастыруға  болмайды. 

Бағдарлы  оқыту  –  бұл  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң  жоғарғы  буынында  оқытуды 

даралауға, оқушыны әлеуметтендiруге, сонымен бiрге мектептiң жоғарғы сатысы мен орта 

және  жоғарғы  кәсiби  бiлiм  берудегi  сабақтастықты  жүзеге  асыруға  бағытталған  арнайы 

дайындау  жүйесi.  Ал,  кәсiптiк  бiлiм  беру  деп  жеке  тұлғаның,  қоғамның,  мемлекеттiң 

мүддесi  үшiн,  нәтижесiнде  азамат  сәйкес  құжатпен  куәландырылған  нақты  кәсiби 

мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудiң мақсатты процесiн түсiнедi. 

Бағдарлы  оқытуды  енгiзудiң  мақсаты  –  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң  жоғары 

сыныптарында  оқушыны  еңбек  нарығының  нақты  сұраныстарын  ескере  отырып 

әлеуметтендiруге бағытталған арнайы дайындау жүйесiн жасау болып табылады. 

1.  Мектепішiлiк  бағдарлау  үлгiсi  деп  бағдарлы  оқытуды  бiлiм  беретiн  бiр  ғана 

мекеменiң  күшiмен  ұйымдастыруды  айтады.  Бұл  жағдайда  жалпы  бiлiм  беретiн  мекеме 

бiрбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкiн. 

 Бағдарлы  бiлiм  беретiн  мекеме  таңдалып  алынған  бiр  ғана  бағдарды,  мысалы, 

жаратылыстану-математикалық  немесе  қоғамдық-гуманитарлық  бағдарды  жүзеге 

асырады.  Көпбағдарлы  бiлiм  беретiн  мекеме  оқытудың  бiрнеше  бағдарын,  мысалы, 

жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. 



150 

 

Мектепішiлiк бағдарлау үлгiсiн жүзеге асыру қала жағдайында қолайды. 



 

2.  Шағын  қала  жағдайында  бағдарлы  оқытуды  ұйымдастырудың  тораптық  үлгiсi, 

яғни  ресурстық  орталық  базасында  немесе  әлеуметтiк  серiктестiк  негiзiнде  оқыту  үлгiсi 

жүзеге асырылуы мүмкiн. 

Бағдарлы  оқытуды  ресурстық  орталық  базасында  және  әлеуметтiк  серiктестiк  негiзiнде 

жүзеге  асыру  бiлiм  беру  кеңiстiгiн  қалыптастыру  мақсатымен  басқа  да  бiлiм  беру 

ұйымдарының  бiлiм  беру  корларын  мақсатты  және  ұйымдасқан  түрде  тартуды 

(жұмылдыруды)  көздейдi.  Бұл  бiлiм  беру  үрдiсiне  қалыптасушылардың  барлық  талап-

тiлектерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. 

Бағдарлы  оқытуды  ресурстық  орталық  негiзiнде  ұйымдастыру  кезiнде  жалпы  орта 

бiлiм  беретiн  бiрнеше  мектеп  материалдық  және  кадрлық  әлеулетi  жеткiлiктi,  неғұрлым 

күштi  бiр  ғана  жалпы  бiлiм  беретiн  мекеме  –  «ресурстық  орталық»  төңрегiне 

шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы бiлiм беретiн мектеп базалық жалпы бiлiм беретiн оқу 

курстарын,  ал  ресурстық  орталық  бағдарлы  жалпы  бiлiм  беретiн  курстарды  жүзеге 

асырады.  «Ресурстық  орталық»  үлгiсiнiң  артықшылығы  сол,  онда  бiлiм  беретiн 

мекемелердiң  әрқайсысының  кадрлық  немесе  материалдық-техникалық  әлеулетi 

жеткiлiксiз  және  оқушылар  саны  аз  болған  жағдайда  да  оқушылар  бағдарлы  дайындық 

курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады. 

Бағдарлы  оқытуды  әлеуметтiк  серiктестiк  негiзiнде  ұйымдастыру  кезiнде  бiлiм 

беретiн түрлi  типтегi  мекемелер  –  мектептiң әлеуметтiк секрiктестерi  торабы шеңберiнде 

бағдарлы дайындық  берiледi. Торап шеңберiнде бағдарлы курстар  мен таңдау курстарын 

мектептiң  әлеуметтiк  серiктестерi,  яғни  шағын  (кiшiгiрiм  қалада  немесе  iрi  қаланың  бiр 

ауданында)  жинақы  орналасқан  бiлiм  беру,  мәдениет  және  спорт  мекемелерiнiң  әртүрлi 

типтерi мен түрлерi ұсынады. 

Бұл  жағдайда  жалпы  бiлiм  беретiн  мектеп  базалық  жалпы  бiлiм  беретiн  оқу 

курстарын, ал мектептiң әлеуметтiк серiктестерi : 

- бағдарлы жалпы бiлiм беретiн курстарды

- тәжрибеден өткiзудi; 

- жобалық және зерттеу жұмыстарын; 

- оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуды жүзеге асырады. 

Типтік  оқу  жоспары  білім  беру  мазмұнын  инвариантты  және  вариативті 

компонентерге  бөлу  арқылы  білім  беру  мазмұнын  қалыптастыру  бойынша  өкілетті 

органның және білім беру ұйымының өкілеттілігі мен жауаптылығын шектейді.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет