Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет84/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   333
Қара сексеуіл 

Өте  сораң  жерлерде  өсімдік  аз  болады.  Сортаң  топырақтарда  тұз  мөлшері  әр  қилы 

болуы  мүмкін.  Тұзы  аз  топырақтарда  өсімдіктер  әр  түрлі  және  қалың  өседі.  Мұндай 

топырақ  шөл  аймағының  ойпат  жерлерін,  өзендер  мен  көлдерінің  жағалауларын  алып 

жатады. 

Бір кезде егістік, бақша және бақ болған, қолдан суарылған жерлердің топырақтарын 

да тұз басады. Мысалы, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағысындағы жазықтарда, 

бұрын  қолдан  суарылған  жерлерде,  қазіргі  кезде  қара  сексеуіл  үлкен  орман  болып  өседі. 

Құмды  жерлерде  өсетін  ақ  сексеуілге  қарағанда,  сортаң  топыраққа  шықан  қара  сексеуіл 

аласа бойлы ағаш. Кейбіреулерінің ғана биіктігі 10 метрге, жуандығы жарты метрге дейін 

жетеді. 

Қара  сексеуілдің  де  жапырағы  болмайды.  Жапырақтың  қоректену  қызметін 

атқаратын  жасыл  өркендерінің  дәмі  тұз  татиды;  ақ  сексеуілге  қарағанда  қара  сексеуілдің 



162 

 

айырмашылығы осы. Сексеуілдің сабағы – қисық, бұтақтары өте көп, сүрегі сыртқа қарай 



қисая – қисая келіп, білеуленіп біткен. Дің сабағының түбіндегі тамыр мойыны жуан. Осы 

арада басталған тамырлары 8-12 метрлік тереңдікке жетеді. Бұл тамырлары, көбінесе ащы 

болатын жер асты суы жатқан, дымқыл топыраққа дейін барады. Қара сексеуілдің гүлденуі 

мен  жемісі  пісу  мерзімі  –  ак  сексеуілмен  бірдей.  Сексеуіл  орман  селдір  болады. 

Айтарлықтай жапырақ болмағандықтан, оның астында онша көлеңке де болмайды.  

Шөл жерлердегі өзендердің төменгі жағында су мөлшері өте өзгеріп отырады. Өзен 

суларын көптен ілесе келген құм мен саз, өзендердің аяғындағы ойпаттарға тосқын болып 

жинала береді. Тосқындардың салдарынан өзен атырауларында, тірі жан өте алмайтындай, 

қалың қамыс өсіп кеткен шалшықты жазық пайда болады. 

Шөл  өзендерінің  атырауындағы  өзен  арнасы  жиі  өзгеріп  отырады.  Соның 

салдарынан шалшықты кеуіп сортаңға айналады. Егер ыза су деңгейі төмен түсіп тереңге 

кетсе,  өзен  арнасы  бағытын  өзгертсе,  өзен  тосқындарын  жел  үрлеп  әкетіп  тақыр  және 

сортаң  жерлермен  қатар  ол  арады  шағыл  құмдар  пайда  болады.  Осындай  ертедегі  өзен 

атырауларында сексеуіл ормандарының көлемі өте үлкен болады. 

Топырақ  асты  сулары  8-12  метрден  төмендейтін  болса,  сексеуіл  қурай  бастайды. 

Жүздеген гектар жерлерден қурап қалған сексеуілдерді көруге болады; олардың ағаштары 

шіріп,  жер  бетіне  құлап  –  сексеуіл  зиратына  айналады.  Ол  сексеуілдер  елді  мекеннен 

алыстағы  жерлерде  ғана  шіріп  –  зая  кетеді;  дегенмен  мұндай  алыс  жердің  өзі  жылдан-

жылға азая түсуде. Сексеуілдің сүрегі өте ауыр, морт келеді, соқса болады  – сынады. Ол 

жылды көп береді. Осы кезде Қазақстанның көптеген қалалары сексеуілді пешке жағады. 

Сексеуіл –шөл және шөлейтті жерлерде тамырын тереңге жіберіп өсетін өсімдік. Құм 

көшкінінен  қалқалайтын  қарауы  бар.  Көмір  мен  газға  қол  жетпеген  жылдары  көптеген 

ауыл-аймақтар  осы  өсімдікті  отындыққа  да  пайдаланады.  Ал  қазір  бұл  ағаш  кәуап 

пісіретіндерге  таптырмас  отын  болып  отыр.  Шоғы  ұзақ  уақыт  сөнбейді,  әрі  қызуы  да 

жақсы. Негізгі кәуапты көмірмен де, тіпті болмаса, қарағашты қолдану арқылы да пісіруге 

болады.  Бірақ,  сексеуілдің  орны  бөлек.  Сексеуіл  шоғымен  піскен  кәуаптың  дәмі  ерекше 

болады.  Сондықтан  тек  сексеуіл  жағамыз.  Мейрамханадағы  қонақтарға  дәмді  кәуап 

дайындау  үшін  біз  күніне  екі  арба  сексеуіл  жағамыз.  Егер  сексеуіл  саудасына  тыйым 

салынатын болса, онда кәуап пісіретіндер тақырға отыруы мүмкін. 

Сексеуіл  –  (  лат.  Haloxylon)  дінің  мен  бұтақтары  бұраң-бұраң  боп  келетін,  құмды 

жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсімдік. 

Оның  Орталық  Азия  мен  Араб  елдерінде  онға  жуық  түрі  бар.  Соның  үшеуі  Қазақстанда 

өседі: ақ сексеуіл, қара сексеуіл және Зайсан сексеуіл. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман 

қорының 48 пайызын алып жатыр. 

                                               Ерекшеліктері 

Ақ  сексеуіл  –бойы  1,5-  тен  2,5  метрге  дейін  жететін  тал-шілік.  Негізінен  құмдауыт 

әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Оның тамыр 10-11 метр тереңдікке 

дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері 

бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл 

жануарлар сондай 3метрлік бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға 

оның  жердегі  жіңішке  сынық  бұтақтары  мен  қураған  жапырақтары  тоя  жеуіне  жарап 

жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуілдің азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек. 

Қара  сексеуіл  аққа  қарағанда  жуандау  әрі  ірі  келеді.  Оның  өсу  биіктігі  көбіне  7 

метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Бұлар шоғырланып өседі. 

Алыстан  қарасаң  қалың  жынысты  орман  тәрізді  Өз  ұрығы  есебінен  табиғи  түрде  өсуге 

бейім.  Орта  Азияның  шөлді,  құмды,  сортаң  жерлерінде  көп  кездеседі.  Сондай-ақ,  тақыр 

жерлерде де өсуге бейім. Қара сексеуілдің де жас әрі жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын 



163 

 

түйелер  мен  ұсақ  малдар  сүйсініп  жейді.  Оның  үстіне  сексеуілді  аймақтар  мал 



жайылымына қажетті шөптердің өсуіне пайдасын көп тигізеді. 

Ағаш  бар  жерде.  өмір  бар.  Адам  тіршілігіне  де  қолайлы  орта.  Осы  екеуіне  тән 

ерекшеліктер  Зайсан  сексеуілінде  д  бар.  Жалпы  айтқанда  үшеуі  де  тарғылданып,  иір-иір 

болып  өсетін  және  өңдеп  құрылыс  материалдарын  жасауға  келмейтін,  тұрмыста  тек 

отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және 

шоғының  қызуын  бойында  ұзақ  уақыт  сақтағыш  қасиеті  көмірден  артық  болмаса,  бір 

мысқал  да  кем  емес.  Өткен  ғасырларда  адамдар  оны  жағып,  қоламтасын  көмір  ретінде 

сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы білеміз. Сексеуілдер қоршаған ортаның 

тепе-теңдігін  сақтап  тұруды  ерекше    роль  атқарады.  Дүлей  соққан  желден  құм  көштерін 

тоқтатады.  Сексеуілдерді  қорғаныш  ететін  жан-жануарлар  мен  жәндіктер  қаншама. 

Әсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы өсіп өнулеріне өте қолайлы. 

Дегенмен  білікті  жандардың  айтуына  қарағанда,бұл  істің  әртүрлі  салаларына 

отандық  орман  мамандары  тартылса  да,  жобаның  ең  соңғы  редакциясына  олардың  бір 

қатар  ұсыныс-пікірлері  кірмей  қалған.Біраз  тұстары  түсініксіздік  туғызатын 

секілді.Сексеуілді  алқап  та  орманға  жатады.Алайда  «Казлеспроект»  кәсіпорынының 

директоры Алдаберген Кесімбаевтің бағдарлама жөнінде өзіндік пікірі бар.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет