Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


− Әлі күнге мәшине айдайсыз ба?  −



Pdf көрінісі
бет81/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   333
− Әлі күнге мәшине айдайсыз ба? 

− Амал қайсы... Бұрынғыдай тау-тасты кезіп, жүздеген шақырым жол жүретін шама 

жоқ. Мәшинесіз қалай болмақ... 

− Жазу мәшіңкеңіз қырыққа, мінетін мәшинеңіз отызға келіпті... 

−  Соңымен өз ғұмырыңызда қанша кітап жаздыңыз? 

−  Кім білсін... (каталогты қарап.) Міне... Міне... жүз елу алты кітап жазыппын. Жалпы 

мен  әдебиетке  кештеу  келген  адаммын.  Жиырма  тоғызыншы  жылы  тұңғыш  кітабым 

«Белый  марал»  жарық  көргенде  отыз  бестердегі  жігіт  едік.  Оның  алдында  қол  тимеді. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  қатыстым.  Он  алтыншы  жылы  әскери  училищеде  оқыдым, 

одан  азамат  соғысы  басталды.  Оған    Ұлы  Отан  соғысын  қосыңыз...  Соғысып  жүріп 

әдебиетпен шындап айналыса алмадық қой. 

−  Сіз Қазақстанда, одан қалды Кеңестер Одағында ең көп кітап жазған жазушы болып 

саналасыз. Кітаптарыңыздың жалпы тиражы қанша екенін айтпайсыз ба? 




158 

 

−  Кім  білсін...  Бірер  күн  отырып  санау  керек  шығар  (келінін  шақырып).  Ғалия,  менің 

кітаптарымның  жалпы  тиражы  қанша  екенін  сұрап  жатыр...  Балаларға  айтып  санатып 

қойшы... Шамамен алғанда он-он бес миллион болып қалады... Өкінішке орай, қазір қағаз 

жоқ, кітаптардың тиражы азайып барады.  

−  Сіз  Қазақстанда  тұратын  әрбір  адамға  ең  кемі  бір-бір  кітаптан  сыйлаған  екенсіз.  Бұл 

сұмдық көп тираж ғой? 



  Мәселе  санда  емес,  сапада.  Тоқсан  алты  ғылыми  мақала,  үш  монография,  көркем 

фильмінің сценариін жаздым.  

 −  Өз  басым  Сіздің  кітабыңыздың  дүкендерде  тұрғанын  сирек  көріппін.  Одақ  көлемінде 

алған үлкенді-кішілі сыйлықтарды былай қойғанда, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын 

алдыңыз...    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет