Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет83/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   333
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 

 

1.Зверев М. «Күн райын жан-жануарлар қалай сезеді». Алматы, «Қайнар», 1964 ж. 

2.М.Д.Зверьев шығармалары: 3 томдық жинағы А., «Жазушы», 1983-1985. 

 

 



 

 

СЕКСЕУІЛ АҒАШЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 



 

ШӘКЕН М., НҰРҒОЖИНА Ш.Б. - «5B011300 - Биология» 

мамандығының 3 курс студенттері 

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент ИБРАГИМОВА З. А. 

Алматы Университеті 



 

Қазақстан  жерінің  жартысынан  көбін,  яғни  58%  алып  жатқан,  үлкен    құрғақшылық 

аймақ әртүрлі ландшафты шөл мен шөлейттер. Шөл аймағы солтүстіктен  оңтүстікке қарай 

500−700 км-ге, ал батысында Каспий теңізі жағалауынан шығыстағы Тарбағатай таулары 

мен Зайсан шұңқырына дейін 2800 км созылып жатыр. Оның көлемі 1,1 миллион шаршы 

шақырымды  құрайды.  Шөл  аймағының  солтүстік  шекарасы  470  және  480  белдеулер 

аралығында. Ауа райы шұғыл  континенталды әрі құрғақ. Қаңтардағы орташа температура 

батыстан шығысқа қарай ─5°-н ─15° төмендейді, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай ─16°-н  

─4°  жоғарылайды.  Жұқа  қар  қабаты  (10─20  см)  шөл  зонасынды  2─4  ай  жатады.  Жазы 

ыстық  (шілденің  орташа  температурасы  солтүстікте  24°-26°6  ал  оңтүстікте  30°─  43°)  әрі 

өте  құрғақ:  жылына  не  бары  80─200  мм  ылғал  түседі,  бұл  осы  уақыт  аралағындағы 

буланудан  10  -  12  есе  аз.  Шөлде  жер  үсті  сулары  да  тапшы,  Шу,Талас,  Сарысу  өзендері 




160 

 

ағып өтіп, осы жерден біразы бітеді. Қазақстандағы шөл ландшафтысы алуан түрлі. Мұнда 



құмды  шөлдер  (Қызылқұм,  Мойынқұм,  Арал  маңы  Қарақұмы,  Тауқұм),  балшықты  кең 

жазықтықтар), сор-жусанды шөл өсімдіктерімен жабылған (үстірт, Бетпақдала), сортаңды 

шөлдер  (Каспий  маңы,  Арал  маңы),  тастақты  шөлдер  (Іле  өзенінің  оң    жағалауы)  және 

басқа  да  түрлері  кездеседі.  Бұлардың  әрқайсысының  өз  өсімдіктері,  мекендейтін 

жануарлары бар, олардың арасында осы жердің қиын жағдайларына үйренген,  тек шөлге 

тән түрлері кездеседі. 

Сексеуіл  (Ноloxylon)─алабұталар  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  өсідіктер,  аса 

биік  емес  ағаш,    бұта.  Биіктігі  12  м─ге  дейін  жетеді.    Азияның  шөлдері  мен  шөлейт 

аймақтарында  10  түрі  өседі.  Діңі  бұдырлы,  ашаға  ұқсап  бұтақтанған,  жас  өркендері 

бунақты болады. Жапырағы ұсақ, қабыршақ тәрізді, қарама─қарсы орналасқан.Гүлі ұсақ, 

қос  жынысты,  бір  үйлі.  Өркені  мен  тұқымы  арқылы  өсіп─өнеді.  30─60  жылдай  -  өмір 

сүреді.  Жемісі─дәнек.  «Сексеуіл»  ─  түрік  сөзі,  қазақшаға  аударғанда  «аттың  құйрығы» 

деген  мағына  береді.  Ауа  райы  ыстық,  құрғақ  болғанда  жапырақтары  түсіп,  төмен  қарай 

иілген    бұтақтары  шынымен  де  аттың  құйрығына  не  жалына  ұқсайды.  Ал  оның  грекше 

«халоксилон»атауы  «тұзды  ағаш»  деген  мағына  береді.  Олар  әбден  қурағанда  топыраққа 

өте  көп  мөлшерде  тұз  бөлінеді,  сондықтан  сексеуіл  діңінің  астына  көптеген  өсімдіктер 

тіршілік ете алмайды. Қазақстанда 3 түрі (ақ сексеуіл, Зайсан сексеуілі және қара сексеуіл) 

өседі. Ақ сексеуіл  (Н.реrsicum), биіктігі 5 м– дей, дің қабығы ақшыл сұрғылт, ірі бұта не 

аласа ағаш. Қызылорда облысында, Арал  маңында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балқаш – 

Алакөл  ойысында,  Түркістан  маңында,  Шу  –  Іле  тауында,  Қаратауда  кездеседі.  Қара 

сексеуіл  (H.  aphyllum),  биіктігі  10  м-дей,  діңі  қара  сұрғылттау,  қызыл–  күрең.  Үстірттің 

солтүстігінде, Арал маңында, Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл ойысында кездеседі. Зайсан 

сексеуілі (H. ammodendron),биіктігі 2–дей, қабығы қызыл– күреңдеу немесе ақшыл– сұр. 

Зайсан,  Алакөл  маңы,  Шелек,  Шарын  өзендері  бойында,  Солтүстік  Үстіртте  кездеседі. 

Сексеуілдің кез–келген түрінің шаруашылық маңызы зор. Оның сүрегінен сірке қышқылы, 

метил  спирті,  ацетон,  шайыр  алынады.  Көк  бұтақшасында  лимон  қышқылы  (1-3%), 

қымыздық  қышқылы  (20-25  %),  күл(20-25%)  бар.  Құрамында  сақар  мен  сода  көп.  Отын 

ретінде,  сортаң  жерлерді  көгалдандыруға,  құм  бекітуге  пайдаланылады.  Сексеуілдің  жас 

өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді 

Сексеуіл  –  қасиетті  ағаш.  Ілгеріде  ата  –бабаларымыз  сексеуілдің  бірер  бұтағын 

немесе  тамырын  үйдің    үстіне  шығарып  қоятын  болған.  Өйткені,  үлкендердің  сөзіне 

қарағанда,  бұл  ырым  «Жамандықтан  сақтайды,  төбеден  найзағай  ұрмайды,  жай 

түсірткізбейді»  екен.  Сексеуілдің  тағы  бір  қасиеті,  ол  -  құмды  шөлдің  қорғаны,  яғни, 

құмды бекітіп ұстап тұрады. Алайда, шөл даланың көркіне айналған, елді - мекендерді құм 

көшкінінен  қорғайтын сексеуілге бүгінде жанашырлық танытанындар тым азайып барады. 

Өкініштісі сол, шөлейтті дала құм көшкінін «кісіндеп» ұстайтын, ұлан –ғайыр адылардың 

топырағын  эрозиядан  сақтайтын,  атыраптарда  тіршілік  ететін  елді  -мекендерді 

дауылдардан  қорғайтын  сексеуілдің  қадір  –қасиетін  түсінбей  келеміз.  Біз  бүгінгі 

тақырыпта «шөл даланың падишасы» атанған сексеуілді қорғау, сақтау, оны пайдалануға 

тыйым салу төңірегіндегі мәселелерді көтеретін боламыз. 

Бұрындары  жұрт  сексеуілді  отқа  тамызық  ретінде  пайдаланатын.  Ал  қазір  көмірдің 

жетіспеушілігі  мен  қымбаттаушылығы,  оның  үстіне,  табиғи  газдың  тартылмауы  елді  –

мекендерде тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана  бастады. Бұрын 

ауыл іргесінде өсетін сексеуілдерді қазір елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре 

аламыз.  Оның  үстіне,  ірі  қалаларда  кәуап  орындары  көптеп  ашылып,  сексеуілге  деген 

сұраныс  барынша  артты.  Осының  салдарынан  сексеуіл  алқаптарының  көлемі  мейілінше 

кішірейіп, бұл өсімдіктің тұқымы тұздай құрып барады. 



161 

 

 Сексеуілдің  азайған  -  адамдардың  жауыздығынан  болып  отыр.  Бақылау  мен 



жанашырлықтың  жоқтығынан  және  есепсіз  пайдаланудан  сексеуілде,  жыңғыл  да  сиреп 

барады.  Жеке  басының  қамын  күйттегендер  мұны  отын  ретінде  қалаға  апарып  сатып, 

үлкен  пайда  тауып  жатыр.  Қазір  адамдардың  арасында  мейірім  қалмаған,  пейіл  мен 

қанағат  та  жоқ.  Тракторға  арқан  байлап,  сексеуілді  тамырымен  қопарып  әкетіп  жатыр. 

Осылайша,  табиғат  -  ананың көзіне  аямай  құм  септіп.  Бұрын  сексеуіл  мен  жыңғылы  көп 

алқаптар жаппай қорғауға алынатын, ал қазір қорғауға алмақ түгілі ешкім ойлап та жүрген 

жоқ. Егер бұлай жалғаса беретін болса, онда таяу арада еліміздің көптеген аймақтарында 

құм көшкіні болады, - дейді зейнет жасындағы орманшы ағамыз Арман Қанатбек. 

Шыны керек, бүгінгі таңда сексеуіл ағаштарын кесуге заңмен тыйым салынған. Тіпті, 

елімізде  2013жылдың  8  тамызынан  бастап,  2018  жылдың  аяғына  дейін  сексеуіл  кеуге 

мараторий  жарияланған.Сексеуілді  қорғау,сақтау,  оны  пайданлануға  тыйым  салу 

төңірегінде  Парламентте  бір  емес,  бірнеше  рет  мәселе  көтерілді.  Бірақ,  солай  болса  да, 

елімізде  сексеуілдің  саудасы  толастамай  тұр.  Қызуы  жақсы,  бықсу  дегенді  білмейтін 

сексеуіл  әсіресе, қалаларда кәуап жасайтындар үшін таптырмайтын отын ретінде жоғары 

бағаланып  отыр.  Кейбір  пысықайлар  мұны  қалаға  алып  келіп,  бір  құшағын  пәленбай 

мыңға сатып, пайдаға кенелуде. Әсіресе, ірі мегаполис - Алматының көрінген бұрышында 

қазір  қаптаған  кәуапханалар  бар.  Жанармай  құю  бекеттері  мен  жол  бойында,  әсіресе, 

Каменка  елді  –  мекенінің  көшелерінде  сексеуіл  ағашы  ашық  сатылып  жатыр.  Тіпті, 

кейбіреулер үйлерінің есігінің алдына дейін шығарып қойған. Енді бұған тыйым салу үшін 

не істеуіміз керек, қандай шара қолға алған жөн? 

 

СЕКСЕУІЛДІҢ ПАЙДАСЫ: 



Сексеуіл сілтісінен (яғни, күлінен) ертеде ата –бабаларымыз кір сабын жасаған.  

Сексеуіл сілтісі мал ауыратын қотыр ауруына ем. 

Сексеуіл сілтісі ата –көкелеріміз ататын насыбайға да қосылады. 

Сексеуіл сілтісі үй учаскісіне тыңайтқыш ретінде пайдалынады. 

Сексеуіл отын ретінде (көмірмен бірдей) үй жылытады. 

Сексеуіл ұста көрігіне пайдаланылған. 

Сексеуіл бұтасы төрт түлік малға азық болған, т.б. 

Қорыта  айтқанда,  бір  бойынан  бірнеше  қасиет  табылып,  құла  дүзді  құм  көшкіннен 

сақтайтын  сексеуілді  қалайда  бұрынғы  қалпына  келтіру  керек-ақ.  Айналдырған  жиырма 

жылда сексеуіл ағашының елімізде төрт есеге дейін азайып кеткені алаңдатпай қоймайды. 

Мамандар  мәселе  көтеріп,  экологтар  дабыл  қаққаннан  кейін  Үкімет  қауылы  қабылдаған 

болды. Бірақ, әзірге оның да  берері шамалы болып тұр...  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет