Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет118/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

БАКИРОВА Э.А.- ф.-м.ғ.к., доцент 

Шымкент университеті 



 

Мақалада  орта  мектепте  математика  курсын  жетілдіруде    жаттығулар  мен 

тапсырмалардың проблемалық  сипатта, дамыта оқыту негізінде берілуінің маңызы зор 

екендігі қарастырылған 

Негізгі орта мектептегі математика сабақтарының құрылымы мен негізгі міндеттері 

оқу,  білімге  қатысты  мемлекеттік  құжаттарда  белгіленген  мақсаттар  көлемінде 

ұйымдастырылады.  Мектепке  келген  оқушының  дамуындағы  оқытудың  ролін,  оқыту 

процесін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  оқушының  танымдық  қабілеттерін  жан  –  жақты 

дамытуға  болатыны  туралы  алғаш  пікірді  Л.С.  Выготский  айтқан.  Ғалым:  «Педагогика  - 

должна ориентироваться не на вчерашний, а на завтрашний детьского развития» дей келе, 

оқытуды  оқушылардың  «жақын  даму  аймағының»  дамуына  әсер  етуі  керек  екенін  атап 

көрсетеді[4].  

Ал, Л.В.Занков болса бастауыш сынып оқушыларының заттар мен құбылыстардың 

айырмашылықтары  мен  ұқсастықтарын  байқай  алу,  өз  ойын  еркін  жеткізу,  өзіндік  пікір 

айту  дағдыларын  қалыптастыру  дамыта  оқытудың  негізгі  мақсаты  екенін  атап  көрсетсе, 

Д.Б.Эльконин:  «...  мы  нашли  к  проблеме  развивающего  обучения  в  младшем  школьном 

возрасте. Этот ключ - содержание обучения. Если мы хотим, чтобы обучение в начальных 

классах школы было развивающим, то мы должны позаботиться прежде всего о научности 

содержания,  т.е.  о  том,  чтобы  дети  усваивали  систему  научных  понятий  и  способы  их 

получения»  деп,  оқушылардың  сауат  ашу  кезеңінде  жинақтай,  қорытындылай, 

проблеманы  үлкендердің  көмегінсіз  өздігінен  шешу  әрекеттерін  орындай  алуға  үйрету  

екендігін айтады [5].  

Ғалым-педагог 

Б.А. 

Тұрғынбаева: 



«Мектеп 

оқушыларының 

танымдық 

қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі 

ғана  емес,  сонымен  бірге,  баланың  маңызды    психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой 

жұмысының  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін  жолға  қою 

керектігін»  -  деп  көрсетіп,  оқушының  шығармашылық  қабілеті  де  оның  ойлау  мен 

практикалық әрекеттері арқылы дамитындығын баса айтады. Ғалымның пікірінше, ойлауға 

үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары деп танылады [6]. 

Сонымен  қатар,  бірқатар  ғалымдардың  еңбектерінде  оқушылардың  логикалық 

ойлауы 

мен 


ізденімдік 

қабілеттерін 

жетілдіруге 

арналған 

көзқарастары 

Б.А.Тұрғынбаеваның жоғарыда көрсетілген пікірлерімен сәйкес келеді.  




216 

 

Педагог  Н.  Құрманова    жаңа  оқыту  технологияларына  тән  болатын  басты  екі 



ерекшелікті  атап  көрсетеді.  Біріншісі,  жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының  жеке 

тұлғасын  дамытуды  басты  міндет  етіп  қояды,  әрбір  оқушының  білім  алу  мұқажеті  мен 

мүмкіндігіне  байланысты  өз  бетімен  білім  алу  жолын  жаңа  танымдық  әдістер  арқылы 

дағдыландырады,  екіншісі,  дәстүрлі  мектепте  қалыптасқандай  оқушы  білімді  мұғалімнен 

қабылдаушы  объект  емес,  өз  бетімен  білім  ала  алатын,  өзін-өзі  дамытуға  мүмкіндігі  бар 

субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады [79]. 

Орта  мектепте  математика  курсын  жетілдіру  бұрынғы  дәстүрлі  оқытуды 

толықтыратын,  дамыта  түсетін  педагогикалық  жүйе.  Дамыта  оқыту  үрдісінде  оқушылар 

математика  курсында  дайын  білімді  меңгермей,  өз  ізденістері  арқылы  өтілген 

материалдарды  меңгереді.  Дәстүрлі  оқытуда  математика  курсында  оқушы  жаттанды 

әрекеттер  жасаса,  математика  курсының  практикалық  бағыттылығын  арттыру 

сабақтарында  оқушы  мұғалімнің  көмегінсіз  жасырылған  есептердің  жауаптарын  табуға, 

математикалық білімдерін өзара байланыстыруға, білімді дербес қабілеттері арқылы алуға 

үйренеді. Бұл оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына игі әсер 

етіп, баланың сабақта ойлануына, ізденуіне түрткі болады. 

Орта  мектепте  математика  курсын  жетілдіруде  жаттығулар  мен  тапсырмалардың 

проблемалық  сипатта,  дамыта  оқыту  негізінде    берілуінің  маңызы  зор.  Тапсырмалардың 

проблемалық  сипатта  берілуі  оқушыларда  «Бұл  не?»,  «Не  жасырылып  тұр?»  сынды 

танымдық қызығушылықтарын туғызып, оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне іштей 

талпынысын  тудырады.  Оқушылар  білуге  деген  қажеттіліктері  арқылы  проблеманы 

шешуге  ұмтылады,  бұл  олардың  материалды  сапалы  меңгеруіне  ықпал  етеді.Дәстүрлі 

оқытуда оқушылар сабақтың басым бөлігінде репродуктивті әдіспен жұмыс істесе, дамыта 

оқытуда продуктивті әдісті қолданады.  

Алайда,  оқушылардың  барлығы  проблемалық  тапсырмаларды  шешуге  қабілетті 

болмайды.  Сондықтан  математика  курсын  жетілдірудің  алғашқы  сабақтарында  мұғалім 

тапсырмалардың  орындалу  жолдарын  көрсеткені  абзал.  Бұл  біріншіден,  оқушының 

мұғалімнің  басқаруымен  тапсырманы  орындау  дағдысының  дұрыс  қалыптастырса, 

екіншіден,  бұл  оқушының  игерген  дағдылары  мен  білімдерін  келесі  проблемалық 

сипаттағы тапсырмаларды өздігінен сәтті орындап шығуының кепілі. 

Мысалы,  бірінші  проблемалық  тапсырманы  мұғалім  өзі  орындап  көрсетсе,  онан 

кейінгі тапсырмаларды оқушылардың өздері-ақ табуға дағдыланады. 

 

 



 

I топ 


 

 

 



II топ 

 

 



 

Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар беру арқылы есепті шешкізеді. 

Мұғалім: Балалар, 40-қа 3-ті көбейткенде неше болады?  

Оқушы: 120 

Мұғалім: 120-ны алпысқа бөлсе неше болады? 

Оқушы:2 


40 

 3 



50 

 3 



: 60 

+88 


: 30 

+155 


- 40 

-110 


 

 ? 



 

 ? 



100 

100 



217 

 

Мұғалім:2-ге 88-ді қосқанда неше болады? 



Оқушы:90 

Мұғалім: 90-нан 40-ты алса не болады? 

Оқушы:50 

Мұғалім: 50-ді неше көбейткенде 100 шығады? 

Оқушы: 2 

Мұғалім: енді астындағы есепті өздерің шығарыңдар. 

Оқушы: жарайды. 

Төмендегідей проблемалық тапсырма беру арқылы баланың қызығушылығын 

оятуға болады: 

 

2.Белгiсiз санды тап. 



 

 

 



 

 

 



3.Бос тор көздегi сандарды қатесiз анықта. 

 

 



 

 

 



 

           

 

 

 



Математика курсын жетілдіру сабақтарының дидактикалық негіздеріне: дамыта оқытудың 

мақсаты  мен  мәні,  мұғалім  мен  оқушының  әрекеті,  оқушы  мен  мұғалімнің  өзара  ара 

қатынасы,  сабақты  ұйымдастыру  түрлері,  дидактикалық  принциптер  мен  сабақта 

қолданылатын  негізгі  әдістер  жатқызылды.  Еніді  осы  математика  курсын  дамыта  оқыту 

сабақтарының  дидактикалық  негіздерінің  компоненттерінің  негізгі  ерекшеліктерін  

былайша саралауға болады. 

Математика  курсын  жетілдірудің  мақсаты  –  оны  дамыта  оқыту  негізінде  жүргізу 

оқушылардың  ізденушілік  –  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру,  оқушының  сабақта 

белсенділігін  арттыру,  олардың  білімді  өздігінен  меңгеру  дағыларын  қалыптастыру,  әрбір 

баланың жеке және дербес ерекшеліктерін ескеру арқылы шығармашылық және логикалық 

ойлау қабілеттерін дамыту.Дамыта оқытуға негізделген сабақтарының мақсаттарына : 

1.  Берілген тапсырмаларды таңдап қосу, оқу. 

2.  Шыққан жауаптарын түсіндіру. 

3.  Шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізу. 

Математика курсында оқушылардың аталған дағдыларын  дамыту арқылы олардың 

таным  әрекетінін  белсендіруге,  өзіндік  шешім  шығаруға,  алдарында  тұрған  проблеманы 

өздігінен  шешуге  баулиды.  Проблемалық  сипаттағы  тапсырмаларды  орындау  барысында 

60 


+130 

-90 


:? 

+50 


80 


·2 

-60 


:? 

+98 


100 

375 


125 

150 


15 

750 


х 

х 

х 



х 

х 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



х 

х 

х 



х 

х 



75 

50 


25 

30 


750 


218 

 

оқушылар  талдау,  жинақтау,  қорыту,  ізденімдік,  шешім  шығару,  шешімін  дұрыстығына 



көз  жеткізу  секілді  әрекеттер  орындайды.  Осы  арқылы  оқушылар  продуктивті  ойлаудың 

қарапайым операцияларын меңгереді. Бұл бастауыш  мектепте сауат  ашу  жүйесін дамыта 

оқытудың мәнін айқындап көрсетеді.  

Математика  курсы    үшін  сабақты  дамыта  оқыту  ұстанымы  негізінде  құрылады. 

Онда  оқушы  «субъект»  тұрғысында  танылады.  Мұғалім  тарапынан  оқушының  жеке 

тұлғалық  қасиеттері  және    мінезі  мен  темпераменттерінің  дербес  ерекшеліктерін 

құрметтеуі,  сыйлауы  жүзеге  асады.  Дәстүрлі  оқытудың  математика  курсында  оқушы 

мұғалімнің  ұғындырған,  түсіндірген  дайын  білімін  меңгерсе,  бұл  жүйеде  ұстаз  баяндау, 

көрсету,  жаттатқызу,  қайталату  арқылы  оқушыға  өтілген  материалдарды  игертеді. 

Дәстүрлі жүйеде мұғалім мен оқушының арасында «оқушы - объект» формасында қатынас 

орнайды. Ал, бастауыш мектепте математика курсын дамыта оқыту сабақтарында оқушы 

«оқушы - субъект» тұрғыда әрекеттер жасайды.  

Дамыта оқыту жүйесінде оқушы білімді  игеруде өз бетінше ізденістер, зерттеулер 

жүргізіп,  өтілген  материалдарды  өздігінен  меңгеруге  ұмтылады.  Мұнда  мұғалім 

бағыттаушы  ролінде  болып,  оқушының  ізденімдік,  шығармашылық  қабілеттерін 

жетілдіруге арналған тапсырмаларды беруге мүдделі болады.  

Оқушының  «субъект»  тұрғысында  әрекеттер  жасауы  сауат  ашу  жүесін  дамыта 

оқытудың  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі.  Баланың  өздігінен  ізденуі,  шешім  шығаруы,  өз 

пікірін дәлелдей алуы олардың жеке тұлғалық қабілеттерінің дамуына, ең бастысы оқуға, 

сабаққа  деген  қызығушылықтарының  артуына,  тапсырмаларды  өз  бетінше  орындауына 

ынтасының  оянуына  игі  ықпал  етеді.  Бұл  оқушының  білімді  сапалы  меңгеруіне, 

дыбыстардың  өзіндік  ерекшеліктерін  тануына,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына 

жол  ашады.  Мысалы,  мынадай  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  практикалық 

дағдылары сапалы қалыптасады. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны: 

 

        





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет