Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет151/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333
Bibliography 

1.Аничков И.Е., Саакянц В.Н. Методика преподавания  английского языка в средней 

школе (на англ.языке).- М:Просвещение,1966.-248  

2.Артемов  В.А.  Психология  обучения  иностранным  языкам  М.:Просвещение,1966.-

432 с 

3.БеляевБ.В. 



Очерки 

по 


психологии 

обучения 

иностранным 

языкам.М.;Просвещение,1965  

4.  Бердичевский  А.А.  Оптимизация  системы  обучения  иностранному  языку  в 

педагогическом вузе. М:Высш.школа,1989.-103 с. 



 

 

 

Н. СЕРӘЛИЕВ «АҚ ҚАЙЫҢ» ХИКАЯТЫНДАҒЫ ОБРАЗДАУ ТАБИҒАТЫ  

 

ҒАНИ Г. - магистранты  

ЖАНТАСОВА З.Т.- ф.ғ.к, доцент 

Шымкент университеті 

 

Мақалада  Н.Сералиевтің  шығармашылығындағы  табиғат  пен  олардың  көркемдік 

сипаттамасы баяндалған ерекшеліктерін ашады. 

Нәсіреддин  Серәлиев  хикаяттарының  бір  шоғыры  –  жалындаған  жастық  шақтың 

отын  маздатқан  «махаббат»  атты  нәзік  сезім  иірімдерін  жырлауға  арналады.  Егер 

балаларға  арнап  жазған  шығармаларда  жасөскіндердің  бүр  жарған  балауса  сезімдері,жас 

адамның қалыптасу жолдары өсіп, толысып келе жатқан жолы баяндалса,уақыт өте келе ол 

балаң сезімдер махаббатқа ұласуы, сол махаббаты жолындағы күресуі жеңісі мен жеңілісі 

сүрінуі,  адасуы,  қайта  табысуы  бәрі  бәрін  жазушы  кейіпкер  бойына    ұялата  суреттейді. 

Жазушының  «Ақ  қайын»,  «Зеңгір  аспан»,  «Махаббат  туралы  хикая»  деп  аталатын 

хикаяттары  жастық  шақты  романтикалық  пафоспен  жазған  туындылары  десе  де 

болғандай.  




267 

 

Жалпы  Нәсіреддин    Серәлиевті  ешбір  қаламгермен  ауыстыра  алмайсың.    Мәселе 



оның  өзіне  тән  стильінде  болып  тұр.  Оның  сан  түрлі  өмір  соқпағындағы  кейіпкерлері, 

суреткер  жасаған  характер  болмысы  қаламгердің  талантында  ыстық  жүрегінің  табында 

өзгеше  күйге  енеді.  Ал  сол  стильдің    ар  жағында  қаламгердің  туған  жерге,адамға  деген 

үлкен махаббаты жатқандай. Осымен байланысты Н.Серәлиевтің барлық шығармаларында 

салқынқандылықтан  гөрі  махаббат  отын  жағатын  сезім  мен  сезімталдық  жібі  тартылып 

тұрғандай. Және оның арқауы да босамайтын сыңайлы. 

«Ыстық күлше», «Жеңешем,жорға және мен», «Қаңтар», «Зеңгір аспан», «Аққайың» 

хикаяттарында  қаламгер  көркемдік  биігіне  ұмтылған  сайын,  елжандылық  сезім 

құштарлыққа  айналып,шоқтай  маздай  түседі.Ең  маңыздысы  жазушы  жалаң  пафостан 

бойын  аулаққа  салып,  шығармаларын  көркем  өнер  тілінде  кескіндейді.  Туындыларында 

лирикалық  көңіл-күй  қаламгер  интеллектісінен  шығып,  кейіпкеріне  ерекше  ілтипат 

жасатады. 

«Ақ қайың» хикаятының романтикалық  кейіпкерлері  болашақ сазгер әрі  лирикалық 

кейіпкер  Ақан  досы  Кенжебек  және  Құралай,екі  достын  да  жүрегіне  шоқ  түсірген  қыз 

Құралайдың қалауы Кенжебек...Алайда сол махаббат жолында өзінің де бағын сынамақшы 

болған Ақан кейіпкердің сенімі мен үміті өздері серуенге шығатын Алатаудай биік. Міне, 

хикаяттағы  тартыс  осы  жерден  басталады.  Құралай  қыз  Ақан  үшін  биіктегі  қолжетпес 

арман. Хикаяттың табиғат суретімен басталуының өзі көп сырды аңғартқандай. 

Шығарма  бастауы  қашанда  қаламгердің  жазушылық  мәнерін  анықтап  тұратыны 

белгілі.  Бірінші  сөйлем  сәтті  басталса,  ары  қарай  да  сол  ырғақпен  жазыла  беруі  мүмкін. 

Яғни алғашқы сөйлемде суреткердің машық мәнерін айқындайтын терең мән бар. «Үшеу 

едік. 


«Махаббат  жылғасына»  келіп  түстік.(1.4-б)-деп  басталады  «Ақ  қайын»  хикаяты. 

Көбіне Нәсіреддин шығармалары романтикалық хабарламамен басталады да  оқырманын 

бірден  өзіне  тартып  ала  жөнеледі.Сөйтеді  де  неліктен  «Махаббат  жылғасы»  аталуын 

түсіндіреді.  

«Жан-жағы  тау,қалың  өскен  шырша.  Табанындағы  сусыз  құрғақ  жылғада  теңкейіп 

жатқан  қой  тастар.  Бар  көркі  осы.  Сұлу  сезім  махаббатқа  балайтындай  еш  керемет  жоқ. 

Әлде  жұрт  көзінен  ғашықтарды  қалқалауға  қалтарысы,  қалыңы  мол  болған  соң  осылай 

атады ма екен?..»(1.11-б). Хикаят бастауындағы «үшеу едік» деген сөйлем лирик жазушы 

Қ.Қазиевтың «Біз үшеу едік» әңгімесін еске түсіреді. 

«Махаббат  жылғасына»  келіп  түстік.  Алатаудың  ақбас  шыңдарында  батар  күннің 

қызғылт  нұры  ойнап  тұр.  Ақ  қармен  шағылысып  жалт-жұлт  құбылған  сәуле  төменге 

селдірей шашырайды.Шатқалды әзірге жарық қып тұрған да сол сәуле»(1.11-б). 

Жас  көңілдің  алып  ұшып  тұрған  алабұртқан  сезімі  мен  ішкі  әлемдегі  сезім  

тұрақсыздығын  сәулесі  құбылта  табиғат  фонымен  астарластыра  әдемі  үндестіре 

бейнелейді.  Бұл  екі  дос  Ақан,Кенжебек  және  орталарында  Құралай  үшеуі  таудағы 

серуеннен  қайтып  келе  жатқан  беті.  Жастықтың  ғажайып  қиялына  шомып  кеткен  Ақан  

тіпті жалғыз қалғанын кеш аңғарады. Осы бір сәт Ақан кейіпкер бойындағы өзің жалғыз 

тастап кеткен екеудің істеріне деген реніші қызғанышымен қатар күйде іштегі аласапыран 

буырқанған сезім күйі суреткердің табиғат бейнесімен астастыра кестелейді. 

 «Бағанағы сылдырлаған сылқым бұлақтың орнына асау өзен тау ішінің тыныштығын 

бұзып, ашулы арыстанша арылдап-гүрілдеп құлап жатыр қалаға»(12-б)  

Көңіл мен сезімнің биік асқақтап  қуаныштан шатттанған кезін «сылдыраған сылқым 

бұлаққа»  теңесе,  енді  қасындағы  екеудің  өзінен  қалыс  қалып  қойғаны  асқақтаған  көңіл 

күйі басылып, іштегі ашу ызаға ерік берілген мезеті сол өзенді «ашулы арыстанға» теңеуі, 

яғни  жазушы  табиғатты  кейіпкер  көңіл  күйімен  шебер  астастыра  береді.  Көңіл  күй 



268 

 

сезімнің тұрақсыз күйі тұрақты параметр тау өзені арқылы салғастырыла өріледі. Кейіпкер 



тартысы  да  осы  сәттен  басталады.  Досы  Кенжебектің  сүйген  қызы  Құралайға  Ақан  да 

ғашық.  Осынау  көңіл  түкпірінде  жасырын  жатқан  құпия  сезім  толқыныстары  кейіпкерді 

түрлі  ішкі  тартысқа  түсіреді.  Жазушы  шығарма  драматизмін  осылдай  өрбітеді. 

Суреткердің шығарма атауын «Ақ қайың» деп алуы жай болмаса керек. Ақ қайың-жастық 

шаққа  тән,  ғашықтық,  махаббат  символы  ретінде  қабылданатын  пәк  сезімнің  белгісі. 

Армандарға,  биік  мақсаттарға  құлаш  ұратын  жастық  шақтың  еш  нәрсеге  дес  бермейтін 

асау  толқындай  арынды  кезеңінің  образды  бейнесі-  Ақ  қайың  романтикалық 

атау.Шығарма  атауына  сай  романтикалық  леппен  бастау  сарыны  мен  сабақтасып  кете 

береді.  

«Қызыл  іңір.  Терезе  алдындағы  дара  өскен  жас  ақ  қайың  қызғылт  нұрға 

малынып,ешнәрседен бейхабар,бейкүнә қалпында баяу тербеледі...»(1.13-б) 

Кейіпкер  Ақан  да  осы  ақ  қайың  секілді  тіршілік  кешіп  жатқан  алаңсыз  өміріне 

өзгеріс енгізіп, ұйқы-тұйқы сезім тербелісіне түсірген Құралай есімін осы ақ қайың түбінде 

есітеді. 

Басты  лирикалық  қаһарман  Ақан  жаны  нәзік  сезім  адамы,әрі  өнер  адамы  болашақ 

сазгер.  «Ақ  қайың»  кейіпкер  Ақанның  музасы.Лирикалық  кейіпкердің  өзі  де 

кішкентайынан  ақ  қайыңға  ынтызар  болып  өскенін  айта  келе:  «Табиғат  бар  кербездігін 

де,жүрек қылындай нәзіктігін де ақ қайың бойына сыйлағандай көрінуші еді маған. 

Ақ  қайыңға  ғашық  едім.  Мен  оны  қас  сұлуға  ұқсатып,  қиялдайтынмын.  Мектепте 

жүріп  тұңғыш  рет  салған  суретім  ақ  қайыңға  арналып  еді...»(1.24-б),-дейді.  Тіпті  бірге 

өскен жан досы Кенжебектің өзі « Сенің жаның ақ қайыңмен туысып кеткен» дегенді жиі 

айтатынын кейіпкердің ой шегінісінде суреттейді автор. Оның керемет жанды тербейтін ән 

әуезі  де  осы  ақ  қайың  астында  отырып  шығарады.  Алайда  кенеттен  досы  Кенжебек 

келуімен ызыңдап келген әуеннен ажырап қалады. Міне, сол жоғалтқан әуенін Құралаймен 

таныстығынан кейін қайта қауышады. 

Түн  құшағында  шабыт  ләззатында  отырып,  Құралаймен  билеген  Штраустың  «Вена 

вальсін»  күйсандықты  қайта  ойнатам  деп  жоғалтып  алған  әуенін  табады.Сол  жаңа  әуен 

туған сәтті автор: « Таң ата бастапты. Көшеде еш қыбыр жоқ. Ақ қайың да әлі ұйқысынан 

оянбаған.  Оның  да  сілесі  қатқандай  сөлбірейіп  тұр»(1.19-б),-деп  суреттейді.  Шабыт 

ләззаты  мен  қуаныштан  Ақанның  әдемі  шаршасты  күйі  мен  ақ  қайыңның  жапырақтары 

салбырап,  түнгі  ұйқыға  кеткендей  маужыраған  көрінісі  мен    психологиялық 

паралелизммен  сұлу  өрбітеді.Міне,  Ақан  сазгердің  тыныш  жатқан  жүрегіне  от  салған 

Құралайға арнаған әні осылай шығады. Ән үшеуіне де қатты ұнайды. Әсіресе Құралайдың 

қара  көзі  жайнап  тұрып:  «Әсерлі,әдемі  ән  екен»  деп  Ақанның  қолын  қысуы,  оның 

өміріндегі  ең  бір  бақытты  күні  болып  есінде  қалғанын  автор  кейіпкердің  лирикалық  ой 

шегінісі  арқылы  береді.  Осы  күннен  бастап    Ақан  бойын  ғашықтық  дерті  меңдеп  алады. 

Құралайды  іздеп  шарқ  ұрған  ынтызар  көңіліне  ендігі  дауаны  ақ  қайыңнан  табатындай. 

Жүрегін беймәлім, тылсым саз әуені де  билей ме. Таудан қайтарда екеуінің оңашаланып 

қалуы  Ақан  жанына  қатты  батады.  Оның  Құралайға  деген  ішкі  ынтызар  көңіліне  үлкен 

соққы болып тигендей. Достық көңіл мен ішкі сезім тілегін үндестіре алмаған күйде Ақан 

өзінің  жалғыздық  әлемінде  көп  күндері    мен  мұңлы  түндерін  өткізеді.  Өз  ішкі  сезімінің 

дауылды арпалысына түскен Ақан қайтпек керектігін өзі де білмей дал. Ішкі сезімін қызға 

ашық  білдірейін  десе  Кенжебек  оның  жан  досы.  Енді  ол  өз  досының  көзіне  түсуге  де 

қысылатын  сияқты.  Сондықтан  Құралайға  деген  ғашықтық  сезімін  іштен  тұншықтыруға 

қанша  әрекет  жасаса  да  өз  жүрегі  оған  көнбейді-ақ.  Сондықтан  енді  ол  Құралай  көзіне 

түспеуді  жөн  көреді.Ал  Кенжебек  досы  оның  бұрынғыдай  қатынаспай  қалғанына  өкпелі. 

Тіпті,Ақанның өздері ренжулі екенін де сезіп, одан әдейі жасырынғанын айтып ақталса да, 



269 

 

көңілдегі  күдігі  оған  дес  бермеді.  Ақыры  өз  өзімен  арпалысында  Ақанның  ойы  бір 



тоқтамға келгендей. Ол  «Кенжебекті  Құралай сүйеді»деген ой. Құралай өзіне емес, әніне 

ынтызар екен.  

«Ақ  қайың  сол  қалпы.  Сағыныштан  әбден  қалжыраған  жандай  толықси 

мүлгиді»(1.23-б). 

Автор кейіпкер ой мен сезім сарсаңына түскен сергелдеңіндегі психологиялық күйін 

ақ  қайыңмен  керемет  астастыра  береді.  Жалпы  суреткер  «  Ақ  қайың»  орбазын  шығарма 

жүлгесі  ретінде  сәтті  таңдаған  деуге  болады.  Және  ақ  қайың  тұрақтылық  пен  сезім 

барометрі.  Тал  күбідей  айнығыштық  жалпы  пенде  атаулының  тұрақсыз  күйде  болатын 

құбылысын салыстыра береді. Ақ  қайың-  ессіз ғашық  болған  сорлы  жүректің бар мұнын 

тыңдаушы, кейіпкердің бар шерін тарқататын махаббат символы. 

Ақанның ғашықтық дерті улаған психологиялық күйзелісін жазушы ақ қайың бейнесі 

арқылы  шебер  ашады.  «Дауылды  күні  теңіздей  аласұрған  жан  дүниемді  сезгендей  кейде 

қабырғасы қайыса, бүгіле ырғалатын сияқты. Бірде күбірлеп,бірде шуылдап тіл қатқандай 

да болады...Дара өскен ақ қайың кей сәтте  серігін іздеген аққудай бір  мұңды әнге  салып 

сыңсиды» (1.34-б) 

Жазушы  сазгер  кейіпкердің  өз-өзіне  тыйым  салған,  жалғыз  оңаша    кез  алайда 

Құралайға деген сағыныш сезімінің отты жалыны сыртқа шығар көз таппай бойын қысқан 

аласұрған  сәтін  «Ақ  қайың»  бейнесімен  әдемі  жымдастыра  береді.  Міне  сол  өзін 

булықтырған  сағыныш  ғашықтық,  ақыры  түнде  ұйқы  көрмей  сыртқа  жаңа  ән  болып 

шықты. Жүректі өртер сезім  сағынышпен зарыққан ынтық, ғашықтық жан сыры сыртқа ақ 

қайың әні болып күйсандық клавиштерімен төгілді.  

«Терезеден айдың бозғылт сәулесі төгіледі. Қалғыған ақ қайың ап-анық көрініп тұр. 

Ақ қайың қалғиды, мен ояумын»(1.24-б)- деп суреттейді автор саз үні билеген кейіпкердің 

отты шағын. Терезеден төгілген айдың бозғылт сәулесі- бұл жүрекке ән болып құйылған 

талай күнгі аңсар тілектің  нұрлы сәулесі еді. Қалғып тұрған ақ қайың образы астарында 

өртеніп,лапылдап  жатқан  Ақан  ғашықтық  сезімінен  тыс  бейхабар  Құралай  бейнесі 

тұрғандай. 

Қаламгер  романтикалық  шабыттағы  Ақан  бейнесін  төгілте,мөлдірете  суреттейді. 

Жалпы қай талантты өнер адамы үшін жаңа туынды өмірге келгенде сәбиді дүниеге әкелер 

анадай толғанысты да толғақты күй кешетіні анық. Дүниеге келген жаңа туынды ол да бір 

перзенті іспеттес. Міне, сол сәтті автор былайша көркемдеп өреді. «Терезеден ай сығалап 

өтті.  «Әй, әлі ояусыңба?» деп жымиятындай. Иә, әлі ояумын. Жүрегімде тыныштық жоқ. 

Мазасыз 

толқын 


ғана. 

Ынтығамын,сағынамын...ыңылдаймын,клавиште 

қосылып 

ыңылдайды. Ән ырғағы желді күнгі теңіз бетіндей толқып, кең жағалауға ақырын соғылып 

жатқандай»(1.24-б). 

Міне,  осылай  дүниеге  келген  «Ақ  қайың»  әні  кенеттен бауыр  ауруымен  ауруханаға 

түскен  Кенжебек  досының  да  махаббаты  мен  сағыныш  символына  айналатын  Ақан  ол 

кезде білген де сезген де жоқ еді. Туындыдағы романтикалық саз осы екі достың бір-біріне 

деген  адалдығы арқылы асқақ түсіп жатыр. «Нәсіреддин Серәлиев-романтикалық рухтағы 

жазушы.  Романтикалық  саздылық  жазушы  шығармасының  баршасына  ортақ  суреткерлік 

бояу  райында  кейіпкері  жан-дүниесін  нұрландырып,  шығармаға  сәулелі  шуақ  түсіріп 

отырады. Кейіпкерлері іштей маздап жанады».(2.436-б). 

Міне  сол  достықтың  сыналар  кезі  енді  келгендей.Ол  досы  Кенжебектің  ауыр  халде 

аурухана  төсегіне  ұзақ  күндер  таңылып  жатуы.  Адамгершіліктің  сынға  түсер  шағында 

сүйген  қызы  Құралай  солқылдақтық  танытса,  ал  Ақан  нағыз  достықтың  адал  биігінен 

табылады.  

 



270 

 

ӘӨЖ 82,324 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет