ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Жұмағұлов Б.Т Көшбасшы көшбасшы тәрбиелейді // http://conference.nis.edu.kz
/november2012/index.php/kz/-
2 Сухомлинский В.А. Сто советов учителю.- Киев: Рад.школа, 1984. -254 с.
ӘОЖ: 37:3728;373
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛИДЕРЛІК
САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
САЙРАН С.Б.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының
2-курс магистранты
Бүгінгі қазақстандық қоғамның дамуы жағдайында адамның позитивті
әлеуметтенуі мен тұлғалық даму мәселесі өзектілікке айналды. Осыған байланысты
жоғары педагогикалық оқу орындарына мамандар даярлауға жоғары талаптар қойылып
отыр. Соның бірі болып өзінің күшімен табысқа, сәттілікке жете алатын, өзгелерді
соңынан ерте алатын, өзінің айналасына гуманистік шығармашыл идеяларға ие
адамдарды біріктіре алатын, ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізе білетін
мұғалім лидерді тәрбиелеу табылады.
Бүгінгі күнге дейінгі мұғалім даярлайтын оқу бағдарламаларына үңіле қарасақ,
мұғалімдерді лидер тұрғысынан емес, тыңдаушы тұрғысынан даярлауға басымырақ
көңіл бөлінген сияқты. Өйткені олардың тұлғалық құзыреттілігін арттыруға қарағанда
оларды бақылауға көбірек мән берілген.
Қазір қоғамдағы игі өзгерістерге сәйкес болашақ мұғалімдерден лидерлік
рөлдерді атқаруға қатысты жауапкершілік талап етіледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби
қалыптасуында мұғалім лидерлігі мен оқушы тәрбиелеу арасындағы нық байланысты
ұғындыру басты мәселе. Болашақ мұғалімдердің тек өз сыныбының ғана емес бүкіл
оқушылардың мерейі үшін еңбектену қажеттігін түсінуі тиіс. Болашақ мұғалімдер
мектептің (колледж, ЖОО) қоғамдық жұмыстарына, оқу орындарының басшылық
істеріне, кеңес ұйымдарына зор үлес қоса алатындығын ұғынуы қажет.
Б.З.Вульфовтың тұжырымдауынша әрбір педагогикалық ұжымда өзінің лидері
болатынын және ол мұғалімнің әріптестері арасында ғана емес балалардың алдында да
лидер болу қажеттігін айтады. Осындай тұжырымдар бүгінгі педагогикалық жоғарғы
оқу орындарында болашақ мұғалімнің толыққанды, жан-жақты дамуын, лидерлік
сапасын қамтамасыз ететін жағдайларды құру қажеттігін тағы да бір рет дәлелдеп
отыр. Өйткені студенттердің әлеуметтік, рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуы мен
өздерінің мүмкіндіктеріне, күштеріне сенімділігі артып, қоршаған әлеуметтік ортадан
өз орнын таба алатындай тұлға болып қалыптасуы - кезек күттірмейтін мәселе.
Лидерлік сапа тек мектеп пен студенттік өмірде тұлғаның өзін-өзі орнықтыратын
құралы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар «жеке даралық тұлғасымен заманауи,
32
оқыс, қатқыл жағдаяттарға толы өмірге әрі қарай әлеуметтеніп, икемделуі үшін қажет.
Осы тұрғыдан лидерлерді «қалыптастыру» – тәрбие жүйесінің тиімді көрсеткіші мен
маңызды мәселесі ...» болып табылады [1].
Мұғалім лидердің өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамытуға бағытталған стратегиясын
іске асыруға қабілетті, адамгершілік құндылықтарды дамытушы болуы аса маңызды.
Бүгінгі әдебиеттерде оқытудың сегіз принципі анықталған (оқытудың дамытушы
және тәрбие беруші сипаты; оқу процесі тәсілдері мен мазмұнының ғылымилығы;
бірізділік пен жүйелілік; саналылық, шығармашыл белсенділік және дербестік; қол
жетімділік; беріктік; оқу жұмысының ұжымдық және жеке формалары мен тәсілдерінің
ұтымды үйлесімділігі) және тәрбие берудің үш принципі (бағыттаушылық пен қарым-
қатынас құндылығы; субъективтілік, баланы дерек деп қабылдау) [2].
В.А.Сластениннің оқу құралында педагогикалық процесс жалпы тұтас жүйе
тұрғысынан ал, педагогикалық принциптер тұтас педагогикалық процестің
принциптері тұрғысынан қарастырылады. Олар екі топқа бөлінеді:
- педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері – педагогикалық процестің
гуманистік бағыты, өмір мен өндірістік тәжірибемен байланыс; ғылымилық; оқыту мен
тәрбиені еңбекпен байланыстыру; сабақтастық пен жүйелілік; бала өмірін әсемдендіру;
- тәрбиеленуші қызметін басқару принципі – тәрбиеленушілердің дербестігі,
бастамашылығының
дамуы
мен
педагогикалық
басқарудың
үйлесімділігі,
оқушылардың белсенділігі мен саналылығы, адам тұлғасындағы оң қасиеттеріне
сүйену, қоғам, жанұя және мектеп талаптарының үйлесімділігі, тіке және параллельді
педагогикалық әрекеттердің үйлесімділігі, оқудың қол жетімділігі мен қолдан келерлігі,
жас ерекшелігін есепке алу, білім берудің, тәрбиелеудің және даму нәтижелерінің
беріктігі мен іске асуы [3].
Зерттеу барысында болашақ мұғалімнің лидерлік сапасын қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтау барысында мынадай педагогикалық принциптер
басшылыққа алынды:
1. Лидерлік сапаны «иеленуде» белсенділік пен саналылық принципі – білім
алушылардың мамандыққа деген позитивті қарым-қатынасы, олардың ұжымдық
мәселені шешудің маңызын түсінуін, жұмыстың нәтижесі үшін жауапкершілік пен
бастамашылықтың маңыздылығына нанушылық, білімді, дағдыны, білікті меңгерудегі
белсенділік.
Білім алудағы белсенділік пен саналылық принципі оқушылардың білім алу
әрекетіндегі белсенділігі арқылы білімнің саналы түрде меңгерілуін қамтамасыз етеді.
К.Д.Ушинский Я.А.Коменскийдің саналылық пен белсенділік туралы ұстанымдарын
дамыта келе: «Балаға үнемі күшіне сай әрекет жасау мүмкіншілігін беру керек, күші
жетпеген жерде көмек беру қажет және сол көмекті бірте-бірте азайтқан дұрыс», -
дейді [4].
Осы принцип ғылыми заңдылықтарға негізделеді:
- адам білімінің нағыз маңызын өзінің ақыл-ой қабілеттілігімен қол жеткізген, терең
және дербес меңгерген, саналы ұғынған білімі құрайды;
- білім алушылардың саналы түрде білім алуы бірнеше факторлар мен талаптарға
байланысты болады: оқу мотиві, оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты мен
деңгейі және т.б.
Сонымен, ЖОО жағдайында осы принциптердің іске асуы – болашақ лидердің
алдына нақты міндеттерді қойып, өзінің кәсіби қызметінің өрісін түсініп, қойылған
кәсіби міндеттердің шешімін ұжыммен бірге дамытып, дәйекті шешім қабылдау үшін
теориялар мен фактілерді салыстыру бойынша аналитикалық жұмыстардың
практикасы
қалыптасатынын
жорамалдайды.
Бұл
принцип
фактілердің,
анықтамалардың, заңдылықтардың мәнін түсінуді, өз ойын дұрыс жеткізе алуын, алған
білімін өз бетінше пайдалана алатындығын саналы түрде меңгеруін қамтамасыз етеді.
33
Оқу-тәрбиелік процесстерді белсендендіру мәселесі бойынша қазіргі зерттеушілер
оқудағы білім алушылардың шығармашылдық, ұғындыру, орындау сияқты үш түрлі
белсенділігін қарастырады. Белсендірудің негізгі құралы ретінде оқытудағы
проблемалық тәсіл және білім алушылардың өзіндік жұмысы ұсынылады.
Бұл принциптің іске асуы мынадай қағидалардың сақталуына ықпал етеді:
-
білім алушылар өздері меңгере алатын барлық нәрсені өз бетімен игеруі;
-
мұғалім проблемалық оқытуды мүмкіндігінше кең қолдануы;
-
педагогикалық
міндеттерді
шешу
кезінде
білім
алушыларды
салыстыруға, білгендерін жаңа біліммен жалғастыруға түрткі болуы;
-
қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың өмірінен, ғылым тарихынан
қызықты фактілерді пайдалануы;
-
түрлі жағдаяттарда өз білімдерін пайдалану арқылы білім алушылардың
назарын аудартуы;
-
оқу проблемалары мен ғылым проблемалары арасындағы байланысты
ашып отыруы;
-
белсенділіктің ішкі ынтасын (білімге деген қажеттілік, қызығушылық,
жауапкершілік, борыш) дамытуы, өз бетімен білім алуға ынталандырып, білім
алушының сәттілікке деген сенімділігі мен оптимизмін қолдауы;
-
білім алушылардың белсенді шығармашыл қызметін қамтамасыз ету
үшін қажетті әлеуметтік, психологиялық, гигиеналық жағдайларды жасауы тиіс.
Білімді меңгере келе, білім алушы ол білімнің қолдану аясын біліп қана қоймай,
сол білімді өз өмірінің әр қилы саласында қолдана алу дағдысы мен іскерлігін меңгеруі
керек.
2. Тәрбиелей оқыту принципі лидерлік сапаны қалыптастыруда мынадай
бағыттарда жетекшілікке алынады: оқытушы ұжымдағы танымдық және бірлескен
тәжірибелік қызметте өзінің жеке қарым-қатынасы мен үлгісі негізінде студент-
лидерді тәрбиелейді; кез келген тәртіпті тану кезінде мақсатты, саналы және жүйелі
түрде тәрбие жұмысы жүзеге асады; әр сабақтың тәрбиелік мүмкіндігі пайдаға
асырылады; білім алушыға құрметпен қарай отырып, одан орынды талап ету жүзеге
асады; оқу процесі білім алушының коммуникативтік қарым-қатынас мәдениетіне
оңтайлы әсер ететіндей құрылады да, ізгілік пен демократия орын алады. Барлық
тәрбие және білім беру жұмыстары, әрбір нақты педагогикалық міндет тұтас бір жалпы
тәрбиелік мақсаттың шешіміне бағынады. Бұл принциптің талаптары бірқатар
ережелерді орындағанда ғана табысты жүзеге асады: 1)тәрбиенің ортақ мақсатына
жету тұрғысынан оқу-тәрбиелік жұмысты жоспарлау; 2) білім алушының мұратын
қалыптастыру негізінде тәрбие жұмысын жүргізу; 3) мақсатқа жету тұрғысынан тәрбие
жұмысының жалпы жүйесіндегі әрбір іс-шараның орнын анықтау; 4)әрбір іс-шараның
дайындығы мен өткізілуін білім беру мен тәрбие мәселелерін шешудің жүйелі
тәсілінің негізінде жүзеге асыру.
3. Оқытудың өнімді принципі. Лидерлік сапаның қалыптасуы оның білгенін
тануға бағытталмай, жаңа тәжірибені игеруге бағытталады. Оқытудың негізгі бағыты
білім алушыға жекелік бағдарды құрайды.
4. Оқытудың саралау және даралау принципі нақты студент үшін кәсіби маңызды
лидерлік сапаларды қалыптастыру мен барлық мүмкіндіктерді жинақтауды
қамтамасыздандыру құралы тұрғысынан іске асырылады
5. Процестібасқару принципі білім беру процесін мотивациялық тұрғыдан
қамтамсыздандырумен, оқу және оқудан тыс формаларын іріктеумен сипатталады.
6. Перманентті, бірізділік және жүйелілік принципі қарапайымнан күрделіге
қарай студентке лидерлікті әртүрлі формада көрсетуді ұсынады.
Перманенттік принцип үздіксіз білім беруді қамтамасыз етеді. Бұл принциптің
жүзеге асырылуы әлеуметтік функциялардың кәсіби білім беру жүйесімен
34
орындалатын маңызды шарттары, атап айтқанда әлеуметтік қорғау, әлеуметтік және
кәсіби бейімделу болып табылады.
Білім беру процесін жүзеге асыруда жаңа инновациялық технологиялар
мүмкіндіктері кең. Зерттеушілердің пайымдауынша ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында
басталған қоғамдық өмірді ақпараттандыру бүгінгі таңда қарқынды дамып, адам
өмірінің барлық салаларына ақпараттық және коммуникациялық технологиялар еніп
отыр.
Осыған байланысты бұл шарт болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік
сапасының тиімді қалыптасуын жүзеге асырады. Өйткені оқу және оқудан тыс іс-
әрекетіндегі барлық іс-шаралар білім берудің әр түрлі технологиялары арқылы жүзеге
асады. Соның ішінде оқытудың интерактивті формаларын, әдістерін қолдану олардың
ұйымшылдық, ұжымшылдық, белсенділік, шешімпаздық, көшбасшылық, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру сапаларын бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |