Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет25/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   333
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру 

қолданылатын сабақ түрлері мен әдіс-тәсілдері 

 

Оқыту түрлері 



Бақылау түрлері 

Теориялық дайындыққа 

бағытталған 

Практикалық 

дайындыққа 

бағытталған 

Дәстүрлі  

Жаңаша  

 

- Лекция 

- Семинар 

- Лабораториялық 

жұмыс 

- Экскурсия 



Аудиториялық 

өзіндік жұмыс 

- Аудиториядан 

тыс 

өзіндік жұмыс 



- Конференция 

- Кеңес алу 

-Практикалық сабақ 

-Курстық жұмыстар 

- Дипломдық 

жұмыстар 

- Практиканың 

барлық түрлері 

- Іскерлік ойындар 

- Бақылау жұмысы 

- Дербес әңгімелесу  

- Сынақ 


- Семестрлік 

және 


ауыстыру 

емтихандары 

- Курстық 

жұмыстарды қорғау 

- Мемлекеттік 

емтихандар 

- Дипломдық 

жұмысты қорғау 

- Тестілеу 

- Рейтинг 

- Мамандық 

бойынша 


кешенді 

емтихан 


 


37 

 

Әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдап көрсеткендей жоғары білімді маманның 



кәсіби  құзыреттіліктің  пайда  болу  проблемасы  қазіргі  ғылымда  белгілі  бір  шешімін 

таппай  отырған  мәселелердің  біріне  айналды.  Бұл  осы  санаттар  мен  оны  қолдану 

аясының ерекшеліктерін тұжырымдай түсіндірудің әр алуандығымен байланысты. 

Оқыту  әдісінің  мәні,  әдіс  және  тәсілдерінің  арақатынасы.  Қалай  оқыту  керек? 

дейтін  дәстүрлі  дидактикалық  сұрақ  заңды  түрде  оқыту  әдісінің  категориясын 

шығарады. Әдіс -жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын 

оқу  үдерісінің  өзегі  болып  табылады.  Оның  жүйедегі  айқындаушы  рөлін  «мақсат  – 

мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді. 

Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік 

өмірдің  жағдайын  зерттеу  немесе  таным  жолы,  құбылыстарды  оқып  білу  жолдарын, 

әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі 

түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай 

алғанда,  әдіс-практикалық  және  теориялық  әрекеттерді  шындығында  меңгеруге 

бағытталған  нақты  міндеттерді  шешудегі  операциялардың,  бірдей  тәсілдердің 

жиынтығы. Педагогтар оқыту әдісі  туралы тусінікті әр түрлі  етіп дәлелдеді. Біреулері 

оны  «танымды  басқаға  беру  әдісі»  (Д.И.Тихомиров)  немесе  мұғалімнің  іс-әрекеті  мен 

әдіс-тәсілі  (Н.В.Ельницкий)  деп  қарастырса,  С.А.Ананьев  оқыту  әдісін  «білім  беру 

тәсілдерінің  үйлестіру  жиынтығы»  деп  көрсетеді.  Оқу-танымдық  іс-әрекетіне  сәйкес 

оқыту  әдісі  құбылыстың  мәнін  танып  білудегі  әдіс-тәсілі  ретінде  қарастырады.  Осы 

түсініктегі  әр  түрлі  дефиницияларды  негізге  ала  отырып,  мынадай  тоқтамға  келеміз: 

оқыту  әдісі  –  бұл  оқушы  мен  оқытушы  арасындағы  жүйелі,  өзара  байланысқан  білім 

мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі. 

Әдіс,  «метод»  -  ұғымына  оқу-тәрбие  үдерісінде  белгілі  бір  мақсатқа  жетудің 

жолы,  тәсілі  ретінде  зерттеген  Т.И.Щукина,  В.И.Гинецинский,  Ю.К.Бабанский, 

И.Ф.Харламов т.б. педагог ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Солардың барлығын 

жинақтай  келе,  Отандық  ғалым,  профессор  Халитова  Исламия  Рамазанқызы  былайша 

анықтама береді: «жоғары мектептегі оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың неғұрлым қысқа 

уақыт  аралығында  білім  мазмұнын  кең  және  тереңдетіп  жеткізуіне  мүмкіндік  беретін 

тәсіл, амал, тетік, тегершіктер мен құралдардың тоғысқан түрі» [2]. 

Оқыту  әдістері  –  тарихи  категория,  олар  білім  беру  мазмұны  мен  мақсатының 

ауысуына  байланысты  өзгереді.  Америкалық  педагог  К.Керр  оқыту  әдіс  сапасындағы 

төрт  «төңкерісті»  бөліп  көрсетеді  (1972).  Біріншісі  –  үлгі  болып  табылады  мұғалім  – 

ата-аналар  кәсіби  құзыретті  мұғалімдерге  орын  берді,  екіншісі  –  ауызша  сөздерді 

жазбашаға  ауыстырды,  үшіншісі  оқуға  баспа  сөздерін  кіргізді,  төртіншісі  –  осы  кезде 

болып  жатқан  автоматтандыру  мен  компьютерлендіру  оқыту  үдерісіне  енгізуді 

болжады.  Оқыту  әдісінің  маңызды  белгісі  –  дидактикалық  мүмкіндіктер.  Егер  осы 

тәсілмен  жоқ  дегенде  бір  дидактикалық  мәселені  шешетін  болсақ,  мұның  өзі  оқыту 

әдістемесі.  Егер  іс-әрекет  әдісі  қосымша  болатын  болса,  онда  біз  тәсілмен  жұмыс 

істейміз.  Оқыту  тәсілі  -әдіс  элементі,  оның  құрама  бөлігі,  әдістің  көлемі  бойынша 

кішігірім,  құрылымы  бойынша  жай  болатын  болса,  онда  әдісті  және’  әдіс 

модификациясын  орындау  жолындағы  өзгеше  қадам  болып  табылады.  Әдіс  пен  тәсіл 

арасында  өзара  ауыспалық  байқалады.  Беріліп  отырған  пәннің  мазмұнына  қарай  әдіс 

тәсілге,  тәсіл  әдіске  айналуы  мүмкін.  Сөйтіп,  барлық  графикалық  бейнелер  пәндері 

үшін-  тәсіл  болып  табылады  (қосымша  әрекеттер).  Әдіс  пен  тәсілдің  байланысын 

кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады. 

Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 

мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген  зерттеу  біліктері  мен  дағдылары  нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба 



38 

 

алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық 



функцияны  атқарады.  Қазіргі  заман  адамның  осы  құзыреттілікті  меңгере  отырып  тек 

«кәсіби  құзыретіліктерге  икемділігін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  іске 

асырылу  мүмкіндігін  «үнемі  оқып  –  үйрену  және  өзін-өзі  жасау»  талабын 

қалыптастыра алады. 

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  Қазақстандық  білім 

беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың 

мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы  және 

кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін 

мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген. 

Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен 

сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлауына, 

өйткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа 

жүйелермен  жұмыс  жасауына  негіз  болары  анық.  Олай  болса,  білімнің  сапалы  да 

саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің,  зиялылар  қауымының 

деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті  мамандар  даярлаушы 

кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  –  мамандықтарды  игерту  ғана 

болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау 

үшін  адамның  құзыреттіліктерінің  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған 

білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.  

Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  педагог 

кадрлардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  басты  мақсат  екендігін  атай  келе,  12 

жылдық  білім  беруде  педагог  төмендегідей  құзыреттіліктерді  игеруі  міндетті  деп 

көрсетілген: 

- арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеттер; 

- әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті; 

-  білім  беру  құзыреттілігі  –  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологиялық 

негіздерін қолдана білу қабілеті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет