«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді



бет75/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
Қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпарат қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл – жаңа техника, материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады. Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материалдарының өндіріске енуін қадағалау.

2. Зерттеу жоспарын құрудың мəні мен негізгі принциптері.


Зерттеу жұмысының жоспарын құру
Стильдік норманың сақталуы зерттеу жұмысының жоспарын құру кезінде де маңызды болып саналады. Жалпы зерттеу жұмысының алдында жоспар құру
қажет пе? «Мен жоспарсыз жұмыс жасаймын, ең бастысы, шабыт келсе болды, жаза беремін, жоспарды кейін құрамын» деушілер бар. Әр адам әртүрлі жұмыс
жасайтыны белгілі, дегенмен кез келген жұмысты бастамас бұрын оның жалпы құрылымы (әсіресе, әңгіме академиялық мәтін туралы болса) ойластырылғаны дұрыс. Біздің жеке тәжірибеміз, ғылыми жетекшілік тәжірибеміз, жалпы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан көпшіліктің тәжірибесі көрсеткеніндей, зерттеу жұмысының алдын ала жоспары жасалып, құрылымы анықталғаны дұрыс. Оның үстіне, жоспар барынша жан-жақты, толық, күрделі болғаны жөн. Әрине, жұмыс барысында жоспар өзгеруі, тіпті, бірнеше рет өзгеруі мүмкін, бірақ жоспар болуы тиіс. Жақсы ойластырылған, құрылымды, қарапайым
емес, күрделі жоспардың болуы - сәтті жұмыстың жартысы. Жоспар
сізге зерттеудің материалын жинақтауға (артық материал қарамайсыз,
тек жоспарыңызға сәйкес материал іздейсіз), мақсат-міндеттеріңізді
нақтылауға, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңызды анықтауға
көмектеседі. Мысалы, «Киелі са нда р ды ң ұ л т т ы қ дүние т аны м д ағы
рөлі» атты тақырыпқа жоспар құрмай, бірден осы тақырыпқа қатысты
мол материал жинап алған студент кейін материалын жұмыстың берілген
көлеміне сыйдыра алмай, материалдарының жартысынан астамын
пайдалана алмай қалды, яғни еңбегі босқа кетті. Ал дәл осы тақырыпқа
қатысты жоспар құрып, зерттеу мәселесінің шегін анықтап алған студент
тек «7» және «13» сандарына ғана қатысты материал жинап, жұмысын
сәтті қорғап шықты.
Жоспар - кітапта (рефератта, мақалада т.б.) берілген негізгі тақырып-
тардың қысқаша тізімі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәй-
кес болуы тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, айқын болуы керек. Жоспарда
мәтінде қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспардың
негізгі бөлімдері мақсатты, жүйелі болуы қажет.
Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік
болып бөлінеді. Құрылымы бойынша жоспарлар жай және күрделі болады.
Сұрақ-жауап, тақырыптық және тезистік жоспарлардың негізгі ерекшеліктері:
1) Сұраулы сөйлемдер түріндегі жоспар мәтінде берілген негіз-
гі мәліметті іздеуге бағытталған. Сұрақтарға берілген толық жауаптар
мәтіндегі негізгі мәліметті қамтиды және тезистер түрінде жоспарға сәй-
кес болып тұрады.
2) Тезистер түріндегі жоспарда әр бөлім мәтіннің бөлігіне сәйкес ке-
летін негізгі мәліметті ашатын сөйлем ретінде керсетіледі. Сұраулы сей-
лемдер мен тезистер түріндегі жоспарлар дайын мәтіннің жоспарын құру
керек болған жағдайда қолданылады.
3) Тақырыптық сөйлемдер түріндегі жоспарда мәтінде айтылатын
негізгі мәселелер атап көрсетіледі. Жоспардың бұл түрі сөз сейлеуге да-
йындалған кезде немесе негізгі мәселелерді белгілеуде пайдаланылады.

3. Ғылыми зерттеуді орындаудың типтік құрылымы, оны жүзеге асырудың үш кезеңінің сипаттамасы.


Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражат, зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары оқу орындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылыми-зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы бөлінеді.
Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда және ғылыми-зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.
Шаруашылық келісім-шарт негізінде зерттеулерді орындау үшін кафедралар белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, аспиранттар мен студенттер.
Кафедралардың салалық министрлікпен байланысы тұрақты болып, ал өткізілген қолданбалы зерттеулер нәтижелі болған жағдайларда салалық минстрлік бөлген ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады. Осылайша, елдің жоғарғы мектебі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды дайындаудан басқа ел үшін маңызы бар зерттеулердің үлкен бөлігін орындайды. ЖОО-да өткізілген зерттеулердің тиімділігі - кешенді ғылыми жұмыстарды орындауға жағымды жағдай туғызатын ғалымдар мен мамандардың қатысуынан байқалады.
Кафедралардағы, ғылыми мекемелердегі, жоғары квалификациялы ғалымдар жетекшілігіндегі ғылыми зерттеу концентрациясы, таңдау мүмкіндігі мен барынша дарынды студентті ЖОО-да қалдыру - халық шаруашылығы саласында жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп қалыптастыруға жақсы жағдай туғызады.
Зерттеудің мәселелерін қалыптастыру мен қоюдың негізгі принципі, зерттеудің мәселелерін қоюда бұрын жүргізілген зерттеулерді шолу мен талдаудың әсері. Зерттеуде мәселелер мақсатын қою мысалы. ҒЗЖ бағдарламасын әзірлеу.

4. Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрастыру.


Кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі.
Бұл пайдалы және өте қол жетімді жүйені, оның арзан екендігін ескере отырып, бүкіл әлемде кеңінен қолданылған швед ғалымы Карл Линней 1760 жылы ойлап тапты.
Библиография термині қоғамдық өмірдің дамуына қарай өзгеруі
• Кітап сипаттау
• Кітап көрсеткіштері мен тізімдер құрастыру
Библиография- библиографиялық құрал
Библиография -ғылым.
Библиографиялық карталардың ең көп таралған мөлшері - 3 дюймнан 5 дюймға дейін (76,2 - 127 мм). Басқа қол жетімді өлшемдерге 4-тен 6 дюймға (101,6-дан 152,4 мм), 5-тен 8 дюймге (127-тен 203,2 мм) қойынды және A7 өлшемі (2,9-ден 4,1 дюймге немесе 74-тен 105-ке дейін) кіреді. мм).
Библиографиялық карталар қызыл сызықпен және бірнеше көк жолдармен басылған ақ карточкаларда жасалуы керек.
1- Автордың фамилиясын, содан кейін үтір мен жалғыз атты жазыңыз. Егер бірнеше автор болса, басқа авторларды қосыңыз немесе латын сөз тіркесін қосыңыз т.б.
2- Содан кейін жариялау күнін жазыңыз.
3- Келесі жолға мақаланың немесе кітаптың тақырыбын жазыңыз. Егер дереккөзде автор болмаса, оны тақырыптан бастаңыз. Кітаптың атауын оңай анықтау үшін оның астын сызу керек.
4- Келесі жолға басылымның қаласын, содан кейін үтір мен кітаптың баспасын немесе мақала жарияланған журналдың атын жазыңыз
5. Эпирикалық-теориялық зерттеу əдістерінің жалпы сипаттамасы.
Ғылыми білім әлемнің күрделі бейнесін бейнелейді, сондықтан табиғатта құрылымдық қарапайым болуы мүмкін емес. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей немесе зерттеу кезеңдері бар: эмпирикалық және теориялық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет