Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері



бет4/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
8. Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.
Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс. Ғылыми-зерттеу — таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім құру үдерісі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипаталады. Оның негізгі педагогикалық әдіснамасы болады.
"Әдіснама" грек тiлiнен аударғанда "әдiс туралы ғылым" деген мағынаны бiлдiредi. "метод", "әдiс" терминi тiкелей нақты бiр нәрсеге деген жол ретiнде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бiр нәрсенi тану туралы ғылым болады. сондықтан методология – зерттеу процесi туралы iлiм ретiнде түсiндiрiледi. Бұл iлiм жалпы методология, ғылыми ұғымның теориялық негiзi ретiнде дамуы мүмкiн. Сонда бұл нақты филисофиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны түсiндiрудiң бастамасын және негiзiн гегель салды, ол өз назарын бiрiншi болып философиялық әдiстiң ерекше сипатына, оның нақты ғылымдар әдiстерiнен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесiмдiлiгiне назар аударды. Гегель әдiс дегенiмiз мазмұнның қозғалысын, құбылыстың мәнәi ашып көрсету және оның мазмұннан тыс жасалмайтындығын баса
көрсеттi.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық принциптерi:
2. Ғылымилық принципi – бұл педагогикалық құбылыстың нақты–тарихи зерттелуi мен бүгiнгi таңдағы эксперимент жүргiзудiң жаңа технологиларын пайдалануға қойылатын талаптарды анықтайды. Ғылымилық принципi туралы Л.Я.Зориннiң көзқарасы:
- бiлiм мазмұнының бүгiнгi ғылым деңгейiне сәйкестiгi;
- оқушылардың жалпы ғылыми дүние танымы туралы сенiмдi түсiнiк қалыптастыру;
- таным процессiнiң маңызды заңдылықтарын көрсету /теория туралы бiлiм, оның
элементтерi, құрылымы мен қызметi;
М.Н Скаткин: /дидактикалық принципi/
- оқушыларға берiлетiн мәлiметтердің ғылыми түсiнiктiлiгi,
- сипатталатын құбылыстың мәнiн ашу,
- құбылысты көрсету және оның өзара байланысын сипаттау,
- құбылыстың дамуын көрсету,
- ең маңызды теориялық мәселелермен оқушыларды таңдандыру,
- оқушылардың әлемдi тану туралы түсiнiктерiн қалыптастыру,
- шындық туралы түсiнiктерiн қалыптастыру,
3. Диалектикалық принцип-педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылығын, өзара байланысын, сандық, сапалық өзгерiстерiн оқып үйрену.
4. Логикалық және тарихи бiртұтастық принципi–мұнда әрбiр зерттелетiн мәселенiң тарихын оқып оқып үйрену /генетикалық аспект/, оның теориясы /обьектiнiң бүгiнгi күнгi жағдайы/ және оның даму болашағын айқындау.
Зерттеудiң тұжырымдамалық бiртұтастық принципi. Егер зерттеушi белгiлi бiр тұжырымдамалық негiзге сүйенен отырып өзiнiң зерттеуiн қорғай алмаса оның логикалық үйлесiмi мен бағалауы және бiрұтастығы жүзеге асырылмайды.
Оқу тәрбие жұмысының бiртұтастығы принципi. Әрбiр тарихи кезең оқытудың жетекшi идеяларын анықтап отырады,
- меңгерген бiлiмнiң ақпараттары мен оны бақылау:
- таным түсiнiктерге басшылық ету:
- жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесiнiң әдiс-тәсiлi,
- бiлiм беру мен тәрбие құралы ретiнде зерттеу жұмысының барлық мәселелерi дайындалған тұжырымдамаға тiкелей байланысты болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет