11. Оқушының портфолиосын жобала және оған қойылатын талаптарды жаз.
12. Педагогикалық экспериментті өткізу жоспарын жасау және оны кесте түрінде беру. Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе, онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психикакалық, педагогикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғалардың заңдылықтарын ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен педагогика саласындағы ғылыми жұмыстарда қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.
13. Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі. Әдіс‖ грек тілінен аударғанда ―методос‖–таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Субъектінің кез келген формадағы әркетінің амалы. ―Әдіс‖ белгілі ереже, амал, тетігі, таным және әрекет нормаларының жиынтығы.Сонда әдіс ақиқатты зерттеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, мақсатқа жетуді көздейді. Мақсат көздеген нәтиже алуға бағытталған әрекет. Сонда әдіс ақиқатты игерудің практикалық және теориялық тәсілдерінің жиынтығы, адамды мақсатқа жету жолында ұстанымдар жүйесімен, қойылатын талаптармен, ережелермен қаруландырады. Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы-әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі – таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді.
Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты: диалектикалық және метафизикалық деп бөлінеді.Соның ішінде диалектикалық әдістер эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді.Педагогикалық зерттеу әдістері оқыту,тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары.
Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан: Жалпы теориялық – талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу.
Әлеуметтік – сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг.
Әлеуметтік-психологиялық – социометрия, тест, тренинг.
Математикалық– ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау)
Педагогикалық ізденісте зерттеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады.
Теориялық зерттеу әдістеріне: формализация, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік. Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, абстрактілі әдіс, аналогті әдіс, жалпылау әдісі, жүйелеу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдарға негіздеу, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-тергеушілік талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшін қолданылады.
Эмпирикалық әдістері: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, іс-құжаттарды талдау, бастауыш мектеп мұғалімілердің тәжірибесін жинақтау.