9. Нақты бір тақырып бойынша сауалнама құрастыру, апробация жасау арқылы қорытынды жасау. Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы бастауыш мектеп мұғалімі мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады. Сауалнама сұрақтары ашық өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі және жабық өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:
-зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;
-тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;
-бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы;
-ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;
-дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу;
- өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек.
10. Ғылыми-зерттеу жұмысының жүйелiлiгi Оқу-тәрбие жұмысын дамыту үдерісi көп қырлы, алуан элементтерден, қарым-қатынастардан, iшкi және сыртқы факторлардың ықпалына да байланысты болатындықтан оны оқып үйренудi жүйелеу қажет. Жүйелiлiк қағидат /системный подход/ ол обьектiнiң күрделi ерекшелiгiне, оның элементтерiне және элементтердiң өзара ықпалдастық сипатына негiзделедi. Жүйелiлiк қағидат маңызды төмендегiдей ережелер мен обьектiнiң жүйелiлiгi және оны жетiлдiруден тұрады:
1. Жүйенiң тұтастығы-сыртқы ортаға қатынасына және оны оқып үйренудегi ортаның бiрлiгi, әлеуметтiк даму мен қоғамның сұранысына тығыз байланысты болады.
2. Тұтасты бөлiктерге бөлу. Оқыту төмендегiдей элементтерден тұрады: бiлiм беру мақсаты, білiм беру мазмұны, әдiстеме құралдары, мұғалiмнiң қызметi/iс-әрекетi/, оқушының оқыту жүйесiндегi iс-әрекетi. Оқыту жүйесiнде бұлардың барлығы да маңызды орын алады.
3. Барлық элементтер жүйесi күрделi тығыз байланыста және өзара ықпалдастықта болады. Осылардың iшiнде ерекше атап өтетiн маңыздысы байланыс жүйелiлiк құру байланысы .
4. Обьектiлер жүйесiнiң ұйымдастыру және құрылымы. Бұл ұғым белгiлi бiр жүйенi реттеу, элементтердiң өзара байланысы мен бiр-бiрiне бағынуы. Мысалы оқытудың негiзгi элменттерiнiң категориялар жүйесi: мақсаты – мазмұны – шаттары - құралдары –нәтиже.
5. Басқару – ол мақсат қоя бiлу, құралдарды таңдау, бақылау мен басшылы және түзету, әрбiр оқу жылындағы нәтижелердi талдау. Педагогикалық зерттеу жүргiзу үшiн ең маңыздысы әлеуметтiк, физиологиялық, гносеологиялық және т.б.аспектiлердi бiртұтас педагогикалық үрдіс деп қарау қажет. Педагогикалық зерттеу жүргiзу үшiн жоғарыда аталған педагогикалық методологияны
жақсы бiлу қажет зерттеу әдістерін тиімді пайдалану керек.