Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Гипотетикалық-дедуктивті әдіс



бет11/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

21 Гипотетикалық-дедуктивті әдіс.
Гипотетикалық-дедуктивті түсіндіру мен әдіс - ұсыныстарды негіздеу үшін де, оларды тексеру үшін де гипотезалар қажетті екендігіне негізделетін индукцияның баламасы. Мұндай тәсілде гипотезалар мен теориялар дамып отырады, ал олардың қорытындыларынан алынған жалпыламалар мен болжамдар олардың жемісті болған жағдайларында гипотеза мен теория адекваттылығының тесті ретінде қарастырылады. Неғұрлым толық (кейде тіпті логикалық ресмиленген) түрінде гипотетикалық-дедуктивті түсіндіру мен әдіс дедуктивті өзара байланысты пайымдаулар мен теориялардың желісін туғызады
ГИПОТЕТИКО-ДЕДУКТИВНЫЙ МЕТОД – метод научного исследования, заключающийся в выдвижении некоторых утверждений в качестве гипотез и проверке этих гипотез путем вывода из них (в совокупности с другими имеющимися у нас знаниями эмпирически проверяемых следствий). Оценка исходной гипотезы на основе такого вывода носит сложный и многоступенчатый характер, т.к. только достаточно длительный процесс испытания гипотезы в контексте системы научного знания может привести к обоснованному ее принятию или опровержению. В современной методологии науки при рассмотрении гипотетико-дедуктивного метода стремятся также учитывать процессы совершенствования и развития гипотетических конструкций науки в результате их сопоставления с эмпирическими данными.
22. Әңгімелесу мен сұхбат жүргізудің, сауалнама мен тестілеудің бір-бірінен айырмашылығы
Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі Әңгімелесу- алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушісімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады. Әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады. Ашық жазба – стенографиялау тәсілі әңгімелесушіні абыржытып жабырқаңқы қылады. Әңгімелесу кезінде жауаптарды тікелей жазып алу айтарлықтай кедергі болады. Сұхбаттасу – әңгімелесудің бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Сұхбаттасуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қоюшының ӛзінің ойы бойынша арнаулы жобаланған жаядаттар келтіреді: «Сен не істер едің, егер…». Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлар элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ―субъект-субъект‖ жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Сұрақ-жауап әдісінің мынындай түрлері бар: 1.Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. 2.Сұқбат-әңгіме – сұқбаттын бір түрі. Сұхбаттасудың бұл түрі зерттеу объектісі, өз іс-әрекеті, өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы бастауыш мектеп мұғалімі мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады. Сауалнама сұрақтары ашық өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі және жабық өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет: -зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру; -тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу; -бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы; -ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану; -дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу; - өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек 1.Тест зерттеу әдісі және оның түрлері. Тестілеу – бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі. Педагогикалық тестілеу– мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады Педагогикады ең бастысы мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданылады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын тестке қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін ұсыну керек тестер мен таңдауды алдын ала болжайтын тестер деп ажыратуға болады тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді таңдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады. Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген. Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары Роршах тест.
23. Информатиканы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі – мамандығы бойынша 1- ресейлік авторефератқа талдау және ғылыми аппаратын сипаттау.
Кіші жасөспірімдерді оқу пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбиелеу ("Информатика" мысалында») (ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ МЛАДШИХ ПОДРОСТКОВ СРЕДСТВАМИ УЧЕБНОГО ПРЕДМЕТА (НА ПРИМЕРЕ «ИНФОРМАТИКИ»)
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық шиеленістің шиеленісуі, мемлекеттіліктің белсенді дамуы
Ресей Федерациясы жаңа бағыттарды іздеу мәселесін және
Жасөспірімдердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің сапасын арттыру әдістері.
Зерттеу нысаны-мектептің білім беру процесінде өскіндерге рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Зерттеу пәні-рухани-адамгершілік тәрбие процесі кіші жасөспірімдер "Информатика"оқу пәнінің құралдарымен.
Зерттеудің мақсаты-Информатика пәнін қолдана отырып, кіші жастағы рухани-адамгершілік тәрбиенің педагогикалық моделін жасау, теориялық негіздеу және тестілеу.
Зерттеу объектісіне, пәні мен мақсатына сәйкес біз зерттеу гипотезасын анықтадық, оған сәйкес "Информатика" оқу пәнінің көмегімен жас жасөспірімнің рухани-адамгершілік тәрбиесі болады
Сәтті болса:
- рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен ерекшелігі нақтыланды
Кіші жасөспірім;
- білім беруге әсер ететін әлеуметтік-мәдени үрдістер анықталды;
Мектептегі процесс және жасөспірімдердің әлеуметтенуі, психологиялық
Жас жасөспірімнің ерекшеліктері;
-рухани-адамгершілік білім берудің педагогикалық моделі әзірленіп, енгізілді.
Мақсаты, міндеттері, педагогикалық қағидаттары, кезеңдері және оларға сәйкес келетін оқыту нысандары мен әдістері, күтілетін нәтиже кіретін "Информа тика" оқу пәнінің құралдарымен кіші жасөспірімді тәрбиелеу;
- информатиканы оқу процесінде келесі педагогикалық жағдайлар қамтамасыз етіледі: сабақтар үшін дидактикалық материалдарды таңдаудың аксиологиялық контент әдісі қолданылады;
Жас жеткіншектердің эмоционалды-құндылық саласы мен сыни ойлауы; жас жеткіншектер әлеуметтік-маңызды жобалық қызметке тартылған.
Гипотезаны растау келесі есептерді шешуді қамтиды: 6
1) кіші жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеудің мазмұны мен ерекшелігі туралы түсінікті нақтылау;
2) кіші жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеу процесін анықтайтын әлеуметтік-мәдени тенденциялар мен жас ерекшеліктерін анықтау мектептің білім беру кеңістігі;
3) кіші жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық моделін "информика" оқу пәнінің құралдарымен әзірлеу және сынақтан өткізу»;
4) педагогикалық жағдайлардың тиімділігін эксперименталды түрде дәлелдеу оқу құралдарымен кіші жасөспірімді рухани-адамгершілік информатика пәнінің
24. Педагогикалық зерттеуде қолданылатын әдістер.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практикалық және абстарктілі-теориялық (танымдық) тұғырлармен байланысты шешіледі. Зерттеу жұмысының ғылыми негіздерін анықтауда әдіснамалық тұғырларды бөліп шығару бұл саладағы өзекті мәселелерді олардың иерархиялық ретімен анықтауға, осы мәселені шешудің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, тәжірибелік жұмыстың жоспарланған нәтижелерін болжамдауға мүмкіндік береді. Тұлғаға бағдарлы тұғыр – бүкіл педагогикалық үдеріспен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын ескеру. Білім берудің мақсат, міндеттері мен мазмұны мемлекетіміздің білім берудегі ізгілік пен демократиялық идеяларға негізделген стратегиялық бағытын айқындайды. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа үлгісін оқыту үдерісіне енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осындай жаңа білім беру үлгілерінің бірі – тұлғаға бағдарлы педагогика. Бұл педагогика мектепке дейінгі балалардың тұлға ретінде ӛзін-ӛзі анықтау және ӛзін-ӛзі жүзеге асыру мақсатындағы тәжірибеге бағыттау және оны есепке алуды қажет етеді. Осыған орай зерттеудің әдіснамалық бағытының бір түрі – тұлғаға бағдарлану тұғыры болып табылады. Педагогикалық сӛздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры – қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, бірнеше жолдары белгілі болып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдарлану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, ӛмірлік жеке тәжірибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде ӛзін-ӛзі дамытуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда педагогикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олардың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдарлы білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді. Іс-әрекет тұғыры – педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында негізге алатын келесі әдіснамалық тұғыр іс-әрекет тұғыры ұғымы психология ғылымына 20 – 30 жылдары енген. Бұл ұғым туралы бірнеше бағыттағы түсіндірулер берілген. С.А.Смирновтың айтуынша, іс-әрекет тұғыры дегеніміз – объектінің біртұтастығын және оның тетіктерін ашу философия, әлеуметтану теориялары бойынша, іс-әрекет тұғыры дегеніміз тұлғаның әрекет арқылы қоршаған ортаны тануы және қайта ӛзгертуі, іс-әрекетінің құрылымын, қызметін қарастырады деп тұжырымдалады. Әдіснаманың философиялық деңгейінде, материалистік диалектика тұрғысынан жеке тұлға дамуының негізі, құралы және шешу шарты – іс- әрекет. Бұл факті педагогикалық зерттеулерде және тәжірибеде іс-әрекет тұғырының жүзеге асырылуын қажет етеді. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларыоқыту, тәрбиелеу және дамуын іс-әрекетпен байланыстырып қарастыру қажет. Құндылық тұғыры. Қазіргі білім беру жүйесіндегі реформаның басты міндеті болашақ ұрпақтың алған білім, біліктерін ӛмірде шығармашылықпен қолдана алатын, рухани құндылықтар негізінде құзертті тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, кӛзқарастары мен тәжірибесінің, еңбектегі құндылықтарының жоғары деңгейде қалыптасуына жағдай жасау кӛзделіп отыр. Жүйелілік тұғыры–зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың кӛптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе әрекеттік-жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан жеке болмайды, солар арқылы жүзеге асады. Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбиелеу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады. 3.Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі. Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан: Жалпы теориялық – талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу. Әлеуметтік – сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг. Әлеуметтік-психологиялық – социометрия, тест, тренинг. Математикалық– ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау) Педагогикалық ізденісте зерттеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бӛлуге болады. Теориялық зерттеу әдістеріне: формализация, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік. Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, абстрактілі әдіс, аналогті әдіс, жалпылау әдісі, жүйелеу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдарға негіздеу, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-тергеушілік талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшін қолданылады. Эмпирикалық әдістері: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, іс-құжаттарды талдау, бастауыш мектеп мұғалімілердің тәжірибесін жинақтау.
25. Модельдеудің мәні неде және оның қолдану аумағы
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді. 
26. Кандидаттық диссертацияның авторефератына қысқаша аннотация жазу, оның маңыздылығын ашу, авторефератта қарастырылған мәселелердің шешу жолдарын көрсету.

27. Педагогиканың Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білімді ақпараттандыру ғылыми бағытының зерттейтін мәселелері.


Iзденiстiк зерттеулер ғылыми жаңалықтар ашу мақсатымен зерттеудiң принциптiк жаңа бағыттарын табу үшiн жүргiзiледi. Олар белгiлi бiр теориялық дайындамалар мен идеяларға сүйенедi, алайда соңғылар iзденiстердiң барысында сын кӛзбен қайта қаралып, елеулi ӛзгерiстерге ұшырауы мүмкiн. Нәтижелер оңтайлы болған жағдайда iзденiстiк жұмыстардың қорытындылары белгiлi бiр экономикалық тиiмдiлiкпен қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеулiк шығармашылықта пайдаланылады. Іргелі (Фундаментальды) зерттеулер - табиғаттың жаңа заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланысты анықтауғы және құбылыстарды, процестердi, айғақтарды түсiндiруге бағытталады. Бұл жұмыстар негiзiнен академиялық институттарды және бас жоғарғы оқу орындарында жүргiзiледi. Фундаментальды жұмыстардың тiкелей нәтижелерi кӛбiнесе абстрактiлi сипатта болады, әйтсе де келешекте бұл зерттеулердiң iс жүзiнде қолданылуы кӛптеген жағдайларды елеулi экономикалық тиімдiлiк беретiндiгiн атап ӛтеуге болады. Фундаментальды жұмыстардың нақты мысалдары ретiнде А.Эйнштейiннiң салыстырмалылық теориясын немесе дифференциалық және интегралдық есептеулер теориясын мысалға келтiруге болады. Қолданбалы зерттеулер - бұрыннан белгiлi әдiстердi елеулi түрде жетiлдiруге немесе жаңа әдiстер құруға тiкелей бағытталады. Бұл әдiстер негiзiнде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдар, ӛндiрiс тәсiлдерi және т.б жасалады. Бұл жұмыстар нақтылы сипатта болып келедi, олар салалық институттар мен жоғарғы оқу орындарында орындалады. Елiмiздегi тiгiндiк машина жасау ӛнеркәсiбiнiң дамуына, сондай-ақ механизмдер мен машиналар теориясына елеулi үлес қосқан С.Н Кожевников пен М.М Прусилиннiң "тiгiн машиналары" атты еңбегi қолданбалы жұмыстың мысалы бола алады. Дайындама жұмыстар – ғылыми бiлiмдердегi жаңа техниканың үлгiлi бұйымдарын, кешендердi және машиналардың, агрегаттардың, станоктардың жүйелерiн сондай-ақ әртүрлi құрылғылар мен механизмдердi жасауға бағытталған тәжiрибелiк конструкциялық жұмыстар (ткж) процесiнде пайдалану. Бұл жұмыстар жобалық - конструкциялық, жобалық -технологиялық институттарда, ӛнеркәсiптердiң конструкциялық және технологиялық бӛлiмдерi мен бюроларында жоғарғы оқу орындарында (шаруашылық келiсiм жұмыстары кезiнде және курстық, дипломдық жұмыстарды орындағанда), жүзеге асырылады. Қолданбалы жұмыстар қандай кезеңдерден тұрады: - дайындық кезеңi, бұған тақырып бойынша библиография құру, негiзгi және жуық тақырыптар бойынша әдебиеттi оқып, үйрену басқа ұйымдардың тәжiрибесiн ескерту, шолулық құжат құру, техникалық тапсырманы, күнтiзбелiк жоспарды жұмыстардың есебiн дайындап, бекiту кiредi. - тақырыптың теориялық бӛлiмi, бұған жаңа схемаларды дайындау мен есептеу, теориялық негiздеулер, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерiн iздестiру, технологиялық процестердi жетiлдiре түсiру кiредi. - әр түрлi технологияларды тәжiрибелiк байқаудан ӛткiзу, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi таңдап алу, материалдық -техникалық база жабдықтау, - дәлдеп түзетулер, бұларға қабылданған конструкцияны жетiлдiре түсу жайлы ұсыныстар, сынаудың аяқталған циклдарын ескере отырып, дайындалған схемаға, есептеуге, жобаға, құрылғыға сәйкес түзетулер енгiзу. - дайындама жұмыстардың нәтижелерiн тәжiрибе ретiнде таңдап алынған жекелеген кәсiп орындарда немесе оқу процесiне енгiзу, - қорытындылар мен ұсыныстар, бұларға сынаушылар мен тәжiрибелiк енгiзулердiң нәтижелерiн жалпылау, олардың болжамды немесе, шынайы экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау кiредi. - ақырғы кезең, бұған есептiк құжатты даярлау, оны орындаушы мен тапсырыс берушiнiң ӛкiлдерi бекiтуi кiредi. Проблема бұрынғы бiлетiн бiлiмдерге сүйене отырып, бiлмейтiн мәселе туралы ойлаудан туындайды. Проблеманы шешу алға мақсат қоюдан басталады. Бұл мақсат зерттеу процесi барысында дамып, толықтырылып отырылады, бiрақ маңыздылығы сақталады. Нәтижеге жету зерттеудiң мақсатының дұрыс болуына байланысты болмақ. Ғылыми проблема және зерттеу тақырыбын таңдау. Ғылыми проблема дегенiмiз не? Педагогикалық үдеріс ӛте ӛзгермелi, күрделі және әрқилы. Егер, бiз нақты зерттеу жұмысына байланысты айтатын болсақ, зерттеу сомасын анықтап, тұтас күрделiлiгi дәл зерттеу нысанасын айқындап алу керек. Ол үшiн тұтас педагогикалық үдерістi қарау мiндет, ең қарапайымның ӛзi күрделi зерттеулерге барабар. Егер одан қанағаттанарлық нәтиже күтетiн болсаңыз онда зерттеу проблемасын нақты белгiлеп алудан бастау керек. Зерттеу жұмысының нәтижесiз болуы – проблеманың дұрыс қойылмауынан. Проблеманы анықтап алу үшiн бұрыннан белгiлi бiлiм негiзiнде мәлiметтерге сүйене отырып ендi ненi танып бiлу керектiгiн анықтап алу керек, яғни ол туралы бiлмеу ғана емес оны сезiну, тану қажет, сондай-ақ жаңа мiндеттердi шешу қажеттiлiгi тәжiрибенiң талаптарынан және әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес аталған ғылыми проблеманы осы ғылымның әдiстемесi негiзiнде шешу кӛзделедi. Тәжiрибе, проблеманың негiзгi дерек кӛзi болып табылады. Кез –келген ғылыми жұмыста зерттеу проблемасын таңдау ӛте маңызды. Бұл процеске ӛте жауапкершiлiк пен ақыл-ой қызметi, белсендiлiк қажет. Ғылыми жұмыстың тақырыбын анықтау кезеңiнде зерттеу проблемасы да айқындалады. Тақырып - ол зерттеу саласын анықтайды. Ол проблемаға қарағанда кең, ауқымды. Бiр тақырып тӛңiрегiнде бiрнеше проблема туындауы мүмкiн. Бұл жалпы педагогикалық процесс барысында белгiлi бiр аспект зерттелетiн, арнайы ӛзара байланыс болатынын кӛрсетедi. Ғылыми жұмыс қандай проблеманы шешу қажеттiлiн анықтап алудан басталады. Ол үшiн ғылыми теориялық әдебиеттерге талдау жасап, оған дейiн қандай жағдайда не шешiлген, қандай мәселенi шешу керектiгiнен туындайды. Зерттеу жұмысының проблемасының дұрыс шешiлуi зерттеу кезеңдерiне де байланысты. Проблеманы шешу үшiн оған сұрақ қойып, оны шешу жолын анықтайды. Проблема анықталғаннан кейiн библиографиялық тiзiм құрылып, оны әртүрлi аспект тұрғысынан оқып үйрену қажет. Проблеманы анықтаған кезде зерттеу жұмысының басты бағыты, жетекшi идеясы қоса анықталады. Ол проблеманы қандай бағытта оқып-үйренудi және болжамы қалай болатынын анықтауға байланысты болады. Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық үдерістердiң мәнiн, заңдылықтарын биологиялық пен әлеуметтiк ара қатынасын, педагогикалық үдерісте тұлғаны қалыптастыру, тұлға және ұжым, ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтiк ортасы ретiнде, педагогикалық үдерістердiң принциптерi, оны ұйымдастырудың формалары мен әдiстерi т.б. Қазiргi педагогиканың кең кӛлемдегi сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференциялау мен интеграциялау негiзiнде педогог-зерттеушiлердің зерттеу процесiн ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиiмдi жасалуы мүмкiн. А қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектiсi зерттеушi зерттеу процесiнiң барлық элементтерiн бiлудi талап етедi: - тақырыпты үйлестiре және оның кӛкейкестiлiгiн дәлелдей бiледi, - ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай бiлуде оларды тәжiрибеде пiскен сұрақтардың, жасалған теориялардың сәйкес келуiн анықтайды. - зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестiре бiледi. яғни жауап iздейдi, сұрақ қояды - мақсат қандай нәтиже алуға болатындығы нысана және зерттеу пәнiн анықтай алады. Ә ғылыми зерттеулерде тән нәрсе ол проблемада үйлестiрiлген сұрақ және болжамды белгiлi бiр жлбаланған жауап ретiнде,үлгi түрiнде кӛрсетедi. Осыдан зерттеулердiң мiндеттерi шығады: зерттеу пәнiнiң теориясын негiздеу теориялық сипаттама және зерттеудiң теориялық моделiн жасау, эмипирикалық практиканы зерттеу әрекетiмен және педагогикалық шындықты қайта құру қалыптастыру тәжiрибесi. Б қойылған мiндеттердi шешу зерттеудiң соған сай ғылыми әдiстердi қолдануын талап етедi. Теориялық және қолданбалы теориялық мiндеттердi шешу үшiн теориялық деңгейдегi теориялық және салыстырмалы талдау, нақтылы абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа кӛшу, моделдеу, ойша эксперимент қолданады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы мiндеттердi шешу үшiн: бақылау, әңгiмелеу, анкеталық, педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады. В ғылыми зерттеулердiң басты белгiсi қолданылатын терминдердiң бiртектiлiгi бiр мағыналылығы болып табылады, себебi басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына берiгендiгi, не туралы екендiгi айқын болуы керек. Бiр терминдi бiрнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда зерттеу пәнiне ұғымдық сипаттама беру зерттейтiн құбылыстың мәнiн мазмұнды ашып кӛрсетудiң кепiлi болады, оның теориялық моделiн жасауға негiз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық iс-әрекеттер үшiн берiлетiн нұсқаулардың тиiмдiлiгi бағаланады, олар болашақ педагогикалық iс-әрекеттер жобасына салынып, практика үшiн қажеттi әдiстемелiк материалдар мен нұсқаулар макетi ретiнде болады. Зерттеу жұмысының логикалық құрылымы. Зерттеу жұмысының логикасы туралы түсiнiк беруде ғылыми iзденiстiң тиiмдi болуы кӛбiнесе оның зерттелу ретiмен шындық нәтижеге жетудегi дұрыс қадам жасай бiлуге байланысты болады. Педагогикалықпсихологиялық зерттеудiң ӛзiндiк құрылымдық ерешелiгi – ол адам дамуы мен қоршаған ортаның ӛзара қарым-қатынасының бiр-бiрiне әсерiн анықтайтын күрделi жүйе болып қалыптасуында. Сондықтан адамның ӛзi зерттеу обьектiсi немесе тәрбиенiң субьектiсi болып қарастырылады. Мұның ӛзi зерттеу жұмысын логикалық тұрғыдан негiзделуiне жоғары талап қояды. Логика жасау, ол алдымен iздену стратегиясын құрудан басталады, бұл ӛте күрделi процесс ол тек зеттеуге жол ашып қоймайды зерттеу процесiн жүргiзуге негiз болады, оның сипаты мен әрбiр қадамының ретi қарастырылып, нәтижеге жетудегi қиындықтарды шеуге де ықпал етуi тиiс. Педагогикалық зерттеудiң логикалық құрылымын жұмыстың басталу кезiнде анықтап алып, нәтижеге жетудiң принцптерiне сүйене отырып, зерттеу кезеңдерi туралы және жетiстiкке жетудi қамтамасыз етудiң жолдарын натылап алу қажет. Зертту жұмысының логикалық құрылымының үш кезеңi бар. Олар: зеттеудiң қойылысы /постанавка/ жеке зерттеу жүргiзу, оны рәсiмдеу мен тәжiрибеге ендiру. Мақсат, мiндеттерiн анықтау және болжам жасау. /проблема-тақырыпобьект-пән-ғылыми факторлар-шығатын тұжырымдама-жетекшi идея-болжам-зерттеу мiндеттерi/. Ғылыми iзденiстiң бұл логикалық бӛлiмiн осылай беру бiржақты қарастырылмайды, оны зерттеушi ӛз ой-пiкiрiмен ӛзгертуiне мүмкiндiгi бар. Кӛбiне бiржақты қаралатын зерттеудiң қортынды кезеңi. Оған ба‹ылау, байқау қортындысы және нәтиженi тәжiрибеге ендiру кiредi. /есеп, баяндама, кiтап шығару, диссертация, жоба т.б/. Әрбiр зерттеу жұмысының iздену бағыт-бағдары, ретi, мәселенiң сипаты, мақсат, мiндеттерi мен жұмыстың орындалу деңгейi мен орындалу логикасы болады. Оны зерттеушi ӛзi таңдайды. Бiрiншi кезеңдегi жұмыс: -мәселенiң қойылысы және зерттеу тақырыбын таңдау. - зертеу обьектiсi мен пәнi, - зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi, - жетекшi идея, ғылыми болжам, - зерттеу нәтижесiнiң мониторингi және зеттеу жетiстiктерiнiң ӛлшемдерi, - тәжiрибелiк жұмыстардың диагностикасы, Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi. Теория кез-келген әдiснаманың негiзi болып табылады және ол әдiстеменiң кӛмегiмен табылған фактiлердiң арқасында кеңейедi. Теория таным процесiнiң нәтижесi, ал әдiснама болса, осы танымға жету оны құру тәсiлi болып табылады. Бұл теориялық және практикалық ғылыми танымдық iсәрекеттi ұйымдастыру мен құрастырудың негiзi мен тәсiлдер жүйесi, бұл осы жүйенi тану жолы. Таным теорясы тұтас таным iс-әрекетi процесiн және ең алдымен оның мазмұнын зерттейдi. Әдiснама шынайы және практикалық түрде тиiмдi бiлiмге жетудiң әдiстерi мен жолдарына кӛп кӛңiл бӛледi, осы бiлiмдi дамытудың тәсiлдерiн iздестiредi. Педагогика ғылымында қолданылатын бүкiл зерттеу әдiстерiн ресей ғалымдары Гребенюк О.С. және Рожков М.И. теориялық және эмпирикалық әдiстер деп екi топқа бiрiктiредi. Теориялық зерттеу әдiстерiне: талдау жасау, байланыстыру, тарихи және логикалық бiрлiк әдiсi, моделдеу әдiстерi жатады. Ал, эмпирикалық әдiстерiне: бақылау, сұрақ-жауап, сауалнама, шкала – градусник әдiсi, педагогикалық озық тәжiрибелердi оқып үйрену мен қоырту, педагогикалық эксперимент жатады. Педагогика ғылымында белгiлi зерттеу әдiстерi қолданылады. Әдiс дегенiмiз - мақсатқа жетудiң тәсiлi. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi: бақылау, балаларды нақты iс-әрекет үстiнде бақылау, әңгiмелесу әдiсi, iс–қағаздарын зерттеу, статистикалық әдiс, педагогикалық эксперимент әдiсi.
28. Математикалық және статистикалық әдісінің қолданысы.
Математикалық статистика — математиканың бір саласы, бақылау немесе өлшеу арқылы анықталып, сандар түрінде тізілген деректерді жүйеге келтіру, өңдеу және солар бойынша тиісті ғылыми және практикалық қорытындылар шығару жайындағы ғылым.
Байқалған құбылыстар, өлшеу жұмыстары немесе арнайы жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері ретінде табылған сандар жиындарының белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын элементтерінің сандары статистикалық деректер деп аталады.
М. С. Статистик. Деректер жиынындағы әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистик. Деректер жолдар мен бағаналар-ға бөлініп, реттеліп жазылады, олардың негізінде жүргізілетін ғыл.-зерт. Әдісі статистик. Әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады, бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистик. Мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеум.-экон. Статистика, статистик. Физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. Дербес ғылым салалары қалыптасқан. М. С-ның әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын көптеген есептерде шешім табудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. М. С-да матем. Заңдардың бәрі де қолданылады.

Статистик. Деректерге негіз болатын бақылаулар мен өлшеулерде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Бұл қателер ықтималдықтар теориясы бойынша айқындалады (қ. Қателер теориясы). Кейде қолда бар деректер бойынша зерттелетін заңдылықтың жорымал матем. Моделі жасалады. Әрине жорымал болғандықтан, ол модель шын заңдылықтан алшақтау болады. Алшақтық, яғни модельдің шындықтан ауытқуы ықтималдықтар теориясы арқылы зерттеліп, анықталады. Белгілі бір деректің модельде қайталану жиілігі жуық түрде ықтималдық есебіне, қайталанудың орташа шамасы матем. Үміт есебіне келтіріледі. Матем. Үміттің бағаламасы — бір белгінің үйлестіру сипаттамасы ретінде орта шама, дисперсияның бағаламасы ретінде қосындысы алынады. М. С. Көптеген дербес тарауларға бөлініп, онда сан алуан әдістер қолданылады: таңдап алу, параметрлерді бағалау, статистик. Болжамды тексеру, жүйелі талдау, өнімнің сапасын тексеру әдістері, т.б. М. С. Қазіргі уақытта экон. Және ххсоциологиялық зерттеу|социол. Зерттеулерде]], а. Ш-нда, биология, медицина, физика, геология, психология ғылымдарында, ауа райын бақылауда және т.б. Салаларда зерттеу жүргізу үшін қолданылады. М. С-ның алғашқы ұғымдары ықтималдықтар теориясының негізін салған математиктер (Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассон) шығармаларында кездеседі. М. С-мен алғаш шұғылданған Ресей ғалымы Б.Я. Буняковский М. С-ны демография мен қауіпсіздендіру мәселелеріне қолданды. М. С-ның өркендеуіне 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында ықтималдықтар теориясының классик. Орыс мектебі үлкен үлес қосты (П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн).Қазақстанда Қ.Бектаев ықтималдықтар теориясы мен М. С. Әдістерін ақпараттық жолмен ұтымды қолдана білді.


[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет