Зерттеу әдістері. Зерттеуші ғалым осы бөлімде баяндалған ақпараттың мағынасына, яғни берілген әдістерге негізделе отырып, өз зерттеулеріне немесе басқа да білікті мамандардың жұмысына сілтемелер жасай алу қажет. Мақаланың бұл бөлімінде биологиялық және биотехнологиялық тақырыптар бойынша зерттеу жүргізу орнын, уақытын, шарттарын, қажет болған жағдайда зерттеу нысанын, материалдың көлемі мен құрылымын, тәжірибелік жұмыстарға арналған тәжірибе жоспарын, пайдаланылған зертханалық және статистикалық рәсімдерді сипаттау керек.
Нәтижелер (жұмыстың қорытындысы). Бұл бөлім – ең негізгі бөлім және оның мақсаты - жұмыс гипотезасының қандай деректермен расталғандығын көрсету. Егер мақаланың құрылымы «Нәтижелер» және «Талқылау» атты жеке бөлімдерден тұрса, онда «Нәтижелер» бөліміне тек деректерді ғана жазу керек. Ал, «Талқылау» бөлімінде «Неге нәтижелер осындай?» және «Олар нені білдіреді?» деген сұрақтарға тек сөйлемнің мағынасын жоғалтып алмау мақсатында ғана, яғни логиканы сақтау үшін жауап жазуға болады. Нәтижелер әдетте, кестелермен, кескіндемелермен, фотосуреттермен көркемделеді. Өйткені, олар дәлелдемелердің нақты көрсеткіштерін бейнелейді. Мұндай иллюстрациялар мәтінде қайталанбауы тиіс. Мәтіндік бөлікте кестелер мен суреттер деректерінің түсініктемелері ғана келтірілуі және келесі алынған деректер мен талдауға өту логикасы түсіндірілуі тиіс. Иллюстрацияларды жасау қатаң бақыланады және қойылатын талаптары «авторларға арналған ережелерде» көрсетіледі. Иллюстрациялық материалдарды дайындау кезіндегі кейбір жалпы ұсынымдар:
суреттердегі жазулар, сандық және мәтіндік белгілер сурет ауқымына пропорционалды болуы тиіс;
биологиялық объектілердің суреттерінде міндетті түрде өлшеу ауқымы келтірілуі тиіс;
суреттер мен кестелердегі (немесе мәтінде) сандық деректер үшін өлшеу бірліктерін ондық белгіге дейінгі ең аз нөлдермен жазған абзал;
кестелер мен суреттердегі барлық белгілер мен қысқартулардың мағынасы кесте немесе сурет астында толық ашылып жазылуы тиіс.