Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу



бет12/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Нәтижелерді талқылау. Нәтижелерді талқылау бөлімі мақала құрылымында жеке бөлімге шығарылуы мүмкін, кей жағдайда «Қорытынды» бөліміне де кіруі мүмкін. Мұндай талқылау бөлімі болуы маңызды. Бұл бөлімнің міндеті - алынған нәтижелерге түсініктеме беру. Талқылауға ұсынылған нәтижелер неге дәл осындай екенін және олар мақаланың негізгі идеясына қалай сәйкес келетінін көрсетуі тиіс. «Талқылау» бөлімінде жұмыс нәтижелерінің ерекшеліктерін көрсету, яғни жұмыс нәтижесінен алынған тұжырымдарды бағалау қажет. Мақалада алынған нәтижелерді осы саладағы алдыңғы жұмыстармен салыстыру қажет. Мұндай салыстыру фактілері ауызша дәлелдерге қарағанда жұмыстың жаңалығын жақсы анықтайды. Сондай-ақ, талқылау бөлімінде жұмыста алынған нәтижелердің соңынан келетін гипотезаларды тұжырымдау орынды. Мұндай тұжырым біріншіден, болашақта зерттеу тақырыбына өтінім болып табылады және екіншіден, мұндай зерттеулермен қатар бірнеше зерттеу топтары айналысатын жағдайда нәтижелерді түсіндіруде басымдыққа үміткер болуға мүмкіндік береді.
Қорытынды бөлімі. Бұл бөлімде алынған нәтижелерді жұмысты жүргізудің бастапқы мақсатымен салыстыру қажет. «Олар қаншалықты сәйкес келеді? Бұл мақала неге ықпал етеді? Алынған нәтижелер ғылымды қалай байытады?» деген сұрақтарға жауап беретін бөлім. Бұл бөлімде одан әрі зерттеу үшін мақала нәтижелерінің мәнін анықтау маңызды. «Болашақта жасалатын жұмыс үшін алынған нәтижелер қандай бағытты талап етеді?» деген сұрақтарға сілтеме берілуі тиіс.
Реферат (Аңдатпа). Бұл бөлім мақаланың басында немесе соңында дайындалады. Жақсы рефератқа тән ерекшелік ол – зерттеу жұмысының негізгі сәттерін баяндау. Журналдардың көпшілігі рефераттың өлшеміне шектеу қоюы мүмкін. Реферат төмендегі мәліметтерді қамту қажет:

  • зерттеудің мақсатын;

  • пайдаланылған әдістер немесе технологиялар жайлы мәліметті;

  • негізгі нәтижелерді;

  • авторлық қорытындыларды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Бұл бөлім - өте маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Ғылыми жұмыстың қандай түрі болмасын міндетті түрде алдыңғы алынған нәтижелерге негізделеді, сондықтан ғылыми мақалалар мен көлемді басқа да жарияланымдарда жазылған материалдарды құжаттық растау ретінде міндетті түрде оларға библиографиялық сілтемелер жасалады. Жұмыста бөтен идеяларды, деректерді, әдістерді пайдалану немесе олардың авторларына сілтеме жасамай мәтіндерді қолдану плагиат болып табылады, яғни ғылыми этиканың басты бұзылуының бірі болып табылады. Мақалада келтірілген библиографиялық мәліметтер оқырманға жұмыстың алдыңғы зерттеулермен байланысын тез анықтауға мүмкіндік береді, яғни автордың ғылыми ұстанымдары, оның белгілі бір ғылыми топқа қатыстылығы туралы түсінік жасауға, келтірілген деректердің нақты дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, маман жаңа мақаламен танысуды келесідей тізбекте жүзеге асырады: «Тақырып» - «Реферат» – «Әдебиеттер тізімі» – «Қорытынды» – «Мақаланың өзі». Бұл сілтемелер мен олардың библиографиялық сипаттамаларының дұрыс таңдалуы мен рәсімделуінің маңыздылығын көрсетеді. Сілтеме екі жағдайда жүргізіледі: - жұмыстың қандай да бір бөлігі бойынша атаулар болған жағдайда; - басқа автордың жаңғыртылған күйдегі мәтінін немесе дәйексөзін қолданған кезде. Жарияланымға, мұрағаттық құжатқа, шығарма қолжазбасына, жеке хабарламаға сілтеме жасауға болады. Соңғы екі жағдай үшін аталған туындының немесе жазбаның авторының жеке рұқсаты қажет. Сілтеме тізіміне тек қолданылған көздерді ғана жазу керек. Бірнеше қажетті жағдайларды атап өтуге болады: - автор әдебиеттер тізімінде келтірілген барлық жұмыстармен жеке таныс болуы тиіс; - көптеген журналдардың шектеу көлемін ескере отырып, ең алдымен маңызды жұмыстарға сілтеме жасау керек; - сілтемелерді кез-келген сөз бен сөйлемдерге жасай берудің қажеті жоқ, яғни мақаланың бөліктеріне құрылымы мен мағынасына қарай сілтеме жасаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет