Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Коперниктің әлемнің геоцентрлік жүйесі



бет15/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

21. Коперниктің әлемнің геоцентрлік жүйесі
Николай Коперник 19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе Дүниенің геоцентрлік жүйесінде Жер — Әлемнің кіндігі деген идея .) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.Николай Коперник жасаған аспан денелерінің қозғалыс таблицалары Птоломей таблицаларынан әлдеқайда дәлірек болды.Ал бұл сол кездегі теңіз саяхатшылары үшін аса маңызды болатын.Себебі,ашық теңізде олар тек жұлдыздарға қарап бағыт ұстаған.Коперник бұл жаңалықтарын өзінің 1543 жылы шыққани“Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.
22. И.Кеплер: планеталар қозғаласының үш математикалық заңыңын ашылуы
Кеплер заңдары – 17 ғ-дың басында Иоганн Кеплер ашқан планеталар қозғалысының үш заңы. Кеплердің “Жаңа астрономия” (1609) атты негізгі еңбегінде алғашқы екі заң баяндалған. Үшінші заң кейінірек ашылған және ол “Әлем гармониясы” (1619) атты 5-кітабының 3-тарауында берілген.
Кеплердің 1 заңы
Кеплердің бірінші заңы негізінен планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Кеплердің екінші заңы
Кеплердің екінші заңы - аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.
Кеплердің үшінші заңы
Кеплердің үшінші заңы - планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жарты осьтерінің қатынасына тең болады. Екі планетаның үлкен жарты осіне а1 және а2 деп, ал айналу периодтары Т1 және Т2 деп белгілейтін болсақ, онда Кеплердің үшінші заңын жазуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет