Филологическая 1 ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата18.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#10000
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

157
берүр ´аламға равнақ, Мени қылды фалак тек бисар-о пай (Айдай сұлу етіп 
жаратты сені хақ, Жүзің барша әлемге арай береді, Мені жарық түскен аспан 
сияқты таңдануға ғана жаратты...).  
Н.Н.  Болдырев  «Объектом  концептуального  анализа  являются 
смыслы, передаваемые отдельными словами, словосочетаниями, типовыми 
пропозициями и их реализациями в виде конкретных высказываний, а также 
отдельными текстами и даже целыми произведениями. Сопоставление всех 
доступных языковых средств репрзентации концепта в системе языка и в 
речи и позволяет выявить основное содержание концепта» деген болатын 
[4,123 б.]. Демек Хорезмидің туындысы тұтастай алғанда «Жаратушының 
адам баласына деген махаббаты және адамның өз Иесіне деген сүйіспеншілігі» 
деген бір ғана мәнді білдіруге арналған күрделі семиотикалық бірлік болып 
шығады.
Осымен байланысты, Хорезмидің «Мұхаббатнамесінің» құрылымын 
үлкен  үш  саладан  тұратын  лингвосемиотикалық  жүйе  түрінде  тануға 
болады:
1)  «Жаратушы»  концепт  атауының  аясына  Алланың  күллі  ұлық 
сипаттарын көрсететін көркем есімдері енсе; 
2) «Билеуші»  концепт атауының аясына Алла жаратқан жер бетіндегі 
пенделердің ішіндегі таңдаулысы, яғни өзгелерге билік жүргізуге лайықтысы 
саналатын  «патша  немесе  ханның»  (заты  -  Ер  адам!)  батырлық,  ерлік, 
даналық,  күштілік  сияқты  ер-азаматқа  тән  көптеген  қасиеттері  мен 
әрекеттерін білдіретін атаулар мен етістіктер енеді; 
3)  «Ару»  концепт  атауының  аясына  Алла  жаратқан  бүкіл  адамзат 
баласының  сұлуы  да  нәзігі  –  Ару  қыз  (заты  -  Әйел!)  өзіне  тән  керемет 
әдемілігі,  паңдығы,  тектілігі,  ажарлылығы  мен  ақылдылығы  сияқты 
қасиеттерін білдіретін тілдік бірліктерімен бірге енеді.  
Мәтінде  бұл  үшеуі  бір  деңгейде  емес,  пирамида  пішінінде  сатылай 
орналасады: Оның ұшар басында «Жаратушы» орналасса (Мұхаббат наменің 
бастапқы бөлігі), келесі аралық бөлікті «Билеуші» бейнесіндегі «Ер адамға» 
арналған жолдар құрайды, ал көркем мәтіннің үшінші сатысында автор 
«Дүниені найза-қылышсыз-ақ ұстап тұратын, күллі тіршілік иелерінің еркін 
еріксіз билеп алатын ерекше күш – сұлулық иесі Аруға» арнаған барлық 
ой-тілегі мен соған қатысты дерт-серттерін сыйғызған. 
Осындағы соңғы екі макрокомпонентті - «Билеуші» және «Ару» - кең 
мағынасында  алғандағы  оппозициялық  қатынастағы  құрамдас  бөліктер 
деп санауға болады. Яғни мұнда Алланың өзі сүйіп жаратқан Адам Ата мен 
Хауа Ананың ұрпақтары - «Ер // Әйел» - өзара байланыста және сонымен 
қатар  қарама  қарсылықта  алынған.  Осы  байланыстар  мен  қарама-қарсы  
қатынастарды семиотикалық тұрғыдан төмендегі сызба (1-сурет) түрінде 
бейнелеуге болады. 

Вестник ПГУ №4, 2010
158
1 - сурет - «Мұхаббатнаме» мәтінінің семиотикалық 
макроқұрылымы
 
 
ЖАРАТУШЫ
 
 
  
Махаббат 
 
 
Билеуші (Ер) 
 
Ару (Əйел) 
Бұл сызба арқылы таңбаланған мәнді былайша вербалдауға болады: 
Он сегіз мың ғаламның иесі, теңдесі де, ұқсасы да жоқ ЖАРАТУШЫ 
Адам баласын үлкен МАХАББАТПЕН жаратты. ЕР Адамға серік етіп Әйел 
затын жаратты. Бұл екеуінің жүрегіне сүйіспеншілік сезімін құйып, өзара 
ынтық, бір біріне керек етіп жаратты. Бәрін байланыстырып тұрған ұлы 
күш – махаббат Құдірет иесі Жаратушыдан басталып, барша адамзат пен 
ғаламзатқа  таралады...  (суретте  жоғарыдан  төмен  бағытталған,  жуандау 
жебесызықтармен белгіленген). Дүниені ұстап тұрған ұлы күш мейірім, әділет, 
қанағат, адалдық, т.б. жақсылықтардың бәрінің түпбастауы – Махаббат. 
Осымен байланысты, Адам баласы да, өз кезегінде, Жаратушы иесіне асқан 
сүйіспеншілікпен  (суретте  төменнен  жоғары  бағытталған  жебесызықтар) 
құлшылық етеді... Оны бір сәт те естен шығармауы тиіс. Діни таныммен 
байланысты когнитивтік санада мықтап орныққан осы түпнегіз міндетті 
түрде тілдік санада көрініс табады. 
әдебиеттер
1. Есім Ғ. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). Екінші 
кітап. - Алматы, «Ғылым», 1996. -203 б.
2. Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. - А.: «Сөздік-Словарь», 
2004. -552 б. 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
159
3. Сағындықұлы Б., Тәшімбай С. «Мұхаббатнаме» (ХІV ғ.) ескерткішінің 
мәтіні. Оқу құралы. –Алматы: «Қазақ университеті», 2007. - 228 б.
4 . Болдырев Н.Н. Когнитивная семантика: Курс лекций по английской 
филологии. – Тамбов: Изд-во Тамбовского университета, 2001. -123 с.
Резюме
В  статье  рассматривается  семиотическая  природа 
исторического  художественного  текста  на  материале  поэмы  о 
любви Хорезми, кипчакского поэта 14-века. Автором предложена 
модель макроструктуры «Мухаббат-наме», в которой отражена 
вся сущность поэтического произведения средневековья.  
Resume
The article considers the semiotical nature of historical literary text 
in material of poem about Horesmi’s love, a 14 century s kipchak writer. 
The autor offered a model of «Muhabbat-name» macrostructure; in which 
we can see all the advantages of mid-century poems.
ӘОЖ 882.151.212.2-141
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ 
Н.Ж. Тұралина
Павлодар қ.
Біз қашанда поэзияның адам жанының құпиясынан жаратылатынын 
біліп,  сезінеміз.  Аристотель  айтқандай,  басқа  өнердің  бәрі  адамзат 
қолынан  жасалса,  поэзияның  құдайдың  құдіретінен  жаратылатынын 
мойындаймыз.  Жыр  әлемі  деген  тылсымға  тіл  бітірген  тумасынан 
талантты ақынның тума тұма бұлақтың тұнық суындай туындыларына 
деген ықылас жылдан-жылға арта түсуде. Тілі шырайлы, ойы құнарлы, 
сезімі сергек, көркем образға бай, серпінді, еркін  тынысты өлеңдері мен  
толғау дастандары арқылы ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың өлең 
өнерін өрелі биікке көтерген Несіпбек Айтұлының жырларында ұрпақтар 
сабақтастығын, уақыт байланысын арқау еткен поэтикалық идея, туған 
дала және оның жыршысының бейнесі арқылы өрнектеледі. «Туған жерге», 
«Бақанас – біздің балалық», «Біздің ауыл», атты жырларында ақынның 
туған елі мен жері жырға арқау болған.
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  лирикасындағы  айрықша  байқалған 
ерекшелік – адамдарға қатысты бейнелеулердің бәрін, табиғат құбылыстарына 
байланыстырып жырлау. Күн, ай, жұлдыздар, жел, су, толқын, жапырақ, тау, 

Вестник ПГУ №4, 2010
160
тұман, жыл мезгілдері және т.б. – сансыз суреттер, құбылыстар адам жанына, 
келбетіне баламаланып жырланады. 
Мысалы, ақынның табиғат тақырыбына арналған өлеңдерін атар болсақ: 
«Көктем», «Ақша бұлттар», «Көктем келді тағы да», «Жабырқасаң орман 
жаққа жалғыз бар», «Таудағы түнгі сурет» т.б. 
Мысалы; «Көктем» өлеңін алар болсақ,
      Ғажайып нұрға бөккен тіршілік бар,
       Тұрғандай төсегінен сілкініп қыр.
      Жауқазын қара тасқа көрік беріп,
      Дүние күн көзіне ынтығып тұр.
      Арудың келбетіндей айнадағы,
      Көл бетін аққу келіп айналады.
      Әдемі аппақ төсті қос қарлығаш,
      Төбемде сағыныш боп айналады.
      Лүп етіп әлі күнге жел тимеген,
      Жанымның жазирасын желпиді өлең.
      Қойдың-ау, о табиғат, құлшындырып,
      Тағы бір көктем қызға мен сүймеген [2, 56].
Ақынның  осы  өлеңінде,  табиғат  құбылысы  мен  адам  көңіл-күйі 
үндестіріліп, сыршыл өлең боп өріледі. Табиғатты суреттеуде ақын кейіптеу, 
ауыстыру, теңеу сияқты көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдаланады. 
      Ұят шарпып бетімді,
      Арым қалай көз ілмек?
      Ауа райы секілді,
      Ала-құла кезім көп.
      Кейде менен безінді ой,
      Бұлт бүркеніп қабағым.
      Кейде қайың безіндей,
      Безерем де қаламын.
      Ашам ашу майданын,
      Кейде ақылды ұғынбай.
      Кейде тіпті майдамын,
      Ақ бидайдың ұнындай [2, 60].
Осы  өлеңдерінде  сыршыл  ақын  адамға  тән  қасиеттерді,  табиғат 
құбылысымен  салыстыру  арқылы,  табиғаттың  өзгерісін  көңіл  көзімен 
қабылдап, аса шеберлікпен  бейнелі суретке айналдырған. 
Дүниедегі  бар  құбылысты,  адамзат  санасындағы  сиқырлы  сезімді 
тек қана сөз арқылы жеткізуге болады. Дегенмен де сөз маржанын бейнелі 
өрнекпен кестелейтін ақын қаламының көркемдік кілті шеберлікте.
Задында лирика дегеніміз сезім мен ойдың поэтикалық көрінісі болса, 
ақын осының нәтижесінде өзінің көркем сөз шебері екенін танытады.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
161
Ақынның ендігі бір ерекше қырын аңғартатын - сырлы, күйлі өлеңдері. 
Буырқанған,  бұрқаған  ағыстар  емес,  енді  тереңнен  тебіреніп,  шымырлап 
шыққан,  көкіректің  тереңінен  тебіреніп  шыққан,  көкейдегі  көп  сырды 
бейнелеумен  жырлары «мен»  мұндалап ерекшеленеді. 
      Ойлар, ойлар ортаға ап қамалады,
      Ойсыз жандар опық жеп қалады әлі.
      Көкірегімді қыздырып, жүрегіме
      Күннің қызыл кірпігі қадалады.
      Күн жазады құрысқан жер арқасын,
      Күн жалғайды үзілген жол ортасын.
      Күнің бітсе біткені тынысыңның,
      Өзіңді де өзгені жоғалтасың.
      Қазір күнім тұрғанда тас төбемде,
      Тас боп қатса тағдырым жас төгем бе?..
      Көңіліме қаз қонып, үйрек ұшар,
      Көктем иісі бұрқырап жас денемде [2, 62].
Ақыннның  табиғат  жайында  жазылған  өлеңдері  -  лирикаға  толы, 
сезімтал, шыншыл өлеңдер. Ол жастық, бозбалалық сезімді, адал достықты, 
ардақтайды.  Ақыннның  табиғат  туралы  өлеңдері,  рухани  тазалықты 
көрсетеді. Ақын жырларында табиғаттың тамаша құбылыстары, тамылжыған 
көктем, жадыраған жаз бәрі де асқан шеберлікпен әрленіп, оқырманды үлкен 
ойға жетелейді. 
  Өршіл  үн,  өрекпіген  сезім  табиғатына  тән  Несіпбек  Айтұлының 
поэзиясы үнемі биікке ұмтылған рухтың, сол рухқа дем беруші жүректің 
шеңберінде жүреді. Сол жүректің лүпілі, қайғысы мен қуанышы ұлттық, ұлы 
тұлғалардың рухымен бірігіп, өз алдына тұтастай бір көркемдік кеңістікті 
құрайды. Ақынның «Мұхтар Әуезовке», «Шәкәрім тошаласында», «Ғабиден 
Мұстафин қазасына», «Ақындарға үндеу» өлеңдері осыған мысал.
      Күңіренгендей қаралы қабыр басы,
       Қасіреттің тамады ауыр жасы.
       Қабырғасы қапастың бүлк етпейді,
      Қайысады халықтың қабырғасы.
      Алапатқа ара түс, ей, ақындар,
       Адам көзін жоймасын оятыңдар!
      Көк желкесін қиыңдар қиянаттың,
      Зұлымдыққа бір зауал таятыңдар!
      Қол босатып думанды жыр кешінен,
      Үн қатыңдар жаһанның мінбесінен!
      Зобалаңға ұрынған ұландарды
Құтқарыңдар  қорлықтың  түрмесінен»  [2,  173],  -  деп  заманға  нали 
тіл қатқан ақынның лирикалық қаһарманы халықтың қайғысын жүрегіне 

Вестник ПГУ №4, 2010
162
дарытқан. Ақын бейнелеген ұлттық рух, қасиет пен кие, бүгінгі ұрпақтың 
жүрегінде жүрсе бұл өткенімізді ұмытпай, ата-бабадан мұра болған рухани 
құндылықтарды,  рухани  болмысты  сақтағанымыз.  Ақынның,  ақындық 
мұраты ұлттық рухпен тамырлас екендігінің бір мысалы осы, «Ғ. Мұстафин 
қазасына» деген өлеңі:
      Қайыспаған қара нар ең ауырға,
       Майыспаған қарағай ең дауылға.
       Сен құлады деген хабар кенеттен,
       Қатты тиді ағаға да бауырға.
      Тартушы едің өрге салса алқынбай,
      Сексендегі сергектіктің салтындай.
      Төрімізде отырушы ең қасқайып,
      Тұла бойың тұтас құйған алтындай.
      Саған айтпай халқың  айтар кімге алғыс
      Қайрат едің кеткен кезде мыңнан күш.
      Құбылнама өзің едің бұлжымас.
      Алып кеме өзің едің мұзжарғыш [2,174].
Өмірге  құштарлық,  ақынның  ұлтына  деген  терең  сүйіспеншілік 
сезімін, биік оптимизімін туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі 
өткен ақындармен үндесетін,  солардың бүгінгі рухани жаңғыруындай әсер 
қалдыратын ақын жырлары қайғы-қасіреттің өзін өр, рух, асқақ пафоспен 
жырлайды. 
1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясының көркемдік көкжиегі туралы 
айтылғанда бұл кезеңнің өзіндік бір ерекшелігімен көрінгені алдымен ауызға 
алынады. Зерттеуші ғалымдар мен сыншылар бұл кезең лирикасында адамның 
жан-дүниесі, қуанышы мен намысы алдыңғы орынға шыққанын ерекше атап 
көрсеткен. Сондай-ақ бұл тұста поэзияда жаңа тенденциялар бой көрсеткені де 
айтылады. Ол тенденция – романтикалық, символдық белгілердің реализммен 
ұштасып келіп тың сипатпен поэзияда көрінуі.
      Сана бар – теңізді де көлдейтұғын,
      Көздер бар – көк тиынды көздейтұғын,
      Маңдай бар – қап көтермей терлейтұғын,
      Тілдер бар – шағып алып сөйлейтұғын,
      Сөздер бар – терісті де жөн дейтұғын,
      Мұрын бар – бықсықты да сезбейтұғын,
      Құлақ бар – шындыққа да сенбейтұғын,
      Құлаш бар – сермеуге де келмейтұғын.
      Қолдар бар – бар болса да, бермейтұғын,
      Арқа бар – ауырлыққа төзбейтұғын.
      Адым бар – секірсе де өнбейтұғын,
      Аяқ бар – жетектесең  жүрмейтұғын.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
163
      Осылардың бітімін құрап алып,
      Арамызда біреу жүр «ез» дейтұғын.... 
-  деп  сирек    қолданылатын  шумақтың  басқа  буындарының  ұйқасы 
арқылы, бүкпелеу, тұспалдау әдісін қолданып, жыраулар толғау үлгісімен  
жазылған осындай жырлары жоғарыда айтқанымыздай 20-ға толмаған жас 
ақынның тегеуірінін  көрсетсе керек.
Мұндай романтикалық әдіс лирикалық  сарынның тереңдеуіне үлкен 
әсер  еткені  белгілі.  Романтизмге  тән  басты  ерекшелік  жан  дүниедегі 
қозғалысты таныту болса, Мағжан лирикасында дәстүр жалғасу ретінде 
жан-жақты сипатымен ашылып, қанат жайған романтикалық дәстүр желі 
тарта келе XX  ғасырдың 40-жылдардағы Қ. Аманжолов, 60-жылдардағы  
Т. Айбергенов поэзиясына тән болса, 70-жылдары поэзия әлеміне қадам 
басқан Н. Айтұлының лирикасында да молынан көрініс тапқанына сілтеме 
жасаған өлеңдеріміз дәлел. Нақтылай айтарымыз – Несіпбек  романтизіміне 
жоғарыда  айтылғандардың  ішінде  субьективті  –  философиялық  сипат 
тән.  Біраз  тұстарда  элегиялық  сарын  да  бой  көрсетіп  қалады.  Ақынның 
әр жылдары жарыққа шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз 
ізденісті,  көтеріңкі  пафоспен  өрілген  шешендік  үлгідегі  поэтикалық  сөз 
тіркестерін  молынан  ұшыратамыз.  Терең  сыршылдық,  адамның  ішкі 
болмысына  үңіліп,    оны  бейнелеп,  айшықтап  көрсету  тәсілі  Н.Айтұлы 
лирикасында өз қырымен түрленеді.
Асқақ романтика мен сыршыл сезім Н. Айтұлының өлеңдері, поэмалары, 
толғауларына  тән  сипат.  Оның  қаламынан  туған  «О,  Секітас!»,  [1,-7б.]  
«Көкпар»  [1,8б.],  «Қарлығашым»  [1,10б.],  «Жүрегім  менің  бұлқынды» 
[1,11б.], «Ей, өмір», «Ауылыма», «Туған жерге», «Ақша бұлттар» [1,12-15б.] 
жырларында ақындық үн ұлттық бояумен астасып ерекше үн тапқан.
      Тастаймын алыстарға көз қиығын,
      Менің де қол жетпестей өз биігім.
      Көңілдің ақ көбік қып көк дөненін,
      Үміттің келем қуып жез киігін.
      Мен бәлкім жете алмаспын, жетермін де,
      Назым көп айтар әлі өтер күнге.
      Жастықтың жедел тартқан керуені,
      Жанымның жайлауынан көшер бірде....  [1, 15б], 
деген жолдарымен басталатын өлең әрі қарай  асқақ шабытпен өрби келе 
      Жабықтан жай түсірер жан отымды
      Көктемгі көк нөсерден іздеп көр, сен  [1, 16-б.]
      деген ерлікке құштар, биікке құмар өршіл рухпен жырланды. 
Бұл жерде арғысы Абай атамыздан, бергісі Мағжан, Сұлтанмахмұт, (ақ көбік 
болған көңілдің көк дөненімен, үміттің жезкиігін қуу, жастық керуені жанының 
жайлауынан көшуі бірақ көктемгі бір көк нөсерде жанымның оты жабықтан 

Вестник ПГУ №4, 2010
164
жай түсірер), Қасым  Аманжолов лирикасының үлкен әсері байқалады. Жалпы 
Н. Айтұлының осы типтес өлеңдерінен біртұтатас тұрғыда көркемдік тәсілдері 
шебер өрілген, мазмұны терең, поэтикалық айшықтары айқын да салмақты 
жырлары дүниеге келген. Ол жырларға ортақ сипат еркіндік, азаттықты аңсаған 
көңіл, адамзатқа тән ізгілік сыршыл сезімдерден тұрады.
Н.  Айтұлының  жырларында  асқақ  пафос,  өр  екпін,  шешендік 
талғамдармен қатар сыршыл, сезімтал, сергектік үндесіп, тілдік көркемдік 
сипаты да айқын, мен мұндалап тұрады. Мәселен,
      Қыздың сырын анасынан сұраңдар,
      Гүлдің сырын даласынан сұраңдар.
      Шалдың сырын баласынан сұраңдар.
      Балдың сырын арасынан сұраңдар.
      Жолдың сырын жолаушыдан сұраңдар,
      Тонның сырын бояушыдан сұраңдар,
      Аттың сырын арбасынан сұраңдар,
      Саптың сырын балғасынан сұраңдар.
      Өзен сырын арнасынан сұраңдар,
      Өрен сырын жолдасынан сұраңдар.
      Жаудың сырын біледі тек жауынгер,
      Таудың сырын біледі тек қырандар...  [1, 43-б.]
толғауы әсерлеу әдісімен біріңғай толымды ұйқаспен жазылғанымен,  
сөз қайталау, (сұраулар, сырын т.б.) сөз орнын ауыстыру, шендестіру, үдету, 
бүкпелеу тәрізді риторикалық айшықтарды қолданған. Сонымен қатар, шебер 
афоризм мен дыбыс үйлесімі де мінсіз қолданылған. 
Әдебиеттану ғылымында қолданылатын «лирикалық қаһарман» термині 
туралы  теориялық  еңбектерде  берілген  анықтамалардың  дені  ақын  мен 
лирикалық қаһарманның бірлігін қуаттайды. Дегенмен автор мен лирикалық 
қаһарман бір-ақ адам, лирикалық кейіпкер ақынның тура көшірмесі деуге 
келмейді.  Көркем  туынды  заңдылығы  ауқымында  қарастырсақ,  өмір 
шындығы мен көркемдік шындықтың ара қатынасы, өмірдегі адам мен көркем 
шығармадағы кейіпкер арасындағы айырмашылықтың барлығы белгілі.
Біз  лирикалық  қаһарман  мен  ақын  ара  қатынасын  осы  тұрғыдан 
сараласақ қателеспейміз. Әдебиеттегі басты өлшем – көркемдік шындық, 
әдебиеттегі көркем бейне – кейіпкер екендігін ескерсек, автор мен лирикалық 
қаһарманның  айырмашылық  дәрежесін  айқын  білуге  болады.  Лирикада 
ақыннның  сезімін  білдіру  жетекші  роль  атқаратыны  ақиқат.  Ақыннның 
лирикалық кейіпкері – өзге ешкім де емес, тек бұл оның шығармасындағы 
әр түрлі сипаттағы өзгеше тұрпаты ғана. Сондықтан ол өз туындысы арқылы 
«Мен» деп сөйлеуге  құқылы деген қалыптасқан тұжырымның астарына өмір 
шындығы және көркемдік шындық заңдылығы тұрғысынан үңіле отырып, 
лирикалық  қаһарман  көркемдік-эстетикалық  талаптарға  жауап  беретін, 
шындыққа сай сомдалған көркем бейне демекпіз.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
165
      Қырқаға шықсам көлденең,
      Қиырды көзбен ақтарам.
      Көгілдір дала көлбеген,
      Көңілім бе екен деп қалам.
      Қыранды көрсем аспаннан,
      Қонсам деп шыңға оқталам.
      Тәкаппар таулар қысқарған,
      Сенімім бе екен деп қалам.
      ...Жағада  тұрған жартасты
      Төзімім бе екен деп қалам.
      ...Гүлдерді көрсем шөлдеген
      Сезімім бе екен деп қалам.
      ...Күркіреп аққан көк өзен
      Өмірім бе екен деп қалам.
      ...Табиғат түбі,
      Мәңгілік
      Серігім бе екен деп қалам.  [1,160-б.]
Мұндай лирикалық туынды адам баласына ғана еншілі сезім сырларын 
ашуға, әлем болмысын тереңдей тануға талпынған жанның – лирикалық 
кейіпкердің  тұлғасын  мүсіндейтінін  ескерсек,  Несіпбектің  кейде  мұңға 
берілсе де асқақ, өр болмысын жоғалтпайтын лирикалық қаһарманына  тән 
мінезін әрбір өлеңінен көруге болады. «Ақындарға үндеу» 1986 ж. өлеңінде 
қайсарлық, ұлттық намыс, күрес, рух, жігер,  ақиқатқа -шындыққа деген 
жанталасқан жан айқайы әсерлі түрде ақындық асқақ шабытпен өрілген.
      Бұлтқа барып кіргендей күн мен айың,
      Қия бассаң қашанда түрме дайын.
      Тұңғиыққа тұншыққан тастай батып,
      Бостандықты іздейік бірге, ағайын!  [1, 175-б.]
-деп  келетін  азаматтық  әуен,  лирикалық  толғанысты,  уақыт  күңгірт 
тартқанда күйзелме, жүнжіме деген ұран тастаған ақындық асау, өр мінезді 
танытады.
Ақындық  мінез,  ақындық  тұлғаны  даралайды,  ал  ақындық  тұлға  – 
лирикалық қаһарман бойына сіңісіп, онымен тұтасып бірігіп кеткен рухани 
болмыс болмақ. Несіпбек Айтұлның ақын ретінде, тәуелсіздік жылдарында тез 
өсіп, қатарынан оза шауып, жарқырап, дараланып көріну себебі, оның әсемдік 
әлеміндегі жаңаша эстетикалық, философиялық көркемдік ойлау жүйесінің 
озықтығынан тыс,  ақынның азаттықты ардақтап, тәуелсіздікті тұмар тұтып, 
оны шығарма өзегіне, жыр арқауына айналдыруында дер едік.

Вестник ПГУ №4, 2010
166
әдебиеттер:
1. Айтұлы Н. Шығармалар жинағы, 1 том, 2 том, - Алматы, 2008 ж.
2. Мәшһүр–Жүсіп Қ. «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» 
- Павлодар, 2007 ж.-185 б.
3. Қабдолов 3. Сөз өнepi. - Алматы: «Санат», 2002. 
Резюме
В  этой  статье  рассматривается  поэтическое  мастерство 
Несипбека Айтулы.
Resume
This article is devoted to the  poetical   masterpiece of  Nesipbek 
Aituly.
ӘОЖ 81:39 (574)
ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
А.Қ. Тұрышев
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүр–Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы  біліп қоймаған дүние жүзі 
тілдері, діндері жөнінде де мағлұматы болған. Мысалы, «Дін туралы жер 
жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі-Құдайды бір дос (дош), бірі 
Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» 
деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед – бір деме – осылар. Будда, Бірахмен, 
Мәжуси, һубасқа түндей болды. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл 
туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі – түрлі. Санағандар: 
«Мың шамалы түрі бар» - дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары 
үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші-күншығыс Азия 
тілдері.  Үшінші:  Хам,  Сам  тілдері  дейді.  Сол  сияқты  Мәшһүр–Жүсіп 
ХIХ ғасырда «мәдениет» деген сөзді бірінші қолданған және мағынасын 
тура берген адам. «Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. 
Бұларды: «мәдени халық» - дейді, яғни «ғылымды жұрт» - дейді.  Мәдениет 
– араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, 
«медени» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді (Ә. Нұрмағамбетов, 1990: 
-Б. 9). Демек, «Мәдениет» - деген сөзді біз  тілге қатысты  аламыз да тек 
басқа қырынан қарастырамыз.  
Ж.А.  Манкеева  «Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  танымдық 
негіздері»  -  деген  монографиясында:  «Олай  болса,  мәдениет  арқылы 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет