148
өмірдегі қулық-сұмдық атаулыдан құр алақан босбелбеу баласын ерекше
уайымдайтыны сияқты құбылыс. Адамды сүйе білу құдіретінің адамға
осыншама шексіз бақыт сыйлайтынын сезінген адам ғана түсінеді. Жер
бетінде махаббат әйелдер арқылы келеді. Әйтеуір бұл сезімді сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес. Өз баласын ғана жақсы көріп, басқаны бөлектеп
отыру мейірім емес, жалған махаббат. Анығырақ айтқанда хайуандық, яғни,
өзімшілдік сезім. Хайуан өз баласын ғана мәпелеуден басқаны білмейтін
болса, ал адамдық махаббат барлық адамның обалын ойлайтын бойдағы
өмірдегі бар қиындықтан алып шығатын шексіз ғаламның күші. Дүниедегі
ең данышпан махаббат сезімі. Риясыз махаббат ілімін уағыздаған Абай:
«Адамның бәрін де сүй бауырым деп», «Адам адамға дос, жолдас, бауыр»
деп Абай жолын ұсынып кетті. «Абай жолы» дегеніміз – осы. «Өмірде
махаббат, сахаббат деген романтиканы білмейміз» дейтін материалистер
бір кішкентай мәселе шықса аһілеп, күйзеліп депрессияға ұшырап қалатыны
махаббаттың аздығынан. Жүрек ауруы мен қан қысымы да кең ойламаудан. Ол
тұқым қуалаған соң емі табылмай кетеді. Теледидардан күндіз-түні Абайды
уағыздап отырғанда ең негізгі Абайдың осы сөздерін неге ұмытып кетеміз?
Сүйе алмасақ неге елге ақыл үйретеміз. Жер бетіндегі пәк баладай таза
жүректі көп момын елді «е, тобыр деп Абай осыларды айтқан» деп дүниедегі
қулық пен сұмдықты меңгеріп, біреудің қаһын жеп жең ұшынан жалғасатын
зұлымдарды «күштіге» санайтынымыз есерсоқтығымыз емей немене? Жер
жаһанды жылытып отырған осы ғаламат сезімнің кейде ананың бауырында
бар жылуын беріп өсірген өз баласына жетпей қалатыны неліктен? Жер
жаһанды жылытып отырған осы ғаламат сезімнің кейде ананың бауырында
бар жылуын беріп өсірген өз баласына жетпей қалатыны неліктен?
Осындайда өткенде көрген бір картина көзіме тағы да елес берді: Ажар
екі жасар баласын өзін тыңдамай кір жуған суды шалпылдатып отырғаны
үшін майлы құйрықтан шарт еткізді. Бала шар етіп жылады. Өйткені байғұс
бала өзін не үшін ұрғанын сезе алатын жаста ма еді? Ол үшін әдемі ойнап
отырған жерінен ту желкесінен күтпеген күш пен зорлық көру түсініксіз
қорлық сезімін тудырған еді. Және де бөтен біреуден емес, өз анасынан
соққы жеу баланың өкпесін қара қазандай етерін ұққан үлкендер бар ма? Бір
қуанарлығы періште сәбиді сақтайтын құдіретті күш те оның сәбилік пәктігі
ғой. Күніне неше қайтара шапалақ жейтін бейкүнә балалардың үлкендердің
осынысын ләзімде ұмытып кететіні балалық шақта ғана бұйыратын нағыз
бақ еді. Бейкүна балаға шапалақ жегізгеннің қандай екенін білгізіп отыру
үшін үлкендерді әр сәттегі пенделік тірліктегі өзімшіл, сараң, қызғаншақ,
көрсеқызар болған әр қылығы үшін бір-бір шапалақтан беріп отырса ғой.
Баласын асырап отырғанын туа сала міндет қылып, парызын өтей алмастай
қылып күніне жүз қайтара қаттап, жүктеп отыратындарды қайтерсің.
Баланы дүниеге міндет қылу үшін әкеле ме екен? Дүниеде баладай таза,
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
149
пәк адамдарды адам атаулының жарымеске санап, оның әрбір қылығын
кемшілік деп түсініп, оның әлсіздігінен ләззат алып отыратындар өзінің
қатыгез жауыз адамдар қатарынан екенін біле ме екен? «Бұл дүниенің мінезі
ұқсайды қатындардың ісіне» дейді, Шәкәрім дана.
Әр адамға өмірден үйренуге Жаратушы мүмкіндік беріп отырады. Ол
өмір сабағын сынақ дейді. Кейде адамдар осы сынақты дұрыс түсінбей
Жаратушыны сынағы арқылы қатыгез деп ойлайды. Жаратушы ешкімді
жазаламайды. әркім өз-өзін жазалайды. Мысалы сіз біреуге қиянат жасасаңыз
сізді Жаратушы жазаламайды. Жаратушының заңында сіздің қиянатыңыз
өзіңізге ерте ме кеш пе қайтып келеді. Бір-ақ ол Жаратушыдан келмейді,
өзіңіздікі өзіңізге қайтып келеді. Жақсылық болса, жақсылық болып
қайтады, жамандық болса жамандық болып келеді. Кейбіреулер қиянатқа
беріліп алғаны соншалық өмірін тек қиянатпен өткізеді. Ал оның бейнетін
кейін ұрпағы көреді. Ал Жаратушы адамды сынамайды тек жақсы көреді. Сіз
өзіңіз үшін түзелуге тиіссіз. Өмір алаңы адам рухының биіктеуіне мүмкіндік
жасайды. Байлық, барлық, билік бәрі сынақ. Көбінесе адамдар қайғы
арқылы тазарады. Бұл ауыр сынақ. Тазару көбінесе екі түрлі болады. Феодор
Достоевский айтқандай, бірі-қайғы арқылы тазару, екіншісі - оймен тазару,
яғни, махаббат арқылы тазару. Дана адамдар оймен тазарады. Тазарған
сайын жаман істен бойын тартып алуға рухы биіктеп отырады.
Жаратушы өзі жаратқан адамдарды жақсы көргенді ұнатады. Тек
жақсы көрсең күшіңе күш қосылады. Жаратушы сені адамды сүйе білгенің
үшін биіктетеді. Бұл сізге ұнасын, мейлі ұнамасын Жаратушының, Шексіз
ғаламның Заңы солай. Шәкәрімнің ар ілімі деген осы. Біліп тұрып жамандық
істеу арға ауыр тиеді. Білмегеннің жөні басқа. Білмегенге өмір үйретеді.
Басында айтқанымыздай, ой екі түрлі болады. Не жақсы ой не жаман ой.
Бізде осы екеуінінің біреуін таңдау бар.
Шәкәрім адам үшiн өмiр толы сынақ екенiн адам еркін жоққа
шығарғандықтан айтпаған. Осы екі айыр жолда әр уақытта адамда таңдау
бар екенін:
Жаратылыстың берген еркі сол,
Талап ет сен таза жол , -
деп түсіндіреді.
Ақын әлемнің үнемі өзгерісте болатынын:
Жаралыс басы - қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де, мейлің, бір мән де [2, 230].
Сол мәнменен бол таныс,- деп жазады. Дүние қозғалыстан тұрады.
Бұны ежелгі дүние философиясының тарихынан біле аламыз. Әсіресе,
қытай философтары «Өмір дегеніміз қозғалыс» деп айтқан. Ал дүниеде
қозғалғанның барлығының жаны бар.
Вестник ПГУ №4, 2010
150
Сол сияқты адам өмірі үнемі қозғалыста болу керек. Қаржылай көтерілу
ол да даму, егер адал жолмен келсе. Сондай-ақ, рухани даму бар. Көбінесе
адам өткен қателіктерінен сабақ алу арқылы дамиды. Жаратушы иеде бүкіл
дүние мәңгілік тұтастықта қозғалып тұрады. Оның мәні сонда ол - тұтас.
Ол тұтас болғандықтан бір ғана уақыт бар. Ол - Қазір және Осында болу.
Яғни, Жаратушының өткені де, қазіргісі де, болашағы да бір өзінде. Әрбір
қазіргі уақытта біз үнемі болашаққа айналып отырамыз. Өйткені, әлем үнемі
тоқтаусыз қозғалып тұрады. Шәкәрім ақын оны былай өлеңмен жазады:
Қозғаған қуат жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз,
Жанына қарай тән солар.
«Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш,
Дым тиіп, нұр кеп жылытса,
Өс тағы жайнап, көңіл аш!» -
Дейтұғын жанда мән болар [2, 230].
Мысалы, адам бір өзін тұтас сезінеді. Аяғын бір уақытта, басының
ауырғанын басқа уақытта сезінбейді ғой. Жаратушы сол сияқты. Бір мезетте
барлық жерде бар. Жаратушының бізді кез-келген уақытта ести алатын
себебі сондықтан.
Жаратушының өткені, қазіргісі, болашағы бір өзінде болатынын былайша
түсінуге болады. Дүние тек ойдан тұрады. Дүние тұтас жаратушылық. Тұтас
болғандықтан бір-ақ уақытта болады. Сол сияқты адам да өзін бір-ақ уақытта
сезінеді. Адамның да өткені, қазіргісі, болашағы бір өзіндегі мәңгіліктік
жаратылыс. Мысалы, сіздің миыңызда өткен өміріңіздің бейнесі бар. Ол
кәдімгі Маркстің бейнелеу теориясындағыдай. Мысалы, сіз ойша өткен
өміріңізге бара аласыз. Ойша балалық шағыңызға, бала кезіңіздегі үйіңізге
кіріп уақытпен кері шегіне аласыз. Сонымен бірге адамның миында бүкіл
ата-бабалар жүріп жолдар бар. Қазіргіңіз өзіңізге белгілі. Ал болашағыңыз
ата-бабалар қалай өмір сүрді, өзіңіз өткенде қалай өмір сүрдіңіз, қазір қалай
өмір сүріп отырсыз соған байланысты құралады. Сондықтан, біздің болашақ
күнделікті істеген ісімізге қарай өзгеріп отырады. Тазарып геннен келген жаман
қасиеттерден арылған сайын, тұқымнан берілетін жақсы қасиеттеріміз ұлғайа
береді. Ата-бабадан келе жатқан ырыздық, өнерпаздық, шеберлік, іскерлік,
қысқасы сіздегі потенциалдар ашыла бастайды. Кейбіреудің түзелуге өмірі
жетпейді. Ол да гендік қорға байланысты. Өмірде абсолютті идеалды адам
болмайтыны сондықтан. Сондықтан ешкімнен кіршіксіз адалдықты талап
етуге болмайды. Қателеспейтін адам болмайды. Ешкім өз кемшіліктері
үшін кінәлі емес. Балалар ата-баба үшін жауап бермейтінін есте ұстайық.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
151
Кінә ата-бабаның жүріп өткен жолында. Өкінішке орай, есесіне балалары
жазықсыз жапа шегеді. Олардың еш кінәсі жоқ қой. Біз айналамызды сол
қалпында қабылдай алсақ қана бақыттымыз. Біреуден бірдеңе талап етіп
адасуға болмайды. Енді білдік қой ешкімнің ештеңеге жазығы жоқ екенін.
Ешкімнің өміріне араласуға болмайды. Қиналған адамға жылы сөз арқылы
күш бере аламыз. Бірақ біреудің шаруасын өзіміз істеп, кірісуге болмайды.
Әркім өз өмірін өзі жасау керек. Мысалы, баламызға да өз бетінше адам
болуына мүмкіндік беруіміз керек. Өмірдің мәніне әркім өз санасымен жету
керек. Оның есесіне біз өзімізді өзгертуіміз керек. Біз өзгерсек өміріміз
өзгереді. Біз өзгерсек, айналамызға деген қарым-қатынасымыз да өзгереді. Біз
өзгерсек баламыз да өзгереді. Өйткені, баламызға жаман мінез қылық қайдан
келеді. Олар баламызға біздің қанымыз арқылы келген. Біз дұрысталсақ, біз
жаман қылықтарды баламызға бермейміз, біз арқылы ол мінездер жоғалады.
Баламыз жазықсыз жапа шекпейді. Біздің кемелденуге шамамыз жетсе, ертең
баламыздың да кейбір өз қатесін түзетуге шамасы жеткені.
Біз ойымыз арқылы Жаратушымен үнемі біргеміз.
Ойды кімнен алғанын
Адам өзі сезбейді.
Жанның айдап салғанын
Сезбесе де іздейді,-
деген Шәкәрімнің осы өлеңінде бізге ойдың табиғаты туралы айтылады.
Сонымен бірге сананың түбінде (подсознание) Фрейд айтқан бұрынғы
ойларымыз да өмір сүреді. Ол ойлар тек қуанышты сәттерден ғана емес, әр
түрлі жағымсыз эмоциядан (реніш, өкпе, өзін-өзі жек көру) тұруы мүмкін.
Жалпы эмоция деген жақсы нәрсе емес. Эмоциялар тым қатты қуаныш
пен қайғылардан тұрады. Қатты қуануға да, қатты қайғыруға да болмайды.
Біреулер негізінен эмоциямен өмір сүреді. Онда көңіл-күй бірінші тұрады.
Сосын барып ойланады. Ондай адамдар өмірді тек эмоциямен қабылдайды.
Мысалы, ол сені көргенде қуанады, менің тілектесім бар деп көңіліне медет
тұтады. Ол адам сенің оған тек қуаныш сыйлағыныңды қалайды. Ал қандайда
бір жағдаймен оған мән беруге уақытың жетпей өзіңмен болып кетсең, ол
сені жақсы көрудің орнына жек көре бастайды. Өкпесін қара қазандай етеді.
Мұндай адамдарды қоғамда тез байқауға болады. Мінезі қылт етпе адамдар
эмоцияның адамдары. Бұларды көпшілік кішкене балалар сияқты көреді.
Бірақ балалар керісінше балалығының арқасында жағымсыз нәрселерді тез
ұмытып кетеді. Балаларда тазалықтың арқасында даналық басым болса, ал
эмоциямен өмір сүретіндер сананың түбіне жағымсыз эмоцияларды жия-жия
ауру екенін өздері сезбейді. Олар басқа адамдардың жеке өмірі бар екенін еске
алмайды. Басқалар өмірге олардың көңілін аулап отыру үшін келген сияқты
түсінеді. Тіпті оның жауларын да онымен бірге жек көруің керек. Алда-жалда
оның жауыны жылы қабақ танытсаң, сатқынсың деп кіналайды. Аяқ – асты
Вестник ПГУ №4, 2010
152
стресске ұшырап, досыңнан қасыңа айналып шыға келеді. Басқалардың сені
сүюін күтпес бұрын, өзің де жүрегіңе махаббаттың гүлін өсір.
Біреуден қуаныш күту үшін, алдымен сол қуаныш тұрақты өзіңде болсын.
Шын қуаныш үнсіз болады. Ол адамның жүрегінің түбінде риясыз күлімсіреп
тұратын сезім. Эмоция адамдары олар нені ұнатса сен соны істеуің керек
сияқты көреді. Параноя деген осы. Ондай сезім көп сөйлемейтін адамдарда
да болады. Олардың ыза-кегі ішінде. Бір жарылса олар да қиын. Дана адам
деп таза адамды айтамыз. Дана адам ішіне ыза – кек жинамайды, дұрыс ойлау
арқылы басына қоқсық жинамайды, су түбінен маржанын ғана тереді. Эмоцияны
сезімталдықпен шатастырып керегі жоқ. Сезімталдық басқа сезім.
Шәкәрім ақынның: «Қайғырмасам, күлмесем, кім мендей ер, кім батыр»
деп айту себебі сол. Жақсы ойлайтын адам қайғырмайды. Қайғырса да өзі
үшін қайғырмайды. Басқалар үшін қайғырады. Өйткені, жақсы ойлайтын
адам «мен басқалардан жақсымын» деп өзін басқалардан жоғары қойып
көкірегін кермейді. Басқаның келеңсіз қылығына қайғырады. Бұл сондықтан
қайғыға жатпайды, бұл басқаны жақсы көру сезімі. Абайдың «Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым» дегендегі махабаттың қайғысы басқа. Бұл
басқаларға немқұрайды қарайын десең де қарай алмайтын сүю сезімі.
Өзің арқылы өзгені сезу сезімі. Бұл эмоция емес. Бұл сезімталдық. Дана
адамдардың жүрегінен әлемнің сырын көруге болады. Дана адамдардың
жүрегінде барлық адамға орын бар.
Қазіргі психологтар да сезімталдық деп осыны айтады. Сезімталдық
деген дана сезім. Мысалы, атақты лириктерді алайық. Тегінде біз ұлы деп
жүрген адамдардың барлығы сезімтал болған. Белинский лирик ақындар
туралы айтқан пікірлерінде «неғұрлым сезім терең болса, ойдың да терең
болғаны» дейтіні сондықтан [3]. Олардың жүрегінде әлемге, адамға деген
махаббат көп болған. Міне, олардың басқа адамдардан айырмашылығы.
Оларды данышпан қылған махаббат пен сезімталдық. Гете әлемнің
тұтастығын, мәңгілікте қозғалып тұратынын ақындығы арқылы сезгендіктен
«Остановись мгновение» дегісі келген. Оның табиғат туралы өлеңдері
медитативті лирикаға жатады.
Бүкіл ғаламдар ең бірінші ойдан жасалады деген идеалистер осыны
айтқан. Дүниені тұтастықта қабылдаған адам Жаратушыдан тікелей ойы
арқылы көмек алады. Мысалы, Жаратушы дұрыс ой береді, бір қиындық
болса керек адамдарға жолықтыра алады т.с.с. Жаратушы бізбен ойымыз,
клеткаларымыз, жан дүниеміз арқылы үнемі бірге болғандықтан естіп тұрады.
Тіпті біз оның өзіміз. Бұдан тіпті қорқудың керегі жоқ. Қорқынышты жеңген
«Менді» таниды. Абай: «Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі» дегенде ойды
бізге кім берді? «Мен» дегенім жаратушы берген ақыл мен жан екен. Өмірде
өкінішке орай көпшілігі «Менді», Жаратушы мен жүректі тыңдамай, ақиқат
тек «о дүниеде» деп ойлап, «менікі» яки жалғанды шын деп алданады.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
153
Шығыс шайырлары жазған «Мен дегенім Сен» дегеннің мағынасы терең еді.
Хожа Хафизден аударған өлеңінде Шәкәрім:
Көңілім өлді, көңіл алған
Досқа хабар қылыңыз.
Ей, шын достар, біздің жан
Сіздің жан ғой, біліңіз [2,402], - дегенінде көп сыр бар. Генетиктер
адамның барлығы бір геномнан тарайтынын өз зерттеулері тарапынан айтса,
ақындар оны өзінше жырлайды.
Адам біткен біреуге залал ойлап тұрғанда шын мағынасында өзіне
ойлап тұрады. Мұның бәрі «Мен» мен «Сеннің» бір екенін ұмытып, «менікі»,
«сенікі» деп адасудан болатын қателіктер. Абай данышпан «Адамның баласы
- бауырың» дегенді еріккеннен айтпаған. Немесе, «Адам адамға дос, жолдас,
бауыр», «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны» дегенде де осы «Мен» мен
«Меннің» бірлігіне меңзеген. «Мен» мен «Сенннің» бірлігін сезген қандай
бақыт екенін басынан кешіргендер біледі.
Абай атамыз «Менікі дегеніңнің бәрі оныкі» деп осыдан айтқан. Яғни,
бұл өмірде бізге тиесілі ештеңе жоқ. Барлығы – Жаратушынікі.
әдебиеттер
1. Гете И.В. Фауст. Немiс тiлiнен аударған М. Құрманов, - Алматы:
Жазушы, 1982. - 200 б.
2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы, 1988.
3. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. - Москва, 1976. - 357б.
Резюме
В этой статье рассматривается учение Шакарима
«О совести».
Resume
This article considers the Shakarim’s concept of “conscience”.
Вестник ПГУ №4, 2010
154
ӘОЖ 81’ 22
ТАРИХИ ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІННІҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ
МАКРОҚҰРЫЛЫМЫ
(ХОРЕЗМИ «МҰХАББАТНАМЕСІНІҢ»
МАТЕРИАЛЫ БОЙЫНША)
Б.М. Сүйерқұл
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қ.
Мәтін лингвистикасында жазба мұраны зерттеудің екі тәсілін атауға
болады: экзогендік тұрғыдан қарастыру және герменевтика тұрғысынан
зерделеу. Бірінші тәсіл аясына жазба мұралардың толықтай сыртқы
сипаттамасын жасау жатады, яғни мәтіннің авторы туралы, қашан және
қайда жазылғаны, көлемі мен тақырыбы, идеясы мен оның қалайша шешімін
тапқандығы т.б. ақпараттық, мәліметтік мәселелер жатады. Ал екінші тәсілде
мәтіннің мәндік сипаттамасы жасалып, онда қатталған тарихи-мәдени
ақпаратты ашудың түрлі жолдары пайдаланылады.
Біздің зерттеу нысанымызға алынған қыпшақ ақыны Хорезмидің
«Мұхаббатнамесі» (ХІV ғ.) тіл білімінде бірінші тәсіл бойынша жан-жақты
қарастырылды деуге болады. Атап айтқанда, Ә. Нәджіп, Б. Сағындықұлы,
Ә. Керімов, А. Қыраубаева сынды көрнекті ғалымдардың зерттеулерінен
бастау алған бұл үрдіс М. Сабыр, Г. Ұбайдуллаева, С. Тәшімбай сияқты
жас зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты. Ал біз осы мұраны орта
ғасырлардағы қыпшақы дүниетанымнан хабар беретін, сол кездегі тілдік
ұжымның когнитивтік санасын айшықтайтын көркем дүние ретінде қарастырдық.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде шығарма құрылымының «Жаратушы» →
«Билеуші» → «Ару қыз» деп атауға болатын үш бөліктен тұратыны анықталды.
Енді осы тізбекті лингвокогнитивтік талдау әдісі бойынша негіздейік.
Ғалым Ғ. Есім Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген
нақылын былайша зерделейді: «Рас сөз» – ол Алланың сөзі. Сонымен СӨЗ –
жаратушының сөзі және адамның сөзі болып анықталмақ. Алла сөзінің мәні
– оның растығында, адам сөзінің мәні – оның өзгермелілігінде. Болмысқа
сай сөздер, яғни ұғым, түсініктер өзгереді. Бұл тәртіп дәстүрге айналып,
дүниеге (адамзатқа) рас сөздің өзгермелі күйін жеткізбек болып талай нәби,
пайғамбарлар келді. Бірақ адамзат «рас сөздің» мәніне жетпей-ақ қойды...
Жаратушының растығын мойындамасқа амал жоқ. Жаратушы бар, оның
болмысынан бізді хабардар ететін «құдірет» деген сөз бар.
Бұл сөз, ұғым адамға қатысты айтылмаса керек. Құдіретті болу
Жаратушыға лайық. Қандай болмасын қуатты жанның әрекетін құдірет
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
155
деп атай алмаймыз. Тарихта талай данышпан, ғұлама, хакімдер болды,
ондайлар бүгін де бар, ертең де болады. Алайда оларды құдірет иесі едуге
мүмкіндік жоқ. Өлшеулі ғұмыр, өлшеулі ақыл иесі – адам құдірет иесі бола
алмайды... Ғұмыр философиясын меңгеріп, жеріне жеткізген адам тарихта
болмаған. Ол болмайды да. Себебі, құдіреттілік – Жаратушының өз санасы,
өз мүмкіншілігі. ...өлшеулі жерде құдіреттілік жоқ, ол өлшенбейді... адамның
жаралуы, жер бетіндегі оның болмысы – Жаратушының біз сезіне алатын
бірінші құдіреті. Мұны біз көбінесе «Алла әмірі» деп атаймыз. Алланың
әмірі – оның құдіретінің адамдарға мәлім болған көрінісі. Алла әмірін
адамдар жазу, тағдыр деген түсініктермен фаталистік мазмұнда қабылдайды.
... тағдыр дегеніміздің өзіде Алла құдіретінің бір көрінісі (бізше, заңдылығы)
емес пе екен? Себебі тағдыр деген ұғымды теріске, жоққа шығару мүмкін
емес. Тағдырды жеңу – одан тыс салтанат құру деген адам үміті емес,
шайтан ниеті. Осы тұста Жаратушының құдіретінің екінші жағын аңғаруға
болады. Ол Жаратушы өз құдіретімен адамға ерік берген. Құдай пендесіне
ғұмыр бергенде, оның қол-аяғын байлап, тұсап адамның еркін, есін алмаған.
Адамның еркіне де, есіне де еркіндік берген. Мен ойлаймын, Алланың адамға
берген тағдырын осы еркіндікте ме деп? Себебі, еркін адам есінен айрылып,
ессіздікке көп ұрынады. Тағдырды туғызатын – адамдардың осы ессіздігі.
Ессіз адам – Жаратушысын ұмытқан жан. Оның ақылы, ғылымы
адамдар үшін емес, оларға қарсы бағытталған күшке айналады. Бұған
адамзат баласының бүгінгі күйі айқын дәлел. Ғылым өз арнасынан шыққанда
адамзаттың тағдырына айналады. Сондықтан да адамдар құдайы берген
еркіндікті меңгере алатын жағдайда болуы шарт. Бұл Жаратушының
құдіретін мойындайтын сананы талап етеді. Жаратылысында пенделік
басым адамның Жаратушысының құдіретін сезінуі екіталай іс [1, 127-
128 б.]. Белгілі философтың осы пайымдауы қазіргі қоғамымызда нық
орын алып, мызғымастай күйге жеткен «жаралы сана» ұғымымен тығыз
байланысты. Жамандық, әдепсіздік, тәртіпсіздік, бейауыздық атаулыға еті
үйреніп кеткені соншалықты, балағат сөзді естісе де естімегендей қалыпта
тұра беретін замандастырымыздың қазіргі халі кісі қызығарлықтай еместігі
аян. Бұл мәселені жиі-жиі көтеріп, көптің назарын аударуға тырысып жүрген
бірліктердің (жеке тұлғалар) жан айқайы әзірге көптіктердің көңілін селт
еткізе қоймады. Алайда ақиқат - біреу! Санаға сілкініс қажет. Яғни тіліміздегі
«Я, құдіреті күшті құдайым» ,«құданың құдіреті (мен)...» , т.б. оралымдардың
мәнін терең түсіне отырып айтқанда ғана санаға қозғау түспек. Бұлар -
тіліміздің тарихында ертеректен келе жатқан бірліктер.
Академик Р. Сыздықтың айтуынша, Ясауи «Хикметтерінің» тілінде
«Алланың түркілік атаулары тәңір (рахман тәңрім), игә (қазақша ие) сөздері
де кездеседі: Қаһһар игәм сендін қорқұб ойғансам мән [6, 14 б, ]. Бұлар
көбінесе тіркес құрамында келеді, ал келесі нағыз сөйлеу тіліндегі тағы бір
Вестник ПГУ №4, 2010
156
түркілік атауы йараткән (қазақ тілінде жаратқан, жаратушы): йараткәнгә
йалбармадың [7, 59 б, ]. Бірақ Алланың түркілік атаулары арабтың Алла, хақ,
парсының худа сөздерімен салыстырғанда сиректеу кездеседі» екен [2, 83].
Ал «Мұхаббатнаме» мәтінінде Жаратушының ең бастапқы да негізгі, өзіне
ғана тиесілі ұғымы – құдіреті оның «жарату» әрекетінен көрінеді. Шығармада
«жарату» етістігі он сегіз рет жұмсалған, яғни онда Ұлық тәңірі жаратқан ғаламзат
пен адамзаттың бір бөлігі ғана санамаланып беріледі [3]. Осы жәдігерліктегі
«жарату» (йаратты/төратти) етістігін автордың концептуалдық әлеміндегі
өзек ролін атқарған, концепт деңгейіне жеткен бірлік деп тануға негіз бар.
Себебі, он сегіз мың ғаламды да, ондағы барша керемет пен ғажайыпты да
Ұлық Тәңірі жаратты! Ақынның ғашығы - сол қадыр Алла жаратқан мың
сан ғажайыптың бірі ғана!
Мәтінге назар аударайық: Йети қат зар-нигар айвани вала, Йаратты алты
күнда хақ-та´ала (Жеті қабат алтындалған зәулім сарайды (ғаламды) Жаратты
алты күнде Хақ тағала); Аның ким ал еңинда мең йаратты, Бойы бирла сачыны
тең йаратты (Оның (Арудың) ал қызыл өңінде мең жаратты, Бойы мен шашын
өлшеп тең жаратты); Қара топрақдин сүнбүл төратти, Тиканлар арасында гүл
төратти (Қара топырақтан сүнбіл жаратты, Тікендер арасында гүл жаратты);
Йир үзра қудрати дарйа йаратты, Садафтин лү´лү-ү лала йаратты (Жер
бетінде құдіретімен дария жаратты, Қауашақта жарқыратып лала (інжу) гүлін
жаратты); Йаратқан ким тән ичра жан йаратты, Сени көрклүклар үзра хан
йаратты (Жаратқан ием, тән ішінде жан жаратты, Сені көріктілердің патшасы
етіп жаратты); Қуйаш йаңлығ йүзүңизни йарутты, Фалак тек бизни саргардан
йаратты (Жүзіңізді күн сияқты жарық етіп, Аспан тектес біздерді тамашалап
таңырқауға жаратты); Халайық қыбласы болды жамалиң, Ошал күн ким
сени йаздан йаратты (Халықтың құбыласы болды жамалың, Сол күні сені
тәңірі жаратты); Толун ай та´бийа сарв үзра қылды, Ай ичра ғунчайи хандан
йаратты (Толған айды түп-түзу сәру (ағашының) үстінен қаратып, Ай бетінде
гүл қауызын жаратты); Жамалиңни жеханға жалва қылды, Мени ол сурата
хайран йаратты (Жамалыңды жаһанға жарқыратты, Мені сол суретіңе қайран
етіп жаратты); Ешиттиң ерса Йүсүфниң жамалин, Сени хүсн ичра сад чандан
йаратты (Есітіп пе едің Жүсіптің сұлулығын, Сенің сұлулығыңды (одан) жүз
есе артық жаратты); Карим таңри камалин қылса изхар, Сен айны бүйла би
нуқсан йаратты (Ұлық тәңірі кемеліне келген әдемілікті жария қылды, Сен
айды осылайша нұқсансыз етіп жаратты); Зехи Қадыр ким ол бир қатра суны,
Мұхаббат гавхаринга кан йаратты (Қандай ғажап! Қадір алла бір тамшы суды,
Махаббат гәуһарына кен (етіп) жаратты); Азалда қылды Хоразмини мухтаж,
Тағы манзурыны султан йаратты (Әзелден Хорезмиді мұқтаж қылып, Есесіне
сүйіктісін сұлтан жаратты); Ошул күн ким сени халиқ йаратты, Сени дилбар,
мени ´ашық йаратты (Сені құдай адам етіп жаратқан күні, Сені сүйікті, мені
саған ғашық етіп жаратты); Йаратты ай бикин зеба сени хақ, Ким ош чехраң
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
Достарыңызбен бөлісу: |