Филологическая серия


Қазақ тіліндегі конверсия мен адъективация мәселесі



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата03.03.2017
өлшемі3,45 Mb.
#6080
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

Қазақ тіліндегі конверсия мен адъективация мәселесі
С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 24.07.14 редакцияға түсті.
Zh. T. Sarbalayev
On conversion and adjectivization in the Kazakh language
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 24.07.14.
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі конверсиялық тәсіл және оның 
бір формасы – адъективацияның сипаты қарастырылады.
The article considers conversion in Modern Kazakh and one of its 
types called adjectivization.
ӘОЖ 471.24
Ж. Т. Сарбалаев
СЫНДАНҒАН ЗАТ ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің сын есімдерге 
айналуы қарастырылады. Автор зат есімдердің сын есімдер тобына 
ауысуының тілдік - әлеуметтік себептерін көрсете келіп, олардың 
сын есімдер қатарын жаңа лексемалармен толықтырудағы орнына 
ерекше мән береді.
Сөз  таптарының  ішінде  адъективация  процесіне  басқа  лексика-
грамматикалық  категорияларға  қарағанда  зат  есімдер  мен  етістіктер 
анағұрлым бейім. Өйткені, бұл әлбетте олардың генезистік негізінің бір 
болуымен және сөйлем ішінде атрибутивтік функцияда жиі жұмсалуымен 
байланысты. Тілдің тарихи даму барысында қимыл есімдері мен есімшелер 
тәрізді  көптеген  зат  есімдер  де  анықтауыштық  қызметте  қолданылып, 
сөйлемде уақытша сынданады, мезгіл өте келе ұзақ әрі ұдайы қолданыстың 
нәтижесінде,  олар  о  бастағы  заттық  мәнін  жоғалтып,  өздеріне  тән 
морфологиялық-синтаксистік табиғатынан қол үзіп, сын есімдер тобына 
біржола ауысады. Соның нәтижесінде, адъективацияланған зат есімдер мен 
сын есімдер қатарын жаңа лексемалармен толықтырып қана қоймайды, оның 
даму, қорлану көздерінің біріне айналады. Сондықтан болу керек, академик 
В. Виноградов: «... от имен существительных зависит состав и пополнение 
таких  грамматических  разрядов,  как  имена  прилагательные...»,  –  дейді 
(Виноградов, 1-48).
Шынында да қай тілде болмасын сын есімдердің тілде өз алдына бөлек, 
лексика-грамматикалық  категория  болып  қалыптасуында  зат  есімдердің 

192
193
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
орны өте үлкен. Сол себепті, зат есімдердің сын есімдер тобына ауысуын 
сөз  еткенде,  ең  алдымен,  екі  мәселені  ескеру  керек.  Бірінші,  бұл  екі 
категорияның өз алдына бөлек сөз табы ретінде пайда болуы, яғни сөз табы 
болып қалыптасуы. Екінші, олардың бір-бірімен тарихи байланысы және ол 
байланыстардың қазіргі тілдегі көрінісі. Басқа сөз таптарына қарағанда, зат 
есім мен сын есім бір-біріне тығыз байланысты категориялар. Сондықтан да 
олардың сөз табы болып қалыптасуларын тарихи байланыста алып қарамаса, 
зат есімдердің сын есімдер қатарына керісінше, сын есімдердің зат есімдер 
категориясына сөз ауысулары өзінің дұрыс шешімін таппақ емес, мұның өзі 
бір жағынан олардың әрқайсысының сөз табы ретінде қалыптасуын танып 
білуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қазіргі түркология ғылымындағы 
өзінің дұрыс шешімін таппаған кейбір проблемалардың, атап айтқанда, бір 
сыңары зат есім, бір сыңары сын есім болып танылып жүрген көк, жас, бай, 
суық, салқын, қара т.б. секілді лексика-грамматикалық омонимдердің шығу 
тегін білуге көмектеседі, үшіншіден, зат есімдердің лексика-грамматикалық 
табиғатын одан әрі тереңдеп түсінуге жол ашады.
Зат есімдердің сын есімдер тобына ауысуы тіл білімінде өте аз зерттелген 
мәселелердің қатарына жатады. Басқа сөз таптарының адъективациялануы 
процесін қарастырған зерттеулерде, негізінен, есімшелердің адъективтеніп, 
тілдің даму барысында сын есім категориясын толықтыратыны айтылады да, 
неге екені белгісіз, зат есімдердің адъективациялануына жөнді назар аударыла 
бермейді. Адъективация процесін сөз еткен ғалымдардың көпшілігі бұл орайда 
«затесімдердің сын есімдер тобына өтуі байқалады» немесе «сөйлем ішінде 
зат есімдер сын есімнің қызметін атқарып, уақытша сынданады» деген пікір 
білдірумен шектеліп тұр. Біздіңше, зат есімдердің адъективациялануының 
терең зерттелмеуінің себебі мынада сияқты. Біріншіден, бұл екі категорияның 
бір-бірімен байланысы және қалыптасу тарихы әлі де болса, тіл білімінде 
толық шешімін таппаған мәселенің бірі, екіншіден, зат есім мен сын есім 
морфологиялық жақтан түпкілікті сараланбаған, көп жағдайда тілде олардың 
қай сөз табында тұрғандығы контекст арқылы анықталады, үшіншіден, сөйлем 
ішінде адъективацияланған жағдайда зат есімдер сын есімдердің, керісінше, 
субстантивтенген жағдайда сын есімдер зат есім мәнінде қолданыла береді. 
Олардың бір-бірінің орнына, сөйлем ішінде бір-бірінің қызметтерін атқара 
беретіндіктерінің себептері әлі анықталған жоқ. «Зат есімдердің синтаксистік 
конструкцияларда атрибутивтік позицияларда жұмсалуы оның синтаксистік 
ерекшеліктерінің бірі ғана» деген пікірлер, әлбетте, адъективация табиғатын, 
зат  есімдердің  сын  есімдер  тобына  ауысу  проблемасын  дұрыс  түсінуге 
пайдасын тигізбейді. Міне, осы айтылған себептердің әсерінен болар зат 
есімдердің адъективациялануы ғылыми әдебиеттерде жол-жөнекей айтылады 
да, ол арнайы, жан-жақты зерттеудің объектісі бола алмай келеді. Ол ол ма, 
көрнекті ғалымдардың арасында тіпті, зат есімдердің адъективация процесіне 
нақтылығын теріске шығаратындар да кездесіп қалады. Мысалы, оған дәлел 
ретінде профессор А. Ысқақовтың зат есімдердің адъективтенуі жайындағы 
пікірін алып қарайық (Қазіргі қазақ тілі. Морфология, Алматы, 1964).
Ғалым  қазіргі  қазақ  тілінде  сөз  таптарының  бір-біріне  сөз  ауысу 
фактілерінің  жиі  кездесіп  қалатынын  айта  келіп,  бұл  орайда,  әсіресе, 
субстантивация  процесінің  кең  қанат  жайғандығын  атап  өтеді.  Өзге  сөз 
таптарының сын есім категориясына ауысу процесін сөз еткенде, мұның 
қазақ  тілінде  бірен-саран  сөздерге  ғана  қатысы  барлығын  айтады  да, 
субстантивация  процесіне  қарағанда  адъективация  процесі  қазіргі  қазақ 
тілінде  кең  өріс  алмаған  құбылыс  деп  санайды.  Профессор  Ысқақов 
есімшелердің  ғана  адъективация  процесінде  жиі  көрінетіндігін  ескере 
отырып,  басқа  сөз  таптарының,  атап  айтқанда,  зат  есімдердің  сын  есім 
тобына  ауысуына  күмәндана  қарайды:  «Зат  есім  мен  сын  есімнің  жеке-
жеке сөз таптары ретінде сараланып қалыптасуымен байланысты, олардың 
өзді-өздеріне тән сөз тудыратын арнаулы жұрнақтармен қатар, екеуіне де 
бірдей ортақ жұрнақтардың да қалыптасуына қарай, затесімге де, сын есімге 
де бірдей ортақ түбір мен туынды сөздердің болуына орай, сондай-ақ, екі 
зат  ешбір  дәнекерсіз  өзді-өзі-ақ  тіркесіп,  бірін-бірі  анықтайтын  беретін 
ерекшелігіне  сәйкес,  демек,  тіліміздің  грамматикалық  құрылысына  тән 
сала-сала жүйелі заңдарға байланысты, сын есімнің көптеген қызметтері 
өзге формаларымен компсенсацияланатындықтан, басқа сөз таптарының, 
олардың ішінде зат есімнің, адъективтенуі бұрын да, қазіргі кезде де тіпті 
баяу да, мардымсыз да болған сияқты. Өйткені, жалпы алғанда, сын есімнің 
мағынасында  белгілі  бір  затқа,  оның  белгісіне  меңзеу,нұсқау  ишараты 
болғандықтан,  оның  белгілі  жағдайда  субстантивтенуі  табиғи  құбылыс 
сияқтанып көрінсе, керісінше, зат есімнің тіпті бір ерекше жағдайда, болмаса, 
арнаулы жұрнақ жалғанбайынша, заңға симайтындай, табиғи емес құбылыс 
сияқтанып  көрінеді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  сын  есім  адъективтенуге 
қаншалықты бейім тұрса, зат есім адъективтенуге соншалықты самарқау, 
селсоқ  тұрады»  (Ысқақов  2-131).  Проф.  А.  Ысқақовтың  зат  есімдердің 
сын  есімге  айналуы  жайлы  бұл  пікірлермен  келісу  қиын.  Біріншіден, 
зат  есім  мен  сын  есім  генезистік  тұрғыдан  бір-бірімен  ұштасып  жатқан 
грамматикалық категориялар, сондықтан да бұл екі категорияның арасында 
сөз алмасу болып тұрулары заңды. Профессор Н. К. Дмитриев айтқандай 
«переход  существительных  в  прилагательные  и  обратно  есть  явление, 
обычное для языков, но в тюркских эти переходы совершаются особенно 
легко. (Дмитриев. 3-113). Екіншіден, зат есімдердің өзара ешбір дәнекерсіз 
өзді-өзді-ақ тіркесіп, бірін-бірі анықтай беретін ерекшелігі» олардың сын 
есімдер  тобына  ауысуына  қолайлы  жағдай  туғызады.  Үшіншіден,  сын 
есімнің өзіне тән грамматикалық тұлғаларының аз болуы да зат есімдердің 
адъективациялануына негіз болып табылады. 

194
195
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
«Басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі тілдің әдеби кемеліне 
келген, сөздердің қолдану сферасының кеңейген дәуірінде ғана емес, ескі 
кезеңнен басталған» (Томанов, 4-173). Біздің ойымызша, сөз таптарының 
ішінде, ең алдымен, адъективация процесіне ұшыраған, дәл осы зат есімдер 
болуы керек. Өйткені, ғалымдардың дәлелдеуіне қарағанда, әуел баста сөз 
таптарының бір-бірінен жігі ажыратылмаған, зат және оның белгісі, қимыл 
және оның сипаты тұтас ұғынылатын болған. Тілдегі сөз таптарының пайда 
болуын  ғалымдар  сөйлем  мүшелерінің  жіктелісімен  байланыстырады. 
«Части речи не было, - деп жазады академик Н. С. Марр, - постепенно из 
частей предложения выделяются имена, которые служат для образования 
действия,  т.е.  глаголов  переходных  и  впоследствии  непереходных: 
имена  существительные  по  функции  становятся  служа  определением
прилагательными,  которые  также  выделяются;  имена  же  становятся 
местоимениями, затем имена становятся союзами и остальные части речи 
уже лишь производные от той или иной категории из перечисленных частей 
речи» (Марр, 5-417). Академик И. Мешанинов Маррдың бұл көзқарасын 
толық қолдай отырып, өте көне дәуірдегі сөздерге сипаттама береді: «...
сначала,  до  деления  по  частям,  было  одно  имя  в  широком  понимании 
речи,  этого  термина,  имя  вообще-это  не  имя  существительное,  не  имя 
прилагательное,  конечно,  не  глагол,  а  просто,  «имя».  Дифференцации 
потребовалось уточнение семантики слова с усилением отвлечения понятий, 
при которых конкретизации проводится уже не в самом слове, а в сочетании 
слов». (Мещанинов, 6-142). 
Орыс тіл білімінде жалпы тіл білімінде сын есімдердің сөз табы болып 
қалыптасуы  жайын  сөз  еткенде,  аса  көрнекті  лингвист  А.  Потебняның 
пікірлеріне тоқталмай өту мүмкін емес. «Различие между существительными 
и  прилагательными  в  языке  доступном  наблюдению,  в  историческое 
время уменьшается по направлению к прошедшему. С одной стороны, в 
существительном в том же направлении от нас увеличивается атрибутивность 
(Потебня,  7-37).  «  То  и  в  истории  языков  различающих  название  вещи 
и  признаки,  прилагательное,  как  выделенное  из  связи  признаков,  как 
более  отвлеченное  чем  существительное,  позднеесуществительного  и 
образовалосьиз  него»  (Потебня,  7-60).  «...путь  от  существительногои 
прилагательному  есть  атрибутивное  употребление  существительного». 
(Там же, 60). Сонымен бірге А. Потебня, зат есімдер мен сын есімдердің ара 
жігі әлі де болса анық айқындалмаған кезеңде атрибутивтік ұғымның екі 
зат есімнің тіркесуі арқылы берілгенін айтады: «Представление о качестве 
выражалось сначала сочетанием двух существительных, не «зеленая трава», а 
«зеленьтрава» (Там же, 62). Потебняның бұл пікірлері қазіргі қазақ тілдерінің, 
соның ішінде қазақ тілінің материалдарымен де дәлелдене алады. Қазіргі 
қазақ тілінде жалғаусыз, қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің 
алғашқы сыңарлары атрибутивтік позицияда жұмсалатыны мәлім. Мысалы, 
ағаш үй, тас құдық, алтын сағат, күміс сырға т.б. Қазіргі қазақ тіліндегі 
байырғы сын есімдер болып танылатын көк, сары, жас, қара, т.б. сөздерді де 
о баста дәл осындай тіркестерден атрибутив болып қалыптасқандығы анық. 
Бұл сөздердің кейбіреулерінің о баста зат есім мәнінде жұмсалғандығын 
тарихи ескерткіштердің тілі арқылы дәлелдеуге болады. Айталық, «жас» сөзі 
V-VІІ ғ. Орхон-Енисей жазбаларында зат есім мәнінде қолданылған. Иеті 
иегірмі йашына танут тапа ерледім (он жеті жасымда тануттарға шабуыл 
жасадым). «Жас» сөзінің сын есім мәнінде қолданылуы тек ХІІ-ХІІІ ғасыр 
ескерткіштері тілінде кездеседі. ХІ ғасырда жазылған Махмут Қашқаридың 
«Дивану-луғат-ит-турк» деп аталатын түркі тілдерінің тұңғыш салыстырмалы 
сөздігінде «жас» сөзі әрі заттық, әрі сындық мағына беретін сөз ретінде 
көрсетілген. Осыны ескергенде, жас сөзі алғашында зат есім болған, кейін 
синтаксистік қолданыстың нәтижесінде сын есімдер тобына ауысқан деп 
ойлауға  болады.  Ал,  ХІІІ  ғасыр  ескерткіштерінің  тілінен  бастап,  «жас» 
сөзінің сын есім мәнінде актив қолданылғандығын көреміз, Қары болғай йаш 
турса он күн (Қара боларжас бала, тұрса он күн). Қазіргі қазақ тіліндегі сын 
есімдердің (есім негізді) әуел баста зат есімдерден қалыптасқандығын басқа 
да тілдік фактілер арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы, қазақ тілінде сын 
есімдердің зат есімдер тобына ауысуы (субстантивациялануы) кең тараған 
құбылыс. Мұның сыры тілде бірнеше себептермен түсіндіріліп жүр. Соның 
бірі-біздіңше, сын есімдердің бойында заттық мағынаны меңзеу сипатының 
болуы. «Можно сказать,-дейді А. М. Пешковский, – что прилагательном есть 
намек на предмет. В древнем прилагательном намек этот был еще сильнее, 
так как оно ближе стояло к существительному. Таким образом, некоторые 
всякое прилагательное могло употребляться и в смысле прилагательного,и 
в смысле существительного. Огромное большинство прилагательных так 
и осталась с такой двойной службой (все нынешние прилагательные). Но, 
некоторые прилагательные стали употребляться преимущественно в смысле 
существительных, а в смысле прилагательных забыты». (Пешковский. 8-154). 
Бұл пікірдің қазақ тіліне сай келетіндігін айтуымыз қажет. Қазіргі қазақ тілінің 
лексикасындағы байырғы сын есімдердің әрі заттық, әрі сындық мағына беруін 
дәл осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Көк, қара, семіз, жас, кәрі т.б. тәрізді 
лексика-грамматикалық омонимдердің бойында сындық мағынамен бірге 
заттық мағына да бар. Салқын, суық, қараңғы, т.б. тәрізді сын есімдер туралы 
да осыны айтуға болады. «Вообще в прилагательных признак ведь изображен 
не сам по себе, а как заложенный в предмете, и потому в нем заключено и 
смутное указание на самый предмет, в котором заложен данный признак. 
Можно сказать, что в прилагательном есть намек на предмет, и если предмет 
настолько известен, что одного намека достаточно, или если, напротив, он 
неизвестен, ахочет только намекнуть на него- существительное опускается» 

196
197
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
(Пешковский, 8-155). Бұдан біз сын есімдердің субстантивациялану процесінің 
негізін көреміз. Сонымен, мұны да зат есімдердің адъективациялануының бір 
себебі деп қарауға болатын сияқты. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ 
тілінде о бастағы көне сын есімдер зат есімдерден синтаксистік қолданыстың 
нәтижесінде, екі көне есімнің жалғаусыз тіркесуінің нәтижесінде бөлініп 
шыққан, сондықтан да байырғы сын есімдер болып саналатын көк, төк, 
жас,  қара  сияқты  лексикалық  элементтердің  қазіргі  тіл  нормасында  әрі 
зат  есім,  әрі  сын  есім  болып  танылатынын  осымен  түсіндіруге  болады.  
В. М. Жирмунский айтуы бойынша: «В тюркских языках совершается тот 
же процесс, но его архаические этапы нагляднее сохраняются в современном 
языке» (Жирмунский, 9-15). Олай болса, жоғарыда мысалға келтірілген зат 
есім-сын есім мағыналы сын есімдерді әлі де болса сөз таптарына толық 
ажырамаған есімдер деп санаған дұрыс.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де сын есімдер категориясы 
морфологиялық  көрсеткіштерге,  грамматикалық  категорияларға  аса  бай 
емес. Басқа сөз таптарынан сын есім жасайтын -лы, -лі, -сы, -сі, -кы,-кі 
тәрізді санаулы морфологиялық көрсеткіштері мен зат пен құбылыстың 
бойындағы сындық қасиеттердің көрсеткіштері мен зат пен құбылыстың 
бойындағы сындық қасиеттердің артық-кемін көрсететін шырай категориясы 
болмаса, бұдан басқа сын есімнің өзіне тәні морологиялық белгілері жоққа 
тән. Индоевропа тілдеріндегідей сын есім тудыратын көптеген жұрнақтар 
зат есімдерге ортақ, екі функциялы қызмет атқарады. Демек, бұдан мынадай 
қорытынды  шығады:  зат  есім  сын  есім  категориясының  қалыптасып 
жетілуінде аса зор роль атқарған. Тілдің тарихи даму барысында көптеген зат 
есімдер қатарына ауысқан, зат есімдерден ауықсан сын есімдердің бойында 
бұрынғы заттық мағынаның ізі сақталған, кейбір зат есімдер сын есім тобына 
біржола  ауысса,  кейбір  зат  есімдер  біржола  сын  есімге  айналып  кетпей 
аралық категория сипатында болады. Олардың қай сөз табына жататындығы 
сөйлемдегі синтаксистік функциясы арқылы анықталады.
Зат  есімдер  мен  сын  есімдердің  о  бастағы  бірлігі  қазіргі  кейбір 
сібір  халықтарының  тілдік  фактілері  арқылы  көріне  алады.  «Мы  не 
видим  основании,-  деп  атап  корсетеді  В.  З.  Панфилов,-  для  выделения 
прилагательных в нифском языке в особую часть речи, так как, во-первых, 
слова соответствующие русским качественным прилагательным. В нифском 
языке  характеризуются  всеми  глагольными  категориями  и  имеют  те  же 
формы,  что  и  глаголы,  во-вторых,  в  функции  свойственной  русским  и 
относительным  и  притяжательным  в  нифском  языке,  выступают  имена 
существительные  (Панфилов,  10-117).  Осындай  пікірді  самоан  тілінің 
зерттеушісі В. Д. Аракин де айтады. 
Түрколог  ғалымдардың  арасында  да  сын  есімдердің  көне  дәуірде 
болмағандығын,  оның  зат  есімдерден  бөлініп  шыққанын  қолдайтын 
ғалымдар бар. «В тюркском языке, -дейді А. Щербак, -прилагательные не 
имели особых морфологических показателей и само существование их как 
самостоятельного лексика-грамматического разряда имен вызывает большие 
сомнения» (А. Щербак, 11-108). 
Зат есімдердің адъективациялануының қазіргі қазақ тіліндегі көрінісіне 
тоқталайық.  Зат  есімдердің  сын  есімге  айналуының  лингвистикалық 
шарттары бар. Олар, біріншіден, өзіне тән сөйлемдегі функциясын өзгертіп, 
атрибутивтік функцияда қолданылуы шарт. Екіншіден, басқа бір зат есіммен 
тіркесіп, жалғаусыз, қабыса байланысқан синтаксистік конструкция құрауы 
қажет. Үшіншіден, сын есімнің категориялық мағынасын қабылдауы тиіс. 
Кейбір зерттеушілер сөз таптарынан бір-біріне сөз ауысқанда, синтаксистік 
функцияның  өзгеруімен  бір  мезгілде  сөз  мағынасында  да  өзгеріс 
болатындығын  ескертеді.  Ең  алдымен,  осы  айтылған  ерекшеліктердің 
сын  есім  үшін  де,  зат  есім  үшін  де  оңай  екенін  ескеру  керек  болады. 
Осыерекшеліктерге орай «Қазіргі қазақ тіліндегі адъективацияланған зат 
есімдерді» дәстүрлі грамматикаларда жіктеліп жүргендей «тұрақты» немесе 
«орныққан»,  болмаса,  «мерзімдік»  әйтпесе,  «жартылай  адъективация» 
деген  түрлерге  топтастыруға  келмейтін  сияқты.  Мысалы,  сын  есімдер 
тобындағы  етістіктің  есімше,  қимыл  есімдері  тобынан  ауысып  келген 
кебу,  ауру,  қашаған,  сүзеген,  қайнар  тәрізді  адъективацияланған  етістік 
тұлғаларын тұрақты, атрибутивтер қатарына біржола ауысқан сындар деп 
айтуға болады. Бұларқазіргі қазақ тілінің лексика-грамматикалық нормасы 
үшін қалыпты сын есім сөздер. Ал сын есімдер тобына зат есім тобынан 
ауысып келген сөздер жайында бұлай айтуға болмайды. Өйткені, әрі зат 
есім, әрі сын есім мәнін беретін, көне сын есімдер болып танылатын көк, 
жас қара, сары сөздерінің семантикасы да, синтаксистік қолданысы да екі 
жақты, олардың қай сөз табының қызметінде тұрғандығы сөйлем ішінде 
анықталады. Затесімдер тобынан сын есім категориясына тұрақты ауысудың 
сирек ұшырауы, сірә, олардың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік 
қызметтерінің  өте  жақындығында  болар.  Олардың  сөз  таптарына  әлі  де 
болса, сараланып бітпегендігінің де өзіндік әсері бары сөзсіз. Сондықтан 
да түркологияда зат есімдердің адъективациялануы жайында түрлі пікір 
таластары бар. Зат есімдердің адъективациялануы жөніндегі айтыс, көбінесе, 
алтын  сағат,  күміс  қасық,  тас  көпір,  темір  қауға  т.б.  тәрізді  жалғаусыз, 
орын  тіртібі  арқылы  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  алғашқы 
компоненттерін  морфологиялық  сөз  таптарына  ажырату  жөнінде  болып 
жүр. Иә, мұндай екі зат есімді тіркестің алғашқы сыңары қай сөз табына 
жатады?  Түркологияда  бұл  жөнінде  бұрыннан  қалыптасқан  үш  түрлі 
көзқарастар тобы бар.
Бірінші, көзқарасты қолдаушылар атрибутивтік позицияда қолданылған 
зат есімдер сын есімге айналмайды дейді, олар зат есімдер болып қалады, 

198
199
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
зат  есімдердің  анықтауыштық  функцияда  жұмсалулары  оған  туа  біткен 
қасиет деп есептейді.
Екінші көзқарасты ғалымдар затесімдер сын есімнің орнына жүре алады, 
яғни зат есімдер сын есімге айналады дейді.
Үшінші  көзқарасты  қолдаушылар  зат  есімнің  бірде  заттық,  бірде 
атрибутивтік мәнде қолданылуын олардың әлсіз сараланғандығының көрінісі 
деп таниды.
Тіл  ғылымы  -  даму  үстіндегі  ғылым,  ғылым  мен  техниканың 
жаңалықтары, күнбе-күн үрдіс дамып бара жатқан заман талабы белгілі 
бір  кезеңдерде  айтылған  ой-пікірлерді  қайта  саралауға,  қайта  қорытуға 
жетелейді. Соңғы кездері, 60-жылардың соңы мен 70-жылдардың басында 
түркологияда  түркі  тілдерін  генеологиялық  классификация  тұрғысынан 
басқа  тілдік  семьяларға  жататын  тілдермен  типологиялық  салыстырма 
зерттеулердің  кеңінен  жүргізілуіне  байланысты,  екі  тілдік  аударма 
сөздіктерді жасаудың барысында жинақталған тәжірибелерді қорытудың 
нәтижесінде, түркі тілдерін диахрониялық және синхрониялық тұрғыдан 
терең зерттеген еңбектердің мол жарық көруіне орай атрибутивтік позицияда 
қолданылатын зат есімдер жайында соңғы көзқарас қалыптасаты. Жалғаусыз 
тіркескен, қабыса байланысқан зат есімдердің алғашқы компоненттерінің 
адъективацияланатындығы жайында азербайжан тіл білімінде А. Ахундов, 
С. Беглярова, татар тіл білімінде Ф. Ганиев, башқұрт тілінде А. Юлдашев, 
чуваш тілінде С. Павлов, және бірсыпыра түркі тілдерінің академиялық 
грамматикаларында  атап  айтылды.  (21).  Қазақ  тіл  білімінде  жалғаусыз 
тіркескен  екі  зат  есімнің  біріншісі  сын  есім  мәнінде  болып  келетіндігі 
туралы Қ. Жұбанов 1936 жылы жарық көрген «Из истории порядка слов 
в  казахском  предложения»  деген  еңбегінде  айтқан  болатын.  Ғалым  бұл 
еңбегінде қазақ тілінде сөйлем ішінде сөздердің орын тәртібі болатындығын 
айта келіп, сөздердің орын тәртібінің сөз мағыналарын айқындауда зор мәні 
барлығын атап көрсетеді. Ғалым, сонымен бірге, сөз таптарының бір-біріне 
сөз алмасуына, осы орайда, сын есімдердің субстантивтенуімен бірге зат 
есімдердің адъективтенуіне ерекше тоқталады.
Бұл орайда жанды заттарға байланысты қолданылатын сын есімдердің 
жансыз заттар мен тіркесіп жұмсалатын сын есімдерге қарағанда анағұрлым 
тез субстантивацияланатындығын айтады. «Слова «торы» (гнедой), күрең 
(рыжий),  будут  выражениями  исключительно  лошадиных  цветов,  легко 
субстантивируются и употребляются часто без определенных, но означают 
то же, что и с определяемыми. Правда, это свойство прсуще всем казахским 
прилагательным,  употребляемыми  изолированно  от  определяемых». 
(Жұбанов, 12-47). 
Жанды заттарға байланысты қолданылатынсын есімдердің зат есімдерге 
ауысуға бейім тұратындығын сөз ете келіп, профессор Қ. Жұбанов қазақ 
тілінде әрі зат есім, әрі сын есім мәнінде жұмсалатын сөздердің мол екендігін 
айта  келіп,  оған  мысалға  адамның  физиологиялық  бітімін  бейнелейтін 
сөздерді,  атақ-дәрежені,  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайын  көрсететін  бай, 
батыр,  сұлу,  прфессор,  ақын  т.б.  лексикалық  единицалардымысалға 
келтіреді. Бұдан біз оның анықтауыштық қатынастағы сөздердің барлығын 
адъективация аясында қарастырғанын көреміз. Сын есімдерге айналған, 
адъективациялаған зат есімдердің мағыналарын проф. Қ. Жұбанов мынадай 
4  түрлі  топқа  бөліп,  саралап  көрсетеді:  «Значение,  которыми  обладает 
адъектированное  существительное,  могут  быть  сведены  в  основном  к 
четырем: 
1)  адъектированное  существительное  выражает  просхождение  из 
существа, а названию которого оно стоит определением, вроде темір күрек 
(железо-ловато т.е. железная лопата). 
2)  адъектированное  существительное  выражает  собою  назначение 
предмета, выраженного определяемым, вроде біз тұмсық (шило-клюв, т.е. 
остроносый, или шилообразной клюв). 
3) адъектированное существительное выражает сходсто с ним предмета, 
выраженного определяемым, вроде біз тұмсық (шило-клюв, т.е. остроносый, 
или шилообразной клюв). 
4) адъектированное существительное выражает собой место нахождение 
предмета, выраженного определяемым, вроде: жан қалта (бок-карман, т.е. 
«находящийся на груди»), қойын қалта (пазуха- карман т.е. «находящийся 
за пазухой»). (Жұбанов, 12-50).
Сөйлем ішінде жалғаусыз, қатар келген екі зат есімнің алғашқысының 
есім  болып  табылатындығын  академик  Кеңесбаевтың  да  өзінің  1941 
жылы орыс тілінде жарық көрген «Грамматика казахского языка» деген 
еңбегінде атап көрсеткен болатын: «что из двух стоящих друг за другом 
существительных  первое  является  прилагательным,  например,  ағаш  үй, 
күміс сағат, шай қасық (23). (Кеңесбаев, 13-110). 
Біздің ойымызша да мұндай жалғаусыз байланысқан зат есімдердің 
алғашқы компоненттерін адъективация процесінің аясын да қарастырған 
жөн.  Адъективация  процесі,  бұл,  ұзақ  уақыттарға  созылатын  процесс. 
Лингвистикада, әлбетте, адъеквацияның екі түрге: тұрақты және тұрақсыз, 
басқаша атаумен алмастырсақ, уақытша және түпкілікті болып бөлінетіні 
мәлім. Адъективация процесін, бұлайша, екі түрге жіктеу оны кезеңдерге 
бөліп  қараудан  туған.  Өйткені,  адъективациялану  процесінде  басқа  сөз 
таптары сын есімдер тобына бірден ауысып кетпейді, ол өте ұзақ уақытты 
қажет  етеді.  Адъективациялану  процесінің  бірінші  кезенінде  басқа  сөз 
таптары сөйлем ішінде сын есімнің қызметін атқарып, оның мағынасын 
қабылдап, уақытша болса да сын есімнің орнына қолданылады. Әлбетте, 
олардың өзі анықтайтын сөзімен анықтауыштық қатынаса трікесуі шарт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет