180
181
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
5 Гак, В. Г. Сопоставительная лексикология. – М. : Просвещение, 1977.
– 259 с.
6 Сабитова, М. Р. Основы немецкой и казахской сопоставительной
фразеологии. – Алматы : изд. КазГУМОиМЯ, 1999. – 184 с.
7 Вине, Ж-П., Дарбельне, Ж. Технические способы перевода // Вопросы
теории перевода в зарубежной лингвистике. – М., 1978. – С. 157 – 167.
Материал поступил в редакцию 08.10.14.
З. Мажит
Аударма жасау мақсатында лексикалық семантиканы зерделеудің
салыстыру-типологиялық аспектісі
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.
Материал 08.10.14 баспаға түсті.
Z. Mazhit
The comparative-typological aspect of the lexical semantics study in
translation
Academy of Public Administration under the
President of the Republic of Kazakhstan, Astana.
Material received on 08.10.14.
Бұл мақалада лексика деңгейінде құрылымы мен семантикасы
маңызды болып табылатын, аударма жасау мақсатында тілдерді
салыстыру мәселелері қарастырылады.
This article points out the problems of the languages matching in
translation at a level of vocabulary, the most important parameters of
which are its structure and semantics.
ӘОЖ 81-119
А. Қ. Мейірбеков
1
, Б. К. Елікбаев
2
, А. Қ. Меирбеков
3
1
PhD докторант,
2
ф.ғ.д., доцент,
3
филология магистр, Қ. А. Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
ҒАЛАМТОРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰТТЫҚТАУ
ЖӘНЕ ТІЛЕК МӘНДІ СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІНІҢ
ЛИНГВОПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аңдатпа Мақалада ғаламтор беттерінде кездесетін қазақ
тіліндегі тілек мәнді сөйлеу актілері лингопрагматикалық тұрғыдан
қарастырылған. Интернеттегі тұлғааралық қарым-қатынастың
ерекшеліктері келтірілген. Тұлғааралық бетпе-бет сөйлесім жағдайы
мен ғаламтордағы сөйлесім жағдайындағы сөйлеу актілерінің
ерекшеліктері көрсетілген.
Кілтті сөздер: жаһандық, коммуникация, портал, чат, форум,
ғаламтор, қарым-қатынас, пікір алмасу, компьютер, интернет.
ХХІ ғасыр жаһандық ғаламтордағы коммуникация ғасыры десек
жаңылмаспыз тегі. Өйткені, адамдар ХХІ ғасырда ғаламтордың торында
қалғаны соншалық сайт, портал, әр түрлі чат, форумдарда өздеріне лақап
ат қойып, ғаламторды тұлғааралық жеңіл әрі оңай қарым-қатынас ошағына
айналдырып алған. Бұл ғаламтордың өзіндік оң да, бұрыста жақтары
баршылық. Үлкен буын ағаларымыз оның кемшіліктерін тізбектесе, кейінгі
толқын жастар оның артықшылықтарын ұрандатып та жатады. Біздің бұл
мақаладағы мақсатымыз сол шетсіз, шексіз ақпараттар мен қарым-қатынас
ошағындағы тілек мәнді сөйлеу актісін лингвистикалық аспектіде қарастыру.
Демек, біздің зерттеу материялымыз қазақ тіліндегі әр түрлі сайттардың кез-
келген оңды, қуанышты оқиғаларға байланысты «пікір алмасу» бөліміндегі
сайт қонақтарының құттықтаулары мен тілектері, жеке тұлғалардың чат
бетеріндегі әңгімелері.
Жаһандық желі мен адамдардың дербес компьютерді қолдану
сауаттылықтарының артуына байланысты тіл білімі, әлеуметтану, саясаттану,
психология сияқты ғылым салаларының өкілдерінің қызығушылығы
интернет коммуникацисына ауып отыр.
Зерттеуші О. В. Балясникованың пікірінше, ашық әрі қол жетімді ақпарат
көзі ретінде интернет оқырманға шынайы өмірде орын алып жатқан оқиға
хақында өз ойын білдіріп, сол оқиғаға байланысты өзге оқырмандармен
диалог құруға мүмкіншілік туғызады. Осы орайда кейбір интернет сайттары
182
183
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
оқырмандарға өз ойларын бөлістіру үшін «пікір алмасу» бөлімін құрған
[1, c. 169].
Интернеттегі қарым-қатынас үрдісі басқа тұлғааралық қарым-қатынас
үрдістері секілді тұлғааралық қарым-қатынас әдептерін сақтауды талап етеді.
Т. В. Матвеева интернет коммуниканттары қарым-қатынас кезінде ойға тұту
керек қағидаларының өз нұсқасын ұсынды. Олар төмендегідей болып табылады:
1. Коммуникант әдепті түрде сөздік қатынас жасаудың талаптарымен
таныс болып, өз ойын сол талаптардың шеңберінде білдіруі қажет.
2. Мәдениетті түрде қатынас жасау шекарасынан шығып кетпеуі тиіс.
3. Өзге коммуниканттардың ойымен санасуы керек.
Бұл ережелер ақпарат авторларына ғана емес сол ақпарат жайында
өз пікірлерін білдіруші оқырмандарға да қатысты [2, c. 51]. Тіптен кейбір
сайттар пікір қалдырушыларға бұл мәселе жайында ескереді. Мәселен «baq.
kz» сайты пікір қалдырушыларға «Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда
жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын
сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз» деп ескерткен.
Демек, ғаламтордағы қарым-қатынас та өзге тұлғааралық қарым-
қатынас түрлері сияқты толыққанды сөйлесім жағдайының бір үлгісі. Әрі
қарқынды дамып келе жатқан заманауи коммуникация үлгісі. Тіптен бүгінгі
таңда тұлғааралық қарым-қатынас кезіндегі сөйлесім жағдайларының тең
жартысы дерлік ғаламторда орын алып жатыр. Онда жеке тұлғалардың
өзара танысуы, құрбы құрдастар арасындағы күнделікті сөйлесуі, жұмыс
бабындағы әңгімелер тіптен дәрігермен сұхбат та осында болуда. Олай болу
себебі ақпараттық технологиялардың заманауи жетістіктерінің арқасында деп
танимыз. Кейде үйіңіздің ішінде, дербес компьютердің алдында отырып-ақ
әлемнің төрт бұрышымен хабарласа бересіз. Интернет сөйлесім жағдайында
уақытты үнемді пайдалануға өз септігін тигізеді.
Оның үстіне интернеттегі сөйлесім жағдайларын тілдік материал етіп
алу тенденциясы отандық тіл білімінде енді белең алып келе жатыр.
Зерттеу нысанымыз тілек мәнді сөйлеу актісіне келер болсақ, бұл
жағынан біз Е. В. Вдовинаның «тілек мәнді сөйлеу актісі, ол - айтушының
адресатқа қатысты өзінің ілтипаты мен ақ жарқын көңілін білдіру үшін және
адресаттың болашақ өмірінде оған тек жақсылық қалайтынын жеткізу үшін
жұмсалатын, қоғамдағы қарым-қатынас әдебіне сәйкес келетін сөйлеу іс-
әрекеті» деген пайымдауын басшылыққа аламыз [3, c. 15].
Тіліміздегі тілек мәнді сөйлеу актісінің орын алғанын бірден бір
анықтайтын фактор сөйлеу актісі, яғни белгілі бір қоғамда қалыптасқан
сөйлеу әрекеттерінің негізгі қағидаттары мен ережелеріне сәйкес пайда
болатын мақсатты сөйлеу [4, 19 б.], кезінде тілек мәнін түсіндіретін
иллокутивті «тілемек» етістігінің нақ осы шақта, қолайлы жіктеу жалғаулары
жалғанған формада кездесуі.
«Мен саған ... тілеймін» деу арқылы біз тілек мәнді сөйлеу актісін
жүзеге асырамыз. Алайда бұл тілек мәнді сөйлеу актісінің иллокутивтік
функциясын білдіретін астарлы құрылым. Одан да өзге тілек мәнді сөйлеу
актісінің жасалуының грамматикалық формалар бар. Мәселен «Денің сау
болсын!» (жиі айтылатын жақсы тілек), «Қолдарыңа дерт бермесін!»(ас ішіп
болған соң рахмет айту әрі тілек білдіру қызметінде аспазшыға айтылады),
«Сау бол!»(бір кісі түшкіргенде оған денсаулық тілейтініңді білдіру үшін
айтылады), «Шипасын берсін!» (науқасты көруге барған жақындары
сауығып кетуіне тілектестігін білдіреді). Байқап отырғанымыздай «болмақ»,
«бермек» етістіктері тілек мәнді сөйлеу актісінің құрамында аталмыш сөйлеу
актісінің иллокутивті қызметін білдіретін етістік бола алады. Сонымен қатар
тілек мәнді сөйлеу актісінде сөйлеушінің тілеп отқан нәрсесін білдіретін
пропозиционалдық құрылым да болуы шартты. Мысалы: Қымбатты Елена
Сізді бүгінгі үлкен жеңісіңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық,
спортта үлкен табыс тілеймін! Келесі масс старт кезінде алтын белгі
алып, Қазақстан туын желбірете беріңіз [5]! Бұл жерде құттықтау мәнді
сөйлеу актісі мен тілек мәнді сөйлеу актісі кезектесіп келіп тұр. Бұл тіліміздің
сөйлеу әдебіне сай құбылыс. Ал мысалға тілек мәнді сәйлеу актісі ретіндегі
құрылымдық талдауды төмендегі кестедегідей етіп жасауымызға болады. Әрі
бұл мысал жеделхаттан алынып отырғандықтан, тілек мәнді сөйлеу актісі
жазбаша формада жүзеген асып отыр.
Тағы бір мысал тілек мәнді сөйлеу актісінің сәлемдесуден кейін келуі:
Сәлеметсіздерме! Интернет банкинг өте керемет! Қызметтеріңізге табыс
тілеймін! Жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе беріңіздер[6]! Экспрессивті
сөйлеу актілерінің осындай орын тәртіп үлгісі біздің пайымдауымызша
тек интернеттегі контекстілерге тән. Себебі тұлғааралық бетпе-бет қарым-
қатынас кезінде айтылатын сөйлеу актілері арасында хал жағдай сұрасу
және басқада қосымша ақпарат алмасу үрдістері орын алады. Ал интернет
коммуникациясында адресант сөйлеу актісін жазбаша білдіргенімен дәл сол
тұста адресат желіде болмағандықтан, оған мерзімінде жауап бере алмай
осындай контекст туындайды. Мысалда тілек мәнді сөйлеу актісін әсерілеу
үшін марапаттау мадақтау қолданылған. Бұл арада мадақтау жанама түрде
құттықтау мәнді сөйлеу актісінің қызметін атқарып отыр. Lewandowska-
Tomaszczyдің қошемет айту кей контекстілерде құттықтау айтумен бірдей
қызмет атқарады деген пайымдауы [7] мен кей Norrickтің кейде айтылған
ойдың құттықтау не қошемет екенін ажырату қиынға түсетінін айтқаны
сөзімізге дәлел [8].
Ғаламтордағы сөйлесім жағдайында күнделікті бетпе-бет тұлғааралық
қарым-қатынас кезіндегі сөйлесім жағдайындағыдай әлеуметтік-мәдени
факторлер мен контекстіні ескерген абзал. Демек, сұхбаттасушылар ішкі
интенциясына иллокутивті әсер беріп, тіліміздегі құттықтау және тілек мәнді
184
185
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
сөйлеу актілерінің қызметін ғаламтордағы тиісілі сөйлесім жағдайында
білдіргенде өзара жас ерекшеліктері, әлеуметтік статустары мен контекстіні
ойда тұтуы қажет. Олай етпеген жағдайда сөйлесім жағдайы этикеті сақталмай
әңгімелесушілер арасында прагматикалық түсініспеушіліктер туындауы
мүмкін. Тұлғааралық бетпе-бет сөйлесім жағдайының ғаламтордағы түрі
болғандықтан бұл кезде де сыпайылық әдебін сақтаған дұрыс.
Келесі бір мысал сахна жұлдызының жеке интернет сайтының бетіндегі
өзінің жанкүйерлерімен құрған диалогынан алынған: Асаламуағалейкум,
Заттыбек аға! Өткен жаңа жыл құтты болсын! Өмір жасыңыз ұзақ
болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Шығармашылығыңызға табыс
тілеймін [9]! Диалог жаһандық желіден алынып отырғандықтан бұл жерде
адресанттың сәлемдесу, құттықтау, тілек мәнді сөйлеу актілері бірінен соң
бірі қолдануы заңды. Өйткені интернеттегі тұлғааралық қарым-қатынасты
біз жасанды дискурс ретінде қабылдаймыз. Онда табиғи дискурстағыдай
емес адресант пен адресат бірдей мерзімде әңгімеге қатыспауы мүмкін.
Демек, адресант өз ойын білдірген заматта жоғарыда айтып өткеніміздей
адресат желіде болмай қалып, кейін онлайн желіде болғанда жауап береді.
Ғаламтордағы тілек мәнді сөйлеу актілерінің басым бөлігі адресатпен
байланысу қиын болғандықтан(мәселен ол теле жұлдыз, әйгілі спортсмен,
саясаткер болса) адресант тарапынан, айтылған ілтипатым адресатқа деген
сенімде орын алады. Бұл тұжырымдамамыз мақаладағы басым мысалдарға
қатысты.
Әрі жоғарыда аталғандай бұл мысалда тілек білдіруші мен қуаныш
иесінің арасындағы жас ерекшелік, әлеуметтік статустарындағы
айырмашылықтар айқын көрсетілген. Оны біз тілек нысаны болып отырған
зат есімдерге жалғанған үшінші жақ, сыпайы түрдегі тәуелдік жалғауларынан
аңғарамыз.
Қазақша блогтар жасай берсін! Бірақ сан жағынан емес сапасы
жағынан әлемді таң қалдырсын деп тілеймін! Саған да Жасқазақ тек
сәттілік тілеймін [10]! Мысалда сөйлеуші тұлға да адресат ұйым болып
отыр. Яғни Жасқазақ блогының авторларына айтылған тілек.
Жаһандық желідегі қарым-қатынас жасанды дискурс екенінің тағы бір
дәлелелі сөйлеуші мен адресат оқиғаға байланысты экстралингвистикалық
деректермен таныс болып, тілек мәнді сөйлеу актісін қолдануы. Мәселен
күнделікті тұлғааралық қатынаста адамдар ұйқыға жатар алдын бір-біріне
«Қайырлы түн тілеймін!» деп айтса, ғаламторда да адамдар сайт беттерінде
бір-біріне қайырлы түн тілей алады. Мысалы: Қайырлы түн достар! Түн
тыныштығын тілеймін! Ертеңгі күн сәтті болғай [11]! Жекелеген чаттарда
бұндай тілек мәнді сөйлеу актілерін көптеп кездестіруге болады. Солардың
тағы бір түрі туған күн иесіне, тұлғааралық қатынас кезінде, дастархан
басында немесе бетпе-бет кездескенде құттықтап, оған ізгі ілтипатын
білдіріп, жақсы тілектерін тілеу үлгілерін сондай сайттардан келтіреміз.
Мысалы: Туған күніңмен! Саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін [12]!
Бұл бір кісінің интернеттегі өзінің жеке парақшасына, яғни онымен пікір
алмасуға болатын сайт бетіне сөйлеушінің білдірген құттықтау, тілек
мәнді сөйлеу актісі. Демек бұл арада адресант адресатқа өз құттықтау,
тілектерін онымен бетпе-бет кездесіп отырған тұлғааралық қарым-қатынас
кезіндегідей қысқа әрі нұсқа жеткізіп отыр. Оған дәлел құттықтау мәнді
сөйлеу актісінде «Мен сені туған күніңмен құттықтаймын» деп шұбыртудың
орнына қысқа ған «Туған күніңмен!» десе, тілек мәнді сөйлеу актісін де
«Денаулық, бақыт, дәулет, шаттық тілеймін» демей-ақ соның бәрін бір ғана
сөз «бар жақсылықтың» астарына келтірі отыр. Сөйлеудегі құттықтаудан
кейін тілектітің келуі қазақ тілінде қалыптасқан сөйлеудің орын тәртібі.
Ғаламтор беттерінде кездесетін басқа да осы типтегі құттықтау тілектерден
мысал келтірелік. Мысалы: 1. Туылған күніңізбен! Алла әрқашан жар
болсын! Отбасылық бақыт тілеймін! 2. Туған күніңізбен! Өмір жасыңыз
ұзақ болсын! 3. Шын жүректен құттықтаймын! Ұзақ ғұмыр, мықты
денсаулық тілеймін! 4. Туған күніңізбен! Сізге өмірдегі барлық жақсылықты
тілеймін! 5. Туған күніңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау, өмір жасыңыз
ұзақ болсын,аға! 6. Туған күніңізбен! Кішкентай Кәусарыңыздың қызығын
көріңіз [13]!
Ғаламтор беттерінде М. Гусаренконың орыс тіліндегі тілек мәнді сөйлеу
актілеріне қатысты классификациялаған, тілек мәнді сөйлеу актілерінің
дискурсивті-прагматикалық типтерінен мерекелік отырыс және мереке
күндері дискурсінде айтылатын құттықтау және тілек мәнді сөйлеу актілері
тілдік емес жағдайларға қатысты айтылатын тілек мәнді сөйлеу актілерімен
салыстырғанда жиірек айтылатынын байқаймыз. Өйткені тілек мәнді сөйлеу
актісінің айтылатын тілдік емес жағдайларына: жолға шығарып салу кезінде
ақ жол тілеу, түшкіргеннен кейін саулық тілеу, ұйқыға жатар алдында түн
тыныштығын тілеу, ас ішіп болған соң астың берекесін тілеу үрдістері
жатады. Ал ол жағдайлар ғаламтордағы жасанды дискурс барысында орын
алуы мүмкін емес. Тек ұйқыға жатар алдын жазбаша үлгіде қайырлы түн тілеу
мен сапарда жүргендерге ақ жол тілеу болмаса. Оның үстіне ғаламтордағы
сөйлесім жағдайларында білдірілген құттықтау және тілек мәнді сөйлеу
актілерімен бірге Orecchioni байқаған мимикалық немесе жестикулиациялық
бейвербалды іс-әрекеттер ілеспейді [14]. Бұл жазбаша білдірілген барлық
дерлік сөйлеу актілеріне тән.
Көп құрамды тілек мәнді сөйлеу актісі ретінде қарастыруға болатын
бата беру үрдісі де ғаламторда орын алмайды. Әйтсе де, бата тілектерге
мысалдар интернет көптеп табуға болады. Бірақ олар тек дана дайын жаттау
және кейін қайталап айту үшін арналған баталар.
186
187
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Қорыта айта келгенде интернеттегі сөйлесім жағдайларын зерттеу
тіліміздің бүгінгі таңдағы қатынас кезіндегі қолданысын зерттеумен тең
болып отыр. Осы себептенде біз зерттеу пәніміз ретінде ғаламтордағы
қазақ тіліндегі тілек мәнді сөйлеу актісін алып, оған мысалдар келтіріп,
мысалдарға тілдік тұрғыдан талдаулар жүргіздік. Интернеттегі қарым-
қатынас ерекшеліктерін тілге тиек еттік.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1Балясникова, О. В. Психосемантика конфликта в интернет-
текстах // Материалы Х Междунар. конф. междунар. о-ва по прикладной
психолингвистике. – М., 2013.
2 Матвеева, Т. В. Нормы речевого общения как личностные права
и обязанности, формируемые в сфере естественной коммуникации //
Юрислингвистика-2: русский язык в его естественном и юридическом бытии :
межвуз. сб. науч. тр. – Барнаул, 2000. – С. 46–55.
3 Вдовина, Е.В. Поздравление и пожелание в речевом этикете:
концептуальный и коммуникативный анализ. Автореф.дисс...к.филол.н.
– М., 2007. – 24 c.
4 Рапишева, Ж.Д., Тұрлыбекова, Ж.А. Сөйлемнің коммуникативтік
типтері жөнінде // Қарағанды университетінің Хабаршысы. Филология
сериясы №1(69) – 2013. – 18-23 б.
5 http://feedback.homebank.kz/topic/119897
6 Lewandowska-Tomaszczyk, B. Praising and complimenting. In W. Oleksy,
(Ed.) // Contrastive Pragmatics – Amsterdam 1989. – p. 73-100
7 Norrick, N. R. The speech act of complimenting. In. E. Hovdhaugen (Ed.)
// The Nordic Language and Modern Linguistics. – Oslo 1980. – p. 296-304
8 http://zattybek.kz/lebiz/
9 http://zhasqazaq.wordpress.com/%D0%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B3-
%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0/
10 http://toptwit.ru/tweets/399954844301393920
11 http://ask.fm/dauletyarovna/answer/109995296158
12 https://vk.com/wall-55973195_3713
13 Allami, H. Congratulation and Positive Politeness Strategies in Iranian
Context // Theory and Practice in Language Studies. 11(1) – 2011 – p.1607-1613
Материал 16.10.14 баспаға түсті.
А. К. Мейирбеков, Б. К. Еликбаев, А. К. Меирбеков
Лингвопрагматические аспекты речевых актов поздравления и
пожелания казахского языка на материале интернет ресурсов
Международный казахско-турецкий университет
имени Х. А. Ясави, г. Туркестан.
Материал поступил в редакцию 16.10.14.
A. K. Meiirbekov, B. K. Elikbaev, A. K. Meirbekov
The linguopragmatic aspects of speech acts of congratulation and wishes
in Kazakh language on the online resource materials
H. A.Yasawi International
Kazakh-Turkish University, Turkestan.
Material received on 16.10.14.
В статье рассматривается лингвопрагматические аспекты
речевых актов поздравления и пожелания казахском языке
на материале интернет ресурсов. Приводятся особенности
межличностных отношения в интернете.
The article describes the linguopragmatical aspects of speech acts
of congratulation and wishes in Kazakh language on the online resource
materials. Also were shown peculiarities of interpersonal relationships
on the Internet.
188
189
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 398 (574)
Д. М. Мергалиев
1
, Г. Т. Акпарова
2
1
Өнертану кандидаты, қобыз және орыс халық аспаптар кафедрасының
меңгерушісі, АХА (Ақпараттандыру халықаралық академиясы) мүше-
корреспонденті,
2
ЖАҚ доценті, Өнертану кандидаты, оқу-әдістемелік және
ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Қазақ ұлттық өнер университеті,
Астана қ.
ҚАЗАҚТЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫ-МИФОЛОГИЯЛЫҚ
МҰРАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
Аталмыш мақалада музыкалық халық аспаптардың сипат-
бейнесін қалыптастыруда қазақ халқының фольклорлық-
мифологиялық мұрасының мәні мен мазмұны қарастырылады.
Кілтті сөздер: сакральді-ғұрыптық, музыкалық аспап, архетип,
ментальді, дәстүр, шығармашылық, өнертану, дүниетаным, ұлттық
феномен, миф, гармониялық тұтастық.
Музыкалық өнердің діни-мифтік бастауы мен аспаптардың сакральді-
ғұрыптық декоративті безендіруін синкретті түрде қамтыған қазақтың
дәстүрлі музыкалық аспаптары ұлттың этникалық жадының терең қабаты,
халықтың әлем туралы түсінігінің архетипі, ментальді ерекшеліктерін
сіңірген мәдениеттің әмбебап тілдерінің бірі болып табылады. Халықтық
музыкалық аспаптар ұлттың рухын танытады. Олар адамның рухани тірегіне
қызмет етіп, әлемдік жаһандану жағдайында оның ұлттық даралығын
бекітеді.
Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл мақалада халықтық музыкалық
аспаптарды дайындау барысында орын алатын дәстүрлердің маңызы мен
оның дамуы жолын айқындайтын проблемалар зерттеледі.
Адамның тұлғалық шығармашылық потенциалының таусылмас
қайнаркөзі оның белгілі бір этникалық қауымдастыққа қатыстылығына
байланыстылығы дәлелденеді. Этникалық қатыстылық шығармашылық
даралықтың көрінісі − өзекті көркем тенденция. Өнертану саласында
этникалық тақырып әлі күнге дейін даулы әрі күрделі жағдайда қалып отыр.
Қазіргі өнертанушы ғалымдар арасында «дәстүр» атауының
қалыптасқан, тұрақталған анықтамасы жоқ.
Қазақстандық зерттеушілер: өнертанушылар, археологтар, этнографтар,
фольклортанушылар, дінтанушылардың шығармашылық еңбегінің
арқасында жаңғырған музыкалық аспаптар көшпенділердің мәдени
қазынасының «кілтін» (коды) ашады.
Қазақтың халық өнерінде музыкалық аспаптар көшпенділердің
дүниетанымын, байырғы түсініктердің мән-мағынасынан хабар жеткізуші.
Көптеген жүзжылдықтар бойы бұл дүниетанушылық негіздер
аспаптарды жасаудың алдында және оны дайындаудың барысында
басшылыққа алынады. Қазақтың музыкалық аспаптары жан-жақты және
көпқырлы, көпсалалы ұлттық феномен. Қазақтың музыкалық аспаптары
сакральді білімді «жеткізуші» болғандықтан, аспаптардың безендірілуі
көркем мәтіннің ақпараттық маңызды ядросының қызметін атқарады.
Музыкалық аспаптар мен аспаптық музыканың халық өміріндегі аса
маңыздылы рөлі көптеген ежелгі мифтер мен әпсаналарда таңбаланған.
«Дәстүрлі дін жүйесінің ажырамас бөлігі болып есептелетін музыкалық
мифтер мен әпсаналар музыкалық аспапты Космос, Табиғат және Адамды
гармониялық тұтастықта біріктіруші ғаламдық тәртіпті ұйымдастырушы
және оны реттеуші, таза энергияны «жеткізуші» дүние жаратылысындағы
жоғары деңгейге көтерген [1, 106 б.].
Жетіген аспабының пайда болуын баяндайтын әпсана сақталған. «Бағзы
заманда бір Қарттың жеті ұлы болған. Бірде, жұт болғанда, жеті ұлдың бәрін
де ажал жұтқан. Тұңғыш ұлы қайтыс болғанда қарт ағашты кесіп, оған бір ішек
тартып, «ҚАРАҒЫМ» деген күй тартады. Екінші ұлы өлгенде қарт аспапқа
екінші шек қосып, «Қанат сынды» күйін, одан кейінгілер қайтыс болғанда,
«От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Ай құрыды», ал кенже ұлы
өлгенде, жетінші шекті қосып; барлық балаларына арнап, «Жеті баламнан
айрылып, құса болдым» деп жоқтау айтып; күй тартқан. Ежелгі жетіген
аспабы туралы әпсана туыс адамдардан айрылып, әлемдің дуальді сипаты
өшіп; өмір оты сөніп; жердегі бақыт ұшқанда, Күн мен Ай жоқ болып, Космос
тіршіліксіз қалған глобальды апаттан хабар береді. Мұндай қаралы жағдайда
көз жасына ерік беріп, қайғы мен қамығуды жеңіп, тазару, вибрациялары
Өмірге жаңа серпіліс тудыратын жеті шекті (жеті саны – өмір рәмізі) аспап
жасау – қарсылық таныту, яғни осылайша тірлікке оралудағы жалғыз жол.
Жер бетіндегі Өмір мен Өлім арасындағы теңдікті қобыздың реттеушілік
қызметі туралы әпсана тұңғыш бақсы Қорқыт есіміне қатысты сақталған.
«Қорқыт жиырма жаста болғанда, түсіне ақ киімді қарт кіріп, Қорқыт ендігі
өмірі аз, бар-жоғы – қырық жылы қалғанын айтады. Осыдан кейін Қорқыт
мәңгілік іздейді. Желмен жарыса алатын түйе Желмаяға отырып, алыс
сапарға шығады. Сол жолда оған бір нәрсе қазып жатқан адамдар кездеседі.
Қорқыт олардың не істеп жатқандарын сұрағанында: «Қорқытқа арнап көр
қазудамыз», − деп жауап береді. Бұл жердің өзіне қауіпті екенін ойлап,
Қорқыт алға қарай жүре береді. Осылайша ол дүниенің төрт бұрышын
шарлап шығады, алайда; ол қайда барса да; алдынан қазулы көр шыға
береді. Енді Қорқыт жер ортасы – өзінің туған жері Сырдарияның жағасына
келеді де, алғашқы қобыз жасап; оны құрбандыққа шалған Желмаяның
|