Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата12.02.2017
өлшемі3,54 Mb.
#3945
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

140
141
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Айдаров, Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы : Ғылым, 
1975.
Аргынбаев, Х. А. Народные обычаи и поверья казахов, связанные со 
скотоводством //Хозяйствено-культурные традиции народов Средней Азии 
и Казахстана. – М.,1975.
Болғанбаев, Ә., Қамышұлы, Ғ. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 
мен фразеологиясы» А. : «Санат» 1997.
Жилкубаева, А. Ш. Термины питания в казахском языке: Дисс. ...канд.
филол.наук. Алма-Ата, 1991. – 211 с.
Ершов, Н. Пища /Таджики Каратегина и Даваза. – Душанбе, 1976.
Кеңесбаев, І. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі».
7  Смағұлова,  Г.  «Мағыналас  фразеологизмдердің  ұлттық-мәдени 
аспектілері» А. : «Ғылым», 1998.
Смағұлова, Г. «Фразеологизмдердің варианттылығы» А. : «Санат» 
1996.
Материал 21.11.14 баспаға түсті.
Д. Е. Капанова
Национально-культурные особенности фразеологизма
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 21.11.14.
D. E. Kapanova
National-cultural peculiarities of phraseological units
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 21.11.14.
Автор данной статьи акцентирует внимание на национально- 
культурные особенности фразеологизмов.
The author of this article focuses on the national-cultural peculiarities 
of phraseological units.
ӘОЖ 882.151.212.2.091
Б. Қ. Қапасова
1
, Р. М. Муталиева
2
1
ф.ғ.к.,  профессор,  журналистика  кафедрасы, 
2
ф.ғ.к.,  профессор,  қазақ 
филологиясы кафедрасы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 
университеті, Павлодар қ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМ БЕЙНЕ 
ФИЛОСОФИЯСЫ 
Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы кейіпкер философиясының 
белгілері,  мінез  сипаттары  мен  психологиялық  ерекшеліктері 
талданады.
Кілтті сөздер: кейіпкер, көркем шығарма, көркемдік ой, қоғам, 
әлеуметтік, таным, белгілер 
Көркем  шығарманың  негізгі  өзегі  –  кейіпкер.  Кейіпкер  арқылы 
шығарманың тақырыптық-идеялық және көркемдік сипаттары ашылады. 
Кейіпкер – көркем әдебиетте шығармада бейнеленетін уақиғаға қатысушы.
Әдебиетте  адамның  көркем  бейнесін  суреттегенде,  жазушы  оның 
кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін 
танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді 
де (әсіресе, жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу мәдениетіндегі) 
анық  байқалатындай  етіп  көрсетеді.  Көркем  бейненің  әдеби  өзгешелігі 
қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, 
оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-
құлқын  көзге  айқын  елестету  үшін,  нақтылы  қалпында  көріп-білу  үшін 
сондайлық қажет. Атап айтатын нәрсе – көркем бейнеге тән типтік және 
даралық сипат-ерекшеліктер нақтылық, даралық қалпын сақтай отырып, 
типтік мағынада алады. Қоғамдық ортадағы басқа адамдарға тән қасиетті 
танытады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу қоғамдық өмірді терең, 
жан-жақты зерттеп білгенде ғана ұтымды болады. Типтік бейненің сипаты 
неғұрлым арта түскен сайын, оның өмір танытарлық күші де солғұрлым арта 
түседі. Кейіпкердің ерекшелігі оның сөзінен, ісінен, қимыл-қозғалысынан 
байқалады. Көркем повестерде баяндалатын оқиғаға қоса, оқиғағаның өрбуі 
де кейіпкер тұлғасын қалыптастыруда үлкен міндеттер атқарады. Повесте 
кейде өзгелерден көбірек, жан-жақты толық суреттелетін басты кейіпкерлер 
болатыны байқалады. Бірақ көлемді көркем шығармада, әдетте, бір емес, 
бірнеше, тіпті ондаған адамдардың бейнесі мүсінделеді.
Адам  мінезін,  тұлға,  бейнесін  өзгеріс,  даму  үстінде  алып,  өмірлік 
күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – бұл реализм әдісінің ең бір ұтымды 

142
143
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жағы. екі бөлек жатқан, екідай болып ажырап көрінетін ерекшеліктер емес. 
Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік-сипат белгілер 
өзінің  Әдебиет  –  өнердің  сөзді  қолданатын  түрі,  адам  жаны  мен  ішкі 
әлемі сезім арқылы беріледі. Философия – ойдың, тұжырымның нәтижесі. 
Әдеби характер немесе мінез (грек. Charakter – мінез, ерекшелік) – көркем 
шығармадағы кейіпкердің мінез бітімі, ой-сезім дүниесіне тән психологиялық, 
моральдық сипат-ерекшеліктері. Әдеби мінез адамның өмірдегі мінез, қимыл-
әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап 
бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың 
қосындысы деп санамай, солардың бірлік-тұтастығы, синтез деп қараған 
жөн.  Реалистік  қаһарманға  тән  характерді  алдымен  қалыптасу,  өзгеріп-
өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды, және осыған қоса оның 
өз ішкі диалектикасы да болатыны ескерілуі кажет. Мінез белгілі қоғамдық 
жағдайда калыптасады, сол ортаға, өз уакытына сәйкес болады. Адамның 
мінез-құлқы, оның әрқилы кезеңдегі сынға түсетін екіұдай жайда өзін қалай 
ұстап, қандай әрекет ететіні ой-өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған 
орай әдеби шығармада мінез күрес-тартыс үстінде, кейіпкердің іс-әрекеті, 
ой-ниеті,  мақсат-тілегі  арқылы  көрініс  тауып  анықталады.  Кейіпкердің 
бір-  бірімен  қарым-қатынасы  олардың  мінез  ерекшеліктерін  барынша 
толық аша түседі. Әдеби кейіпкердің мінезі шығармада оның іс-әрекеттерін 
реттеу  арқылы,  психологиясы,  жан  дүниесі  тікелей  бейнеленуі  арқылы 
айқындалып, сондай-ақ сыр-сымбатын, бой-тұлғасын, бет-әлпетін, сөйлеу 
ерекшелігін  көрсету,  яғни  жанама  мінездеу  арқылы  жан-  жақты  ашыла 
түседі.  Кейіпкердің  тұлғалық  қалпының  ашылуы  көркем  шығарманың 
қоғамның  қай  кезеңін  суреттеуіне  де  байланысты.  Қоғам  талаптары 
мен  сұраныстары,  қажеттіліктері  мен  қайшылықтары,  қатынастары  мен 
әлеуметтік орта сипаттары кейіпкердің қабылдауы мен түсінуі, тануы мен 
сезінуі, қарым-қатынасы мен көңіл иірімдері арқылы ашылады. Сондықтан 
да әдеби шығарма – қоғамның көркемдік көрінісі, әлемі болса, кейіпкер – 
сол көркемдік әлемнің бар суреті мен бояуын, ішкі сезімдерін танытушы. 
Әдебиеттің өнер түрі екені рас, дегенмен, әдебиет өнер үлгісі ретінде көркем 
сөзді құбылтудың сезім мен көңіл пернелерін сөз арқылы жеткізудің үлгісі 
болып  табылады.  Сөз  –  көркем  үлгіде  ғана  сезім  мен  көңілдің  айнасы. 
Көркем бояулар мен айшықты өрнектер адамға эстетикалық ләззат береді, 
рухани нәр болады, жан сезімінің қылын тербетеді. Қазақ әдебиеті көркем 
де бай, айшықты да, бояулы екені белгілі. Ендеше, әдебиеттің ертеден келе 
жатқан келесі бір белгісі – астарлы ой мен терең тұжырымның көзі. Қазақ 
әдебиетінің бай лексикалық қоры мен сөзді құбылту, айшықты қолдану, 
көркемдеу, әсірелеу – сөз өнерінің де ерекше қалыптасуына негіз болғаны 
белгілі. Осы тұста қазақ әдебиетінің көркем өнерінің кемел ой мен өмір, 
табиғат, жаратылыс, әлем жөніндегі мәселелерге қатысты терең талғамды 
тұжырымдары  әдебиеттің  философиялық  қызметін  де  танытады.  Бар 
қазынасын сөз өнеріне жинаған қазақ халқында – философиялық ой мен 
түсінік, тұжырымдар әдебиетінде. Жер әлемдегі барша халықтың алғашқы 
философиялық, жаратылыстану, психологиялық, қоғамдық ғылымдарының 
бастауында сөз өнері тұрғаны белгілі. Батыс елдері ғылымдар интеграциясын 
ерте кезден бастады. Ежелгі грек философтары сөз өнерін «Риторика» деп 
ойлаумен, пікірді жеткізу құралдарымен, философиямен байланыстырды. Сөз 
өнері саясат пен таным, жаратылыс пен ғылым тілі ретінде батыста зерттеуін 
ерте  бастады.  Әдебиетті  ғылымның  барлық  салаларымен  байланыстыра 
қарау әдеттегі ғана іс емес, барша табыс кепілі ретінде саналатын елдер 
әдебиетте де жаңа әдіс-тәсілдер қолданады. Бұл жағынан қазақ әдебиетінде 
зерттеуге алар мәселелер жеткілікті болғанымен, сөздің ғылым салаларымен 
сабақтастығы әлі де қолға алынбаған сала. Солардың қатарына әдебиеттің 
қоғаммен, әлеуметтік талғамдармен байланысы назарға алынады.
Әлеуметтік күреске 20- ғасырдың басында қазақ топырағында орыс 
мектептерінен оқып шыққан бір үлкен буын қауырт араласты. Сол лектің 
өкілі – М. Әуезов 1918 жылы жазған «Ғылым тілі» мақаласында өзінің білім 
дәрежесіне, эрудициясына лайық шамада Руссоның «ғылымда мән жоқ, 
пайда жоқ» деген пікірінің солақайлығын дәлелдеуге тырысады. Немістің 
ұлы ақыны Шиллер халық пен өнерді табыстыру үшін қалың қауымды биік 
эстетикалық өреге көтеру шарт дейді. Бұл ретте ол Руссо тұжырымдарына 
қосылмайды. Ғылымда диалектиканы қолданғанымен, идеализм арнасында 
қалған  Гегель  көркем  туындыны,  шығармашылықты  бағалауда  басты 
критерий – халықтық сипат деп біледі. 
Әдебиеттің халықтық сипатын анықтағанда, бөліп айтатын бір арна – 
елдің өз ішінен шыққан перзенттер қолынан туған, халықтық идеологияны 
күйттейтін ұжымдық өнер туындылары. Бұған фольклорлық шығармаларды 
жатқызуға болады. Ауыз әдебиеті сананың балаң кезінде жетекшілік қызмет 
атқарса да, кейін қоғам тілегінің күрделі талабына ілесе алмай қалады. Екінші 
арна – дара шығармашылық тұлғалардың шығуы. Әрқашан суреткер ана тілі 
арқылы өз халқының өмірін, тұрмысын, психологиясын, рухын бейнелемек. 
Әдебиеттің  көркемдік  табиғаты,  дара  сипаты  тілмен  кіндіктес,  өйткені 
тіл  халықтың  қоршаған  ортаға,  болмысқа  қарым-қатынасын  білдіреді. 
Сондықтан  халықтық  сипат  белгілі  бір  елдің  әдеби  тілі  үшін  күресінен 
басталатын кездері болатындығын да айту шарт.
Түркі тілдес әдебиеттердің араб, парсы кітаби тілінен, шағатай тілінен 
қашу себебі өнерді туған топыраққа жақындату, өмірді ана тілінде бейнелеу 
үшін күрестен шыққан еді. Бұған ұқсас құбылысты Германиядағы және 
Ресейдегі дворяндардың француз тілінің әсеріне түсіп кеткен шағынан көруге 
болады.Суреткердің қай ұлттың ошағында туғаны бірден-бір фактор емес. 

144
145
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Қазақ  қоғамы  көркем  кейіпкер  арқылы  заман  бет-алысын,  тіршілік 
тынысын, таным көкжиегін танытады. Қазақ әдебиеті тарихының әр кезеңдеріне 
қарай көркем сөз өнеріндегі кейіпкердің қоғаммен қатынасы түрлі қалыпта 
ашылды. Ауыз әдебиеті шығармаларындағы дүние, тіршілік жайындағы 
түсініктерді адам баласының сәбилік шағындағы танымы деген баға беріліп 
келді. Бірақ бүгінгі зерттеулер бұл балалық болса сәби көңілдің таза сезімтал 
қалпын танытқан, болашақты дәл болжаған туындылар, қате түсінік болса, 
балалық емес даналықты көрсеткен шығармалар болуымен ерекше екендігін 
дәлелдеп отыр. Ауыз әдебиетіндегі персонаждар – бүгінгі күні де мәнді, 
қажетті әрі классикалық үлгі қатарында әр заманда қайта оралатын бейнелер. 
15-18-ғасыр  әдебиетіндегі  батырлық  пен  ақындықты  жоғары  көтерген 
шығармалар – ауыз әдебиетінің заңды жалғасы. Көшпелі тұрмыстың ел мен 
жерге тәуелді танымынан туындаған жаугершілік, ел қорғау тақырыптары – 
сол кезеңнің алсапыраны мен найзаға байланған сөздерін жеткізіп қана қойған 
жоқ, қоғамның суретін, түсінік, ой-көзқарастарын жеткізді. Жыраулық кезең 
әдебиетінің кейіпкерлері батыр мен ақынның қоғамдық орнын көрсетуші 
ретінде де әдебиет жаңа ой өзгеше таным мен тағлым көзі болды. Орта 
ғасырлардағы ислам мәдениеті жасаған иман мен адалдық, жаратқанға сенімді 
жүректеріне берік ұялатқан кейіпкерлер де қазақ әдебиетіне жат емес. 19-ғасыр 
басындағы әдебиетті М. Әуезов зар заман әдебиеті деп атайды да, Абылайдан 
бастап Абай заманына дейінгі кезеңді қамтитынын айтады. Шортанбайдың 
осылай аталатын өлеңімен аталған қоғамның көптеген өзіндік ерекшеліктері 
бар.  Қазақ  қоғамы  орыс  патшасы  отарына  айналғаннан  кейінгі  кезеңде 
1861 жылғы сұлтандықтарды жою жөніндегі жаңа заңмен бірге Ресейдегі 
крепостнойлықтан (басыбайлылықтан) азат болған шаруаларды қазақ жеріне 
қоныстандыру саясаты жүргізілді. Қоныстандыру қазақтың ырқымен, ниетімен 
болған әрекет емес, құнарлы жерлерін күшпен басып алд. Көшпелі тұрмысқа 
мал шаруашылығына негізделген қазақ үшін бұл заманның үлкен соққысы 
болды. Орыс саясаты қоғамдық қатынастарды ғана өзгертіп қоймады, қазақ 
танымына ад, рухани әлеміне де зор сілкініс әкелді. Әдебиеттегі 19-ғасырдағы 
,  нақтырақ  айтқанда  Махамбет  заманындағы  қазақы  кейіпкердің  мінез- 
құлқының өзгергенін әдебиет арқылы М. Әуезов былай түсіндіреді: « Бұның 
заманы Абылай заманына да бұзылып кеткен. Бұл күнде бұрынғыша толғау 
айтып, алыстан қозғап, ой түсіремін деп отыруға болмайды, енді іс қана 
қалған. Жүрек оқтатып, бекініп, қолға найза алып аттану ғана қалды. Не өлу, 
не тірілу керек.Тыныс бітіп, тығырыққа қамалған жердегі жалғыз асу – осы. 
Сондықтан қызулы үгіт сөзбен қалың қазақтың қайраты бар ерлеріне ұран 
салды» [1,209]. 19-ғасыр әдебиетіндегі кейінгі кезең шығармаларына «Бұқар 
жырау заманынан келе жақан бұрынғы әлеуметшілдік, ойшылдық сарынына 
Махамбет заманында ісшілдік қосылса, кейінгі ақындардың тұсында жаңа 
әскер сияқты болып дін мен мәдениет исі кіре бастайды» [1, 212]. 
19-ғасыр  жаңа  Абай  заманына  сыншылдық,  ұлт  мінезін  сыну  мен 
дұрыс жолды көрсеткен тың үлгідегі әдебиетке жалғасты. Абай өлеңдерінің 
алдыңғы толқыннан ерекшелігі – жауабын таба алмаған сұрақтар мен уайым 
да, зар да, қайғы да жоқ. Сол замандағы қазаққа қажет мінез-құлық пен 
көркем бейне түрлерін ғана жасап кетпей Абай қазақтың қай қоғамына да 
керек болар көркем қалыптарының үлгілерін ұсынады. Абайдың ұлылық 
пен даналыққа, қасиет пен құдіретке толы дәстүрі 20-ғасырдың басында 
Алаш  қайраткерлерін  тудырды.  Алаш  қайраткерлерінің  қоғамдық-саяси 
істері әдебиетпен тікелей байланысты болды. Қоғамдық қайшылықтарды 
саяси-философиялық тұрғыда түсіндірген А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, 
Ж. Аймауытов, М. Дулатов шығармалары көркемдік әлемде жаңа бейнені 
жасады. Бұл ұлт үшін жан қиятын күрескерлер бейнесі болатын. Тарихи 
шығарманы, философиялық танымды көрсетсе де ұлтжанды, елін сүйер, 
жұрт ісі жолында қызмет етер бейнені орнықтырып кетті. Бұл топқа халық 
ісі жолындағы ісін оқу-біліммен, ел көзін ашып, «қараңғылықты Күн болып» 
ашуды мақсат еткен Сұлтанмахмұт шығармалары да қосылады. Аталған 
кезеңнің тағы бір ерекшелігі ұлт ісі жолындағы жарқын болашақ үшін майдан 
күресін қалаған кейіпкерлермен ғана емес, ағарту, оқыту ісін жолға қойған 
үлгі бейнелермен де артық.
Қазақ әдебиеттану ғылымының теориясы да алғаш рет ұлттық қалыпта 
осы  кезеңде  жасалды.  А.  Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегі 
жазылды.  Шығарманың  заманға,  қоғамға  қатыстылығы  жөнінде  ғалым: 
«жер жүзіндегі халықтардың тіліндегі шығармалар бір-біріне ұқсас келеді. 
Ондай ұқсас болатын себебі, олар шыққан заманда халықтың бәрінің, бір 
атаның қолында өскен балалар сияқты, көргені, өнегесі, үлгісі бір болған. 
Ол қай халықта болса, табиғат баурайында болып, табиғат тауқыметінде 
тұрып, табиғат қабағына қарап өмір шеккен. Ол заманда адам табиғат ісіне 
өзгеше қарап, табиғат күшін өзгеше ұғып, бәріне өзінше мағына берген;ол 
уақыттағы адамның санасын, саңылауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге 
қайта түсуіміз керек» [2, 409].
20-ғасыр басындағы қаазқ әдебиеті өкілдерінің алдыңғы қатары әдебиет 
пен қоғам, тарих пен философия білімдеріне жетік, жан-жақты оқыған адамдар 
болғандықтан да, әдебиетті мақсатты түрде қоғам ісімен, адам, кейіпкер 
философиясымен сабақтастырып алып отырған. Осы тұстағы қоғамдағы ақын 
міндеті, әдебиет мақсат-мұраты деген сұрақтарға Ж. Аймауытов «Мағжан 
ақындығы туралы» еңбегінде төмендегідей түсінік береді: «Өзгелерден гөрі 
әлеуметтің жоғын жоқтайтын ақын болу керек. Өйткені ақын қоғамның 
қарапайым тырна қатар топас мүшесі емес, өзгелерден гөрі сақ құлақты, 
сезгіш жүректі, сара ақылды, өткір қиялды мүше. Ақын өзгелердің сезбегенін 
сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып 
береді. Әлеуметтің, өз табының қатарға кіріп ер жеткені кейін қалып, кер 

146
147
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
кеткені өзгеден гөрі ақынға артығырақ батады, ақынның жүрегі өзгеден гөрі 
көбірек толқиды, көбірек толғанады» [3, 402]. 
20-ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  кейіпкер  қоғаммен  тікелей 
араласа алған, саяси,қоғамдық істерге баға беретін, болашақты болжап, өз 
пікірін беретін кейіпкер болуымен өзгеше.
Қазақ әдебиетінің жаңа өзгеріске, тақырыптық-идеялық көкжиегі кеңіген 
шағы 20-ғасырдың 60-жылдары екені белгілі. Бұл кезеңдңгі әдебиеттегі 
тақырыптың молдығы кейіпкерді де сан түрлі қалпында суреттеді. Көркем 
бейне түрлі қасиет белгілерімен, мінез-құлық сипаттарымен ерекшеленді. 
Әдеби шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай ауыз әдебиетіндегілердің 
өзін мифологиялық, ертегілік, әфсаналық, эпостық кейіпкер т.т. деп бөле 
беруге болады. Ал қоғамға қарай, оған қатысына қарай қазақ әдебиетіндегі 
тәуелсіздік кезеңі кейіпкерлерін қоғамға қатынасына қарай бес түрге бөлдік. 
Кейіпкердің қоғаммен қатынасы төмендегідей жіктеледі.
1.  Қоғам  ыңғайына  бейімделген,  заман  қатынастарын  қабылдаған 
кейіпкерлер.
2.  Қоғам  талаптары  мен  ыңғайына  еріксіз  көнген,  қоғамдық 
қатынастарды борыш, міндет санаудан ғана орындауға мәжбүр кейіпкерлер.
3. Қоғам талаптарына көне алмайтын қарсылықты кейіпкерлер. 
4.  Қоғамдық  қатынастар  мен  жеке  мәселелерді  шешуде  дәрменсіз 
немесе түйіні күрмеулі істердің шешілетінінен күдерін үзген, жалғыздыққа 
бой ұрған кейіпкерлер.
5.  Қоғамдық  мәселелер  шешілмейіне  ғана  сенген,  тіршілікті  басқа 
қалыпта қабылдайтын, өмірден күдер үзген кейіпкерлер. 
Көркем кейіпкердің бойындағы мінез бен әрекет, қылық пен іс-қимыл 
барлығы да көлемді әдеби шығармада түгел жуық жеткілікті жан-жақты 
ашылады. Автор табиғаттан дап-дайын туа салған қалыпты көрсетуді емес, 
соған  негіз  еткен  қоғамның  заңдылығы  табиғаттан  кемел  қадыр-қасиет 
арқалап  туған  адамды  жаңа  қалыпқа  айналдыратынын  көрсетуді  мақсат 
етеді. Қоғам – философиялық категория ретінде үнемі даму үстінде болатын 
адамдар ортасы. Қоғамның дамуының негізгі күші өз заңдылықтары. Ол 
заңдылықтардың  бірі  қарама-қарсылықтардың  күресі  мен  бірлігі  заңы 
деп аталады. Қоғам ғана емес, жаратылыс та философияның осы заңына 
бағынады. Философия жаратылыс пен қоғам заңдарын жасаушы, әрі реттеуші 
ретінде  адамдар  арасындағы  қатынастағы  жоғарыда  аталған  үш  топтың 
да біріккен, әрі қайшылықты тудыратын әрекеттерін түсіндірсе, әдебиет 
көркем кестемен суреттейді. Философия ғылым ретінде алғашқы. Оның 
ерекшелігі барлық ғылымдарға әдіснамалық негіз болуында. Сондықтан 
да адам өмірін ақылдың идеясы билейді. Қазақ әдебиетіндегі кейіпкер мен 
қоғам  ара  қатынасын  айқындауда  бірнеше  қажетті  шарттарды  еске  алу 
қажеттігі туындайды.
–  Әдебиет  пен  қоғамдық  ғылымдар  ара  жігінің  әр  қоғамдағы 
заңдылықтарын айқындау, оның көркем кейіпкерге әсер, ықпалын ашу;
–  әлемдік  әдебиет  пен  қазақ  әдебиеті  кезеңдерін  салыстыру:  ұлт 
қажеттілігіне қарай негізгісін сараптау;
– әр қоғам заңдылығы мен шаруашылық қатынастарын ескеру және 
оны ұлттың қабылдау сипатымен байланыстыру;
–  кейіпкер  жан-дүниесі  үшін  философиялық  ақыл  мен  әдебиеттік 
сезімнің ұштасуы қажеттілігін де ескеру. 
Философия  қолға  ұстап,  көзге  көрінерлік  дәлелдер  табылмайтын, 
таза  ақыл  шешетін  мәселелермен  айналысады.  Адамның  бүкіл  өмірінде 
алған, таныға, сезінген, ұғынған, оқыған білімдері мен таным, сенімдерінің 
қорытындысын жинақтап береді. 
Қай уақытта да адам ақылының аймағы шындықты тазалықты іздеумен 
кеңейген болса, адамның адамгершілік жүзі де жарқын болады. Осы тұрғыдан 
келгенде көркем әдебиеттегі кейіпкердің ішкі толқыныстарды шындықты, 
адалдықты іздеуімен, көңіл пернелерін сезім әсерлеріне жетелейді.
Кейіпкер мен қоғам арақатынастарын анықтауда қолданылатын, еске 
алар тұс – әдеби шығармалардың бастау көзін әлемдік әдебиетпен бірге 
алу, сол әлемдік әдебиеттегі қазақ дәстүрі өз танымы қалпында сақталуын 
қадағалау . Әрбір әдеби һәм әлеуметтік құбылыс қайнар көзін ажыратып, 
даму жолын айқындағанда ғана толыққанды құбылыс атанбақ. Тек сонда ғана 
тарихи сабақтастық дәрежесіне жетіп, бүгінгі күннен жалғасын табады. Ал 
әдеби иірімдердің бастауын, даму жолын ажырату, сөйтіп оны бүгінгі өмірмен 
сабақтастыру алдыңғы қатарға шықты. Қазіргі қазақ прозасында әдебиет 
философия мен кейіпкер философиясы мәселесі М. Бахтин, С. Высоцкий, 
В. Пропп, В. Лотман, В. Иванов... сияқты ғалымдар зерттеулеріндегідей 
жан-жақты қарасчтырылған жоқ. Егер кейіпкер мен қаламгер қатынасына 
зер  салсақ,  қазақ  әдебиеттану  саласында  да  бұл  қатардағы  ғылыми 
еңбектердің  баршылық  екендігі  ашылады.  Тек  қазақ  әдебиетінде  бұл 
кейіпкер философиясы, әдебиет философиясы деп аталмайды. Толыққанды, 
қайшылықты кейіпкер бойындағы түрлі мінез сипаттары оның қоғаммен ара 
қатынасын, сол қоғамға ыңғайлана қалыптасқан психололгиялық, танымдық 
белгілерін береді. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әуезов, М. Қазақ әдебиеті [Мәтін] Алматы : Ана тілі, 1991. – 240 б. 
– ISBN 5- 630-00002-0 
Байтұрсынов, А. Ақ жол Алматы : Жазушы, 1992. – 340 б. – ISBN-
5-610-00700-3

148
149
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Жұмабаев, М. Шығармалары Алматы : Жазушы, 1989. – 429 б. – 
ISBN-5-605-00814-5 
Бахтин,  М.  М.  Теория  словесности  Москва,  1994.  –  ISBN  978-5- 
9551- 0500-0
5 Зарифьян, И. А. Теория словесности: 1790-1923 // Риторика. – 1995. 
– №1. – 1987 ISBN 5-07-001207- Х
Материал 17.11.14 баспаға түсті.
Б. К. Капасова, Р. М. Муталиева
Философия художественного образа в современной казахской прозе
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 17.11.14.
B. K. Kapasova, R. M. Mutalyeva
Philosophy of the artistic image of the modern Kazakh prose
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 17.11.14.
В статье исследуются философские аспекты, поведенческие и 
психологические мотивы героев современной казахской прозы.
,
This paper investigates the philosophical aspects, behavioral, and 
psychological motives of the modern Kazakh prose heroes.
УДК 02:659
Б. К. Капасова
1
, А. К. Темиргалинова
2
1
к.ф.н., доцент, 
2
магистрант, Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар
РЕКЛАМНО-ИНФОРМАЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ 
СОВРЕМЕННОЙ БИБЛИОТЕКИ
В  статье  рассказывается  о  том,  что  реклама  отражает 
возможности  библиотеки,  ее  технологии,  создает  более 
привлекательный образ библиотечно-информационного учреждения 
и  его  сотрудников,  продвигает  к  населению  библиотечно-
информационные ресурсы.
Ключевые  слова:  реклама,  информация,  библиотека, 
информационные ресурсы.
Реклама органично вошла в жизнь библиотеки и ее читателей. Сегодня 
она играет роль инструмента, с помощью которого читатель узнает все или 
почти все об этом учреждении. Реклама отражает возможности библиотеки, 
ее  технологии,  создает  более  привлекательный  образ  библиотечно-
информационного учреждения и его сотрудников, продвигает к населению 
библиотечно-информационные ресурсы.
Рекламно-информационная деятельность библиотек – деятельность по 
продвижению к потребителям библиотечных ресурсов, продукции и услуг, 
по трансляции книжной культуры.
Основные задачи РИДБ:
– формирование заранее выбранного образа (имиджа, стиля) библиотеки, 
в  том  числе  образа  производителя  и  транслятора  духовных  ценностей, 
надежного партнера, достижение доброжелательного отношения к ней со 
стороны населения, общественности, органов социального управления;
–  побуждение  населения  (пользователей)  к  сотрудничеству  с 
библиотекой;
–  побуждение  к  предпочтению  перед  другими  услуг,  ресурсов  и 
продуктов именно рекламируемой библиотеки;
–  стимулирование  распространения  библиотечной  продукции  и 
эксплуатации услуг;
–  стремление  сделать  потенциального  пользователя  постоянным 
пользователем услуг, ресурсов, продукции библиотеки;
– привлечение к сотрудничеству квалифицированных специалистов;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет