160
161
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
түсіріліп, сөйлем ықшамдалып айтылады. Мысалы: «Қой өрісі – қорадан»,
«Құс баласы қырымға, ит баласы жырымға», «Ит тойған жеріне, ер туған
жеріне». Сөйтіп, алдыңғы мысалда басталады, қарайды, барады деген сөздер
айтылмай, түсіріліп қалдырылған. Бірақ олардың мағыналары контекстен
айқын байқалып тұрғандықтан, сөйлемнің ұғымына ешқандай нұқсан келіп
тұрған жоқ. Ал Сәбит Мұқановтың жоғарыда келтірілген шығармаларындағы
«Он үште отау иесі» [2], «Байсыз қатын – баусыз аймақ», «Бөрі азығы мен
ер азығы жолда» [3] сияқты мақалдарды да бұл қатарға қосуға болады.
Бұл мақалдарда адам, я болмаса, болады, сияқты деген сөздер түсіріліп
қалдырылған.
Бұл айтылған жайлар мақал-мәтел синтаксисінің құрылысына елеулі
әсерін тигізіп, оны әдеби шығармалардың басқа жанрларынан біраз
ерекшелендіріп тұрады.
Мақал-мәтелдердің құрылымы мен өзара ерекшеліктерін мынадай
белгілері арқылы ажыратуға болады:
1. Мақал мен мәтелдер өзара синтаксистік құрылысы жағынан да өзгеше
болады. Мақал, мәтелге қарағанда, құрмалас сөйлем күйінде жиі ұшырайды.
Өйткені мақал өмір тәжірибесінде кездесетін оқиға, жағдай іс-әрекеттерді
бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы баяндап отырады.
Мысалы, «Жақсы туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы» деген
мақал синтаксистік параллелизм жолымен жасала отырып, екі қүбылысты
бір-біріне салыстыра, ұқсастыра бейнелейді [4].
Бұл орайда жазушы шығармаларындағы «Ер жігіттің екі сөйлегені –
өлгені, емен ағаштың иілгені – сынғаны» [5], «Темірді дәнекер қосады, өмірді
бала қосады», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды, теңізді төңіректегеннің
несібі егіз», «Қатты келген қыз жаман, қатты шапқан жау жаман» [3] деген
мақалдарды мысал ретінде атауға болады.
2. Ал мәтел, көбінесе, жай сөйлем түрінде, онда да толымсыз жай
сөйлем түрінде кездеседі. Мәтел қашан да оқиғаны, өмір құбылысын, толық
сөйлем күйінде білдірмей, ойды аяқсыз қалдырып қойып отырады. Мысалы:
Сәбит Мұқанов «Қорыққанға қос көрінеді» [2], «Қыз бала қылтиғанша», «Ел
құлағы елу» [3] деген мәтелдерді өз шығармаларында тиімді қолданғанын
байқаймыз.
3. Мақал мен мәтелдің синтаксистік құрылысындағы тағы бір ерекшелік
– ол етістік баяндауыш сөздердің түсіп қалу заңдылығына байланысты
жағдай. Мәтелдің құрамындағы етістіктен болған баяндауыш сөз көбіне
айтылмай, түсіп қалады. Бұл жағдай – мәтелдің оқиғаны ишаратпен ғана
жеткізуіне лайықты жасалған тәсіл. Өйткені, күрделі ойды толық білдіретін
сөйлем баяндауышсыз болмайды. Мысалы: «Ер қанаты – ат» [5], «Қыз
бала қылтиғанша», «Ел құлағы елу» [3] деген мақал-мәтелдер жазушы
шығарамаларынан өз орындарын таба білген.
Жазушы өз шығармаларында мақал-мәтелдерді әр түрлі тәсілдер арқылы
қолданған. Оны мына кестеден көруге болады:
Мақал-мәтелдер
С. Мұқанов
қолданысындағы
мақал-мәтелдер
Қолданылған тәсіл
түрі
Ер арыса – аруақ, ат
арыса – тулақ [6, 22].
Ат арыса – тулақ, ер
арыса – аруақ [7, 87].
Инверсия
Бөрі азығы мен ер азығы
жолда [6, 17].
Ер азығы мен бөрі
азығы жолда [3, 234].
Инверсия
Ер мойнында қыл арқан
шірімес [6, 16].
Ер мойнында қыл
арқан шірімейді [7, 83].
Плеоназм
Көпке көнбеген көмусіз
қалады [6, 17].
Көптен қашқан көмусіз
қалады [6, 250].
Көпті жамандаған
көмусіз қалады [5, 56].
Плеоназм
Халық қаласа – хан
түйесін сояды [6, 25].
Халық ұнатса, хан
түйесін сояды [3, 280].
Плеоназм
Қасқырды қанша
асырасаң да, орманға
қашады [6, 360].
Қасқырды қанша
асырасаң да, орманға
қарап ұлиды [7, 404].
Эллипсис
Байқағанымыздай, жазушы инверсия тәсілін көп қолданған.
Сол сияқты С. Мұқанов шығармаларындағы мақалдарды сөйлем
құрылысына қарай екі топқа бөлуге болады:
1. Жай сөйлем түріндегі мақал-мәтелдер:
•Төре тастан қатты [7, 19].
•Ел іші – алтын бесік [7, 21].
•Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды [7, 87].
•Аюға намаз үйреткен таяқ [7, 33].
•Қатынның ашуы қазан қайнатуға ғана жетеді [7, 136].
•Тентектің ақылы түстен кейін кіреді [3, 129].
•Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын [3, 84].
2. Құрмалас сөйлем түріндегі мақал-мәтелдер:
•Темірді дәнекер қосады, өмірді бала қосады [3, 207].
•Қатты келген қыз жаман, қатты шапқан жау жаман [3, 209].
•Еркек – бас, әйел – мойын [7, 137].
•Оқу – жарым естіні бүтін етеді, бүтін естіні данышпан етеді [7, 27].
•Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы [7, 121].
•Ұры байымайды, сұқ семірмейді, жұтқан жұтамайды [3, 252].
•Өзен жағалағанның өзегі талмайды, теңізді төңіректегеннің несібі егіз
[3, 247].
162
163
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Мақал-мәтел синтаксисі жай сөйлем түрлеріне онша бай емес. Әдеби
тілімізде кездесетін атаулы, жақсыз сөйлемдер мұнда кездеспейді. Мұндағы
сөйлемдердің көпшілігі белгісіз жақты сөйлемдер болып келеді. Өйткені,
мақал-мәтелдегі пікір нақтылы біреуге арналып айтылмайды, көпшілікке,
жалпыға арналған. Осы сияқты, жай сөйлемнің мағыналық түрлері де мұнда
онша көп емес, тек хабарлы, бұйрықты сөйлемдер ғана бар деуге болады.
Қолда бар материалдарға қарағанда, жай сөйлемнің сұраулы, лепті түрлері
бірлі-екілі ғана болмаса (Мысалы, «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ
берсеңші!», «Жас өспей ме, жарлы байымай ма?», «Көңіл жүйрік пе, көк
дөнен жүйрік пе?», «Май сасыса, тұз себер, тұз сасыса, не себер?» т.б.), тіпті
кездеспейді және оның кездеспеуі табиғи да нәрсе. Себебі, сұраулық, лептік
мағыналар – мақал-мәтелдердің атқаратын рөліне, оның жаратылысына тән
қасиеттер емес [9].
Әдеби тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылысында баяндауыштық
қызмет атқаратын негізгі сөз табы етістік екендігі және оның бұл функцияда
қолданылғанда барлық шақта, барлық жақта, әр түрлі рай формасында
кездесетіндігі белгілі. Ал мақал-мәтел синтаксисінде етістік екі-үш формалық
құбылыстарда ғана қолданылады және екінші, үшінші жақта, келер шақта
айтылады.
Баяндауыш қызметінде қолданылатын етістік түрлері мыналар:
1. Етістіктен болған баяндауыш бұйрық райдың екінші жақ анайы
түрінде өте жиі кездеседі. Мұндай сөйлемдердің барлығында дерлік
бастауыш айтылмай, жасырын тұрады да, сөйлем толымсыз сөйлем болып
келеді. Ал баяндауыштық бұйрық райдың сыпайы я көпше түрінде айтылуы
кездеспейді. Сол сияқты бұл райдағы баяндауыш онша жиі болмағанымен,
үшінші жақта да айтылады, бірақ бірінші жақта мүлдем кездеспейді. Мысалы,
«Туған жерге туың тік», «Шыдамды еңбек, алғыр ой – анық досың, біліп қой»,
«Сыртың сайлы болғанша, ішің майлы болсын». Сол сияқты жазушының
қолданысындағы «Досың да, дұшпаның да ер болсын» [8], «Сыйынғаныңнан
сүйенгенің күшті болсын» [3] деген мақалдарды да бұл қатарға жатқызуға
болады.
2. Баяндауыш қызметінде етістік – ар, – ер, – р, – с жұрнақты есімше
формасында да өте жиі кездеседі. Мұндай баяндауыш тек анада-санда ғана
екінші жақтың сыпайы, көпше түрлері мен бірінші жақта тіпті кездеспейді
деуге болады. Мысалы, «Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды
кеткізер», «Жақсылық суға батпас, бір шығар, тегін жатпас», «Сыпайы
тоңбас, қалтырар». Ал Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», «Балуан Шолақ»
романдарында осыған байланысты мынандай мақал-мәтелдер кездеседі:
«Құм жиналып, тас болмас», «Мал басқа тебер» [2].
Баяндауыш – а, – е, – й жұрнақты көсемшенің екінші, әсіресе, үшінші
жақта айтылған түрінде өте жиі кездеседі. Баяндауыштың бұл түрі де
жіктеудің сыпайы немесе көпше түрлерінде, сол сияқты бірінші жақта
кездеспейді. Мысалы, «Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды»,
«Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді». Сол сияқты жазушының
шығармаларынан мысал келтіретін болсақ, олар: «Ер мойнында қыл арқан
шірімейді», «Ер шекіспей, бекіспейді», «Өсек – өрт, қашқан құтылмайды,
қарсы жүрген өрттенеді», «Қарға қарғаның көзін шоқымайды», «Дауыл
болмай, жауын болмайды», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды, теңізді
төңіректегеннің несібі егіз», «Ұры байымайды, сұқ семірмейді, жұтқан
жұтамайды».
3. Баяндауыш қызметінде жиі қолданылатын сөздердің тағы бір түрі –
бар, жоқ деген сөздер. Бұл сөздер де, негізінде, ешбір жаққа жіктелмей, атау
қалпында қолданылады. Мысалы, «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
кісі болмас баланың кісіменен несі бар», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің
жоқ» дегендей жазушының «Ботагөз», «Балуан Шолақ» шығармаларында
кездесетін «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса да» [2] деген мақал
осыған сәйкес.
4. Есімшенің тәуелді формада тұрып, сөйлемнің баяндауышы
қызметін атқаруы – қазіргі әдеби тілімізге тән қасиет емес. Ал мақал-мәтел
синтаксисінде ол да жиі кездеседі.Бірақ тәуелдіктің барлық түрінде емес,
тек үшінші жақта ғана кездеседі. Мысалы, Сәбит Мұқанов «Ер жігіттің
екі сөйлегені – өлгені, еменнің иілгені - сынғаны» [8,66] деген мақалды өз
шығармаларында жиі қолданған.
Сол сияқты бастауыш функциясында қолдануға тиісті зат есім
айтылмайды да, бастауыш қызметі түсіріліп қалдырылған зат есімнің
анықтауышы болуға тиіс есімше немесе сын есім атқарады. Мысалы,
«Ұқыпты етегін жабады, ұқыпсыз ұятын табады», «Көп істеген – құп істейді».
Осы орайда Сәбит Мұқанов шығармаларында мынадай мақал-мәтелдер
қолданылған: «Көпті жамандаған көмусіз қалады» [7], «Өсек – өрт, қашқан
құтылады, қарсы жүрген өртеледі» [7].
Ендігі бір тоқталатын нәрсе – сөз болып отырған бастауыш пен
баяндауыштың орын тәртібіне байланысты. Құрылысы, құрамына енген
сөздердің орналасу тәртібі жағынан алғанда, мақал мен мәтелді поэзия мен
проза аралығындағы аралық категория деуге болар еді. Өйткені, мақал-
мәтелдердің құрылысында поэзияға тән кейбір қасиеттер де, прозаға ұқсас
қасиеттре де бар. Бұлардың құрылысындағы поэзияға ұқсастық қасиеттер
– екі я одан да артық жолдан құралатын түрлерінде әр жолдың буын саны,
үйлесім, ырғағы бірыңғай, біртектес болып келетіндігін де ғана. Бұлардан
басқа белгілердің барлығы да мақал мен мәтелді поэзиядан бөлетін, оны
прозаға жақындастыратын белгілер. Осыларға лайықты мақал-мәтел
сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібінде екі жақтылық
бар: оның бірі – поэзиядағы сияқты өз бастауышын өзі меңгеріп тұрған
164
165
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
мүшелерден бұрын айтылуы болса, екіншісі – прозалық шығармалардағы
сияқты баяндауыштың сөйлем соңында келуі. Бұл екеуінің алғашқысынан
гөрі соңғы түрі әлдеқайда басым. Бастауыштың өз жетегіндегі сөзден
немесе өз бастауышынан бұрын айтылуы үйлесім қуушылықтан, я болмаса
баяндауыш болып тұрған сөздің мағынасына ерекше мән беру мақсатымен
инверсиялаудан туып отырады. Мысалы, «Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді
әділ би», «Пышақ болмас жетесіз, өзі болған жігіттің, тегін сұрап не етесіз».
Бұған қатысты С. Мұқанов шығармаларында мынадай мақалдар кездеседі:
«Ұл кетеді жайына, қыз кетеді байына», «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ
шығарса да» [2].
Мақал-мәтел халықтың тұтас бітім-болмысын ұлттық психологиямызға
етене жақын ұғымдармен, ұлттық нақыш-бояумен шебер көрсететін және
әдеби тілді дамытудағы орны айрықша даналық иірімдерінің бірі. Осы
даналық иірімдерді, халқымыздың асыл қазынасын ақын-жазушыларымыз,
сонымен қатар ана тілінде сөйлеп жаза білетін әрбір адам керек жерде, тиісті
жерде ұтымды, орынды қолдана білген, сонымен бірге оны өңдеп-жөндеген;
өз жандарынан да жаңа мақал-мәтелдер қосқан. Осылайша халықтың
даналық қоры іштей өсіп, ұдайы дамып отырады. Ауыз әдебиетінің басқа
түрлеріне қарағанда, мақал-мәтелдердің бір даму ерекшелігі – осындай
жалпыхалықтық қасиетінде. Сәбит Мұқанов «Ботагөз», «Адасқандар»,
«Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз» шығармаларында мақал-мәтелдерді
орынды әрі шебер қолданғандығын жоғарыда талданған мысалдар арқылы
байқаймыз. Жазушы шығармаларында мақал-мәтелдер:
– Инверсия тәсілі арқылы құрамындағы сөздердің орны ауыстырылып,
ыңғайластандырылып қолданылған;
– Плеонастикалық тәсіл арқылы өз жанынан сөздер қосылып,
жаймаланып қолданылған;
– Эллипсис тәсілінің бүтін сөздерді қалдырып кету түрін қолдану
арқылы жұмсалғанын байқадық.
Яғни, көркем сөз зергері халқымыздың осынау асыл қазынасын әр түрлі
тәсілмен қолданғанын байқаймыз. Сондай-ақ, шығармалардағы қолданылған
мақал-мәтелдерді тақырыбы жағынан былай топтастыруға болады:
– Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер: «Адам аласы ішінен,
мал аласы сыртынан», «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол».
– Салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдер: «Ел жатпай – ит тынбас»,
«Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Он үште отау иесі».
– Сөз өнеріне қатысты мақал-мәтелдер: «Сөзде қаңқу жаман, ауруда
шаншу жаман».
– Туыстық қатынасқа байланысты мақал-мәтелдер: «Мал қонысын
іздейді, ер туысын іздейді», «Жауда бір үйің болсын».
– Байлық пен кедейлікке байланысты мақал-мәтелдер: «Арық атқа
қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау», «Ұры байымайды, сұқ семірмейді,
жұтқан жұтамайды».
– Ерлі-зайыптыларға байланысты мақал-мәтелдер: «Жақсы әйел – ырыс,
жаман әйел – ұрыс», «Үйді қырық әйел толтыра алмайды, бір әйел толтыра
алады».
Қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезов әріптесі С. Мұқанов туралы
«Жолы кең жазушы», «әрі ақын, әрі драматург және әдебиет тарихының
зерттеушісі Сәбиттің аты қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты,
анық қымбат аттың бірі» – деп аса жоғары бағалаған. Қазіргі жаңа заманда да
өткен тарихымыздан елес беретін және бай тіліміздің құндылығы сақталған
С. Мұқанов туындылары әркез оқырмандар назарында болады деген ойдамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Аханов, К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы : 2002. – 664 б.
2 Мұқанов, С. Ботагөз. – Алматы : Жазушы, 1989. – 479 б.
3 Мұқанов, С. Аққан жұлдыз. – Алматы : Жазушы, 1875. – 485 б.
4 Жапбаров, А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту, методикасының
негіздері. – Алматы : Қазақ университеті, 1991. – 224 б.
5 Мұқанов. Балуан Шолақ. – Алматы : Өнер, 1980, – 174 б.
6 Қазақтың мақал-мәтелдері (Құрастырғандар Ө. Тұрманжанов,
К.Ахметбекұлы). – Алматы: Раритет, 2004. – 440 б.
7 Мұқанов, С. Аққан жұлдыз. – Алматы : Жазушы, 1879. – 496 б.
8 Мұқанов, С. Адасқандар. – Астана: Елорда, 1999. – 307 б.
9 Садырбаев, С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы : Қазақ
университеті, 1992. – 216 б.
10 Қазақ мақал-мәтелдері (құрастырған Ж. Дәуренбеков). – Алматы :
Ана тілі, ЖШС, 2001. – 192 б.
Материал 23.10.14 баспаға түсті.
Ж. Т. Кадыров, Ж. С. Таласпаева, С. С. Агибаева
Особенности использования пословиц и поговорок в прозе
С. Муканова
Северо-Казахстанский государственный
университет имени М. Козыбаева, г. Петропавловск.
Материал поступил в редакцию 23.10.14.
166
167
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Zh. T. Kadyrov, Zh. S. Talaspayeva, S. S. Agibayeva
Peculiarities of using proverbs and sayings in Sabit Mukanov`s prose
North Kazakhstan State University
named after Manash Kozybayev, Petropavlovsk.
Material received on 23.10.14.
В статье рассматривается особенности применения пословиц
и поговорок встречающиеся в прозе С. Муканова. Определено, что
писатель использовал приемы инверсии, плеоназма, эллипсиса, а
также традиционные способы цитирования пословиц и поговорок.
Темы пословиц и поговорок классифицированы по тематическому
принципу.
Peculiarities of using proverbs and sayings in Sabit Mukanov`s prose
have been considered in this article. It is defined that the writer used inver-
sions, pleonasm, ellipsis methods and also traditional quotation of proverbs
and sayings. The proverbs and sayings themes are classified according to
their thematic principle.
ӘОЖ 811.512.122:81’ 1
Ж. М. Қоңыратбаева
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ
Мақалада фразеология іліміндегі синкретизм құбылысының
табиғаты көркем дискурс арқылы сипатталады. Көркем туындыда
семантикалық жағынан ешқандай тіркес жасай алмайтын тілдік
таңбалар өзара үйлесім тауып, тұрақты тың тіркестер жасайды.
Яғни, фразеология іліміндегі синкретизм құбылысының мәні –
мағыналары өзара үйлесе қоймайтын тіл бірліктерін жанастыра,
жымдастыра, бір-бірімен үйлесімін тауып жұмсау.
Кілтті сөздер: көркем әдебиет, көркем сөз, синкретизм,
көркем дискурс, трансформация, семантикалық, феномендік
құбылыс,метафоралық фразеологизм.
Әлемнің тілдік бейнесін танып, танытуда көркем әдебиеттің қосар үлесі
зор екені белгілі. Адамзат қоғамы көркем жазылған дүниенің құндылығын өз
бойына сіңіру арқылы айнала қоршаған ақиқаттың қыры мен сырын меңгеріп,
тани түседі. Көркем әдебиетті тілдік заңдылықтардың түрлі қырынан көрініс
тауып, танылуын, қалыптасып жетіле түсуін шыңдайтын кен орны деуге
болады. Көркем мәтін тілінде шыңдала түсетін сондай заңдылықтардың
бірі – синкретизм құбылысы.
Жалпы, синкретизм құбылысы философия, өнер, әдебиет, тіл сынды
бірнеше ғылым салаларында қолданыс табатындығы белгілі. Ашық
уикипедиялық электронды ақпарат сөздікке жүгінсек, синкретизмге былай
анықтама беріледі: «Синкретизм – «жігі ашылмаған», біте қайнасқан сөз
тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың
жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді.
Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге
байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет
салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф,
мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект-объектілік
қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның
өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. синкретизм
көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың,
өнер түрлері мен наным-сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық
күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан
да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм
168
169
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір
өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен, бір-бірімен етене тығыс
байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезең адамдарының дүние
танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен:
фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады [1].
Синкретизм тәсілі – тілдегі үнемдеу заңының бір түрі. Терминнің
жалпы беретін ұғым-түсінігін іздестірсек, түрлі сөздіктерде оның гректің
synkretismos – қосылу, біріктіру, бірлестіру мағынасындағы сөзінен
шыққандығын аңғарамыз. Мәселен, Тіл білімі сөздігінде: «синкретизм
(грекше synkretismos – біріктіру) – әртүрлі айтылымдық тұлғалардың
қызметтік бірлесуі, қарама-қарсылықтарды бейтараптандыру, бір формада
бірнеше мағыналардың берілуі» [2, 331] – деп берілген. Ал ғалым
Ғ. Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің сөздігінде» синкретизм терминінің екі
түрлі мағыналық жіктелісі ашып көрсетіледі: «Синкретизм (грек s ynkretismos
қосылу) – 1. Қызметі әртүрлі сөздер мен грамматикалық формалардың тілдің
даму барысында тұлғалас келуі. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық
омонимдерді (омоформаларды), енді біреулері көп мағыналы сөздерді
жатқызады. Мысалы, тоң сөзі әрі зат есім, әрі етістік (бұйрық райдың ІІ
жағында), көш әрі зат есім, әрі етістік (бұйрық райдың ІІ жағында), кір әрі
зат есім, әрі сын есім, тамақ сөзінің екі мағынасы да зат есім мағынасында
қолданылады. 2. Тіл жүйесіндегі ауыспалы (өтпелі) құбылыстармен
байланысты туған тіл бірліктерінің бір-біріне қарама-қарсы дифференциалды
құрылымы мен семантикалық белгілерінің қосарланып қатар қолданылуы.
Бұған әртүрлі будандық (диффуздық, аралық) құрылымдар жатады» [3, 286].
Яғни, берілген анықтамалардың мазмұны бойынша, синкретизм құбылысы
белгілі бір тілдік тұлғалардың бір-біріне ауысу үдерісі кезінде қалыптасады
және ол тілдің барлық деңгейлерінде (лексикология, морфология, синтаксис)
кездеседі. Синкретизмнің табиғатына түсінік берген бұл анықтама-
сөздіктерге қосарымыз – бұл құбылыстың тілдің фразеологиялық қабатына
да қатыстылығы.
Жалпы алғанда, тілдегі фразеологизмдер өзіндік ішкі қағидалары мен
заңдылықтары берік ең эмоционалды-экспрессивті қабаты десек те, жеке
автордың тіл шеберлігінің арқасында түрлі өзгерістерге түсіп отырады. Ол
өзгерістердің түрлері де көп, қыры мен сырлары да мол, заңдылықтары да
баршылық. Бұл өзгерістер фразеология ілімінің басты шартты белгілеріне
қарама-қайшылық туғызғанымен де, олар жанды тілдің жалпы өмір сүру
қағидаттарына жат келмейді. Яғни, өмір сүруші тілге ықпал етуші ішкі және
сыртқы жағдаяттардың рөлі үнемі көрініс тауып отырады. Себебі тіл және
оның қоғамға қызмет етуші элементтері қатып қалған томаға-тұйық дүние
емес. Оның да күнделікті коммуникацияға, сөйлеу үдерісінің негізгі мақсат-
мүдделеріне қарай мың құбылып, түрленіп отыратын динамикалық құбылыс
екені айқын. Сондықтан тіліміздің ең бір көркем де әсерлі фразеологиялық
қабатында уәжді орын алатын авторлық өзгерістерді тіл заңдылығы,
шығармашылық жемісі деуге болады.
Көркем дискурста трансформацияға түсіп, түрлі бояу, өңдеулерге ие
болатын авторлық фразеологизмдер кәнігі нормалы тұрақты сөз тіркестерінен
қалыптасады. Бұл жөнінде ғалым Н. Уәлиұлы фразеологиялық тіркестердің
нормадан мақсатты ауытқуының мынадай түрлерін көрсетеді: «ықшамдап
қолдану (эллипсис, кейбір компоненттерді, я дыбыстарды түіріп қолдану
т.б.), жаймалап қолдану (контаминация, сиыстыру, дистакт – сынамалап
сөз ендіру) болымсыз мәндегі фразеологизмдерді болымды мәнде немесе
кеірісінше қолдану, фразеологиялық орамдардың орнын ауыстырып қолдану,
стильдік контраст (дағдылы стильдік ортадан бөтен жерге жерсіндіру),
семантика-стилистикалық қайталау, эвфониялық үйлесім» [4, 51-65]. Яғни,
үнемдеу (ықшамдау) тәсілінің ерекше бір түрі – синкретизм құбылысы
фразеологизмдер табиғатына да жат емес.
Фразеология саласында синкреттік амал белгілі бір қаламгер тарапынан
тың образдар жасауда ерекше құрал болып табылады. Көркем туынды
авторы семантикалық жағынан ешқандай тіркес жасай алмайтын тілдік
таңбаларды қиюын тауып, өзара тіркестіріп, тұрақты тың тіркес жасайды.
Яғни, фразеология іліміндегі синкретизм құбылысының мәні – мағыналары
өзара үйлесе қоймайтын тіл бірліктерін жанастыра, жымдастыра, бір-бірімен
үйлесімін тауып жұмсау.
Фразеологизмдер бойындағы синкреттік тәсілдің белгілері
энциклопедиялық сөздіктерде тіркелген анықтамалардың сипатына сәйкес
келеді. Атап айтқанда,
– фразеологизмдер құрылымында екі не одан да көп семантикалық
белгінің қатар келуі;
– қосылу, біріктіру, бірлестіру сипатының болуы;
– тілдің даму тарихында екі басқа тілдік таңбаның бір формада
жұмсалуы, яғни бір мағынаға қызмет етуі.
Қазақ көркем сөз жүйесінде фразеологизмдердің «қасаң» құрылымын
синкреттік амал арқылы жандандырып, оларға ерекше реңк беру ұлы Абай
дискурсынан кең өріс алады. Ақынның фразеология саласында жасаған бұл
«төңкерісінің» жан-жақты сипаты академик Р. Сыздықтың еңбектерінде
зерттеліп зерделенеді [5].
Абай жандандыра жұмсаған синкретизмнің «феномендік құбылыс»
түрінде ғана қалып қоймауына ақын дәстүрін жалғастырушылар нақты
жауап бере алды деуге болады. Тілімізде Абай тілінен жүйелі бастауын
алған синкреттік амалды алғашқы қазақ прозашыларының ерекше
танығандықтарын біз өз зерттеуімізде қарастырған болатынбыз [6].
|